Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет191/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   472

 

403 


 

сөздің  соңына  буындарды  жалғау:  қа-ла,  мал-та,  ал-ма,  жа-ла,  са-ла,  ма-са.  су-ла, 

атау: 

жақын  туыстарын  атау  (әке,  ана,  апа,  апай,  ата,  әже,  аға,  мама);  қуыршактардың, 



балалардың атын атау (Мака, Татя, Әсель); атау: 

          -бір буынды сөздерді атау (тас, бас, қас, көз, үй, тіс, бет); 

          -екі  буынды  сөздерді  атау  (қасық,  асық,  малта,  ерін,  пышақ,  қалам,  қоян, 

түлкі); 


          -үш буынды сөздерді атау (алақан. жапалақ, машина, құлпынай, таңкурай); 

          -қарапайым әрекеттерді атау (бер, ал, мә, жат, жүр, кел, ұйықта); 

    Сұрақ  сөздерді  (қайда?  кім?)  және  есімдіктерді  қолдану.  Балалар  сөздерді 

фонетикалық жағынан мөлшерлеп өңдеуі мүмкін. 

    Олар буын кұрамы әр түрлі сөздерді қайталап айткан соң, сол сөзге сәйкес суретті 

немесе затты көрсете білуі керек. 

    Сөйлеу тілінің дұрыс дамуының негізгі көрсеткіші  - дыбысты дұрыс айту емес, 

ба- ланың өзінде бар лексикасын әр түрлі етіп қолдану мүмкіндігін уақытында дамыту 

екенін білген дұрыс. Сондықтан, балада ең аз мөлшерде болса да, белгілі сөз қоры жи- 

нақтала салысымен, оған сол сөздерді екі- үш сөзден құралған сөйлемдерге біріктіруге 

үйретеді. Мысалы, атау септігіндегі зат есім+ «Қайда?» сұрағы; а та у  септігіндегі зат 

есім+«Міне»,  «Әне»,  «Осында»,  «Бұл»  +  атау  септігіндегі  зат  есім  сөздері.  («Мысық 

қайда? - Міне мысық. Бұл мысық». «Аю қайда? -Міне аю. Бұл аю».) 

     Екі сөзден құралған сөйлемдерді құрастырып үйретудің басьн балаға таныс етіс- 

тіктерді қолданған тиімді, себебі бала оларды түсінеді, мағынасын біледі. 

    Түзету жұмысындағы келесі қадам, ол балаларда бұйрық райындағы етістіктерді 

ашық райындағы осы шақтағы етістіктерге айналдыру (ұйықта-ұйықтады, отыр-отыр- 

ды т.б.). Сұрақ қойғанда, логопед сұрақтың соңын бөліп айтады: «Не істеді? Не істеп 

жатыр». 

    Келесі сабақтарда жаңа етістік сөздері еңгізіліп, белсендіріледі (мысалы: келе жа- 

тыр,  отыр,  тұр,  іздеп  жатыр,  жатыр,  малтып  жатыр,  жуып  жатыр,  әкеле  жатыр  т.б.). 

Біртіндеп сөйлем көлемі кеңейтіледі. 

    Дене мүшелеріне қатысты «жуу» деген сөзбен белгіленетін іс-әрекеттің атауы ең- 

гізіледі, оның жалпылама мағынасы анықталады. Логопед: «Нені жууға болады?» деген 

сұрақ  қойып,  көрсетеді  (мұрын,  кұлақ,  бет,  ауыз,  көз,  аяқ,  қол  т.б.).  Кейін, 

ұйымдастырылған ойын әрекетінде балалар қуыршақтарға жаңа тапсырмалар («Ай- ша, 

қолыңды  жу!  Аға  қолыңды  жу!»)  беріп  үйренеді.  Осылайша  басқа  дене                     

мүшелерінің атауымен (мұрын, құлақ, аяқ) сөйлем конструкциялары құрастырылады. 

Қуыршақтар тапсырмаларды «орындайды», ал балалар сол іс-әрекеттерді бақылайды. 

    Осы  бақылау  негізінде  үлгі  бойынша  үш  сөзден  кұралған  сөйлемдер 

құрастырылады.  Мысалы:  «Кім?  Не  істеп  жатыр?  Не?  («Аға  қолын  жуып  жатыр». 

«Айша бетін жуып жатыр». «Самат аяғын жуып жатыр»). 

    Келешекте  балалардың  сөз  қоры  күнделікті  өмірде  қолданылатын  әрекеттердің 

атауын (жеу, ішу, ән айту, тігу, оқу, жазу, қазу, лақтыру, қағып алу, ашу, жабу, алу, кию, 

сөндіру,  жару  т.б.)  түсіну  және  қолдану  дағдыларын  (кез  келген  фонетикалық  өңдеу 

рұқсат етіледі) бекіту арқылы кеңейтіледі. 




 

404 


 

    Балалар аталған моделдер бойынша жай сөйлемдерді кұрастыруды меңгергеннен 

ке- йін, логопед балаларды сөз таптарын ауыстыруға үйретеді. 

    Сондай-ақ,  «Кім?»  деген  сұраққа  жауап  беру  үшін,  балалар  логопедпен  бірге 

бірне-  ше  ат  (Айша,  Самат,  Алан);  «Не  істеп  жатыр?»  сұрағына-  бірнеше  етістіктің 

атауын (ішіп жатыр, ұйықтап жатыр); «Не?» сұрағына- қосымша- сөздер (шай, шырын, 

су,  сүт)  іріктеп  алады.  Көрнекілік  сүйеніш  ретінде  логопед  көрнекі-  графикалық 

белгілерді колдануына болады, мысалы; «Кім?» - адамның бейнесі; «Не істеп жатыр?» 

-көлденең  сызық;  «Не?»  -  үшбұрыш.  Осы  сызба  негізінде  сөйлемнің  графикалық 

сызбасы кұрастырылады. 

    Жұмыстың осы кезеңінде балалардың сөздерді кез келген фонетикалық өңдеуде 

колдануына рұқсат етіледі. 



3.      Зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту 

    Бұл қасиеттерді балада дамыту үшін әр түрлі дидактикалық ойындар мен тапсыр- 

малар колдануға болады. 

          Тапсырма I. «Қай ойыншық жоқ?» 

         Мақсаты: көріп есте сақтауын, көру зейінін дамыту. 

         Құрал-жабдықтар: ойыншықтар. 

        Сипаттамасы:  Үстел  үстіне  балаға  таныс  ойыншықтар  жайылып  жатады. 

Олардың  саны  екіден  бастап,  бірнешеге  дейін  ойын  барысында  біртіндеп  көбейеді. 

Ойын- шықтардың атауын бала айтады. Кейін бала көзін жұмғанын немесе теріс қарап 

тұруын сұраймыз. Сол кезде логопед бір ойыншықты тығып кояды. Көзін ашып, бала 

қай ойыншықтың жоқ екенін айтуы керек. Ойынның күрделенген нұсқасында логопед 

бір  емес  екі  немесе  одан  да  көп  ойыншықты  тығып  қояды.  Баланың  әр  бір  жауабын 

міндетті түрде мадақтап отырған дұрыс. Ойынға бірнеше бала қатысқан жағдайда әр 

баланың дұрыс жауабы үшін текше беру керек. 



          Тапсырма 2. «Дұрыс тап» 

          Мақсаты: есту зейіні мен естіп есте сақтауын дамыту, сәйкестеу дағдыларын 

дамыту. 


         Құрал-жабдықтар: бір тақырып бойынша заттық суреттер. 

        Сипаттамасы: Логопед сөздер қатарын атайды, ал бала суреттер арасынан сол 

су- реттерді іріктейді. Тапсырма тақтада орындалады. 



         Тапсырма 3. «Есіңе сақта» 

        Мақсаты: көру зейіні мен көріп есте сақтауын дамыту. 

       Құрал-жабдықтар: заттық суреттер: 

сиыр, қыс, машина, көйлек, сүт, шана, дөңгелек, жаға. 



      Сипаттамасы:  Логопед  сөздер  қатарын  айтады  да,  балаға  үстел  үстіндегі 

суреттер арқылы сол сөздерді есіне сақтауды ұсынады. Бала әр сөзге мағынасы сәйкес 

суретті  алып,  үстелдің  шетіне  қояды  (мысалы,  «сүт»  сөзіне-  сиырдың  суреті,  «қыс» 

сөзіне - шананың суреті). Кейін логопед бала өзіне алған суреттерге сүйеніп, басында 

ұсы- нылған сөздерді айтуын ұсынады. 

          Тапсырма 4. «Әсемнің гүлзары». 

         Мақсаіпы: логикалық ойлауын, сәйкестеу дағдыларын дамыту. 

        Құрал-жабдықтар: қуыршақ, «гүлзар», әр түрлі түсті- гүлдер. 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау