Баймаханбет ахмет



жүктеу 2,39 Mb.
бет13/14
Дата21.12.2017
өлшемі2,39 Mb.
#5251
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

ЖОҚШЫ
Суретшілік өнердің күллі сыр-сипатын ұлы жаратылыстың өзінен - жел уілінен, қамыс сыбдырынан, бұлақ сыңғырынан ұғып үйреніп, «дала демосфеніне» де айналған әйгілі қыл қалам шебері Әбілхан Қастеевтің өнері де, өмірі де өзінен кейінгілерге үлгі-өнеге болумен келеді. Шынында да табиғаттың қойнында туып-өсіп, өмірмен біте қайнасып, біртұтас өрілмейінше шынайы таланттың танылуы да қиын. Таразда туған сондай бір талант иесі Жанар Керімбеков те ұлттың нәр-уызын қанып ішпеген, әрі кеткенде батыстық өнер үрдісімен сырттай, теория жүзінде ғана қанық «қаратаяқ» суретшінің бірі ғана болып қалар ма еді, әлде қайтер еді... Асты да, үсті де тас, «афальт үстінде» тәрбиеленген тұстастарындай емес, Жанардың жарты өмірі ауылда, таза рәуішті табиғат аясында өтті, бірақ. Бұлай болуына әкесінің себі тигені анық. Қазақы ділдің уыз-үрпіне теліп, жағыстырғысы келді ме, қарапайым ғана жол инженері болып істейтін Сенбек қария ұлын жазғы үш айлық каникулында Алатау бөктерінде мал бағатын ағайындарына қой қайырысуға қолқанаттыққа беріп қоюды әдетке де айналдырыпты. Осылай Жанарға жыл сайын жазғы демалысында «малшы көмекшісі» болу маңдайына жазылыпты да тұрыпты. Бірінші сыныпты бітіргеннен бастап.

–Осылай жазда қойлы ауылда шопандарға «көмекші» болуым жеті жыл бойына жалғасқан-ды. Бұдан кейін мені «ауыл баласы» емес деп кім айтар, – дейді Жанар. Ол отбасындағы он ұл-қыздың үлкені де болатын. Ең әуелі «еңбекке жарағаны» да өзі. Сөйтіп еңбекпен көзін ашқан қара баланың мектептегі оқуына сегізінші сыныптан соң біржола нүкте қоюына да тура келген. Айтпақшы, сол тұста қойшы ағайы мұның «жеті жылдық» еңбегін шотқа салып, «еңбекпұл» да төлепті. Сөйтіп сегізіншіні бітірген, қайыстай қатқан қара бала бір жазда 45 қойды алдына салып, айдап шығыпты. Бұл мал соңыра отбасының ата-баба аруағына бағыштап құран түсіріп, ас беруіне қаптал жетіпті де тұрыпты.

Ата-баба демекші... Жанардың бойына тегінде бар кие, қасиет қоса-қабат қонған секілді. Оның арғы ата-бабалары Дәрмен балалары - ағайынды Сасай, Татай, Матайлардың кезінде осы өңірдегі ақтылы қой, алалы жылқы айдаған әлеуетті байлар болғаны да тарихтан белгілі. Бұл жөнінде жазушы Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» кітабында да азды-көпті жазылған. Бір ғажабы, ағайынды үш кісінің үшеуі де мұсылмандық парыздарын өтеу мақсатымен Меккеге барған екен. Ең әуелі Сасай мен Татай (соңғысы сол сапарда Аллаға аманат жанын да тапсырыпты), соңыра Матай Меккеге ас-ауқаттарын теңдеп атпен, түйемен жеткен ғой.

Міне, осы ататектік қасиет, дін ісләмге мойынсұнушылық Жанарға да қанмен жұғысы болғандай. Ал оның әлгіндей қазақы тұрмыс, салт-ғұрыптардың, экзотиканың қайнаған ортасында әртүрлі құбылыстар сырына ден қойып, жел уілін, бұлақ сыңғырын, күн күркірін - тау мен дала сарынын тыңдай жүріп жетілгеннен кейінгі жерде сурет өнерімен машықтанбауына тіпті құқы да жоқ еді... Сөйтіп жүріп ол табиғаттың өзі сомдаған төл дүниесі - түрлі кескін-кейіптегі малта тастарды, қураған ағаш діңдерін, сүйек-саяқты жиып-теріп, аз-кем ғана өңдеуден өткізіп қолөнер бұйымдарын жасауды да жақсы меңгеріп алған-ды...

Бұл іспен айналысуы беріде ғой. Жалпы оның суретшілікке келуіне өзі қатысатын мектептегі қолөнер үйірмесінің тәжірибелік жұмыстарын жүзеге асыру кезінде электрлі арамен бармағын кесіп алуы себеп болған секілді. Саусағының қисық бітуіне назалануы, әрі тәлімгер ұстазының «суретке бейім екенсің» деуі бар, ол өзінің былайғы тағдырын сурет өнерімен біржола байланыстырды да. Жиырма жыл бойы тапжылмай бір орында – Жамбыл темір-бетон зауытында суретші-безендіруші болып өнікті еңбек те етті. Оның қолтаңба-іздері осынау мекеменің қабырғасында әлі де сол күйінде сақтаулы тұр. Ол Таразда, Алматыда, Мәскеуде өзінің бірқатар ұлттық қолөнері саласындағы шоқтықты туындыларының әр жылдарда жеке көрмесін де өткізіп, көрермендері тарапынан жоғары баға алған-ды. Мәскеу қалалық кіші кәсіпкерлікті дамыту және қолдау департаменті ұйымдастырған көрме жұмысына қатысып, арнайы диплом мен «Мәскеу қаласының қолөнер шебері» атағына да ие болған екен. Демек, бұл ендігі жерде Жанардың өзіне шәкірт тәрбиелеуіне де әбден құқығы бар деген сөз. Мәскеудегі сол көрмеде француздың әйгілі сәнгері Пьер Карденнің өзі Жанардың қолынан шыққан, сүйектен жасалынған бірқатар бұйымдарды көріп, таңданысын жасыра алмай басын да шайқап, тіпті біразын түп көтере сатып алып та кеткен ғой. Кейіпкеріміздің біраз дүниелері осындай жолмен Америкаға, Италияға, Францияға, Швецияға да «ұзатылып» кете барыпты.

Шетелдіктерді таңдай қақтырарлықтай Жанар жасаған бұйымдардың не сиқыры бар дегенге келсек... Жалпы, оның стилінің ерекшелігі – қола, темір дәуірлерінен де бұрынғы кездегі ата-бабаларымыздың көне өнерін жаңғыртуда болып тұр! «Өткенсіз бүгін жоқ», бұл біздің атам заманғы мәдени мұрамыз да ғой! Ол кездегі әшекей бұйымдарының барлығы да қолжетімді нәрселерден – ағаштан, малдың сүйегінен, мүйізінен жасалғаны белгілі. Жанардың осы тұрғыда том-том тарихи кітаптарды ақтаруына да тура келіпті. Нәтижесі әлгіндегідей. Енді оның шебер қолынан біраз жылдардан бері бағзы замандардағы ата-бабаларымыз, оның ішінде бақуаттылары тұтынған көне дәуір жәдігерлері - алқа, білезік, сақина, сырға, түйме, қапсырма, тарақ, тұмарлық секілді алуан түрлі әшекей бұйымдары жонылып-қырналып жасалып шығып, көрермендерінің айырықша назарын аудартып та отыр. Бұл дүниеліктердің барлығына да ірі қара малдың омыртқа, жамбас, жілік, қабырға сүйектері, мүйіздері пайдаланылады. Алтын, күміс бұйымдарынан бір де кем түспейді. Олай болатыны, қолөнерші өзінің мұндай туындыларына тастан, темірден алуан әшекей де енгізеді. Бір туындысының өзінде бірнеше ұғым, идеяның тоғысатыны да атап өтерліктей. Оның қойдың ауызомыртқасын тұтас пайдаланып, арқар, қодастың, жамбас пен жіліктен Томиристің (Тұмар ханым), қодас мүйізінен сайқымазақтың (клоун) бейнесін сомдағаны ше... Қысқасы, Жанар еліміз аумағындағы ағаштан ғана емес, тастан, сүйектен де ою ойған бірден-бір шебер. Ол редакцияға осынау майда-шүйде дүниеліктерін бір қоржын басын қайқайта көтеріп те келген екен.

–Үйде бұдан басқа да көне дәуір жәдігерліктері түріндегі оюлы-зерлі астау, келі-келсап, қазан, тостаған, ожау, қобыз, домбыра секілді сүйекті дүниелерім де бар. Оларды көтеріп жүре алмадым. Қысқасы, менің осы бір өнер түріне біржола ден қойған жайым бар. Оларды өңдеу, бір заттың пішініне келтіру үстінде біртүрлі ләззатты күй кешем. Басқа дүниені біржола ұмытамын, – дейді қолөнерші жігіт.

Ол осы дүниеліктерін – қазақтың көне өнері жәдігерліктерін көтеріп, биылғы жылдың тамыз айында ТМД елдері бойынша Мәскеуде «Әлем - өнер арқылы» тақырыбымен өтетін суретші-қолөнершілер көрмесіне барып қатысуға да ниет етіп отыр екен. Қазір үлкен дайындық үстінде. Ол мұның алдында өткен тап осындай көрмеге қатысу үшін үйіндегі жатын жайға арналған жиһазын сатуға мәжбүр болыпты. Ал бұл жолы... қолөнер шеберінің шын мәнінде де тығырыққа тірелген жайы бар.

–Көксегенім атақ та, даңқ та емес, менің қазақтың есте жоқ ескі замандардың өзінде сүйектен таңғажайып оқа-зерлі сәндік-әшекей бұйымдарын жасай алғанын дүние жүзіне танытқым келеді. Бары-жоғы осы, – дейді оның өзі.

Бұл оған ғана емес, барша алаш жұртына ортақ мақсат қой, біле-білсек. Ендеше Жанар секілді қолөнер шеберлеріне қолдау көмек, қамқорлық көрсетуіміз керек секілді. Алашымызды төрткүл дүниеге таныту үшін де!



ӘРІПТЕСТЕР ЛЕБІЗДЕРІ
КӨРКЕМ СӨЗ БЕН КӨРКЕМ ОЙДЫҢ ҮЙЛЕСІМІ
Әдебиетте... Өмірлік және көркем тәжірибе, олардың тарихи байланысы деген көп айтыла бермейтін ұғым бар. Мәселе неде? Мәселе, осыны пайымдай алған адам ғана есі дұрыс дүние жазады. Ой-толғам жоқ жерде, көркем шығарма да жоқ.
Таң сайын тылсымға ұрынам,

Тылсымның жұмбағы да мен!

Пәк күйде кірсін жырыма,

Орансын құндағыма әлем, -

деу сол өмір мен көркем тәжірибе арқылы адам мен әлемнің тұтастығы жайлы ақындық әуен.

Баймаханбеттің көзқарасы, түсінік, түйсігі, поэтикалық ойдың тебіреністері әркімге тізгін ұстата бермейді. Оның шылауына қанша оратылсаң да, дүниеге әуел бастан ақын болып келмесең, құрау-сұрау, арнау-сарнау өлеңсымақтармен алысқа ұзап бара алмайсың.

Баймаханбет осындай абыройсыздықтан аулақ. Аз жазады екен. Бірақ, жазба әдебиетте аз, көп дейтін критерий болмайды. Оның сұранысы: қанша жазсаң да, әдемі жаз. Әр жолың ән салып тұрсын, мағына-мән жатсын. Көркем саз бен көркем ойдың құдіретіне бет ал, өлеңнен Поэзияға құлаш ұр. «...Аспанкөз қызға кез болдым, шашбауын да өрдім...». Баймаханбет ақынның көп жағдайдағы тілі осы. Мен соған қуанып, соған сенім артамын.

Осы күні көктен-жерден ақын қаптап, олардың көрбай-жербайлары қарша борап, жүрген жерлерінде көркем ойларды жолда қалдырып жүргенде, Баймаханбет Ахмет сияқты әдебиетті ар-ождан деп қарайтын азаматтың қалам ұстасын қолдамай болмайды. Оған ендігі қалғаны – ғұмыры не бітіп, не қоймайтын тіршіліктің телім-телім қым-қуытынан қара үзіңкіреп, әдебиетте көбірек ізденіп, мықтап бейнеттенгені.

Лайым солай болғай!
Несіпбек ДӘУТАЙҰЛЫ, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, «Жамбыл» әдеби-танымдық журналының Бас редакторы.
«АУЫЛ ДЕГЕН – ЖҰЛДЫЗ ЖЫРЫ, АЙ ӘНІ...»
Ақындық, ақындық өнер туралы бағзы заманнан бері әр алуан ойлар айтылып келеді. Бірақ соның барлығын жеке ақынға бағыттап айтқанда, жалпылама ұғым болып шыға келетіні тағы бар. Ақын, танымал журналист Баймаханбеттің ақындығы өзі туған аулының көркем табиғатынан, сол сұлулыққа перзент көңілдің іңкәрлігінен бастау алған тәрізді. Оның өлеңдерінде аулының әр тал шөбіне дейін, сылдырап аққан өзені мен қырат-беліне дейін ерекше сыр тұнған, әдемі. Бәлкім, Баймағанбет аулының былайғы ауылдан айырмашылығы да болмас. Бірақ ақындық әлем дегеннің ішкі бір ерекшелігі, мәні осыдан аңғарылса керек. Оның өлеңдері арқылы бүгінгі қазақ аулының тыныс-тіршілігі көрінеді. Ауылға, балалық, жігіттік шаққа деген сағыныш оянады. Жүрегіңнің бір тұсы шымшып-шымшып сыздап қоя береді. Мүмкін мен өскен шаңдағы шыққан, тырбиған жусанды ауыл Баймаханбеттің аулына мүлде ұқсамайтын болар. Бірақ сол Баймаханбет көңілімен, сезім-сағынышымен қарасаң, сол ауылыңның төбеңді тесіп жіберердей шақырайған ыстық күні де, аңызақ желі де, түнгі аспанында төсіне сыймай жамырап, жерге құлап түсердей сезілетін сансыз жұлдызы сұлу, керемет ыстық көрінері сөзсіз. Бұл – ақын өлеңінің әсері. Дәлел?

Бар қызықтың ауыл – күре тамыры,

Қуат күші, қорғасындай сабыры...

Ертең, ертең... түгелденіп бау-шуы

Басталады оның «алтын дәуірі»!
Қанша ұланның сипап айдар-кекілін,

Жетілдірді жесірі мен жетімін.

Әлі айналып-толғанумен келеді...

Әттең, әттең, естімейміз тек үнін!


Жыл он екі ай жалғасады қызығы,

Мүмкін емес оны ешкімнің бұзуы.

Ауыл деген – мамыражай тыныштық,

Болмаса егер бірен-саран бұзығы.


Ауыл деген – жұлдыз жыры, ай әні,

Көкірегімде жатқан толқын дөңбекшіп!

Көзден ұшып у-ду кезі баяғы,

Бұйығады бұйырғынды дөңде өксіп!


Іргесінен күн шығып, күн батады,

Қоңыртөбел, қақ-соқпен жоқ шатағы.

Салтын бұзбай ауыл атам заманғы

Өзіменен-өзі болып жатады.

Өлеңді қысқартып, шумақтап та алуға болар еді. Бірақ біз туындыны тұтасымен әдейі алып отырмыз. Өлең жолдарындағы логикалық байланыс, бірінен-бірі туындап жалғасып жатқан ой сабақтастығы, шындықты, сырды оқырманмен тұтас бөлісу ниеті осыған жетелегендей. «Теңіздің дәмі - тамшысынан», Баймаханбеттің бір өлеңінен-ақ көп жайды аңғаруға болады және одан кейінгі оқыған өлеңдерің де сол ойыңның дұрыстығын толықтырып бекіте түседі екен.

Баймаханбет өлеңдерінің бір жақсы қасиеті – жалған пафос жоқ. Жоғарыда келтірілген өлеңде де солай. Көңілінің түбіндегі жанын сыздатқан шындықты баппен, шынайы айтуға ұмтылады. Өлеңді төпеп жазбайды. Жүрекке түйген сырының көркем, образды шығуын, шамасы жеткенінше ең биік нүктесіне дейін жеткізуін қалайды.

Сол себепті де болар, оның өлеңдерін үсті-үстіне судыратып оқи алмайтын тәріздісің. Әр өлеңді оқығаннан кейін ойыңа сіңіру үшін бір сәт қайта ойлануыңды, көңіл көзімен зер салуыңды қажетсінеді. Және бір қызығы сол қайта қарауың зая кетпейді. Қолыңдағы қаламың ақын өлеңінің кейбір тұстарына тиіп, орынды, келісімімен қолданған сөздерінің астын сызасың.

Жалпы - өлеңдегі жаңалық не? Біздіңше, ол, ең алдымен, көңіл шындығы. Әрине көңіл шындығы дүниетаныммен, ақынның сырлы сезімімен, азаматтық-перзенттік өрелілігімен, шынайылығымен, көркем бейнелілігімен, тағы басқа компоненттермен толығып кемеріне жетіп жатады. Мәселен, жер бетінде сан миллион адам болса, олардың мысалы, туған жер, ана туралы ой-толғамдары, сезімдері сан миллион түрліше десек қателеспеспіз. Егіздің сыңарындай ұқсас көңіл атмосферасы ешуақытта болмайды, ең болмағанда бір нотасы иә артық, иә кем түсіп жатады. Ендеше, өлеңдегі жаңалық сол – көңіл-күйдің даралық сипатының көркем бейнеленуі. Шеберлік деген де сол жалқы көңіл-күйдің нақ мөлшерімен иә бір мысқал кем, не артық түспей көрінуі болар.

Бір сүйсінерлігі Баймаханбеттің өлеңдерінің басым көпшілігінен осы ешкімді қайталамайтын өзіндік үн, таным, сырлы сезім көрінеді екен. Ол әсіре бояу, лепірме сөз, ұшқалақ көңіл-күймен еш қабыспайды. Қарапайымдылық пен шынайылық бар. Мына қым-қуыт дүние-тірліктің сыры мен мәніне өз әлінше терең бойлау, зерделеу, ой қорыту бар. Бұл ретте алысқа құлаш ұрмай-ақ өз аулының көрінісін ойының өлшемі, темірқазығы етіп алады. Ананың-мынаның қолына түсе бермейтін ұтқыр орам мен бейнелілік те өлеңдерінде біршама молынан ұшырасады екен. Бұл - тынымсыз ізденістің, биік талғамның, киелі муза алдындағы жауапкершіліктің нәтижесі.

Дәлел? Жоғарыда тұтасымен келтірілген өлеңге қайта оралалық. Өлеңді оқи бастағаннан-ақ көңіліңнің пернесіне дөп тиіп, жақындықты сезінесің. Ақынның сыры сенің көңіліңнің де жоқшысына айналғандай. Жаныңды удай ашытып сезініп жүрген шындығың. Мүмкін айта алмаған шығарсың. Мүмкін қарымың жетпеді. Бірақ әйтеуір алқымнан алған мына нарық заманындағы ешкім айналып өте алмайтын қазақ қоғамының әлеуметтік шындығының көрінісі. Ақын қазыналы ауылының тап болған бүгінгі қиыншылығына жаны сыздай отырып, келешегінен үмітін үзбейді. «Алтын дәуірінің» қайта басталатынына сенгісі келеді. Сен де оған тілектес болып, ақынның алғаусыз көңілінің шындығына қол соғасың.

Ертең, ертең... түгелденіп бау-шуы...

Әншейінде құлаққа тосаң естілер осы сөз қандай әдемі түрге, бейнеге айналып сала берген дейсің тамсанып.

Ауыл деген – мамыражай тыныштық,

Болмаса егер бірен-саран бұзығы...-

дегенде, өз-өзіңнен мырс етіп күлесің. Қайдағы-жайдағы есіңе түседі. Иә, әр ауылдың сен тіршілік кешкен кезінде әйтеуір бір бұзығы болады. Қаланың бұзығын төбеңнен бір-ақ түскенде білесің. Ал ауылдың бұзығы көз алдыңда. Бұзық дейтін бұзық та емес секілді.

...Көкірегімді жатқан толқын дөңбекшіп!

...Бұйығады бұйырғынды дөңде өксіп!

Ақын образбан ойлайды, сезім, көңіл-күйін образбен жеткізеді. Ақындықтың қуаты да, өлеңнің оқырманын магнитше үйірер тылсым күші де сонда. Ойымызды түйіндесек, қарапайымдылық пен шынайылық - өлеңнің көркіне айналған.

Баймаханбеттің өлеңдері тұтас циклге құрылған. Мәселен, оның ауыл туралы өлеңдері бірін-бірі толықтырып, қарапайым ауылын мейлінше ардақ тұтқан, ауылының бүгінгі халіне жаны күйзелген лирикалық кейіпкердің тұтас бейнесін жасайды.

Сағым-елес құшағында тербелдің,

Өн бойыңнан аңқып исі ерменнің...

Қиындықта қиып тастап кетпеген

Қыран-қия мекенісің ерлердің!
Арылар ма сенен – бейнет, елден – мұң,

Әрең сүйреп сырылдаған кеудеңді.

Келесің-ау өмір-көшке ілесіп...

Саған, саған берсем екен, беу, немді!


Бәрібір сен – көркемісің көркемнің,

Өңіңде өшпей алауы тұр ертеңнің!

Саған деген сағынышым, жырға да

Жұбанбады – көкірегімде өртенді!


Ертелі-кеш келеді деп елден кім,

Елегізіп отырамын мен де енді...

Солай аңсау азабына көнгенмін

Маған бауыр – бәрі ауылдан келгеннің.

Азаматтық – туған ауылыңды сүю, сағыну! Туған ауыл ақын үшін нарық заңының қыспағына түскен, жоқ-жітігі мол қарапайым қазақ халқы. Жаны да, ділі де солармен бірге. Баймаханбет төрткүл әлемнің дүрбелеңіне құлақ түріп, жалған пафосқа елтіп, тақырып қуалап өлең жазбайды. Жүрегінің түбіне үңіледі. Жүрегіндегі мазасыздық – көз алдындағы туған ауылының бүгінгі жай-күйі мен ендігі тағдырына байланысты. Ендеше өлеңдерінің басым көпшілігінің тақырыбы туған ауылының жай-күйі, көркем табиғаты, түрлі түспен құлпырған жыл мезгілдері, жыл мезгілдерінің ауысуы, көңіл күйлері болып келеді екен.

Суынба, сәулем, сөзімді менің салмақта,

Суынған тәнім күтеді сенен енді аптап.

Сезімімді сыртқа шығара алмадым, шығарсам,

Дүниені мына кететіндей-ақ сел қаптап.
Мендегі сезім, мендегі сезім – бір теңіз,

Не керек, тіпті су көтермейтіндей сіркеміз.

Сезімнің селін көкірегімізде күрмеп, құдай-ай

Қашанға дейін іркеміз!-

дейді ақын бір сәт бойындағы қуатты арынның тоспасын ағытып. Адам – мейлінше күрделі жаратылыс иесі. Сүйіп тұрып жек көру, безіне жүріп табыну, аңсау секілді екі полюстегі қарама-қарсы сезім күйлері адамның жұмбағы мол жан дүниесінде қатар бола береді. Баймаханбеттің көңіл-күй лирикалары да сондай әр алуан реңкте екен. Көңіл күнделігі іспетті. Өзгеге айтпайтын сырын өлеңге айтады. Сондықтан да сезім барометрінің тілі бір нүктені көрсетпейді. Ауытқуы, құбылуы мол. Сонысымен жақсы, тартымды оқылады. Бірақ сол қым-қуыт тірлік қаншама қиындығын, кедергісін алға тосып жатқанмен, ақын өлеңдерінде көктей өріліп, айқын із салып жатқан бір жақсы қасиет бар. Ол – адалдық. Махаббатқа, поэзияға – адалдық. Туған ауылға, адамдарға – адалдық.

Өлең өз мазмұнын өзі ашып жатады. Оған түсініктеме беру кейде артық көрінеді. Көкірек көзі ояу оқырман жоғарыда келтірілген өлең жолдарын мынау Мұқағалиша сөз саптау ғой дер. Жасыратын несі бар, бүгінгі жас ақындардың бой түзеп қалыптасуында алдында Темірқазықтай жарқырап, мен мұндалап Мұқағали, Төлегендердің көркемдік әлемі тұрғаны белгілі. Бүгінгі көп дарынның туындыларынан Мұқағалидың ашықтығын, Төлегеннің бейнелілігін көрсек, ол еліктеу емес, Мұқағали, Төлегендердің дәстүрлерін поэзияда жаңғырту, жалғастыру болып табылады дейміз. Әйтпесе, жоғарыдағы өлең жетпей жатқан тұрмыстың күйбеңі адымын аштырмаған Баймаханбеттің өз көңілінің тап-таза шындығы екені аян. Болмаса мына өлең жолдарындағы алабұртқан ой да ақынның имандай сыры, арман-мұраты деп білеміз.

Мінекей, алды-артымды шырмап шабыт, күрмеп сел

Осы ғой, осы... көңіліме қуатын құяр сырдескі ем.

Имандай ұйып, сөзіме құдайдай сенген достардың

Ақжарма жырмен, әйтеуір, жүректеріне бір жетсем!

Мәселен, Баймаханбеттің «Жеткізбей қиял етті қор, Руханият жүдеп жерде жүр... Аңызағы аңқа кептірер Басталды бір шөл менде бір!» деп келетін өлең жолдарының тұсына «Төлеген» деп жазып қойыппыз. Төлегеннің әйгілі «Сағыныш» өлеңіндегі «шөл» ғой біздің тілге тиек етіп отырғанымыз. Бірақ бұл нарық заманының қатпар-қатпар шындығымен бетпе-бет келген Баймаханбет көңлінің шындығы, аңсауы, «шөлі». Оған сөз жоқ. Әйтпесе өзгеге жапсыра қоюға оңтайымен келіп тұрған «Туған күн» өлеңіндегі мына:

Не болғанын білсем етті, тегі, алла-ай,

Бүгін тіпті өз-өзіме келе алмай.

Тұтаса бір төніп келген бұлттарым,

Жыр-жаңбырын төге алмай...
Өз-өзімнен жалғызсырап, құлазып,

Оталғандай ойларымның біразы...

Ештеңеге зауқым соқпай отырмын,

Иінімнен түсер ме екен мына жүк.


Менің тіпті бар-жоғымды ұмытқан,

Тән мұздады мынау қарау қылықтан.

Мен сенделдім сылтау іздеп сыныққа,

Теңселгенім... қаным көнбей ырыққа.


Мұң бөлісер ешкімім жоқ-долдандым,

Кімге сүйеу, кімге тұлға болғанмын.

Бір анадан жалғыз туып, жалтақ боп,

Жалғыз-жарым жүріп өтер жолда әлгі...


Жалғыздықтан жаныштайды жетемді ой,

Мына адамдар таныс емес, бөтен ғой.

Бүгін, бүгін...

Неғылған күн.

О, тоба,

Бүгін менің туған күнім екен ғой.


Туған күнім... оған мән де бермеппін,

Бірін тездеп ашсам ба екен шөлмектің.

Алабұртып отырғаны көңілімнің...

Бірің келіп құттықтай сал, нең кетті,-

деп келетін ақындық қуат пен ақжарма сырды да Баймаханбеттің өз көңілінің шындығы деп қабылдаймыз.

Ақын табиғаттың көркем бейнесін жырмен әдемі салады. Басқаны қайталамай өз бояуымен, нақышымен беруге ұмтылады.

Бұлақ көзіне моншақтар ілген,

Жосаға тұнып таудың да төсі, бөктері...

Терезе шертіп жаңбырлы саусақтарымен,

Оятып кеткен тірлікті кешірек келіп,

Көктем – бұл!

Немесе,


Даланың төсі.

Желкем жел тынған, тылсым шақ.

Далиған мына жазықтың беті – нұр сымбат.

Көшеді көкте аруана бұлттар, ақ бұлттар

Желіні-дағы барады-ау әрең тырсылдап!-

деп келетін өлең жолдарындағы бейнелілік тек ақын қаламына ғана іліккен сәтті олжа. Мұндай өлең жолдарын бір жақсысы оның туындыларынан қиналмай-ақ табасың.

Түйіндей айтқанда, Баймаханбет – қалыптасқан ақын. «Көзайым» өлеңдер жинағына енген туындыларының басым көпшілігі кітап боп шығу үшін емес, кітап болып қалу үшін жазылған өлеңдер екен. Шынайы сыр, тұнған ой, образдылық жеткілікті. Кей өлеңдерін қысқа қайырса әсерлілік қуаты күшейе түсер ме еді деп ойлайсың. Өлең ырғағының бұзылуы да аракідік болса да байқалып қалып отырады. Дегенмен бейнелілік, көп қолданыла бермейтін сөзді ыңғайымен тауып, орнымен қолдану жиірек көрінеді.

Тараз топырағы талантқа бай. Арғы-бергі әдебиетті қозғамай-ақ дүниеден ертерек өткен кешегі Бауыржан Үсенов пен Серік Томановты айтсақ – мықты ақындар. Мүмкін заманы аяғынан шалып, өрістерін толық аша алмаған шығар. Нағыз ақындар дегенде, оларды ұлттық поэзияның алыптарымен иық тірестіріп қатар тізе салудың қажеті болмас. Уақыт бөлек, заң-заман басқа дегендей. Әр ақын - өз заманының перзенті, үні.

Мұны айту себебіміз – заман, ел экономикасы бірте-бірте оңға басып келеді. Ел, ұлт боламыз десек, енді рухани әлемімізге, ішкі жан дүниеміздің баюына мықтап көңіл бөлуіміз қажет-ақ. Рухы мықты ел ғана – мықты ел.

Баймаханбеттің өлеңдері кітап болып шығып, жыр сүйер қауымның қолына жеткілікті дәрежеде тиіп, насихатталып жатса, күллі ұлттық поэзиямыз, талантқа бай Тараз топырағы ұтылмасы анық.


Сәмен ҚҰЛБАРАҚОВ, Ясауи атындағы ХҚТУ-і Тараз институтының профессоры (Тараз).
БҰЛА ӘУЕН
Мен Баймаханбет Ахметтің өлеңдерімен бұрыннан, әсіресе облыстық «Ақ жол» газеті арқылы да жақсы таныс болатынмын. Оның әр өлеңі өзіндік ой-өрнегімен, ешкімге ұқсамас иірімімен ұнайтын. Бірде оның анасына арнап жазған өлеңін оқып, терең тебіреністен шыға алмай қалған кезім де болған-ды.

Енді міне, ақынның «Дел-сал дүние» аталатын жаңа жыр кітабы қолымызға тиіп отыр. Бұған тек қуанамыз. Бұл жинақтағы өлең-жырлар негізінен табиғатына, мазмұн-мәніне сай «Туған жер, сенен нәр алдым», «Бауырым» деп сүйдім адамды», «Мен бір жұмбақ аралмын», «Менің махаббатымнан жаралдың» атты төрт бөлім аясына топтастырылып беріліпті. Бұл өлеңдердің дені кезінде түрлі деңгейдегі мерзімдік басылымдарда да жарық көргенін білеміз. Ал автордың ауыл тақырыбына жазылған өлеңдері 2004-2006 «Ауыл жылдары» аясында ұйымдастырылған облыстық шығармалар байқауында ынталандыру жүлдесін де алған-ды.

Өлеңдерін бас алмай өте жылдам оқып шықтым. Оқыған сайын бұрынғы мен білетін Баймаханбет ақын өзінің әр қырымен, жан сырымен өлең өлкесінің биік бір белегір-белесіне айналып бара жатты. Ақынның тақырыбы кең, қай салаға қалам тербемесін ойын түйіндеп жеткізе біледі. Отанға, тәуелсіздігін алған егемен елге, туған жерге, исі қазақтың кіндігі байланған ауылға, абзал ана, өмірлік жарға, іштегі бір арман болып кеткен ару-бейнеге арнаған жырларының қай-қайсысы да Баймаханбеттің шабытынан туған шалқар жырлар. Олай дейтінім, мұнда перзенттік махаббат бар, мұнда ақындық телегей-теңіз сезім бар. Мұнда шығармашылық өсу бар.

... Бір кездері нарық қиындығына шыдамаған ел ауылдан үдере көшті емес пе? Сол топтың ішінде сең соққан балықтай болып ақынның өзі де кете барады. Амалы жоқ ақын бар күйінішін өлең етіп өреді.

Қиналсам да бой бермеді талабым,

Міне, енді сені тастап барамын.

Қалмады амал - жүрегімді жаралы,

Шың -құзға емес,

Жұлдызға ұрып жарамын.

Баймаханбеттің «Бір ақын бар» деген өлеңі менің айтпақ ойымды дөп басып тұрғандай. Өлеңде ақын табиғаты әдемі өрілген.


Сырын ару желекті қайыңға ашқан,

Бір ақын бар бұл тұста, бауырластар!

Өзі туған киелі топырақтың,

Бір шөкімін бермейтін айырбасқа!


Оған ыстық құмның да туа демі,

Көз ашпаған ол да бір бұлақ еді.

Баймағанбет ақын боп бұйығады,

Бұйырғынды өлкенің бұла әуені.


Ақынның өзіне - өзі берген бағасынан артық баға болмайды. Өзін жақсы ұғынған ақын ғана ағынан жарыла алады. Баймаханбет - сондай жан. Оның қай өлеңінің де ар жағында ақын жүрегінің лүпілі мен көңілінің қым-қиғаш сәттері мен мұндалап тұрады. Оның ерекшелігі де, міне, осынысында болса керек. Бізді қуантқаны, ақын осы «жамбасына жақын» тақырыптағы өлеңдерінің ауқымын-арнасын кеңейте түскендігі, заманауи өзгерістерге сай жаңа мазмұндағы жыр жазу үрдісін одан әрі дамытуы болды. Мысалы, оның әлгінде жоғарыда бір шумағын ғана келтірген :

Ауылыңды, түтін исін, қи исін

Кейде еске алып, елжірейсің, ийсің.

Қалтырайсың түссе қысы есіңе,

Ал ойласаң жазын... сәл-пәл жылисың.
Несібеме тиген бір дән-түйірсің,

Күпіме де сіңіп, кетпей жүр исің.

Ауыл... сенен шыққан соқыр сүрлеу-мен,

Жырың едім, ұлың едім түбі-үйсін!


– деп келетін қысқа өлеңінде бәрі (ауыл көрінісі, табиғаты, сол ауыл түлеткен бір перзенттің басындағы ситуация, ауылға махаббаты,өкініш-күйініші, сағынышы...) тұр. Ақын кейде,

Шағылды шыңға үр табы күннің

Сағызды төбе, бұйырғын –маңым....

Шұғамен қырды қымтады іңір,

Сарғалдақ құстың сұйылды ырғағы... – деп сол бір ауылдың әдемі суретін көз алдыңа әкеле қояды.

Жаумады жаңбыр, жаңбыр...

қыр құрғады,

Бұрқырап есті шөптің исі небір.

... Аяулы сезімдердей дір-дір қағып,

Жаз айы жанарында тұрсың, Өмір! - дегені қандай әдемі түйіндеу! Ақынның жазбақ болған обьектісінің бояумен, суретпен сөйлеп, әсем картинасын жасай алуы да жетістігі дер едік. Маған алғашқы бөлімдегі, міне, осы айтылғандармен бірге, «Ұлыс жыры», «Мамыр айы», «Еске алмас та ем...» деген өлеңдері айырықша ұнады. Ақынның қолынан мұндай өлеңдердің тууы оның қарым-қабілетін де көрсетіп тұр емес пе?! Болашағына сендіреді, үміт күттіреді. Ал жалпы қолжазбаны оқып салмақтап, саралап қарар болсақ, осындағы «Мен бір жұмбақ аралмын» бөлімі Б. Ахметтің қалыптасқан ақындығын танытатын бір белегір - белес секілді көрінді. Шынында да бұл бөлімдегі жырлар ақынның соңғы жылдардың бедерінде жазылған дүниелері. Олардан жаңа тыныс, жаңа леп еседі. Ақынның қай-қай өлеңінің болсын олпы-солпысы шығып тұрғанын көргенім жоқ. Жинақты, сондай-ақ, әр жылдары жазылғанмен, бас-басына өзіндік көтерер жүгі, тәрбиелік-танымдық маңызы бар Тараз қаласына арналған «Құм астындағы қала», «Жиырма бес – жас дәурен», «Болашақ, болма боркемік» атты жыр-толғаулар қомақты етіп тұр. Бұл – Б. Ахметтің 18-25, 30-45 жастар аралығындағы – түрлі кезеңдердегі үні-дауысы, тебіреніс-толғанысы, өзіндік әсерлері. Әр кезеңдегі талапқа сай, қалай жазылса, солай, сол күйінше беріліп те отыр.

Естуімше, ақынның алғашқы жинағын бір кезде өзі жүргізуші болып еңбек еткен «Ойық» совхозының директоры Е. Дадабаев бары-жоғы жиырма жасында қазіргіше айтқанда, «демеушілік жасап», баспалардағы таныстарымен байланысып шығарып бермек болыпты. Бірақ, ақынның (балалығы ғой) «іске татыр өлеңім жоқ» деп ат-тонын ала қашуы себепті ол іс аяқсыз қалып қойған. Бертінде Талас ауданының әкімі де, қалталы азаматтар да демеушілік көмек көрсетуге уәде бергенмен, уәделері үдесінен шыға алмай ақын бауырымыздың кітаптарын баспадан шығару ісі жөнді-жөнсіз созылып келіп еді. Елу жасқа толғанында да кітабын шығара алмады. Оның
Қалып қойған қиянда бір аралдай,

Көкжиектен көзімді тұрам алмай.

Өзіме-өзім жұмбақпын...әлі күнге

Жібі түзу бір жинақ шығара алмай!


Әкім болса бір ағам, бір ағам-бай,

Қарасу да татырмас бірақ, алла-ай,

Қадір-қасиет қалсын ба ақыныңда

Өзі мұндай болғанда, жыры анандай! – деп келетін өлеңі де (кітапта бар) осындай көңіл ауанынан туғаны анық. Енді облыс әкімі тарапынан көмек-қолдау көрсетіліп, облыстық мәдениет басқармасының бағдарламасы бойынша сыршыл ақынымыз шығармашылығының бір бөлігінің кітап етіп бастырылып, жалғанның жарығына шығарылуы әбден құптарлық іс болды деп ойлаймыз. Бүгінде ақынның аталған кітабы 1000 дана таралыммен жарық көріп, облыс кітапханаларына таратылып берілу үстінде. Демек, ақынның жаңа жыр жинағымен кім-кімнің де болсын аймақ кіпханаларында оқып танысуына әбден мүмкіндігі бар. Сыршыл ақынымыздың өзі де, «бұйырғынды өлкенің бұла әуеніндей» өлеңдері де тартпада «сүрленумен» жұмбақ болып қалып қоймай, оқырмандары жүрегіне жол тартқанына бек қуаныштымыз!


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау