Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет33/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   472

 

70 


 

туыс жолдастарына мейірімділікке тәрбиелеу. Отбасында, мектепте, қоғамдық ортада 

үлкендерді сыйлағыш болып тәрбиеленген бала, сөз жоқ әдепті бала деп танылады. 

Мұндай баланы әдепті деумен қатар мәдениетті деп те танимыз. Үлкендерді сыйлау, 

қайырымды  болу-әдептіліктің  ғана  белгісі,  емес,  ол  мәдениеттіліктің  де  белгісі. 

Әдептілік пен мәдениеттілік егіз ұғым. Баланы жасынан әдепті, тәртіпті етіп тәрбиелей 

отырып,  оны  мәдениеттілікке  үйрете  береміз.  Адамның  мәдениетті  болуы  оның 

оқуына, алған біліміне ғана байланысты емес, ол оның отбасында, мектепте, қоғамдық 

ортада  алған  тәрбиесіне,  үлгі  өнегесіне  де  байланысты.Бір  нәрсе  істей  білсең,  оны 

жолдасына  да  үйрет,  егер  жолдасың  қиналса,  көмектес.  Бар  затыңды, 

ойыншықтарынды  жолдастарыңмен  бөліс.  Жолдасың  жамандық  істесе,  оны  тоқтат, 

жақсы  дос  болу  өте  жақсы  қасиет.  Бір-біріне  тек  шындықты  айту  керек. 

Жолдастарымен жұмысты орындау жөнінде келісіп, жұмыс істе. Әркім өз жұмысын 

мерзімінде  және  адал  істеу  керек.  Жұмыс  барысында  басқалардың  қалай  істеп 

жатқанын  біл.  Кімнің  жұмысы  өнбесе  соған  көмектес,  ақыл  бер.  Ойын  ережелерін 

сақта, арамдық жолмен ұтып алға шығуға ұмтылма. Тек қана адал күресе біл, онсыз 

жеңісте  қызық  емес.  Басқалар  жеңіліп  қалса  табалама.  Ұтылу-өкініш,  бірақ  еңсеңді 

түсірме, жеңгенге, жеңілуге себепкер болғандарға ызаланба.«Ата-ана қадірін білмеген, 

халықтың қадірін біле алмас. Халықтың қадірін білмеген ата-ана қадірін біле алмас»,- 

деген  Ғ.Мұстафин.Міне,  осындай  халық  дәстүріндегі  жинақталған  тәрбиелік  үлгі-

өнеге,  салт-дәстүр,  бүгінгі  күнде  адамгершілік,  имандылық  табиғи  талаптармен 

сабақтасып жүргізілуі тиіс. 

Балабақшада берілетін тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәбие 

мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен 

мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының 

тигізер  әсерінің  маңызы  зор.  Мектепке  дейінгі  жастағы  адамгершілік-патриоттық 

тәрбие  дегеніміз-  баланың  моральдық  қасиеттерін  белгілі  бір  мақсатқа  бағыттап 

қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу арқылы-моральдық түсініктердің, 

әдеттердің  және  мінез-құлық  мотивтерінің  қалыптасуы  бірлесіп  жүзеге  асады  және 

мектепке  дейінгі  балалардың  адамгершілік  тәрбиесін  қамтамасыз  етеді.  Мектеп 

жасына  дейінгі  балаларды  адамгершілік-патриоттық  сезімге  тәрбиелеудің  нақты 

міндеттері:-балалардың үй-ішіне, жақындарына, құрбы-достарына, жалпы адамдарға, 

Отанға  деген  сүйіспеншілік  сезімін  тәрбиелеу.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 

адамгершілік- патриоттық сезімге тәрбиелеу мазмұнына баланың Отанға, адамдарға 

деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін алдымен балалардың ата-анасына, 

үйіне,  туған  жеріне,  оның  табиғатына,  өз  қаласына,  туған-туысқандарына,  дос 

құрбыларына, балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу қажет. Ерте сәбилік 

кезеңнен  бастап  баланы  ана  тілінде  сөйлеуге  үйрету,  ауыз  әдебиеті  үлгілерімен 

сусындату  ең  маңызды  мәселе.Бала  әдеби  шығармаларды:  өлең,  ертегі,  ән,  жұмбақ, 

жаңылтпаш, мақал-мәтел, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің байлығы мен 

әсемдігін  меңгерумен  қатар  оны  сүюді  үйренеді.Балаларды  халықтың  қолөнерімен, 

қазіргі  композиторлардың  сан  түрлі  азаматтық  тақырыптарға  арналған  әндерімен 

таныстыру  балалардың  қуанышын,  көңілді  сезімін  дамытып,  еліне,  туған  жеріне, 

ұшқыштарға,  ғарышкерлерге,  теңізшілерге,  Отанға  т.б.  деген  сүйіспеншілік  сезімін 

тәрбиелейді.  Балабақшада  көптеген  ұлттың  балалары  бар,  олардың  бәрі  бірдей 



 

71 


 

тәрбиеленіп,  бірдей  қамқорлыққа  бөленеді.Осының  өзі-ақ  балалардың  бір-біріне 

жолдастық,  достық  сезімін  тәрбиелеудің  ең  қолайлы  жағдайы.  Баланы  тәрбиелеуде 

оның өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру 

үлкен орын алады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, 

оларды  жақсы  көру  сезімі,  олардың  нұсқауларына  сай  әрекет  жасауға,  оларды 

қуантуға,  жақын  адамдарын  ренжітетін  қылықтар  жасамауға  ұмтылу  пайда  болады. 

Патриоттық  сезімге:  туған  өлкесін,  Отанын  сүюге,  басқа  ұлттардың  адамдарын 

құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет 

көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды 

білдіретін  сан  алуан  мінез-құлық  дағдыларын  қалыптастырады.  Бұлар  әдет  бола 

отырып,  мінез-құлық  нормасына  айналады:  сәлемдесу  мен  қоштасу,  біреудің 

көрсеткен қызметіне рақмет айту, алған затын орнына қою, қоғамдық орындарда өзін 

мәдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті. Мектепке дейінгі естияр жаста 

үлкендермен, өз қатарларымен мәдениетті қарым-қатынас жасау, шын айту, тазалық, 

тәртіп сақтау, пайдалы іс-әрекет жасау, еңбек ету әдеті қалыптаса береді. Мектепке 

дейінгі ересек жаста балалар қылығының адамгершілік мазмұнына ой жүгірте қарау 

негізінде  дамыған  адамгершілік  дағдылар  мен  әдеттер  неғұрлым  берік  болады. 

Тәрбиеші  балалардың  адамгершілік  нормаларына  бағынатын,  саналы  түрде 

меңгерілген  мінез-құлыққа  тәрбиелейді.  Адамгершілік  нормалары:  қайырымдылық, 

сыпайылық, әділдік, қарапайымдылық, қамқоршылық, және т.б. ұғымдарды тәрбиеші 

бірте-бірте балаларға түсіндіру арқылы меңгертеді. 

Мектепке  дейінгі  балалардың  адамгершілік-патриоттық  тәрбиесінің  мазмұны 

«Балалар  бақшасында  тәрбиелеу  бағдарламасында»  көрсетілген.  Оған:  Отанға,  өз 

ұлтына  деген  сүйіспеншілік,  оларды  және  олардың  еңбегін  құрметтеу,  ұлтаралық, 

ұжымдық  және  адамгершілік  бастамасы,  мінез-құлық  тәртіптілігі  мен  мәдениеті, 

мінездің  ерік-жігер  белгілері,  жеке  адамның  жағымды  адамгершілік  сапалары 

кіреді.Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі 

міндеттері  мына  бағыттармен  түйінделеді:ізгілік  бастамасымен  тәрбиелеу,  өз 

отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүіспеншілікпен, қамқорлықпен 

қарау,  табиғатқа  қамқорлықпен  қарау,еңбек  сүйгіштік,  үлкендер  еңбегін  құрметтеу, 

қазақ  халқының  салт-дәстүріне  қызғушылықпен  қарау;  мемлекеттік  рәміздермен 

таныстыру,  Отанға  деген  сүйіспеншілікке  тәрбиелеу.  Сондай-ақ,    тәрбиешілер 

балалармен  тақырыптық  сабақтар  өткізеді,  Отан  туралы,  туған  жер  туралы  тақпақ-

өлеңдер  жаттатып,  әңгімелеу  арқылы  бала  бойына  елге,  жерге,  Отанға  деген 

сүйіспеншіліктерін арттырады. Еліміздің төл мерекелеріне  балабақшада ертеңгіліктер 

өткізіп  тойлайды.  Осы  сабақтар,  ертеңгіліктерді    өткізуге  тәрбиешілер,  ата–аналар 

белсене  қатысып,  өз  үлестерін  қосады.  Балаларды  адамгершілік-патриоттық  сезімге 

тәрбиелеуде    балабақша    мен    мектептің,  кітапханалар  мен  мұражайлардың 

сабақтастығыда  әсерін  тигізеді.  Біздің  алдымызда  тұрған  басты  міндет  –  тәуелсіз 

Қазақстанның  әр  жас  жеткіншегінің  жүрегінде  Отанына,  жеріне,  еліне  деген  ыстық 

сезім,  шынайы  сүйіспеншілік  ұялату.  Сондықтан  біз  адамзаттық  көзқарасы 

қалыптасқан,  әлеуметтік  белсенділігі  жоғары  отаншыл  ұрпақ  тәрбиелеп  өсіруге  аса 

көңіл  бөлуіміз  керек.  «Әрбір  Қазақстандықты  өз  мемлекеті  қамқорлықсыз 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау