74
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен
анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістік қажет ету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын
әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. Сонымен, қорыта айтқанда,
инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне
қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік
береді. Инклюзивті білім беру 6 мүмкіндігі шектеулі балаларға оқуда жетістікке
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасы баланың білім беру үрдісіне
қосылуын және әр тәрбиеленушінің мүмкіндігіне қарай пайдалы таңдауына мүмкіндік
жасайды. Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог,
дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтан жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ
жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т.б.) және
мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады. Даму
мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеттеріне қатынасып «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз»
бағдарламалары бойынша білім алады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар
бөбекжайдың өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге
балалармен бірігіп қатысуы, ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін
шынайы мереке. 13 Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір
сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе,
мектепте оған едәуір оңайырақ болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта
жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды
жалғастырады. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы
еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім
алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік
тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу – әлеуметтік
қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына
мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру.
Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны
қалыптастыруды нәтижелі басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі бала дамуының өзіндік
психологиялық-педагогикалық заңдылықтары туралы терең білу керек. Егер адамды
тарих пен табиғаттың бір бөлігінің өнімі ретінде биоәлеуметтік нәрсе деп қарастырар
болсақ, мұнан дамуға әсер ететін биологиялық (табиғи) және әлеуметтік (әлеуметтік
орта) фактор шығады. «Психологиялық ой түйіндісі бойынша физиологиялық
кемшілік әлеуметтік тәртібі нормаларының бұзылуын туындатады. Осындай
кемшіліктері бар балалардың барлық психологиялық ерекшеліктері биологиялық емес,
75
әлеуметті құбылыс болып табылады». (Л.С.Выготский) Психиканың тарихи-мәдени
қалыптасу теориясында Л.С.Выготский кез- келген кемшілік, баланың қоршаған
ортамен қарым-қатынасын шектеуде, оған адамзаттың мәдени, әлеуметтік тәжірбиесін
игеруге кедергі келтіретініне баса назар аударады.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға өзгелермен бірдей білім алуға, жұмыс істеуге,
демалуға т.б. яғни қоғамдық өмірге араласуға құқық беру қажеттігі еш күмән
келтірмейді, дегенмен, бұны шынайы түрде іске асыру оңай еместігі белгілі. Білім алу,
қоғамдық өмірге араласу, түрлі мүмкіндіктерді игеру, мемлекет, жергілікті әкімшілік
білім беру жүйесінен қолдау таппаған жағдайда тек қағаз жүзінде ғана қалып қояды.
Арнаулы білім беру мәселелерін қайта қараудың нақты бағыттары білім беру
жүйесінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды интеграциялау туралы ұсыныстар және
интеграциялық оқыту практика барысында қолға алынып, практикаға енгізіліп, жақсы
нәтижелерге қол жетіп жүрген инклюзивтік оқыту барысы және жалпы білім беру
мекемелерінің жанынан ашылып жатқан арнаулы (түзетім) топтар мен логопункттер.
Психофизиологиялық ауытқушылықтары бар балалармен психологиялық-
педагогикалық оқытудың тәрбиелік сипаты, көрнекілік, жеке ықпал ету сияқты жалпы
дидактика принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы түзете-дамыта оқыту және
практикалық бағытта оқыту принциптерін басшылыққа алады. Дегенмен, осы
балалармен жүргізілген жұмыстардың 15 нәтижелілігі қосымша факторларға да
байланысты. Ең алдымен, оқу сабақтарының балаларды қоғамдық тәртіп ережелеріне,
белсенділіктерін дамытуға, коммуникабельдік дәрежесіне сәйкес келуі үлкен орын
алады. Сонымен қатар, барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арасындағы
байланыс, яғни бір тақырыптың түрлі пәндерде қаралып, түсіндірулермен қатар,
жағымды тұлға қасиеттерін қалыптастыруда еңбекке оқыту, еңбекке баулу ерекше
маңызды. Практика барысында балаларда болашақ әлеуметтік бейімделуіне өте
маңызды ұжымда бірлесе жұмыс істеу, еңбек етуге деген икем, жауапкершілік сияқты
адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Жеке
тұлғаны әлеуметтік бейімдеу оқу іс - әрекетінде және оқу іс - әрекеттен тыс
уақыттардағы ұйымдастырылған іс - әрекеттер мен экскурсияларда өткізіледі.Іс -
әрекет барысында арнайы құрылған жағдаяттар бойынша балалар қажетті тұрмыстық
икемдерді, қоғамдық тәртіп ережелерін игереді. Ол үшін іс - әрекеттен тыс уақыттарда
«Дүкенде», «Шаштаразда», «Автобуста» т.б. сияқты сюжетті- рольді ойындар
өткізіледі. Балаларға белгілі бір жағдайда қалай жасау керектігін бірнеше рет қайтара
көрсету керек. Бірнеше қайтара жаттығу, жүйелі қойылатын талаптар балаларда
қоршаған ортаға икемделуге көмектесетін жағымды әдеттерді шыңдайды. Ал,
танымдық әрекеттерін дамыту олардың жеке бас қасиеттеріне әсер етеді. Жас
ерекшеліктеріне сай балалар еңбек әрекетін сәйкес бағалай алады, орындаған
жұмысының сапасына да жәй қарамайды. Тапсырманы жаман орындаса қынжылып,
ал жақсы бұйым жасаса жолдасына, тәрбиешісіне көрсетіп, мадақтауды ұнатады.
Балалар осылайша еңбек әрекетіне қатысудың маңыздылығын түсіне бастайды. Бұның
бәрі балалардың тұлғалық қалыптасуы туралы айта отырып, олардың өмірлеріндегі
еңбектің рөлі мен адамдар арасындағы қарым- қатынастың қалыптасуына әсер етеді.
Тәрбиеленушілерді әлеуметтік оқыту барысында көрнекі құралдар негізгі тиімді
әдіс болып табылады. Бұл жерде көрнекілік шынайылық деген мағынаны білдіреді.