Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет317/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   472

 

671 


 

Топ  ішінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстардың  жоспарын  құру  бойынша 

әдістемелік көмек көрсету және осы жұмыстарды қадағалау; 

Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстардың  барлығын  салауатты  рәсімдеуді 

қамтамасыз ету; 

Отбасы  мүшелірімен  қарым-қатынас  жасау  мәдениеті  бойынша  психолог 

тарапынан кеңестер беру және осы жұмыстың орындалуын қадағалау; 

Педагогтардың  ата-аналар  мен  мекеме  арасында  жасалатын  келісім-шарттың 

мазмұнын нақты білулерін қамтамасыз ету; 

Ата-аналармен болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары

Бала құқығын қорғау конвенциясының мазмұнын меңгерулерін қамтамасыз ету; 

Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың мониторингін жүргізу. 

Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстардың  жаңа  бағыттарын  игерудің  мақсаты  – 

отбасымен  қарым-қатынасты  жақсартуға  мүмкіндік  беретін  тиімді  әдіс-тәсілдерді 

ендіру, тәжірибеде қолдану. 

Білім кеңістігінде пайда болған отбасымен қарым-қатынастың жаңа формаларын 

игеру, озық тәжірибелерді ендіру; 

Ата-аналардың  белсенділіктерін  арттыруға  мүмкіндік  беретін  дәстүрден  тыс 

қарым-қатынас түрлерін тәжірибеде қолдану (сайыстар, дөңгелек үстелдер, диспуттар, 

пікірталастар т.с.с.); 

Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстар  бойынша  өзінің  жаңа  авторлық  жобасын 

ұсынған педагогтарға қолдау көрсету. 

Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы бүгінгі күні біздің мекемемізде кеңінен 

қолдануда.  Әрине,  бүгінгі  таңда  бұл  жұмыстар  өз  нәтижелерін  беруде.  Дегенмен, 

отбасымен  жүргізілетін  жұмыстар  үздіксіз  өзгерістерді  қажет  етеді.  Себебі,  бүгінгі 

күннің ата-аналары жаңа заманның, озық технологиялардың адамдары. Осыдан бірнеше 

жыл  бұрыңғы  ата-аналар  үшін  балаларының  уақытылы  тамақтанылуы,  қаралуы  ғана 

маңызды  болса,  бүгінгі  ата-аналар  үшін  аталған  шарттармен  қатар  баланың  сапалы 

білім мен саналы тәрбиемен қамтамасыз етілуі де аса маңызды. Сондықтан ата-аналар 

қауымын  мекеме  жұмысымен  таныстырудың  бірден  бір  жолы  оларды  мекеме 

жұмысына, яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып табылады. Ал ол үшін 

ата-аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білу керек. 

Тәуелсіз  еліміздің  келешек  ұрпақты  тәрбиелеу  мәселесі  бүгінгі  күннің  өзекті 

тақырыбы.  Бұл  мәселенің  шешімін  табуда  үздіксіз  білім  беру  жүйесі  айтарлықтай 

дәрежеде  қайта  қаралып,  оны  жетілдіру  жолдары  іздестірілуде.  Бұл  алға  қойылып 

отырған  негізгі  талаптар  –  Қазақстан  білім  беру  жүйесінің  бүкіләлемдік  білім  беру 

кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған 

талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы 

сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, 

ұлтымызға  тән  қасиеттерін  бойына  сіңірген  бала  тәрбиелеуден  бастағанның  маңызы 

зор.  Балабақша  —  бүлдіршіндерді  болашақта  ата  дәстүрін  сақтайтын  инабатты  да, 

ибалы  үлкен-кішіні  сыйлай  білуге  үйрететін  тәрбие  орталығы.  Өмірге  келген  жас 

ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы. 

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы. Ал, 

ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орыны 




 

672 


 

ерекше,  сондықтан  ата-ана  өз  отбасында  қолайсыз  жағдайларды  баланың  көзінше 

тудырмауға  тырысуы  қажет.  Отбасындағы  ұрыс-керіс  баланың  жүйкесін  тоздырады. 

Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне 

қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына 

тікелей жағдай тууына себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, 

қыры мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға 

тиіс.  Себебі,  ата-ананың  күнделікті  өмір  тіршілігіндегі  еңбегі,  адамның  бейнелері, 

жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Баланың алдында барынша 

сабырлы  әрі  ұстамды  болуға  тырысу  керек,  ата-ана  өзі  үлгі  бола  отырып,  баласын 

сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да 

кез-келген  бала  алдымен  үлгіні  ата-анасынан  алады.  Бала  әкеден  ақыл,  анадан  мейір 

алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке 

басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие 

де табысқа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді.Сонымен қатар мектепке дейінгі 

ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі 

басты  мақсат  қоғамдық  өмірге  «түзу  кірпіш  қалау»  екенін  ескере  отырып,  ал  осы 

мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған 

сәби  кезінен  төмендегі  мынадай  көзқарастарды  негізгі  ұстаныным  ретінде  қабылдау. 

Көзқарастар  мыналар:Баланы  сәби  ол  әлі  ештеңе  білмейді,  ұқпайды  деп  жай  көзбен 

қарамау  керек,  өйткені  ол  да  өсіп  келе  жатқан  тұлға.Баланы  әр  уақытта  шындыққа 

үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен 

қарауға жағдай туғызу.Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау.Баланың 

әр  бір  ісін  қадағалап,  оған  деген  көзқарастан  нәтиже  шығаруға  көмектесу.Қандай 

жағдай болса да, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы 

ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру 

әке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру 

қазіргі кездегі ең негізгі мәселе. Бала тәрбиесінде отбасы басты орын алады. Баланың 

ана  тілін  толық  меңгеруі.  ұлттық-сана  сезімін  тәрбиелеу,  денсаулығын  түзету,  бала 

тәрбиелеудің  әдіс-тәсілдерін  білу  жөніндегі  дағдыларын  қалыптастыру  мектепке 

дейінгі  мекемелерге  берілген.  Тәрбиенің  сан  алуан  келелі  мәселесін  шешетін, 

қарапайым  дағдыларды  бала  санасына  орнықтыратын  алғашқы  білім  баспалдағы  – 

балабақша.  Балабақшада  халық  педагогикасын  бала  бойына  сіңіре  отырып 

имандылыққа,  адамгершілікке  тәрбиелейміз.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 

жалпыға  міндетті  мемлекеттік  стандартының  бес  саласының  әр  бөлімдеріндерінің 

ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінде  салт-дәстүрдің  барлық  түрлерін  баланың 

бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі 

ұйым  тәрбиешілер  өз  тәжірибелерінде  халық  ауыз  әдебиетінің  ішінен  жиі  мақал-

мәтелдер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар,  санамақтар,  ертегілерді  оқу  іс-әрекеттерінде 

пайдаланады. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен 

мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз. 

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан оның 

мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай 

өсер  бала  бола  ма?»  —  деп  айтқандай  баланың  өмірінде  ерекше  орын  алады.  Ойын 

мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау