Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»


Ескерту: Осы аттары аталған Есау ұрпақтары түгел ру басылары болған. Исаның ата-тегі



бет5/59
Дата04.12.2017
өлшемі11 Mb.
#3123
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Ескерту: Осы аттары аталған Есау ұрпақтары түгел ру басылары болған.

Исаның ата-тегі

туралы мағлұмат
Иса өзінің қызметін бастаған кезде отыздар шамасында еді. Жұрттың ойынша: Құдай Адам атаны жаратқан.

Адам атадан Сет→ Енос→ Қайнан→ Мақалалел→ Иәрет→ Енос→ Мәтусала→ Ләмәх→ Нұх→Шам →Арпақсат →Қайнан→ Сала→ Ебер→ Пәлек→ Рағу→ Серух→Нахор→Тара→Ыбыраим→Ысқақ→ Жақып→ Иуда→Парес→Есром→Рам→Арни→Админ→Аминадаб→Нағасон→Салмон→Боғоз→Обид→Есей→Дәуіт→Нотан→Матата→Менан→Мелеа→Еліәкім→Жонам→Жүсіп→Иуда→Шимеон→Леус→Матат→Жарым→Елиезер→Жошуа→Ер→Елмодам→Қосам→Адди→Мәлкі→Нері→Салател→Зоробабел→Реса→Жохан→Иуда→Жүсіп→Семей→Мататия→Мақат→Нағай→Еслі→Нағұм→Амос→Мататия→Жүсіп→Жанай→Мәлкі→Леуі→Маттат→Елі→Жүсіп→Иса Мәсіх пайғамбар.

Сонда Құдайдан Иса Мәсіхқа дейін 79 ата екен (79 ата ∙ 30 жас = 2370 жыл мөлшермен).

Енді бір мәліметтерде Иса Назарет қаласында туып өскен. Иса өмір сүрген орта туралы Киелі кітапта жазылған. Онда ол Рим патшасы Тибериус билік құрған заманда, Иудея аймағын Понти Пилот билеген, ал Ирод (Антипас) - Ғалилея аймағының әкімшісі, оның ағасы Филипп-Итурея мен Трахонит аймақтарының әкімі, Лисанияс-Абилене аймағының әкімі болған кезеңде, Ханна мен Каяфа-бас діни қызметкерлер болып тұрған еді.

Ал Ол туған заманда Август патша (б.з.б.-31 жылынан біздің заманымыздың 16-жылына дейін Рим империясының императоры болған) жер жүзінің тұрғындарына салық төлеу үшін тізімге тіркелсін деп бұйрық береді. Бұл оқиға тізімге тіркелудің алғашқысы еді және сол кезде Сирияны Кирини басқарған заман еді. Сонда Жүсіп пен Мәриям да Галилея өлкесіндегі Назарет қаласынан жолға шығып Иудеядағы Бетлехем деген Дәуіттің қаласына тізімге тіркелуге келеді. Себебі, олар Дәуіт патшаның әулеті мен руынан шыққан еді. Аяғы ауыр Мәриям осы Бетлехемде тұңғыш ұлына босанып, оны құңдақтап қорадағы ақырға жатқызды, үйткені қонақ үйде оларға орын жоқ еді. Баланың атын Иса деп қояды. Сегіз күннен кейін оны сүндеттейді. Тәңірдің Мұса арқылы берген Киелі заңына сәйкес діни тазару (баланы қырқынан шығару рәсімі) күнінде нәрестені Тәңірдің алдына апару рәсімін орындау үшін Иерусалимге апарады. Сол кезде қарт пайғамбарлар Симеон мен Анна баланы көріп болашақ Құтқарушы – Нұрды (Иса Мәсіхті) таниды.

Кейіннен Иса Мәсіх пайғамбарлық жасқа жеткенде: «Тәңірдің рухы үстімде, себебі Тәңір маған Ізгі хабарды айтуға тағайындады, бірақ өзінің елінде пайғамбардың қадірі болмайды» - деді. Содан халық: «Сен – Мәсіхсің, Құдайдың ұлысың» - деп мойындапты дейді.



Ескерту: Бұл материалдар қасиетті «Інжіл» кітабынан алынды.

Сонымен, Иса Мәсіхтің шыққан ататегінің шежіресі төмендегідей болады.


Исаның ата-тегі туралы

  1. Адам ата

  2. Сет (Шыш)

  3. Енос (Ануш)

  4. Қайнан

  5. Мақалалел (Мәһкайл)

  6. Иәрет

  7. Енос (Ахнүк)

  8. Мәтусала (Путушлак)

  9. Ләмәх (Мәлік)

  10. Нұх

  11. Шам (Сам)

  12. Арпақшат (Арабхуш)

  13. Қайнан

  14. Сала

  15. Ебер (Ибар)

  16. Пәлек (Факах)

  17. Рағу (Аргу)

  18. Серух (Сарух)

  19. Нахор (Сахур)

  20. Тарах (Тараш)

  21. Ыбырайым (Абрам)

  22. Ысқақ+Смағұл (Араб халқының түп атасы)

  23. Жақып

  24. Иуда

  25. Перес (Парес)

  26. Есрам

  27. Рам

  28. Арни

  29. Админ

  30. Аминабад

  31. Нағасон

  32. Салман

  33. Боғоз

  34. Обид

  35. Есей

  36. Дәуіт

  37. Натан

  38. Матата

  39. Менан

  40. Мелса

  41. Еліәкім

  42. Жонам

  43. Жүсіп

  44. Иуда

  45. Шимсон

  46. Леуі

  47. Матат

  48. Жарым

  49. Елиезер

  50. Жошуа

  51. Ер

  52. Елмадам

  53. Қосам

  54. Адди

  55. Мәлкі

  56. Нері

  57. Салател

  58. Зоробабел

  59. Реса

  60. Жоханан

  61. Иуда

  62. Жүсіп

  63. Семей

  64. Мататия

  65. Мақат

  66. Нағай

  67. Еслі

  68. Нағұм

  69. Амос

  70. Мататия

  71. Жүсіп

  72. Жанай

  73. Мәлкі

  74. Леуі

  75. Маттат

  76. Елі

  77. Жүсіп

  78. Иса Мәсіх (Иисус Христос)

Ыбрайым ұлы Смағұл (Исмаил)

Пайғамбардың ұрпақтары.
Ыбрайым пайғамбар (Абрам – көне еврейше – «көптің әкесі» деген сөз) үш әйел алған екен. Соның екінші әйелі - Ажар (Хаджар деп те аталады кей шежіреде) Египеттен екен. Осы Ажардан Смағұл туады. Смағұл ержетіп Раала дегенге үйленеді. Рааланың әкесінің шыққан тегі Иемендік тайпалардың біреуінің басшысы болса керек. Шежіре бойынша Смағұлдың он екі ұлы болады, оның осы 12 баласынан өскен ұрпақтары өздері мекендеген жерлеріне қарай 12 елдің көсемдері болған. Осы Смағұл ұрпақтарынан Араб халқы шыққан, ал Араб халқының өзі тиісінше бірнеше мемлекеттерде таралып өскен. Солардың біреуі - Сауд Арабиясы. Сауд Арабиясында арабтардың көптеген тайпалары бұтақ жайып, өсіп мекендеген екен (хашия, құрайыш т.т.). Ал Мұхаммед (с.ғ.с.) болса, осы атақты құрайыш тайпасынан шыққан. Смағұлдың ұрпақтары:


  1. Небайот (Набит)

  2. Кедар

  3. Абдел

  4. Мипсам

  5. Мишма

  6. Дума

  7. Масса

  8. Хадад

  9. Тема

  10. Етур

  11. Нафиш

  12. Кедма

Жоғарыда Смағұлдың әкесі Ыбрайым пайғамбардың үш әйел алғандығын көрсеткеміз. Олардың есімдері: Сарай (кейін Сара атанған), Ажар (Хаджар), Кетура деп аталады. Смағұл туғаннан кейін әкесі Ыбрайым үлкен әйелі Сара (Сарай) күндестікпен баласы Смағұлға қастық жасай ма деп қорқып екінші әйелі Ажар мен одан туған ұлы Смағұлды иен далаға апарып тастап кетуге мәжбүр болады. Далада шөлден қаталаған Смағұл мен анасы Ажар су іздейді. Суды таба алмай қатты шөлден өлермен болады. Осындай қиын сәтте Жәбірейілдің шапағатымен Смағұл баланың өкшесі тиген жерден су шығыпты. Ол су шыққан жер қазіргі қасиетті Мекке қаласының қасындығы аты аңызға айналған Зәмзәм тұмасы екен дейді аңыз. Смағұлдан тараған ұрпақтар қазіргі заманда солтүстік Арабиялық халықтардың басым бөлігін құрайтын көрінеді. Смағұлдың жоғарыда көрсетілген 12 ұлының бірі – Небайот (Набит). Менің қолыма түскен кітаптар мен басқа да құжаттарға сүйене отырып тергенде Смағұлдың Небайот ұлынан Мұхаммед (с.ғ. с.) пайғамбарымызға дейінгі тармағының (линиясы) ұрпақтары төмендегіше:




  1. Небайот (Набит).

  2. Иашджуб.

  3. Иаруб.

  4. Тайрих.

  5. Нахур.

  6. Мұқаууим.

  7. Адад (Удод).

  8. Аднан (бұдан 2 ұл).

  9. Маддин ( бұдан 4 ұл).

  10. Назар (бұдан 4 ұл).

  11. Мудар (бұдан 2 ұл).

  12. Илияс (бұдан 3 ұл).

  13. Мудрика (бұдан 2 ұл).

  14. Хүзайма (бұдан 4 ұл).

  15. Кинана (бұдан 4 ұл).

  16. Нәдір (Назар) (бұдан 2 ұл) Осы кісінің лақап аты Құрайыш деп аталғандықтан, бұдан тараған ұрпақтары да Құрайыш деп аталып кетті, яғни тайпаның аты Құрайыш болды.

  17. Мәлік.

  18. Фихр (Тахир), бұдан 4 ұл.

  19. Ғалиб (Талиб), бұдан 2 ұл.

  20. Луай (бұдан 4 ұл).

  21. Кааб (бұдан 3 ұл).

  22. Мурра (бұдан 3 ұл).

  23. Килаб (бұдан 2 ұл).

  24. Кусай (бұдан 4 ұл, 2-қыз) Меккенің 440-жылдан бастап патшасы болған. Бұның кезінде Мекке мейлінше күшейіпті. Өзі 400-жылы туған.

  25. Әбд Манаф – 430-жылы туған ( бір ұлы Абд Шамастан Умааийа әулеті тарайды).

  26. Хашим (Ашим) – 464 ж.туған, бұдан 4-ұл, 5-қыз.

  27. Абд-әл-Муталиб-497 ж. туған, бұдан 10-ұл, 6-қыз. Меккенің әкімі, Қағбаның иесі болған.

  28. Абдуллаһ-545 ж. туған, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың әкесі. Абдуллаһ өзін қоса есептегенде он ағайынды еді. Соның бірі Әбу Тәліп – Әзірет Әлидің әкесі. Абдуллаһ Мұхаммед (с.ғ.с.) ұлының дүниеге келуінен үш ай бұрын қайтыс болады.

  1. Әбу Тәліп жоғарыда жазылғандай Абдуллаһпен бірге туысады. Абдуллаһ қайтыс болған соң оның жетім қалған ұлы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды қолына алып тәрбиелейді.

  2. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар Аллаһтың елшісі (өмір сүрген уақыты 570-632 ж. кей деректерде 571-633 ж. деп көрсетеді). Әкесі Абдуллаһ ерте өліп, сегіз жасқа дейін атасы Әбд-әл-Муталибтің тәрбиесінде болады, атасы қайтыс болған соң әкесімен бірге туған Әбу Тәліптің тәрбиесінде болып есейіп ер жетеді.

  1. Әзірет Әлі әл Мұртаза, әкесі – Әбу Тәліп өзі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың немере інісі болып келеді (екеуінің әкелері бірге туысады). Әзірет Әлі – IV - халифа – шадияр, Куфаның (Иран) билеушісі, Шииттердің көсемі. Бұның 18 ұлы болған, оның ішінде – Хасан, Хусеин, Мұхаммед-Ханафия, Мәді деген балалары аты аңызға айналған қайраткерлер.

Ескерту: бірінші – Абдуллаһ пен Әбу Тәліп екеуі бірдей 28-ші рет санымен және Мұхаммед (с.ғ.с.) пен Әзірет Әлі 29-шы рет сандарымен көрсетілуі олардың Смағұл пайғамбардан санағандағы ұрпақтарының реттік саны болып табылады. Екіншіден – Бұл деректер Ибн Хишамның «Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны» кітабынан алынды. Алматы. 2004 жыл.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау