Бақытты балалық шақ



жүктеу 112,14 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі112,14 Kb.
#17064
түріБағдарламасы

«Бақытты балалық шақ»

Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі   2010–2017 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне  Абай ауылының №5 «Айгүл» балабақшасының «Балдәурен» тобының  түлектері   «Бақытты балалық шақ» ұшағымен  келіп қонды. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып,  қолдарыңыздан келгенше әр  баламызды  қошеметтеп,әр сөздерін мұқият тыңдап,  өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.
Айлина             

Құрметті қонақтар армысыздар

Бәріңізде есен – аман бармысыздар?

Таусылмайтын ағытып ой арманың

Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын
Сұлтан (қарлығаш)            

Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді біз бастайық

Жүздерінен көркем шаттық арайлы

Болсын солай әрбір күнің , әр айың
Фатима

Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан апайларымызды ортаға шақырамыз.


Тәрбиеші:

Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер

Өсті ақыл- ойларың

Қуанышы бүгінгі

Құтты болсын тойларың


Тәрбиеші: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектерімізді қарсы алайық.Бүгінгі кешіміздің түлектерін таныстырып өтсек. 

Тәрбиеші:

тәрбиеші:

Спортты жаны сүйеді


Салаутты өмір сүреді.
Бар қоғамдық жұмыстың,
Ортасында жүреді.
Сұлтанбек топтың жүрегі.

тәрбиеші:
Қандай да болсын игі іс,
Онсыз сірә бітпейді.
Гүл жайнаған Әселді
Жауқазын гүлге теңейміз.

Тәрбиеші:

Бойында үлкен намыс бар,


Әрқашан алға ұмтылған.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Намысшыл жігіт Сұлтанбек.
тәрбиеші:

Биязы мінезімен 


Түрлі рөлді сомдайды.
Күлімдеген Динаны 
Барлық досы қолдайды.
тәрбиеші:

Спортпенен білім жағын бір қосқан,


Кем қалмаған талантпенен табысқан.
Қараңыз Дархан  ұл ортада,
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан.
тәрбиеші:

Сабырлы,  жайсаң мінезі


Адалдықты сүйеді.
Бәрі де бәрі сыйлайды
Топтас құрбы Балгерімді.

тәрбиеші:

Айтыскер болу арманы


Өзі сондай салмақты.
Нұрландырған ортаны,
Біздің Жігер жан-жақты.


тәрбиеші:

Кіп-кішкентай болса да 


Елді аузына қаратар.
Сүйкімді қыз Гүлназдың,
Көркі оның көз тартар.
тәрбиеші:
Ән салғанда шырқап бір,
Шаршамайды сірә бір.
Үміт біздің өнерлі,
Сырын терең ұға біл.

тәрбиеші:

Арқасында талпыныстың,


Көп қарайсың жалықпай.
Кітапқа деген құмарлық,
Орынбасар көмектесер өзіңе
Алдағы білім көзіне.
тәрбиеші:
Біледі ол жақсы менен жаманды,
Өнерменен тамсандырған адамды.
Фатимадай ортамызда сұлу қыз,
Сұлулығымен бағындырар ғаламды.
тәрбиеші:
Ерлан деген бала бар,
Бойында түрлі сала бар.
Көпшілікті қуантып,
Үлкен үмітпен қаратар.
тәрбиеші:
Айлина болса кішкентай,
Баяулап ұшқан күйкентай.
Өнеріне қарасаң,
Самғап ұшқан қырандай.
тәрбиеші:

Өнермен ашып жетілген,


Шешендік сөзбен көсілген.
Таныстырсам оны мен,
Нұрдияс болар есімі.

Тәрбиеші:
Мына біздің Асылзат ,
Ибалы да өнерлі.
Ақылы оның өте көп,
Сүйкімді боп жүреді.
Өз тілін жақсы көреді 
Өнерден кесте өреді.
тәрбиеші:

Парасатты ер жігіт,


Ақылменен біледі.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Ерболат күліп келеді.

тәрбиеші:

Әрі сұлу, әрі игі 


Келші Қазынам қылықты.
Он бір ұлы бар үйдің
Жалғыз қызы сияқты.

тәрбиеші:

Еңбек сүйгіш, таудай талап бойында,


Барлық істі тыңдау  оның ойында.
Қуанамыз кіші топтан келгеніне,
Өмірзақтай асыл жігіт тобымызда.
тәрбиеші:

Қане, Моминам тобымның,


Гүлі болып шыға ғой.
Сені көрген адамның 
Қуанбауы күнә ғой.

тәрбиеші:

Өлшеу жоқ өнерінің табысына,


Болашаққа ойдағыдай барысына.
жігіт бар ортамызда,
Көрсеткен үздік өнер сайысында.
тәрбиеші:

Қуанам мен тобымның нұрларына,


Балалардың туған ой мен қырларына.
Тәрбиелеп өсірген жемістерім,
Ризамын мен осындай ұл - қыздарыма
«Балдәурен» тобының бітіруші түлектеріне тағы да бір қошемет көрсетіп қояйық.

Барлығы:                                   

Жақсылыққа құмармыз,


Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,

 Қабылдаңыз мың алғыс! (Шарларын жібереді)



Қазақстан Республикасының әнұраны.

Тәрбиеші:

Бала деген шіркін - ай балдай екен
Тәттілігі жаямен жалдай екен
Арып, ашып даладан келгеніңде
Бал иісін таттырып алдайды екен,- деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.

Жігер

Баулып, баптап өсірген.


Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді.
Ұмытпаймыз сөзіңді.
Конец формфытафффффФатима

Сүйген өз қыз, өз ұлын.


Бөбегім деп аянбай
Балабақша өз үйім
Апай болды анамдай

Тәрбиеші:    

Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып би де билеп жан салады

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Ән: «Көңілді күн» орындайтын «Балдәурен» тобының түлегі Ақылбек Үміт

Тәрбиеші:           

Алдыңдағы балалар

Мектепке кетіп барады

Тақпақ айтып бір – бірден

Қимай кетіп барады- дей отырып  ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз
Балгерім                

Балабақша, балабақша

Шаңарағы шаттықтың

Балабақша қорғанышы

Балғын сәби жастықтың
Орынбасар

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызбен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін
Дина

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Едік аппақ нәресте

Көп- көп бөбек көргенде

Жұбанғаным есімде 


2015 жыл Қазақ елі үшін ерекше жыл болмақ, олай деу себебім кеше ғана бақшамызда аталып өткен мерекелер куә болмақ. Соның ішінде «Ұлы Жеңісіміздің 70 жылдығы», «Қазақ хандығына 550 жыл», «Қазақ ұлттар ассамблеясына 20жыл», «Қазақстан Республикасының конституциясыеада 20 жыл» толмақ. Біздің кішкентай қоштасқалы тұрған бүлдіршіндеріміз біздің басқа ұлттар өкілдерімен тату тәтті өмір сүріп жатқанымыз көрінісі ретініде грузин ұлтының биін қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші: Бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.

Дархан                     

Fall is fun.


I like to run.
I see the sun.
Fall is fun!

Ерлан

Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғарсың

Ер жетті деп бөбегің

Туған Отан қуансын

 

Фатима

Здесь родными стали стены,
И кроватки, и игрушки,
Воспитатели и няни,
И мои друзья-подружки.
Тәрбиеші: Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшаменен қоштасып

Біріншіге барамыз деп енді баларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек


Асел

Гүлдендірген бақшаны

Меңгеруші апай жақсы адам

Сондықтан да біз үшін

Артықсыз сіз басқадан

Меңгерушіге мың алғыс


Нұрдияс

Жайдары жүз, ай қабақ

Жүреді бізді аймалап

Тобымызға жиі кеп

Білгеніңді сұрайтын

Ақыл айтып тұратын әдіскерге көп рахмет


Үміт

Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбдігер

Қамқоршымыз дәрігер

Дәрігер апайларға  мың рахмет


Гүлназ

Үйренгеміз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Бал татыған әндерді

Мың бұралған билерді

Үйреткен Шахарбану апайға мың алғыс



Тәрбиеші: Музыка жетекшілеріне өздерінің биі арқылы өз алғыстарын білдірмекші. Қарсы алыңыздар «аспан» биі.

Бүлдіршіндеріміздің алғыстары жалғасуда ортаға Қазына қызымызды шақырамын.



Қазына

Күліп қарап ісімізге шаттанған,


Дәмді асымен жайған бізге дастархан.
Анамыздай аялаған біздерді
Гүлжамал, Айзада апайлардың мінезі бай дархан.

Асел

Қызық сабақ тренингтер өткізген,


Үйрендік талай жақсы істер біз сізден.
Психолог  Гүлмира апай жайдары
Қабылдасын бүгін алғыс біздерден.
Жігер            

Жазу жазып үйреткен

Әріптерді оқытқан

Санамақты жаттатып

Санауды бізге үйреткен

Балгерім

Жақсы болсақ қуанған

Қате болсақ кешірген

Тәрбиеші апайларға

Айтамыз біз мың алғыс

Дархан

Бізді баптап қараған

Күлімдеген жақсы адам

Ақ төсекке жатқызған

Басымыздан сипаған

Күтуші апайымызға көп рахмет.



Сұлтанбек «Балдәурен»
Знать англиский и казахский,
Русский тоже надо знать.
Чтоб прочесть простую сказку
Или что-то написать.
Айгерім апайға мың рахмет!

Тәрбиеші:

Шіркін ай әнші, жыршы, күйшілер - ай


Сұлу әуен көңілге құйсын арай
Аққу құстай құйқылжытып,
Мың бұралған қазақтың бишілері - ай
Кезекте сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық

«Әдемі құстар биі »

Тәрбиеші: Балаларымыздың мерекеге арналған тақпақтары жалғасуда

Момина

- Всем работникам детсада


Нам сказать спасибо надо.
За их трудную работу,
За любовь их и заботу!

Ерболат

Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшаменен қоштасып

Біріншіге барамыз

Өмірзақ

Бұл екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз

Біз осы үйдің әніміз

Біз осы үйдің гүліміз

Айлина

Балабақша базарлы үй

Көшедегі ажарлы үй

Шаттығы бар шуақта

Өз үйіміз сияқты

Асылзат

Білім қуат

Білім бақыт

Білімі өнер

Бәрі бізден табылар

Тәрбиеші: Біздің балалар ойын ойынағанды жақсы көреді, қазір біз «Тез тұратын сандар» ойынын ойнаймыз.

Шарты: Балаларға бірден 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек



Тәрбиеші: Рахмет  көп- көп

Балаларымыз көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билейік тамаша

Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік



Би: «Көңілді бүлдіршін » биін қарсы алыңыздар.

Тәрбиеші: Балаларымыздың мерекеге арналған тақпақтары жалғасуда

Сұлтанбек «қарлығаш»

Сыңғыр, сыңғыр қоңырау,

Тәтті әуені ән думан

Мектепке кетіп барамыз

Білім алған бақшадан

Сұлтанбек «балдәурен»

Тауды бұзып тас жарып

Мұхиттарды жалғаңдар

Күллі әлемді шарлаңдар

Ғарышқа да самғаңдар\
Тәрбиеші : Олай болса мен ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.     Мектепке біз барамыз ба?

2.     Кілең бестік аламыз ба?

3.     Айтқан тілді аламыз ба?

4.     Ақылды бала боламыз ба?

5.     Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6.     Ертеңгісін тұрамыз ба?

7.     Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?

8.     Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9.     Екі алғанда жылаймыз ба?

10.    Оқушы біз боламыз ба?
Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.     Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?

2.     Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?

3.     Тамағын уақытылы бересіз бе?

4.     Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?

5.     Сериал көріп жатасыз ба?

6.     Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

7.     Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

8.     Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9.     Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

10.     Бала үшін асулардан асасыз ба?

Ата – аналармен ойын жалғасуда ойын атауы « Көңілді караоеке». Ойын шарты алдарыңызда реттік санмен ұяшық берілген, әрбір ұяшықта әріптер жасырылған сол әріптен басталатын әріптен сіз бізге өлең айтып берулеріңіз керек. Айта кетерлік жайт жақсы өнер көрсеткен ата – анамызға сыйлық приз бар.



Тәрбиеші:
Аққудай өрнек салған көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле,
Бұралып тал шыбықтай тұла бойы,
Шаттық пен күлкі үйірілді келбетінде - дей келе
«Балдәурен» тобының қоштасу Вальс биімен қарсы алыңыздар.

Ата - ана тілегі
Сөз кезегі: Меңгерушіге беріледі: Марапаттау рәсімі
Тәрбиеші:

Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын.- деп «Бақытты балалық шақ» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Тәрбиеші:

Асыл сөзбен ата - анаға ой салайық,


Екі ортаға алтыннан жол салайық
Құрметтеп келген ата - аналарды

Сахнаға шақырайық!
жүктеу 112,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау