Баймаханбет ахмет



жүктеу 2,39 Mb.
бет12/14
Дата21.12.2017
өлшемі2,39 Mb.
#5251
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

ЖАНАРТАУ ЖАНЫМЫЗДА ЖҮР...
Қырғызбай қарияның таныс та бейтаныс әлемі. Ол кісінің есімі аталған жерде зиялы қауымның кәдімгідей елеңдеп қалатыны бар. Қарияның қыры көп-ақ. Дәл қайсы қыры оны тамам жұртқа танымал етті - тап басып айту қиын. Өйткені...

Ол өнердің барлық саласында (суретшілік, мүсіншілік, қол өнері, гобелен,тағы басқалары) дерлік өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Өнер былай тұрсын, стенография, лингвистика, математика, филология ғылымдарына да енгізген жаңалықтары бар. Жаңалық ашу екінің бірінің қолынан келе бермейді, әрине. Бұл үшін өзіңді қызықтырған саланың ұңғыл-шұңғылын түгел сүзіп, аудара қарап, ақтара тексеріп, зерттеуе тиіссің. Саланың сонда істеп сақал-шашын ағартқандар аңғармаған артық-кемі Қырекеңнің сәл уақыт тауып ізденсе-ақ көзіне бадырйып шалына кететіні ғажап-ақ.

...Араб қарпіне бір беттік қана аудармасымен салыстыра отырып өз бетінше «тіл сындырған» екен. Соңыра арабша үйренуге арналған аспап жасап, арнайы оқу құралын жазыпы. Небәрі он ойықшадан тұратын қол басындай ғана қарапайым аспапқа әріп таңбаларын орнатып, оқу арқылы (оның бір бетіне қазіргі қолданыстағы қазақ әріптері бойынша сөз құрастырып жазсаңыз, екінші бетінде оның арабша оқылымы өз-өзінен пайда болады) кез келген адамның бірер апта ішінде өздігінен арабша жазып, оқуға жаттығып кетері анық.

...Қосуға қарсы алу, көбейтуге қарсы бөлу амалдары бар. Ал дәрежелеуге қарсы түбірлеуді тауып, алғаш формуласын қорытқан да Қырғызбай Ырысұлы еді. Осы жаңалығын аттай қалап, сұрастырып, «Нобель сыйлығына» ұсынуға да уәде еткен пысықайлар болды-ау. Ырысұлы «7», «13», «40» сандарының да құпиясын, бөлінгіштігін тапты.

...Оны осы күні кейбіреулер «қазақ стенографиясының атасы» деп те жүр. Ол журналистерге, тіл мамандарына, студенттерге, жеке қызмет адамдарына аса қажет стенографияның үлгісін жасап шыққан адам. Аталмыш үлгі бойынша стенографияны бұрынғыдай 70 мың сөзбен емес, 24 таңбамен меңгеруге әбден болады. Осынау ұмыт қалған мамандықты Қырекеңнің дәріс беру үлгісімен бар болғаны 2-ақ айда толық игеріп шығуға болады.

...Қарияның «соқырға таяқ ұстаттым, мылқауға тіл бітірдім» дейтініндей-ақ бар. Ол ойлап тапқан және бір жазу мәшіңкесімен дүниежүзінің барлық халықтары тілінде сөз жазып, мәтінін басуға болады. Бұл жаңалықты компьютердің енгізілуі көмескілендіріп жіберді, әттең. Осындай қарапайым ғана құралдар көмегімен зағип жандар жазу басса, арнайы сауаты болмаса да екінің бірі нотаны еркін меңгере алады!

...Бір өзі бірнеше оқу орнын - Шымкент мұғалімдер институтын, Абай атындағы қазақ педагогика институтын, Мәскеу жоғары стенография курсын, Қазан қаласындағы сурет училищесін бітірген... Қаңтарбаевтың қолынан шыққан орындық, есік тұтқасы, қобыз, тағы басқа дүниелер Ә. Қастеев атындағы республикалық өнер мұражайының қорында сирек кездесетін аса құнды экспонаттар ретінде сақтаулы тұр. Құнды болатыны - қазақтың қошқар мүйізді оюларының жазық фигураларға қолданылуға қолайсыздығы жөніндегі тұжырымды түбірінен жоққа шығарғандығы!

...Қырекең құрастырып жазған «Қырық есеп», әлдебір пысықайдың жиендік жасауымен ілгеріде кітап болып та басылды. Сан қырлы талант иесінің соңғы жылдары жеке атау, сөздер төркінін зерттеп, бір кісідей еңбектеніп, тапқан олжасы бір құнды зерттеуге бара- бар десе де болады.

Апырым ау, сонда бұл кісіні кім дейміз? Елде жоқ эрудит, полиглот па? Оған бәрі де сыйымды. Тағдыры ғажапқа толы екендігі де анық. Иә, оның кішкентайынан не нәрсее де қызығушылығы, білмекке құштарлығы саф алтындай талантының біртіндеп ашылуына да ықпал етті. Ол Жамбыл ауданындағы Молотов атындағы ұжымшарда сегізжылдықты бітірді. Мектепте оқып жүргенінде сурет салумен беріле айналысты. Туған еліміздегі, ауыл мен мектеп өміріндегі айрықша оқиғалар кенеп бетінен көрініс тапты. Ол қан-қасап қырғын ішінде жүргенінде де суретшілік кәсібінен қол үзбеген. Атыс саябыр тапқан сәттерде қаруластары бейнесін қойын кітапшасы бетіне түсіріпті де отырыпты. Майданда аяғынан ауыр жараланып, 1944 жылы елге оралысымен ол өзінің ұстаздық қызметін қайта да жалғастырады.

Қ. Қаңтарбаевтың шығармашылығына өнер қайраткерлері құрметпен қарайды. Суретші әсіресе, Мырзатай Жолдасбековтің алпысыншы жылдардың өзінде талантын жоғары бағалағанын мақтанышпен айтып отырады. 1989 жылы «Қазақфильм» студиясы шебер туралы «Жоқшы» атты деректі фильм түсірген екен. Ол кісінің бар болғаны ҚР Суретшілер одағының мүшесі деген атағы ғана бар. Атаққұмар да емес. Талантын да, ардагерлігін де бұлдаған жері және жоқ. Жәрдем сұрап, өзін, шығармашылығын насихттап, көпке таратуын өтініп бір әкімқараның алдына бармапты. Әр қандай жастағы мерейтойлары да атусыз қалумен келеді... Ал, ашқан жаңалықтары мерзімді басылымдарда жырымдалып жарияланып, қырық бөлікке түскендіктен бе, таланттың тұлғасы өз деңгейінде айқындалмай, көмбесі көкірегінде ғана қалып тұрса, не жорық?! Қырекең ашқан жаңалықты өндіріске енгізіп, жасаған жәдігерлерін кітап етіп бастырсақ, қазекеңді әлем халқы тағы бір қырынан танып, мойындаған болар едіөау, әттең!

Ол соңғы жылдары Жамбыл политехникалық колледжінде араб тілінен дәріс те берді. Кезінде Әл Фараби, Шоқан, Абай, Жамбыл, Бауыржан секілді алыптарымыздың кеуде мүсіндерін (бюст) сүйектен қашап жасаған қас шебер өз шеберханасында егемендігімізді танытар тұлғалар - қазақ батырлары мүсіндерін де сомдап, еңбеккештік танытты. Егде жасында да сүйікті кәсібінен қол үзбеуі - қарияның ерлігі .

...Ұлылық та елеусіз, қарапайым келеді, деседі ел. Оннан бір бөлігі ғана су бетінде шығып

жатар айсбергке де ұқсайды Қыр-ағаң. Жанартау жанымызда байқалмай жүр, қайтерсіз!
ЖЫРДЫҢ ПІРІ ЖАМБЫЛДЫҢ МҰРАГЕРІ
«...көп айтысы – қазақ әдебиеті хрестоматиясына кіретін дүниелер»

Т. Молдағалиев.

«... ол – Жамбылдан кейінгі айтыс өнерінің феномені»

Ж. Ерманов.
Тізгін қағар
Ілгеріректе жазылса да, айтыс ақыны М. Тазабеков жөніндегі осы бір шағын дүнием өзіме әлі де ыстық көрінеді... Кітапқа да үтір, нүктесіне тиіспей, сол күйінше бердім...

Мұхамеджан туралы сөз болған жерде осыдан тұп-тура он жыл бұрын үкілі домбырасын қолға алып, алқалы топ алдына шыққан қалақтай ғана қара бала көз алдыңызға келер. Оның есімі бүгінде еліміздің еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін танымал ғой деп, көп болса, қарсыластарының басына талай мәрте алдаспан сөздің жасынын үйірген, аузымен құс тістерлік дүлдүл шабысты айтыстың жас перісі болып қалыптасқанын тілге тиек етерсіз.

Бірақ, бәрібір ол Мұхамеджан музасын толайым мүсіндегендік болып шықпас еді. Содан да айтыс өнері шырқау биікке көтерілуінде өзіндік үлесі бар ақпа-төкпе ақын жерлесіміз, өрен жүйрігіміз жөнінде азды-көпті сыр тиегін ағытуға ниет еттік. Осы орайда «сегіз қырлы, бір сырлы» дейтін жігіттің нағыз сұлтанының ақындық, әншілік, жыраулық, актерлігі (киногер Қ. Қасымбековтың «Жамбылдың жастық шағы» фильмінде басты рольді сәтті ойнап шықты емес пе?) аздай, енді ғылыми жұмыспен түбегейлі айналыса бастағанын білетіндер аз...

Қаймағы бұзылмаған ақындық ортадан шығып, байрағы желбіреген оңтүстік астанада отауын тіккен Мұхамеджанның таныс та бейтаныс әлемі... бүгінгі әңгімеміздің өзегі де, міне, осы.


«Есігіңді аш, дүние, мен келемін...»
Осыншама дарын оның бойына қалай жинақталды? Жалпы ол тақыр жерге өскен жалғыз дарақ емес-ті. Небәрі жиырма сегіз жасында өмірден озған әкесі Оразбай өлеңші-тұғын. Бәлкім, о баста-ақ сөзді кие тұтқан, қазақтық қалпымыз қаймағы бұзылмай сақталған отбасында, ұлттық әдет-ғұрып, жөн-жоралғыға жетік ата мен әже бауырында өсіп, тәлім көргенінің жемісі болар бұл! Тақуа, діндар, ертегі-қиссаларды да бір кісідей білетін Жұпаркүл әжесі мәйекті сөз, құнарлы тілді немересі құлағына құймады дейсіз бе...

Бір жағынан осылай көне көз, кәрі құлақтың тәліміне ұйып, тілін сындырса, Тәңір сыйындай жалғандық, жасандылыққа жаны қас, тауып сөйлейтін ділмарлығы он екі жасында-ақ ауыл-аймаққа танылып үлгерді. Ал өлеңді табан асты суырып салып айтатындығы, білмекке, кітапқа құмарлығы ауылдық кітапхана меңгерушісі болып істейтін анасына құпия емес-ті. Әлде, болашақ әмбебап айтыскер шығарын ана жүрегі сол кезде-ақ сезді ме екен, тұла бойы тұңғышының бойындағы осы қасиетті ұлықтап, үкілеп үстеуге кәдімгідей уақыт бөліп, көркем әдебиеттерді талғаммен оқуға баулып, жұмысынан қайтарында, әсіресе, халық ауыз әдебиеті жауһарлары – шешендік сөз, ақыл-нақыл кітаптарын үйіп-төгіп әкелетін-ді.

Бір жолы Чапаев (қазіргі Шахан ауылы) кеңшарының клубында ақындар айтысы өтетін болып, ауыл адамдары тайлы-таяғы қалмай, солай қарай шұбырды. Бұл өнермен көп жылдардан соң қайта қауышқандықтан да, ыстық-суығы басылмай тұрған кезі ғой! Оған көрші ауылдардан да «әу» дейтін өлеңші, термеші, жыршылар шақырылды. Міне, осы жолы Мұхамеджан алғаш рет алқалы топ алдына шықты...

Бір қызығы, бұл іс-шараның ұйымдастырушысы да, қазылар алқасының төрайымы да болып, ал кейіннен бас жүлдеге лайықты деп тапқан алқа мүшелерінің шешіміне қарсы шығып, өз ұлын «тобықтан қаққан» да басқа емес, Күлбүбі ананың өзі болып шығуы еді. «Бағын сынап көрсін, мейлі, бірақ бұл айтысты балам бәйге алсын деп ұйымдастырған жоқпын ғой» дегенімен, іштей сүйсінісін жасыра алмады. «Тіфа, тіфа, тіл-көзім тасқа» деді іштей күбірлеп. Әйтеуір, Күлбүбі Сағындыққызының сол сәтте тұлпар жаратып, топқа қосқандай күйді басынан өткергені анық-ты.

Сол жолы ауыл адамдары қоярда-қоймай бәрібір... бірінші орынды Мұхамеджанның қанжығасына байлап жіберді...
Алтын тұғыр
Уағында тап басып танып, топшысы бекігенге дейін бетіне жел боп тимей, «тіл-көзден» қорғап, бағдар беріп, баптай білмесе, таланттың «тас жаруы» да жеңілге түспейтіні белгілі. Мұхамеджанның бойындағы жылт еткен шырпы отындай ақындық ұшқынның шалқи көтерілуіне ықпал еткен екі жай бар. Оның біріншісі – жоғарыда айтқанымыздай, туа бітті дарыны, ізденімпаздығы болса, екіншісі – сөз жоқ, мұратты істің ұйытқысы болып «бұлақ көрсе көзін аша» жүретін шынайы өнер жанашырларымен тағдыр тоғыстыруы дер едік.

Сексенінші жылдардың аяғында айтыс өнері кеңінен қанат жайды. Қасиетті Әулиеата өңірінде де үмітін үкілеген өнерпаздар қаулай бой көтерді. Алайда олардың шеберлігін шыңдайтын белгілі бір орта қалыптаса қоймаған-ды.

Алғаш ұйымдастырылған айтыс ақындарының телесайысында семейліктерден ақындарының қырқа жеңіліс табуынан кейін жамбылдықтардың біразға дейін бетінен басқандай күй кешкені есте. Бұл жай талайдың намысын қамшылады. Жазушы-драматург Е. Әлімжанның Қзақстан ақын-жыршылар одағының облыстық бөлімшесін құрып, өзі жетекшілік етіп, облыстық мәдениет басқармасымен (сол кездегі бастығы Ә. Әмзеев) күш біріктіріп, бейнетті істі бастап, облыста айтыс өнері деңгейін көтеруге ақ тер, көк тер болып атсалысқаны да осы тұс. Алғашқы сәтсіздік, кейіннен Шәуілдірде өткен сөз сайысына аталмыш ауданның бір өзінен 40 ақын қатысуы, басқа да жайлар сабақ болды да, санды ғана емес, сапаны да көтеруге күш салынды. Аудандық, қалалық мәдениет бөлімдері тарапынан бұл іске мүдделілік танытылып, таланттар ауылдардан, тіпті мектеп оқушылары арасынан да іздестірілді. Нәтижесі жаман болған жоқ. Ш. Айдаров, С. Қалиев, А. Исақов, Ү. Битенова, Е. Қамбатыров, Қ. Нарбатыров, Б. Үсенов, Ә. Жанқұлиевтердің ізін баса А. Қасымбекова, М. Сәбденбекова, А. Тұрсынбаева секілді жаңа лек келді...

Ақындардың шеберлігі шыңдалуына нақты көмек ұйымдастырылумен бірге қатаң іріктеуден кейін облыс, республика көлемінде өтетін сындарға жолдама беріліп, әсіресе, теңін тауып, сөз сайысына түсуі ретке келтіріліп, қай-қайсысының болса да тауы шағылып, тауаны қайтпауына айрықша көңіл бөлініп отырды.

Осылайша облыста қуатты ақындық орта қалыптасты.

Міне, осындай баптан өткен Әзімбек пен Алтынкүл ІІІ республикалық ақындар айтысында топ жарды...

Е. Әлімжанның бала ақынды (Мұхамеджанды) алғаш 14 жасында Ұлбике ақын, кейіннен Сыпатай батырдың – 210, Тайманұлының – 200 жылдық мерейтойларындағы айтыстарға қосып, жеңістің кілтін бірге іздесуі, әсіресе, соңғы айтыста бас жүлде олжалағанында «Мұхамеджанның ақ бозы» атты телеочерк жазып, түсіріп, исі қазақтан сүйінші сұрағандай ағынан жарылғаны қандай жарасымды еді!

Мұхамеджан осы ақындық орта – алтын тұғырдан қияға қанат қомдап ұшқан мұзбалақ-ты.

Әбден бабына келген бала ақын одан бері де республикалық деңгейде өткен үлкен мерейтойлардағы сөз додаларының барлығында дерлік із қалдырды. Қазақстанды түгел аралап шықты десе де болады. Оның ішінде «Республика күнінің» алғаш мерекеленуі, Абылайдың – 280, Абайдың – 150, Т. Рысқұловтың – 100, Бөгенбай батырдың – 300, М. Жұмабаевтың – 100, Қарасай батырдың – 400 жылдық мерейтойлары кезінде ұйымдастырылған республикалық ақындар айтыстарында, соңғы супер-додада, 1994 жылы Бішкекте өткен Орта Азия халықтарының өнер фестивалінде бас жүлделерді иеленді.
Мұхамеджанның музасы
Ақын қашанда замана барометрі секілді. Бұл мәселеде олардың кейде тіпті саясаткерлерден де көш ілгері кететіндері бар. Оларға елінің мұң-мұқтажы бес саусағындай белгілі. Сол ортада өсіп, жетіліп, ісімен де, сөзімен де үлгі болуы заңдылықтай көрінеді. Ал олардың шешендік өнер үрдісін ғана емес, ерекше сән-салтанатпен киініп, серілік, сахилық, жомарттық тән қазақы болмыс, мінезімізбен қайта қауышуымызға айтарлықтай дәрежеде ықпал етуі ше?!

Кейіпкеріміздің еліне бергенінен берері көп десек те, шығармашылығына азды-көпті тоқталып өткеннің еш артықтығы жоқ-ау. Өмір мектебінен өтіп, қандай ақындық ортада еңсе тіктегені жөнінде жоғарыда айттық. Ол осылай гүлден-гүлге ұшып қонып, шырынын жинаған тынымсыз бал арасы секілді тәжірибе мен Құдай берген дарынын, тілдік қорын бірден-бірге байыта берген-ді. Ең бастысы, оның халықтық поэзияны бүгінгі талап деңгейімен оңтайлы орайластырып, жаңаша жаңғыртуы дер едік. Осылайша ойлы, құнарлы тіл қазанында қайнап, ұмытыла бастаған көне сөз (архаизм), қазақы қисын, шешендік шиырлары халықпен қайта қауышты. Ұлттық ұғым ұлықталды!

Жамбылдың өз заманының ірі ақыны Құланаяқ Құлмамбетті жеңуін айтысқа елдікті, ерлікті танытар, ұлттық рухты көтерер жаңа леп әкелуімен байланыстырып жүргеніміз жоқ па?

Міне, осы ерекшелік Мұхамеджан бойында жаңаша қырынан көрініс тапқан еді. Жырдың пірі Жамбылдың мұрагері дейтініміз де сондықтан. Оның жырларынан қиялының байлығын, көзінің жітілігін, ақындық интуициясының тереңдігін көреміз. Ол тудырған терең сырлы тіркестер қаншама! Кейбір жекелеген жолдарда қайталанбас образдар бар, тамаша суреттер жасайды.

Таң қалам талғамы зор тарландарға,

Таң қалам заманы озық заңғарларға.

Бөлінгенді бөрі кеп жейтіндігін

Айтқан баба сөзінде жалған бар ма?

Құзғын қарға, шау қарға, құзғын болып,

Бөлінеді үш жүзге қарғалар да.

Бірінің бірі көзін шұқымайды

Жағаласып қонса да жардан жарға.

Қарға екеш қарғалардың ынтымағын

Қазаққа нәсіп етсе арман бар ма?

Немесе,

Ресейлік Алланың әнін сүйіп,



Ал, Алланың Құранын тыңдамадық.

Мәскеуше ойлап, ташкенше билеуменен

Татардың шанасындай сырғанадық.

Желтоқсанның жемісі болмағанда,

Судай боп сіңер едік құмға барып!

...Біздің дәуір – қорабы темекінің,

Жылтырменен ораған күлімсіңді.

Ұрпақты улап келген 20 ғасыр

Жанып біткен 20 тал шылым сынды...

Осы образды ойлардың қайсысы болса да кейіпкеріміздің өзгеше талант иесі, сөз өнерін бір кісідей меңгерген суреткер екендігінің айғағы іспеттес. Халықтың намысын жаныр жанайқайға, өр ұранға да толы емес пе?! Бай рухани қазынасы бар халықпыз. Мұхамеджан өзіне дейін ғасырлар бойы жасалған солмұралардан нәр алды, соны сорабын қуалай, ежелгі дәстүрлерді дамытып, тың тақырыптарды игеруге талпыныс жасап, аламан айтыстарда ат терлетумен келеді.

Халық шығармашылығын, айтыс өнерін дамытудағы жетістіктері үшін 1996 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты атанса, үстіміздегі жылдың басында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына ие болды. Оны Елбасымыз Н. Назарбаев өз қолымен тапсырған-ды. Бұл 24 жасар жыр жүйрігіне көрсетілген лайықты құрмет еді.
Тізгін тартар
Оның есімі – әлем қазақтарының ауызында. Америкада, Англияда, Алманияда тұратын қандастарымыз айтыстарының мәтінін үнтаспаға жаздырып тыңдаса, арнайы шақырумен Түркия, Иран, Өзбекстан мен Қарақалпақстандағы ағайындарымыздың арасында болып, шығармашылық есеп беріп қайтты.

Тағы бір айтарымыз, ол үстіміздегі жылы ҚазМҰУ-ін (мұнда оқу жартылай ғылыми негізде жүргізіледі) бакалавр дәрежесі бойынша бітіріп шыққалы отыр. Қатарынан екі жыл Президент стипендиясының иегері болды.

–Ақындықпен шектеліп қалмай, айтыс өнері жөнінде маңызы бар тұжырымдамалар жасау – мақсатым. Бұған дейін де талайлар шиырлаған бұл тақырыпты еріккеннен қаузағалы отырғаным жоқ. Әйтсе де, оны айтыс ақыны көзімен зерделеп жазудың жөні бөлек-ау. Оған жаңа бір қырынан келіп, жыртығына аз да болса жамау болсақ, арман не, - дейді оның өзі.

Талабыңа жет дейміз біз де. Ал оның алдында шабыттың ұзын сонар жолы жатыр...



СУ МОНШАҚТЫҢ СЫҢҒЫРЛЫ ӘУЕНІ
Өнер адамдарының, оның ішінде ең таланттыларының көбінесе кеудемсоқтықтан, әсіремақтаннан ада, қарапайым, томаға-тұйықтау келетіні қызық. Оларға көкірегінде ұдайы бұрқ-сарқ қайнап, сапырылысып жатар шабыт селін шашау шығармай, мұратты ісіне мысқалдап қана жұмсап, билігін жүргізуі үшін де осындай бір салмақты күй, салқынқандылық – ақырын жүріп, анық басу керек-ау, сірә.

Базбір таланттың бойында өзгеге білінбей, бұйығып жатар өзі де тылсым өнердің кезегі келгенде әйтеуір бір себеппен жарқ етіп көрінетіні анық. Біздіңше, Зеренің бойындағы сырлы аралдың әмбеге аян болар мезеті жеткен секілді. Ол қаймағы бұзылмаған қазақы ортада туды, өсті, қалыптасты. Талас ауданының Аманкелді ауылында табан ізі қалды. Кезінде күллі ауылды аузына қаратқан тарихшы-жағрапияшы әкесі Мұқыш Жақыпбаевтың жолын қуып, мұғлімдікті таңдаған-ды.

Зере Мұқышева өзінің бойына туа біткен өнердің соңына түсейін-ау деп ізерлеп ізденбегенімен, іштей құштарлығы осынау ұлы мұратымен түптің түбінде бетпе-бет келтірерін бимәлім бір түйсікпен сезінген-ді. Әуелі ауаткомда хатшы-машинисткалықтан басталып, Абай атындағы педагогикалық училищенің мектеп бөлімін бітіріп, бірер ауылда мұғалім болумен жалғасқан еңбек жолының ерте ме, кеш пе осы ақжайнақ арманы әлемімен тоғыстыратынына да сенімді болатын. Өзін-өзі қиынға салып, қабілетін ұштап, жетілдірер жолды іздеді. Көп іздеді. Ақыры, тапты.

Өнер ордасы табалдырығынан онжылдықты бітіргеннен кейін араға тұп-тура тоғыз жыл салып барып аттапты...

Әке ұлағаты, ана сүтімен бойына сіңіп, көп өтпей көктеп, дәйім бүр жарумен тұрыпты Өнер жарықтық. Талайдан көз таса, тұмса таланты арнасынан ілкі ақтарыла жөнелуінен бе екен, Зеренің сан қырынан жарқырай көрінуі сол ҚазПИ қабырғасындағы студенттік жылдармен тұспа-тұс келіпті.

–Мен аталмыш институттың (қазір университет) көркемсурет-графика факультетінде оқып, живопись, сурет, қолданбалы сән өнері бойынша мамандандым. Ұстазым Бура Көпбосынов қолыма алғаш қылқалам ұстатты. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ анау-мынау суреттерді жазып, сызуға келгенде еш қиналмаушы едім. Оның құпиясына тереңдеп қаныққан құрлы еріншектің ермегі емес екенін ұғып, шеберлігім жетіле түсті. Кілем, алаша, сырмаққа ою-зер төгуге келгенде ауылда анам Әндешке тең келер ешкім болмайтын. Мені ісмерлікке анам баулыды. Соңыра бұл іс өмірлік мұратыма да айналды, - дейді Зеренің өзі.

Институтта көп өтпей-ақ ол оқуға алғырлығымен, жігерлілігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен таныла да бастайды. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Еліміздің бірқатар қалаларында өткен студенттердің ғылыми-теориялық конференцияларына қатысып, баяндамалар жасады. Студенттердің құрылыс қосынының үздік жетекшісі ретінде КСРО-ның «Еңбектегі ерлігі үшін» медалін омырауына таққаны, білімгерлердің Мәскеуде өткен бүкіл дүниежүзілік слетіне делегат, оқып жүріп Алматы қаласы Фрунзе аудандық кеңесіне депутат болып сайланғаны – осы етітірілігінің жемісі.

Осы бір елгезектігі, қоғамдық жұмысқа елді үйіре тартып, бірдемде думанды-қызу орта қалыптастырар ғажап қабілеті Жамбыл педагогикалдық институтының, өз өтінішімен кейін ауысқан Абай атындағы педагогикалық училищенің (қазір гуманитарлық колледж) қабырғасында еңбек еткен жылдарда жақсы көмектесті. Тұлабойынан ұлттық салт-дәстүрге жетіктігі, қазақы діліміз атойлап-ақ тұратын сарабдал ұстаз-тәлімгердің өзі әзірлеп, көңіл-көз сүзгісінен өткізіп барып, бәйгеге қосқан арулары қатарынан екі жыл бойы облыстық «Қыз сыны» байқауының бас тәжін иеленсе, 1992 жылы еліміздің бірқатар училищелері мен колледждері арасында өткізілген байқау-мәслихаты тұсында Зеренің сценариін өзі жазып, әзірлеп, көрерменге ұсынған «Сырласайық, жеңеше» атты театрландырылған көрініс жақсы қырынан аталып өтілді. Қыздарға берер тәлім-тәрбиесі молдығы ескеріліп, соңыра «Хабар» телеарнасы арқылы бірнеше мәрте қайталап көрсетілді де.

Оқу мен тәрбиені – таразының екі баксын тең ұстай білгенінің нақты мысалы бұл. Сыршырай мен қолданбалы сән өнерінің ерекшеліктерін үйлесімде жымдастыру арқылы ұлттық құндылықтарымызды сапасы, саны тұрғысынан толықтырар ғажап дүние жасаушы, қиял жетпес алыста, немесе университет, академияда емес, колледждің қатардағы мұғалімі болып дәріс беріп, ортамызда елеусіз жүріп жатыпты...

Зере Мұқышева – еліміздегі қолданбалы сән өнері саласында бисер (арабтың «бусра» - су моншақ сөзінен шыққан) әдібін қолданушы шеберлердің ізашары да.

– Су моншақпен суретті өрмек тоқу еліміз көлемінде әлі дами қойған жоқ. Бұл үлгі ТМД елдерінде, оның ішінде Ресейде иконалар – құдайаналар, әулиелер бейнеклерін әрлеуде бағзы кездерде-ақ қолданылғаны белгілі. Өзімнің жоғары оқу орнында алған мамандығымның бұл салавдан ауылы алыс жатыр. Алғаш Л. Юрьева деген иконаларды безендіру ісімаманының кітабы әлдеқалай қолыма түсті.бұдан он жылдай бұрын АҚШ теледидарының осы жөніндегі хабарын қызыға көріп, тамашалаған да едім. Әйтеуір бисерге іштей құштарлықпен, беймәлім бір түйсікпен – құдіреттің күшімен ден қойдым, - дейді Зере.

Оның ізденіссіз бір күні жоқ десе де болады. Қолы боста ұлттық оөрнектеріміз қатарына тың нақыщш құрастырып, қосуға құмар. Шәкірттерін де осы іске баулиды. Олардың арасында осы өнер түрі бойынша дипломдық жұмыс жазып, қорғағандары да бар. Кезінде А. Қосанов, М. Бибосынов, Г. Қосанова, Қ. Алтынбекова, Қ. Өмірбаева, А. Қозыбақов секілді шәкірттерінің су моншақпен тоқыған суретті өрнектері студенттердің Сочи, Алматы, Екібастұз қалаларында ұйымдастырылған арнайы көрмелеріне қойылып, көрсетілді де. Мүйізі қарағайдай өнер зерттеушілері тарапынан жоғары баға да алды. Соңғы аталған үш шәкірті – бұл күнде жоғары білімде мамандар. Өздері де шәкірттер тәрбиелеу үстінде. Ал, Ж. Жақсымбетов Президент аппаратында қызмет етеді. Ұстаз бақыты дегеніміз осы ма, әлде. Осы бір қазаққа тосындау өнердің оқу орнында тамырланып, бұтағын кеңге жаюы үшін колледж директоры С. Мұсаеваның қолынан келер көмегі болса, аянып қалған жері жоқ. Зеренің су моншақпен сурет салуға, гобелень, кілем тоқуға арналған шеберхана ашуына жәрдемдесіпті. З. Мұқышева мен оның шәкірттерінің туындылары бойынша соңғы бірер жылдың көлемінде Астана, Алматы қалаларында әлденеше мәрте көшпелі көрмелер ұйымдастырылып өткізілуі – колледж басшысының тікелей қолдау, қамқорлығының жемісі.

Бисермен, өте ұсақ моншақтармен адам бейнесін (картина) кескіндеу асқан төзімділікті, үлкен суреткерлік пен біліктілікті талап етеді. Мысалы, Зере өзінің ең шоқтықты еңбектерінің бірі – қылқаламмен емес, су моншақтармен зерлеу арқылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың портретін жасау үшін бір жылға жуық уақытын сарп етіпті. «Бұл өзі бір майдан қыл суырғандай аса кірпияз іс қой. Түн баласына екі сағаттай ғана уақыт көз шырымын алып, «құс ұйқы» болуыма да тура келді», - дейді оның өзі ағынан жарылып. Мұндай іске үлкен суреткерлік қабілет-қарымы бар, өзіне-өзі сенген адам ғана тәуекел ете алады. Дарынсыздың он жылын жұмсаса да мүсіндеуі мүмкін емес ғажайып туынды бене бір көктен – Зеренің зерек ой-қиялы дүниесінен Елбасына тамшыдай ұқсас күйінде үзіліп түсе қалғандай. Қалай сілтесең де ырқыңа көнетін қылқаламның мүмкіндігі бұдан анағұрлым молдау. Ал, маржанмен өріп, мынадай ғажайып туындыны сомдай алған Зеренің қасында небір қылқалам жампозының жіп есе алмай қаларына сенімдіміз.

Тараздың 2000 жылдығына арналған келесі бір «Тараз кеші» картинасы оның жеті айлық ақ тер, көк тер еңбегінің қайырлы жемісі. Таразға өркениетті елдерден келген талай қонаққа таңдай қақтырар дүние.

Сыңғырлап өңкей келісім өлең болып құйыларын білемін. Қаламмен де, қашаумен де емес, көзге көрінер-көрінбес маржанмен зерленіп, бір сиқыр күшпен жанды суретке айналуы талант құдіретінің шексіздігін аңғартпай ма? Және поэзияңыздың көкесі – осында. Зере өнердің шексіз дүние екенін, шексіз еңбек етуді қажет ететінін осылай көзалдымызға да әкеліп отыр-ау. Маржанмен тізілген осынау еңбектердің шынайы суреткерлік туынды екенін қаншама сөз маржанын тізсек те айтып жеткізе алмайтын секілдіміз...

Ғажап өнердің хас шебері Зере Мұқышеваның су моншақ қолданылғанынан өзге натюрморттарының, пейзаждарының өзі бірқыдыру. Егемен Қазақстан өнері мен мәдениетіне тың жаңалық, лайықты үлес болып қосылып, жамиғатқа танылып, жарқырай көрінер жұлдызды сәтін күтіп жатыр, әзірге.

Зере сырт көзге қораштау оқу орнының елеусіздеу ғана мұғалімі секілді ткөрінеді. Ал, оның көкірегіндегі қоңыр ағысты бір өзен кімді де болсын иірімінде қанкөбелек ойнатып, құдіретті өнер әлеміне жетелеп алып жөнелетіндей. Такаппар, бекзат әлемге. Сол әлемнің жалғыз-дара падишасы өзінің елуіне елеусіз, құр қол келмепті. Ең бастысы да осы-ау!


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау