Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 382 Kb.
бет3/4
Дата21.11.2018
өлшемі382 Kb.
#23444
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Биліктің типтері


Билік іске асуы үшін – билікті іс-әрекеттердің орындалуының белгілі тірел (базасы) қажет. Осының күшінде билік түрлі ресурстарға сүйенеді: экономикалық, әлеуметтік, рухани, күштеу.

Экономикалық билік – бұл елдің экономикалық ресурстарының үстінен бақылау, бұл жай уақытта билігін іске асыруға мүмкіндік береді. Барлық билік түрлерінің ішінде – экономикалық билік ең тиімді күштесі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда экономикалық билік – материалдық байлықтарды игеруде пайдаланылады.

Әлеуметтік билік – Бұл билік адамға берілген мемлекеттің иерархиялық құрылымында белгілі бір орынға ие болуына мүмкіндік береді ондай биліктің көмегімен адам материалдық және рухани байлыққа құқылы, қандай да бір жеңілдектерге (льготы), әлеуметтік жағдайға қол жеткізе алады.

Рухани билік – бұл билік адамдарға ақпарат, ғылыми (білім) жетістіктер арқылы іске асырылады (оқу орындар, теледидар, газет, журнал т.б құралдар арқылы).

Күштеу (зорлық) билігі – күш көрсету, қорқытуға сүйенеді. Әр-бір мемлекетте пайда болған мәселелерді күш көрсету, зорлық-зомбылық арқылы шешетін арнайы құрылымдар бар. Оған жататындар: шенеуніктік аппараттар, әскер, сот, түрме, прокуратура және т.б.


Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.

5 тақырып Саясат субъектілері


  1. Тұлға саясат субъектісі ретінде.

  2. Әлеуметтік топтар саясаттың субъектілері мен объектілері ретінде.

  3. Азаматтық қоғам: түсінігі, құрылымы, қызметтері.

  4. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның келешегі.

Бұл дәрісте саясаттын негізгі субъетілері, олардың ұғымдары мен құрылымдары қарастырылады. Саясат субъектісі ретіңнде жекеліктің қалыптасу ерекшеліктері талданады. Саяси әлеуметтендіру, қазіргі қоғамдардағы өлеуметтік страратталу процестері, олардың саясатқа ықпалы анықталады. Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі. Саясат субьектісінің құрамы іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат–мүдделері және т.б. Олар қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Саясаттың субъектілері. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам жатады.

Сонымен саясаттың субъектілерінің 2 түрі болады:



1) әлеуметтік 2) институционалды.

Саясаттың әлеуметтік субьектісі дегенде адамдардың өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі бір өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адамдарды, ұйымдарды, не әлеуметтік топтарды айтады. Оларға мыналар жатады:

- Тұлға, әлеуметтік топтар мен таптар, бірлестіктер, мысалы ұлттық бірлестік. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысады немесе оған ықпал етеді.

- Жалпы әлеумет – ұлттар, элита, бұқара, маманданған топтар саясаттың әлеуметтік субъектілеріне жатқызылады.

- Жекелеген тұлғалар – саяси лидер, қарапайым азаматтар. Олар әлеуметтік денгейдегі субъектілер.

Ал адамдар қоғамда көбінесе ұжымдасып ұйымдасып өмір сүреді. Олар әр түрлі әлеуметтік (мысалы: отбасы, шіркеу, кәсіподақтар) және саяси институттар (мысалы: мемлекет, саяси партиялар, БАҚ, халықаралық ұйымдар - БҰҰ, Европалық парламент, ОБСЕ және т.б.) болып қалыптасады. Олар институционалды денгейдегі субъектілер.



Саяси институттар – құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын ұйымдар болып келеді. Ерекше өкілділіктерге ие, атқарушы ақпараты бар саяси ұйым, мекемелердің бәрін институционалды субъектіге жатқызамыз. Соның ішінде Г.Алмондтың айтуынша негізгі институционалдық субъект мемлекет болып табылады.

Осылардың ішінде адам бастапқы негізгі субъект. Ол субъект ретінде саясатқа әр түрлі денгейде араласып, қатысады. Адамның саясатқа қатысуы оның мүдесімен анықталады және мынадай түрлерде көрінеді: конвенционалды-заңмен рұқсат етілген және конвенционалды емес, яғни оған заң арқылы тиым салынған.



Адам– саясаттың субъектісі мен объектісі. «Субъект» - деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. «Объект» - деп, субъектінің танымдық және басқа іс-әрекетті неге бағытталса, соны айтады. «Тұлға» деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз әрекетіне жауап беретін, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады.

Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.

6 тақырып Қазіргі саяси жүйелер. Саяси режимдер


  1. Қоғамның саяси жүйесі: ұғымы, құрылымы, бөлшектері.

  2. Саяси жүйенің қызметтері. Саяси жүйенің классификациялық өлшемдер (критерилер) мен теориялар.

Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз – бұл бір тұтас, адал саяси институттар жиынтығының райы, принципі, үрдісі, қарым-қатынасы, қоғамның саяси ұйымдары, саяси, әлеуметтік, заңгерлік, идеологиялық, мәдени деңгей кодексіне бағынады және ол тарихи дәстүрлерге, нақты қоғамның қойған саяси тәртібіне бағынуы.

Кез-келген саяси жүйе бірқатар мәселерді шешеді, тиісті қызмет атқарады. Негізгі қызметтері.



  1. Азамат санасына жүргізілген жиындардың мәнін түсіндіру және бұл саясатты қолдату.

  2. Саясаттық әлеумет, яғни азаматтарды саясат өміріне қатыстыру.

  3. Әлеуметтік топтардың қызығушылықтарына сай талаптарын қалыптастыру.

  4. Саяси коммуникация, яғни сенім ақпаратын әртүрлі қоғам мүшелеріне беру.

  5. Заңдарды жасау және оны қолдану.

  6. Материалды және рухани қызығушылықтарды қоғамда бөліп беру.

  7. Заңдардың сақталуын бақылау.

Барлық саяси режимдер (тәртіп) демократиялық және анитидемократиялық болып бөлінеді. Жалпы демократия грек тілінен «демос»-халық, «кратос»-билік ұғымын білдіреді, яғни халық билігі. Демократиялық режімнің бірнеше белгілері бар оған жататындар: халық билігі, теңдік, еркіндік, сөз бостандық, көппартиялық жүйе, оппозициянын болуы

Тоталитарлы мемлекет – демократиялы емес типтегі мемлекеттер қатарына жатады. Ол латынның «тоталис» сөзінен шыққан, қазақша баламасы «түгел», «бүкіл», «толық».

Тоталитарлы мемлекет – қоғамның өмір сүру барысында мемлекет жағынан жан-жақты үлкен көлемді бақылау жүреді.

Авторитаризм жеке адамның және топтың жеке басшылығы. Бірақ саяси сфералардан тыс өзінің және қоғамның автономиясын сақтайды. Біздің ғасырда авторитаризм тәртібі маңызды емес, көбіне бұл тәртіп тоталитарлы және демократиялы мемлекет болып кетеді.


Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.

7тақырып Сайлау және сайлау жүйелері

1 Сайлау ұғымы

2 Сайлау жүйелердің түрлері

Сайлау жүйесі келесі негізгі бөліктерден тұрады:

-сайлау жүйесі тар мағынасында депутатық мандаттарды бөлу мен дауыс санын санау тәсілі ретінде-сайлау жүйесінің саяси –ұйымдастырушылық қырын бейнеледі;

-сайлау процесі –сайлау жүйесінің тікелей ұйымдастырушылық жолын көрсетеді;

-сайлау құқы-сайлау жүйесінің құқықтық жағын көрсетеді.

Сайлау жүйесі сайлаушылардың дауыстарының нәтижесіне байланысты кандидаттар арасында дауысты санау мен депуттатық мандаттарды бөлу тәсілі ретінде дамыған шет елдерде кең қолданылатын келесі түрлерге бөлінеді:

-абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (мысалы Франция)

-біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (Ұлыбритания)

-ппропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Финлияндия)

-аралас жүйе

Сайлау жүйелердің түрлері: Жалпы сайлау құқын бекіткен кезде дамыған елдерде 2 маңызды сайлау жүйесі қалыптасты: мажоритарлық және пропорционалды. Басында мажоритарлы сайлау жүйесі кең таралды. Мұның мәні мынада: яғни депутаттық орындар әрбір округте қай кандидаттың партиясы көпшілік дауысқа ие болса, соған тиесілі болады, ал қалған партия, кандидаттар ұсына алмай қалады. Мажоритарлық жүйе заңның депутаттарға қандай көпшілікті, яғни салыстырмалы ма, әлде абсолюттіні талап ететініне байланысты болды. Мажоритарлық жүйеде дауыс берудің қорытындысын анықтау жүйесі. Бұл жүйе бойынша жартысынан не одан да басым дауыс жинаған кандидат жеңіп шықты деп есептеледі. Бұл жүйенің негізгі принциптері: Мажоритарлық жүйе: Абсолютті көпшілік салыстырмалы принцип. Принципі (50+1) (қарсыластың дауысынан көп).

Ал, пропорционалды жүйеде мандаттар дауыс беру санына сәйкес партиялардың арасында бөлінеді. Кейде солшыл партиялар пропорционалды жүйені неғұрлым демократиялы деп мажоритарлыға қарсы қойған: пропорционалды жүйе бойынша.

Пропорционалды жүйе жалпы ұлттық деңгейде сайлау округі кезінде бөлшектенбейді және дауыс берушілер саяси партияларға өз елдерінің шеңберінде дауыс береді.

Бұл жүйе көп мандатты округтерде, округтер шеңберінде партияның өкілдері үшін дауыс бергенде жүреді, бұл кезде парламенттегі орындар округтегі партияның әсер етуіне байланысты бөлінеді. Яғни мұнда пропорционалды өкілдік принциптер қолданылады. Сайлау органдары, орындары осы партиялық тізім бойынша берілетін дауысқа байланысты. Ал кейбір елдерде аралас сайлау жүйесі кездеседі, мысалы: президенттік сайлау мажоритарлық жүйемен, парламенттік сайлау пропорционалдық принциппен.


Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.

8 тақырып Мемлекет және азаматтық қоғам


  1. Мемлекет: пайда болуы, мәні, нышаны, қызметі, мақсаты.

  2. Мемлекеттің типтері. Мемлекеттік жүйесінің типологиясы.

Мемлекет – бұл саясатты жүзеге асырудың негізі болып табылады.

Мемлекет категориясы анықтауыштардың бірі болып табылады, өйткені барлық басқармалық функцияларды мемлекет жүзеге асырады. «Мемлекет» термині екі мағынада беріледі.



  1. Кең мағынада: Мемлекет – бұл шекарамен шектелген, басқармалық орталығы бар территория. Алғашқыда мемлекет туралы көзқарас мұндай болған.

  2. Тар мағынада: Мемлекет – бұл үкіметті жүзеге асыратын саяси институт. Саясатта мемлекет туралы сөз әрқашанда тар мағынада беріледі.

Мемелкет жайында сөз айтар алдында ең біріншіден оның пайда болу себептерін анықтау керек. Бұл туралы Маркстік теориясында кең түсіндіріледі. Бұл теория мемлекеттің пайда болу себептерін келесідей түсіндіреді:

  1. Пайда болған алғашқы қауымның ыдырау нәтижесінен қоғам байлар мен кедейлер болып бөлінеді. Байлар мен кедейлер арасында өте үлкен қарама-қайшылықтар бар және бұл қарама-қайшылықтары қандай да бір әдістермен шешуге болмайды. Кедейлерді байларға жұмыс істеткізу үшін, басқарушы класс арнайы ұйым ұйымдастырып, оған күш береді. Осы ұйым күшінің иесі – мемлекет және бұл бірінің жұмысын бірі жұмыс істеуге итермелейді.

  2. Бірақта ғылымда тағы да бірқатар теориялар бар. Олардың кейбіреулері мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді: Бұрынғы заманда соғыстардың нәтижесінде бір халық, екінші халықты жаулап алады және жаулап алушылар жеңілгендерді бағындыру үшін мемлекет құрайды, ал бұл мемлекеттер жаулаған халықты тұншықтырады.

  3. Ал келесі теория мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді, әртүрлі тайпалардың қоршауында болып және олардың агрессиясын көрген халық, олардан қорғану үшін бірігеді.

  4. Адам табиғаттан – қоғамдық пенде болып табылады, сондықтан ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Осы себептен адамдар бірігіп, мемлекет құрайды.

Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.

9 тақырып Саяси партиялар және партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси ұйымдармен қозғалыстар

1.Саяси партиялар: ұғымы, негізгі мақсаттары, міндеттері және қызметтері.

2. Партиялардың типологизациялық өлшемдері. Партиялық жүйе: ұғымы, классификациясы.

Саяси өмірде мемлекет пен қатыр партиялар да үлкен орын алады, олар саясаттың негізгі субъектісі болып табылады. Саяси партиялар қандай ба бір класстық, ұлттық, әлеуметтік топтың қажеттіліктерін қарастыратын ұйым болып есептеледі. Саяси партиялар 19-20 ғ. дами бастады, бұл бірнеше дәлелдермен түсіндіріледі:



  1. 19-20 ғ. аралған көптеген елдер дамыған капиталистік елдер қатарына қосылды. Бұл мемлекеттердің негізгі таптары болып буржуазия мен пролетариат таптары есептеледі, және олар достаспас таптар болғандықтан, араларында әрқашан күрес жүреді. Осы таптардың қажеттіліктері мен тәптәушылықтарын қорғау үшін, күресті басқыру үшін саяси партиялар құрылады. Жұмысшы тап өз партияларын, буржуазиялық тап өздерішінін.

  2. Халықтар мен ұлттардың ұлттық сана - сезімі оянып, дамиды, сондықтан олар өз қажеттіліктерін ақамдау үшін партиялар құрады.

  3. Биліктің танымдық және сайлаулық жүйесі құрылады. Биліктік құрылымға кіру партияның өзіне байланысты. Қоғамның белгілі бір табылың қолдауымен партия биліктің құрылымына енгісі келеді. Кез келген саяси партияға мынадай белгілер тәң:

  1. Қоғамның белгілі бір табылың қажеттіліктерін айқылдайтын идеологияның кесі болып партия табылады.

  2. Партия – жергілікті деңгеден халықаралық деңгейге дейінгі адамдардың ұзақ бас қосуларының ұйымы.

  3. Партияның қоғамдық бағыттардан ерекшілігі – билікті алудың және ұстаздың мақсатты құрылымы.

  4. Сайлау компаниялары кезінде немесе олардың арасында халықты демеуге талпынада.

Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.



10 Саяси даму және модернизация

1 Саяси модернизация түсінігі мен мәні.

2 Саяси модернизацияның мәні

Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді. Әртүрлі қоғамдық бағыттылық пен єлеуіметтік жєне саяси лектегі жүйеге негізделген оқиғаларды қандай да бір концептуалды єдісемелік сызбалар немесе себеп-салдарлық байланыс деңгейінде қарастырып түсіндіру мүмкін емес. Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы; үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы; төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.



Саяси модернизация теориялары - ХХ ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру. Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты. Модернизация теориясындағы консервативтік бағыт. Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеу¬меттік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет.

Модернизацияның мәні неде? Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін жүзеге асыруда. Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын.Сол бір тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың самарқаулығы, посткеңестік болмыс пен мінез, сондай-ақ, кеңестік қазақ элитасының өзін-өзі сақтап қалуға талпынған әрекеттері өзгеше қазақстандық жолды таңдауға мәжбүрлеген еді. Саяси реформаларды төменнен емес, жоғарыдан реттеуге тура келді және ол талпыныс сәтті шықты. Қазіргі саяси модернизацияның мәнін тек пәнаралық құралға арналған кірігуші зерттеу бағдарламалары негізінде ірі сараптамалық сызбалар мен жетістіктерді игеруді тарту тұрғысында түсіндіруге болады. Модернизация мәселесінің күрделілігі мен әрқырлылығын ескере отырып, кірігу теориясының модернизацияланған демократияға өтуін және оның консолидацясын құру қажет. Мұндай ұзақ құрылымдық процесс бірнеше күрмеуі күрделі мәселелерді туындатады:

- модернизация жєне оны жүзеге асыру процессінде негізінен жүгінетін бағыттар, үлгілер жєне басқару принциптері қандай болу керек?

- модернизация процесі барысында теориялық мєнге мемлекеттіњ қатысу дењгейініњ сєйкестігі қаншалықты жєне либералды нарықтық экономикасы бар плюралистік қоғамдағы өзін өзі басқару мен ұйымдастыру дењгейі бұл процессте 0аншалықты автономды болып отыр?

Формациялық, өркениетті жєне жахандық сараптама сызбалар негізіндегі бағам көрсетіп отырғандай бұл аталмыш мєселелер тек теориялық тұрғыда анна емес, сонымен қатар саяси жоспарда да күрделілік танытып отыр. Ал бұл жағдай тєжірибеде өтпелі қоғамда демократияландыруда мемлекеттік саясатты белгілі бір импровизацияға ие болуымен сипатталады.

Әлеуметтік саяси ғылымдарда қабылданданғандай өтпелі қоғамға жағдайлар дєстүрлі қоғамнан қазіргі батыстық қоғамға өтуі мінездейтін модернизация теориясыныњ бастысы болып табылады.

Модернизация парадигмасы өзіне бірнеше аксиоманы жұптастырады. Біріншіден, басты қоғамның даму зањдылықтары деп күнделікте өмірде болып жатқан өзгерістер жєне єлеуіметтік, саяси, экономикалық қиындықтар жєне мєдени құрылымдар мен оныњ функцияларыныњ қоғамдық рационалды сұраныстар мен пайдалы мүддеге сай функциялануындағы сєйкестігін тану.

Екіншіден, өтпелі қоғам – ол мынандай жетістіктерге ұмтылатын қоғам:

- жоғары дењгейдегі индустриализация;

- жоғары валдық ішкі өнімдер мен энергрияныњ органиқалық емес көзгерін кењінен қолдануда тұрақты экономикалық даму;

- қоғамдық процесс мақсатында ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану;

- халықтың жоғары жєне сапалы тұрғыды өмір сүру дењгейін арттыру;

- өндіріс, ғылым жєне тұтынушы салаларымен байланысты аймақтыњ жоғары мобилді кєсіби – салалық құрылымдарын барынша өркендету;

- єлеуіметтік стратификация жүйесіндегі орта класқа ерекше көњіл бөлу жєне т.б.

үшіншіден, модернизация – бұл қоғамдық өмірдегі баолық салаларындағы сєйкес өзгерістердіњ қажеттігін жєне психологиялық бағыттағы түрленудіњ кешенді процесі.

Төртіншіден, демократиялық модернизацияныњ феномені – жањару механизмінін игеру жєне саяси қызмет технологиясыныњ өзгеруі, сонымен қатар саяси мақсат, доктрина, крнцепция, бағдарлама жєне жобасы болып табылады.

11 Саясаттағы конфликт және дағдырыстық жағдайлар

1. Саяси қақтығыстар, олардың қоғам өміріндегі орны

2. Саяси қақтығыстардың құрылымы және мазмұны. саяси дағдарыс.

3. Саяси жанжалдардың кезеңдері, олары реттеу және шешу тәсілдері

4. Қазақстандағы саяси жанжалдардың алдын–алу тәсілдері мен жолдары

Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы - халықтың әл-ауқатын көтеру, елдің жоғары әлеуметтік-экономикалык дәрежеде дамуын камтамасыз ету. Оған қоса қоғамның саяси мәдениеті биік болса, билік басындағыларға, заң органдарына деген сенім арта, беки түседі. Ал олар жеткіліксіз болса, саяси жанжалдар мен дағдарыстардың өрбуіне әкеледі. Біраз жағдайда дау-жанжалдардың алдын алу үшін билік басындағылар әртүрлі әдіс-айлаларды пайдаланады. Мысалы, халык мүддесін қанағаттандыра алмаған жағдайда, сіздерді мынадай жарқын болашақ күтіп түр деп үміттендіреді, жұбатады. Бір үміттен кейін келесі үміттің оты жануы мүмкін. Ол үміт шиеленісті әлсіретуге әкеледі.

Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар.

1. Дау-жанжалга бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді.

2. Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, "не істесең соны істе" деген сияқты, бәріне көніп жүре береді.

3. Саяси жанжалды мәмілеге келу арқыльі бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге ты- рысады.

4. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдісі. Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақта мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халыкаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық тәртібін және т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады.

12 Саяси мәдениет және саяси идеология


  1. Саяси мәдениет түсінігі және мәні

  2. Саяси мәдениет типологиясы

  3. Саяси идеологияның түсінігі, құрлымы, қызметтері

  4. Саяси сана және оның идеологияға тигізетін әсері

  5. Қазіргі кездегі негізгі идеологиялардың түрлері

Саяси мәдениет дегеніміз – адам мәдениеті тармақтарынын бірі. Бұл материалдық және рухани мәдениеттермен бірге жүретін мәдениеттің дербес түрі. Оның саясат, саяси биліктің қызмет ету салалары сияқты іс-әрекет салалары ерекшеліктерімен анықталатын өзіндік спецификасы бар. Саяси мәдениеттің спецификасы сондай-ақ оның мынадай құрамдас элементтеріне де байланысты болды: саяси құрылымдар мен құндылықтар, саяси ұсыныстар мен мінез-құлықтар. Саяси мәдениет саяси субъектінің басты сапалық белгілерінің бірін білдіреді.

Саяси мәдениеттің қызметтері



      1. қоғамды, бірлескен өмірді, іс-әрекеттерді, мінез-құлықты, танымдылықты және т.б. ұймдастару мен реттеу.

      2. саяси білім мен құндылықты бейімділікті реттеу.

      3. нақты бір тап пен әлеуметтік топтың саяси мәдениетін басқа таптар пен әлеуметтік топтарға тарату және саяси мәдениет нәтижелерін ұлтараралық алмасу.

      4. саяси нормаларды, құндылықтарды, мінез-құлық үлгілерін үндестіру.

      5. белгілі қоғамның саяси мәдениетінің барлық құндылықтарын ұрпаққа беріп отыру.

      6. саяси мәдениеттің мейілінше жетілдірілген элементтерін ұдайы өндіріп отыру.

Бүкіл 6илік және билік қатынастары, қоғамның, мемлекеттік — саяси ұйымдарды өзіне қамти келе, сонымен бірге өзінше дербес және өзара тығыз байланыстағы салаларды қамтитын мәдениет оған мемлекеттік құқықтың, партиялық, саяси шешімдер қабылдайтын механизмдер, саяси процесс, саяси қатынастар т.б. жатады. Кез келген қоғамның саяси өмірін түсінуде «саяси мәдениет» категориясының маңызы күшті. Қоғамдағы басқа да құбылыстармен байланысты болғандықтан саяси мәдениет Платон, Аристотель, Макиавелли, Монтескье, Токвиль, Гегель және басқа көрнекті саяси ойшылдардың, әр дайым назарында болған. Өйткені саяси мәдениет адамдардың, мінез - құлқына және әртүрлі ұйымдардың іс қимылына, олардың ішкі және халықаралық саясатының құбылыстарына, қоғамда үстемдік ететін саяси режимдер мен жүйелерді бағалауға ықпал етеді және, ең ақырында, саяси процестердің динамикасы мен бағытын, көп жағдайда түсіндіріп отырады. Саяси мәдениеттің дәрежесі мен жағдайына көп нәрсе байланысты: саяси бағытты белгілеу және оны халықтың қабылдауы саяси болжамның сапасы, саяси—басқару, шешімдер қабылдау және оны тиімді түрде. Іске асыру, Ол халықтың саяси жағынан жетілуі мен белсенділігінің олардың саяси күрес тәжірибесін игеру дәрежесін, саяси билікті пайдаланудағы бостандықтың өлшемін сипаттайды.

Қоғамның саяси мәдениетін үйрену мен зерттеудің мақсаты саяси системаның және оны демократияландырудың, тиянақтылығын нығайтудың әлеуметтік - саяси механизмдерін іздеп табу, оны өмірге пайдалану. Зерттеудің дербес саласы ретінде саяси мәдениет қазіргі жағдайында америкалық саясаттанушылардың еңбектерінің арқасында кейінгі жылдары ғана бөліне бастады. 1955 жылы Г. Алмонд өзінің «Салыстырмалы саяси жүйе» деген мақаласында саяси жүйелерді тереңірек зерттеуде саяси мәдениетті зерттеудің қажеттілігі мен пайдасы жайлы соны ойлар ұсынды. Осы мақаласында ол саяси мәдениеттің мазмұнын ашуға алғашқы рет әрекет жасады. Кейінірек саяси мәдениеттің негізі концептуалды түсініктері жайлы зерттеу жұмыстарын Г, Алмонд, С. Вербамен бірлесіп жасады. Сонымен қатар Л. Пай, Р. Такер, С. Липсет, Е. Шейх және басқалары зерт­теу жұмысын жургізуде.

13 тақырып Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар

1.Әлемдік саясат ұғымы

2.Халықаралық қатыныстар жүйесі

3.Сыртқы саясат мәні мен қызметтері.



4. Қазақстан Ре сспубликасы сыртқы саясат, оның көп бағыттылық сипаты.

1. Дүниежүзілік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субьектілерінің әлемдік сахнадағы іс әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды. Сонымен қатар,олар: сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар ұғымдарымен толықтырылады.

2. Халықаралық қатынастар деп - халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлейметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады. Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, олардың іске асырушылардың көбеюіне байланысты. Қазіргі әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр деуге болады, бірақ, халықаралық қатынастарды негізгі рөлді мемлекет атқарады, себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім шарттар жасау, соғыс ашу т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.

3. Сыртқы саясат жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс әрекеті жатады Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер , жеке адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді.

Сыртқы саясаттың қалыптасуына әр түрлі жағдайлар ықпал жасайды. Оның ішінде ең маңыздысы – мемлекеттің орналасқан географиялық ортасы. Оған жер бедері, ауа райы, топырақ, жер қойнауының табиғи байлықтары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғи қатынас жолдары және т.б. Географиялық орта өндіргіштерді орналастыруға, жалпы қоғам дамуына сан қилы әсер етеді. Айналадағы табиғи ортаның қоғам дамуына әсер ететін зерттейтін географиялық бағыт деген теория пайда болды. Оның негізін салушы француздың белгілі фәлсафа ағартушысы- Ш.Монтескье. Ол халықтардың материалдық және рухани өмірі географиялық ортаның жағдайларына тәуелді деп санады.

Халықаралық саясатты қалыптастыруға идеологияның да қатынасы бар. Қай елде болмасын жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, әділдік пен әділетсіздік, адамдар арасындағы қарым – қатынастар, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтары жөнінде өзіндік түсініктері, ой пікірлері болады. Бұл көзқарасты сыртқы саясатқа да әсерін тигізеді.

3.Республиканың сыртқы саясатына экономикалық байланыстарды нығайтып, дамытуда кіреді. Бүгінде республикамызда бірнеше шетел фирмаларының , банкілерінің , өзге ұйымдардың өкілдері бар. Қазақстан қазіргі әлемнің 80 – нен астам елдеріне өнімдер шығарады.

Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері:

- мемлекеттік мүддені қорғау;

- елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру; демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;

- әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;

- ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу ;

- халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету;

Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен, көршілермен тең дәрежелі достық қатынас орнатпақ. Сонымен қатар республикамыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейтесті мәселелері – қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құқықтары, айналадағы ортаны қорғау.


жүктеу 382 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау