Шар – шеңбердің жартысын, оның центрі арқылы өтетін осі бойымен айналдыру арқылы алынған геометриялық дене.
Құжаттың Деталь типін таңдаңыз;
Тұрғызу Ағашында ЛКМ арқылы ХҮ Жазықтығын көрсетіңіз;
Бағдар Нормально к...;
Ағымдағы күй құралдар панелінен Эскиз;
Геометрия құралдар панелі;
Құралдар панеліндегі Түр М 1:1 масштабы;
Стилі Осьтік, ұзындығы координата бас нүктесінен бастап 20 мм болатын вертикаль кесіндіні жоғары және төмен қарай тұрғызыңыз;
Стильді Негізгіге ауыстырыңыз;
Команданы тоқтатыңыз;
Доға - . Координата бас нүктесін ЛКМ арқылы көрсетіңіз- доғаның центрі;
Ось сызығының жоғарғы нүктесін көрсетіңіз (ең жақын нүкте – глобалды бекіту орнайды);
Команданы тоқтатыңыз;
Ағымдағы күй құралдар панелінен Эскиз;
Үшөлшемді модельдеу режиміне ауысыңыз;
Редактирование детали - - жаншу, - Қасиеттер'>Айналдыру операциясы;
Қасиеттер панеліндегі параметрлер ішкі бетінде тұрғызу тәсілі – Сфероид, айналу бағыты 360 көрсетіңіз;
Қасиеттер панеліндегі Жұқа қабырғадан жұқа қабырғаны тұғызуды Жоқ деп көрсетіңіз;
Объект жасаңыз;
Түр құралдар панеліндегі Полутоновое, Полутоновое с каркасом таңдаңыз.
Мәзір қатарынан Сервис – Параметры, ЛКМ бассаңыз диалог терезесі ашылады, онда Ағымдағы деталь – Точность отрисовки и МЦХ (массо-центровая характеристика) көрсетіңіз. ОК басыңыз.
Тор – шеңбердің, одан тыс жерде орналасқан ось бойымен айналуынан пайда болған геометриялық дене.
Құжаттың Деталь типін таңдаңыз;
Тұрғызу Ағашында ЛКМ арқылы ХҮ Жазықтығын көрсетіңіз;
Бағдар Нормально к...;
Ағымдағы күй құралдар панелінен Эскиз;
Геометрия құралдар панелі;
Құралдар панеліндегі Түр М 1:1 масштабы;
Стилі Осьтік, ұзындығы координата бас нүктесінен бастап 20 мм болатын вертикаль кесіндіні жоғары және төмен қарай тұрғызыңыз;
Стильді Негізгіге ауыстырыңыз;
Команданы тоқтатыңыз;
Көмекші түзулер кнопкасын басқанда ашылатын Кеңейтілген командалар панелінде Параллель түзулер таңдаңыз;
Вертикалды ось сызығын көрсетіп, оны 40 мм қашықтыққа екі параллельге ажыратыңыз. Сол жақтағы түзу сызықты орнатыңыз;
Шеңбер - .
Тегістеу (выравнивание) глобалды бекіту орнатыңыз;
Шеңбердің центрін тауып алыңыз;
Радиусы 20 мм болатын шеңбер тұрғызыңыз;
Команданы тоқтатыңыз;
Ағымдағы күй құралдар панелінен Эскиз;
Үшөлшемді модельдеу режиміне ауысыңыз;
Редактирование детали - - жаншу, - Айналдыру операциясы;
Қасиеттер панеліндегі параметрлер ішкі бетінде тұрғызу тәсілі көрсетілмейді. Өйткені мұндай тұрғызу кезінде эскизді тұрғызу үшін тек қана (тор) – айналу осі бойымен тесігі бар элемент арқылы ғана салуға болады, айналу бағыты 360 көрсетіңіз;
Қасиеттер панеліндегі Жұқа қабырғадан жұқа қабырғаны тұғызуды Жоқ деп көрсетіңіз;
Объект жасаңыз;
Түр құралдар панеліндегі Полутоновое, Полутоновое с каркасом таңдаңыз.
Мәзір қатарынан Сервис – Параметры, ЛКМ бассаңыз диалог терезесі ашылады, онда Ағымдағы деталь – Точность отрисовки и МЦХ (массо-центровая характеристика) көрсетіңіз. ОК басыңыз.
Тапсырма.
Айналдыру арқылы биіктігі 20 мм, радиусы 15 мм болатын толық конусты тұрғызыңыз.
Айналдыру арқылы биіктігі 40 мм, төменгі табанының радиусы 20 мм болатын, ал жоғарғы табанының радиусы 10 мм болатын қиық конусты тұрғызыңыз.
Жаншу арқылы радиусы 30 мм, жаншы қашықтығы 60 мм, Уклон1 ішке қарай, Бұрыш1 26,5 болатын толық конус тұрғызыңыз;
Жаншу арқылы радиусы 20 мм, жаншы қашықтығы 45 мм, Бұрыш1 0 болатын цилиндр тұрғызыңыз;
9 Өздік жұмыстардың тапсырмалары
1 Тақырып
Проекция әдісі. Центрлік және параллель проекциялау. Екі және үш проекция жазықтықтары жүйесіндегі нүктенің проекциялары. Жүйені келтіру және жұмыс параметрлерін орнату.
Центрлік проекциялау қасиеттері.
Параллель проекциялау қасиеттері.
Әдістемелік нұсқаулар – осы тақырып бойынша қысқаша конспект жазу. Координаттық сызбада тұрғызуларды игеру.
Негізгі әдебиет: (1 нег [8-20]), (2 нег [4-30])
Қосымша әдебиет: (2 қос. [7-14]).
Бақылау сұрақтары:
Центрлік проекциялаудың қасиеттерін айтып беріңіз.
Параллель проекциялаудың қасиеттерін айтып беріңіз.
Сызбаларға қойылатын негізгі талаптарды айтып беріңіз.
Нүктенің ортогональ проекциясы дегеніміз не?
2 Тақырып
Монж эпюрінде берілген жалпы және дербес жағдайдағы түзулер. Түзудің іздері. Түзу мен нүктенің өзара орналасуы.
Түзудің проекциясы.
Жалпы және дербес жағдайдағы түзулер.
Түзудің іздері.
Әдістемелік нұсқаулар – эпюрде нүкте, түзулерді сала білу керек.
Негізгі әдебиет: (1 нег [21-22]), (2 нег [31-34])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [15-17]).
Бақылау сұрақтары:
Монж эпюрінде берілген жалпы жағдайдағы түзулер.
Монж эпюрінде берілген дербес жағдайдағы түзулер.
Қандай түзулер деңгейлік деп аталады?
Қандай түзулерді проекциялаушы деп атайды?
Түзудің іздері дегеніміз не?
3 Тақырып
Жазықтың проекциясы.
Жалпы және дербес жағдайдағы жазықтықтар.
Жазықтықтың іздері.
Әдістемелік нұсқаулар – эпюрде нүкте, жазықтықтарды сала білу керек.
Негізгі әдебиет: (1 нег [35-42]), (2 нег [40-49])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [19-20]).
Бақылау сұрақтары:
Монж эпюрінде берілген жалпы жағдайдағы жазықтықтар.
Монж эпюрінде берілген дербес жағдайдағы жазықтықтар.
Жазықтықтың іздері дегеніміз не?
Комплекстік сызбада жазықтықтардың графикалық берілуін атап айтыңыз және сызып көрсетіңіз.
4 Тақырып
Позициялық есептер. Нүктенің, түзудің және жазықтықтың өзара орналасуы. Бәсекелес нүктелер. Эпюрде көрінетіндікті анықтау.
Түзудің және жазықтықтың өзара орналасуына қатысты есептерді шығару.
Көрінетіндікті анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар – нүктенің түзуге, жазықтыққа тиістілігін, түзу мен жазықтықтың, екі түзудің, екі жазықтықтың өзара орналасуларын анықтау есептерін шешуді үйрену.
Негізгі әдебиет: (1 нег [43-62]), (2 нег [40-66])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [20-29]).
Бақылау сұрақтары:
Түзу қай кезде жазықтыққа тиісті болады?
Нүкте қай кезде жазықтыққа тиісті болады?
Жазықтықтың басты сызықтарын атап, сызып көрсетіңіз.
Қандай жағдайда түзу жазықтыққа параллель болады?
Сызбада екі жазықтықтың параллельдігін қалай анықтауға болады?
5 Тақырып
Көпжақтар. Көпжақтардың сызбалары. Көпжақтың жазықтықпен қиылысуы.
Көпжақтың жазықтықпен қиылысуы сызығын анықтауға есептер шығару.
Әдістемелік нұсқаулар – көпжақтардың проекцияларын сала білу, нүктенің көпжаққа тиістілігін анықтау есептерін, көпжақтың жазықтықпен қиылысу сызығын анықтау тәсілдерін меңгеру.
Негізгі әдебиет: (1 нег [95-116]), (2 нег [11-146])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [37-57]).
Бақылау сұрақтары:
Қандай беттерді көпжақтар дейміз?
Қандай көпжақтарды дұрыс көпжақтар дейміз?
Көпжақты дербес жағдайда орналасқан жазықтықпен қиюдың мәнін түсіндіріңіз.
Көпжақты жалпы жағдайда орналасқан жазықтықпен қиюдың мәнін түсіндіріңіз.
6 Тақырып
Көпжақтар. Көпжақтардың сызбалары. Көпжақтың түзумен жазықтықпен қиылысуы. Көпжақтардың өзара қиылысуы.
Екі көпжақтың өзара қиылысуына қатысты есептер шығару.
Әдістемелік нұсқаулар – көпжақтардың түзумен және екі жазықтықтың қиылысуларын анықтайтын есептерді шешіп үйрену.
Негізгі әдебиет: (1 нег [95-116]), (2 нег [11-146])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [37-57]).
Бақылау сұрақтары:
Көпжақ пен түзудің қиылысу нүктесін тұрғызудың алгоритмін айтып беріңіз.
Көпжақтардың өзара қиылысуын тұрғызудың екі әдісінің мәнісін түсіндіріңіз.
7 Тақырып
Метрикалық есептерді шығару.
Тік бұрыштың тік бұрышты проекциясы туралы теорема.
Екі түзудің, түзу мен жазықтың, екі жазықтықтың перпендикулярлығы.
Аралық бақылау.
Әдістемелік нұсқаулар – метрикалық есептерді шығаруды үйрену, тік бұрыштың тік бұрышты проекциясы туралы теореманы білу, екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың перпендикулярлығы шарттарын білу.
Негізгі әдебиет: (1 нег [27,60-62]), (2 нег [40-56])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [20-29]).
Бақылау сұрақтары:
Қандай есептерді метрикалық деп атайды?
Тік бұрыштың тік бұрышты проекциясы туралы теореманы айтып беріңіз.
Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы шарттарын айтып беріңіз.
Қай кезде тік бұрыш горизонталь проекция жазықтығына бұрмалаусыз проекцияланады?
Екі жазықтықтың перпендикулярлығы шарттарын айтып беріңіз.
Кесіндінің нақты шамасын қалай анықтайды?
8 Тақырып
Жазық параллель ығыстыру тәсілімен метрикалық есептерді шығару.
Жазық параллель ығыстыру тәсілінің инварианттары.
Түрлендіру тәсілдерімен шығарылатын негізгі төрт есеп.
Жазық фигураның нақты шамасын жазық параллель ығыстыру тәсілімен анықтау үшін орындалатын графикалық тұрғызулардың ретіне байланысты есептерді шығару.
Әдістемелік нұсқаулар – тақырып бойынша материалдар жинақтап, жазық параллель ығыстыру тәсілінің инварианттарын білу.
Негізгі әдебиет: (1 нег [27,60-62]), (2 нег [40-56])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [20-29]).
Бақылау сұрақтары:
Жазық параллель ығыстыру тәсілінің инварианттары.
Жазық параллель ығыстыру тәсілінің мәнін түсіндір.
Түрлендіру тәсілдерімен шығарылатын негізгі төрт есепті атаңыз.
Жазық фигураның нақты шамасын жазық параллель ығыстыру тәсілімен анықтау үшін орындалатын графикалық тұрғызулардың ретін атаңыз.
9 Тақырып
Проекция жазықтықтарын алмастыру, проекциялаушы және деңгей түзуден айналдыру тәсілдерімен метрикалық есептерді шығару.
Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілінің, проекциялаушы түзуден және деңгей түзуінен айналдыру тәсілдерінің инварианттарын қолдану.
Әдістемелік нұсқаулар – тақырып бойынша материалдар жинақтап, проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілін, проекциялаушы түзуден және деңгей түзуінен айналдыру тәсілдерінің инварианттарын білу.
Негізгі әдебиет: (1 нег [65-95]), (2 нег [94-110])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [29-37]).
Бақылау сұрақтары:
Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілдерінің мәнін түсіндіру.
Проекциялар жазықтығын бір рет алмастыруды қажет ететін есептерді қалай атаймыз.
Проекциялар жазықтығын екі рет алмастыруды қажет ететін есептерді қалай атаймыз.
Проекциялар жазықтығына перпендикуляр осьтен айналдыру тәсілінің мәні неде?
Проекциялар жазықтығын алмастыру арқылы жазық фигураның натурал шамасын анықтағандағы графикалық тұрғызулар алгоритмін көрсетіңіз.
10 Тақырып
Беттер. Беттің анықтауышы. Беттерді құрастыру.
Қисық сызықтардың түрлері.
Беттердің очерктерін салу.
Бетке тиісті нүкте немесе сызықтың жетіспейтін проекцияларын анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар – тақырып бойынша материалдар жинақтап, қисық сызықтардың түрлерін білу, беттердің очерктерін салу тәсілдерін білу, бетке тиісті нүкте немесе сызықтың жетіспейтін проекцияларын анықтау тәсілін білу.
Негізгі әдебиет: (1 нег [117-162]), (2 нег [67-93])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [57-84]).
Бақылау сұрақтары:
Қандай қисықтар алгебралық және трансценденттік деп аталады?
Қисықтың қандай нүктелері ерекше нүктелерге жатады?
Беттің анықтауышы деген не?
Айналу беттерінің негізгі қасиеттерін атаңыз.
Қандай бұрама беттер геликоид деп аталады?
Бетке тиісті нүктені немесе сызықты қалай тұрғызуға болады?
11 Тақырып
Беттердің дербес және жалпы жағдайдағы жазықтықтармен қиылысуы.
Түзудің бетпен қылысу нүктелерін анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар – тақырып бойынша материалдар жинақтап, метрикалық есептерді шеше білу, кесінділердің, жазық денелердің нақты шамаларын сызбаны түрлендіру тәсілдерін қолдана отырып таба білу.
Негізгі әдебиет: (1 нег [117-162]), (2 нег [67-93])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [57-84]).
Бақылау сұрақтары:
Беттің проекциялаушы жазықтықтармен қиылысу сызығының нүктелерін анықтаудың жалпы қадамдарын атап шығыңыз.
Беттің жалпы жағдайдағы жазықтықтармен қиылысу сызығының нүктелерін анықтаудың жалпы қадамдарын атап шығыңыз.
Бет пен жазықтықтың қиылысу сызығының қандай нүктелері «тірек нүктелері» деп аталады?
Айналу конусын жазықтықпен қиғанда шеңбер, эллипс, гипербола, парабола, қиылысатын түзулер, нүкте болатын шарттарын атап шығыңыздар.
Конустық қиманың ең жоғарғы және ең төменгі нүктелерін тұрғызу.
12 Тақырып
Айналу беттерінің қиылысуы.
Қиюшы жазықтықтармен сфералар тәсілдері.
Әдістемелік нұсқаулар – беттердің қиылысу сызықтарын тұрғызу әдістері.
Негізгі әдебиет: (1 нег [191-200]), (2 нег [131-145])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [103-116]).
Бақылау сұрақтары:
Еттердің қиылысу сызығын тұрғызудың негізгі әдістерін атаңыз.
Беттердің қиылысу сызығын тұрғызу кезінде қосымша қиюшы жазықтықтар және сфераларды таңдаудың жалпы принципін атаңыздар.
Қандай жағдайда айналу беттері шеңберді бойлай қиылысады?
Беттердің қандай қиылысуы толық және толық емес деп аталады?
Беттердің жазықтықпен қиылысу сызығының қандай нүктелері тірек нүктелері деп аталады?
13 Тақырып
Беттердің жаймаларын салу.
Көпжақтың жаймасын салу.
Конус пен цилиндрдің жаймаларын графикалық тұрғызу.
Әдістемелік нұсқаулар – беттердің жаймаларын тұрғызу әдістерін игеру керек.
Негізгі әдебиет: (1 нег [201-207]), (2 нег [105-110])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [117-123]).
Бақылау сұрақтары:
Беттің жаймасы деп нені айтады?
Қандай беттер жайылатын деп, қандай беттер жайылмайтын деп аталады?
Жаймалардың негізгі қасиеттерін атаңыздар.
Конус пен цилиндрдің жаймаларын графикалық тұрғызу ретін айтып беріңіз.
Беттің аппрокимациясы деп нені айтады?
Көпжақтың жаймасын салудың қандай тәсілдерін білесіздер?
14 Тақырып
Сандық белгілері бар проекцияларда есептер шығару.
Жер жұмыстарының шекараларын анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар – сандық белгілері бар проекцияларда позициялық және метрикалық есептерді шығара білу керек.
Негізгі әдебиет: (1 нег [290-300]), (2 нег [148-152])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [317-318]).
Бақылау сұрақтары:
Түзудің көлбеулігі мен интервалы деп нені атайды?
Түзуді бөліктеу дегеніміз не?
Жазықтық масштабының көлбеулігі деген не?
Жазықтықтың горизонтальдары көлбеулік масштабқа қалай орналасқан?
Қандай бұрышты жазықтықтың еңіс бұрышы дейміз?
Қандай бұрышты жазықтықтың созылым бұрышы дейді?
15 Тақырып
Сандық белгілері проекцияларда есептер шығару.
Жер жұмыстарының шекараларын анықтау.
Аралық бақылау.
Әдістемелік нұсқаулар – сандық белгілері бар проекцияларда позициялық және метрикалық есептерді шығара білу керек.
Негізгі әдебиет: (1 нег [301-321]), (2 нег [152-175])
Қосымша әдебиет: (1 қос. [319-324]).
Бақылау сұрақтары:
Беттің горизонталі деген не?
Бет пен түзудің қиылысу нүктелерінің схемасын келтір.
Жазықтық пен топографиялық беттің қиылысу сызығы қалай тұрғызылады?
Сызбада конустық, цилиндрлік және топографиялық бетті салыңыз.
Қандай сызбаны топографиялық беттің профилі деп атайды?
10 Білім алушылардың оқытушымен өздік жұмысына кеңес беру кестесі
Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семестрдегі білім алушылардың оқытушымен өздік жұмысының кестесіне сәйкес жүргізіледі.
11 Білім алушылардың білімдерін тексерудің кестесі
Барлық дәрістер, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстарға қатысып, тапсырмаларды уақытында орындау 0-100 баллмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
-
№
|
СӨЖ түрі
|
Бақылау түрі
|
Сағаттың көлемі
|
|
Дәрістерді талқылау. Қосымша материалдарды оқу.
|
Ауызша сұрау, межелік бақылау
|
15
|
|
Тәжірибелік жұмыстарға дайындалу, есептерді рәсімдеу.
|
Бақылау сұрақтар, есеп
|
15
|
|
Үй тапсырмаларын орындау
|
Жазбаша есеп
|
15
|
|
Бақылау жұмыстарға дайындалу және қатысу
|
межелік бақылау, емтихан
|
15
|
Барлығы
|
60
|
Достарыңызбен бөлісу: |