Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет428/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   472

 

900 


 

- театрлық. 



Ырғақты иілгішті (ритмопластика)– бұған  кешенді ырғақтылық, музыкалық, 

иілгіштік  ойындар    мен  жаттығулар  кіреді.  Дене  қозғалысының    нақтылығымен  

еркіндігін дамытуда, өзінің  денесінің сыртқы  қоршаған  ортамен байланысқан  қарым-

қатынасын сезінуге балаларды  эстетикалық, психологиялық  қабілетін  дамытады. 



Сөзмәдениеті  және техникасы. Ойындар мен жаттығулар  сөйлеу логикасы  мен  

дикциясын  дұрыс артикуляциясын  меңгере  білуге, сөйлеу  құрылымын  еркін  айтуға, 

тыныс  алуын  дамытуға  бағытталған.  Бұл    бөлімге  сөздермен  айтылатын    ойындар  

кіргізілген.  Бейнелеу    арқылы  сөйлетуін    дамыту,  шығармашылық    фантазиясын  

дамыту,  шағын    әңгіме    және    ертегі  құрастыра    білуге    үйретеді.  Жаттығулар  3-ке  

бөлінеді: тыныс алу  және  артикуляциялық, дикциялық  және  интонациялық сөздер 

мен  шығармашылық  ойындар. 

Театр    мәдениеті:  Балаларға    театр    өнерінің    шынайы  сезімдерін  меңгерту.  

Бөлімнің  негізгі  тақырыптары: театр  өнерінің  ерекшеліктері,  театр  өнерінің  түрлері,  

қойылымның  жасалуы,  сыртқы  және  ішкі  театр,  көрермендер  мәдениеттілігі. 

Қойылыммен  жұмыс – жанама  бөлім,  авторлық сахналауға  негізделген.  Оған  

кіретін  тақырыптар. 

 -қойылыммен  таныстыру 

- қойылымды  мазмұндап,  талдау,  кейіпкерлендіру. 

- қойылымға  қажетті  құралдар  дайындау. Көріністі  безендіру. 

 -дайындық 

 -қойылымды  сахналау. 

 

Театрландырылған      ойынның  жіктелуі:  драматизация,    режиссерлік.       



Драматизациялық  ойында  бала – артист,  интоноция,  мимика,  пантомима  арқылы  

өз  бетімен  бейне  жасайды,  өзіндік  әрекет  етіп  рөлді  ойнайды.  Бұрыннан  жасалған  

сахналық    қойылымда    бала    ойын  –  драматизациясында    қандай    бір    сюжетте  

ойнайды.    Ойын    драматизациясы    көрерменсіз    музыкалық    сипаттағы    орындау  

болады. Драматизация  ойынның  екі  түрін  қарастыруға  болады. Саусақтар  ойын  

драматизациясы. Балалар  атрибуттарды  саусақтарына  киеді. Ертегінің  мәтінін  айта  

отырып  саусақтарын  қимылдатып  сюжет  жасайды. Көріністі  ширманың  сыртында  

тұрып,  немесе топта еркін  қозғала  жүріп  көрсетеді. Қуыршақ  бибабомен  ойын – 

драматизациясы.  Бұл    ойында    саусақтарға    қуыршақ    бибабоны    киеді.    Ширмада  

ойнайды.  Бұл  қуыршақтарды  ескі  қуыршақтардан  жасауға  болады. 



Режиссерлік  ойында   балалар  әрекет  етуші  бейне  болмайды,  өзі  режиссер  

және  сахна  қоюшы  рөлінде  ойнайды, ойыншықтардың  орынында  болады. Мұнда  

бала    қозғалмайтын    пішіндер    және    ойыншықтармен    әрекет    етеді,    сондықтан  

ойында интонация  мен  мимика  ерекше  орын  алады. 



Балалар театрының бірнеше түрлері  бар: 

Ең көп тараған түрі: ойыншықтар театры - бұнда  балалар қысқа тақпақтарды жаттап, 

оның  өзіне  тән  орындау  кезінен  бастап-ақ  кішкене  көлемді  спектакльдер  ойнайды. 

Ондағы  адамдар  рөлін  ойыншықтар  орындайды.  Жіптің    көмегімен    басқарылатын  

қуыршақтарды  –  маринеткалар    дейді.  Оларды    әр    түрлі    материалдардан  

жасайды.Театр    қуыршағының    биіктігі    баланың    биіктігігіндей    болады.Бұл  

қуыршақтар    балаларға    әнмен,    бимен,  ойынмен    көрсету    арқылы  



 

901 


 

шығармашылықтарын    дамытады.  Бұл    балалардың    өздерін    еркін    сезінуіне,    өз  

күшіне    сене    білуге    көмектеседі.  Саусақ    театрында–  саусақтардың    көмегімен  

қандайда    болмасын    ертегіні    немесе    өлең-тақпақ    шумағын  саханалау    болып  

табылады. Саусақ  театры  арқылы  баланың  сөйлеуге  деген  талпынысы,  қабілеті  

дамып,  ынтасы  артады  және  шығармашылық  әрекетіне  жол  ашылады. Трафарет  



театры -Трафарет театры  арқылы  сөз  құрамының  байлығын,  диалог,  монологты  

дамытуға    болады.    Балалар    дайын    трафареттердің    көмегімен    болашақ  

кейіпкерлердің  суреттерін  жасайды.  Оларды  түрлі-түсті  бояулармен  бояйды,  дайын  

бейнелерді    қайшымен    қияды.    Бұл    жерде    балалардың    шығармашылық    ойлау  

қабілеттері  дамиды. Ұжымдасып  жұмыс  істеу  үрдісінде  әрбір  бала  өзіне  берілген  

бейненің  түр-тұлғасын,  қимыл- қозғалысын  өзгерте  алады. 

      Театрландырылған  іскерлік  арқылы    шешілетін    өзімнің    педагогикалық  

жұмысымнан    мысал    келтірейін.  Ертегіден    «сиқырлы    заттар»    арқылы    «ертегіге  

ену».  Балалардың    елестетулерін    қалыптастыру.  Балаларға    көздерін  жұмғызып,  

демдерін    ішке    тартып    оны    қайта  шығару    арқылы    көздерін    ашу.  Одан    кейін  

балалардың  көңілін  қандайда  бір  затқа  аудару, мысалы; үстелге (одан  жұмыртқа  

жерге  құлап  түсті ме?),  тегешке (осы  тегешке  бауырсақ  пісірді ме? т.б.) балалардан  

сұраймын  бұлар  қай  ертегідегі  заттар.  Ертегілерді  оқу  және  оны бірігіп  талдау.  

Бастапқыда  мен  ертегіге  әңгіме  өткіземін. Ондағы  кейіпкерлердің  эмоциясымен 

және    сезімдерімен   таныстырамын,    одан    кейін    әр    түрлі    мінез-  құлықтары    бар  

бейнелерді бөліп  алуға  және олардың  біреуінің  орынына    өздерін  қоюы  туралы  

айтамын. Өздерін  көру  үшін  айна  қолданып мимика, эмоцияларын өзгерткендерін 

көре алады. 

   

Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен 



қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, 

шымылдықтар,  декорация  жасау  кезеңдегі  ұжымдық  жұмыстар  балалардың 

ұйымшылдығы  мен  белсенділігін  арттырды.  Балалардың    шығармашылық  

қабілеттерін,  сөйлеу  мәдениеті  мен  ой-өрісін,  дүниетанымын  жетілдіруде  театр  

ойындар  түрі  тиімді  нәтиже  береді. 

 

Пайдаланған әдебиеттер; 

1. 

Артемова Л.В  «Театриализованные игры» 1991 ж 



2. 

Доронова Т.Н «Играем в театр»  2004 ж 

 

 

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ СУРЕТ САЛУДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС 



ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 

 

Оскеева Асия Жумагалиевна , Бейсенова Камила Зулхарнайевна  



КМҚК «Қарлығаш» балабақшасы 

 

        Бейнелеу  өнері  –  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қызығушылықпен 



айналысатын іс –әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру 

бала үшін  өзінше әр қайсысы қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау