Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет182/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   472

 

383 


 

дамуы  тек  сыртқы  жағдайлардың  нәтижесінен  ғана  болмайды,  оның  орнын 

ауыстыратын сөз арқылы да бола алады. Ол бірінші және екінші ишарат жүйелерінін 

арасында құрылған құбылысты алғашында қабылдаған сөз арқылы пайда болды. 

Сөйлеудің  әсерінен  бала  іс-әрекетінің  сипаттамасы  да  өзгеріске  ұшырайды. 

Бастапқыда,  бала  ойнап  отырып,  тікелей  ересектерден  үйренген  іс-әрекеттеріне 

жаңғырта  немесе  қайтала  бастайды.  Содан  кейін  ғана,  қоршаған  ортадан  алынатын 

әртүрлі  сыртқы  түршіктіретін  және  бірнеше  рет  қайталанып  отыратын  әсерден 

қалыптасып  келе  жатқан  жүйке  үдерісінің  күрделенуімен  баланың  іс-әрекеті  де 

күрделене  бастайды.  Осылайша,  бұрын  көрген  нәрсе  енді  ойынның  мазмұнына 

айналады. 

Кішкентай  адамның  негізгі  қалыптасуы  айналасымен  тіл  арқылы  әртүрлі  қарым 

қатынастың  нәтижесінде  жүзеге  асады:  тілалғыштық  қалыптасады,  ересектердің 

талаптарына мойынсына білу, басқа балалардың пікірімен санаса білуге тәрбиелену. 

Балаланың ұғынуы мен өзіндік сөйлеуі дамыған сайын, оған айналасы анағұрлы 

түсінікті ұғымды, өзара байланысты болып көрініп, осылайша, жалпы адамның ойлай 

білуі, ойлануы дами бастайды. 

Бала мектепке жақсы тілдік дайындықпен баруы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстарды 

жетілдіре  түсу  үшін  тәрбиешілер  тиісті  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып,  балалардың 

тілдік даму деңгейлерін жүйелі түрде бақылап, тексеру жүргізіп отыруы қажет. 

Тіл  дамыту  жұмыстарын  тиімді  ұйымдастыру  үшін  тәрбиеші  топтағы  барлық 

балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет. Кейбір балаларға ішінара бақылау, 

тексеру жүргізу арқылы бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп 

жатқандығын,  сабақ  барасында  қолданылып  жүрген  әдіс-  тәсілдердің,  дидактикалық 

ойын – жаттығулардың тиімді-тиімсіздігін анықтай алады. 

Қарам - қатынас мәдениетін тексеруде: 

- сыпайы сөйлесе білу «сіз, рахмет, кешіріңіз» сөздерін қолдану дәрежесі; 

- сөйлеуге, әңгімелесуге өз бетімен ықылас танытуы; 

- қасындағы баламен ойын барасында, еңбек ірекеті кезінде тіл табыса алуы; 

- бала тілінде нормаға жатпайтын лексикалық сөздердің кездесуі. 

 Сөздің  дыбыстық  құрамын  тексеруде:  мектепке  дейінгі  балалардың  дыбыс 

қолдануында  жиі  ұшырасатын  кемшіліктер  сөз  ішінде  дыбысты  дұрыс  айтпау,  сөз 

ішінде  дыбыс  қалдыру,  не  дыбыс  алмастыру.  Бұны  анықтау  үшін  баланың  өлең, 

тапқағын,  таныс  ертегіні  қайталап  айтып  беруін  өтіне  отырып,  көпшілік  балалардың 

айтуға қиналатын р, л, с, ш, ж, з, б, п, ф дыбыстардың айтылуына мән берген дұрыс. 

Сонымен  бірге  баланың  сөйлеу  қарқыны,  екпіні,  мәнері  де  тәрбиеші  назарынан  тыс 

қалмауға тиіс. 

Дыбыстың шығу деңгейін және қарқынын баланың ажырата алу қабілетін «Кімнің 

дауысы?», «Менің кім екенімді тап» т.с.с ойындар ойнату арқылы тексеруге болады. 

Сөздікті дамыту 

Балалар  тұрмыстық  сөздікті,  табиғат  пен  тұрмыстық  заттардың  атауларын, 

олардың қасиеттері мен сапаларын, құрылымын, материалы мен оның ерекшеліктерін 

білдіретін сөздерді дұрыс және нақты қолдануды белсенді меңгерулері тиіс. Нысанның 

пішіні,  өлшемі  мен  басқа  да  белгілерін  білдіретін  сөздерді  меңгеруді  жалғастыруы 

керек. 



 

384 


 

Ересектер  тобында  (5-6  жас)  балалар  материалдардың  неден  жасалынғаны, 

олардың  қасиеттері  туралы  көбірек  білулері  тиіс.  Кейбір  заттар  мен  бұйымдардың 

дайындалу үдерісін білу (пісіру, жасау, тігу, үтіктеу және т.б.). Алты жаста балалардың 

сөздігі  заттардың  материалы,  қасиеті  мен  күйін  жалпылайтын  сөздермен 

толықтырылады. 

Балалар  өзіне  таныс  заттардың  қасиеті  мен  сапасын  анықтауға  қажетті  зерттеу 

әрекеттерін дербес қолданып, оларды атаулары тиіс (сипау, үрлеу, умаждау, қолында 

өлшеу, иіскеу және т.б.). 

Ересек  топтағы  сөздік  жұмыстардың  жетекші  мазмұны  жалпылаудың  тегі  мен 

түрлерін, жалпылауды білдіретін сөздерді түсініп қолдану болып табылады. 

Бұл  жаста  балалар  заттарды  салыстыруды,  басты  белгілерін  табу,  осылардың 

негізінде  заттарды  топтарға  бөлу  іскерліктерін  меңгереді.  Заттарды  өздеріне  тән 

белгілері бойынша біріктіру қабілеттерін меңгереді. Ыдыс-аяқ, жиһаз, киім, аяқ киім, 

көкөністер, жемістер, көлік және т.б. түсініктерді біледі. 

Сөздердің  ұғымдық  мазмұнын  меңгеру  балаларға  сөздердің  ауыспалы.  басқаша 

айтылған  мағынадағы  сөздерді  түсініп,  қолданудағы  жаңа  деңгейге  өтуге  мүмкіндік 

береді. 


5-6 жастағы балалардың сөздігін толықтыру әлеуметтік өмірдің құбылыстары мен 

оқиғаларына,  адамның  ішкі  дүниесі  мен  сыртқы  қылықтарына  қызығушылығының 

артуымен  байланысты.  Түрлі  мамандықтағы  адамдардың  еңбегімен  таныстыру 

барысында  олардың  сөздігі  заттар  мен  еңбек  құралдарының,  жұмысқа  қажетті 

техниканың,  еңбек  іс-әрекеттері  және  олардың  орындалу  сапасының  атауларымен 

толықтырылады. 

 Бала тілін дамытудағы маңызды мәселелердің бірі – өзі айтқан сөзінің мағынасын 

түсініп, қажетті жерінде қолдана білуі. Сөздің мағыналық жағынан дұрыс қолданылмай 

тұрғандығы байқай білу үшін өтірік өлендер пайдалану. 

Итімді мысық құып 

Шығып кетті еменге. 

Бала  өленді  тыңдап  болып,  ондағы  қандай  сөздердің  орынды  қолданылмай 

тұрғанын анықтап, түзетеді. 

Сөйлеудің грамматикалық дұрыстығы 

Мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  балалар  тілдің  барлық  негізгі  грамматикалық 

түрлерін қолданулары тиіс. Балалар құрбыларының тіліндегі грамматикалық қателерді 

анықтауға  және  оларды  жөндеуге,  грамматикалық  формаларды  дербес  қолдануға 

үйренеді. 

Сөйлеу мәдениеті 

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар дыбыстарды дұрыс айтуға және сөздерге 

дыбыстық талдау жасау іскерліктеріне үйретіледі. Олар ана тілінің барлық дыбыстарын 

анық, дұрыс айта білулері тиіс. Күнделікті сөйлесу барысында дыбыстарды дұрыс айта 

білуге жаттығады. 

Өлеңдерді оқып, әдеби шығармаларды мазмұндау барысында балалар түрлі дауыс 

ырғағының  құралдарымен  қолдана  білуі  тиіс:  сарын,  сөйлеу  ырғағы,  қисынды  екпін. 

Бұл құралмен балалар өзіне туған емес (орыс және ағылшын) тіліндеріндегі өлеңдерді 

оқу және әдеби шығармаларды мазмұндау барысында да қолданулары тиіс. 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау