Диаграмма 14. Тыңдалған жедел курс сипаттамаларының бағалануы
Семинарларды ұйымдастыру деңгейімен тыңдаушылардың көпшілігі қанағаттанған - 59%. Теріс пікірдегі тыңдаушылар үлесі 1% құрады. Курсты тыңдаушылардың көпшілігі таратпа материалдар мен оқу әдебиеттерінің сапасымен «дұрысырағы қанағаттандым» немесе «толығымен қағанаттандым» деп бағалаған.
Зереттеуге қатысушылар семинарлар өткен аудиториялармен қанағаттанған. Бөлмелер кең, жарық және сабаққа қажетті жабдыөқтармен жабдықталған – үстелдер мен орындықтар, проектор.
Курстың ұзақтығы бойынша пікірлер бөлінді. Кейбіреулер үшін 2 кун аздық етеді, 3-4 күн өткізілсе деген пікірлер білдірді. Ал жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге 1 күн жеткілікті деген пікірлер айтылды.
Өткізілген сұрау нәтижелері бойынша тыңдаушылардың көпшілігі оқыту тақырыптарының өзектілігі мен тәжірибе сабақтарының сапасына толық немесе дұрысырағы қанағаттандым деп жауап берді.
Өткен жылдардағыдай барлық семинарлар барысында тыңдаушыларға қажетті кеңсеу тауарлары мен таратпа материалдары берілді, олардың сапасымен тыңдаушылар толықтай қанағаттанды.
Өткен жылдардағыдай семинарда тараылған «Кәсіпкерліктің жедел курсы» бойынша оқу құралының сапасымен де тыңдаушылар қанағаттанды. Тыңдаушылар ондағы қазақ және орыс тілдерінде берілген барлық ақпараттар өте түсінікті тілмен жазылғандығын атап өтті.
Диаграмма 15. Жедел курстың тыңдаушыларымен алынған әр түрлі тақырыптар бойынша ақпараттардың түсініктілігі мен жаңашылдығының дәрежесін бағалау
Тыңдаушылардан сауалнама алу барысында жедел курстың тақырыптарын 4 нұсқалы жауаппен бағалау сұралынды. Жалпы алғанда тыңдаушылардың басым бөлігі барлық тыңдалған тақырыптар бойынша «жаға білім алдым» деп жауап берген.
Респонденттердің көбі «Кәсіпкерлерге арналған қаржы», «Бизнес Жоспар» және «Маркетингтік қызмет» тақырыптары бойынша жаңа білім алған.
Жалпы алғанда барлық тақырыптар бойынша «тақырыптар толығымен айтылмады және түсініксіз болды» деп пікір білдіргендер саны жыл сайын азаюда.
Сауалнама жүргізу барасында кәсіпкерлік қызмет үшін алынған ақпараттардың пайдалылығын да бағалады.
Респондеттерге «Осы тақырыптар бойынша алынған ақпараттарды сіздің тәжірибелік қызметіңізде, жұмыс орнында пайдаланасыз ба?» сұрағы берілді, бұл сұраққа көбісі «ия» деп жауап берді.
Диаграмма 16. Кәсіпкерлік қызмет үшін ақпараттардың пайдалылығын бағалау
Респонденттерге сауалнама алу барысында бірнеше тұжырымдарды бағалап, олармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін белгілеу ұсынылды. «Семинар барысында көптеген жаңа, қызықты ақпарат алдым» деген тұжырымға 80% тыңдаушылар оң бағасын берді.
Тыңдаушылардың айтарлықтай бөлігі семинар мазмұнына оң баға берді: «Семинар мазмұны тікелей менің жұмысымның ерекшелігіне сәйкес келді» деген пікірмен 75% респондент келіседі.
«Бизнес-Кеңесші» жобасының көптеген тыңдаушылары «семинарда уақытымды босқа өткіздім» деген пікірмен келіспейді, яғни 98% респондент.
Диаграмма 17. Курстың маңыздылығы мен мазмұнының негізгі факторларының ұсынылған сипаттамалары бойынша респонденттердің пікірі
Кәсіпкерлік саласында жаңа ілім алу, жеке тұлғалар үшін сеинарға келу жөніндегі шешім қабылдау үшін өте күшті серпін болды.
Достарыңызбен бөлісу: |