47
DDR2 SDRAM - DDR2 типті жад модулдері DDR-мен кері
үйлесімділікке ие болмайды. Олар 240 түйіспелері бар басқа форм-
факторда өндіріледі.
DDR2 қоректену кернеуі DDR-ға қарағанда анағұрлым аз – 2,5 В
орнына1,8 В. Бұл, айтпақшы, энергия тұтынудың және жылу бөлінуін
азаюына әкеледі, ол бұдан былай осы жадты ноутбуктар мен қуатты
серверлерде қолдану кезінде маңызды болуы мүмкін.
Сарапшылардың айтуынша, ЖЖҚ болашағы DDR2 жадына
байланысты болады, алайда қазіргі кезде оны пайдалануға асығудың
қажеті бар ма – өз әлеуетін ол кейінірек – нарыққа жылдамырақ
модулдердің шығуы PentiumIV-тің 1066 МГц шинаға өтуімен көрсетеді.
RDRAM (RambusDRAM) - Rambus компаниясы әзірлеген өткізу
қабілеті жоғары (бірнеше жүздеген Мбайт/с) жад жасауға мүмкіндік
беретін
технология.
Технологияны
ресми
Intel
компаниясы
қолдағандықтан, осы жадтың болашақ
компьютерлерде
негізгі
болатынының ықтималдығы жоғары. Қазіргі кезде бұл модулдердің бағасы
қымбат болғандықтан
2 . 2 - к е с т е
Динамикалық жадтың сипаттамалары
Жад түрі
Модуль
байланыстар
ының саны
Жад
көлемі,
Мбайт
Шинаның
ені,
бит
Тактілік
жиілік
Өткізу
қабілеттіліг
і, Мбайт/с
SIMM EDO
DRAM
72
8...32
32
45.50 нс
320
DIMM
SDRAM
168
16... 256
64
66 МГц
528
64
133 МГц
1060
DDR DIMM
SDRAM
184
256... 1024
64
100 МГц (х2)
1600
64
266 МГц (х2)
4400
DDR2 DIMM
240
256.2048
64
200 МГц (х2)
3200
64
676 МГц (х2)
5600
Rambus
DRAM
(PC800)
184
1 2 8 . 5 1 2
1 6
4 0 0 М Г ц
( х2 )
1600
48
олар негізінен жоғары деңгейлі видеоның кіші жүйелерінде және қуатты
серверлерде қолданылады.
Әр түрлі ЖЖҚ типтерінің негізгі сипаттамалары 2.2-ші кестеде
келтірілген.
Жоғарыда сипатталған DIMM модулдердің бәрінің әр түрлі форм-
факторларының (түйіспелер саны, қоректену кернеулері және т.б.) әр түрлі
болатынын және бір-бірімен үйлеспейтінін тағы бір рет айтқан жөн.
Жүйелік тақтаға құжаттамада онда пайдалануы мүмкін жад модулінің типі
әрқашан көрсетіледі. Ал оны өндірушінің сайтында тіпті артық көрінген
өндіруші-фирмалар мен ЖЖҚ үлгілері көрсетіледі.
ЖЖҚ жылдам әрекет етуін анықтайтын тағы бір параметр – бұл
Мбайт/с-пен өлшенетін, өткізу қабілеті. Ол жад микросхемасы жұмыс
істейтін тактілік жиілікке тәуелді болады. Жад микросхемаларын жетілдіру
белгілі бір жад түрінің (DDRDIMM жад модулдері 66 дан 130 МГц-ке
дейін болады) тактілік жиілігін арттырумен де, жад (DDR2, Rambus)
микросхемаларының жаңа типтерін жасаумен де жүргізіледі.
Жад модулдерін таңбалау кезінде оның көлемінен бөлек әдетте олар
жұмыс істейтін тактілік жиілік немесе өткізу қабілеттері көрсетіледі.
Мысалы, DIMM 256MBPC-133. Бұның білдіретіні: жад түрі -
DIMMSDRAM, жад көлемі — 256 Мбайт, тактілік жиілік — 133 МГц.
Бұл модулдің өткізу қабілеті көрсетілмеген, бірақ оңай анықталады:
тактілік жиілікті шинаның байттағы еніне көбейту керек. Бұл жағдайда 133
х (64/8) = 1064 Мбайт/с.
Басқа мысалы: KingstonD
D
RDIMM 512Mb
. Өндіруші фирма
- Kingston. Жад түрі - DDRDIMMSDRAM. Модуль көлемі — 512 Мбайт.
Өткізу қабілеті 3200 Мбайт/с. Тиімді тактілік жиілік былай анықталады:
32000/8 = 400 МГц.
Жад микросхемаларының жылдам әрекет етуіне әсер ететін тағы бір
фактор – олардың жасырындылығы, яғни, ақпаратты жазу (оқу) процесінің
әр түрлі сатыларының арасындағы кідіріс.
CASLatency(tCL)— бағанда іріктеу сигналының кідірісі. Әдетте үш
мәні қолданылады: 2, 2,5 және 3 (такттер).
RASActivetoPrechargeDelay (tRAS) – жад жолдарын зарядтау үшін
кідіріс уақытын береді. Мәндері: 5, 6, 7 немесе 8 тактілер.
RASPrecharge (tRP) - RAS сигналымен зарядтау уақыты. Кідіріс
тактілерінің санын жаңарту сигналының алдында динамикалық жад
ұяшығын зарядтауға қажетті RAS сигналын орнатқан соң анықтайды. Осы
мәнді азайту жылдам әрекет етуін арттырады, алайда нақты жад үшін оны
өте азайту деректердің жойылуына алып келуі мүмкін. Мәндері: 2, 3
немесе 4 тактілер.
RAStoCASDelay (tRCD) — RAS және CAS сигналдарының арасындағы
кідіріс. Жад регенерация режимінде болған кезде жолдар мен бағандарға
жеке мекенжайлар беріледі. Бұл параметр RAS (rowaddressstrobe)
сигналынан CAS (columnaddressstrobe) сигналына ауысу уақытын беруге
мүмкіндік береді. Әрине, мәні қаншалықты аз болса, есте сақтау
жылдамдығы соншалықты жоғары болады. Мәндері: 2,3 немесе 4.
49
Бұл мәндердің комбинациясы модульдің уақыттығы деп аталады.
Негізінде, осы модуль үшін оңтайлы уақытты өндірушісі анықтайды және
таңбалауда көрсетіледі. Бұған қоса,
БИОС
модуль жүйелік тақтаға
орнатылғанда автоматты түрде оқиды. Дегенмен, танымал өндіруші-
фирмалардың жақсы жадының модульдері жады өнімділігін жақсарту
үшін белгілі бір шектерде уақытты азайтуға мүмкіндік береді. Бұл
параметрлерді тікелей
БИОС
-тан немесе арнайы бағдарламаларды
пайдалану арқылы өзгертуге болады.
Компьютердің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті ЖЖҚ көлемі
туралы мәселе оңай емес. Бір жағынан, минималды конфигурацияға
қойылатын бағдарламалық қамтамасыздандыру талаптары бар. Әдетте бұл
жадыға қатысты талаптары 32 Мбайт көлеммен шектеледі. Басқа жағынан,
іс жүзінде көптеген қосымшалармен жұмыс істеудің ыңғайлы көлемі
айтарлықтай үлкен көлемді талап етеді.
ЖСҚ көлемі 128 МБ – көптеген деңгейдегі, оған қоса графикалық және
ойын бағдарламаларының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету кезіндегі
бастапқы деңгейлі жүйелерге арналған қолданыстағы стандарт (егер
компьютердің басқа компоненттерінің жұмысы қамтамасыз етілсе).
Алайда, Windows NT/2000/XP пайдалану, үлкен құжаттарды өңдеу кезінде,
әсіресе графикалық орталарда, мәселелер туындауы мүмкін. 256 Мбайт
жадының көлемі барлық қосымшалармен сенімді және ыңғайлы жұмыс
үшін жеткілікті болады. Орта сыйымдылықтағы серверлер мен
графикалық және дизайнерлік қосымшалармен жұмыс істеу үшін 256
Мбайт жады қажет: PageMaker және CorelDraw-дегі беттеу, AutoCad-де
жұмыс істеу және т.б.
Жадтың модульдері орнату нұсқаулығындағы сипаттамаға сәйкес
жүйелік тақтаға тиісті кеңейту слоттарына орнатылады (2.18-сурет).
С ы р т қ ы с а қ т а у қ ұ р ы л ғ ы л а р ы
. Дербес компьютер әдетте
қатты магниттік дискілерге арналған жинақтауышпен (HDD
— Hard
Disc Drive, немесе ҚМДЖ
) және иілгіш дискілер үшін бір жетекпен (
FDD
— Floppy Disc Drive
) жабдықталады. Қатты диск немесе винчестер негізгі
деректер қоймасы болып табылады – ол барлық бағдарламалар мен
деректерді амалдық жүйеден пайдаланушы жасаған файлдарға сақтайды.
Әдетте дискілер жүйелік блокта орнатылады, сыртқы дискілер әлдеқайда
аз кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |