Бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы"



жүктеу 342,19 Kb.
Pdf просмотр
бет14/41
Дата23.11.2018
өлшемі342,19 Kb.
#23616
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41

қойған сәттен бастап белгіленеді.

      Ескерту. Кіші бөлім 105-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 11.12.2015 

№ 1001

 

қаулысымен.



      106. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-нің мақұлдауын алған жобалары бұрын

мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда (даму банкінде) 

қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      107. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау 

мерзімі Қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған банкте/даму банкінде/лизингтік 

компанияда алғашқы субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      108. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар 

бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ына мемлекет 

өтемақы төлейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша 

ғана жүзеге асырылады.

      

Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 



№ 234

 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      109. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын 

жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, олардың 10 %-

ына мемлекет өтемақы төлейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг 

шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

      


Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      110. Даму банкінің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін 

субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13%-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге 

асырылады, олардың 5%-ына мемлекет өтемақы төлейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.

      111. Қалқымалы сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте 

сыйақының пайыздық мөлшерлемесі Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде белгіленген шекті 

мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы 

тоқтатылады.

      112. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг 

шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның 

өңірлік үйлестірушілеріне аудару арқылы республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      113. Бағдарлама шеңберінде банк/даму банкі/лизингтік компания мынадай:

      1) кәсіпкер бастамашы болған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне 

байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен 

алу;

      3) лизинг нысанын тәуелсіз бағалауды, лизинг нысанын сақтандыруды, кепіл шартын 



тіркеуді және ауыртпалықты алуды жүргізуге байланысты;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (кедендік тазарту, лизинг нысанын 

арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің көрсететін қызметтері және т.б. сияқты 

басқа ұйымдардың көрсететін қызметтерін өтеу) жағдайларды қоспағанда, кредитке/қаржылық 

лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де

төлемдерді өндіріп алмайды.

      114. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім 

қабылдаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, 

алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылы өтейді.

      115. Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға

рұқсат етіледі. Бұл ретте қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу мынадай 

критерийлерге сәйкес болуға тиіс:

      1) 5 мың шаршы метрден кем емес сауда алаңымен Астана және Алматы қалаларында;

      2) 2 мың шаршы метрден кем емес сауда алаңымен облыстарда;

      3) деңгейлерінің көлемі 2-ден кем емес, тұрақ коэффициенті сауда алаңының 40 шаршы 

метріне 1 орыннан кем емес.

      

Ескерту. 115-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 



№ 234

 (алғашқы 

ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

қаулысымен.

      116. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/кәсіпкерлердің 

лизингтік компанияларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін 




субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама 

шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.



      Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара

кепілдік беру

      117. Ішінара кепілдік беру жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті 

жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер 

бойынша ғана ұсынылады.

      Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге 

бағытталған жобалар деп:

      кәсіпкердің 180 млн. теңгеден асатын кредиттері бойынша Бағдарламаның жергілікті 

үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне)/180

млн. теңгеге дейінгі кредиттері бойынша Қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (

үш) жылда кірістерінің өсуіне және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуіне қол 

жеткізген орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің;

      180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша ӨҮК-нің шешімін/180 млн. теңгеге дейінгі 

кредиттер бойынша Қаржы агенттігінің шешімін алған күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан 

кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер 

негізінде кірістің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке 

төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 

жобалары түсініледі.

      


Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

117-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта 

      


қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік 

субъектілерінің кредиттері де кепілдендіруге жатады.

      

Ескерту. Кіші бөлім 117-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 



№ 234

 (

алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 



қаулысымен.

      117-2. Кепілдік жобалар Бағдарламаға 

 көрсетілген экономиканың басым 

1-қосымшада

секторларына немесе Бағдарламаға 

 көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші 

2-қосымшада

өнеркәсіптің басым салаларына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан 

әрі өзі пайдаланған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай

жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.

      

Ескерту. Кіші бөлім 117-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 



№ 370

 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      118. Айналым қаражатын қаржыландыру:

      1) айналым қаражаты кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын негізгі құралдарды сатып алуға

және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге бағытталған кредит;

      2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайда ішінара кепілдік беру айналым 

қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған жас

кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру айналым қаражаттарын толықтыруға бағытталған 60 млн. 

теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      


Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      119. Кепілдік беру жүзеге асырылатын Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым 

секторларында іске асырылатын жобаларға кредит сомасы 360 млн.теңгеден аспайды. Бұл ретте 

кредит сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша 

берешекті ескермей есептеледі. Мұндай кредиттер үшін:

      1) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан аспайды;

      2) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым 

қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі

3 (үш) жылды құрайды.

      120. Кепілдік беру жүзеге асырылатын ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым 

салаларында іске асырылатын жобаларға кредит сомасы бір кәсіпкер үшін 1 850 млн. теңгеден 




жүктеу 342,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау