берілетін құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан белгіленген талаптарға
сәйкес қарайды және
оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың
сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушіні бұл туралы
хабардар етеді;
4) өтініш беруші өтінімнің және қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіндігі туралы
ақпаратты алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды
Қаржылай емес қолдау операторының қарауы үшін КҚКО-ға қайта енгізеді;
5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген
құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, қоса
берілетін құжаттары бар өтінімді құрауыш операторына жібереді;
6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік
қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған
өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі
тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеудің мүмкіндігі немесе мүмкін
еместігі туралы шешім қабылдайды;
7) құрауыш операторы өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі
туралы қабылданған шешім туралы Қаржылай емес қолдау операторын хабардар етеді;
8) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы
қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің қол қоюы үшін құрауыш операторы қол қойған
Шығындарды өтеу туралы келісімді 2 данада қоса бере отырып, хабарлама жібереді. Өтініш
беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында
айқындалған тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін бір данасын құрауыш операторына
қайтарады;
9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау
операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігін көрсете отырып,
хабарлама жібереді. Қаржылай емес қолдау операторы кәсіпкердің құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес
келмейтіндігі туралы хабарламаны оның негізділігі тұрғысынан қарайды.
Ескерту. 280-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
281. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың
толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
282. Өтініш берушілерден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды ұсынуды талап етуге жол
берілмейді.
283. Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу
туралы келісім жасасады, онда:
1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болғанда өтеуге қабылданатын
шығындардың сомасы бойынша түсініктеме;
2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш
операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің
құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және
жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық
деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган
мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;
3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш
операторының өтініш берушіден құрауышты іске асыру барысы туралы ақпаратты сұрату құқығы;
4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және
шығындарды өтеу түрінде құрауыш бойынша берілген ақшалай қаражатты қайтару көзделеді.
Ескерту. 283-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
284. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күнінен бастап 2 (екі)
жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторингті жүргізеді.
285. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру
жөніндегі өзара іс-қимыл жасасуы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторы
арасында жасалған тиісті келісімнің шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш
операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері
бойынша кезеңдік оқытуды жүзеге асырады.
286. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес
қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
«Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге
сервистік қолдау көрсету» құралы
287. «Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету»
құралы кәсіпорынның тиімділігін арттыру мақсатында оны басқару жүйесін жетілдіруге
бағытталған және КҚКО, КҚО және КҚҰО-да бизнес-процестерді қолдау жөніндегі мынадай
мамандандырылған қызметтерді ұсынуды қамтиды:
1. Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті
жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер, олар мынадай мәселелер бойынша консультацияларды
қамтиды:
1) салық салу және салықтық әкімшілендіру;
2) салық заңнамасы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама;
3) бастапқы құжаттарды өңдеу, салықты және бюджетке өзге де аударымдарды есептеу;
4) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;
5) бухгалтерлік есеп жүргізу;
6) «1С-Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс;
7) салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру;
8) тысқары ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептерді жасау;
9) электрондық статистикалық есептілікті ұсыну.
2. Мыналарды қоса алғанда, кедендік рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер:
1) кедендік заңнама мен кедендік рәсімдер саласындағы консультациялар;
2) тауарларды декларациялау қағидалары мен тәртібі, кедендік құнды айқындау және
түзету, кедендік декларацияны толтыру жөніндегі консультациялар;
3) нақты тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес реттеу жөніндегі консультациялар
;
4) сыртқы экономикалық қызметті құжаттамалық сүйемелдеу;
5) сыртқы экономикалық қызметке арналған лицензиялар,
рұқсаттар алу жөніндегі
консультациялар;
6) Кеден одағы шеңберінде жүктерді декларациялау жөніндегі консультациялар;
7) сыртқы сауда келісімшартының талаптары жөніндегі консультациялық қызметтер.
3. Кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін:
1) лицензия және рұқсат алу мәселелері бойынша – мемлекеттік органдарда;
2) кредиттер алу мәселелері бойынша – екінші деңгейдегі банктерде;
3) мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша – даму институттарында
сүйемелдеу.
4. Мыналарды қоса алғанда, заңгерлік қызметтер көрсету:
1) кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттарды
дайындау бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтер;
2) кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттарды
дайындау;
3) шарттардың жобаларын әзірлеу бойынша консультациялар;
4) шарттардың жобаларын әзірлеу;
5) азаматтық және еңбек құқығы саласындағы консультациялар;
6) құжат айналымын жүргізу бойынша консультациялар;
7) ұсынымдар бере отырып, құжат айналымының аудиті;
8) бизнес-жоспардан басқа, кредит алуға құжаттар пакетін дайындау бойынша
консультациялар;
9) бизнес-жоспардан басқа, кредит алуға құжаттар пакетін дайындау;
10) кадрлық құжаттаманы жүргізу бойынша консультациялар;
11) ұсынымдар бере отырып, кадрлық құжаттама аудиті;
12) құжаттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруге байланысты
консультациялық көрсетілетін қызметтер.
5. Мыналарды қоса алғанда, маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер:
1) құн саясатын әзірлеу бойынша консультациялар;