Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет52/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   472

 

110 


 

Көптеген ғалымдар мен тәжірибешіл ұстаздардың пікірінше, оларың отбасылық 

ортасы  мен  тәрбиелеу  стилі  басты  фактор  болып  саналады:  эмоционалдық 

қатынастардың  сипаты,  қабылданған  мінез-  құлықтардың  нормалары,  баланың  кез 

келген  қылықтарына  қатысты  ата-  аналардың  іс-  әрекеті.  Егерде  ата-  ана  өздерін 

агрессиялы ұстап, дене жазасын пайдаланатын болса немесе балада агрессияның пайда 

болуына кедергі жасамайтын болса, онда бұл қылықтар кеңінен таралады және оның 

тұрақты  мінезіне  айналуы  мүмкін.  Сондықтан  да  агрессиялы  баласы  бар  отбасы, 

жалпы әр нәрсеге үлкен көңіл бөлуі керек. 

Агрессиялықты жою үшін төмендегі кеңестерді ұстану қажет:  

- Отбасылық қарым- қатынасты қалыпқа түсіру 

- Баланы қандай болса, сондай түрінде қабылдау, кемшіліктерімен қоса жақсы көру 

- Балаға талап қоярда, оның жас ерекшелігі мен жеке ерекшелігін ескеру 

- Баланың қызығушылығын басқа арнаға жіберу 

- Басқалармен қарым- қатынас жасауға үйрету 

- Баланы түсіне білу 

Агрессиялы балалармен түзету жұмысы 4 бағытта жүргізілуі керек: 

1.  Агрессиялы  балаға  ызасын  көрсетуін  ыңғайлы  түрде,  оны  ойын  арқылы  затқа 

ауыстыру жолдары 

2. Әр түрлі жағдайларда баланы өзін- өзі ұстай білуге үйрету 

3. Жанжал шығару кезінде, жағымды дұрыс жолдарды қарастыру 

4. Басқаға деген сенімділік қасиеттерін дамыту 

Балалар жеткілікті дәрежеде өсіп, бір- бірімен ойнауға икемді болғаннан бастап 

агрессия орын алады. Мектепке дейінгі жастағыларда агрессиялық әрекет- итеру, тебу, 

тістеу,  ойыншықты  тартып  алу  әрекеті  түрінде  кездеседі.  Агрессияның  кең  тараған 

түрі-  шатақ  шығару,  бұл  кездегі  әрекет  мақсаты-  біреуге  әдейі  барып  тиісу.  Бала 

ешқандай себепсіз өзге баланы итереді немесе мазақтайды. Инстурменталды агрессия 

түрінде бала өзіне қажетті мақсатқа жету үшін қолданады. Реактивті агрессия түрінде 

бір  баланың  әрекеті  екінші  баланың  ашу-  ызасын  туғызады.  Мұның  бәрі  қалыпты 

жағдай.  Егер  баланың  ашу-  ызасын  үнемі  басып  тастасақ,  ол  жиналып  есейген 

шағында әртүрлі формада психосоматикалық белгілері болуы мүмкін немесе әртүрлі 

аурудың себебіне айналуы мүмкін. Бала аяқ астынан агрессивті әрекет көрсетпейді. Ол 

біртіндеп, ақырындап жиналады. Бала өзінің дегенін, қажеттілігін жасату үшін белгілі 

бір кезеңге дейін ең алдымен сыпайы, жұмсақ жай түрде көрсетеді. Бірақ үлкендер мән 

бере қоймайды, тек баланың тәртібі анық бұзылғанда ғана көңіл бөледі. Агрессияның 

шығу  себебінің  ең  бастысы  айналасындағылармен  сәтсіз  қатынаста  болуы:  ата- 

анасымен, педагогтармен, балалар ұжымымен. Осындай сәтсіз қарым- қатынас болған 

кезде бала өзін ешкімге қажет емеспін деп санайды.  

Өз  тәжірибемде  зерттеу  қорытындылары  көрсеткендей  баланың  бойында 

агрессиялық әрекеттің болуына ең алдымен ата- анасы мен туған туысқандар себепші. 

Көпшілік  ата-  ана,  отбасының  басқа  да  мүшелері  баланың  агрессиялық  әрекетін 

тоқтату мақсатында қорқыту, ұрып- соғу әдісін қолданады. Мұндай әдіс агрессияны 

тоқтатуға күші болғанымен, дене жазалауының өзі бала үшін үлгі, дене жазалауына 

бала басқа балаларды «бағындыру құралы» ретінде қолданғысы келеді. Агрессияның 

себептерінің  бірі  теледидар  көру  деп  айтуға  болады.  Үй  жағдайында  балалардың 



 

111 


 

қандай  мультфильмдер  көретіні  белгісіз,  сондықтан  да  ата-  аналар  балаларының 

көретін дүниелерін үнемі бақылап, өздері таңдап берулері тиіс. Қазіргі заман әрекетіне 

бағытталған тренингтер өткізу де өте тиімді деуге болады. Тренинг балалармен ойын 

түрінде  ұйымдастырылады.  Агрессивті  балалармен  әрқашан  өзара  жылы  қарым- 

қатынас  түзеу  және  агрессия  түрлерін  ойын  арқылы  шығару  керек.  Ертегілер  мен 

өлеңдерді саханалау балаларды бір- бірімен жақындасуға, бір- бірімен сыйластықпен 

қарым-  қатынас  жасауға  үйретеді.  Мысалы:  «Бауырсақ»  ертегісінде  бала  екі  рөлді: 

бауырсақ  және  түлкіні  ойнауы  қажет.  3-  4  жастағы  балалар  үшін  тақпақ  түріндегі 

ертегілер тиімді, 4- 5 жастағылар үшін қысқа ертегілер мен әңгімелерді тыңдаған жөн. 

5-  6  жастағы  балаларға  ысқақ  әңгіме,  өлең,  тақпақтарды  қолданған  тиімді  болып 

келеді.   

Тренинг мынадай жаттығуларды қамтиды: 

«Бөліс»-  балаларға  ойыншық  пен  әткеншектегі  орынмен  бөлісуді  ұсыну  керек; 

кіммен кедергісіз бөлісетінін бақылау қажет. 

Жыласа, ойыншығын өзге біреу алып қойса оған аяушылық көрсетуін ұсыну. 

«Күлдіргіш»-  балалар  арасынан  «еш  күлмейтін»  баланы  таңдап,  қалғандарына  оны 

күлдіруді ұсыну. 

«Қорға»-  өз  досын  ертегідегі  жағымсыз  кейіпкерлерден,  жаңбырдан,  қардан, 

желден  қорғауды  ұсыну.  Психологиялық  ойындар  бала  бойын  тек  агрессиядан 

жеңілдетіп  қана  қоймай,  бала  белсенділігі  мен  қызығушылығын  арттырып,  таным 

процестерінің  да  дамуына  мүмкіндік  жасайды.  Тұлғалық  құнды  қасиеттерінің  де 

жетілуіне себеп бола алады.  

Қорыта келе, мен өз жұмысымда осы кеңестер мен ойындарды қолдана отырып, 

бұл ойындар бала бойындағы агрессияны жойып қана қоймай, оның жас ерекшелігіне 

сай  дамып  жетілуіне  көмектесетініне  көзім  айрықша  жетті  деуге  болады.  Дарынды 

психолог әрі педагог Ж. Аймауытов «Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, 

мұғалім  адамның  ақылын,  мінезін,  жанын  сауықтырады»  деген  қағидасын  ұстана 

отырып, өркениетті заманда жас ұрпақты тәрбиелеуде, педагог мамандармен бірлесе 

отыра жұмыс жасап, тәрбиенің тиімді болу жағын қарастырған жөн.  



 

Әдебиеттер: 

1.  Ақшолақова  Ж.  Е.  Блалабақша  психологялық  қызыметін  ұйымдастыру.  Ақтөбе, 

2009 жыл  

2. Жұмабаев М. «Педагогика» Алматы, Ана тілі.  1992 жыл. 

3. Қызықты психология журналы, №11- 2013 жыл. 

4. Қызықты психология журналы, №11- 12- 2015 жыл. 

 

   



 

БАЛА — БОЛАШАҒЫМЫЗ, ТІРЕГІМІЗ 

 

Алдиярова А.У., Шуваева Л.Ю. 



«Еркетай» балабақшасы КМҚК 

 

«Балалы үй-базар» деген сөз бар. Бала — адамның бауыр етінен жаралған деп те 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау