Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет9/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   472

 

20 


 

сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті 

қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым[2].  

Сондықтан тіл - мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі 

мен  тағылымының,  бүкіл  халықтық  болмысының  баға  жетпес  асылы,  сарқылмас 

құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген. 

Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы 

сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай.  

Тарихи деректерге жүгінсек, осыдан 12 ғасырдың алдында жасаған энциклопедик 

ғалым, әлемде Аристотелден кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-

Фараби бабамыз өз өмірінде 70  - ке жуық ұлттың тілін жеттік білгендіктен, артына 

мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалтырып кеткендігі анық. 

Көптілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қортып, туған халқына өнеге болып, 

өзге  жүртпен  бәсекеде  ырықты  орынды  иелеп,  сан  мәдениетті  санасына  салып 

сараптай  алса,  онда  ол  өз  өмірін  қалайда  мағыналы  өткізетін  айтулы  тұлға  болып 

жетілері қақ. 

Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып 

саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. 

Бұл  ұғымға  жалпылама  тоқталсақ  көптілділік,  белгілі  бір  әлеуметтік  ортада, 

мемлекетте  бірден  үш,  одан  да  көп  тілде  сөйлей  білушілік.  Көптілділіктің  үштілді 

меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, 

әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени  өмірі,  тұрмыс-тіршілігі  секілді  көптеген 

факторларға  байланысты.  Көптілді  оқыту  білім  берудің  қоршаған  әлемде  болып 

жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі 

жоғары  дамыған,  бәсекеге  қабілетті  жастардың  қалыптасуына  септігін  тигізетін 

тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді. 

 Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді 

оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа 

Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени 

жобасын кезеңмен іске асыруды қолға алуды ұсынды. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы 

үш  тілді  пайдаланатын  мәдениетті  ел  ретінде  танылуға  тиіс.  Бұлар:  қазақ  тілі  - 

мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  -  ұлтаралық  қатынас  тілі  және  ағылшын  тілі  -  жаһандық 

экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» атап көрсетілді. 

Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған 

көкейтесті мәселелердің бірі. Бұл ұғымға жалпылама тоқталсақ… көптілділік, белгілі 

бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік.  

Көптілділіктің үштілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың 

өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі 

секілді  көптеген  факторларға  байланысты.  Кез-келген  қоғамда  азаматтық  пен 

ұлтжандылыққа тәрбиелеудің негізгі факторлары өз елінің тіліне деген құрмет болып 

табылады.  Бала  тілді  неғұрлым  ерте  жастан  үйренсе,  соғұрлым  ол  оны  жеңіл 

меңгереді. 

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғаннан бері оның аясы кеңіп, қазақ тілін 

дамыту,  оның  саяси,  мәдени,  жалпы  білім  беру  сияқты  қоғамдық  өмірдің  барлық 



 

21 


 

саласына енгізу мен қолдану ісі жолға қойылды, мемлекеттік мекемелерде тілді (қазақ 

тілін)  оқыту  ісі  жанданды.      Жоғарғы  оқу  орындарында  келешек  маман  ретінде 

студенттерді  ортада  сөз  сөйлей  алатындай  дәрежеге  жеткізуге,  қызмет  мәселелерін 

шешу арқылы еркін тілдік қатынасқа түсуге үйрету оқытудың өзекті жағына айналса, 

мектептерде  оқушылар  күнделікті  өмірде,  тұрмыста  тіл  игерімдерін  мемлекеттік 

стандартқа сәйкес меңгеруі баса назарда болды және болады да.  

Жаппай көптілділіктің негізгі іргетасы мектепте қаланатыны сөзсіз. 

Жалпы ортада көптілділіктің дамуы мемлекеттің дамуымен тікелей байланысты. 

«Осы  тұрғыда  ең  маңызды  істің  бірі  –  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартын 

оқушыларға меңгерте отыра, оларды көптілді тұлға ретінде қалыптастыру»[3]. 

Бүгінгі  күні  «көпмәдениетті  тұлға  үш  тілді  күнделікті  қарым-қатынас  пен 

болашақ мамандығына бейімделген шеңберде меңгерген және кәсіби саладағы әлемдік 

жетістіктерге ұмтылып, өз еліндегі өнімнің сапасын әлемдік деңгейге көтеруге және 

одан әрі асыруға үлесін қоса алатын тұлға» екені анықталған. 

Демек, көптілдік - көпмәдениетті тұлға тәрбиелеудің негізгі шарты деген сөз.  

Көптілдік адамның өзіне ғана емес, қазақстандық қоғамға пайда әкелуіне назар 

аударғанымыз қажет. Бұл орайда патриоттық тәрбиені күшейту мәселесі өзекті болып 

табылады.  

Өзге  тілді  үйреніп,  басқа  мәдениетті  білумен  қатар,  жас  ұрпақтың  өз  елінің 

құндылықтарын биік ұстауына бүгінгі мектептің жауаптылығы барынша күшті. 

Тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде көптілдік білім берудің мақсаттары мен міндеттері ҚР 

Үкіметінің 2012 жылдың 25 маусымындағы № 832 қаулысымен бекітілген «Мектеп 

оқушыларының фукционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға 

арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» міндеттерімен астасады.  

Бұлар- Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асырудағы 

маңызды тетіктерінің бірі әрі ол – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары болып 

табылады.  

Жеке  тұлғаның  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге 

белсене араласуы және өмір бойы білім алуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман 

ағымына  қарай  ілесіп  отыруы,  адамның  мамандығына,  жасына  қарамастан  үнемі 

білімін жетілдіріп отыруы деген ұғыммен ұштасады. 

Көптілділік,  яғни  тілдердің  үштұғырлығы  туралы  бастамашылдық  Қазақстан 

халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында ресми түрде мәлімделген екен.  

Бұның  негізі  -  мемлекетіміздің  әлемдік  қоғамдастыққа  енуі  мен  адамзаттың 

өмірлік қажеттіліктері. Дамыған әлемдік тілдер ішінде ағылшын тілі ел мен халықтың 

коммуникациялық және интеграциялық қабілеттерін кеңейтетін тіл ретінде таңдалды. 

Президент  2007  жылы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  Жолдауында  «Тілдердің 

үштұғырлылығы» мәдени жобасын кезеңді жүзеге асыруды бастауды ұсынды. 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына 

дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның 

ішінде  тілді үйрету  мүмкіндіктерін  кеңейтуге  ерекше  назар  аударылады.  Білім  беру 

саласына  үш  тілге  үйретуді  енгізу  қазіргі  кезеңде  мектепке  дейінгі  ұйымдардың 

міндеттерінің бірі болып табылады. 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау