Бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы"



жүктеу 342,19 Kb.
Pdf просмотр
бет3/41
Дата23.11.2018
өлшемі342,19 Kb.
#23616
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

шарттарды орындауға айырбас ретінде кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде банкке/

микроқаржы ұйымына/лизингтік компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін 

пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;

      27) субсидия - субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде 

Қаржы агенттігі/микрокредиттеу жөніндегі уәкілетті ұйым банкке/микроқаржы ұйымына/лизингтік 

компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;

      28) уәкілетті орган - кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      29) микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - МУҰ) - ұлттық басқарушы 

холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, 

сондай-ақ мемлекет жүз пайыз қатысатын, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге 

асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында 

мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті ұйым;

      30) қаржы агенттігі - Бағдарлама шеңберінде қаржылай қолдауды іске асыруды және 

мониторингтеуді жүзеге асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.

      31) құрауыштардың/құралдың операторы - ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз 

пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайыз 

қатысатын, Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде қаржылай емес қолдау құрауыштарын/

құралдарын іске асыруды жүзеге асыратын ұйым;

      32) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы 

төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ);



3. Ағымдағы ахуалды талдау

      Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 

 

№ 515


қаулысымен.

      Бағдарламаны іске асыру өңірлік жеке кәсіпкерлікті дамытуға және бәсекеге 

қабілеттілікті арттыруға бағытталған.

      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудағы 2010 жыл мен 2014 жыл 

аралығындағы кезеңде экономиканың қолдау көрсетілген шикізат емес секторларының даму 

көрсеткіштерінде оң үрдістер байқалды. Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және кредиттерге

кепілдік беру құралдарын пайдалану есебінен мемлекет екінші деңгейлі банктердің өңдеуші 

өнеркәсіп, көлік және байланыс сияқты салаларға кредит беру көлемін ұлғайтуды ынталандыра 

алды.

      2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы 



шеңберінде қолданыстағы кредиттер бойынша - 612,5 млрд. теңге болды, олардың ішінде 

инвестициялық мақсаттарға арналған қолданыстағы кредиттер қоржыны - 501 млрд. теңге. Алдын 

ала таратылған деректерге сүйенсек, экономиканың басым секторлары бойынша кредиттердің 

банктік қоржынының жалпы көлемі - 4 505 млрд. теңге, ал экономиканың барлық секторлары 

бойынша инвестициялық мақсаттарға берілген кредиттердің жалпы банктік қоржыны - 675,6 млрд. 

теңге. Осылайша, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қамтуы экономиканың басым 

секторлары бойынша кредиттік қоржынның жалпы көлемінде 12,2%-ды құрады (бұл экономиканың 

басым секторларының жалпы қоржынындағы мақұлданған және қол қойылған жобалардың пайызы), бұл

ретте «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға 

берілген кредиттер қоржыны - экономиканың басым секторлары бойынша кредиттердің жалпы 

қоржынының 81,3%.

      Жалпы 2010 - 2013 жылдар аралығында банктердің өңдеуші өнеркәсіптегі жиынтық кредит 

қоржыны 1,9 есе (455 млрд. теңгеден 876 млрд. теңгеге дейін), көлік секторында - 1,6 есе (

252 млрд. теңгеден 396 млрд. теңгеге дейін), байланыс секторында - 1,8 есе (51 млрд. 

теңгеден 90 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды.

      Осы үш жыл ішінде өңдеуші өнеркәсіпке берілген кредиттердің жиынтық көлемі 2,45 есе (

383 млрд. теңгеден 938 млрд. теңгеге дейін), көлік секторына - 1,7 есе (145 млрд. теңгеден 

246 млрд. теңгеге дейін), байланыс секторына - 3 есе (22 млрд. теңгеден 66 млрд. теңгеге 

дейін) өсті.

      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында кредит қаражатының соңғы тұтынушысы 

қаржыландырылған сыйақы мөлшерлемесі бойынша шектеу көзделген (14%-дан аспайды). «Бизнестің 



жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде берілген кредиттер бойынша сыйақы 

мөлшерлемесі айтарлықтай төмендеді. 2010 - 2013 жылдар аралығында өңдеуші өнеркәсіпке 

берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме жылдық 12%-дан 9,4%-ға дейін, көлік 

секторына - жылдық 12,5%-дан 10,2%-ға дейін, байланыс секторына - жылдық 11,9%-дан 7,7%-ға 

дейін төмендеді.

      Кредит беруді мерзімдерге бөлетін болсақ, жиынтық қоржындағы қысқа мерзімді 

кредиттердің үлесі 2010 - 2013 жылдары 29 - 33% аралығында құбылып тұрды (2013 жылы - 29%). 

Кредит беру объектілері бойынша бөлетін болсақ, негізгі үлесі айналым қаражатын толықтыруға 

тиесілі болды (69%), ал инвестициялық мақсаттарға 7%-ы ғана тиесілі болды. Ұзақ мерзімді 

кредиттер қоржынының құрылымында айналым қаражатын толықтыру 15%-ды, ал инвестициялық 

мақсаттарға берілген кредиттер 26%-ды құрады.

      Инвестициялық мақсаттарға берілген қысқа мерзімді кредиттердің мөлшері озыңқы 

қарқынмен өсіп, өзге факторлармен қатар негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың өсуіне 

ықпалын тигізді, 2010 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде олардың жыл сайынғы көрсеткіші 32%-

ға жылына 6 млрд. теңгеге дейін өсті.

      Жыл сайынғы экономиканың басым секторларының негізгі капиталына құйылатын 

инвестициялардың көлемі 56%-ға 1 740 млрд. теңгеден 2 713 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 

Екінші жағынан, енгізілген негізгі құралдардың көлемі әртүрлі бағыттағы сипатта болды, ол 

пайдалануға берілген негізгі құралдардың көлемі әртүрлі бағыттағы сипатта болды, 

инвестициялық мақсаттарға тартылған қаражаттың жұмыс істеп тұрған негізгі құралдарды 

реконструкциялауға немесе қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыруға жұмсалуымен де 

түсіндіріледі. 2013 жылы экономиканың басым секторларында 1 229 млрд. теңгеге негізгі 

құралдар енгізілді.

      2010 - 2013 жылдары экономиканың басым секторларында тауарлар мен көрсетілетін 

қызметтердің шығарылымы өскені байқалды (ауыл шаруашылығын қоспағанда), бірақ өсу қарқыны 

бәсеңдеді. 2013 жылы бұл көрсеткіштің нақты өсуі 5,1%-ды құрады. Тұтастай алғанда, 

экономиканың басым секторларында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер шығарылымының өсуі 2013

жылы шамалы болса да артта қалды.

      Қалыптасып отырған ағымдағы жағдайды ескере отырып, мемлекет инвестициялар үшін барлық

жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасап отырғанын, алайда айналым қаражатын толықтыруды қалайтын 

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау болмай отырғанын көруге болады. Кредит беру

құрылымы жөніндегі деректерді негізге ала отырып, Бағдарлама құралдарын осы бағытта кеңейту 

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау деңгейін айтарлықтай жоғарылатып, сол 

арқылы елдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін анағұрлым өсуіне алғышарт жасайды 

деп айтуға болады.

      2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауылдық жерлерге, шағын қалалар мен 

моноқалаларға тиесілі банктік кредиттердің үлесі әлі де төмен деңгейде қалып отыр (2013 жылы

- 25%). «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы берілген дәл осы әкімшілік

бірліктердегі кредиттердің үлесі 30%-ды құрады (933,5 млрд. теңгенің 284 млрд. теңгесі). «

Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында оң үрдіс байқалып отыр. Айталық, үш жыл 

ішінде бұл көрсеткіш 4 пайыздық тармаққа ұлғайды. Осылайша, кредит беру нарығы аталған 

әкімшілік бірліктерде біртіндеп кеңейіп келеді, тиісінше, осы бағытта мемлекеттік қолдау 

көрсетуді жалғастыру, ал қажет болса ұлғайту керек деген тұжырым жасауға болады.

      Оқыту түрінде қаржылай емес мемлекеттік қолдау көрсету «Бизнестің жол картасы» 

бағдарламасына 2011 жылы енгізілді. Осы бағыттың іске асырылған жылдары аталмыш қолдау 

танымал бола түсті. 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Бизнес-кеңесші» және «

Бизнес-өсу» жобаларына 75 мың тыңдаушы, «Жас кәсіпкер мектебі» жобасына 2 109 қатысушы 

қатысты. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін 

оқыту» жобасы бойынша - 1 263 кәсіпкер, «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша - 2 253 

кәсіпкер оқытылды, солардың ішінде 324 кәсіпкер АҚШ және Германияда тағылымдамадан өтті; «

Аға сеньорлар» құрауышының шеңберінде 62 миссия жүзеге асырылды. Бұдан басқа, «

Бизнес-насихат» құрауышы шеңберінде 2013 - 2014 жж. республикалық телеарналар эфиріне «Табыс

тарихы» бағдарламасының 24 көрсетілімі «КТК» телеарнасында орыс тілінде шықты, «31 арна» 

арнасында қазақ және орыс тілдерінде 10 арнайы репортаж және «Қазақстан» арнасында 10 

репортаж; «7» арна және «Астана» арналарында «Бизнес аймағы» бағдарламасының 10 көрсетілімі 

шығарылды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы халқы арасында кәсіпкерлікті дәріптеуге 

бағытталған 40 ақпараттық-білім беру бейнероликтері түсірілді. Мемлекеттік қолдау шаралары 

туралы БАҚ-та 3700-нан аса материал орналастырылды, «Бизнестің жол картасы 2020» 




жүктеу 342,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау