КҚО-да қызмет көрсетілген жеке тұлғалардың басым бөлігі халық көп шоғырланған аудан орталықтарында (КҚО жабу аймағы шеңберінде) тұрады.
21-сурет. 2017 жылдың 4-тоқсанында КҚО-ларда консультация алған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы субъектілер
22-сурет. 2017 жылдың қорытындылары бойынша КҚО-ларда консультация алған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы субъектілер
Кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілер бойынша қалыптасып отырған жағдай ШОБ субъектілерін өңірлерде ұйымдық-құқықтық нысанда нақты бөлуді көрсетеді. Мәселен моноқалаларда жүгінген кәсіпорындардың ЖШС нысанындағыларының саны айтарлықтай көп. Аудан орталықтарында шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің саны көп болады деп күтілуде.
23-сурет. 2017 жылдың 4-тоқсанында өңірлер бөлінісіндегі кәсіпкерлік бастамасы бар халық
2017 жылдың 4-тоқсанында кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың арасында КҚО көрсететін қызметтерге ең көп сұраныс Алматы, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалды.
2017 жылдың қорытындылары бойынша Алматы, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың арасында КҚО көрсететін қызметтерге ең көп сұраныс орын алды.
Костанай облысында кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың арасында КҚО танымалдығын жеке атап өту керек – бұл өңірдің нәтижесі 6-орында, бірақ Ақтөбе, Кызылорда және Қарағанды облыстары үлкен айырмашылықпен алда тұр.
24-сурет. 2017 жылдың қорытындылары бойынша өңірлер бөлінісіндегі кәсіпкерлік бастамасы бар халық
2017 жылғы 4-тоқсанда өңірлер бөлінісінде КҚО-ға консультациялар алу үшін жүгінген кәсіпкерлік субъектілерін талдай отырып, дара кәсіпкерлердің басым бөлігі Ақтөбе облысында (806) тіркелгенін байқаймыз.
КҚО-ға жүгінген шаруа қожалықтары ішінде белсенділік танытқаны Шығыс Қазақстан облысында (193) байқалады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер КҚО-ға көбіне Солтүстік Қазақстан облысында (364) жүгінген.
Өзге заңды тұлғалар КҚО-ға Жамбыл облысында (316) жиі жүгінген.
25-сурет. 2017 жылдың 4-тоқсанында өңірлер бөлінісінде КҚО-ларда консультация алған кәсіпкерлік субъектілері
26-сурет. 2017 жылдың қорытындылары бойынша өңірлер бөлінісінде КҚО-ларда консультация алған кәсіпкерлік субъектілері
Кәсіпкерлік субъектілерін 2017 жыл бөлінісінде қарай отырып, Ақтөбе облысында жеке кәсіпкерлер арасында КҚО танымалдығы басым екенін, 4 533 клиентті құрағанын атап өтеміз. Шаруа қожалықтарының арасында Шығыс Қазақстан облысында (1 264) КҚО танымалдығы басым. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің де саны көп – 415. Басқа меншік нысанындағы кәсіпорындар арасынан Ақтөбе облысында жүгінушілер көп (430).
Достарыңызбен бөлісу: |