Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет36/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   472

 

76 


 

Педагог  мүмкіндіктері  шектелген  балаларды  экскурсия,  сюжетті-рольді  ойындар, 

ертегі  қойылымдар,  театрландырылған  қойылымдар  барысында  сыртқы  ортаның 

қасиеттерімен,  құбылыстарымен  таныстырады.  Бұл  балалардың  мүмкіндіктерін 

пайдалана отырып, өздеріне қызмет ету, тұрмыста және арнаулы өндірісте қиын емес 

еңбек  операцияларын  орындауға,  мүмкіндігінше  қоршаған  ортаға  икемделуге 

бағытталған  жұмыстар.  Осындай  жұмыстар  барысында  дамуында  проблемасы  бар 

балалар  белсенділік  көрсетіп,  өз  беттерінше  жұмыс  істей  алуға,  түрлі  жағдаяттар 

барысына  сай  әрекет  етуге,  өзін  өзгелердің  бағалауына  парапар  ұстауға  үйренеді. 

Түзету жұмыстары барысында жасаған жұмыстарына сын көзбен қарауға үйреніп қана 

қоймай,  салыстырмалы  түрде  бағалауға,  өзгелердің  сындарын  қабылдай  және 

текшелей алуға, керек кезінде жолдастарын қолдауға, көмек қолын созуға үйренеді. 

Ерекше балалардың қоғамдық өмірге араласулары үшін әлеуметтік- тұрмыстық 

білім  мен  икемдерін  қалыптастыру  екенін  назарда  ұстай  отырып,  педагог  арнайы 

сабақтарда балалардың қоғамдық орындарда өздерін ұстай алу, қажетті хабарламалар 

мен  жарнамалық  ақпараттарды  түсіне  бастауға  үйрету  керектігін  де  басты  назарда 

ұстайды.  Мысалы,  жаяу  жүргіншіге  арналған  белгілер,  ойнауға  тиым  салынатын 

белгілер,  жақын  жердегі  асхана,  емхана  бар  екені  туралы  айтатын  белгілерді  көріп, 

керегіне жарата алу, кез-келген жағдаяттан шығатын жол болатынын түсіндіру әрине 

білім беру барысында алатын біліммен байланысты.  

Психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  қоршаған  орта  туралы  түсініктері 

фрагментарлық,  зейіндері  тұрақсыз,  тұтас  қабылдау  мүмкіндігі  бұзылған,  қимыл-

қызғалыс  координацияларының  т.б.  жалпы  психикалық  процестердің  дамуында 

бұзылыстар  байқалады.  Сондықтан,  психикалық  дамуы  тежелген  балалардың 

танымдық  қызмет  саласының  дамуындағы  ауытқулар  оқу  процесінде  нақтылы 

қиындықтарды құрады. Ал, бұл қиындықтарды жою мен оның алдын алу үшін мұндай 

балаларға  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметі  жұмыс  атқаруы 

қажет.  Онда  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметінің  барлық 

бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, логопед, психолог, әлеуметтік 

педагог, тәрбиеші және медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Яғни, психикалық 

дамуы  тежелген  баланы  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметінің 

тиісті  мамандарымен  жүзеге  асырылады.  Психологиялық-педагогикалық  қолдау 

көрсету  қызметінің  әр  маманы  өз  бағыттары  бойынша  жұмыс  істейді.  Бұл  біріккен 

психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі 

шектеулі  балаға  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету.  Осы  аталған 

мамандардың  психикалық  дамуы  тежелген  балаға  психологиялық-педагогикалық 

қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады: 

      


    Диагностикалық бағыт. 

      



    Түзете-дамыту бағыт. 



      

    Кеңес беру мен ағартушылық бағыт. 



      

    Әлеуметтік-бейімдеу бағыт. 



          

    Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт. 



Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметіндегі логопед, психолог, 

тәрбиеші баланы психологиялық-педагогикалық қолдауда тек білім мазмұнына ғана 

өзгерістер  енгізіп  қоймай,  баланың  танымдық  қабілеттерін  дамыту  мен  жалпы 



 

77 


 

баланың  өмірін  ұйымдастыруды  көздейді.  Психодиагностикалық  тестілеу  баланың 

танымдық мүмкiндiктерін қалыптастыруда басты маңызды шарт – логопед, психолог, 

тәрбиешінің  психологиялық  құзырлығы  болып  табылады.  Мұның  бәрі  баланың 

танымдық  қабілетінің  дамуына  мүмкіндік  жасау  мен  баланың  өзіне  деген  сенімінің 

артуына, жетістіктерге бір қадам жақындауға жағдай жасайды. Жүсіпбек Аймауытов 

«Ұстаз  істеген  ісі  өнімді,  берекелі  болуын  тілесе,  әуелі  өз  қызметін  шын  көңілмен 

жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, өз мамандығын шексіз сүйе білген маман иесі 

ғана үздіксіз ізденіс пен асқан шыдамдылық, қажырлы еңбектің арқасында баланың 

біліміне,  оның  болашағына  үлкен  сәулесін  түсіріп,  бала  өмірін  дұрыс  бағытқа 

бағыттары сөзсіз. 

Қорыта айтқанда, бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар 

арасындағы  сабақтастықтың  ойдағыдай  жүзеге  асуы  тұлғаның  әлеуметтік 

бейімделуінің  алғы  шарттарының  бірі  болмақ.  Біз,  балалар  үшін  бала  өз  әрекетінің 

қатысы мен керектігін сезінетіндей жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір 

азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір 

мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  сапалы  білім  алып,  азамат  болып  қалыптасуына 

жағдай жасау біздің міндетіміз. Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың 

тең  құқығын  анықтайды  және  ұжым  іс-әрекетіне  қатысуға,  адамдармен  қарым-

қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағытты білім беру 

жүйесіне  енгізу  арқылы  балаларды  адамгершілікке,  ізгілікке,  қайырымдылыққа 

тәрбиелей  аламыз.  Сонымен  қоса,  инклюзивті  оқыту  үрдісі  балаларды 

толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген 

мемлекет  тарапынан  көрсетілетін  көмек  етек  жинап,  ел  болғалы  толастамақ  емес. 

Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек 

те,  даму  мүмкіндігі  шектеулі  жандар  үшін  ел  тарапынан  бөлінетін  көмек  пен 

қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса 

керек.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардан  болашақта  қолдарынан  іс  келетін  саналы 

азаматтар  мен  азаматшалар  шықпасына  кім  кепіл?  Мүмкіндігі  шектеулі  жандардың 

қозғалыс  мүмкіндігі  шектелгенімен,  жан-  дүние  кеңістігі  аясының  тарылып, 

күйзеліске  ұшырауына  жол  бермеу  −  белгілі  бір  ұйымдардың  міндеті  ғана  емес, 

қоршаған  ортаның,  қалың  бұқараның  басты  парызы.  Соңғы  уақытта  елімізде 

атқарылып  жатқан  істер  инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  қалануына  негіз  болары 

анық. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде 

өркениетті  қоғам  құру  үшін,  тәрбиелі,  дені  сау  азаматтар  мен  азаматшалар 

тәрбиелеуіміз керек. 



 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.  Бала мен балабақша Наурыз №3 (95) 2016ж. 

2.  Педагогика және оқушы психологиясы Қаңтар №1 (19) 2014ж. 

3.  Қазақстандағы мектепке дейінгі білім Қыркүйек/ Қазан №5 (47) 2013ж. 

4.  Бала тәрбиесі Желтоқсан №12 2013ж. 

5.  Отбасы және балабақша Наурыз/Сәуір №2 2013ж. 

6.  Ғаламтор жүйесі 

 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау