құрылымдық талдаудың негізі болып табылады: 1) Ата-
аналар бейнесіне ұқсас Мен жағдайы, 2) шындықтың
объективті бағасына жеке бағытталған Мен жағдайы
(Ересек); 3) бала кезден бері қалмай келе жатқан Мен
жағдайы (Бала). Құрылымдық талдау «мен кіммін, неге
басқадай емес, осылай жасадым, мұндай жетістікке қалай
жеттім?» деген сұрақтарға жауап берудің жалғыз тәсілі.
Құрылымдық талдау теориясына сәйкес адам
әлеуметтік топта әр сәт сайын Мен-Ата-ана, Ересек немесе
Бала жағдайын ұшыратады. Әр түрлі даярлықтағы
адамдар бір жағдайдан екінші жағдайға ауыса алады. Э.
Берн мынадай тоқтамға келеді: әрбір адам өз бойында
ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың)
Мен жағдайының жиынтығын сақтайды (олардан жеке
қабылдаған). Бұл жағдайлар кей сәттерде белсенділік
жасай бастайды, яғни «әркімнің бойында ата-анасының
қылықтары жүреді». Барлық адамдар (балаларды
қоспағанда) өздерінің бойындағы Менге сәйкес
ақпараттарды, яғни «әр адамның бойында ересек адам
бар», шынайы түрде қайта қорытады. Қандай адам
болмасын нақты бір жағдайларда белсенділік танытатын
өткен жылдардағы әсерлерін есте сақтайды, яғни
«әркімнің бойында кішкентай ұл немесе қыз жүреді».
Адам миы психикалық тіршілікті ұйымдастырады, ал оның
қызметінің өнімдері Мен жағдайында реттеліп, сақталады.
Бала – түйсіктің, шығарманың, талаптанудың,
шаттықтың көзі. Ересек адам Ата-ана мен Баланың
әрекеттерін бақылайды. Ата-ана екі негізгі міндетті
жүзеге асырады: адам ұрпағының өмір сүруін қамтамасыз
етеді және уақыт пен қуатты сақтауға көмектеседі. Бұл
Ересекті көптеген мақсатсыз шешімдерге келуден
сақтайды, адам күнделікті мәселелерді Ата-ананың
үлесіне қалдырып, неғұрлым маңызды өмірлік шешімдер
жасайды.
Сонымен бірге, тұлғаның үш аспектісі де оның
әрекет етуі мен өмір сүруі үшін өте маңызды. Оларды өз
араларындағы тепе-теңдік бұзылғанда ғана өзгертуге
болады. Қарапайым жағдайда олардың әрқайсысы – Ата-
ана, Ересек және Бала бірдей құрметке лайық, әр жағдай
адам өмірін өзінше толыққанды және жемісті етеді. Бұл
үш Мен әр түрлі жағдайда көріне отырып, адамға өмір
бойы ілесіп жүреді. Бұл сәйкестіктер бұзылған жағдайда
психологиялық проблемалар басталады. Тұлғаға оны
шешуге көмектесу – оның ойынын бұзу болып табылады.
Э. Берн өз жұмыстарында «ойынды бұзуды» түрлі
тәсілдерін ұсынады.
Меннің әр түрлі жағдайлары ойында жүзеге асады.
Ойын – үнемі қайталанатын, стереотипке айналатын,
сенімсіздік жағдайларын тудыратын ымыралардың айтуға
келмейтін қарапайым үлгісі. Психологиялық ойын – сыртқы
парасатты дәлелі бар, трансакцияның жиі қайталанатын
жасырын әрекетінің бір ізділігі. Ойындар адамдар
арасындағы адал, ашық қатынастарға кедергі жасайды.
Адамға көмектесу үшін бұл ойынды бұзып, басқа мінез-
құлық құрастыру керек. ТТ отбасылық қатынастарға кеңес
беруге ыңғайлы.
М.А. Розин Э. Бернмен салыстырғанда былай деп
санайды, сценарий - әуел бастағы өзгермейтін құрылым
емес, адам өмір бойына «өзін ойлап шығарады» және
басынан өткен жағдайларды өзгерте отырып, сюжеттерді
мақсатты түрде жасап, өз сценарийін құрастырады. М.
Розин сценарийді адамға өмір сүруге кедергі келтіретін,
оны құлдықта ұстайтын, санасыз, механикалық құрылым
деп есептеген Э. Бернге керісінше, өз сценарийін құру –
адам өмірін ойластыру тәсілі, оның шығармашылығының
бастауы деп есептейді. Құрылымдық талдау теориясына
сәйкес адам сценарийді бұзғанда ғана бостандық ала
алады, алайда М. Розиннің пікірінше, адам сценарийін өзі
құрастырғанда ғана өзін еркін, бақытты сезінеді.
Клиенттің жеке мәселелері онымен ұзақ қатынас
жасау қажеттігін шамалайды. Бірақ клиенттің басындағы
жағдайды тез арада өзгертуді қажет ететін сәттер де
болуы мүмкін. Клиентке шұғыл көмек көрсету үшін, көбіне
сезімге берілген сәттерді өзгертуге прагматикалық
сипаттағы дағдарыс интервенциясы тәсілі қолданылады.
Оның маңызы – клиенттің психикалық әлеміне қысқа
мерзімді кризистік араласу (немесе қысқа мерзімді
араласу түрлері). Мұндай жағдайда дағдарыстың себебін,
оның сипаты мен қалпына келтіру жұмыстарын атқару
қажет. Кризистік интервенция дағдарыстың себептерін
анықтауға уақыттың тығыздығына орай клиентің өз қоры
мен оның әлеуметтік ортасының көмегімен «осында және
кәзір» жағдайында шұғыл араласуды қажет етеді.
Дағдарысты жеке адам ғана емес, отбасы, адамдар
топтары да бастан кешуі мүмкін. Оларға орындай
алмайтындай көрінетін жаңа талаптар ұсынылады.
Мұндай жағдайда кризистік интервенция дағдарыста
адамның, отбасының, топтардың өмірлік жағдайына еніп,
қолда бар қорлар арқылы туындаған мәселені шешуге
көмектеседі.
Психодинамикалық ой-санаға негізделген кризистік
интервенция үлгісі бақытсыздыққа ұшыраған адамдарға
көмек көрсетуде неғұрлым тиімді, ол өмірге қайтадан
бейімделуге, бұрынғы тіршілік деңгейін жалғастыруға,
қиыншылықты қайтадан күресуге көмектеседі.
Бұл үлгідегі басты назар клиенттің дағдарысқа
көңіл-күй реакциясын өзгертуге және күнделікті
мәселелерді сабырлылықпен шешуге бөлінген.
Клиенттермен жұмыс істеу кезінде психологиялық
шарттарға шешуші мән беріледі: өмірлік және жоспарлы
мақсаттарды, міндеттерді, оларды уақытша жүзеге асыру
аясын, мәселені шешу тәжірибесін көрсетуді нақты
анықтау.
Бихевиористік тәсілдің негізгі идеясы адам мінезі
оны әсер етудің түрлі жолдары арқылы бақылайтын
қоршаған
ортаның
әсерлері
арқылы
анықталадындығында. Бихевиоризмнің басты жетістігі
қоршаған ортаның адам мінез-құлқына әсерін көрсету
болып табылады. Бұл байланыста бихевиоризм
психодинамикалық амалға қарағанда адамның өткен өмір
тәжірибесіндегі ролін жете бағаламауға бейім.
Экзистенциализм мен гуманитарлық теориялар мән
берген қабылдау спецификасына, өзіндік талдауға және
тұлғаның дүниетанымына да аса мән берілмейді.
Бихевиоризм үшін тұлғаның ой-санасы мен қылықтары
маңызды.
Психодинамикалық тәсілмен салыстырғанда,
бихевиоризм іс жүзінде мінез-құлықтың қандай да
болмасын түрлерін сол баяғы қағидалармен түсіндіреді.
Бихевиоризм тәсілінде жаман мінез жоқ, сол жағдайға
сәйкес келмейтін мінез-құлық түрі бар. Осылайша, мінез
түрлері әр түрлі орта мен мәдениетте теңбе-тең болуы
мүмкін. Сондықтан да мінезді соншалықты өзгертудің
қажеті жоқ. Бихевиоризм үшін жеке адамдар мінез-
құлқының жауапты және оперантты келісім постулаттары
негіз болады.
Мінез-құлықтың келісім жауабы «стимул-әсер» (С-Ә)
сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Мұндайда қандай
да болмасын ішкі шамырқану (жағдай, оқиға, тұлға, зат
т.б.) себеп бола алады. Әсер етудің нақты жүйесі мінез-
құлық реакциясының сәйкес келетін нақты түрлерін де
Достарыңызбен бөлісу: |