40
Процессорлар (ДК басқа да компоненттері сияқты) ең аз
комплектациямен қарапайым нұсқада (OEM — Original Equipment
Manufacturer), сондай-ақ бокстық нұсқада, яғни орнату бойынша
нұсқаулығымен және 3 жылдық кепілдемесімен қаптама қорабында
жеткізілуі мүмкін. In Box процессорының бағасы бокстық қаптама
қамтамасыз етілетін кулер бағасын ескере отырып тіпті арзан тұратын
қарапайым ОЕМ қаптамасындағы процессорынан бірнеше долларға
қымбатырақ.
Екпіндету (overclocking) — штаттық құрылғыға қарағанда, яғни оның
жұмыс сипаттамасында қарастырылған жиілікте бірталай жоғары
жиіліктегі кез келген құрылғының жұмыс режимі. Екпіндету мүмкіндігі
болады, себебі көптеген құрылғылардың мықтылық запасы болады. Әдетте
жиіліктің кішігірім артуы қиналтпай өтеді және 10-% дейін ұтыс береді.
Сыни мәнді арттырғанда қатты қызып кету болуы мүмкін және қымбат
құрылғының қатардан толықтай істен шығаруы мүмкін. Сондықтан
пайдаланушы өз қорқынышына қарап жиі сатушының кепілінен айырыла
отырып екпіндету мен тәуекелді жүргізіп отырады. Екпіндетудің негізгі
обьектісі — орталық процессор. Алайда жадыны да, бейнекартаның
процессорын екпіндетуге болады.
Жүйелік тақтаның ұясына Pentium IV процессорын орнату тәртібі (сур.
2.15, 2.16):
процессор ұясының иінін (А) «Ашық» күйге орнату керек, ол үшін оны
аздап бір жаққа жіберу керек және тірелгенге дейін көтеру керек;
процессорды ұяға орнатып және иінді «жабық» күйге ауыстыру керек
(процессордағы алтын үшбұрыш ысырма негізіне қарап тұруы тиіс);
процессордың жоғарғы бетіне (Б) жылуөткізгіш құрамын жүргізу керек
және пастаны оның бетінде біркелкі
орналастыру керек;
радиатор негізін бекіту механизмімен сыйыстыру керек және
радиаторды процессорға орнату керек. Пастаның кеуіп кетуін болдырмай,
радиаторды процессорға біраз қозғай отырып термопаста радиатор бойына
біркелкі орналасуы үшін бірнеше тербелмелі
қозғалыс жасау керек;
орталық жапырақтан (В) бастап бекіту механизмінің жапырақтарына
(В, Д, Е) қысқыштар (Г) орнату керек.
Желдеткіш кабелінің жалғағышын (Ж) орталық процессордан алыс
емес орналасатын және CPU FAN деп белгіленетін үш қадалы розеткаға
қосу керек.
ДК жадысы. Жады — ол ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. Кез
келген компьютердің жұмыс істеуі әр түрлі ақпарат сақталатын – деректер,
бағдарламалар, есептеулердің аралық нәтижелері және т.б. арнайы
құрылғыларсыз мүмкін емес.