Немересі: Ата, қүлағым ауырып тұр.
Атасы: (Еркелетіп құлағынан сүйеді.) - Жазылды ма, құлыным?
Немересі: Жазылды.
- Ата, ата, мұрыным ауырып барады.
Атасы: (Еркелетіп қүлағынан сүйеді.) - Жазылды ма, қүлыным?
Немересі: Жазылды.
Немересі: Ата, әукем ауырып тұр.
Атасы: (Еркелетіп құлағынан сүйеді.)
- Жазылды ма, құлыным?
Немересі: Жазылды.
Немересі: Әже, атамның еріні дәрі сияқты, сүйсе болды жазылып кетемін.
Әжесі: (Мысқылдап.) - Онда атаңа айт, корадағы кара айғырдың аяғы ақсаңдап тұр.
Жарнама:
Айбек: Ішің ауырса, аузыңды тый, асқазаның жиі ауырса, тамақтанып болғаннан кейін кез — келген жемістің сүйегін 30-40 минут сору керек. Сондай - ақ, зере шөбі мен апелсин кабығының қайнатпасын ішкен пайдалы.
Самат: Тісің ауырса, қолыңды тый, тісің ауырса, тіс дәрігеріне жүгінбей - ақ үйде ем жасауға болады. Ол үшін 1 стакан суға 1 уыс кептірілген қалақай жапырағы мен 2 ас қасық сірке суын қосып қайнатып, айзын жиі -жиі жуады. Қолыңның білезік тұсына сарымсақты қақ бөліп, тамырыңа таңып байлап койсаң көп көмегі болады.
Айбек: Өсімдік майы, ас бұршақ, сүт, картоп, қызанақ, банан, балық сияқты азық - түлікті күнделікті тамақта көп пайдалану керек. Мұндай каллориясы аз тағамдар адам өмірінің ұзаруына көп септігін тигізеді.
Самат: Құмырсқаның емдік касиеті бар. Олардың көмегімен ревматизмді емдеуге болады. Ол үшін бір уыс құмырсқаны дәкеге орайды да ауырған жерге басады. Құмырсқалар денені шағып қызартқан соң дәкені алып тастайды. Осы әдісті бір ай бойы қайталасаңыз көп ұзамай ревматизмнен айығасыз.
Айбек: Беттегі безеуді кетіретін маска — қияр маскасы. 3 дана жаңа піскен қиярды ұсақтап турап, 1 стакан қайнаған суға салыңыз. Оған 1 шәй касық бал араластырып, бетіңізге жағыңыз. Осыны 1 апта қолдансаңыз, бетіңіздегі безеудің кете бастағанын байқайсыз.
Самат: Құлақтан іріңді бұлық ағып, мазаңызды алса, одан оңай жазылуға болады. Алоэнің жапырағын сығып, шырынына дәкені батырып, бір тәулік құлаққа тықса, ертеңіне алғанда іріңді бұлық дәкеде қалады. Бір аптадан соң оң нәтижесін береді.
Айбек: Сүт косылған шәйді ішсеңіз бүйректі тазартады. Ал асқазан мен ішекті тазарту үшін қырықкабат пен сәбізден жасалған салат жесеңіз шипалы. Қызылша, сарымсақ, грек жаңғағын күнде тамаққа қолдансаңыз қан тамырлары тазарады. Қияр болса, ағзаны қождан (шлак) тазартып, артық тамақтан арылтады.
Самат: Алоэні шипалы өсімдіктерге жатқызады. Оның жапырағынан алынған шырын терінің қабынуынан пайда болатын ауруларды, күйікті емдиді. Сондай - ақ, алоэнің экстрактмен, көз ауруларын, асқазанның ойық жараларын т.б. ауруларды емдиді.
II жүргізуші: Жадыра осы біз көп нәрсені ұқтық, біліп, көріп жатырмыз. Ал менің аяғым осы көп сырқырайды. Бүған қандай кеңес бар екен?
I жүргізуші: Сіз оған қам жемеңіз. Біздің Асылбек буын-сүйек ауруларынан тез айығу жөнінде тамаша ақпараттар жинады.
II жүргізуші: Олай болса, ортаға Балықбаев Асылбекті
шақырамыз.
Асылбек: Буының қақсап ауру түрлері жағдайлардың әсерінен болады.
Буын ауруларыньщ бір түрі буындарға сарысу немесе түз жинаудан да басталады. Сүйек калций жетіспегеннен сырқырайды. Күннен адамға "Д" витамині түзеледі. Ол сүйек мықты болуға көмектеседі. Шілде, тамыз айларында күн қатты ысығында сырқаттанған аяқ - қолыңды құмға көміп, қыздырынады. Бұны әр жаз сайын жасап отырсаң тіптен жақсы. Табиғаттың адамға берер сыйы көп қой. Соның бірі тұзды су, қара балшық. Жаңағы айтқан аяқ сырқырау немесе сүйек сынса, я болмаса қатты соққы алған болса, ол бұлтты күндері міндетті түрде қақсап ауырады. Бұл сырқаттың алдын алу үшін тамыз, шілде айларында түзға бару керек. Емдік касиеті бар тұз тек буын - сүйекке қана көмектесе қоймайды. Денеге жара шықса, қышыма болып ауырса да қара балшыққа шомылып, тұзбен емделеді.
II жүргізуші: Асылбек мүмкін "Жасыл дәріханаға" айтады.
Асылбек: Мынау Сағыз өзенінің бойында Ақжар деген жерден алынған тұзды балшық. Бұл қысты күні де сұйық күйінде түрады. Бұл киелі. Адамға көптеген шипасы бар. Мына қырыққабатпен де ревматизмді емдеуге болады. Қырыққабаттың жапырағын алып, мысалы тізе ауырса, сол тізеге басып матамен таңып кояды. Осы сияқты жазда өсетін хрен жапырағын да осылай жасаса буын, сүйек сырқырауына көп көмектеседі.
Қазақтың төбет итінің түбіт жүні де сүйек сырқырағанда көп көмектеседі. Иттің түбітінен тоқыған шүлык немесе белдемше жасап сырқыраған жерге үнемі басып қойса сырқыраудан айығасың.
I жүргізуші: Асылбектен көптеген мағлүмат алдық Сізге көп-көп рахмет.
II жүргізуші: Денсаулықтың басты негізі тазалықта, жеке бас гигиенасын сақтау керек деп жатырмыз. Халық арасындағы тазалық, денсаулық хақындағы ырымдар туралы айта кетсең болмас.
I жүргізуші: Шашы қиылмаған әйелдің жолын ешкім кеспейді, бақыты ашылып бағы жанады.
Түнде шаш қиып, тырнақ алуға болмайды.
Түн ортасында шомылу жақсылыққа апармайды.
Шашыңды кез келген жерге тастама. Отқа жағып жіберу қажет.
II жүргізуші: Халық айтса, қалт айтпайды дейді ғой, бұған мен де қосылам.
Ендігі кезекті шөптесін өсімдіктерге берейік.
Қазақстан жерінде көптеген дәрілік қасиеті бар өсімдіктер бар. Мына кітаптың ішін ашып қарасаң түрлі - түрлі емдік қасиеті бар шөптер бар. Солардың бірі біздің жерде де өсетін кәдімгі адраспан шөбі. Бізге адраспан мен жақын таныстыратын Еділов Қуанышбекті шақырайық. Қуанышбекке қошемет.
(Қуанышбек сөйлейді. "Жасыл дэріханада").
Қуанышбек: Адраспан - көп жылдық шөп тектес өсімдік. Оның сабағы бұтақшалы, тамыры діңгекті, жапырақтары тілімденген кезектесіп орналасқан. Қазакстанда адраспанның бір - ақ түрі өседі. Биіктігі 20-60 см. Гүлдену мерзімі - мамырдың аяғы мен маусым айында. Шілде айында жемісі тола бастайды. Бұл өсімдік улы дәріге жатады. Адыраспан энцефалиттің шағуы салдарынан болған ауруды емдегенде жақсы нэтиже береді. Ауруға шалдыққан адамның жүйке жүйелері асқынып, ұстама, қояншық ауру (эпилепсия) мен қалтырау параличіне (дрожительный паралич) шалдыққанда қолданады. Құяңмен (радикулит) ауырғанда адыраспан жапырақтарымен булайды, ісіктерге де сол ем жасалынады.
Адраспаннан жасалған былауыш (ванна) ревматизм салдарынан сүйек сырқырап ауырғанда жақсы нәтиже береді. Ол өкпе туберкулезіне, демікпе, ентікпе, т.б. өкпе ауруларына ем.
Адыраспанды жазда немесе күзде жинап, жаңа күйінде немесе турап, кептіріп дайындайды. Тұқымын піскенде жинап алады.
Сабағы мен жапырағын қайнатып, өлшем бойынша ішсе, талма, сал ауруы, ұмытшақтық, суықтан ми қабыну, тарамыс ауруларына ем болады.
Тіс ауруына: адраспанның шөбімен ыстаса, тістің қақсап ауырғаны басылады.
Буынның қабынуына: жас сабағын жапырағымен лайықты мөлшерде жаншып, буынға тартады.
жүргізуші: Қуанышбек саған көп рахмет! Біз білмейтін көптеген ауруларға емдік қасиетімен таныстырдық. Жалпы бұл шөп киелі деп те
жатады.
жүргізуші: Иә, Жадыра адраспан киелі шөп. Бұл шөппен аластап та жатады. Сол кезде жамандық бойыңа жуымайды дейді.
Қуанышбек сізге көп рахмет!
I жүргізуші: Бізге мына өсімдіктердің кандай пайдасы бар екенін білу үшін ортаға Өмірбекова Айдананы шакырайық.
Айдана: Мынау Ақ қайың жапырағы күз мезгілінде жинап алып, тазартып, кептіріп қою керек. Бұны медицинада профилактикалық зат ретінде қолданылады. Бүйрек, зәр шығару жолдарының және жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында зәр айдайтын зат ретінде, жүйке жүйесінің нашарлағанында қызметін күшейтетін зат ретінде қолданады. Копресс жасап та қолданады. Суға бұқтырып ішіп те пайдаланады.
II жүргізуші: Олай болса қалай жасалатынын көрсетіп жіберіңіз. Шоу аяқталғасын шаршағанымызды басу үшін, жүйке жүйеміз жақсы жұмыс жасау үшін ішіп алайын.
Айдана: Дайындау әдісі: 2 шәй қасық жапырақты ыдысқа салып 1 стакан қайнатылған ыстық су құйып демдеп қояды. 30 минуттан соң сүзіп ішеді.
I жүргізуші: Қарапайым нәрсе. Түкте қиындығы жоқ. Айдана сізге көп рахмет!
II жүргізуші: Денің сау болсын десең — спортпен шүғылдан. Спорт адам денсаулығына пайдалы. Дене тәрбие сағатына үнемі қатысып отыр. "Дені сау адам - ең бай адам"
I жүргізуші: Денің сау болсын десең - таңертең жаттығу жасап таза ауада демал. Ауаны ластаудан сақтау керек.Табиғатты жасылдандыруға өз үлесіңді қос.
II жүргізуші: Бүгінгі шоуға қонаққа келген №9 орта мектептің медбикесін "Жасыл дәріханаға" шақырамыз.
Медицинада табиғи әдіс — тэсілдермен науқастарды емдейсіздер ме? (Медбике өзінің кеңесін береді).
I жүргізуші: Жаңағы айтылып кеткен пайдалы кеңестердің барлығына бірдей қосыла бересіздер ме? Олдардан еш зиян келмей ме қалай ойлайсыз?
II жүргізуші: Сізге көп - көп рахмет! Сіздер арқылы каншама адамдар рахат өмір сүруде. Еңбектеріңізге әрқашан табыс тілейміз. Мынау біздің "Жасыл дәріханадан" сізге азғана сый — сияпатымыз бар. Қабыл алыңыз.
I жүргізуші: Жеміс жеп, шырын ішіп жасарып жүріңіз!
II жүргізуші:
Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтар табиғаттың тілі жоқ деп айтылғанмен, 7 сынып оқушылары көптеген кеңестер берді.
Ата - аналар сіздердің қандай пікірлеріңіз бар?
(Ата — аналар пікірлерін айтады.)
II жүргізуші: Адам үшін табиғат - ең қасиетті, қастерлі үғым. Өйткені адамның өзін дүниеге келтірген аяулы анасындай. Сондықтан да адамның табиғатты АНА деп қүрметтеуінде өте үлкен мән бар.
I жүргізуші: Сондықтан да табиғат кадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау, баршамыздың міндетіміз. Табиғаттан әркез сұлу әдемілігін, зор денсаулық ала білейік ағайын!
Қорытынды.
Құрметті оқушылар, бәріміз болашақ туралы армандаймыз ба? Ел басымыздың болашаққа байланысты жасаған бағдарламасында ел болашағы – сендер, жастар. Сондықтан еліміздің ертеңі сендердің денсаулықтарың мықты, салауатты азамат болып өссеңдер, болашақта жарқын, кемел болмақ деген екен. Болашаққа дені сау ұрпақ боп қадам басайық.
І жүргізуші: Осымен 7в сыныбының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған «Жасыл дәріхана» атты шоуымызды аяқтаймыз.
Тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |