«Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауышы
260. «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауышы «Назарбаев Университеті» ДБҰ базасында оқыту есебінен Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетуге бағытталған.
261. Бағдарлама шеңберінде қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауышының қатысушылары бола алады.
262. Құрауыш қатысушыларын оқыту жөніндегі шығындарды төлеу уәкілетті орган мен «Назарбаев Университеті» ДБҰ арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Құрауыш қатысушылары оқыту орнына дейін және кері қайту жолақысын, сондай-ақ тұруын өздері төлейді.
ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 263-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
263. Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту тетігі:
1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын конкурстық іріктеудің басталуы туралы хабардар етеді;
2) өтініш беруші белгіленген нысанда қаржы агенттігіне оқытуға өтінім береді. Бұл ретте Өтініш беруші жобаны іске асыруға байланысты мониторингті немесе өзге де іс-қимылдарды жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді ұсыну туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды. Қаржы агенттігі уәкілетті орган айқындайтын квоталарға сәйкес жиынтық өтінімді қалыптастырады және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді;
3) ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті орган Бағдарламаға қатысушылардың келісілген тізбесін «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ға жібереді.
Қаржы агенттігі «Назарбаев Университет» ДБҰ-мен бірге Бағдарламаға қатысушылардың кәсіпорынды дамыту бойынша қызметін мониторингтеуді жүзеге асырады.
«Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы
264. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған.
265. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның шешімімен бекітілетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде (бұдан әрі - тізбе) көзделген отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілететін және мынадай критерийлерге сәйкес келетін:
1) экспорттау келісімшарттарына сәйкес Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ БТН) 6 және одан да көп белгілерінің деңгейіндегі тауар позицияларына сәйкес келетін өнімнің бір бөлігін немесе бәрін және тізбеге енгізілген көрсетілетін қызметтерді экспорттауды жүзеге асыратын;
2) өз өнімдерін, көрсетілетін қызметтерін ілгерілету бойынша:
тізбеде көзделген өнімді, көрсетілетін қызметтерді ілгерілетуге байланысты шығындарға жататын;
өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін кемінде 2 (екі) жыл бұрын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындарды көтерген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ұсынылады.
266. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің қызметкерлерді оқыту жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ кәсіпорындарға шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыруға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2015.11.12. № 1001 Қаулысымен 267-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
267. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында айқындалған шығындар түрлері бойынша жүргізіледі.
268. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер) есепке алынбай өтеуге ұсынылған соманың 50%-ы көлеміндегі негізделген және құжаттамамен расталған шығындары өтеледі. Өтелетін шығындар сомасына жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер) сомасы қосылмайды.
269. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады. Бұл ретте шетелдік валюталарда шеккен шығындарды қайта есептеу өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталар бағамы бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2015.28.10. № 848 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.19.04. № 234 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 270-тармақ өзгертілді
270. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-кеңесшілерді шақыру арқылы оқыту» құрауышын іске асыру тетігі:
1) құрауыш операторы бұқаралық ақпарат құралдарында өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру орналастырып, онда өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күнін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі сәйкес келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орнын, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат қамтылған интернет-ресурсқа сілтемелерді көрсетеді. Қаржылай емес қолдау операторы да мәтіні құрауыш операторы хабарландыруының мәтініне сәйкес келуге тиісті осындай хабарландыруды өз есебінен орналастыра алады және дербес консультациялық қолдау көрсете алады;
2) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар құрауыш операторына немесе КҚКО-ға қағаз жеткізгіштерде құжаттар тізімдемесі қоса беріле отырып ұсынылады;
3) құжаттар КҚКО-ға ұсынылған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан белгіленген талаптарға сәйкес қарайды және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, ол туралы өтініш берушіні хабардар етеді;
4) өтініш беруші өтінімнің және қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіні туралы ақпаратты алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды Қаржылай емес қолдау операторының қарауы үшін КҚКО-ға қайта енгізеді;
5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, қоса берілетін құжаттары бар өтінімді құрауыш операторына жібереді. Өтініш беруші КҚКО-ға ұсынған құжаттардың толықтығы, заңнамаға сәйкес келуі және тізімдемесі үшін Қаржылай емес қолдау операторы жауап береді;
6) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторы ұсынған өтінімді қоса берілген құжаттарымен бірге 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Ұсынылған құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда, құрауыш операторы өтінімді қараудан бас тартады және оны Қаржылай емес қолдау операторына қайтарады;
7) құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы ұсынылған өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында (бұдан әрі - Өтеу қағидалары) көзделген тәртіппен 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;
8) ұсынылған өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін анықталған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын міндетті түрде хабардар ете отырып, өтініш берушіге уәжделген бас тарту жібереді;
9) ұсынылған өтінімнің және оған қоса берілетін құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталмаған жағдайда, құрауышты одан әрі іске асыру Өтеу қағидаларыңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;
10) құрауыш операторынан өтініш берушіге мемлекеттік қолдау көрсетуден бас тарту туралы хабарлама алған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында құрауыш операторының шешімін оның негізділігі тұрғысынан қарайды.
271. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
272. Өтініш берушілерден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.
273. Құрауыш операторы КҚКО арқылы берілген өтініш берушілердің өтінімдері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары туралы ақпаратты Қаржылай емес қолдау операторына жібереді.
274. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл жасасуы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалған тиісті келісімнің шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша кезеңдік оқытуды жүзеге асырады.
275. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |