Бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең 2012 жыл Іске асыру кезеңі



жүктеу 3,09 Mb.
бет7/19
Дата27.02.2018
өлшемі3,09 Mb.
#10850
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




43.

Жамбыл облысында «Қазақстанның үздік тауары» конкурсын ұйымдастыру

млн. теңге

Қаражаттың игерілу бары-сы және конкурс тура-лы ақпарат, хаттама

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Конкурс 2012 жылғы 12 шілдеде Тараз қаласында «Қазақстанның үздік тауары» өткізілген көрме-конкурсқа 67 тауар кәсіпорын қатысты. Өңірлік конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттары болып төмендегі номинациялар бойынша келесі кәсіпорындар танылды:

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» - «Қазфосфат» ЖШС-гі бірінші дәрежелі, «Super-pharm» ЖШС-гі екінші дәрежелі, «Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС-гі үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды;

«Халық тұтынатын үздік тауарлар» - «Энерджи Тараз» ЖШС-гі бірінші дәрежелі, «Асыл Дизайн» ЖШС-гі екінші дәрежелі, «Айналайын» ҚБ-гі үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды;

«Үздік азық түлік тауарлары» - «Амангелді» ЖӨК бірінші дәрежелі, ««Злиха» ШҚ екінші дәрежелі, «Мешелова» ЖК үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Өңірлік көрме-конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттары 2012 жылдың 11-12 желтоқсанында Астана қаласында республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысып қайтты.



«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурстың «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша екінші дәрежелі дипломмен «Қазфосфат» ЖШС-гі, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша үшінші дәрежелі дипломмен «Энерджи Тараз» ЖШС-гі марапатталды.

44.

Жамбыл облысының әлеуетті инвесторларының және бизнес құрылымдарының қатысуымен бизнес форум өткізі

млн. теңге

Қаражаттың игерілу барысы туралы ақпарат

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ү. ж. 8 қарашасында Жамбыл облысының әкімшілігі Тараз қаласында «Тараз» ӘӨК бірлесіп, «ZHAMBYL–INVEST–2012» халықаралық бизнес форум өткізді.

45.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерге қаржылай көмек көрсету


млн. теңге

Қаражаттың игерілу барысы туралы ақпарат

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттарындағы «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша, жалпы сомасы 10,0 млрд. теңгені құрайтын 87 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде бірінші бағыт бойынша жалпы сомасы 8,7 млрд. теңгені құрайтын 86 жоба және үшінші бағыт бойынша 1,3 млрд. теңгені құрайтын 1 жоба іске асырылуда.

46.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерге қаржылай көмек көрсету


млн. теңге

Қаражаттың игерілу барысы туралы ақпарат

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

«Банк несиелері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 118,0 млн. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асуда.

47.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерге қаржылай көмек көрсету


млн. теңге

Қаражаттың игерілу барысы туралы ақпарат

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

181 кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қолдау көрсетілді.

48.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясындашағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылай көмек көрсету

млн. теңге

Қаражаттың игерілу барысы туралы ақпарат

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Аталған бағыт бойынша облысттың 10 ауданынан 159 қатысушы оқудан өтті.

49.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында

шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылай көмек көрсету



млн. теңге

Қаражаттың игерілу барысы туралы ақпарат

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Аталған бағыт бойынша 238 облыс тұрғындарына шағын несие берілді.





Мақсат 4.1.4.: ШОБ және сауданы дамыту




Міндет 4.1.4.2. Сауданы дамыту

50.

Облыстың сыртқы сауда айналымын ұлғайту




ҚР кеден статистикасы

Комитетінің мәліметі



Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаменті



Сыртқы сауда айналымы 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 488,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 17,2%-ға төмендеген, оның ішінде экспорт – 33,4%-ға азайып, 190,5 млн. АҚШ долларын, импорт – 2,0%-ға төмендеп, 298,4 млн. АҚШ долларын құраған.

Сыртқы сауда айналымы көлемінің төмендеуі қант экспортының 65,1%-ға, гипстің – 7,7%-ға, ірі қара мал терісінің – 42,1%-ға, қара металл сынықтары мен қалдықтарының – 49,6%-ға, сондай-ақ, уранның экспортталатын өнімдер тізбесінен алынып тасталуына (облыста уран өндірілмейді) және химиялық өнімдердің (сары фосфор, натрий үш полифосфаты) Алматы облысы арқылы жіберілуіне; картоп – 22,6%-ға, сәбіз – 27%-ға, бұрыш – 21,7%-ға және т.б. импортының азаюына байланысты болып отыр.



51.

Жамбыл облысының бірыңғай кедендік одаққа кіретін елдермен сыртқы экономикалық байланысына мониториг




есеп

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

2012 жылғы қаңтар-қарашада облыстың Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 118,4 млн. АҚШ долларын құрады, немесе 2011 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 44,0%-ға өсті (РФ – 111,6 млн. АҚШ доллары, Беларусь – 6,8 млн. АҚШ доллары), оның ішінде экспорт – 37753,3 мың АҚШ доллары (58,6%-ға көп), импорт – 80696,3 мың АҚШ доллары (38,1%-ға артты).

52.

Бөлшек сауданың көлемін ұлғайту





статистика

департаментінің мәліметі



Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы


ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес бөлшек сауда айналымы 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда 107,8 млрд. теңгені құрып, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға өскен.

53.

Сауда терминалдары арқылы пластикалық карталардың көмегімен есеп айырысатын сауда кәсіпорындары және әлеуметтік сауда орындары, бөлімдер дің санын арттыру




есеп

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Облыста тұрғындарға қызмет көрсететін 682 нысанда РОS-терминалдар орнатылған.

54.

Халыққа әлеуметтік мәні бар тауарларды және ауылшаруашылық өнімдерін тікелей сату жәрменкесі жүргізу.




есеп

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

2012 жылы 128 жәрмеңке өткізіліп, сатылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 289,6 млн. теңгені құраған, оның ішінде Тараз қаласында сомасы 230,5 млн. теңге болған 96 жәрмеңке өткізілді.

55.

Шекара маңындағы сауда, сауда инфрақұрылымын дамыту.




есеп

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

2012 жылғы 29 маусымда Астана қаласында Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық кеңес жанындағы Шекара маңы ынтымақтастығы жөніндегі кіші комиссияның 1-ші отырысы өтіп, онда екі жақ «Айша бибі – Чон-Какпа», «Аухатты – Кен булун» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталықтарының (ХШМЫО) және «Кеген-Каркыра» шекара маңы сауда орталығының құрылысын жүргізу бойынша бірлескен жұмысты жүргізудің мақсатқа лайықтылығын зерделеу және үш айдың ішінде ұсыныстар беру жөнінде келісті.

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қырғыз Республикасының Үкіметіне 14.01.2013 ж. «Айша бибі – Чон-Какпа», «Аухатты – Кен булун» ХШМЫО-н салудың мақсатқа лайықты еместігі туралы хат жолдады (2011 жылы осындай ұсыныс жолданған болатын).



56.

Ішкі нарықтың мол болуы және облысқа елдегі басқа аумақтардан жеткізілетін өнімге бағаның өсуінің тұрақтылығына меморандумдар қорытындысын жасау




есеп

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ішкі нарықты қанықтыру және әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру туралы сауда кәсіпорындарымен 134 меморандумға (үстемені 10-15% асырмау жөнінде) қол қойылды.

57.

Облыстағы барлық жұмыс істеп тұрған сауда нарығына паспорттау жүргізу




есеп

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы салық органдарымен, аудан және Тараз қаласының әкімдіктерімен бірлесе отырып облыста жұмыс істеп тұрған базарларды паспорттау бойынша жұмыс жүргізуде. Облыс әкімдігінің 27.12.2012 ж. қаулысымен облыстың сауда базарларына санаттар беру жөніндегі комиссия құрылды. Құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітілгеннен кейін аймақтың жаңадан ашылған базарларына санаттар беру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

58.

Модернизацияға кедергі жасайтын себептер және факторларды табу мақсатында қолданыстағы талаптарға сәйкес сауда нарығының жағдайына талдау жүргізу




есеп

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Сауда базарлары жағдайының Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 05.02.2003 ж. №131 қаулысымен бекiтiлген Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесiнің талаптарына сәйкестігін талдау нәтижесі бойынша Тараз қаласының орталығында орналасқан бірқатар базарларды жабу және оларды облыс орталығының шетінде орналасқан жаңа базарларға – «Орталық базар», «Атакент-Тараз» и «Ауыл Береке» көшіру жөнінде шешім қабылданды.

Жаңадан ашылған базарларға сауда саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес болу қажеттігі туралы шарт қойылды.



59.

Азық-түлік тауарлар бойынша өңірлік тепе-теңдікті қамтамасыз ету




есеп

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Облыста азық-түлік тауарларының аймақтық балансын қамтамасыз ету бойынша бағаны тұрақтандыру жөніндегі облыстық штаб жанындағы жұмыс жалғастырылуда. Бұл мақсатқа 729,0 млн. теңге бөлініп, игерілді.

60.

Жол маңындағы инфраструктураны (сервисін) дамытуға, халықаралық транспорттық дәліздер бойында жер учаскелерінің бөлінуі




есеп

Аудандар және Тараз каласының әкімдері, жер қатынастар басқармасы

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы



Халықаралық көлiктiк дәлiздері бойында жол бойы инфрақұрылымын (сервисiн) дамыту үшін жер учаскелерiн анықтау және бөлу жұмыстары жалғастырылуда.

61.

Инженерлік-коммуникациялық инфраструктураны жол маңындағы инфраструктура (сервисін) нысандарына жеткізуді қамтамасыз етуге ықпал жасау




есеп

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Жол бойы инфрақұрылымы (сервисi) нысандарының құрылысы барысында оларға тиісінше инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу қамтамасыз етілетін болады.

62.

Облыстың көтерме-бөлшек кешенімен және көрші елдердің кәсіпкерлері арасында жеміс-жидек өнімін жеткізуге келісімшарт жасасуға ықпал жасау(жәрдемдесу)




есеп

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Облыс тұрғындарын арзан бағадағы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ-ы жанынан арнайы құрылған «Тараз» сауда-саттық компаниясы» ЖШС-нің негізінде тұрақтандыру қоры құрылған. 2012 жылы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын сатып алу, сақтау және сату үшін республикалық бюджеттен 728,9 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда сатып алынған өнімдер коммуналдық базарда, сондай-ақ облыс орталығының халық көп шоғырланған жерлерінде орналасқан 6 әлеуметтік стационарлық дүкендерде сатылуда (тағы 4-ін ашу жоспарда бар).




Мақсат 4.1.5 Инвестицияны тарту арқылы инновацияны дамыту және технологиялық жетілдіруге ықпал ету




Міндет 4.1.5.1. Инновациялық өнімдерді өндіруге инвестицияларды тарту.

63.

Кәсіпорындар және әкімдіктер мен инновация әзірлеуші басымды бастамашылар арасында жаңа технологиялар әзірлеу және енгізу




Ақпарат

Су шаруашылығы ҒЗИ, М.Х.Дулати атындағы Тар М , КжӨБ, АШБ, аудандар мен Тараз қаласының әкімдері және облыс кәсіпорындары

2012 жылы «Қазфосфат» ЖШС-гі «Фосфа» чех компаниясымен бірлесе отырып гексаметафосфат натрийі мен басқа да фосфор тұздарын өндіретін жаңа технологияларды әзірлеп, енгізді. «Хосакава» германдық фирмасымен бірігіп түйіршіктелген үшполифосфат натрийін шығару бойынша жабдықтар монтаждалды.

2012 жылғы мамыр айында «Қазақстан Темір жолы» АҚ-ы» Ұлттық компаниясы мен «CSR» Оңтүстік қытай вагондар мен локомотивтер корпорациясы өкілдері арасындағы келісім-шартқа қол қойылды.

Желтоқсанда «Камқор Локомотив» ЖШС электр жетекті мотор-компрессоры орнатылған желдеткіші және сорғышы бар сорап бар бірінші локомотив жиналды.





Мақсат 4.1.5.2 Қазақстандық үлесті арттыру

64.

Облыс тауар өндірушілердің арасында жергілікті қамтуды дамытудың механизмдерін түсіндіру жөнінде семинар-кеңестер өткізу; аймақта көшпелі жиналыстар өткізу; республикамыздағы ірі компаниялар мен кәсіпорындарға жергілікті өнімдерді өткізу жөнінде меморандумдарға қол қоюды ұйымдастыру.




Семинарлар кездесулер және меморандумдарға қол қойғызу

КжӨБ, аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері, облыс кәсіпорындары

2012 жылдың 7 ақпанында ірі компаниялар мен жергілікті өнім өндірушілердің қатысуымен кеңес өткізілді. Одан ары қарым қатынасты нығайту мақсатында ірі компания басшылары шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім түрімен таныстырылды.

2012 жылғы 4 сәуірде Жамбыл облысы әкімдігінде индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін инструменттерді түсіндіру жөнінде өткізілген мәжіліске кәсіпкерлер, даму институттарының өкілдері қатысты. Аталмыш кеңес шеңберінде облысымыздағы жүйе құраушы кәсіпорындардағы тауарларды сатып алу жөніндегі қазақстандық үлесті арттыруда туындап отырған мәселелерді тиімді түрде шешу туралы мәселелер қаралды. Кеңес диалог тәртібінде өткізілді.

2012 жылғы 8 қарашада Тараз қаласында «TARAZ INVEST 2012» халықаралық форум өткізілді. Форумға шетелдік компания, ұлттық компания, даму институттары, ірі компания, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Форум аясында, 2012 жылғы 9 қарашада, отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін инструменттерді түсіндіру жөнінде өткен семинар-кеңеске «NadLoC» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өкілдерінің қатысты.



65.

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларындағы қазақстандық үлесті арттыру бойынша шаралар қабылдау






КжӨБ, аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері, облыс кәсіпорындары

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 745 қаулысына сәйкес 2011 жылдың 1 тамызынан бастап қазақстандық үлес бойынша мониторинг 4 кәсіпорынға жүргізіледі: «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС; «Қант» АҚ; «Жамбылгипс» АҚ; «ТаразБылғарыАяқкиімі» ЖШС.

Кәсіпорындардың есептік мәліметтеріне және «NADLoC» АҚ-ның тиісті мәліметтеріне сәйкес 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында облыстың кәсіпорындарының жалпы сатып алу көлемі 1,2 млрд. теңгені құрады, ондағы қазақстандық үлес - 59,7%.

2012 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер және ұйымдармен 7,4 млрд. теңгеге 6,8 мың тауарларды (жұмыстар мен қызмет көрсетуді) мемлекеттік сатып алу жүргізілді, ондағы қазақстандық үлесі 80,9 пайызды құрады. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен жүйе құраушы кәсіпорындарда қазақстандық үлесті ұлғайту мақсатында толық жоспар әзірленді.

Ұлттық компаниялар, ірі кәсіпорындар және мекемелер басшыларына Жамбыл облысының тауар өндірушілерінің каталогы жолданды.



ҮИИДМБ шеңберінде облысымыздың аудандарында жаңа өндірістік объектілер ашылып, отандық өнім өндірісінің ұлғаюы мен оның өткерілуіне ықпал етілді.

Облыста өнеркәсіп кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша кездесулер және семинарлар өткізіліп, ірі компаниялар мен ШОБ өкілдерінің кездесулері ұйымдастырылады.




БАҒЫТ 2. Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету




Мақсат: 4.2.1. Білім берудің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету




Міндет: 4.2.1.1. Педагог кадрлардың біліктілігін және мұғалім мамандығының престижін жоғарылату

1.

Педагогтарды, оның ішінде жас мамандарды үймен және әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыс

адам

Есеп

Білім басқармасы және аудандар мен Тараз қаласы әкімдері

2012 жылы ауылға 160 жас маман жіберіліп, олардың әр қайсысына 113,8 мың. теңгеден (барлығы 18,2 млн. тенге) берілді. Оның ішінен 77 жас мамандарға үй алуға әр қайсысына 2,4 млн. теңге несие берілді.

2.

Педагог мамандығын насихаттайтын іс-шаралар (жаңашыл педагогтардың слеттары, форумдары және т.б,), оның ішінде БАҚ-да жариялауды ұйымдастыру және жүргізу

бірл.

Есеп

Білім басқармасы

Педагог маманның кәсіпқойлығын, шеберлігін насихаттау жөнінде 34 облыстық кеңестер, оның ішінде 9 онлайн тәртібінде және 12 – аудандарда, 2 республикалық семинар, 8 конкурс, 6 онлайн тәртібіндегі сабақ, 2 акция, 2 форум, 2 интернет конференция, 1 химия пәні мұғалімдері арасында олимпиада, 1 республикалық онлайн тәртібіндегі сабақ және 8 әдістемелік десанттар ұйымдастырылды.

3.

Жалпы орта білім беру жүйесінің педагог қызметкерлеріне білікті арттыру курстарын ұйымдастыру

бірл.

Білім басқармасының бұйрығы

Білім басқармасы

2012 жылы электрондық оқу жүйесінен біліктілігін арттыру курсынан 525 педагог өтті. Назарбаев зияткерлік мектептерінің педагогтары және Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп дайындаған үш деңгейлік оқыту бағдарламасына сәйкес қайта даярлау курстарынан облыста 450 педагог өтті.




Міндет: 4.2.1.2. Жалпы орта білім беру қызметінің сапасын жоғарылату

4.

Апатты жағдайдағы мектептердің орнына мектептер салу

бірл.

Енгізу актісі

Білім басқармасы

Апатты жағдайдағы мектептер санын қысқарту мақсатында РБ қаржысы есебінен 2 мектептің: Жамбыл ауданы Аса ауылындағы 600 орындық Гагарин мектебі, Қордай ауданы, Бұлар батыр ауылындағы 600 орындық мектеп, ал ОБ қаржысы есебінен 3 мектептің: Т.Рысқұлов ауданы Сәлімбай ауылындағы 150 орындық, Жамбыл ауданы Көлтоған ауылындағы 180 орындық, Сарысу ауданы Шағалалы ауылындағы 48 орындық мектептер құрылысы аяқталды.

2013 жылы пайдалануға берілетін 4 мектептің (Жамбыл ауданы Жасөркен ауылындағы 300 орындық М.Әуезов мектебі, Қордай ауданы Сортөбе а. 300 орындық мектеп, Талас ауданы Қаратау уч. 120 орындық мектеп, Жуалы ауданы Ақтөбе а. 150 орын мектебі) құрылысы жалғасуда.



5.

3 ауысымдылықты жою үшін мектеп құрылысын жүргізу

бірл.

Енгізу актісі

Білім басқармасы

Жаңа құрылыстар есебінен: Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы 600 орындық, Қордай ауданы Гвардейск ауылындағы 900 орындық және Меркі ауданы Меркі ауылындағы 1000 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді.

Қордай ауданы Масанчи ауылында 900 орындық (апаттық және 3 ауысымдық) және Қордай ауданы Кенен ауылына 600 орындық (апаттық және 3 ауысымдық) 2 мектептің құрылысы жалғасуда.






6.

Мектепке күрделі жөндеу мен сейсмикалық бекіту жүргізу

бірл.

Енгізу актісі

Білім басқармасы

Облыстық бюджеттен бөлінген 1,6 млрд. теңге қаржы есебінен 27 білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 39 нысандарына жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.

3 мектеп күрделі жөндеуден өтті (Т.Рысқұлов ауданы Өрнек а., Мойынқұм ауданы Кеңес а., Талас ауданы М.Қыстаубайұлы а. мектептер).



7.

Мектептің ғимаратына қосымша құрылыс салу

бірл.

Енгізу актісі

Білім басқармасы

Дарынды қыздарға қазақ-түрік мектеп-интернатына қосымша құрылыс, Жуалы ауданы Қарабастау а. Қошмамбетов атындағы білім мекемесіне спортзал, акт залы, Шу ауданы Жамбыл атындағы мектепке спортзал, акт залы, 6 сынып бөлмелері, асхана, жылу беретін бөлме және Шу қаласы Жибек Жолы атындағы лицейге, қосымша 5 сынып бөлмелері мен спортзал салынды.

8.

Жаңа мектептің құрылысын соғу

бірл.

Енгізу актісі

Білім басқармасы

Байзақ ауданы Сенкібай а. жаңа Еңбек орта мектебіне қосымша сынып бөлмелері, Т.Рысқұлов ауданы Қайынды а. Смаилов мектебіне жылу беретін бөлме, Мойынқұм ауданы Мыңарал ст. бастауыш мектебінің орнына 120 орындық орта мектеп және объект бойынша мемлекеттік сараптама мен ЖСҚ: Жамбыл облысы Шу ауданы Тоғай тұрғын массиві Сыпатай батыр көшесіндегі 300 орындық мектептердің құрылысы жүргізілді.

9.

Жалпы білім беретін мектепке спорт залын салу

бірл.

Енгізу актісі

Білім басқармасы

Қазақ–түрік дарынды ұлдар мектебіне спортзал құрылысы ЖСҚ әзірленгенен кейін жүргізіледі.

10.

Асхана құрылысын жүргізу

бірл.

Енгізу актісі

Білім басқармасы

Тараз қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған үш тілді мектепке 150 орындық асхана мен акт залының құрылысы аяқталды.

11.

Жалпы білім беретін мектептерде спорт секцияларының желісін кеңейту

бірл.

Енгізу актісі

Білім басқармасы

2012-2013 оқу жылдары спорт зал саны 9 бірлікке, спорт секциялар - 156 бірлікке артып, 1666 құрады (2011-2012 оқу жылы - 1510). Онда шұғылданатын балалар саны 34901 оқушыны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4911 адамға артты.

12.

Қосымша білім беру мекемелерінің желісін дамыту (үйірмелер, секциялар)

бірл.

Есеп

Білім басқармасы

2012 жылы 4 қосымша мектептен тыс мекемелер – Отар а. 1 жас өспірім балалар орталығы және Қордай, Сарысу және Мойынқұм аудандарында 3 техникалық-шығармашылық орталық ашылды.

13.

Облыстың 10 аудандарында 10 тіреу мектептер құру және дистанциялық білім бағдармаларын енгізу

млн. теңге

Есеп

Аудандық және Тараз қаласы білім бөлімдері

Облыста 4 тірек мектептер жұмыс істейді (Жуалы, Талас, Байзақ және Шу аудандарында), оның екеуі 2012 жылы ашылды.

14.

Мектеп-интернат ғимаратына қосымша құрылысы

млн. теңге

Есеп

Аудандық және Тараз қаласы білім бөлімдері

Тараз қаласында облыстық керең және нашар еститін "Мейірім" мектеп-интернатына шеберхана және спортзал, "Болашақ" мектеп-интернатына монша, шеберхана және спортзал құрылысы және ЖСҚ әзірленді, Гранитогорск мектеп-интернатына кір жуу комбинаты және азық-түлік сақтайтын қойма, Қаратау қаласындағы Үміт түзету мектеп-интернатына ұңғыма, кір жуу комбинаты салынып және газ жүргізілді, Тараз қаласындағы «Үміт» балалар үйіне кір жуу комбинаты салынды.

15.

Интерактивтік жабдықтарды сатып алу, оның ішінде:













16.

Жалпы білім беретін мектептерге

бірл.

Есеп

Аудандық және Тараз қаласы білім бөлімдері

Кең ауқымды Интернетке облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 409-ы немесе 89,7%-ы қосылды.

Білім беру мекемелерінің өтімді қабілеттілігі 4-10 Мбит/сек Интернет желісіне қол жетімділігін қамтамасыз етті, бұл 45 білім беру объектілеріне (43 мектеп және 2 колледж) электронды оқу жүйесін енгізуге ықпал етті.



17.

Жалпы білім беретін мектептерді компьютерлік техникамен жабдықтау

бірл.

Есеп

Аудандық және Тараз қаласы білім бөлімдері

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі бір компьютерге орташа есеппен 15, ауылдық жерде – 14 оқушыдан. Жалпы облыста 461 мектептің барлығы компьютерленген және телефондандырылған, Интернет желісіне 97,1%-ы қосылған, 138 мектепте 690 интерактивті тақталар орнатылған.

18.

Заманауи компьютерлік және серверлік, мультимедиялық, перифериялық құралдармен, жарақтандыру. Локалді және корпоративтік есептеуіш желілер құру

бірл.

Есеп

Аудандық және Тараз қаласы білім бөлімдері

2012 жылы 156,2 млн. теңгеге республикалық бюджет қаражаты есебінен 40 химия кабинеті, жергілікті бюджеттен 122,6 млн. теңге бөлініп, 11 лингофондық, 15 биология, химия және физика кабинеттері сатып алынды.

жүктеу 3,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау