Моноқалалар – 15 440 адам
Ерлер – 8 153 (немесе 58,80%)
Әйелдер – 7 287 (немесе 47,20%)
Шағын қалалар– 14 055 адам
Ерлер – 7 832 (немесе 55,72%)
Әйелдер – 6 223 (немесе 44,28 %)
Аудан орталықтары– 83 898 адам
Ерлер – 51 589 (немесе 61,49%)
Әйелдер – 32 309 (немесе 38,51%).
29-сурет. 2017 жылдың қорытындылары бойынша өңірлік-гендерлік бөліністегі клиенттер саны
2017 жылдың қорытындылары бойынша гендерлік бөлінісінде моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында ер адамдардың үлесі басым екені көрініп отыр. Бұл ретте шағын және моноқалаларда ер адамдардың басым болуы болмашы ғана. Өңірлер бөлінісінде жүгінуші әйелдер Шығыс Қазақстаң облысында ғана басым, қалған өңірлерде қорытындылары бойынша әйелдердің белсенділігі басым болғанына қарамастан, ер адамдар басым күйінде қалып отыр.
30-сурет. 2017 жылдың қорытындылары бойынша гендерлік бөліністегі клиенттер саны
Келтірілген деректерге сәйкес әйелдер ерлерге қарағанда кәсіпкерлік қызметке аз тартылған, дегенмен олар қызметтің жаңа түрлерін құрудың бірден бір көзі болып табылады.
Жалпы ерлерге қарағанда әйелдердің сандық көрсеткіші төмен, себебі жолы болмау және құзыреті жеткіліксіз болу деген сияқты қорқыныштар ерлермен салыстырғанда әйелдер үшін жаңа бизнес ашуда едәуір кедергі болып көрінеді.
Қалыптасқан жағдай өңірлер экономикасының құрылымына, демографиялық процестерге, бизнес-ортаның жетілмеуіне, ШОБ үшін жекелеген қатысушылар мүдделеріне залал келтіре отырып, шенеуніктер тарапынан ережелердің бұзылуына және т.с.с. байланысты даму деңгейі бойынша өңірлердің үйлесімсіздігіне байланысты.
Бұрын атап өтілгендей, әйелдердің бизнес ашуына және жүргізуіне қолайлы жағдай жасау Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы» атты Жолдауындақамтылған, бұл мақсатқа қол жеткізуге «БЖК - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бағытталып отыр. Әйел тұрғындардың кәсіпкерлік мәселелеріндегі тұрақты белсенділігін ескере отырып, үшінші тоқсанда да Президент айқындаған мақсаттарға КҚО көмегімен қол жеткізілгенін атап өтуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |