Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады


Кадрлардың санының кескіндер көлемі мен ажыратымдылығына тәуелділігі



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет37/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   110

Кадрлардың санының кескіндер көлемі мен ажыратымдылығына тәуелділігі 
Сурет өлшемі, пиксел
 
1600х1200
 
1280х960
 
640х480
 
Файл өлшемі , Кбайт
 
770
 
620
 
130
 
Флеш-жады көлемі , Мбайт
 
8
 
10
 
12
 
62
 
16
 
20
 
25
 
125
 
32
 
40
 
50
 
250
 
64
 
80
 
100
 
500
 
128
 
160
 
204
 
1000
 
Сондай-ақ,  сандық  камераға  қысқа  үзінділермен  видео  жазуға  болады 
(15  секундтан  5  минутқа  дейін).  Камера  ақпараттың  сыртқы  жинағышы 
ретінде  қолданылуы  мүмкін,  себебі  оған  компьютерден  *.jpg 
форматындағы файлдарды ғана емес, сондай-ақ әдеттегі ақпаратты тасушы 
сияқты басқа форматтар жазуға болады. 
Бақылау сұрақтары 
1.  Өздеріңізге белгілі ДК перифериялық құралғылырын атаңыз. 
2.  Негізгі енгізу құрылғыларының қысқаша сипаттамасын беріңіз. 
3.  Ақпаратты шығару құрылғыларының негізгі түрлерін атаңыз. 
4.  Қазіргі кезде мониторлардің қандай түрлері пайдаланылады? 
5.  Мониторлардың негізгі параметрлерін белгілеңіз. 
6.  Сізге ЭЛТ мониторларының қандай құраламдық элементтері белгілі? 
7.  ЭЛТ және ЖК мониторларының салыстырмалы сипаттамаларын келтіріңіз. 
8.  Монитордың негізгі реттегіштерін тізімдеңіз. 
9.  Видеокарталардың 
мақсатын  және  функционалдық  сипаттамасын 
анықтаңыз. 
10.  Мониторлар қандай қауіпсіздік стандарттарына сай болуы керек? 
11.  Пернетақтаның  мақсаты  мен  құрылымын  сипаттаңыз.  Пернетақтаның 
барлық функционалдық аймақтарын тізімдеңіз. 
12.  Графикалық  манипулятор  дегеніміз  не,  оның  құрылысы  және  мағынасы 
қандай? 
13.  Әртүрлі  типтегі  принтердің  мақсаттары  мен  құрылымдық  ерекшеліктері 
және олардың қолдану аясы қандай. 
14.  Түрлі  типтегі  принтерді  қолдану  үшін  қандай  шығын  материалдар 
пайдаланылады? 
15.  Принтерлердің басқару органдарын мен режимдерін көрсетіңіз. 
16.  Сканерлердің мақсаты мен принципін сипаттаңыз. 
17.  Қандай сканердің конструкциялары мен оларды қосу әдістері қазіргі кезде 
қолданылады? 
18.  ДК  үшін  қуатты  қорғау  құрылғылары  не  үшін  қолданылады?  Олардың 
функциялары мен пайдалану ерекшеліктерін сипаттаңыз. 
19.  Сізге  тағы  қандай  перифериялық  құрылғылар  белгілі?  Олардың 
функциялары мен тұтыну ерекшеліктерін сипаттаңыз. 
2 . 9 - к е с т е  


111 
 
3 -
Т А Р А У  
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ КЕҢСЕЛІК 
ҚОСЫМШАЛАР  
Компьютердің бағдарламалық қамсыздандыруы (БҚ) оның аппараттық 
қамсыздандыруына  қарағанда,  аса  маңызды  рөлді  атқарады.  БҚ  әзірлеуге 
аппараттық  бөлікті әзірлеумен салыстырғанда,  күш,  уақыт және  құралдар 
аз  жаратылмайды.  Ақырғы  пайдаланушы  үшін  компьютер,  оның 
сенімділігі  мен  құны  үлкен  дәрежеде  БҚ  әртүрлі  компоненттерімен 
анықталады.  Компьютерге  орнатылған  бағдарламаларды  шартты  түрде 
бірнеше үлкен санаттарға бөлуге болады:  
жүйелік  бағдарламалық  қамсыздандыру  компьютердің  барлық 
құрамды  бөліктерінің  өзара  әрекеттесулерін  анықтайды  және  оларды 
бірыңғай  жүйеге  айналдырады.  Бұдан  басқа,  жүйелік  қамсыздандыру 
пайдаланушы мен қолданбалы бағдарламаның өзара әрекеттесу интерфейс 
деп  аталатын  формаларын  анықтайды.  Қалыпты  жұмыс  жасайтын 
компьютерде 
жүйелік 
қамсыздандыру 
тікелей 
тек 
қолданбалы 
бағдарламалармен  ісі  бар  пайдаланушыдан  жасырылған.  Жүйелік 
қамсыздандыру  компьютердің  барлық  түйіндері  мен  сұлбаларының 
жұмыстарының  максималдық  тез  әрекеттігі  мен  сенімділігін  анықтап, 
сонымен  бірге  компьютердің  аппараттық  бөлігінің  баптауларын 
анықтайды. 
Жүйелік 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың 
негізгі 
компоненті операциялық жүйе болып табылады;  
қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру — бұл ДК пайдаланушысы 
жұмыс  жасайтын  бағдарламалар,  бұл  компьютердің  сатып  алу  мақсаты 
(үйге,  кеңсе  немесе  оқу  орынына).  Әртүрлі  бағдарламалардың  үлкен  сан 
алуан  түрі  жасалды.  Бұдан  әрі  біз  ең  алдымен  кеңседе  жұмыс  жасауға 
арналған  осындай  бағдарламалар  немесе  қосымшалардың  толық 
қатарымен жеткілікті толығырақ танысамыз
қызметтік  бағдарламалар  негізінен  компьютердің  қалыпты  жұмыс 
істеуін  қамтамасыз  ету  үшін  қызмет  етеді.  Бұл  ДК  компоненттерін,  оның 
түйіндерінің  баптауларын,  ақаулықтармен  күрес,  вирус  және  басқа  да 
зиянды  бағдарламалардан  қорғанышын,  деректерді  мұрағаттау  және 
маңызды  ақпаратты  сақтық  көшіруді  тестілеу  бағдарламасы.  Қарапайым 
пайдаланушы оларды пайдалану қажеттілігімен жиі қақтығысады, ал ЭЕМ 
операторы  есептеуіш  техникаларн  тиімді  пайдалануды  қамтамасыз  ету 
үшін  


112 
 
осы  бағдарламалармен  жұмыс  жасаудың  негізгі  амалдарын  меңгеруі 
қажет; 
аспаптық  құралдар  және  жүйелер  бағдарламалық  қамсыздандырудың 
барлық қалған компоненттерін әзірлеу үшін қызмет етеді. Бұл, ең алдымен, 
операциялық  жүйелер  мен  қызметтік  бағдарламаларды,  ең  бастысы, 
қолданбалы 
бағдарламаларды 
әзірлеу 
үшін 
әртүрлі 
деңгейдегі 
бағдарламалау  тілі.  Қарапайым  пайдаланушы  іс  жүзінде  ешқашан  оны 
өзінің  жұмысында  пайдаланбайды.  Бұл  ерекше  мамандардың  - 
бағдарламашының енші жері.  
3.1. 
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР  
Операциялық 
жүйе 
(ОЖ) 
компьютердің 
бағдарламалық 
қамсыздандыруының  ең  маңызды  және  қажетті  компоненті  болып 
табылады.  Операциялық  жүйе  –  бұл  компьютер  қосылған  жағдайда 
жүктелетін  арнайы  бағдарлама.  Ол  пайдаланушымен  диалог  жүргізеді, 
компьютерді,  оның  қорларын  (жедел  жадын,  дискідегі  орынын  және  т.б.) 
басқаруды жүзеге асырады, атқаруға басқа (қолданбалы) бағдарламаларды 
іске  қосады,  қолданбалы  бағдарламалардан  дұрыс  шығуды  және 
компьютерді 
өшіруді 
қамтамасыз 
етеді. 
Операциялық 
жүйе 
пайдаланушының  қолданбалы  бағдарламалармен  тілдесуіне  (интерфейс) 
қолайлы тәсіл қамтамасыз етуі қажет.  
ОЖ ядросы оның резиденттік бөлігі, яғни тұрақты ДК жедел жадында 
орналасатын  жүйенің  сол  бөлігі  болып  табылады.  Ядроға  физикалық 
құрылғыларды  басқару  құралдары  кіреді:  олардың  қорларын  тарату, 
басымдылықтарын  анықтау,  үзулерді  өңдеу  және  т.б.  Құрылғылардың 
қорларын  басқаратын  бағдарламаларды  әдетте  драйверлер  деп  атайды. 
Мысалы, ОЖ ядросына жедел сақтаушы құрылғының драйвері кіруі қажет.  
Ядроның  айналасында  есептеу  жүйесінің  қорларын  басқару 
бағдарламалары  құрастырылады.  Бірінші  деңгей  негізінен  физикалық 
құрылғылардың  драйверлерінен  тұрады.  Келесі  деңгей  –  логикалық 
құрылғыларды басқару. Мұндай деңгейлер жеткілікті көп болуы мүмкін.  
Операциялық  жүйелер  немесе  кеңселік  қосымшалар  сияқты  барлық 
қуатты бағдарламалар мамандардың үлкен ұжымымен әзірленеді. Мұндай 
бағдарламалар  әдетте  коммерциялық  өнімдер  болып  табылады  және 
әрқашан авторлық құқықтармен қорғалған – оларды сатып алу үшін белгілі 
бір ақша сомасын төлеуі, басқаша айтқанда, оларды пайдалануға құқықты 
сатып  алуы  қажет.  Бағдарламалық  өнімді  сатып  алу  заңдылығын 
растайтын  факт  сатып  алынған  БҚ  әрқашан  тіркелетін  лицензиялық 
келісім  болып  табылады.  Бағдарлама  сатып  алынатын  ақпараттың 
тасымалдаушысында  (мысалы,  компакт-диск)  әрқашан  рұқсат  етілмеген 
көшіруден қорғалудың бірнеше деңгейі бар. Әдетте пайдаланушының ком- 
 


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау