Бағдарламасы Түсіндірме жазба



жүктеу 0,84 Mb.
бет5/6
Дата14.01.2018
өлшемі0,84 Mb.
#7455
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Ұзақ мерзімді жоспар


10- сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Тақырыбы/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны

Оқу мақсаты


1 – тоқсан

10.1A

Атом құрылысы

(6 с)


Атом құрылысының заманауи теориясы.

Атомдағы электрон күйі және қозғалысы.

Көрсетілім №1 «Атом құрылысы моделі»


10.1.2.1 атом құрылысының заманауи теориясын білу

10.1.2.2 s, p, d, f орбитальдарының пішінін ажырату;



Квант саны. Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковский ережесі.

10.1.3.1 квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін білу;

10.1.3.2 электрон орбитальдарын толтыру ережелерін: минимальді энергия принципі, Паули принципі, Хунд ережесін қолдану;

10.1.3.3 алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу;


Изотоптар.

Есеп шығару:

«Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу»


10.1.2.3 радиоактивтілік табиғатын және радиоактивті изотоптардың қолданылуын түсіндіру;

10.1.1.1 құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын шығару;




Радиоактивті заттар туралы түсінік. Ядролық реакциялар және олардың Қазақстанның энергетикалық потенциалындағы маңызы

10.2.1.8 радиоактивті заттар ұғымын білу;

10.2.1.9 радиоактивті ыдырау типін білу және қарапайым ядролық реакциялар теңдеуін құра алу (α, β-, β+, γ ыдырау);

10.2.1.10 Қазақстан энергетикалық потенциалында ядролық реакциялар мәнін түсіну;


10.1В

Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі

(4 с)


Периодтық заң және периодтық жүйе атом құрылысы тұрғысынан.

Атом валенттілігі және валенттілік мүмкіндігі.

Атомның тотығу дәрежесі.

Негізгі топшада және периодта элемент қасиеттерінің периодты өзгеруі.



10.2.1.1 периодтық заңның физикалық мәнін түсіндіру

10.2.1.2 валенттілік және атомның тотығу дәрежесі ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру

10.2.1.3 химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі;


Периодта және топта қосылыстардың қышқылды – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.


10.2.1.4 период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;


Қоршаған ортаның химиялық бейнесін және технология мен ғылымның дамуы үшін периодтық заңның мәнін түсіну

10.2.1.5 периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін болжау;

10.2.1.6 периодтық кестенің ашылуымен байланысты дамыған ғылымдардың негізгі бағыттарын тізімдеу;



10.1C Химиялық байланыс және зат құрылысы (8с)

Химиялық байланыс түрінің біртұтас электронды табиғаты

Ковалентті химиялық байланыс. Ковалентті химиялық байланыс қасиеттері.

Ковалентті байланыстың донорлы- акцепторлы механизммен түзілуі

Көрсетілім №2 «Графит, алмаз, көміртегі (IV) оксидінің кристалдық тор моделі»



10.1.4.1 донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;

10.1.4.2 ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау;

10.1.4.3 H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулалары үшін Льюис диаграммасын құру;


Атом орбитальдарының гибридтелуі (sp, sp2, sp3) және молекула геометриясы


10.1.4.4 әртүрлі гибридтелу түрлерінің мәнін түсіндіру;

10.1.4.5 BF3, CH4, NH3, H2O, ВеСl2 мысалында молекуланың электронды және кеңістіктік құрылысына зат қасиетінің тәуелділігін түсіндіру;



Электртерістілік және байланыс полярлығы

10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;

Ионды химиялық байланыс және иондық кристалдық тор.

Металдық байланыс және металдық кристалдық тор.

Көрсетілім №3 «Натрий, мыс хлоридтерінің кристалдық тор моделі»


10.1.4.7 иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;

10.1.4.8 NaCl, CaO, MgF2, KH қосылыстары үшін Льюис диаграммасын құру;

10.1.4.9 металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру;


Сутектік байланыс.

Жай және күрделі заттардың қасиеттерінің химиялық байланыс және кристалдық тор типіне тәуелділігі.

Зертханалық тәжірибе № 1 « Әр түрлі химиялық байланысты заттардың молекуласын даярлау. Түрлі кристалдық торлы заттардың қасиеттерін оқу»


10.1.4.10 сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру;

10.1.4.11 кристалл тор типтері және байланыс түрлері әртүрлі қосылыстардың қасиеттерін болжау;




2- тоқсан

10.2A Химиялық реакциялар заңдылығы

(6 с)


Химиялық реакциялардың жіктелуі

10.2.1.7 химиялық реакцияларды үдерістің бағыты, саны мен құрамы, реагенттер мен реакция өнімдеріндегі химиялық элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша жіктей білу;

Жай, бинарлы және күрделі бейорганикалық заттардың қатысуымен тотығу –тотығу реакциялары

10.2.3.1 зат формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтай алу;

10.2.3.2 электронды баланс әдісін қолданып тотығу және тотықсыздану теңдеулерін құрастыра алу;





Тұз ерітінділерінің және балқымаларының электролизі.

Көрсетілім №4

«Өнеркәсіптік үдерістер электролизінің бейне көрсетілімдері: мыс, алюминий, натрий гидроксиді және хлоридінің өнеркәсіптік өндірісі»


10.2.3.3 ерітінді және балқыма арқылы электр тоғы өткен кезде жүретін үдерістерді оқу және түсіндіру;

10.2.3.4 электролит ерітінділерін және балқымаларын электролиздеу кезінде электродтарда түзілетін электролиз өнімдерін болжау;

10.2.3.5 ерітінді және балқыма электролизі үдерісі сызбанұсқасын құра алу;

10.2.3.6 электролиз өнімдерінің массасын, көлемін (газ) есептей алу;





Қышқыл, сілті және тұз ерітінділерінің рН-і

Тұздар гидролизі.

Зертханалық тәжірибе № 2 «Гидроксидтер, қышқыл және тұздар қасиеттерін зерттеу. Тұздар гидролизі»

Зертханалық тәжірибе № 3 «Ерітінділер рН –ын, тұздар, негіздер және қышқылдардың сапалық құрамын тәжірибе арқылы дәлелдеу»



10.3.4.1 ерітіндінің рН мәні бойынша тұздар, қышқылдар және гидроксид ерітінділерінің сапалық құрамын дәлелдеу;

10.3.4.2 оның сапалық құрамы бойынша тұз ерітінділерінің ортасын болжау;




Химиялық реакциялардың жылу эффектісі және оның маңызы.

Көрсетілім №5 «Экзо – эндотермиялық реакциялар»



10.3.1.1 жылу эффектісі бойынша химиялық реакцияларды жіктей алу;

10.3.1.2 химиялық реакциялардың жылу эффектісі мәнін тұсіндіру;

10.3.1.3 химиялық реакциялардың жылу эффектісін есептей алу;


10.2 В Кинетика

(4 с)



Химиялық реакция жылдамдығы. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар.

Зертханалық тәжірибе № 4

«Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға: температура, концентрация, қысымға тәуелділігін тану»


10.3.2.1 химиялық реакция жылдамдығына температура, концентрация, қысымның әсерін тәжірибелік зерттеу;

10.3.2.2 химиялық реакция жылдамдына әртүрлі факторлар өзгерісінің әсерін түсіндіру;

10.3.2.3 әрекеттесуші заттар концентрациясы және температурасы өзгеруі кезіндегі реакция жылдамдығының өзгерісін есептей алу;


Катализаторлар мен ингибиторлар. Гомогенді және гетерогенді катализ.

Зертханалық тәжірибе № 5 «Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу, гомогенді және гетерогенді катализ».

Қазақстанда катализдік химия ғылымының дамуы


10.3.2.4 химиялық реакция жылдамдығына катализаторлар және ингибиторлар әсерін түсіндіру;

10.3.2.5 гомогенді және гетерогенді катализ механизмін түсіндіру;

10.3.2.6 Қазақстанда катализдік химияның дамуын білу;


10.2 С Химиялық тепе-теңдік

(2 с)


Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әсер етуші жағдайлар. Ле Шателье-Браун принциптері.

Зертханалық тәжірибе №6 «Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы (аммоний не калий тиоционаты мен темір (ІІІ) хлориді концентрациясының өзгеруі бойынша»



10.3.3.1 әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу;

10.3.3.2 химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау;

10.3.3.3 тепе-теңдік константасы өрнегін құра алу;


3- тоқсан

10.3A

Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы (6с)



Металдар және бейметалдар: химиялық элементтер және жай заттар.

Металдар мен бейметалдардың (атом, ион) құрылысы және кристалдық торларының ерекшелігі,

металдар мен бейметалдар, олардың қосылыстарының қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі

Көрсетілім №6

«Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының үлгілері;

металдардың кристалдық тор модельдері»



10.2.1.11 металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін сипаттау: атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, кристалл торы;

10.2.1.12 период және топта металл, бейметалл және олардың қосылыстарының қасиеттерінің өзгеру заңдылығын болжау;




Металдар және бейметалдар: негізгі физикалық және химиялық қасиеттері. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Зертханалық тәжірибе №7 «Типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттері»

10.2.1.13 металдар және бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін түсіндіру;

10.2.1.14 электрохимиялық кернеу қатарында металдардың орналасу принципін түсіну;

10.2.1.15 металдар және бейметалдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

10.2.1.16 типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу;





Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта кездесуі

10.2.1.17 металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы туралы білу;

10.4.1.1 кейбір металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін зерделеу;



Тірі ағзалардың іс- әрекетінде метлдар және бейметалдардың биологиялық ролі

10.4.1.2 тірі ағзалардың іс- әрекетінде металдар және бейметалдардың биологиялық рөлін түсіндіру



10.3B Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары (6с)

Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі s-элементтердің орны, атом құрылысының ерекшелігі, олардың металдық және тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру

10.2.1.18 атом құрылысы негізінде s-элементтердің жалпы қасиеттерін түсіндіру;

10.2.1.19 s-элементтердің металдық, тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру;




Натрий, калий және олардың маңызды қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, биологиялық маңызы.

Көрсетілім №7 «Натрий, калий және кальцийдің сумен әрекеттесуі.

Натрий, калий және кальций иондарына сапалық реакция (жалын түсінің өзгеруі)


10.2.1.20 натрий, калий және олардың маңызды қосылыстарының алыну әдістерін білу;

10.2.1.21 натрий, калий және кальцийдің сумен реакциясының химиялық белсенділігін ажыратуды түсіндіру;

10.4.1.3 натрий және калий қосылыстарының биологиялық рөлін түсіндіру;


Кальций, магний және олардың қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, биологиялық маңызы
Зертханалық тәжірибе №8 «Натрий, калий, магний, кальцийдің маңызды тұздарының үлгілерімен танысу, металдардың химиялық белсенділігін салыстыру. Сілтілік және сілтілік-жер металдары тұздарының жалынды бояуы»;

10.2.1.22 кальций, магний және олардың қосылыстарының негізгі қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

10.2.1.23 калий, натрий, кальций иондарының сапалық реакциясын зерттеу (жалынды бояуы);

10.4.1.4 кальций және магнийдің биологиялық рөлін түсіндіру;


Судың кермектігі, оны жою жолдары.

Сілтілік металдар мен сілтілік жер металдарының табиғи қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары



10.4.1.5 судың кермектігін және оны жою әдістерін түсіндіру;

10.4.1.6 Қазақстанда таралған сілтілік және сілтілік жер металдардың табиғи қосылыстарын білу;

10.2.2.1 металдар мен оның қосылыстарындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасына, зат мөлшеріне есептер шығару.


10.3C Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары (8с)

d-элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі. Қазақстандағы

мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары



10.2.1.24 атом құрылысы негізінде d-элементтердің периодтық жүйедегі орнын түсіндіру;

10.4.1.7 Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары атау;





Мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстары.

Зертханалық тәжірибе №9 «Cu2+, Zn2+ иондарын тануға сапалық реакция»



10.2.1.25 мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстарының қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру;

10.2.1.26 Cu2+, Zn2+ иондарын тани білу;



Хром және оның қосылыстары

10.2.1.27 хром және оның қосылыстарың қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру;

Темір және оның қосылыстары.

Зертханалық тәжірибе №10 «Fe2+, Fе3+ иондарын тануға сапалық реакция»



10.2.1.28 темір және оның қосылыстарының алынуын, тән физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттау;

10.2.1.29 Fe2+, Fе3+ иондарын тани білу;




Практикалық жұмыс №1 «Темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін алу;

қышқыл мен сілтінің гидроксидтерге әсерін зерттеу»



10.2.1.30 темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін тәжірибе жүзінде ала білу және олардың қышқыл және сілтілермен әрекеттесуін зерделеу;


Коррозия түрлері және коррозияның алдын алу шаралары

10.2.3.7 коррозия түрлерін, коррозияның болу себептерін білу және оның конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері әсерін түсіндіру;

10.2.2.2 металдар қатысуымен жүретін химиялық реакциялар теңдеуі бойынша (құрамында қоспасы бар реагенттер, теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы практикалық шығымның массалық үлесі) есептер шығару;



4 - тоқсан

10.4А

Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары (10 с)



Периодтық жүйедегі р-элементтердің орны, олардың атом құрылысының ерекшеліктері.

Алюминий және олардың қосылыстары.



10.2.1.31 атом құрылысы көзқарасы тұрғысынан периодта және топта р-элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;

10.2.1.32 алюминий оксиді және гидроксидінің екәдайлы қасиеттерін оқып білу;

10.2.1.33 алюминий және оның құймаларының қолданылуын сипаттау;


Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының қасиеттері.

Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы.

Көрсетілім № 8 «Еріген заттың белсендірілген көмірге сіңірілуі (адсорбция)


10.2.1.34 көміртек, кремний және олардың қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттерін оқып білу;

10.2.1.35 иіс газымен уланудың қалай жүретінін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдістерін сипаттау;




Азот молекуласы құрылысы және қасиеттерінің ерекшеліктері. Аммиак, аммоний тұздары.

Ортофосфор қышқылы және фосфаттар.

Азот және фосфор қосылыстарының тыңайтқыш ретінде қолданылуы.

Азот оксидтерінің, нитраттар және фосфаттардың қоршаған ортаға экологиялық әсері.

Пратикалық жұмыс

№2 «Аммиак алу, оның сулы ерітіндісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу»



10.2.1.36 молекула құрылысы негізінде азоттың төмен химиялық белсенділігін түсіндіру;

10.2.1.37 газтәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін және алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

10.4.1.8 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топырақ және су ресурстарына әсерін анализдеу;

10.4.1.9 азот және фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайтудың мәселелерін шешу жолдарын ұсыну;

10.2.1.38 ортофосфор қышқылының және фосфаттардың физикалық, хиииялық қасиеттерін оқып білу;


Күкірт, оның оксидтері, қышқылдары, сульфаттар. Күкірт қышқылының қасиеттері


10.2.1.39 құрамында күкірті бар қазбалы отындардың жануы кезіндегі күкірт диоксидінің түзілуін сипаттау;

10.4.1.10 қышқыл жаңбырлардың қалыптасуындағы күкірт диоксидінің ролін және оның қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;

10.2.1.40 сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттерін салыстыру;

10.4.1.11 тағам өнімдерін консервілеуде күкірт диоксидінің қолданылуын түсіндіру;



Галогендер. Хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер.

Зертханалық тәжірибе №11

«Йод ерітіндісінің крахмалға әсері»

Адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық ролі. Йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулардан Қазақстан тұрғындарын сақтандыру шаралары



10.2.1.41 топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;

10.2.1.42 тұз қышқылының химиялық қасиеттерін оқып білу және оның қолданылу аймағын білу;

10.4.1.12 адам ағзасындағы йодтың биологиялық ролін білу және Қазақстан территориясында йод жетіспеушілігіне байланысты туындайтын ауруларды түсіндіру және осы мәселелерді шешу жолын ұсыну;



Практикалық жұмыс № 3 «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару

10.2.1.43 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияны білу;

10.2.1.44 аниондарды анықтау бойынша тәжірибе жоспарын құру және оны іс –жүзінде жүзеге асыру;



10.4B

Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру (6 с)





Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу

10.2.3.8 өнеркәсіпте металдарды алу әдістерін білу

10.2.3.9 Тұрмыста, техникада және ғылымда қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий;

10.2.3.10 шойын және болаттың алыну әдістерін және қасиеттерін сипаттау;

10.4.1.13 Қазақстандағы химиялық өндірістердің экологиялық мәселелерін түсіндіру;



Жанасу әдісімен күкірт қышқылын өндіру

10.2.1.45 күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің жанасу үдерісін сипаттаужәне оның өнеркәсіп үшін мәнін білу;

Аммиак, азот қышқылыш өндіру


10.2.1.46 аммиак және азот қышқылын өнеркәсіптік өндіру әдістерін және оның өнімдерінің қолданылу саласын сипаттау;

Қазақстандағы силикат өндірісі

10.2.3.11 шыны, цемент өндіру үдерісін және олардың қолданылуын сипаттау;

Химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарымен қоршаған ортаның ластануы

10.4.1.14 химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін бағалау;

11- сынып



Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаты

1 – тоқсан

11.1A

Органикалық химияға кіріспе

Орагникалық қосылыстардың құрылыс теориясы (8 с)


Көміртек атомы құрылысының ерекшеліктері. Гибридизация. Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстардың сипатттамасы және электрондық табиғаты .Көрсетілім №1 « Органикалық затттар үлгілері (мұнай, керосин, этанол, глицерин, глюкоза, сахароза, парафин, мақта, ағаш сүрегі )»

11.4.2.1 көмірсутектердегі көміртектің гибридизациясын зерделеу;

11.4.2.1 С-С байланысының түзілуін және көміртек атомының құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру;




.А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидалары. Изомерия және гомологтық қатар

11.4.2.3 А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидаларын білу;

11.4.2.4 көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажырату;

11.4.2.5 изомерлердің түрлерін атау және көміртек қаңқасы, еселі байланыстың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын құру;


Бос радикалдар туралы ұғым және олардың тірі ағзалар өміріндегі маңызы

11.4.2.6 бос радикалардар туралы ұғымды қалыптастыру;

11.4.2.7 тірі ағзалар өміріндегі радикалдардың ролін білу;



Органикалық заттардың номенклатурасы мен жіктелуі. Зертханалық тәжірибе №1 «Метан, этан, этилен, ацетилен, бензол, метанол, этанол, сірке қышқылы молекулаларының модельдері»

11.4.2.8 гомологтық қатарлардың қалай түзілетіндігін түсіну;

11.4.2.9 гомологтардың ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіру;

11.4.2.10 қосылыстардың құрылымдық формулаларын құру және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау;


Органикалық қосылыстардың табиғатттағы және адам өміріндегі маңызы. Органикалық химияның дамуындағы Қазақстандық ғалымдардың ролі

11.4.2.11 органикалық қосылыстардың адам өміріндегі маңызын түсіну

11.4.2.12 қазақстандық ғалымдардың органикалық химияны дамуындағы үлесін түсіну



11.1B Көмірсутектер және олардың көздері

(8 с)



Алкандар. Көрсетілім №2 «Метан, этилен, ацетиленнің жануы. Каучуктер.резина, эбонит үлгілерімен танысу»

11.4.2.13 әртүрлі алкандардың жану үдерісін зерттеу және олардың отын ретінде қолданылуын түсіндіру;

11.4.2.14 алкандардың жану өнімдерін білу және олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау;

11.4.2.15 берілген жану өнімдері бойынша заттардың молекулалық формулаларын анықтау;

11.4.2.16 органикалық заттардың масссалық үлестері және олардың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым молекулалық формуларын анықтау;



Циклоалкандар

11.4.2.17 циклоалкандардың гомологтық қатарын, құрылысын, физикалық, химиялық қасиеттерін. қарастыру

11.4.2.18 изомерлерінің формулаларын құрастыру, IUPAC бойынша атау;





Алкендер . Полиэтилен.

Зертханалық тәжірибе № 2 «Этиленнің, ацетиленнің, мұнай үлгісінің және бензолдың калий перманганаты және бром/ йод суы ерітінділеріне әсері»



11.4.2.19 алкендердің алыну жолдарын,физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру:

11.4.2.20 полимерлену реакция теңдеулерін құра білу (полиэтилен, полипропилен, поливинилхлорид);





Практикалық жұмыс №2 «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу»

11.4.2.21 этиленнен этанолды алу және оның физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу

11.2.4.22 алкендердің сапалық реакциясын білу (қанықпағандық);



2 тоқсан

11.2 А Көмірсутектер және олардың көздері

(16 с)



Алкадиендер. Зертханалық тәжірибе № 3 «Изопренді каучуктің шарөзекті моделін құрастыру»

11.4.2.23 алкадиендардің құрылысы, қасиеттерін білу;

11.4.2.24 алкадиендердің қасиеттерін құрылысы негізінде түсіндіру;

11.4.2.25 диендердің полимерлену реакциялары өнімдерінің шаростерженді модельдерін құрастыру (изопрен)


Алкиндер.

11.4.2.26 алкиндердің алыну жолдарын, физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру:

Арендер және олардың туындылары.

11.4.2.27 электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласының құрылымын түсіндіру;

11.4.2.28 бензолды және оның гомологтарын алу реакцияларының теңдеулерін құру;

11.4.2.29 бензол және оның гомологтарына тән қасиеттерді сипаттау;

11.4.2.30 органикалық синтезде бензолды қолдануды білу;



Көмірсутектердің және олардың туындыларының генетикалық байланысы

11.4.2.31 органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысының сызбанұсқасын құру;

11.4.2.32 өнімнің шығымын реагант мөлшері (көлем, масса) және реакция өнімнің берілген шамасы (көлем, массса) бойынша есептеу;



Көмірсутектердің табиғи көздері және олардың Қазақстандағы кен орындары.

Газ, мұнай, көмірді өңдеу. Казақстанда көмір және мұнай-газ өндірістерінің дамуы. Қазақстанда өнімді өндірудегі, өңдеудегі экологиялық аспектілер



11.4.2.33 көміртек қосылыстарын отын ретінде қолдануға болатынын білу;

11.4.2.34 көмір, мұнай, табиғи газдардың Қазақстандағы кен орындарын карта бойынша анықтау;

11.4.2.35 шикі мұнайды айдау үдерісінің маңызын түсіну және өңдіру үдерісін сипаттау;

11.4.2.36 шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аясын білу;

11.4.2.37 қазба отындар қорының шектеулі екенін түсіну;

11.4.2.38 көмірсутек отындарын жағу қоршаған ортаның ластануына әкеп соғатынын және оның климатқа әсерін білу;



3 тоқсан

11.3 В Оттекті органикалық қосылыстар. (11 с)



Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы

11.4.2.39 спирттер, альдегидтер, кетондар,карбон қышқылдары, эфирлердің функционалдық топтарының құрылысын сипаттау.;

11.4.2.40 спирттер, альдегидтер, кетондар,карбон қышқылдары, эфирлердің құрылымдық формулаларын құру және IUPAC бойынша атау;



Біратомды және көпатомды спирттер. Фенол

Зертханалық тәжірибе № 4 «Этанолды этилен гидратациясы және глюкозаның ашуы арқылы алу.»

Зертханалық тәжірибе №5 «Спирттердің суда еруі, жануы және біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялары»


11.4.2. 41 спирттердің құрылымдық, функционалдық топ, класаралық изомерлерінің формуларын құру және жіктелуін атау

11.4.2.42 спирттердің және фенолдың алу жолдарын білу;

11.4.2.43 спирттер мен фенолдың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

11.4.2.44 спирттер мен фенолдың қолдану аясын атау;

11.4.2.45 спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерделеу;


Альдегидтер. Кетондар. Карбон қышқылдары.

Практикалық жұмыс № 2 « Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар».





11.4.2.46 альдегидтер мен кетондардың құрылымдық формулаларын құру және оларды IUPAC бойынша атау ;

11.4.2.47 альдегидтер мен кетондарды алу реакция теңдеулерін құрастыру;

11.4.2.48 альдегидтер мен кетондарды тәжірибе жүзінде анықтау;

11.4.2.49 альдегидтер мен кетондардың тотығу және тотықсыздану реакция өнімдерін атау;

11.4.2.50 карбон қышқылдарының алу тәсілдерін және физикалық қасиеттерін түсіндіру;

11.4.2.51 карбон қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;



11.3 В Оттекті органикалық қосылыстар. (9 с)


Жай және күрделі эфирлер. Майлар.

Сабын және жуғыш заттар .Казақстандағы сабын және синтетикалық жуғыш заттар өндірісі.

Көрсетілім № 3

«Сабын және жуғыш ұнтақ ерітінділерін индикаторлармен сынау»



11.5.1.1 жай және күрделі эфирлерді алу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;

11.5.1.2 майлардың құрамы мен құрылысын білу ;

11.5.1.3 майлардың функциясын түсіну;

11.5.1.4 майларға сапалық реакция жасау;

11.5.1.5 майлардың сабындану және гидролиз өнімдерін атау;

11.4.2.52 карбон қышқылдары,күрделі эфирлер,сабын, синтетикалық жуғыш заттардың қолдану аясын атау;

11.4.2.53 синтетикалық жуғыш заттардан табиғатты қорғау қажеттігін түсіну;


Көмірсулардың жіктелуі, биологиялық рөлі. Моносахаридтер. Глюкоза. Фруктоза

Дисахаридтер. Сахароза. Лактоза.

Полисахаридтер. Крахмал. Целлюлоза.

Зертханалық тәжірибе № 6 « Тамақ өнімдеріндегі крахмалды анықтау»



11.5.1.6 глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлоза молекулалары формулаларының айырмашылығын білу;

11.5.1.7 глюкозада функционалдық топтардың болуын тәжірибе жүзінде анықтау;

11.5.1.8 глюкозаның сүт қышқылды және спирттік ашуының реакция теңдеуін құрастыру;

11.5.1.9 крахмалға сапалық реакцияны жасау;

11.5.1.10 сахароза, крахмал және целлюлоза гидролизінің реакция өнімдерін атау;

11.5.1.11 крахмал мен целлюлозаның құрылысы мен қасиеттерін салыстыру;



4 тоқсан

11.4 А

Құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Гетероциклді қосылыстар.

Нуклеин қышқылдары

(10 с)



Аминдер. Анилин

11.4.2.54 аминдердің номенклатурасы мен жіктелуін білу;

11.4.2.55 анилин, аминдер, аммиактың негізгі қасиеттері мен құрылымын салыстыру;

11.4.2.56 аминдер мен аниалиннің физикалық қасиеттерін түсіндіру;

11.4.2.57 анилин мен аминдерді алу реакция теңдеулерін құрастыру;



Аминқышқылдары.

Көрсетілім № 4: 


«Аминқышқылдарында функционалдық топтардың барын дәлелдеу»

11.5.1.12 аминқышқылдарын тривиалды және жүйелі номенклатуралар бойынша атауларын білу;

11.5.1.13 аминқышқылдары молекулаларының құрамы мен құрылысын сипаттау;

11.5.1.14 аминқышқылдарының екідайлылығын қарастыру;


Нәруыздар

Көрсетілім № 5 : 


«Нәруыздардың еруі және тұнбаға түсуі, белоктар денатурациясы;белоктардың жануы (жүн, құс қауырсыны) Зертханалық тәжірибе № 7 «Нәруыздардың түсті реакциялары »

11.5.1.15 α – аминоқышқылдарынан нәруыздарды алудағы пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;

11.5.1.16 нәруыздар гидролизі өнімдерін білу;

11.5.1.17 нәруыздардың функциясын білу ;

11.5.1.18 нәруыздардың сапалық реакцияларын және денатурациясын білу;



Нуклеин қышқылдары

Көрсетілім № 6


«ДНК мен РНК молекулаларының модельдері»

11.5.1.19 нуклеин қышқылдары туралы жалпы ұғымды және олардың жіктелуін білу;

11.5.1.20 ДНК мен РНК құрылымдарын салыстыру;

11.5.1.21 ДНК мен РНК биологиялық рөлін түсіндіру ;

11.5.1.22 гендік инженерия мен биотехнологияның маңыздылығын түсіну;



11.4.В

Жасанды және синтетикалық полимерлер Химия адам өмірінде

(6 с)


Жасанады және синтетикалық полимерлер; пластмассалар, каучуктер, талшықтар Қазақстандағы полимерлер өндірісі.

Көрсетілім № 7 «Пластмассалар,синтетикалық каучуктер және талшықтар үлгілерімен таныстыру».

Зертханалық тәжірибе №8 «Пластмассалар мен талшықтарды анықтау»


11.4.2.58 «мономер», «элементарлық буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» ұғымдарын ажырату;

11.4.2.59 полимеризация мен поликонденсация реакцияларының теңдеулерін құру;

11.4.2.60 кейбір полимерлер мен пластмассалардың қолдану аясын және қасиеттерін атау;

11.4.2.61 тәжірибе жүзінде пластмассалар мен талшықтарды анықтау;

11.4.2.62 Қазақстанда өндірілетін полимерлердің түрлерін білу;


Дәрумендер және гормондар туралы түсінік.

Биогенді органикалық заттардың рөлі.



11.5.1.23 дәрумендер мен гормондардың адам ағзасындағы функциясын сипаттау;

11.5.1.24 кейбір дәрумендердің табиғаттағы көздерін білу;



Химия және өмір. Экологиялық мәселелер.

11.4.1.1 «Жасыл химияның» 12 принципін атау және түсіндіру;

11.4.1.2 атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану көздерін білу, жаһандану мәселелерін шешу жолдарын ұсыну;

11.4.1.3 «парниктік эффект» пен озон қабатынының бұзылу мәселелері арасындағы айырмашылықты түсіндіру;

11.4.1.4 Қазақстан химиялық өнеркәсібінің әр түрлі саласындағы экологиялық мәселелерді болжау және оның шешу жолдарын ұсыну;



жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау