2017 жыл бөлінісіндегі жалпы ахуал мынаны көрсетеді.
Жыл ішінде мемлекеттік қолдау құралдары туралы сұрақтарға баса назар аударылды – аталған бағыт бойынша барлығы 117 960 консультация берілді. Барынша көп сұранысқа ие Алматы облысы (16 236), Ақтөбе облысы (15 641) және Жамбыл облысы (14 487).
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсету қағидаттары сақталған кезде «бір терезе», қайталануды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру арқылы мемлекеттік қаржылай емес қолдау шараларын көрсету Шығыс Қазақстан облысы (4 384), Оңтүстік Қазақстан облысы (3 945) және Қарағанды облысында (2 623) көбірек сұранысқа ие болды.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру қызметтері Оңтүстік Қазақстан облысы (4 187 консультация), Шығыс Қазақстан облысы (4 057 консультация) және Қарағанды облысында (2 575 консультация) көбірек көрсетілді.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен, кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында (3 807), Қарағанды облысында (3 481) және Қызылорда облысында (2 450) жиірек жүзеге асырылды.
Кәсіпкерлік қызметті ашу және жүргізу бойынша консультациялық қызметтер көрсетуде Қарағанды облысы көп алда (7 285 консультация). Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары тиісінше 6 379 консультация және 4 153 консультация көрсеткіштерімен келесі орындарда тұр. Сондай-ақ, дәстүрлі түрде аутсайдер болып табылатын Атырау облысын (863 консультация) қоспағанда, халық саны мен шағын және орта бизнес саны аз, небәрі 7 КҚО бола тұра, 198 консультация берілген Маңғыстау облысын атап өту қажет, ол Оңтүстік Қазақстан (1 203) және Павлодар (939) облыстарынан озып шықты.
Қаржы институттарымен жұмыс істеудің шарттарын түсіндіру бойынша консультациялардың көп бөлігі Қарағанды облысы (5 055), Шығыс Қазақстан облысы (3 561) және Ақмола облысында (3 306) көрсетілген.
2017 жылы тұрғындарды КҚО тарту процесі аудан халқын барынша көп қамту мақсатында дөңгелек үстелдер, мәжілістер, жәрмеңкелер, конференциялар өткізу жолымен ұйымдастырылды. Шалғай жатқан елді мекендердің назарына ақпарат жеткізу мақсатында ауылдық округтерге, ауылдарға шығу ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралардың арқасында кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге деген сұраныс тұтас 2017 жыл бойы тұрақты күйде болды, бұл жоспарлы көрсеткіштерді артығымен орындауға мүмкіндік берді.
11-сурет. 2017 жылдың қорытындылары бойынша өңірлер бөлінісінде көрсетілген қызметтердің саны мен түрлері.
КҚО көрсетілген консультациялардың аймақтық бөліністегі жалпы саны және түрлері бойынша ақпарат
4. Моноқалаларды, шағын қалаларды және аудан орталықтарын бөліп көрсете отырып және өңірлік бөліністе КҚО консультацияларын алған клиенттердің жалпы санын талдау.
4-тоқсанда КҚО-ға жүгінгендер саны 21 746 адам. Аса белсенділік танытқандар: Алматы облысында – 3 672 адам, бұл жүгінгендердің жалпы санының 16,9 %-ын құрайды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан (3 269 адам) және Қостанай (2 663 адам) облыстарында да жоғары белсенділік байқалады.
12-сурет. 4-тоқсанда өңірлер бөлінісіндегі жүгінушілер саны.
Моноқалалар, шағын қалалар мен аудан орталықтары бөлінісінде клиенттер 2017 жылғы 4-тоқсандағы санын қарай отырып, біз мынадай жағдайды байқап отырмыз:
Моноқалалар – 3 010 (13,84 %);
Шағын қалалар – 2 298 (10,57 %);
Аудан орталықтары – 16 438 (75,59 %).
Барлығы – 21 746 адам.
2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша КҚО 113 393 адам жүгінді. Тұтас 2017 жыл қорытындысы бойынша үлкен белсенділік Шығыс Қазақстан облысында (17 879 адам, бұл алпы клиенттер санының 15,8 % құрайды), Алматы облысында (16 552 адам, бұл жалпы клиенттер санының 14,6% құрайды) және Ақтөбе облысында (12 530 адам, бұл жалпы клиенттер санының 11,1% құрайды) тіркелді.
13-сурет. 2017 жылдың қорытындылары бойынша жүгінушілердің өңірлер бөлінісіндегі саны
2017 жылдың қорытынды көрсеткіштері бөлінісінде
Моноқалалар – 15 639 (13,79%);
Шағын қалалар – 13 521 (11,92%);
Аудан орталықтары – 84 233 (74,28%).
Жоғарыда көрсетілгендей, жыл ішінде барлығы 113 393 адамға қызмет көрсетілді.
Жалпы 2017 жылдың нәтижелері бойынша КҚО қызметтеріне барлық өңірлерде қызығушылық байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |