Бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы"


салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық



жүктеу 1,35 Mb.
бет10/16
Дата24.01.2020
өлшемі1,35 Mb.
#27249
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық
қолдау» екінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      28. Мынадай:


      1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобаларды;
      2) ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайын Кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатыса алады.
      29. Мыналар:
      1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;
      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
      3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
      4) овердрафт түріндегі;
      5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.
      30. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
      31. Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде Банктер/Даму банкі/Лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.
      32. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
      33. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде Банктер/Даму банкі/Лизингтік компаниялар жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.
      34. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) Банктер/ Даму банкі/Лизингтік компаниялар берген және Бағдарлама критерийлеріне сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
      35. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ жоба сомасынан 30 %-дан аспайтын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
      36. Айналым қаражатын толықтыруға қалпына келтірілетін негізде берілген кредит бөлігінде субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қалпына келтіру мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
      37. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.
      38. 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде Кәсіпкер жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға Кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
      39. Кредит бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
      40. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
      41. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір Кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
      42. Кредиттер/қаржылық лизинг шарты бойынша субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      43. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған Кредитор банкте/Лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      44. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа Банктер/Лизингтік компаниялар (Даму банкі) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.
      45. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
      46. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
      47. Даму банкінің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/ аржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      48. Бағдарлама шеңберінде Банк/Даму банкі/Лизингтік компания:
      1) кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларды;
      2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді Кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарын;
      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;
      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      49. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда Банк/Даму банкі /Лизингтік компания Кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
      50. Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға жол беріледі. Бұл ретте қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары мынадай критерийлерге сәйкес келуге тиіс:
      1) Астана және Алматы қалаларында сауда алаңы кемінде 5 мың шаршы метр;
      2) облыстарда кемінде 2 мың шаршы метр;
      3) деңгейлер саны кемінде 2, тұрақ коэффициенті кемінде ауданның 40 шаршы метріне 1 орын.
      51. Линзингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.

5. «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» үшінші


бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      52. Мыналар:


      1) Даму банкін (Банк және Даму банкі бұдан әрі Банк деп аталады) қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;
      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
      3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
      4) овердрафт түріндегі;
      5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.
      53. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/неесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Бұл ретте айналым қаражатын толықтыруға қалпына келтірілетін негізде берілген кредиттерді субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қалпына келтіру мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
      54. Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде Банктер/Даму банкі/Лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.
      55. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір Кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
      Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын валюталық кредиттер бойынша сома бір Кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеге балама мөлшерден аспауға тиіс және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
      56. 750 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қолданыстағыларға қатысты кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.
      Бұл ретте жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50 %-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жас адамдар үшін құру ұсынылады.
      57. Кредиттер/қаржылық лизинг шарты бойынша субсидиялау мерзімі (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      58. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған Кредитор банкте/Лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      59. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа Банктер/Лизингтік компаниялар (Даму банкі) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.
      60. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін Банк кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.
      Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін Банктің стандартты валюталық кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.
      Бұл ретте Банк:
      1) кредит беру шарттарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      61. Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Даму банкі сыйақы мөлшерлемесін 11 %-ға дейін төмендететін, оның 4 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін Даму банкінің стандартты валюталық кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.
      Бұл ретте Банк:
      1) кредит беру шарттарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      62. Бағамдық оң айырма орын алған жағдайда, оны болашақ субсидиялар есебіне жатқызады, ал бағамдық теріс айырма орын алса - өтеу Кәсіпкерге жүктеледі.
      63. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі субсидиялар сомаларын, аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша төлейді.
      64. Лизингтік компаниялардың/Банктің/Даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін қаржылық лизинг шарттары бойынша да субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Лизингтік компания/Банк:
      1) кредит беру шарттарының Борышкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
      3) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу);
      4) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      65. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда Банк/Даму банкі /Лизингтік компания Кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
      66. Егер Банк/Даму банкі мен Кәсіпкер валюталық кредитті теңгеге айырбастауды ұйғарса, онда мұндай айырбастау Банк/Даму банкі мен Кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүргізіледі.

6. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара


іс-қимыл жасау тәртібі

      67. Кәсіпкер Банкке/Даму Банкіне/Лизингтік компанияға:


      1) жаңа кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша Бағдарламаға сәйкес келетін шарттарда кредит беруге/қаржыландыруға (Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) арналған өтінішпен;
      2) қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған сәйкес субсидиялар алу ниеті туралы Банкті/Даму Банкін/Лизингтік компанияны хабардар ететін өтінішпен және кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесін Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін төмендету туралы өтінішпен жүгінеді.
      68. Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/лизинг беру немесе кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда Кәсіпкерге жобаны кредиттеуге/қаржылық лизинг шартын жасасуға дайын екендігі туралы жазбаша жауап жолдап, Қаржы агенттігін хабардар етеді.
      69. Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның оң шешімін алған Кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана мен Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
      1) Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);
      2) егер қызмет түрі лицензияланатын болса, лицензиясы (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);
      3) жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда, құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам акциялар шығарылымының проспектісін және бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінен үзіндіні (тіркеушінің мөрімен/қолымен расталған) қосымша ұсынады;
      4) салық органынан өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;
      5) тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары;
      6) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар;
      7) соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар;
      8) Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда Кәсіпкерге кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.
      70. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін:
      1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі үш күндік мерзімде Кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;
      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін Кәсіпкердің жобасын жіберуді құжаттардың толық пакетін алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      71. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін (бес) жұмыс күні ішінде:
      1) құжаттардың толықтығын тексереді;
      2) Кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
      3) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
      4) Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың толық пакетімен қоса кәсіпкерлер жобаларының тізімін ӨҮК қарауына шығарады;
      5) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және ететін отырысы айқындайды, бұл жөнінде ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
      72. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі үш күндік мерзімде ұсынылған Кәсіпкерге/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар пакеті бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің жобасын ӨҮК кезекті отырысына шығарады.
      73. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылу шамасына қарай, бірақ айына 2 (екі) реттен сиретпей өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны он екі адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50 %-ын кәсіпкерлер қоғамдастығы ұсынуға тиіс.
      Кворум ӨҮК мүшелері санының кемінде 2/3-ін құрауға тиіс. ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданады.
      74. ӨҮК тиісті жылы субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана жобаларды қарайды.
      75. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) Кәсіпкердің және олар іске асыратын жобалардың Бағдарламаның критерийлеріне сәйкестігін тексеру;
      2) ӨҮК мүшелері арасында Кәсіпкердің жобасын және қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде Кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, Мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануы туралы өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты қарау және талқылау;
      3) Кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет болған жағдайда Банктен/Даму банкінен/Лизингтік компаниядан жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Бұл жағдайда Кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қаралуға тиіс;
      4) талқылау нәтижелері бойынша Кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, бұл ретте, хаттамада кәсіпкерлердің Бағдарламаға қатысудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
      Бұл ретте ӨҮК мүшелерінің бәрі хаттамаға қол қойған кезге дейін хатшы мен ӨҮК төрағасының қолы қойылған ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмені ұсынуға жол беріледі.
      76. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзінді көшірмеге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзінді көшірмені Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға және Қаржы агенттігіне, сондай-ақ мәлімет үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.
      77. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 6 ай.

7. Субсидиялау тетігі



      78. Банк/Даму банкі/Лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде, Қаржы агенттігі, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания және Кәсіпкер арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес Қаржы агенттігі Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының өтеу кестесіне және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.
      79. Банк/Даму банкі/Лизингтік компания қолданыстағы кредит/лизинг бойынша субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін Кәсіпкердің банктік қарыз шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа/қолданыстағы кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша Банк/Даму банкі/Лизингтік компания:
      1) кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) Кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын;
      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Кәсіпкер үшін кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға міндеттеме қабылдайды.
      80. Субсидиялау шартын:
      1) Банк/Даму банкі/Лизингтік компания:
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні;
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасайды;
      2) Қаржы агенттігі:
      Банктен/Даму банкінен/Лизингтік компаниядан үлгі жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      Банктен/Даму банкінен/Лизингтік компаниядан ерекше шарттары бар жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды.
      81. Егер Банк/Даму банкі/Лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының 80-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания Қаржы агенттігі мен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.
      82. Егер банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте Қаржы агенттігі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, Банкті/Даму банкін/Лизингтік компанияны және Кәсіпкерді хабардар етеді.
      83. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда, Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.
      84. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания Қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені ӨҮК-ке шығарады.
      85. Субсидиялау шарты оған Кәсіпкер, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания және Қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартына Қаржы агенттігі қол қойған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін.
      86. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін Кәсіпкер, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу субсидиялау шартына Кәсіпкер, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталған жағдайда, субсидиялау шартына Кәсіпкер, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.
      87. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен қаражат болған кезде төленеді.
      88. Банк/Даму банкі Қаржы агенттігіне жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.
      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ Лизингтік компаниялар Қаржы агенттігімен келісім бойынша Банк - төлем агентін айқындайды, онда Лизингтік компания субсидияларды аудару үшін ағымдағы шот ашады.
      89. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылында Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыруға бөлінген соманың 50 %-ы мөлшерінде Қаржы агенттігіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер Қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      90. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен Банктегі/Даму банкіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін Қаржы агенттігі Банкті/Даму банкін/Лизингтік компанияны электрондық пошта арқылы қаражат аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу жолымен бір уақытта хабардар етеді. Хабарламада Банктің/Даму банкінің/Лизингтік компанияның атауы, өңір, Кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.
      91. Банк/Даму банкі/Банк - төлем агенті Қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын Қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Банктің/Даму банкінің/Банк - төлем агентінің шоттағы қаражаттан жалпы ағымдағы қалдықтарды есептен шығаруға құқығы жоқ.
      92. Кәсіпкер Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.
      93. Кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша төлемді толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша Банк/Даму банкі/Банк - төлем агенті Кәсіпкердің кредиті/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін (негізгі борыш және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі өтеу шотына Қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
      94. Кәсіпкер берешекті өтегенге дейін Банк/Даму банкі/Банк - төлем агенті сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін Қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүргізбейді және:
      1) Кәсіпкер Банк/Даму банкі/Лизинггік компания алдында кредит/лизинг бойынша төлемді, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді уақтылы өтемеген;
      2) Кәсіпкер Банк/Даму банкі/Лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай қатарынан орындамаған;
      3) Кәсіпкер Лизингтік компания/ Банк алдында лизингтік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамаған жағдайларда, бұл туралы Қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      95. Кредит бойынша Банктер, Даму банкі ай сайын/лизингтік мәмілелер бойынша Лизингтік компаниялар, Банктер, Даму банкі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қаржы агенттігіне Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.
      96. Қаржы агенттігі Банктен/Даму банкінен/Лизингтік компаниядан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақы мен Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға төленген қаражаттың есептерін тексеруді жүзеге асырады.
      97. Қаржы агенттігі кредит бойынша ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/Уәкілетті органға Субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.
      98. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес қаржы агенті Банк/Даму банкі/Лизингтік компания сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең берілген/мерзімі кейінге қалдырылған Кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатьга бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.
      Бұл ретте, жеңілдікті кезең/ кейінге қалдыру мерзімі ӨҮК шешімінде көрсетілуі тиіс.
      99. Егер Банк/Даму банкі/Лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарын (сыйақы мөлшерлемесі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең /мерзімін кейінге қалдыру, өтеу мерзімі, Кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгерткен жағдайда, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады, күн тәртібінің мәселелерін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнін, уақыты мен орнын айқындайды, бұл туралы ӨҮК мүшелерінің бәрін хабардар етеді. Талқылау нәтижелері бойынша ӨҮК қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырыс өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен (Субсидиялау қағидаларына 4-қосымша) ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада анық көрсетілуге тиіс.
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері хаттамаға/ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмеге қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін/ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмені Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға, Қаржы агенттігіне және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.
      Қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарындағы өзге өзгерістер туралы Банк/ Даму банкі/Лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде Қаржы агенттігін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін көрсетеді).
      Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетілуге тиіс.
      100. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда, Банк/ Даму банкі/Лизингтік компания Кәсіпкер қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату туралы ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады. Мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда, субсидиялауды қалпына келтіру мәселесі қайтадан ӨҮК қарауына шығарылады.
      101. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері/Қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға субсидия беруге пайдалануға болады.

8. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына


жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау