Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет75/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   472

 

156 


 

БАЛАБАҚША БАЛАЛАРЫН МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ШЫҒАРШАШЫЛЫҚҚА 

БАУЛУ 

 

Амирова Зайра Тлуберлиевна 



КМҚК «Қарлығаш» б/б.Қарағанды қаласы 

 

Адамзаттың  барлық  жақсы  қасиеттерін  жас  ұрпақтар  бойына  сіңіріп,  олардың 



қоғамдық көзқарастарының дұрыс қалыптасуына эстетикалық тәрбиенің маңызы зор. 

Эстетикалық  тәрбиенің  жас  ұрпақтың  өскен  ортасын  дұрыс  таңдауы,  адамдарға 

сүйіспеншілікпен  қарауы,  жалпы  адамгершілік  қасиеттерін  бойларына  сіңіруіне 

музыка  пәнінің  де  өз  қосатын  үлесі    зор.  Эстетикалық  тәрбие  құралдарының  басты 

салаларының бірі - музыка.  

Музыка-сезім тілі. Музыка жеке тұлғаның ақыл-ой мен дене бітімін жетілдіреді, 

әрі  жан-жақты  өмір  тәжірибесін  кеңейтуге,  біліктілігі  мен  қабілетін  дамытуға, 

шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді.  Музыка сабағының негізгі 

мақсаты  шәкіртке  ұлттық  өнердің  құдіреттілігін  таныту  арқылы  олардың  санасына, 

сезімі  мен  ұшқыр  қиялына  игі  әсер  ету.  Сонымен  қатар  музыка  сабағында  қазақ 

халқының көне заманнан мұра болып келе жатқан ұлттық аспаптарымен таныстыру. 

Қанша аспап жасаса да, олар бірінің үнін бірі қайталамаған. Осыдан келіп аспаптардың 

алуан  түрі  шыққан.  Қазақ  халық  музыка  аспаптарын  жетілдіру  60  –  70  жылдарда 

ерекше қарқын ала бастады. Бұл аспаптардың шығу тарихы, қазіргі орны, пайдалануы 

туралы  айтып,  музыкалық  шығармалар  ойнап,  көрсету  музыка  сабағында  балаларға 

эстетикалық тәрбие мәселесінде  өз үлесін қосады. [2]           

Музыка  сабақтарында  балаларға  эстетикалық  тәрбие  бере  отырып,  қазақтың 

ұлттық  музыка  аспаптарымен  таныстыра  отырып,  музыка  сабақтарында  ұлттық 

аспаптар  жасайтын  шеберлер,  шеберлердің  еңбектері  туралы  айта  кеткен  жөн.  Осы 

жерде ұлттық аспаптарды көрсете отырып, қазақ халқының әсемдікке құмар екенін, 

ұлттық  қолөнер  шеберлігі  өте  ерте  дамыған,  халқымыздың  шеберлерінің  еңбегін 

бағалай білгенін айта келіп, жалпы балалардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін 

арттыруға  талпыныс  жасап,  шығармашылыққа  баулу  керек.  Осы  қазақтың  ұлттық 

аспаптары  арқылы  тұрмыс-тіршілікте  пайдаланатын  бар  құрал-жабдықтарын  ою-

өрнекпен әшекейлеп сұлулыққа, әсемдікке жаны құштар халық екенін білдірген. 

Осы музыкалық аспаптар арқылы балалар ұлттық аспап сазының әдемілігін сезіне 

отырып, сол аспапты үйренуге, ән салу шеберлігіне құштарлықтары артады.[3] 

Қоғамдағы  білім  беру  саласында  болып  жатқан  қарқынды  өзгерістер 

шығармашылық қабілеті жоғары, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын 

жан-жақты дамыған жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды.  

Осы  орайда  музыкалық  аспаптарда  ойнау,  жалпы  өнер  арқылы  тәрбиелеу 

міндеттері  тек  оны  игерумен  шектелмейді,  сонымен  қатар  өнер  табиғатына  сай 

шығармашылық белсенділікті қалыптастыру болып табылады.  

Кез-келген  халықтың  өзіне  тән  ұлттық  мәдениеті,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 

тарихи-этнографиялық ерекшеліктері болады, солардың басты бір арнасы - музыка.  

Музыка әлемі - адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып 

дүние. Ұлы ойшыл әл-Фараби жазғандай: «Музыка - жақсы мінез-құлықты, адамның 



 

157 


 

қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Эстетикалық сезімдерді 

туғызу  арқылы  адамның  өзін-өзі  тәрбиелеуіне,  бойындағы  нашар  қасиеттерден 

арылуына ықпал етеді» [1].  

Расында,  музыка  -  адамзаттың  рухани  азығы,  жан  серігі  және  тілімен  айтып 

жеткізе  алмайтын  ұшқыр  қиялы,  нәзік  сезімі.  Музыка  мұғалімінің  шығармашылық 

қатысының  тиімділігі  мен  нәтижесінің  негізгі  мүмкіндігі  -  жүйелілік,  орындау 

реттілігі, балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.  

Жалпы,  музыкалық  аспаптарда  ойнау  білім  алушыларды  ұйымшылдыққа, 

бірлікке,  сезімталдыққа,  адамгершілікке  баулиды,  оның  тәрбиелік  мәні  өте  зор. 

Балалар  әдетте  өздері  қолдарына  ұстап,  ойнап  отырған  аспап  туралы,  тыңдау  үшін 

орындалған  музыкалық  шығарма  туралы  әңгіме  басталса  болғаны  елең  етіп,  үлкен 

ынтамен тыңдауға кіріседі. Ендеше музыка әлемінің сырын ашып, саз маржанын шашу 

үшін үлкен ізденгіштік қабілет керек. 

Уақыт  алға  басқан  сайын,  оқыту  мәселесіне  жаңа  талаптар  қойылу  барысында 

оқу-тәрбие үдерісінде үздіксіз шығармашылық жұмыс жаңалана бермек. Ал мұның өзі 

музыка маманына жоғарғы музыкалық талғамды, шығармашылық ізденісті, тынымсыз 

музыкалық жаттығуды, еңбектенуді қажет етпек.  

Музыка  –  эстетикалық  тәрбие  беру  құралдарының  бірі.  Өнердің  басқа  түрлері 

сияқты  ол  да  өмірдегі  әсемдікті,  табиғат  сұлулығын  бағалауға  және  адамдар 

арасындағы қарым-қатынастарды түсініп, білуге үйретеді. Баланы жастайынан өнерге 

баулып, музыка әлемімен таныстыру, оны сезіндіріп ән айтқызып, күй тартқызудың 

мақсаты –халқымыздың асыл қазынасын, дәстүрлі ән-күйлерін бойларына сіңіре білу, 

олардың  эстетикалық  талғамын  жан-жақты  байытып,  дамыту  –  бүгінгі  таңда  өте 

маңызды мәселеге айналып отыр. 

Бүгінгі  ұрпақ  халқымыздың  баға  жетпес  мол  музыкалық  мұрасымен  сусындай 

беруі  үшін  оның  адам  баласы  үшін  маңыздылығына  ерекше  мән  беріп  отыру  керек 

екенін естен шығармау керек.  

Қазіргі  оқу  -  тәрбие  жұмысын  жан  -  жақты  дамыту  мақсатындағы  басты 

міндеттердің бірі  бала  тәрбиесіне қазақ  халқының  ғасырлар бойы  ұрпақтан ұрпаққа 

мұра  болып  келе  жатқан  тұрмыс  -  салтына,  әдет  -  ғұрпына,  ұлттық  дәстүріне 

байланысты әдебиет пен мәдениетке, өнерге үйрете отырып, баулу. Белгілі бір өнер 

иесіне  арналған  әсерлі  әдеби  -  музыкалық  кештер  өткізу  де  бала  санасында  із 

қалдырады.  

Жақсыға, әдемілікке, үлкеннің маңызды да пайдалы ісін қайталауға, ұқсап бағуға 

талпындырады. 

Әр 

сазгердің 



немесе 

әншінің 


шығармашылығындағы, 

репертуарындағы  әндерді,  шығармаларды  тереңірек  талдау  арқылы  бала  тағы  да 

музыканың эмоциялық әсерін, бейнелеу күшін түсініп, жақсы мен жаманды ажырата 

алуға  үйренеді.  Сол  сияқты  баламен  жеке  жұмыс  жасауда  әр  баланың  бойындағы 

қабілетін  тауып,  дамытуға  жол  ашады.  Ал,  музыканы  түсіне  шығарма  кейіпкерімен 

бірге жетіле, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, 

ұлттық қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отансүйгіш, тәрбиелі, адал азамат 

болып өсері сөзсіз.  

Қазақ  балалар  әндерінің  қай-қайсысын  алмасақ  та  өнегелі  өсиет  пен  ізгілікті 

мейірбандыққа,  татулық  пен  бірлікке,  адамгершілікке,  байсалды  мінез-құлыққа, 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау