Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет84/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   110

263 
 
(платалар, 
карталар) 
компьютерлерді 
кабельге 
қосу үшін қажет. Әдеттегідей 
желілік 
адаптер 
компьютердің 
аналық 
платасына  салынады  және 
компьютерлік 
желінің 
кабеліне  қсоылу  үшін  бір-екі 
қосқышы бар (5.5-сурет).  
Желілік 
адаптерлер 
келесі 
функцияларды орындайды:  
 
5.5-сурет. Желілік адаптерлер  
деректерді беру және қабылдауды 
ұйымдастыру; деректерді беру/қабылдау  
жылдамдығын  сәйкестендіру  (буферизация);  деректер  пакеттерін 
қалыптастыру;  аударудың  дұрыстығын  тексеру;  желінің  қажетті 
абонентімен байланыс орнату; нақты деректермен алмасуды ұйымдастыру; 
деректерді  бағыттау  және  қайта  жіберу;  түрлі  желілердің  хаттамаларын 
салыстырып тексеру.  
Адаптерлер 
жергілікті 
желінің 
белгілі 
бір 
топологиясына 
бағдарланғандықтан,  адаптерлерді  түрлері  бойынша  жіктеуге  болады: 
шиналық топологиясын, сақиналы, жұлдызды, ағашты және біріктірілгенді 
қолдайтын.   
Желіге  қосылған  компьютердің  бөлігі  болып  табылатын  желілік 
адаптерлерден басқа, оның жұмыс істеуі үшін келесі құрылғылар қажет. 
Қ а б ы л д а ғ ы ш - ж і б е р г і ш  (трансивер) — бұл компьютерді желіге 
қосатын  құрылғы  және  түрлендіргіш  пен  қабылдағыш  ретінде  жұмыс 
істейді.  
Қ а й т а л а ғ ы ш   (репитер)  —  бұл  сегменттің  ұзындығы  кабель 
параметрлері  бойынша  шектелген  болса,  желі  сегменттері  арасында 
деректерді  беруді  қамтамасыз  ететін  өзіндік  құрылғы.  Репитер 
қабылдағыш-жібергіш  кабелі,  қабылдағыш-жібергіш  және  байланыс 
құрылғысы арқылы желі кабеліне қосылған.  
Хаб  (концентратор)  —  бұл  компьютерлерді  желілік  кабельдер 
көмегімен  қосатын  көп  портты  құрылғы.  Хабтар  арқасында  Ethernet 
желісінің барлық артықшылықтары бар еркін топологиялар желісін құруға 
болады. 
К ө п і р л е р .   Файл  серверіндегі  кеңейтілген  жадтың  мөлшері  арта 
берсе  де,  бір  файлдық  серверді  пайдаланатын  желінің  өнімділігі  жоғары 
болмауы мүмкін. Екінші файл серверін орнатқан кезде, желі жылдамырақ 
жұмыс  істейтін  шығар.  Желілерді  толығымен  бөліп  алу  жиі  тиімдірек 
болады, содан кейін әр желі өзінің жеке файлдық серверін пайдаланады.   
Ш л ю з  — бұл әр түрлі желілерді қосуға арналған құрылғы. Шлюздер 
желінің  барлық  деңгейлері  үшін  хаттамалық  өзгерістерді  орындайды. 
Әдетте,  шлюздер  желілерді  қосу,  хаттамаларды  түрлендіру  және 
пакеттерді  екі  түрлі  жүйелер  арасында  ауыстыру  үшін  пайдаланылады. 
Басқа теңдей шарттар кезінде шлюз маршрутизаторға қарағанда ақпаратты 
баяу өткізеді.  
 
 


264 
 
Байланыс  арналары.  К а б е л ь д е р .   Жергілікті  желілерде  дәстүрлі 
және  кең  таралған  кабельді  тарату  құралы  коаксиальді  кабель  мен 
бұралған  жұп  болып  табылады.  Кабельдердің  мұндай  түрлерінің  келесі 
артықшылықтары бар: 
жұмыс  жиіліктерінің  кең  жолағы  (жоғары  жылдамдықты  желілерді 
жасауға мүмкіндік беретін бірнеше дерек ағындарын жіберу мүмкіндігі);  
жоғары кедергіге төзімділік; 
үлкен қашықтықтарға сигналдарды ауыстыру қабілеті. 
Бұралған  жұп  компьютерлер  арасында  салыстырмалы  түрде  аз 
қашықтықты  қажет  етеді,  сондықтан  оны  шағын  желілерде  қолдану 
ыңғайлы,  сонымен  қатар,  бұралған  жұп  жергілікті  желілер  мен  сондай-ақ 
телефон байланысы  үшін құрылымдық кабельдер жүйелерінде  қолданыла 
алады.  Бұралған  жұптардың  түрлері  үшін  елеулі  айырмашылық  – 
оқшаулаудың  болуы  немесе  болмауы  (экрандалған  немесе  экрандалмаған 
жұп) болып табылады.  
Талшықты-оптикалық  кабельдер  –  келесі  артықшылықтары  бар 
неғұрлым заманауи тасымалдау ортасы: 
электр кедергілеріне қарсы тұра  алушылық;  
өте кең өткізу қабілеті;  
үлкен қашықтықтарға ақпарат жіберу қабілеттілігі.  
Талшықты-оптикалық  кабельдерді  орнату  қиын  болғанымен  (әсіресе 
тұтастыру қиын), олар кең танымал болып келеді.  
Т е л е ф о н д ы қ   а р н а л а р .   Телефондық  арналар  ұзақ  қашықтыққа 
деректерді жіберу ортасы ретінде жиі пайдаланылады. Әдетте телефондық 
арналардың  екі  түрі  ұсынылады  –  автоматты  телефондық  байланыс 
желілері  (АТБ)  және  бөлінген  арналар.  АТБ  желісінде  нөмірді  теру 
кезінде,  тараптардың  бірінің  істен  шығуына  дейін  болатын  екі  нүкте 
арасында  уақытша  байланыс  орнатылады.  Бұл  байланыс  түрі  үйде 
Интернетке  қосылу  үшін  өте  жиі  пайдаланылады.  Қажет  болатын  жалғыз 
нәрсе – компьютерге қосылған факс-модем.  
Арнайы  канал  кішкентай  ұйымдарды  Интернетке  қосу  үшін  жиі 
пайдаланылады. 
С п у т н и к т і к   а р н а л а р .  Спутниктік радиобайланыс жүйелері ұзақ 
қашықтықта  деректерді  беру  үшін  қолданылады.  Байланыс  спутниктері 
шамамен  40  000  км  биіктікте  экваторлық  орбитада  орналасады.  Жер  үсті 
спутниктік  байланыс  жүйесімен  салыстырғанда  әлдеқайда  сенімді, 
арналардың  құны  қашықтықта  тәуелсіз,  сайып  келгенде,  спутниктік 
жүйелерді  орнату  оңай.  Дегенмен,  спутниктік  арналар  да  мінсіз  емес: 
антенна  мен  спутниктің  арасында  үлкен  қашықтыққа  байланысты 
спутниктен  сигналдарды  берудің  кешігуі  табиғи  болып  табылады,  ал 
деректерді  беру  жылдамдығын  арттыру  үшін  антеннаның  диаметрін 
ұлғайту қажет.  


265 
 
Қолжетімділіктің  әртүрлі  әдістерінің  аппаратурасы.  E t h e r n e t  
а п п а р а т у р а с ы   әдетте  кабельді  (жіңішке  коаксиалды  кабель,  қалың 
коаксиалды  кабель,  қорғалмаған  бұралған  жұп),  қосқыштарды  (кабельдің 
әрбір 
түрі 
үшін), 
кішкене 
шайбаларды 
(T-коннекторлары), 
терминаторларды,  кейде  компьютерлерді  (репиторларды)  біріктіруге 
арналған  құрылғылар  және  желілік  адаптерлерді  (компьютердің  басты 
тақтасына  салынатын  тақталар)  қамтиды.  Ethernet  деректерді  беру 
жылдамдығы көптеген қосымшалар үшін жеткілікті.  
A r c n e t   а п п а р а т у р а с ы   коаксиалды  кабельді  жалғау  үшін  бір 
сыртқы жалғағышы бар арнайы желілік адаптерін міндетті түрде қамтиды. 
Әрбір адаптердің осы  желі  үшін өз  нөмірі болуы  керек. Жұмыс бекетінің 
желілік  адаптерлері  коаксиалды  кабель  арқылы  немесе  қорғалмаған 
бұралған  жұп  арқылы  арнайы  құрылғыға  (концентраторға)  қосылады.  Бір 
концентраторға  4,  8,  16  немесе  32  жұмыс  станциялары  қосыла  алады. 
Arcnet жабдығы Ethernet желілік жабдығынан әлдеқайда арзан, ал желінің 
ұзындығы  өте  үлкен.  Алайда,  Arcnet  желісінде  деректерді  беру 
жылдамдығы төмен.  
T o k e n  
R i n g  
а п п а р а т у р а с ы  
өзінде 
сондай-ақ 
концентраторларды 
қамтиды. 
Жұмыс 
бекеттері 
бірнеше 
концентраторларға  арнайы  қосқыштар  арқылы  радиалды  бір  немесе 
сақинаға қосылады. Token Ring желілері компьютерлер арасындағы шағын 
қашықтықтарға арналған (мысалы, ғимараттың бір немесе екі қабатында). 
Token Ring жабдығы Ethernet жабдығынан гөрі қымбат тұрады. 
Желінің  компьютерлік  және  аппараттық  қорлары.  Сервер  —  бұл 
компьютерді  орталық  қоймаға  айналдыратын  және  желіге  қосылған 
барлық  компьютерлерге  арналған  бағдарламаны  қамтитын  және  іске 
асыратын компьютер. 
Жұмыс  бекеттері  –  бұл  сервер  болып  табылмайтын  желідегі  кез 
келген  жұмыс  істейтін  компьютер.  Жұмыс  станцияларына  қойылатын 
талаптар станция міндеттерінің ауқымымен анықталады. Негізгі талаптары 
жылдамдыққа  және  жедел  жадының көлеміне  қойылатын талаптар болып 
табылады.  
Әдетте  сервер  ретінде  желідегі  ең  үлкен  және  ең  қуатты  компьютер 
таңдалады.  Дегенмен,  компьютерлік  технологияның  дамуы  ішкі 
компоненттердің  төмендеуіне  алып  келеді  –  компьютер  тезірек  және 
үнемдірек  болады.  Сондықтан,  қысқа  уақыт  ішінде  сервер  жоғары 
талаптарға  сай  келмейтін  дәстүрлі  компьютерлерге  қарағанда  тезірек 
ескіріп кетуі мүмкін.  
Желінің  аппараттық  қорлары.  Желінің  аппараттық  қорлары  –  бұл 
желіге  қосуға  болатын  және  пайдаланушылар  арасында  ортақ 
пайдаланылатын  қосымша  жабдық.  Аппараттық  қорлар  желінің 
мүмкіндіктерін кеңейтеді.  


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау