62
қабылдай алады. ТАО әдісімен жазу кезінде лазер әрбір жолдың басында
қосылады және соңында тоқтайды. Жазу кезінде ТАО режимін қолдану
жазудың бірнеше сеанстарында дискті дәйекті түрде жазуға мүмкіндік
береді – осындай режим үйдегі қолданыс үшін қолайлы.
Кәдімгі компакт диск 120 мм диаметрде. Бірақта барлық жетектер
дискілер үшін 80 мм орындары бар. 80 мм диаметрі бар дисктер ДК
қолданылатын тағы бір стандарттарына жатады. Сондай дисктердің көлемі
180 Мбайтты құрайды. Содай CD-R/RW дисктер сандық сурет пен
бейнелеуде қолданылады.
DVD үлгілері. DVD аббревиатурасы болып Digital Video Disc
түсіндіріледі. Алайда, түсіндірменің басқа да нұсқасы бар (ағылшын
тілінен «V» versatil — «көпқырлы», «жан жақты»). DVD кез келген
ақпаратты
тасымалдайтын
және
ДК-де
ақпараттың
ауыспалы
тасымалдаушысы ретінде қолданылуы мүмкін.
DVD жетегі кәдімгі СD сияқты көрінеді, бірақ, DVD мүмкіншілігі көп.
DVD дисктері CD-ROM-ға қарағанда 26 есе көп ақпаратты тасымалдай
алады. DVD технологиясы ақпаратты тасымалдау саласында үлкен қадам
басу болды. Стандартты бір қабатты бір жақты диск 4,7 Гбайт ақпаратты
сақтай алады. Бірақ DVD екі қабатты стандарт бойынша дайындалуы
мүмкін, ондағы бір жақтағы ақпаратты сақтау көлемін 8,5 Гбайтқа дейін
ұлғайтуға болады. Одан басқа, DVD дисктері екі жақты болуы мүмкін, ол
дисктің көлемін 17 Гбайтқа дейін ұлғайтады. DVD-дисктен ақпаратты оқу
үшін арнайы жабдық қолданылады - DVD-ROM жетегі. DVD
технологиясы СD-мен үйлесімді болғандықтан, DVD-ROM де әр түрлі
форматта жазылған компакт дисктерді оқи алады. Осылайша, DVD
стандарты СD-ға қарағанда барлық жағынан да ыңғайлылырақ. Оның
жалғыз кемшілігі – біршама қатты жылдамдық. Алайда DVD жетектерін
өндіру технологиясы әрдайым жақсартылады, олардың нарықтық
бағасының заңнамалы түрде төмендеуіне әкеледі. Шамасы, олардың CD-
ROM-ды біржолата ығыстыру уақыты келетіні сөзсіз.
СD дискілер сияқты DVD дискілер пластикпен жабылған, үстінде
металл шағылдырғышы бар спиральді жолдар шегінде орналасқан тілімдер
арқылы ақпаратты сақтайды. DVD-дисктерін оқу құрылғыларында лазер
телімдер бойынша жағалай жылжиды, ал шағылыстырушы сәуле бір
немесе ноль бірлігі ретінде қабылдаушы құрылғы болып түсіндіріледі.
DVD өндіру кезіндегі негізгі шарт болып: дискте трек шегінде көптеген
тілімдерді орналастыру арқылы сақталатын ақпарат көлемін ұлғайту.
Қазіргі таңда DVD бірнеше түрлері қолданылады:
Single Side/Single Layer (бір жақты/бір қабатты) — дисктің ең
қарапайым және танымал түрі. Оның ақпараттық көлемі 4,7 Гбайтты
63
құрайды, ол бейне түсірудің 120 минутін жазуға мүмкіндік береді;
Single Side/Dual Layer (бір жақты/екі қабатты). Дисктерде екі
жұмыс қабаты бар, сыртқы әлпеті мөлдір болып жасалған, ол лазерлік
сәуленің ішкі қабатына жол ашады. Екі қабатта да бір жұмыс жағы бар,
және осы дискте 8,5 Гбайт ақпаратты орналастыруға болады;
Double Side/Single Layer (екі жақты/бір қабатты). Дискке 9,4 Гбайт
ақпарат сыйдырылады (әрбір жағында 4,7 Гбайттан). Осындай дисктің
көлемі бір жақты/бір қабатты DVD-дисктен екі есе көп екенін көруге
болады. Ақпарат екі жақта орналасқандықтан дискті аудару немесе
өздігінен дисктің екі жағынан да ақпаратты оқи алатын құрылғы
қолданылады;
Double Side/Double Layer (екі жақты/екі қабатты). Ең қиын түрі.
Дискте 17 Гбайт ақпаратқа дейін сыйдыруға мүмкіндігі бар (әрбір
жағында 8,5 Гбайт бойынша). Осындай диск өздігінен бір жақты/екі
қабатты дискті бірге қосылымнан тұрады.
Бірақта ол оптикалық дисктердің ақпараттық көлемдердің шегі
емес. 2003 жылы дисктерді шығаратын тоғыз жетекші өндірушілері
оптикалық дискілердің келесі буындары үшін DVD-RAM-ның жаңа
стандартын бекіткен болатын. Оларда 504 нм толқын ұзақтылығымен
оқу/жазу көгілдір (нақтылай күлгін) лазермен жүргізіледі, ол дисктің бір
жағында 27 Гбайтқа дейін, ал екі қабатты вариантта – 50 Гбайтқа дейін
орналастыруды жүргізуге болады.
Осындай дисктер Blu-Ray Disc деп аталады, тректердің арасындағы
қашықтық 0,32 мкм дейін азайтылды, ол питтің ең кіші мөлшері 0,138
мкм. Ол дискте стандартты рұқсаттағы бейненің 13 сағатына дейін
жазуға мүмкіндік береді (2.31-сурет). Осы форматтардың әрбіреуі де
жазудың екі түрін қолдана алады:
DVD-Video: бейне фильмдерді шығару кезінде қолданылатын
бейнені жазу форматы;
MPEG2
– көп арналы «көлемді» дыбыстағы бейне (Dolby
digital/surround 5.1). Осы сипаттама дискке 2 сағаттан көп бейнені;
дыбыстық жетектеудің сегізге дейін тілдер; 32 тілде субтитрлер жазуды
анықтайды; әр түрлі бөлімдерге
және
көрсету
түрлеріне
байланысты мәзірдің интерактивті
бөлінуі; көрсетілетін нысанда
қараудың тоғыз бұрышына дейін
пайдаланушыны
таңдау
және
тапсырма мүмкіндігі; көшіруден
сандық немесе басқа да қорғалым.
Осындай дискілер қазіргі таңдағы
бейне өндірісі нарығынан бейне
кассеталар мен CD-де бейнелерді
ығыстыруда.
2.31-сурет. BRD
64
Көшіруден сақтау. DVD-Video өндіруіне
қойылған негізгі
талаптардың бірі болып авторлық құқықты қорғау табылады. Осындай
жоғары сападағы бейнені көшіруден сақтау қажеттілігі. Ол үшін сандық
және аналогты шифрлендірудің бірнеше деңгейлері жасалынған.
А н а л о г т ы с а қ т а у . DVD және бейнені теледидар арқылы көруге
болады, бірақ оны видеомагнитофонға көшіруге болмайды. Ол бейнемен
бірге жазылған арнайы белгілер арқылы жүзеге асырылады. ТВ-да
көрсетілген кезде олар көрінбейді, бірақ бейне магнитофонға жазу кезінде
жазбада кедергілер пайда болады. Бейне қатты бұрмаланады, сапасын
жоғалтады, көмескі болады. Оны арнайы декодерлер қолдану арқылы
айналып кетуге болады.
А й м а қ т ы қ с а қ т а у . DVD-дисктерде заңсыз көшіруден сақтау үшін
жарықтың әр бөлігіне сәйкес келетін арнайы кодтары бар. Дискілерді
оқитын жабдықтар тек өзінің шегінде ғана жұмыс жасай алады, елдер
бойынша дисктердің таралуын шектеу мен бақылау мақсатында DVD-
форумында әлемді алты аймаққа бөлген болатын:
1 — Канада және АҚШ;
2 — Жапония, Еуропа, Таяу Шығыс, Оңтүстік Африка;
3 — Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия;
4 — Австралия, Жаңа Зеландия, Орталық және Оңтүстік Америка,
Мексика, Қариб бассейніндегі елдер;
5 — бұрынғы КСРО, Индия, Африка, Солтүстік Корея, Моңғолия;
6 — Қытай.
Осы бөлім әр түрлі елдерде фильмдер әр түрлі уақытта көрсетіліммен
түсіндіріледі. Фильм DVD-де немесе Америкада сатылымда болғанда,
Еуропада ол кинотеатрларда енді ғана көрсетілуі мүмкін. Дискте оны
көруге рұқсат етілген аймақтың коды кодталған. DVD оқушы да өзінің
аймақтық коды бар (яғни плейердің бірдей модельдері өзінің аймағында
ғана көрсетіледі) және ол кодтар үйлескен кезде ғана осы фильмді көрсете
алады. Сондай-ақ, коды жоқ фильмдер де бар (ол міндетті емес – ол
коммерциялық қулық), олар азшылықта, олар кез келген жетекте оқыла
береді. Компьютердің DVD-ROM жетектеріндегі жағдай жақсырақ.
Заманауи DVD-ROM жетектерінің көбісі аймақ қолын бес ретке дейін
ауыстыруды көздейді. Код декодерде орнатылады және өзгертіледі. Кейбір
жетектерге Интернеттен оларды мульти аймақтық қылатын өзгерткішті
табуға болады, яғни кез келген дисктерді оқи беретіндіктен құрылғының
бұзылуына әкеліп соғатындығы анық.
Достарыңызбен бөлісу: |