Бағдарламасында «Менің сүйікті мамандығым»



жүктеу 2,06 Mb.
Дата20.11.2018
өлшемі2,06 Mb.
#22389
түріБағдарламасы


Оразгалиева Мейрамгул,



Орал «Сервис» технологиялық колледжі Тамақтандыруды ұйымдастыру мандығы бойынша информатика пәні оқытушысы. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Power Point бағдарламасында «Менің

сүйікті мамандығым» тақырыбында презентация жасап,

қорғау

Сабақтың мақсаты: а)білімділік: Студенттердің MS Power Point

бағдарламасы бойынша меңгерген білімдерін

қорытындылау, алған теориялық білімдерін

практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.



б)дамытушылық: студенттердің информатика пәніне

қызығушылықтарын арттыру, презентациямен жұмыс

жасау дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлау

қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу,

ақпараттық дүниетанымын кеңейту

в) тәрбиелік: студенттерді өз беттерімен жұмыстануға,

ізденуге, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу,

адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық, презентация, карточкалар,

компьютер, интербелсенді тақта, стикерлер, плакат


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (2 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


  1. Сұрақ – жауап (6 мин)

  2. Электрондық оқулықпен тапсырмалар орындау (5 мин)

  3. Сәйкестендіру (2 мин.)

ІІІ. Практикалық жұмыс (20 мин.)

ІҮ. Сергіту сәті (1 мин.)

Ү. Бекіту.


  1. Тест жұмысы (3 мин.)

  2. Білім ағашы (2 мин.)

ҮІ. Бағалау (2 мин.)

ҮІІ. Үйге тапсырма беру (1 мин.)

ҮІІІ.Қорытынды (1 мин.)
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Студенттерді түгендеу; Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру; Студенттердің назарын сабаққа аудару.

Бүгінгі сабағымыздың басын Елбасымыздың мына сөзімен бастағым келеді. «...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі студенттер сіздердің еншілеріңіз».

Иә, балалар информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ.

Сондықтан да біз Елбасының сөзін жадымызда мұқият ұстап, сабағымызды жақсы оқуымыз керек екен.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Microsoft Power Point бағдарламасында «Менің сүйікті мамандығым» тақырыбында презентация жасап,қорғау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ – жауап арқылы. Барлығымыз орнымыздан тұрып лента арқылы жұп құрайық. Менің қолымда ұстап тұрған ленталардың шеттерінен ұстай қойыңдар. Балалар сіздердің ленталарыңда сан жазылған. Сол сан бойынша жұптасып отырамыз.

Енді сіздермен «қарлы кесек» ойынын ойнаймыз.Ол қалай? Қазір әр топқа екі парақтан таратып беремін. Сіздер бұл параққа осы өткен тарауымыз бойынша сұрақ қойып басқа жұпқа лақтырасыңдар. Сол сұрақты қар жасап мыжып бір – бірімізге лақтырамыз. Сол жұп сол жердегі сұраққа жауап беріп қайтадан сол лақтырған жұпқа беру керек.

Жұпты бағалау


  1. Кемінде 2 сұраққа жауап береді;

  2. Тақырыптан ауытқымайды;

  3. Өзекті мәселені қозғайды.

«Қарлы кесек» ойыны аяқталған болса сұрақтарыңызды оқиық. 1 жұптан бастайық.

2. Электрондық оқулықпен жұмыс. Электрондық оқулықтан тапсырмалар орындау. (5 мин).



3. Файлдар кеңейтілімі мен түрлерін сәйкестендір

1. Еxcel ---------------- 1. Нысанға жан бітіру программасы (. ppt)
2. Word --------------- 2. Графикалық қолданба (. bmp)
3. PowerPoint ------- 3. Мәтіндік редактор (. doc)
4. Paint ---------------- 4. Электрондық кесте (. xls)
Дұрыс жауабы: 1 - 4, 2 - 3, 3 - 1, 4 - 2

ІІІ. Практикалық жұмыс (компьютерде слайд жасау).

Өмірлерің гүлдей жарқын болсын деген тілікпен мен сіздерге гүл ұсынғым келіп тұр. Енді осы гүлде жапсырылған суреттерді бір – бірлеп өзімізге аламыз. Қандай сурет бейнеленген? Осы суреттер байқаған болсаңыздар компьютердің экранында да жапсырылған. Қолдарыңызда қандай сурет көрсетілген сол компьютерге барып отырасыздар.

1 практикалық жұмыс

«Менің сүйікті мамандығым» тақырыбында слайд жасау.

Тапсырма.



  1. MS Power Point бағдарламасын іске қосыңыз.

  2. 6 жаңа бет құрыңыз

  3. 1 бетіне «Менің сүйікті мамандығым» сөзін енгізіңіз. Оған анимация, фон, уақыт қойыңыз.

  4. Жұмыс үстеліндегі 9 топ атты папкіден үстел, қасық, стакан, ішінде шырыны бар графин суретін алып әрқайсысын бір – бір бетке орналастырыңыз

  5. Енді барлығын үстелдің үстіне рет- ретімен орналастырыңыз.

  6. Осылардың әрқайсысына анимация жасаңыз. Ыдыстарымыз рет – ретімен үстелге келетіндей етіп.

  7. Графиннің ішіндегі шырын стаканға құйылып жатқандай анимация жасаңыз.

  8. Жұмысыңызды сақтаңыз.

ІҮ.Сергіту (көзге арналған жаттығу).

Ү. Бекіту.

1. Тест жұмысын орындау.



1.PowerPoint бағдарламасы не үшін қажет?

1)Ақпаратты есте сақтау және қабылдау тиімділігін арттыруға арналған көрмелерді жасау

2)Формулалық өрнектерді есептеу тиімділігін арттыру

3)Сызбалық нысандары бар мәтіндік құжат жасау



2. PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосамыз?

1)Бастау – Бас мәзір – Іздеу – Microsoft PowerPoint

2) Бастау –Бағдарламалар - Microsoft Office - Microsoft PowerPoint

3) Жұмыс үстелі – Бас мәзір - Microsoft PowerPoint



3. PowerPoint бағдарламасына суретті кірістіру командасы

)Кірістіру – Сурет – Суреттер (жинағы)

2)Пішім – Сурет – Суреттер (жинағы)

13)Пішім - Сурет – Файлдан



4. PowerPoint дегеніміз не?

1)Кодтық кестелерді өңдеуге арналған бағдарлама

2)Кестелік нысандарды пішімдейтін бағдарлама

3)Көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы



5. Меню жолы элементтеріне жатпайтын элемент:

1)Файл


2)Пішімдеу құралдар үстелі

3)Түзету


6. PowerPoint бағдарламасында жасалған файлдың кеңейтілуі:

1).рpt

2) .ехе

3).pdf



7. PowerPoint терезесінің негізгі элементтеріне жатпайтын элемент

1)Жұмыс үстелі

2)Тақырып жолағы

3)Стандартты құралдар үстелі



8. Файл – Сақтау әмірінің қызметі

1)Құжатты көшіру

2)Құжатты сақтау

3)Құжатты теру



9. PowerPoint терезедегі Х батырмасының қызметі:

1) шығу (Выход)

2) сақтау (Сохранить)

3) жабу (Закрыть)



10. Power Point бағдарламасында _ батырмасының қызметі:

1) уақытша жабу (Свернуть)

2) жабу (Закрыть)

3) шығу (Выход)



2. Білім ағашы. Сіздердің алдарызға алманың суреті бар стикерлер үйлестіремін. Стикердің ішінде сөздер жазылған. Соның ішінен Microsoft Power Point – қа қатысты сөздерді тауып білім ағашына акелип жапсырамыз. Олай болса балалар білім ағашымыздың өсіп шығуы сіздерге байланысты.


1.

Презентация жасау;

2.

Мәтін енгізу;

3.

Кесте құру;

4.

Анимация құру;

5.

Клиптер, дыбыстар кірістіру;

6.

Түстер сұлбасын енгізу;

7.

Диаграмма құрастыру;

8.

Суреттер кірістіру;










ҮІ. Бағалау. Студенттердің аты жазылған алма ағашын іліп қоямын. Әр бөлім бойынша студенттерге стикерлер беріп бағалаймын. Сол стикерлерін алма ағашына акеліп жапсырып отырады. Сабақтың соңында стикерлерін санап бағалаймын.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. Осы тақырып бойынша эссе құрастыру.

ІХ. Қорытынды. «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештене жоқ деп санаушы болма », - деген Н.Д.Зилинскийдің сөзін әрқашан жадымызда ұстап, сабағымызды аяқтаймыз.
жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау