56
Мұны жаңа бағытты шығармашылық ойлау қабілеті деуге болады. Яғни бала
шығармашылық жұмыс істеу барысында, мысалы: сурет салғанда, еңбекке
араласқанда, түрлі ойындар кезінде бойында жауапкершілік сезімінің пайда болғанын
сезінеді. Қазақ халқының ой қабілетін жұмсап ойнайтын ұлттық ойындарының ішінен
«Байқап қал», «Бұл кім», әуендік ойындар ішінен «Қай аспаптың үні», «жануарлар
қалай үндейді?», т.б. ойындарды ойнатумен қатар бұйымдардың, заттардың бірнеше
суреттерін көрсету арқылы балалардың есте сақтап айтуындамытуға болады. Мектеп
жасына дейінгі балалар қиялы өте бай, бірақ ондағы бейнелер шығдықтан өте алшақ
жатады. Бала қиялын дамытуда ойын да ерекше орын алады. Мектеп жасына
дейінгілердің ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды
орындауға ұмтылыс жасайды.
Қорыта келгенде, бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамытьуға көп көңіл
бөлуіміз керек.
Баланың мектепке келуімен екі үлкен қиындық туа бастайды:
1.
Мектепке келіп оқи алмайтын оқушы;
2.
Өзі оқығысы келмейтін оқушы.
Осы екі жағдайда да ата – ананың психологиялық сауатсыздығынан қателік
орыналады. Психологиялық сауаттылыққа тіпті де басқа көзқарас , мұндайда
психологиялық сауаттылықтың қажеттілігі шамалы деп ойлайды. Нәтижесінде өте
дөрекі психологиялық қателіктер: жұмыс орнында, жанұя қарым – қатынасында, бала
тәрбиесінде, бір сөзбен айтқанда барлық жерде, басқа адамдармен қарым –
қатынасында көрініп отырады. Сондықтан ата – анлар ең алдымен өзінің
психологиялық сауаттылығын ашу керек. Ол үшін оқи алмаса немесе оқығысы
келмесе, онда баланың осы уақытқа дейінгі жетілуін, дамуын зерттеп, білу керек. Бала
ананың жатырына біткен күннен оған ерекше көңіл бөлініп, қамқорлыққа алынып,
қалаулы бала болуы қажет.
«Маугли» әңгімесі туралы кім білмейді. Ал осы баланы шындығында жабайы
аңдар асырағанын әркім біле бермейді. Сондай –ақ, үнді қыздары амала мен Камаланы
да алуға болады. Бірақ мұндай мүмкіндіктерді пайдаланып қайта тәрбиеленгенмен, бұл
қыздар қалыпты толық жетіліп, адамдар қатарына қосылған жоқ. Оларды алдымен екі
аяқпен жүруге тәрбиеледі, бірақ тез жүру керек болғанда олар төрт аяқтап жүреді. Ал
оларды сөйлету үшін бірнеше жыл оқытты, ол сөздер тіршілікке аса қажет сөздер ғана
болды. Олармен әңгіме құрып немесе бір тақырыпқа талдау жасау мүмкін емес
деңгейде қалды. Ал, «Мауглидегі» адамның жоғарғы дамуына көрсеткені, ол тек
жазушы қиялы ғана.
«Сензитивті кезең дегеніміз – алғашқы мектеби кезеңдегі баланың әр нәрсені
үлкен эмоциялық сезіммен қабылдауы». Сондықтан «сензитивтік кезең» психологтар
үшін бағалы кеңес беретін кезең. Мектепке дейінгі кезеңде баланың көптеген заттарға
ынтасы артады, ол сурет салу, ермексазбен жұмыс, құрастыру, т.б. істейді. Осы
кезеңде баланың тілін дамыту: жаңылтпаштар, санамақ, тақпақтар жаттаудың маңызы
зор.
Бірінші: баланың жан – жақты дамуы мектепке дйінгі кезеңде белгілі бір дәреже
деңгейінде болуы керек, есте сақтау, сөздік қоры, қабылдауы, ынтасы, ойлауы, қиялы,
т.б.
57
Екінші: қалыпты жағдайда өзін – өзі басқара алуы, ол үшін баланың белгілі бір
нәрсеге деген қызығушылығын осы кезеңде арттыру керек. Осы мектепке дейінгі
кезеңде балаға тек ұнаған нәрсесімен де шұғылдануын дамыту қажет. Ол балаға
ұнамаса да, солай жасау керек екенін ұғындыру керек.
Үшіншіден: Балаға ең қиындық тудыратын кезең, оқуға деген қызығушылығын
арттыру, оқудың қызық жағы мен қиындықтары әр балада көп болсын немесе аз
болсын қатар жүреді.Балаға мектепке қалыптасу уақытында осы үш кезеңнің талабы
бірдей қажет, сондықтан балаңыз 1- күннен жақсы оқысын десеңіз, осы үш кезеңнің
ешқайсысын назардан тыс қалдырмаңыз.
Баланың жалпы дамуында артта қалушылық болмаған жағдайда. Бұл, әсіресе,
қазіргі көзі ашық көкірегі ояу жас ата – аналарда байқалады. Себебі олар өздерінің
балаларының жетістіктерін қызғанышпен салыстырады. Мысалы: «Менің Айгүлім
барлық әріптерді таниды десе», «Менің Алмасым онға дейін санай алады»,- деп
балаларын салыстырады Ал осындай салыстыру бала дамуына кері әсерін тигізетіні
әбір ата – ана біле бермсейді. Шын мәнінде баланы жан – жақты тәрбиелеудегі үй –
ішіндегі үлкендендің әже, ата, аға, әпке тағы басқаларының күнделікті қарым –
қатынаста балаға көңіл бөлуі жатады. Оған қызыты әңгіме айту, бірігіп сурет салу,
бояу, құрастыру, табиғаттағы болатын құбылыстарды түсіндіру, серуендеу,
серуендегенде көргендері жайлы әңгімелесу. Міне осылардың барлығы баланың
қызығушылығын көзқарасын кеңейтеді. Осындай қарым – қатынастардан баланың тілі
жетіледі. Нәтижесінде 6-7 жасар баланың сөздік қоры 4-5 мыңға жетеді, ана тілінің
барлығын дерлік меңгереді. Осы кезеңде бала кітап оқып бергенді қалайды, біресе
әкесіне, біресе шешесіне, біресе әжесіне әңгімені оқып берші деп жалынады. Осы
кезеңдегі психологтың кеңесі: баламен бірге кітапты дауыстап оқу, бір бетін балаға
қиын тиіп жатса, оның баланың оқитын бетінің жартысын немесе бір – екі абзац ғана
оқыту, содан кейін біртіндеп көбейтіп оқыту керек. Осындай қарапайым тәжірибеден
кейін баланың оқымай қоюы мүмкін емес. Әрине, оқитн кітапша да, әңгіме де баланың
жас ерекшелігіне сай болуы керек. Бұл кезеңде қызықты кітапшаның өзі де баланы
жалықтырып жібереді, бірақ бала үлкендердің көңілін өзіне аудару үшін, қарым –
қатынаста болу үшін бұл қиындықты жеңуге тырысады. Осы кезеңде ерекше көңіл
бөлетін жайттың бірі – баланың ішкі ойының дамуы, психологтардың айтуы бойынша
«ішкі жоспары».
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Психология: Адамзат ақыл – ойының қазынасы. –Алматы, 2005. 68 бет
2.
Ә. Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы – 1992. 98 бет
3.
Қ.Ж. Жарықбаев. Психология. – Алматы, 2002 115 б
4.
Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының өзекті проблемалары
– Алматы – 2000 72 б