Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»



бет18/59
Дата04.12.2017
өлшемі11 Mb.
#3123
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59
.
VІ Бекқожа Өзібекұлы
Бекқожа атамыздан үш ұл: Батырхан, Шөлдір және Ақым.

1.Батырханнан: Қадырбай, Қадырбайдан Тұмабай, Тұмабайдан Амантай, Есентай, Сақыш және Нағимаш. Амантайдан Қайырбек, Қайырбектен Нұрсұлтан, Ерсұлтан және екі қыз бар.

Есентайдан Ғалым, Құрман, Қасым есімді үш ұл бар. Ал енді Ғалымнан Данат, Саят, Санжар туады. Құрманнан Нұрқожа, Арнат және Айдана. Қасымнан Алан, Аяулым, Пияра тарайды.

Тұмабайқызы Сақыштан: Рымбек, Қайырбек, Даманғали, Талғат, Ершат, Дулат, Солтан (қыз), Сәуле (қыз)-деген жиендер өсіп жатыр.

Тұмабайқызы Нағимаштан – Мақсат пен Іңкәр (қыз) есімді жиендер бар.

2.Шөлдірден Досымхан және Батиман (қыз). Досымханнан Сақажан, Сақып (қыз) және Серікхан. Сақажаннан үш ұл: Берікқан, Сакен, Бекжан және төрт қыз (Сания, Ғалия, Гүлжан, Қарлығаш). Берікқаннан - Айдын, Балғын, Гүлім және Айым. Айдыннан Сұлтан туады. Сакеннен - Бауыржан, Назым, Шынар, Жансая. Бекжаннан Нұржан және Тоғжан мен Аружан. Шөлдірқызы Батимадан Ақыл және басқалар.

3.Ақым Бекқожаұлынан - Мұқыш, одан Әбілқасым. Әбілқасымнан Мағаз және Гүлзахран (қыз). Мағаздан төрт ұл: Болат, Мұрат, Жанат және Шакер.

Болаттан- Олжас, Шыңғыс, Ернұр. Мұраттан- Елжас пен Санжар. Жанаттан –Бекзат пен Нұрхат. Шакерден-Диас пен Ілияс.




VІІ Есқожа Өзібекұлы
Есқожа бабамыздан Нұят (Ноян) туады, одан Самет, Айтбай және Ахмади. Ахмади мен Айтбайдан ұрпақтар қалмады. Саметтен-Рымтай. Рымтайдан: Қали, Ержан, Нұржан және төрт қыз (Базира, Фарида, Гүлсім, Гүлзира). Қалидан - Тимур мен Тұрлан. Тимурдан екі ұл: Әмір мен Айлин. Тұрланнан - Алихан, Әмина (қыз). Ержаннан Рүстем, Біржан, Бақытжан, Ұлан, тағы бір қыз. Рүстемнен Ілияс, Біржаннан Санжар. Рымтайұлы Нұржаннан Серікжан есімді жігіт өсіп келеді.
Ханқожа (Ажыбек) Саяқыпұлы

Саяқып қожа бабамыздың бәйбішесінен туған жеті ұлының біреуі Ажыбек (Ханқожа). Бұл атамыздан менің қолыма түскен деректер бойынша Күнтай, Еркінбек, Алтынбек, Әлімбек, Бабахан есімді ұрпақтары тарайды. Енді осы аталарымыздың шежіресін тарқатайын.



  1. Күнтай.

Осы Күнтай атадан: Шотай, Қасымжан, Шүкібай және бірнеше қыздар туған. Қыздарының ішінде Бәпи есімді қызына қатынасты жазылған әңгіме – деректер баршылық.

  1. Шотайдан Ахметжан, одан Қыржыбай, одан Нұрмұхамбет. Нұрмұхамбеттен үш ұл: Шакер, Дәурен және Нұрсұлтан.

  2. Қасымжаннан Туратай, Туратайдан ұрпақ жоқ.

  3. Шүкібайдан Тышқанбай, одан Жұмағазы. Жұмағазы әкейден: Нұрғазы, Байғазы, Ахметқазы. Нұрғазыдан Нұрлан мен Талғат. Нұрланнан Нұрай. Талғаттан Мұрат пен Нұр туады. Байғазыдан Ерлан мен Серік. Ерланнан Ерқанат және Әбілмансұр. Серіктен Нұрдаулет. Ахметқазыдан үш ұл бар – Әлтайыр, Жомарт және Олжас. Әлтайырдан Наркес пен Нұртас. Жомарттан Нұрқас деген жігіт өсіп жатыр. Ал Олжастан Ақнәзік есімді бала бар.

  4. Бәпи қыздан Орысқожа ұрпақтары тарайды. (Бұған кейінірек жеке тоқталамын)

  1. Еркінбек

Еркінбектен бес ұл туады. Сүлеймен, Ешенғазы, Сопы, Әубүкір және Жанбүкір. Сүлейменнен жалғыз Күләш есімді қыз туған. Ешенғазыдан Ағыбай мен Ағынтай. Ағыбайдан бірнеше қыздар бар, ұл жоқ. Ағынтайдан ұрпақ жоқ. Сопы детдомға кетіп, одан соғысқа барып опат болыпты, ұрпақ қалмады. Әубүкір мен Жанбүкірден қыз балалары бар, бірақ түтінін түтетер ұл балалары болмады.

  1. Алтынбек

Алтынбек атадан Толабай одан Әлімқожа одан Нұрға туады. Нұрғаның ұрпағы Бөкен (қыз) бар.

  1. Әлімбек Ханқожаұлы

Бұл атамыздан Халық және Салық есімді екі ұл баласы болыпты. Халықтан ұрпақ жоқ. Салықтан Бадыбай, Ахметжан, Қожақұл және Көкежан есімді төрт ұл. Бадыбай атамыздың ұрпақтары туралы дерек жоқ. Жорамал бойынша ұрпақ қалмаған сияқты, ал егерде ұрпақтары бар болса хабарласар деген ойдамын. Ахметжаннан Мақсат жалғыз туады. Мақсаттың ұрпағының бар – жоғы белгісіз. Қожақұлдан Қасым, Қашқынбай (Ғаббас) яғни Қашқынбайдың нақты есімі Ғаббас болып табылады. Қасымнан Базарғали, Базарқұл, Базарбай, Құрманғали деген ұрпақтары болыпты. Өз кезегінде Базарғалидан Жақсылық, Нұркамал (қыз), Бикамал (қыз) туады. Жақсылықтан Анатолий, ал Анатолидің ұрпақтары бар, бірақ есімдері белгісіз. Базарқұл мен Құрманғали ағаларымыз Ұлы Отан соғысында опат болып, ұрпақ қалдыра алмады. Ал, енді Базарбай әкемізден Мұрат пен Қанат туады. Ғаббастан мендегі дерек бойынша үш ұл және бір қыз туады. Олар Камаш (қыз), Қайрат, Болат және Тұрсын. Қайраттан Қайнар, Болаттан Данияр. Ахметжан мен Қожақұлдың ұрпақтары Қытайда тұрады. Көкежаннан екі ұл: Жарқымбай және Жарқынай. Жарқымбайдан Қайрат және бірнеше қыздар туады. Қайраттан Мақсат тарайды. Жарқынайдан алты ұл және бірнеше қыздар бар. Ұлдар: Ертуған, Ержан, Амангелді, Аманжол, Мұхтар және Шалқар. Ертуғаннан Айбек пен Ернар ал Айбектен Әділжан. Ержаннан Жәнібек одан Нұрдәулет. Амангелдіден Әйгерім мен Құралай есімді қыз. Аманжолдан Мадияр, Мұхтардан Эльдар. Эльдардан Ерсұлтан. Шалқардан әзірге екі қыз бала туып өсіп жатыр.

  1. Бабахан Ханқожаұлы

Бабахан бабадан Бәбек (Бабабек) және Әділ туады. Бәбек (Бабабек) атадан Садық, Садықтан Ыдырыш, Ыдырыштан Каукен мен Кенжебазар туады. Кенжебазардан ұрпақ жоқ. Каукеннен қыздардан басқа бес ұл бар олар: Нұрсейіт, Құлжабек, Сәбит, Дарын, Фархат. Нұрсейіт пен Дарыннан туған қыздар бар, әзірге ұлдары жоқ. Құлжабектен Нұркен. Фархаттан Өркен есімді ұрпақтар бар. Сәбиттен әзірге тұқым жоқ. Әділ Бабаханұлынан Мәшірбай, Мәтінбай және Серікбай туады. Мәшірбайдан Құрманғали, Мұсылманқұл, Байкен тарайды. Құрманғалидан Төкен, Әбдімажит деген екі ұлы болған екен. Мұсылманқұлдан Мәуліт, Мәуліттен Мишка, Мақсұт, Махмұт және Нұрзат тарайды. Байкеннен Қайырбек туады. Қайырбектен Бахтияр деген жігіт бар. Төкеннен төрт ұл: Мәулітқазы, Советхан, Қанат, Болат,. Мәулітқазыдан Мейрамбек, Нұрлыбек, Мереке, Қуат туады. Советханнан Марат пен Асхат деген екі ұл бар. Қанаттан Талғат әзірге жалғыз ұл. Болаттан Нұрсұлтан мен Нұрәлі. Әбдімажиттен Құршит және Марат туады. Мәтінбайдан Бөгіс, Бөгістен Жылқышы, Жылқышыдан Ермек ұрпақтар тізімін жалғастыруда. Серікбай Әділұлынан екі ұл Сіргебай мен Лаубай. Сіргебайдан Орынбай, Серікжан және Бауыржан туады. Орынбайдан Еркін мен Еркебұлан. Еркіннен үш қыз, Еркебұланнан Ерасыл. Серікжаннан Амантай туады. Бауыржанның үш қызы бар. Лаубай Серікбайұлынан алты азамат өсіп – өркендеп келеді. Олар: Қадылбай, Әділбай, Қайрат, Марат, Мұрат және Арманбек. Қадылбайдан Ғалым және Мақсат есімді қос ұлдары бар. Әділбай бауырымыздың шаңырағында Сырым және Серік есімді екі ұл ұрпақтар сабақтастығын жалғауда. Қайрат інімізден Дәулет деген жігіт, Мараттан Азамат пен Руфат, Мұраттан, Медғат, Арманбектен Қайратбек және Жігер деген жігіттер ата бабаларының жолын ары қарай жалғайды деген ойдамыз. Ескерту: Ханқожа бабамыздың ұрпақтарының шежіресін жасағанда Жұмағазин Ақанай, Серікбаев Әділбай бауырларымның берген деректері негізге алынды.

Орысқожа

Мөлшері 1790 жылдың аяқ кезінде, Қытай шекарасының қалмақтардан тазалануына және қазақ халқының Аякөз-Алакөл өңіріне орналасуына байланысты, орыс патшалығының көпестері қазақ арасына, Қытайға сауда керуенін жіберіп сауда жасай бастаған ғой. Сол көпестердің бірі 25-30 жастағы Омбының Петр Сорокин (1819-1882 жж) деген азаматы екен. Қазақтар оны өз ыңғайына бейімдеп, Петінке деп атап кеткен екен. Осы Сорокиндер әулеті кезінде Семейде тері заводын ұстаған екен. Петрдің әкесі Сорокин (1790-1855 жж) Павлодар, Омск, Тюмень, Иркутскіде сауда жасапты.


Омбыда тұратын, қазақтармен қоян-қолтық араласып өскен Петінкеге қазақ ішіне келіп сауда жасау онша қиындыққа түспейді және де, саудасының басын ұстаған бірнеше қазақ жігіттері – тілмәштәрі болыпты. Бұл жас жігіт өзінің сауда керуендерін Қытайға аттандырып, бір бөлігін семіз найман, сыбан елінің ішін аралатып жібереді де, өзі ел жақсыларына, тарту-таралғы таратып, қазақ халқының жай-күйімен танысып жүреді. Бір кезде Лай-Бұлақ деген жердің төменгі жағында отырған Ханқожа деген қожаның ұлы Күнтай байдың ауылына түседі. Бай өзіне тиесілі тарту-таралғыны алып, жеке үй тігіп, сойыс сойып, орыс көпесін жақсы ықыласпен күтіп жатады. Осы байдың Бәпи Бибі есімді бойжеткен сұлу қызы болады. Қыздың жүрісі-тұрысынан, киімінен, жоғары тәрбиелі екенін Петінке де аңғарады. Орта бойлы, аққудай аппақ, 15-16 жастағы қызды көріп, көпес жігіт ғашық болып қалады. Жігіттеріне керуендерін алғызып, сауда жасап, торға түскен қояндай кете алмай, Күнтай байдың ауылында ұзақ жатады. Бірнеше тоғанақ сауда мүліктерінің билігін Күнтай байға беріп, өзі кетіп қалады. Біраз уақыттан кейін елдің ардақты, сыйлы ақсақалдарын ертіп, Күнтай байдың қызына құда түсуге келеді. Күнтай бай қожа тұқымы болғандықтан: «Кәпірге қыз беруге болмайды, ол үшін мұсылман болуы керек. Егер қызыма шын үйленемін десе мұсылман болсын» деген шарт қояды. Ақсақалдар да байды қолдап, мұсылман болуын сұрайды. Ғашықтықтың уына уланған, отына жанған Петінке ақыр аяғында өз еркімен мұсылман болады. Сонымен, Күнтай бай тойын жасап, отау тігіп, жасауымен, күтуші адамдарымен Бәпи сұлуды Петінке көпеске ұзатады. Осы екеуінен өсіп өнген ұрпақтары қазір бір тайпа ел болып жер-жерге таралып өмір сүруде. Әкелері – орыс, аналары қожаның қызы болғандықтан бұлардың ұрпақтары Орысқожа деп аталып кетті. Петінке өлерінің алдында өсиет етіпті: «Мен өлгеннен кейін жаназамды шығартып, мәйітімді Сорокиндер – туыстарымның қолына беріңдер» депті. Айтқаны бойынша туыстары Петінкенің мәйітін Мамырсу ауылының жанындағы орыс зиратына қойыпты. Аягөз аймағын мекендеген қожалар алғаш рет Түркістан, Созақ, Қаратау жерінен ислам дінін тарату үшін келгенде Аягөз өлкесін мекендепті, содан кейін жан-жаққа бөлініп орналасқан екен. Бір бөлігі Қаракөл өзенінің төменгі бойындағы Жанама деген жерді біраз уақыт қоныстанады да кейіннен Ақшәулі тауының күңгейіне қоныс аударған екен. Оған себеп сол маңдағы Найманның қыржы – тума, тұманшы және т.б. рулары жеріміз тарылып кетті деп қожаларды шеттете берсе керек. Содан, 40 үй қожаны Кәдірбайұлы (аты белгісіз) есімді бабамыз әр үйден жинап 40 өгіздің құнын сайлау жұмысын өткізуге келген оязға беріп, араға қожаға күйеу – Петінкені сала отырып Ақшәулінің күнгейін сатып алыпты. Қожалар осы күнге дейін осы жерлерді (Көктөбені, Қарабұлақты, Көкаланың күнгейі мен теріскейін) мекендейді. Ал аяқ Қарауыл, Қаракөл, Лайбұлақ деген жерлерде Петінкенің қалың жылқысы жатады екен. Петінкенің қалыңдығы Бәпи қыз тек сұлулығы мен, қылықты мінезімен ғана аты шықпаған, сонымен бірге ақылдылығымен, алғырлығымен, адамгершілік қасиеттерімен, батырлығымен де танылыпты. Осыған дәлел ретінде елдің аузындағы мына бір әңгімені назарларыңызға ұсынамын.

Бәпи сұлудың Қазыбек батырды жаудан қорғауы

Қазыбек батыр (руы – Қарақалпақ болса керек) бір жорығында, қалың жауға жолығып, бірнеше жерден садақтың оғы, найзаның ұшынан жараланған, астындағы атының нашарлығынан жаудан құтыла алмай, Ай өзенінің бойындағы «Аяққарауыл» деген жерде отырған Петінке байдың ордасына келеді. Жараланған Қазыбекті көрген Бәпи сұлу Қазыбекті үйге кіргізіп жіберіп, өзі қолына бақанын ұстап, келген қуғыншыларға «Тарт атыңның басын Семізнайман, Қазыбектей ұл тумайды, Бәпидей қыз тумайды» - деп жауды үйге жолатпайды. Қазақ дәстүрінде әйелге қарсы қол көтеру деген жоқ. Екінші жағынан Витенко сияқты орыс байының ордасына шабуыл жасау қазақ үшін өліммен бірдей еді. Бәпи сұлу Қазыбек батырға арнайы жеке үй тігіп, ту бие сойғызып, бақсы-балгерлерді жинап, бір айдай емдейді. Жазылып болған соң әңгімелесіп отырғанда ол айтады екен: «Шіркін, сол жолы қарақасқа атым астымда болмады, Қабышайым қасымда болмады» - дейді екен. Қабышай – Қарақалпақ Мәмбетейдің әкесі екен. Бәпи сұлудың «Қазыбектей ұл тумайды», «Бәпидей қыз тумайды» деуінің мәнісі Қазыбек еліне сыйымды, қамқоршы, атақты жігіт, өзі болса елден асқан сұлу қыз екендіктерін меңзеп айтқаны болса керек.

Енді Орысқожаның ұрпақтарын таратамын. Саяқыпқожа бабамыздың он бір (кей деректе тоғыз) ұлының бірі Ханқожа (Ажыбек) осы Ханқожаның Күнтай деген ұлының Бәпи деген қызын ұлты орыс – Сорокин Петр (ел Петінке деп атап кеткен) алады, осы екеуінен тараған ұрпақты Орысқожа деп атайды. Сонымен, Бәпи мен Петінкеден тараған ұрпақтары қыздардан басқасы бес ұл екен. Олар: Әмір, Әліп, Шайық, Әзімбай және Әшімбай. Бұлардың ішінен Әмір, Әліп, Шайық үшеуі қажыға барған екен, екеуі аман-есен елге оралыпты да Шайық (Шайхы) қажыға барғанда сол жақта қайтыс болыпты. Сондықтан бұл кісіні «Шейіт қажы» деп атап кетіпті. Бұл Шайық қажыдан ұрпақ жоқ.

Әмірден Оспан, Оспаннан бес ұл туады: Жұмахан, Өзбекхан, Төкен, Мұхаметкәрім және Түсіп.

Жұмаханнан үш ұл: Мырзахан, Кемелхан, Кенжехан, Мырзаханнан Жолдыхан, Асылхан мен Айдархан. Жолдыханнан Бейбітхан, Қайырлы, Едіге, Думан. Асылханнан Жасұлан мен Әлібек, ал Айдарханнан Аслан туады. Кемелханнан Ақшәулі, Ақпейіл, Айдын, Қуат.

Кенжеханнан Алимхан, Әділхан, Ғалым, Қаһарман.

Өзбекханнан жалғыз қыз Шарапат туады.

Төкеннен де ұл жоқ, бес қыз бар. Мұхаметкәрімнен Мизам мен Тлеухан. Мизамнан Санат, Қанат, Панат тарайды.

Төлеуханнан Дәурен, Аян, Думан және Мейрам.

Түсіптен Ахметсәлім мен Кенжебек.

Ахметсәлімнен екі қыз бар, ал Кенжебектің ұрпағының бар – жоғы белгісіз. Осымен Әмір ұрпақтары шежіресін аяқтап, Әліптің ұрпақтарын таратамын.

Әліптен Әбіш, Әбіштен Темек қажы, Мұхамедьяр мен Жақыпбек туады. Темек қажы (1880-1928 жж) 1910 жылы Меккеге барып қажы атанған. 1928 жылы Кеңес үкіметі тарапынан бай ретінде қудалауға түсіп, атылған.

Темек қажыдан Темірбек, Әбдікәрім, Асаутай және Сырғатай (қыз) таралады.

Темірбектен Бәтес тәте, бұл апайдан Тұяқбаевтар әулеті (4 ұл, 6 қыз) тарайды.



Әбдікәрімнен төрт ұл және бір қыз - Гауһар туған. Ұлдары: Мұхтар, Орал, Айдар, Қайрат туады. Мұхтардан Жеңіс, Азат және Зарина туады. Оралдан Азамат пен Әлішер бар. Айдардан Данияр, Айдын ал Қайраттан Елжас, Малика, Ақмарал тарайды.

Мұхамедьяр Әбішұлынан екі ұл дүниеге келген: Қатай мен Бейсембай.Бейсембайдың ұрпағының шежіресі белгісіз. Ал енді Қатайдан Исатай, одан Елеуке туады. Елеуке ағамыздан бес ұл және алты қыз дүниеге келген. Ұлдары: Жанат, Санат, Қолқанат, Талғат, Қуаныш. Қыздары: Сәуле, Бақыт, Баян, Салтанат, Света, Зәуре. Жанаттан Асхат, Азамат, Саят, Арман. Санаттан Марлан мен Расул. Қолқанаттан Темірлан мен Бекарыс. Талғаттан Нұрасыл. Қуаныштан екі қыз өркен жайып келеді.

Жақыпбек Әбішұлынан алты бала туады. Рымтай, Маусымбек, Маусымбай, Мәуіткәрім және Жабағытай мен Шакен апайлар. Аттары аталған төрт ұлдары ертерек қайтыс болып ұрпақ қалдыра алмаған. Жабағытай апайдан Мәлкеньяр мен Нұрлан және алты қыз туған. Шакен апайдан Тұрыстай, Мишка, Иса, Амангелді аталатын ұлдар және үш қыз дүниеге келіпті.

Ескерту: Орысқожаның шежіресінің басым бөлігі марқұмдар: Нұрахметов Сәду жездей мен Оспанов Кенжехан ағаның ертеректе бұл дүниеден өтпей тұрғандарында берген деректері негізінде жасалынды.

Әзімбай Петінке ұлынан Күреңтай мен Қоңыртай туады. Қоңыртай детдомға кеткен, ұрпағы белгісіз. Күреңтайдан Талғат деген жалғыз ұл және Биғаш, Күлпаш, Гүлшат, Гүлжанат, Гүлбаршын атты бес қыз дүниеге келген. Талғаттың кіндігінен Алпамыс, Жандос, Шыңғыс, Таңат деген төрт ұл және Алия, Мәншүк есімді екі қызы бар. Алпамыстан Арнұр, Жандостан Орынхан, Шыңғыстан Жангелдідей жеткіншектер өсіп келеді.

Әшімбай Петінкеұлынан ұрпақ жоқ. Петінке мен Бәпиден тағы Назар, Базар атты егіз екі қыз туады. Бұл екі қыздар бойжеткен шақтарында тұрмыс құрмай тұрып қайтыс болыпты.

Осы Орысқожаға жатамыз деп маған берген тағы екі шежіре бар, енді соны көрсетемін:

  1. Орысқожадан Хасен, Хасеннен Таусоғар, Қамке деген екі ұл. Қамке үйленбеген екен. Таусоғардан Текен, Жұмаш, Жұматай, Түсіпбай және Меңтай (қыз). Текеннен үш ұл бар: Айкен, Серікқазы, Берікқазы. Айкеннен Саят, Серікқазыдан Әсет пен Азат, Әсеттен Алинұр туады. Берікқазыдан Азамат пен Архат, ал Азаматтан Әкежан тарайды.

  2. Жоғарыда аталған Орысқожадан Құдайберген. Құдайбергеннен Садықан, Садықаннан Дүйсенбай, Дүйсенбайдан Мыңжасар мен Көпжасар. Мыңжасар үйленбей қайтыс болған, ұрпақ жоқ. Көпжасардан Бахтияр мен Қайрат туған. Бахтиярдың балалары: Мадияр, Дидар, Әлішер.


Саяқыпұлы Қарақожаның шежіресі
Саяқып бабамыздың баласының біреуі - Қарақожа. Осы Қарақожадан тараған ұрпақтары қазір Шығыс Қазақстан облысында, сонымен бірге Қазақстанның басқа облыстарында да, тіпті шет елдерде де кездеседі. Бірақ нақты қолымызға тиген деректер жоқтың қасы. Тек кейінгі жылдарда осы әулетке жататын Шайділда ұлы Төлеухан ағамыздың «Ғибрат» деген кітабы (2001 ж шыққан) қолыма түсті. Енді осы ағамыздың өзін сөйлетейік.

Менің тегім - қожа, тікелей бесінші атам Қарақожа хан Патшайым деп аталады. Осы әулие бабам ислам дінін Сарыарқадағы елге таратып, орнықтыру үшін қасиетті Түркістаннан шығыпты. Ол бабам Сарыарқаға орнығып, әкем Шайділдаға дейін арқадан тұрақ тапқан. Мен де қасиетті бабаларым тіршілік еткен Семей өңірінде туыппын. Сол топырақты басып ержеттім. Елдің айтуынша Қарақожа хан Патшайым Ислам дінін жете білетін, көзі ашық, әулие адам болыпты. Ел ішінде атағы шыққан, көпке шарапаты тиген кісі екен. Өмірде қысылғандар мен тарыққандар осы бабамыздың атын айтып, аруағын шақырып медет тілепті. Шын пейілімен сұраған кісілердің тілегі кейде қабыл болады екен. Арқа жерінде туған үлкен ұлының атын Қазқожа деп қойыпты. Осы Қазқожадан бес ұл тарайды: Биқожа, Қанқожа, Бабақожа, Қозекеқожа, Кенжеқожа.

Биқожадан→Әділқожа,Түсіпқожа→0. Әділқожадан→Шайділда, Малай (Сылық), Шаймағанбет, Мұхат, Ахат, Ахай атты алты ұл тарайды. Өз уақытында осы алты ұл, алты ауыл болған.

Шайділдадан→Мұсахан, Исахан, Сейітхан, Садықан. Малайдан→Исатай, Мұсатай. Мұсахан соғыстан жаралы болып келіп, соның зардабынан қайтыс болған.

Ал Исатай үйленбеген еді, соғыста мерт болған. Малайдың екінші ұлы Мұсатай байдың баласы ретінде қысымға алынған, ақырында қуғында жүріп суға кетіп өледі. Әділқожаның Шаймаған, Шаймағамбет, Мұхат, Ахат, Ахай атты ұлдарынан тұқым қалмаған.

Қазқожаның екінші ұлы Қанқожадан→Талқожа, Ахметжан, Қоңыр, Ыбырай, Жақып тарайды.

Талқожа, Қоңыр, Ыбырайдан ұрпақ тарамаған.

Ахметжаннан→Әбдіхалық, Бейсен.

Жақыптан→Серік, Кәрібай. Серік→Дәрібай→Орынтай, Естай, Ертай, Төлеутай (дарынды дәстүрлі әнші). Ертайдан – Ертөлек.

Кәрібайдан→Кәдір, Қантай, Шайзада тарайды.

Кәдірден→ Дабыл, Орынтай, Құралай.

Шайзададан→Айжамал.

Қазқожаның үшінші ұлы Бабақожадан→Ақан Біләлов атты ұрпақ бар.

Қазқожаның төртінші ұлы Қозекеқожадан→Әбіш.

Қазқожаның бесінші ұлы Қошанқожа→0

Қазқожаның алтыншы ұлы

Кенжеқожадан→Нұртаза→Сейфолла.

Жоғарыда аталған туыстарының ұрпақтары өсіп-өніп жатқан шығар, бірақ қолда дерек болмағандықтан бұл шежіреде жаза алмадық. Бұны оқығандары болса өздері жалғастырар деген ойдамын.



Ескерту: Қарақожа бабамыздан тараған Шайділда ұлы Төлеухан ағамыздан басқа да көптеген ұрпақтары болуға тиіс, бірақ біздің қолымызда деректердің болмауына байланысты жаза алмадым. Егер ондай туыстарымыз болса, мына еңбегімді оқып, танысып ары қарай өзі жалғастырар немесе хабарласар деп үміттенемін.
Қарақожа ұрпақтарының бірі Саназар
(Бұларды Сарым Байдәулет ішіндегі қожалар дейді).

Қарақожадан: Саназар, одан Көрпе қожа, одан Бексұлтан, одан Оспан қожа, Мәжікен.

Бексұлтанның баласы Оспан қожадан: Шәріп, Нұрыбек, Жұмаш.

1.Шәріптен: Әркен, Шеге, Сәбет, Маржан, Меруерт, Әлия.

А)Әркеннен: Мақсұтбек, одан Сабыр, Қабыл, Қайыр, Мырзабек, Дәурен, Жарқынбек, Дәулетбек, Ғазия, Панар, Жанар. Анасы Несіпбала Нығыметбекқызы. Төркіні Тобықты - Құланшы. Сабырдан: Ержан, Гүлнұр. Анасы Сәуле Жүнісбекқызы. Кіші жүз, Табын. Қабылдан: Ердос. Анасы Салтанат Алдажанқызы. Керей. Қайырдан: Гүлжанат, Гүлден, Дина. Анасы Бақша Шаймақызы. Әлтеке-Әтембек. Мырзабектен: Қолғанат, Әнел. Анасы Айжан Аманбайқызы. Төркіні Қара. Дәуреннен: Динара. Анасы Сәуле Боранбайқызы. Төркіні Керей.

Ә) Шегеден: Қадыр, одан Ғалел, Жанна, Белок. Ғалелден Елжас, Ернар, Саназар.

Б)Советтен: Алмагүл, Зәмзәгүл.

2.Нұрбектен: Санақ, одан Қанат, Жомарт, Бақыт.

3.Жұмаштан: Айтан, одан Айбол, Ербол, Нұрбол, Ардақ, Айгүл, Жаңагүл. Анасы Алтын Омарқызы. Төркіні қожа. Айболдан: Талғат, Бауыржан, Айнагүл. Анасы Дәмер Алжабайқызы. Төркіні Құттыбай. Ерболдан: Алмас, Жанна, Анасы Ризагүл. Нұрболдан: Саяхат, Жайнагүл, Ақнұр. Анасы Құндыз Төлеужанқызы. Байдәулет.

Көрпе қожа-қолының шипасы бар емші, көріпкел, пірадар адам болыпты. Қараменде би, Сана би тұстас адам болса керек. Қыстағы Нұркен ауылының Қаратал жерінде Қожа қыстағы, Қожа қорасы бар. Осы жерде Көрпеқожа жерленген бейіт бар. Халық әулиеге табынып, басына түнеп жүреді. Ал Жұмаштың баласы Айтан көп жылдар бойы ауылды жерде ел басқарып, халыққа қадірлі азамат болған. Айтанның бабалары Сарымның Байдәулет ұрпағының имамы болған.


Сұлтанқожа Саяқыпұлы
Саяқып бабамыздан тарайтын балаларының бірі - Сұлтанқожа. Сұлтанқожаның Андақұл мен Жүрсін есімі ұлдары болыпты. Жүрсіннен Жүрінби, Мұқатай, Мұрынбай және Иманбай деген ұлдар туған екен. Жүрінби аса күшті балуан болыпты. Өз заманында ол талай мықтылармен белдесіп жеңіске жетіп атағы осы маңайға тарапты. Бұл туралы ел аузындағы бір белдесуі туралы айта кетейін. 1928 жылы осы Аягөзде бір той болып әр жерден мықты деген балуандардың басы қосылып күрескен екен. Бұл тойға Тарбағатай, Ақсуат аймағының сол кездегі атақты балуаны Боранқұл да келіпті. Сонымен, екі мықты Жүрінби мен Боранқұл белдескен екен. Екі мықты талай ырғасып, әртүрлі әдіс-айлаға салып күресіп ақырында Жүрінби жығыпты. Боранқұлдың жасы Жүрінбиден үлкенірек болса керек. Боранқұл: «Әй Жүрінби! Жасың кіші ғой басымнан аттама» - депті дейді. Бұл күрестің тарихын Мыңбұлақ ауылының байырғы тұрғыны марқұм Динажұманов Омаш (руы Жангөбек) сонымен бірге Төтекбаев Доланбай ағаларымыз баптап, бабына келтіре айтушы еді.

Осы Жүрінби атамыздан екі қыз Орынтай мен Сырғатай әкелірінің ізіндей болып артында қалды. Өкінішке қарай, бұл атамыздың түтіні өшіп қалды, артында ұл баласы болмады.

Жүрсіннің Жүнірбиден басқа Мұқатай, Мұрынбай, Иманбай деген ұлдарынан да ататегін жалғайтын ұлдары болмады. Тағдырдың жазуына не шара бар? Тек Иманбай ағадан Нәткен есімді жалғыз қызы қалып әкесінің шаңырағында отыр.

Жоғарыда көрсетілгендей Сұлтанқожаның екі ұлының бірі Андақұл. Енді осы атаның ұрпақтарын таратамын. Андақұлдың үш ұл баласы бар: Кемелхан, Төлеу, Төребай.



Кемелханнан Жексембай (Жекен) туады, ал Жекеннің қыздардан басқа екі ұлы бар, олар: Нұртуған және Айдар. Нұртуғаннан Ернар, Ернардан Нұралы, Ералы деген ұрпақтар өсіп келеді. Айдардан үш ұл: Әлішер, Сұлтан және Бейбарыс.

Төлеу Анақұлұлынан Нұрмұхамбет, Нұрмұхамбеттен Лаубай, Асқар, Асхат және Ануарбек туған. Лаубайдың Жандос, Асқардың Айдын, Асхаттың Елдос және Еламан, Ануарбектің (Бегештің) Айбек деген ұлдары бар.

Төребай Анақұлұлының кіндігінен Нұрахмет, Ертісбай деген екі ұл. Төребай ата сарынды, әңгімешіл, аққұбаша өңді, таза жүретін бауырмал жан еді.

Нұрахметтен: Бертісбай, Қонысбай, Қанат, Жанат. Бертісбайдан Айдын, Әділ деген ұлдар бар. Бұлардан-Айдыннан-Әуез, Санжар, Әділден-Ерасыл мен Бекарыс.

Қонысбайдан ұрпақ жоқ, үйленбей тұрып қайтыс болған.

Қанат бауырымыздан үш қыз, ұл жоқ. Жанаттан Әділбек пен Нұрбек туған.

Ертісбайдың кіндігінен қыздардан басқа төрт ұл бала Жақыпбай, Жақанбай, Оразбай, Жандос.

Жақыпбайдан Ринат, Жақанбайдан Айдос, Оразбайдан Жантөре, Жандостан Рауан есімді ұрпақтар өсуде.



Сәсейітқожа Саяқыпұлы
Менің қолымдағы шежірелердегі деректер бойынша Атахан, Атанбек (Аташ), Дайырбек, Тоғайбек, Қылышбек, Асылбек аталарымыз осы Сәсейіт бабамыздың ұрпақтары болып саналады, ал әкелері Нұрқожа деген кісі Сәсейіттің баласы екен. Енді осы Нұрқожаның ұрпақтарын білгенімше таратамын.

І-Атахан атадан екі ұл: Әбіш пен Мұқаш. Ал бұл екеуінің ұрпақтары туралы әзірге менің қолымда ешбір дерек жоқ. Білетін адам болса хабарласар деген ойдамын.

ІІ-Атанбек (Аташ). Бұл кісіден Сағынбай, Әбділда, Кәріпжандар туады. Сағынбайдан Алтынсары, Төлеусары есімді екі қыз, ұл жоқ. Әбділдадан ұрпақ жоқ. Кәріпжаннан Төкен мен Хасен әкелеріміз дүниеге келіпті.

Төкен Кәріпжанұлының Мұқан (Мұхаметрахым), Медетхан, Мұхамет, Жұлдыз деген ұлдары және жеті қыз балалары бар. Өз кезегінде Мұқаннан Ерлан, Еркін, Ермек, Нұрлан туады. Ерланнан Азамат, Ералы. Нұрланнан Әділет деген азамат бар.



Медетханнан – Қуаныш пен Дархан, ал Қуаныштан – Ерқанат, Дарханнан – Дарын дүниеге келген. Дарыннан Мадияр.

Мұхаметтің Думан және Данияр деген ұлдары бар. оның Думанынан Айсұлтан, Даниярынан Әли мен Мәди тарайды.

Жұлдыз Төкенұлының Рүстем деген баласы бар.

Хасен Кәріпжанұлы әкемізден Мұхтар мен Мұхаметхан және Бәдигүл, Нұрғайша, Нұрқадиша деген қыздар туады. Мұхтардан Қайрат, Серік, Нұрлат, Архат деген ұлдар, тағы да үш қыз тарайды. Қайраттан Берік пен Ақтөре және екі қыз бар.

Серік Мұхтарұлынан екі қыз (есімдерін білмедім). Нұрлат бауырдан Абдуллаһ және бір қыз. Архаттан Мұхаметхан және тағы есімдері белгісіз үш қыз бар.



Мұхаметхан Хасенұлынан ұрпақ жоқ, қайтыс болған.

ІІІ-Дайырбек Нұрқожаұлынан Нүкібай мен Итемген аталықтары тарайды.

Нүкібайдан Садуақас, Мұқатай. Садуақастан Молдаш, Молдағали, Мырзағали және Оралғазы.

Молдаштан Сағадат, Әділ, Құрман, Алтай есімді төрт ұл. Сағадаттың жанұясында Айдын, Айдос, Елдос, Жандос ұрпақтар өсіп келеді. Әділден Ермек, Құрманнан Ерзат, Алтайдан Дидар туады. Ал Айдыннан Әмір тарайды.

Молдағалидың Бақыт, Балқаш, Бауыржан және Амангелді деген ұлдары бар. Бақыттан Руслан, Русланнан Қаршыға мен Нұрсұлтан. Балқаштан Еркебұлан. Бауыржаннан Назерке, Ақерке.

Мырзағалидан Болғария, Нұрлан (қайтыс болған), Ерлан туады. Болғариядан София (ерке қыз), Нұрым, Ерланнан Нұрсұлтан және Ерсұлтан.

Оралғазының кіндігінен туғандар: Бағдат→Ардақ және Арай.

Итемген атамыздан Жұмаділ, Дәріауыз және Жұмағалидың ұрпақтары тарайды. Итемгеннің осы аттары аталған үш ұлы да екінші дүниежүзілік ұлы отан соғысына қатынасып опат болыпты. Болғанмен бұл аталарымыздың қалған ұрпақтар бар. олар, Жұмаділден Бекен (қайтыс болған), Бекеннен Қанат, Қуат, Сымбат, Даурен, Медет және төрт қыз бар. Қанаттан Жомарт, Қуаттан Дәулет пен Дастан туады.

Дәріауыз атамыздан Серікқали, Серікқалидан Ержан, Ержаннан Қуаныш туып ұрпақты жалғастыруда. Дәріауыз атамыздың шын аты Айтқожа деп аталады екен.

Жұмағали Итемгенұлынан Төкен және Тілеуғайша есімді екі апайымыз соғыста опат болған Жұмағали әкеміздің соңында қалған ізіндей болып өмір сүріп жатыр. Өкінішке қарай, бұл әкейден түтінін шығар ұл баласы қалмады.



ІV-Тоғайбек Нұрқожаұлы

Бұл атадан тараған ұрпақтары: Әлімғазы, Нұрғазы, Ысқақ, Мұхаметқазы және Мұхаметрахым. Бұлардың ішінде Нұрғазыдан, Мұхаметқазыдан және Мұхаметрахымнан ұрпақ қалмады. Ысқақ атадан Шерубай аға, одан Қанат, Марат, Талғат деген бауырлар бар. Қанаттан Асылмұрат, Мараттан Сұлтан мен Руслан, Талғаттан Шалқар туып ұрпақты жалғастыруда.



Әлімғазы Тоғайбекұлынан Шәмет, Шайзат және Мағауиялар туады. Шәметтен Зияда мен Мұхтар бар. Зиядадан Ғаділбек және Асылбек, ал Мұхтардан Ерсін туады.

Шәйзат ағамыздан: Сағимұрат, Қайрат, Болат, Жанат, Нұрлан бауырларымыз бар. Сағимұраттан Мирас Қайраттан Ақжол, Әбдінұр және Амандық туады. Болаттан Бекзат, Әділ және Нұрәлі есімді жеткіншектер бар. Жанаттан әзірге ұрпақ жоқ. Нұрланнан Бектас, Ақниет есімді өскіндер өсіп келеді.

V-Қылышбек Нұрқожаұлының ұрпақтары: Асанқұл мен Ахмет. Бұлардың қалдырған ұрпағы Төлеуғали болып табылады.

Төлеуғали ағадан Қажымұрат жалғыз ұл. Қажымұраттан Талғат және Алмас деген ұлдар, бірнеше қыз артында қалды.



VІ-Асылбек Нұрқожаұлы. Бұл атадан Абдолла туады, Абдолладан Берік және бірнеше балалары бар. Өкінішке орай есімдері белгісіз болғандықтан бұл шежіреге кіргізе алмадым. Бұл кітапты оқыған ұрпақтар өздері ары қарай жалғастырып әкетер деген ойдамын.

Осы жағдайға ұқсас, тағы бір мәселе, менің қолымда толық талданбаған бір атамыздың шежіресі бар, толықтыруға мүмкіндік болмады. Себебі, тарата алатындай адам кезікпеді. Мен тек қолымда бар деректерді ғана келтірмекпін. Сонымен, Сәсейіттің Атаханынан Әбіш пен Мұқаш туады. Осы екі бабамыздың біреуінен (қайсысынан екені туралы нақты дерек жоқ).

Ералы және одан Ақмыш, Ақмыштан Мұқыш туады. Мұқыштан Жұмабек, Түсіп, Түсіпбек тарайды. Жұмабек әкейден Секен, Бекен және Каукен (қыз) туады. Секеннен ұрпақ жоқ, Бекеннен Бауыржан бар.

Каукеннің (қыз) екі қызы бар (Маржан, Меруерт) және Нұржан есімді ұлы ұрпақ жаюда.

Ал енді Түсіп пен Түсіпбектен ұрпақ жоқ.

Ескерту: Сәсейіт қожаның шежіресін жасағанда Дәріауызов Серікқали ағаның, Тоғайбеков Мұхтар бауырдың және Кәріпжанова Нұрқадиша қарындастың берген деректері ескеріле отырып құрастырылды.



Төлеген Саяқыпұлы
Төлеген Саяқыпұлы (т.ө.ж.б) Саяқып бабаның екінші әйелінен туған ең үлкен ұлы Мұхтардың (Әуезов) үлкен атасы Бердіқожаның туған ағасы, Құнанбайдың замандасы. Төлегеннің Әнежан атты қызы Жортар Ырғызбайұлының баласы Алдажарға ұзатылған. Одан «Сәлем де Әбіғали жалғызға» деп өлең арнаған Әбдіғали туады. Құнанбай мен Абай, Әуез туралы тарихи шежірелерді жинастырған, Абайдың Жидебайдағы қорық-мұражайының меңгерушісі болған Ниязбек Алдажаров - осы Әбдіғалидың баласы. Төлегеннің үрім-бұтағы туралы мәліметтер ғылыми айналымға түспеген. Оның бір ұрпағы – Сіламханның балалары Жамбыл облысының Мерке ауданында тұрады. Төлегеннен Асқар, Жаппар, Шодыбай, Смағұл тарайды. Енді осылардың ұрпақтарын таратамын. Сонымен: Төлеген:

І-Асқар→ 1.Айдархан→Жұматай→?

2.Қасымхан→?

3.Әнежан(қыз)→Әбдіғали(1890-1937)→Ниязбек (1915-1988)→Төлеубек→Айдос.

ІІ-Жаппар→Қожахан (Қожахмет):

1.Рақымберді→Ораз→Ғинаят


2.Рахманқұл→Әшім→Төкен.

3.Разыхан→Сіләмхан→Сабыржан, Бауыржан, Оразбек.

Бауыржаннан Мамай, Абай.

4.Оразхан→0

5.Оразғали→0

6.Айтқожа (Сары)→:1.Сапарқазы→Дулат→Марат.



2.Айымқазы:→

а) Ержан→Азамат, Абылай.

б) Ербол→Сакен.

в)Ерлан→Бекжан, Ерасыл.

г) Ролан→қыздар.

д) Ерол→қыздар.

ж)Нұрбол→Санжар,Алихан,Әділхан. з)Қалқаман→Кемеңгер.

3.Ғадылғазы→:

а) Медет→Әбілмансұр.

б) Серік→қыздар.

4.Болатқазы→қыздар

5.Тілеуқазы→:

а) Қуаныш→Айдын, Айқын.

б) Жомарт→Жігер.

в) Мұхтар→қыздар.

Осы Айтқожа (Сары) атамыздың ұрпақтарының ішінде өнерлі жастар баршылық. Мысалы: Айымқазыдан туылған қарындасымыз Гульмира Сарина әншілігімен елдің сүйіспеншілігіне бөленіп жүрсе, ал оның бауыры Қалқаман Сарин болса бірнеше Халықаралық, Республикалық жыр-мүшайраларының жүлдегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. Қ.Р. Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты болып келешегінен үлкен үміт күттіріп жүрген жас дарындарымыз болып табылады.

ІІІ-Жолдыбай (Шодыбай)→Батырхан→:

1.Қали.

2.Құрманғали.



3.Мейрамғали.

4.Ахмет→Кәрім→Айымхан.

5.Дүйсен.

6.Айтқали.

ІV-Смағұл →Жанахмет→Қабдеш, Қабыш.
Атаханқожа Саяқыпұлы
Саяқыпқожа бабамыздың 9 (кей деректерде 11) ұлы болған. Осылардың ең кенжесі Атахан деген ұлы екен. Қожаға жиен болып келетін Балуанов Қожамберді (руы-Сыбан, Салпы-Шектібай) ақсақалдың айтуы бойынша Атахан атаның шежіресі төмендегідей:

Атаханнан:

1.Үмәнәй-үлкен қызы, бұдан Әділхан, одан Ыдырыс.

2.Айша-екінші қызы, бұдан Балуановтар әулеті тарайды.

3.Ұлхан-үшінші қызы, бұдан ұрпақ жоқ.

4.Әбіш –жалғыз ұл, бұдан да ұрпақ жоқ.

Атахан мен Әбіштің зираты Ағыржал жолайрығының (разъезд) күн батыс жағында шамамен 10-15 шақырым жерде Ащысу өзенінің бойында Солтабайұлы Барақтың (руы-төре) зиратымен бірге. Бұл аталарымыздың Барақ төремен бір жерде жерленуіне қарағанда олар осы Барақтың ауылының «қожасы» болған сияқты.

Саяқып бабамыздың Көкқұраны алдымен оның ең кенже ұлы Атаханда, одан соң оның жалғыз ұлы Әбіште болыпты. Кейіннен Әбіш қайтыс болғаннан кейін, оның өзінен ұрпақ жоқ болған соң, оның бірге туған апайы Айша апайымыздың қолына тиеді. Осы Айша Балуанға (руы-Сыбан, Салпы-Шектібай) тұрмысқа шығады да Көкқұран да осы әулетке ауысқан екен. Көкқұран туралы әңгімені бұның алдындағы осы кітаптың Саяқып қожа Мұхмұнұлы және Көкқұран деген тарауында жазылғандықтан қайталап жазу қажет емес.

Атахан атамыздың жалғыз ұлы Әбіш қайтыс болып, артына ұрпақ қалдыруды Аллаһ жазбаса керек. Сонымен қорыта айтқанда: Атаханның артында қалған қазіргі уақытта ұрпақ жоқ (ұл баланың желісі (линиясы) бойынша).

Әждар (Әздер) қожа, Темірқожа

және

Қылыш қожалар

Саяқып бабамыздың бәйбішесінен туған жеті ұлының ішінде Әждар (Әздер) қожа мен Темір қожалардың есімдері аталып өтеді кейбір дерек-мәліметтерде, бірақ ары қарай тиянақты деректер әзірге менің қолымда жоқ болғандықтан ештеме жаза алмадым. Болжам бойынша бұл аталарымыздан ұрпақтардың жоқ болуына байланысты тарих сахнасынан шығып қалған сияқты.

Осыған ұқсас Қылыш атамыздың жағдайы да, тек Тұрсын Жұртбаев пен Бекен Исабаев ағаларымыздың еңбектерінде: «Саяқып қожаның балалары Бердіқожа, Төлеген, Қылыш қожалар Орда тауы мен Архат жерлерінде қоныстанған» - деген деректерді келтіреді. Бұның ішінде Төлеген мен Бердіқожа ұрпақтарының шежіресі осы кітапта қолда бар деректер көлемінде жазылады. Ал Қылыш атамыз туралы мардымды деректер жоқ. Бір анық нәрсе - бұл атамыз Саяқып бабамыздың екінші әйелінен Төлеген мен Бердіқожалармен бірге бір әке-шешеден туған туысы, інісі болып табылады. Мөлшері, бұл атамыздан да ұрпақ қалмаған болуы керек. Бірақ, бұның анық-қанығын анықтау, Қылыш қожаның шежіресін жазуды алдағы уақыттың еншісіне қалдыра тұруға мәжбүрмін. Қолға қандай да бір деректер түскендей болса, Аллаһ өмір беріп жатса, бұл аталарымыздың шежіресін ары қарай жалғастырып көрермін деген ойдамын.
Бердіқожа Саяқыпұлы
Бердіқожа Саяқыпұлы (шамамен 18 ғасырдың соңы- 19 ғасырдың ортасы), жазушының атасы. Құнанбай Бердіқожаны Шыңғыстың тұмсығындағы Шалғынбай төренің ауылынан 1850 жылдары қасына көшіріп әкеліп, Қызылшоқы деген жерге қоныстандырған. Шежірелерде Бердіқожаның әкесі Саяқып (Саяқ) делінеді. Саяқыптың зираты - Арқат тауындағы Бетағаш қорымында. Саяқып - Ырғызбайдың, Берді - Өскенбайдың, Әуез - Құнанбайдың, Омархан - Абайдың замандасы. М.Әуезов 1928 жылы С.Садуақасовтың сұрағына берген жауабында: «Тобықты ішіне менің үшінші атам Бердіқожа бірталай туысқандарын ертіп, найман ішінен келген. Ол - Құнанбай заманы. Құнанбайдың шақыруымен келгенге ұқсайды. Ең әуелгі шыққан жерлері ол кезде Алматы жағы болса керек. Бердіқожа тобықты ішіне келген соң, бірталай заман өмір сүрді. Артынан бір қызын Құнанбай тоқалдыққа алған. Сонымен бұл елмен құдандалы, жақын болып, тобықты ішінен қоныс алып, мекен етіп, тұрып қалған. Бердіқожа өзге қожаларша қожалық етіп, үгіт айтып, дінге үйретіп жүрді ме, жүрмеді ме, оны білмеймін. «Солай қылды» деген сөзді естігенім жоқ» - деп жазған. Саяқыптың ұрпақтарының шежіресі бойынша оның бәйбішісінен - Өзібек, Қарақожа, Сәсейіт, Солтан, Темір; тоқалынан-Төлеген, Берді, Қылыш туады. Бердіден - Үсен, Бурахан, Әуезхан, Кенжехан, Самархан деген ұлдары және Бибіхан, Айшахан, Нұржан, Нұрғаным есімді төрт қызы тарайды. Әуезден - Омархан, Омарханнан - Мұхтар туады.
Әуез Бердіқожаұлы (1830-1918)
Әуез Абайдың замандасы, ақын ауылымен қадірлес, құдандалы болған. Тобықты ішіндегі беделді адам. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» сұрапылынан кейін Тобықты руын Сыр бойынан Шыңғыстауға бастап қайта көшіріп әкелген атақты Мамай батырдың жауынгер серіктерінің бірі Бақшайыш батырдан - Саяқып, Саяқыптан - Берді, Төлеген, Қылыш, Атахан туады. Ал Бердіден – Үсенхан, Бурахан, Әуезхан (Әуез), Самархан, Кенжехан тарайды.

Әуездің үлкен әйелі, Найман ішіндегі Сыбанның беделді адамдарының бірі Жарқынбайдың қарындасы - Дінәсілден Омархан дүниеге келген.

ХІХ ғасырдың 40-жылдарында Құнанбай Өскенбайұлы Берді әулетін Арқат тауының солтүстік өңіріндегі Бетағаш қонысынан өз жанына көшіріп алып, Бөрліден арнайылап қыстау салдыртады. Солайша Аралтөбеде - Абай, Тышқанда - Ақылбай, Бөрлітөбеде - Әуез мекен-жай тұрғызып, Әуез бен Абай іргесі айрылмаған көрші-қоңсылас, сырлас-сыйлас, айнымас дос болып өтеді. Түрік, шағатай, парсы әдебиетінен хабары мол, арабша сауат бірлігі жоғары, мәдениет-парасаты биік Әуезді Абай «Әуке аға», «Үлкен қожа» деп атаған. Абайдың Әубәкір үйінде отырғанда Разақ Самарханұлына:

«Үлкен қожа-ортан қол,

Өзгелері – аты жоқ пен шынашақ» - деп қадай көрсетуі ұлы ақынның Әуез тұлғасына берген шынайы бағасын танытса керек.

Құнанбай өзінің балаларына хат таныту үшін Әуезді жас кезінен бастап қасында ұстайды. Әуез Абайдан он бес жас үлкен екен. Құнанбай Әуездің Нұрғаным деген қарындасына үйленген.

Әкесі Бердіқожа өлгеннен кейін «Әуез қожа» атанады. Құнанбай, Абай ауылының балаларын, бертін келе өзінің немере, шөберелерін оқытады. Ол аса ұстамды, мінезді, ел арасында сиымды, ақыл-ойлы, тәртіпке қатал қарайтын адам болған. Шежіре жазған, ғылымның әр саласынан хабардар болып, шағын кітапхана ұстаған.

Құнанбаймен, Абаймен қадірлес, пікірлес, дос-жар ретінде араласқан. Омарханның бәйбішесі Нұржамалдан - Мұхтар, екінші әйелі Сақыштан (Сақыпжамал) - Арғынбек, Қасымбек, Ағзам, Ахметбек туады. Қыздары Қорлыға, Рақия, Гүлсім, Зүбәйла, Үмия. Әуез немересінің атын Мұхтар (құдіретті) деп қойған. Бала Мұхтарды Абайдың алдына ертіп апарып, ақынның батасын алған. «Оқуды бес-алты жасқа келген соң өзімнің үлкен әкемнен оқи бастадым. Сол кісінің алдында хат таныдым....» - деп жазды Мұхаң атасы Әуез туралы. Кейіннен Әуез Мұхтарды Семейдегі Камалиддиннің медресесіне, одан соң бес сыныпты орыс мектебіне оқуға берді.

Әуез де Абай өлеңдерін құмарта тыңдаған, қағазға түскен тың дүниелерімен алғаш оқып-танысып, ашық пікір бөлісетін жақын адамдарының бірі болған. Әуез өзінің сүйікті немересі Мұхтарды кішкентай кезінен бастап тәрбиелеп өсіріп, шығыс әдебиеті мен мәдениетіне қатысты өзіндік дүниетанымын қалыптасырып, Абай мұрасына деген махаббат-іңкәрлігін оятуға бірден-бір себепші болған адам.

Әуез өзінің өсиеті бойынша Құнанбай әулеті зиратына жерленген (Ақшоқыдағы қабірстанда). М.Әуезовтың әкесі де, атасы Әуез жан-жақты білімді, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген адам болған. Әкесі Омархан Әуезұлы 1856 туып 1909 жылы қайтыс болған.



Омархан Әуезұлы
Омархан Әуезұлы (1856-1909) жазушының әкесі. Әуездің бәйбішесі Дінәсілден туған. Омарханның туған жылы бірде 1856 бірде 1860 деп жазылып жүр. Нақты тарихи дерек жоқ. Алайда ұлы жазушының Абай ұрпақтарының естеліктеріне жүгінсек Омархан Абайдың ұлы Ақылбайдан бірер жас үлкен. Ал Ақылбай 1861 ж туған. Омархан мұсылманша оқыған, шағатай тілін білетін, сөз қадірін айыра алатын сауатты адам болған. «Омархан қиылған қара көзді, аса сымбатты сұлу болған» (жиені М.Диқанбаевтың естелігенен). Ат жалын тартып мінген кезінен бастап Әуез баласын өзімен ертіп жүріп, ел танытқан. Омархан аса қайырымды, терең сезімді, орнықты мінездің иесі боп өскен. «Хайуанға обал болады» - деп құдық басына келген малды күнұзынға өзі суарады екен. Аңшы, саятшы болған, домбыраны бірсыдырғы жақсы тартқан. Абай үлгісімен тәрбиеленіп, ақыл-парасатты, білімді, өнерді ерекше бағалаған. Омархан өз балаларын да соған баулыған. Жазушы: «Өз әкем 1909 жылы дүниеден өтіп еді. Бұлардың ішінде қайсысында да діндарлық, сопылық сияқты ерекше белгісі жоқ, қайта әр нәрсеге Абай үлгісімен қараушы еді. Абайдың сондайлық ұстаздық, үгітшілік әсерін мен кішкентай кезімнен өз әкелерімнің қалпынан анық көруіме болушы еді... Бір жыл жазғытұрым өз әкем: «Абай кітабы келеді» деп, өзімді көп уақыт бір үлкен қызық сый беретіндей дәмелендіріп жүріп, аяғында қар кетіп, көк шығып келе жатқанда сол кітапты әкелді. Сонда ел қыстаудан көшкенше күндіз-түні өзі үйде болған уақытта Абай өлеңдерін жаттатып, соны ылғи айтқызып, тыңдап, жақсылап жаттап алмаған жерлерімді қайтадан отырғызып, қайта жаттатушы еді» - деп жазды. Омархан Нұржамал Әбсәметқызына үйленген. Одан 4 қыз, бір ұл-Мұхтар туған. Омархан 1909, Нұржамал 1912 ж қайтыс болды. Зираттары-атамекені Бөрілі қыстауында, 1997 ж ұлутастан күмбез тұрғызылды.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов
М.Әуезов – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессоры - 28.09.1897 жылы Семей уезі Шыңғыс болысының Бөрілі қыстауы маңындағы Аяққарағанда дүниеге келген. Бабасы Бердіқожа Әбдіқожаұлы - Қ.А.Яссауи мен Бақсайыс шейхпен сабақтасатын қожа тегінен. Ал анасы Нұржамал Алматы жанындағы Байсеркенің тумасы. Атасы Әуез бен Абай ауылдары жақсы сыйластықта болған. Дінәсіл әжесі «қоңыр қозым» деп ерекше еркелеткен. Мұхтардың алғашқы сауатын ашқан, сонымен бірге Абай өлеңдерін жасынан жаттатып, сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін оятқан атасы Әуез болыпты. Осы атасының тәрбиесіне сәйкес «Адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім» деп білген ол өмірі бойына үздіксіз ізденіс үстінде болған екен.

Мұхтардың шәкірттік жолы ары қарай Семейдегі Камалиддин Хазірет медресесінде, қалалық орыс училищесінде, одан әрі қалалық мұғалімдер семинариясында жалғасады. Кейіннен Ташкент университетінде бір қыс, Ленинград университетінде төрт жыл, одан кейін Орта Азия университетінің шығыс факультеті аспирантурасында оқиды. Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты жою, аштықпен күрес туралы батыл пікірлері мен шығармалары үшін «ұлтшыл алашордашыл» атанып шеттету процесі басталады. «Алашордамен қатысың болды, үстем таптан шыққан Абайды дәріптедің, реакциялық әдісінде жаздың, коллективтендіруге қарсы шықтың» деген айыптаулар тағылып екі жыл түрмеде отырады. Амалсыздан «өз қателерін» мойындап «Ашық хат» жазуға және біраз шығармаларынан бас тартуға мәжбүр болады. Содан кейін ғана қысым біраз бәсеңдейді. Соның өзінде де 1918 жылдан 1954 жылға дейін үздіксіз бақылауда болып қуғын көреді. Осындай қиын-қыспақ жағдайларды бастан өткере жүріп те ұлы суреткер әдебиеттің алуан жанрында тер төгіп, очерк, әңгіме, пьесалар жазды, тамаша аудармалар жасады, әдеби сын мен әдебиет тарихына зерттеу жұмыстарын жүйелі арнаға түсіріп, оқулықтар құрастырды. Қазақ фольклоры мен әдебиеті тарихының, әдебиет теориясының және Абайтанудың негізін салды. Қазақтың классикалық драматургиясы жанрын қалыптастырып, драматургия сынын, сондай-ақ аударма саласын жолға қойды. Сөйте жүріп өз шығармашылығының ең биік шыңы - «Абай жолы» эпопеясын жазды.

Ол үшін Мұхаң 1923 ж бастап бұл романын жазуға материал жинай бастаған. Мұхаңның көзі тірісінде жер үстінде Абай жөніндегі сөз, бірде бір материал ол кісінің көзінен өтпей жарыққа шығарылмаған. Сонда, сонау 1909 жылдан 1954 жылға дейінгі аралықта Абай туындыларына 1734 жол өлең тауып қосқан, 45 қара сөзі мен бір тарихи сөзі өз алдына жеке дүние. Осындай ғаламат еңбектің нәтижесінде Абайдың әлеми көркемдік бейнесі жасалынып шықты. Қорытындысында 10.05.1949 жылы «Абай» романы үшін М.Әуезовке СССР Мемлекеттік силығы, араға он жыл салып, яғни 22.04.1959 жылы «Абай жолы» романы үшін ең жоғарғы Лениндік сыйлық берілді.

М.О.Әуезов несімен Әуезов, неліктен әлемге әйгілі, біз оны не үшін мақтан тұтамыз?

Оның мәні: көз алдында жылыстап аққан судай, сусып бара жатқан дәуірді қағаз бетінде бейнелеп қалуға, уақытты сөзге көшіріп тоқтатуға, тарихтың тілін сөз кестесіне өріп жіберуге ұмтылғандығында. Мұндай сұрапыл міндетті алдына қойған суреткер әлем әдебиетінде сирек. Бұл керемет, көшпелілер өркениетінің дүние дидарынан кетуінің суретін сұлу сөзбен салу кереметі, оның қолынан келді. Әуезовтың шын ұлылығы осындай шығарманы жасай алғанында.

«Абай жолы» эпопеясы - қазақ өмірінің энциклопедиясы, көшпенділер өркениетінің ғажайып панорамасы, ұлы картинасы. Бұл туралы бір әңгіме бар. Леонид Соболев «Абай жолын» орыс тіліне аударып жүрген кезінде Мұхаңнан: «Мұхтар Омарханович, сіз ғой мына кітапта Бөжейдің асын керемет суреттегенсіз. Құдай-ау, бұл неткен құдірет, адамды мұншама құрметтеуге де болады екен ғой, таң-тамаша қаламын. Шыныңызды айтыңызшы, осындай ас өмірде дәл осындай болған ба, жоқ әлде халқыңыздың асыл қасиеттерін әспеттеу үшін қосқан қиялыңыздың жемісі ме?» - деп сұрапты. Сонда жарықтық Мұхаң айтыпты: «О, не дегеніңіз, дәл солай болған, тіпті мұнан да артық болған, мен қайта жеріне жеткізе жаза алмадым ба деп қысылып жүр едім» - деп жауап қайтарыпты.

Мына жауапты естіген Леонид Соболев шыдай алмай кетіп: «Извините, на какой черт вам тогда социализм?!»-деген екен дейді. Ғажап емес пе? Шынымен де ғажап баға ғой бұл.

«Абай жолы» романын ой көзімен оқыған адам автордың ғаламат терең тұспалмен жазғанын тани алады. Осындай астарлы туындыға тап тартысын тұздықтап, халықтар достығын қосақтап, социалистік реализм әдісінің талаптарын сақтап, «Коммунистік партияның жетекшілік рөлі» туралы мақалаларында мақтап жаза жүріп, ақыр аяғында сол социалистік жүйенің ең басты сыйлығын - Лениндік сыйлықты алуы Әуезовтың асқан данышпандығы емей немене? Аман қалудың өзі үлкен олжа болатын жерден жеңіспен шықты. Бұл Әуезовтың басты жеңісі.

Қазақтың көшпелі өмір әлемі адамзаттың мәдени мұрасына тұңғыш рет терезесі тең туынды ретінде танылды. Бұған дейін ішкі сыры көркемдік кілтпен ашылмаған әлемнің суретін сөзге салып мәңгілікке қалдырғаны, адамзаттың рухани игілігіне айналдырғаны, халқымыздың қадыр-қасиетін әлемге айдай айғақтағаны емес пе?

Сонымен бірге, өткенімізге мұқият зер сала қарауға ұмсындырады, еліктіреді, істеген ісіңді ұлы бабаларымыздың талғам таразысына тартуға, сол арқылы өз затыңды, тегіңді, табиғатыңды пайымдауыңа жетелейді.

Қаламгер қазақ тілінің ғажайып мүмкіндігін, шетсіз, шексіз байлығын айқара ашып таныту арқылы да халықтың рухын көтере білді. Әуезов тілінің зергерлігін былай қойғанда лексикалық байлығының өзі бөлекше. Белгілі жазушы, әдебиет сыншысы, аудармашы Герольд Бельгер марқұм бір мақаласында тек «Абай жолының» өзінде ғана Әуезов 16983 сөз қолданғанын жазғаны бар. Қазір оның елу томдық жинағы шықты, егер бұл жинақтағы «Әуезов тілінің сөздігі» жасалса жоғарыда сандық көрсеткіштің өсетініне тәнті боларымыз анық. Сүйегіне сөз сіңген Семейдің қара тілінің қазанында қайнап шыққан шешен Әуезов ағыл-тегіл арындаған ой ағысының ауыздан шыққанда да көркін кетірмеуге болатынын көрсетіп берді.

Ол өмірбаяндық тұрғыдан алғанда:

1.феодализмде туып, ес білді (1897-1910ж)

2.капитализмде оқып, жетілді (1910-1919ж)

3.социализмде өмір сүрді (1920-1961ж)

Осындай үш бірдей қоғамдық формацияның тоғысындағы қиыншылықта, түрлі саяси тартыста жүріп өзінің шығармашылық ісін жасады.

Шығармашылық тұрғыдан алғанда:

1.романтизмнен түлеп ұшып,

2.сыншыл реализмге орын тепті.

Фольклордан (Еңлік-Кебек) бастады, фантастикамен (Дос-бедел дос) аяқтады.

М.Әуезов шығармалары дүние жүзінің 42-тіліне аударылып басылды, оның жалпы таралымы 11 млн данадан асады.

Әуезов - ұлы драматург, қазақ сахнасына мәңгілік дүниелер сыйлады, осы жанрды әдебиетте орнықтырып кетті.

Әуезов – ғалым, қазақ әдебиеттануын қалыптастырып, әлемдік ғылымның сара жолына салып берді.

Әуезов – сыншы, талай талантты туындыны тамыршыдай тап басып, дарындарды даралай алып шықты.

Әуезов - аудармашы, тәжімалаудың классикалық үлгілерін мұра етіп қалдырды.

Әуезов – ұстаз, әдебиеттің сан жанрында қаламын қару еткен, қазір ұлт мақтанышына айналып отырған небір тамаша тұлғаларымызды тәрбиеледі.

Әуезов – сері, өмірді сүюдің, сезімнің қадірін білудің үлгісін көрсетті, көрген қиянаттарының орнын махаббатпен, жан ләззатымен, тән ләззатымен толтыра білді. Өмірде бәрін көрген, білген, сезген жан. Мына жалған өмірдегі жарық күннің жанашыры, жар құшағы, сезім сұлулығы екенін бағамдай алған адам.

Мұхаң бірнеше рет үйленген:

1.Бірінші әйелі - Райхан Какенқызы, руы - тобықты. Оқуды бітіріп Семейден келе жатып жолда байдың үйіне түскенде бойжеткен қызын көріп ұнатып, бата бұздырып алады. Бұл 1917 жылдың жаз айы. Бұл әйелінен екі балалы болады: Мұғамила атты қыз, Шоқан деген ұл. Шоқан бір жастан сәл асқанда сүзектен қайтыс болады. Мұғамила 2009 ж дүниеден өткен. Бұл кісіден екі ұл, бір қыз бар. Мұхаң Райханмен үш жылдан соң айрылысып кеткен. «Етегіне көз, жүрісіне сөз ілінген, өсекке ұйтқы, себепші болдың» - деп кінәлаған.

2.Екінші әйелі - Кәмила (Кәмәш) Мағауия қызы, Абайдың немересі, өте сұлу, сұңғақ бойлы, аққұба, бота көздің әдемісі болған екен. Екеуі бірін-бірі сүйіп 1922 жылы үйленеді. Кәмила да Мағрипа және Зере есімді екі қыз туған. Екеуі де жастай өлген. Шешесі Мұхтарға ерегесіп емізбей аштан өлтірсе керек. Кәмила ақын болыпты, ақындығын Мұхаңның өзі мойындаған екен. Бұл өмірден өтерінде: «Ақ кебінім көз алдыңнан ғұмырыңша кетпесін,

Сазасы болар бұл қадіріме жетпестің» - деп Кәмила хат жазып қалдырыпты дейді.

3.Үшінші әйелі - Валентина Николаевна Ауезова (Кузьмина) - үш ұл, бір қыз туған. Елдос - сегіз жарым айында шетінеген. Екінші баласы - Ләйлә 1929 ж туған, тарих ғылымының докторы, Д.Қонаевтың інісі Асқар Қонаевтың жары, Эльдар және Диар есімді ұлдардың анасы. Ләйлә да әкесі секілді 64 жасында операция үстелінде қайтыс болады. Үшінші баласы –Эльдар деген ұлы 1941 ж туып жастай шетінеген. Төртінші баласы-Ернар (1943-1995ж), мамандығы - зоолог. Бұдан бір қыз, бір ұл бар. Ұлы Асқар 1975 ж туған.

4.Төртінші әйелі - Фатима Ғабитова, бұрын қазақтың марқасқа ұлдары Біләл Сүлеевтің және Құлагер ақын Ілияс Жансүгіровтың әйелі болған. Бұның екеуі де «халық жауы» деген айыппен атылып кеткен. Мұхаң І.Жансүгіровтың ақындығын, адами қасиеттерін жоғары бағалап дос болған. Құлагер ақын атылып кеткен соң оның жанұясына қатты қамқор болады да кейіннен Фатимамен арада көңілдестік сезім туады. Нәтижесінде өмірге Мұрат келеді. Қазіргі уақытта Мұхаңның кіндігінен тараған балаларынан көзі тірісі осы Мұрат қана (немере, шөберелерін қоспағанда).

Жалпы көзкөргендердің әңгімелері мен жазған еңбектеріне жүгінсек, М.Әуезовтың әр кезеңдерде көңіл жарастырған әйелдерінің ұзын саны оннан асып жығылады. Әлкей Марғұлан естелігінде Томскіден келген Машаға, Омбылық Ғалия Мұхамедяроваға ғашық болғанын жазады. Тағы бір деректе Аққал Хасеновамен көңіл жарастырғаны туралы айтылады т.т. Өзінің Б.Момышұлына: «Мен махаббат гроссмейстрімін» - деуі және өзі айтқандай: «Ағаң ақылды адам емес, жүрген жерінде бір әйел алған» - деген сөзі де талай жайтты аңғартқандай.

Дара суреткер Мұхаң пайғамбар жасынан сәл асқан шағында (64 жасында)1961 жылы 27 маусымда Мәскеудегі Кунцево ауруханасында операция столында бұл фәни дүниеден өтті.

М.Әуезов - қазақ ұлтының әлемдік парасат салтанаты мен көркем ойына үлес қосқан ұлы тұлғасы ретінде мәңгі есте сақталады.

Бекен Исабаев шежіреші ағамыз «Ұлылар мекені» атты еңбегінде жазады: «Біздің үлкендерде қожа аталарына Кеңгірбай би: - Менің елім надан. Сақал-мұртын баса бермейді. Киімді олпы-солпы киеді. Арам өліп қалған малды «сенің өлгенің жаңа, менің көргенім жаңа» - деп, жей береді. Малдың бауыздаған қанын да қуырып жейді. Сіз бізге ұстаз болыңыз, біз мүридіңіз болайық!» - деп ертіп келіп, қожалар содан қалыпты деген сөз бар. Біреулер Бердіхан қожаға бұл сөзді Құнанбай айтып, Түркістаннан Қожаны сол кісі әкелді» дейді. Біз Шыңғыстауға Қожаларды Кеңгірбай би әкелді деген нұсқаны қолдаймыз. Дәлелдеріміз мынадай. Тобықтылар – мұсылман дініне Әнет бабаңнан бастап айрықша бой ұрған жұрт. Сондықтан да Тобықты басшылары Қараменде, Кеңгірбай-Төреден Абылайға бейім, Қожаларда Бақшайысты пір тұтқан. Шаһанадыр-Мұхмұн балалары: Сәдір, Саяқып, Сарғалдақ қожалары Бақшайышты өздерінің аталары деп білген. Ырғызбай баласы Жортардың немересі, Әуездің жиені Ниязбек Алдажарұлы шежіресінде: «Төлегенұлы Асылханқожаның баласы (Төлеген мен Бердіхан бірге туысады) Кәбір оқыған кісі еді. 1924 жылы елу жастағы шамасында өзін Бақшайыс бабама 29 атадан қосыламыз» - дегенін келтіреді. Қожалар шежіресі Әуезде де болған екен, бірақ ол өртте жанып кетіпті. Оның өртте жанғанын Ахмет Әуезұлы да жазады.

Мұхтардың 1928 жылы Смағұл Садуақасовтың сұратқан өмірбаяндық деректерінде берген «Өз жайымнан мағлұмат» атты жауабында: ...Менің аталарым қожа, алғашқы шыққан жерлері Қаратау деуші еді. үлкен әкемнің үйінде сақталған қожалар шежіресінен бала кезде бір көргенімде біздің қожалардың арғы атасын Бақшайыс дейді... Бақшайыс жаңағы айтқан шежіреде менің әкем Омарханға 18-ата болып келуші еді. Тым әрірек көрінеді. Егер сол Бақшайыс қазақ ішінде тірлік еткен адам болса, онда менің аталарым ерте күнде қазаққа келген болу керек. Жоқ, Бақшайысты бергі қожалар айтып ұғындырған болса, ондағысын өздері біледі. Қайтседе бұл қожалардың қазақпен араласып, қыз алып, қыз беріп, қазақша тұра бастағанының өзінде де бірталай заман болған сияқты»-дейді.

Төрелер шежірешісі Татухан Абылайханов: - Әйгілі Бұхар жырау, ел атасы атанған тілді, бетті қайырымды бәйбішелерге арналған жырында «Қадиядағы жұртына, өрнекті екен бәйбіше, Зура мен Ботпадай екі бетті екен бәйбіше» - деп, атап көрсеткен Зура - жеті Момынның Бас имамы Қожа Сарғалдақтың әпкесі. Абылайханның төртінші әйелі. Абылайдың Тоқ, Қосым, Арық есімді үш ұлының анасы. 1777 жылы Қазақ елшісіне бас болып Петербургқа барған осы - Тоқ.

Абылай: «Ең соңғы шамам осы болар» - деп, атын Шама қойған Торғауыт Оресханымнан туған кенже ұлын үш ағасына (Тоқ, Қосым, Арық) қосып жеті Момынға жататын Тобықтыларға жібергенді. Бұлар 1780 жылдары (Тобықтылар) Шыңғыстауға келіп қоныстанған. Сарғалдақ қожа да жиендерімен бірге көшіп келіпті. Сарғалдақтың баласы Қожахметтің қызы Ағаным - Шыңғыс Уалихановтың анасы. Сартай Арықұлы Тоқтың немересі.

Осындағы Сартай Арықұлының ауылында - қожалардың да ауылдары бар болатын, - дейді. «Бесігіңді түзе» кітабында Тұрсын Жұртбаев осыны келтіре отырып (кітаптың 30-беті), әуелі Шыңғысты Наймандар мекендеген, кейін Машан тауын Тобықтының Жуантаяқ, Мотыш, Сақ, Тоғалақ тобы жайлаған. Кең өлкенің жер-су аттары белгісіз болғандықтан, өзен көл, тау аттары оның есімімен аталған. Сарғалдақ батыр - Әуездің әкесі – Берді, Бердінің әкесі Саяқыптың (Саяқ) ағасы» - дейді.

Тұрсын және осы кітабының келесі бетінде-«Сақыптың әкесі Мұхмұн мен Сарғалдақ бірге туысады, екеуінің әкесі Шаһанәдір» деген Ниязбекті қостай кеп,...екшей келгенде Мамаймен бірге Шыңғысқа келген Саяқып (Саяқ) болса керек-ті. Себебі, ағасы Сарғалдақтан қол үзіп кетуі екіталай. Сондықтан қатар уақытта Шыңғысқа қоныс тепкен. Енді, төрелердің өз ішінде ғана таралған шежіреге жүгінсек - Сарғалдақ өте аңғарлы, ықпалы зор. Абылайдың Орта Азия халықтарымен елшілікке жүретін мәмілегері болыпты. Кейін Көкшетауға, хан ордасына көшкен-міс. Оның немересі – Айғаным - Қазақтың соңғы ханы Уәли Абылайұлының кіші әйелі (тоқалы). Шоқанның әжесі. Александр патшамен хат жазысып, Сырымбетті алдырған Айғаным ханша. Ал, Айғанымнан 9 бала бар. Оның бірі – Шыңғыс, Шыңғыстан - Шоқан, Уәли Шыңғыс 10 жасқа толғанда қайтыс болады. Айғаным 38 жасында жесір қалады. Шоқанды бауырына салып, тәрбиелеген, орыс оқуына берген осы Айғаным. Сарғалдақтың арғы атасы - шұбар делінеді... Шаһанәрдің Шыхар Шыбар, шұбарға айналуы қазақ жұрты үшін онша тосындық жасамаса керек» - деп жазады. Және Тұрсын: «Құнанбай «Тоқпанбет пен Мұсақұл соғысынан» кейін Омбыға, абақтыға қамалады. Шоқанның тілмаштығымен қазақ ісі жөніндегі шекаралық басқарманың кеңесшісі, полковник Шыңғыс Уәлиханов генерал-губернатор Госфортқа қол хат беріп, Құнанбайды кепілдікке алып, Қарқаралыға әкелдіріп салады. Мұның бәрі жай қазақшылық жолымен бітетін жұмыс емес. Айғаным ол кезде тірі, әрі патшаның өзі арнайы қамқорлыққа алған ханша болғандықтан да беделі де жоғары еді. Соның нәтижесінде «Құнанбай Өскенбаевтың қылмысты ісі» 1862 жылға дейін созылып, юстиция министрлігінің арнайы жарлығы да жүзеге аспады, қайта хорунжий шенін өзінде қалдырады. Құнанбай Әуезбен жақындаса түсіп, қарындасын тоқалдыққа алды. Нұрғаным бауырына салған немересі Ақылбайды Омарханмен қоңсы қондырып, Бөрлінің иек артпасындағы Тышқаннан қыстау салып берді» -дейді. Ал, Әуездің жиені, Самарханның Зура дейтін қызынан туған Мәжит Диханбаевтың «Мұхтар туралы естеліктер» кітабында (1997 ж басылған) 6-бетте «Бердіқожадан бес ұл туады». Ең үлкен баласы - Үсен. Одан кейінгілер Бурахан, Әуезхан, Кенжехан, Самархан... Бураханнан Қожабырхан дүниеге келеді. Ол денелі ұзын бойлы, аса палуан адам екен. Сондықтан да оны Құнанбай өз жанына серік етіп ұстаған. Құнекең 60-қа келгенде Бердіқожаның кенже қызы Нұрғанымды алуына осы Қожабырхан себеп болды» - деген естелігі басылған. Мәжит Диханбаев «Құнанбай Бөжеймен араздасып, Бөжей арызбен Қарқаралыға барғанда артынан көп адамды ертіп, Құнанбай да сол жаққа жүреді. Сонда ол Бердіқожаны да ақылшы ретінде Қарқаралыға ертіп барады» - дейді.

Бекен Исабаев ағамыздың қожалардың Бөрілі өлкесінен қоныс алуының жөніндегі баяндаулары төмендегідей Мұхтардың аталары, бұл қожалар әулетінің - тегі Сауд Арабиясындағы арабтың хашия тайпасынан, Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) мен Халиф Әзірет Әлиден басталады. Мұхаммедтің қызы Фатима мен Әлиден Қасен, Құсайын туады. Әзіреті Әлидің Ханафия деген әйелінен Мұхаммед-Ханафия туады, оның ұрпақтары Абд-ар-Рахман, Ысқақ баб, Ыбырайым шайх, Қожахмет Яссауи Бақсайыс. Бұлар ежелден әрқайсысы әртүрлі дәрежеде дін пірі саналған. Ертедегі жырлардағы «Қорасанға қой айтып» деген өлең сөз тіркесі сақталған. Бақшайыс ұрпақтарының өзінен кейінгі көрнектісі Шаһанәдір болады. Одан Сарғалдақ, Мұхмұн, Сәдір туады. Мұхмұннан Саяқып (Саяқ). Саяқыптың бәйбішесінен - Өзбек, Қанқожа, Қарақожа, Сәсейіт, Солтан, Темір тарайды. Бұлар Аягөздің Ақшатау, Ақшәулі, Қоңыршәулі бойында өсіп өнген. Саяқыптың кіші әйелінен - Берді, Қылыш, Төлеген туады. Ұрпақтары Тобықты елінде өсіп, өнген. Саяқып - Ырғызбайдың, Берді -Өскенбайдың, Әуез - Құнанбайдың, Омархан - Абайдың замандасы («Бесігінді түзе» 30 бет). Демек, Жетімомынның Тобықтысымен ере келген бұл қожалардың Сарғалдақ ұрпағы Абылаймен бірге Көкшетауға, Сәдір ұрпағы - Дадан Тобықтымен бірге Балқаш-Тоқырауын бойына, ал Саяқыптың бәйбіше балалары Аягөз өлкесіне, тоқал балалары Шыңғыс Тобықтылары ортасына мекендеп қалған.

Ендігі бір сөз: Бердіқожа балалары Құнанбай Нұрғанымға үйленген соң, Бөріліге Архаттан көшіп келді ме? - деген сөз. Саяқып, оның баласы Бердінің Архаттағы қонысы - Бетағаш. Саяқып пен Берді Бетағашта жерленген деген жазушы Кәмен Оразалин, Сарғалдақ Шыңғысқа Тобықтымен ере келді деген Тұрсын Жұртбаев. Машан тауында түстік шығысында Көксеңгір тауындағы «Сарғалдақ» дейтін өзен «Қоңыр әулие» түбінде Шаған өзеніне құйып жатады. «Өзеннің аты - осы араны қожа ма, төре ме Сарғалдақ деген кісі мекен еткен екен. Соған байланысты аталған» деген еді Әбіш Қарсамбекұлы. Оны Леймен ақын да қостаған-тын. Олай болса, Сарғалдақ қожаның Шыңғыста болғанына еш күмән жоқ. Оны жер аты сөйлеп тұр.

Қожалардың бұл өлкеге тарауы Сарғалдақтың Шыңғыстауға келуімен байланысты осылайша өз-өзінен бекиді. Әрі батыр, әрі аға Сарғалдақ және Сәдір бар Абылай хан қолдауында боп тұрса, Тобықты басшылары Қараменде, Кеңгірбай шақырып тұрса («Сіз ұстаз болыңыз, біз мүридің болайын» деген Кеңгірбай сөзін қараңыз), түпкі мақсаттары мұсылман дінін тарату, бекіту болған қожалар неге Қаратаудан Арқаға көшіп келмейді?!.. Саяқыптың бәйбіше балаларының Аягөзге қалып, өзі кіші әйелімен бірге Архатқа келіп жай табуы толық шындық болып шығады. Аягөз бен Архат Найман ішінде Сыбан, Ахымбет руларының жері. Сондағы шығар қортынды: Бұл қожалар Шыңғысқа Кеңгірбай арқылы шақырылған. Құнанбай заманында келген. Кеңгірбай мен Құнанбай ел билеу дәуірінің арасы көп уақыт емес. Саяқып балалары әуелі Аягөз маңына, соңынан Берділер Архатқа келгенше біраз уақыт өткен. Сәдір, Саяқып Қаратаудан қозғалып, бері бет алған да Шыңғыстан Дадан Тобықты, Қараменде де Балқашқа бет алса керек. Сәдір ұрпағы Өтеген қожаның Қарамендемен бір боп, біз айтқан бидің «сенің әулиелігінді сынайын деп едім» дегені соған меңзейді. Ал, Саяқыптың бәйбіше, балаларын Аягөз бойында қалдырып, кіші әйелімен Архатқа келуін А.Янушкеевичтің 1846 жылғы Омбы-Семей–Архат-Аягөз-Лепсі сапарында Архаттың Қопа көлінде өздерін «Қаратаулықпыз» дейтін көп адамдардың отырғанымен байланыстырамыз. Саяқып балалары Берді, Қылыш, Төлегендер Аягөз бойынан бері сырғығанда сол туыстарын сағалап Архатты қоныс етті. Берді балалары Құнанбаймен жақын болған соң, Архаттан ірге көтергенде Қыдыр тауының түстік сыртындағы Қызылшоқы деген жерді алып, одан соң Бөрліге келген. Ниязбек Алдажарұлы Абай мұражайындағы естелігінде: Шаһкәрім Абайдың Әнет руының жері Қызылшоқыны қожаларға беруіне наразы болған (Құнанбай, Әнет, Қарабатыр рулары ұрпақтарына қамқорлық етуді немересі Шаһкәрімге тапсырып, бұл рулар соның қолтығында болған). Бірер жылдан соң Әуездің өзі Абайға келіп Бөріліні сұраған соң Абай бауырдағы кіші ауылы қасынан қоныс берген деп жазады.

Бұл естеліктің бізге танытары - ол Бөріліге алдымен Абайдың өзі қоныстанып, Абайдың Әуезге Бөрілі қонысын босатып, өзінің Аралтөбені қоныс қылғаны болады.

Мәжит Диханбаев: - Әуез қожаның екі қыстауының бас жағындағы 3 шақырымдай жерде Бердіқожаның ең үлкен баласы Үсеннің, одан кейінгі балалары Бураханның, Кенжеханның, олардың балалары Қожабірхан, Әзімхан, Құлжан, Смайылханның қоралары бар еді. Оларды Қожаның басқы ауылы деп атайтын» - дейді. (М.Әуезов туралы естеліктер кітабының 9-беті). Үсен мен Құлжаның үлкен Қара бейіті Қаражырақта 1969 жылға дейін тұрады. Бейіттің, үш қораның құлаған орындары күні бүгін көрініп жатыр. «Саяқып, Берді Архатқа Мамай батырмен бірге келіп, қожаларға Архаттан қонысты Мамай батыр алып берді деген сөз хақында айтар пікіріміз: Алдымен, Кеңгірбай мен Мамайды елді Шыңғысқа бастап әкелуде, орнықтыруда бір-бірінен бөлектемеу керек. Одан соң қожалар олармен ере келсе ол басшылар Ақымбеттен Архатты алып бере қойдының реті жоқ. Ол кезде Шыңғысқа сыймай жатқан Тобықты әулеті көп емес. Кеңгірбай мен Мамай өздеріне ере келген пірлерін өз қастарында ұстаса керек.

Бөрілінің батыс бетінде әлем әдебиеті алыптарының бірі - Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың мұражай үйі тұр. Аумағы 20*10=200 шаршы метр жерді алады. Көрікті ғимарат Абай елі, Шыңғыс жерінің терістік шетіндегі ең мәртебелі қасиет қонған орын бұл!

Қазақ әдебиетінде өзіндік сөз өрнегі мен сыни танымы болған талантты Асқар қожа Сүлейменовтың аузынан тұңғыш айтылып, «ақындар Меккесі» деп Жидебайды, «ауданды-ақындар планетасы» деп Қалихан Алтынбаев атап, бұл екі сөз қолданыста берік орнаған, Шыңғыс жерінің осы шеткі нүктесінде Әуезовтей алып туып, оның мұражай-үйі асфальт жол шетінде жолаушы тауап ететін орын болуының құдай қосқан орайы бардай!

Омархан 1856 жылы туып, 1909 жылы, Нұржамал 1912 жылы дүние салған.

Бірақ жазушы жетімдіктің еш тауқыметін тартпай, бұла боп өскен. Өйткені, Қожа ұрпақтарының ынтымағы, берекесі, бірлігі берік болған. Әсіресе, ең маңыздысы: Тобықтыға Ырғызбай, Құнанбай, Абай айналасының қадірлісі, ұстазы Әуезханның аухатты малды болуымен бірге, Абай ауылының жас балаларын оқытып, тәрбиелеуден ештеңе аямайтын үлгісін ұстануы болады.

Жазушының өзі жайындағы мағлұматқа назар салсақ та, Мұхаңның соны бекітетінін көреміз. «Бердіқожа өзге қожаларша қожалық етіп, үгіт айтып, дінге үйретіп жүрді ме, жүрмеді ме, оны білмеймін. «Солай қылды» деген сөзді естігемін жоқ. Одан бері үлкен әкем Әуез, өз әкем Омархан аты қожа дегені болмаса қожалықтың жолында істеген өзге қара қазақтан бөтен ешбір ісі болған жоқ. Бұлай болудың да қисыны жоқ. Өйткені, Тобықты іші ертеден соншалық діндар, соншалық надан да ел болмаған сияқты. Ішінен Құнанбай, Абай сияқты кісілер шыққан соң фанатизм, қараңғы наным азайып, ақылға бой ұрғыш, көзі ашықтау ел болғанға ұқсайды. Сондықтан бұл елдегі Қожа да көптің ауқымына түсіп, бұрынғы ата кәсібінен жаңылып кеткен сияқты. Менің үлкен әкем 1918 жылы дүниеден өтті. Өз әкем 1909 жылы дүниеден өтіп еді. Бұлардың ішінде қайсысында да дінаралық, сопылық белгісі жоқ, қайта әр нәрсеге Абай үлгісімен, ақылымен қарауға тырысушы еді. Абайдың сондайлық ұстаздық, үгітшілдік әсерін мен кішкентай бала кезімнен өз әкелерімнің қалпынан да анық көруіме болушы еді» деген жазушы. Мұхаңның мұнда «Қожалықтың жолында істеген өзге қара қазақтан бөтен ешбір ісі болған жоқ!» - деп қадап айтатыны бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау