10. Білім алушылардың білімдерін тексерудің кестесі
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрлері
|
Тақырып, мақсаты және тапсырма мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындау ұзақтығы
|
бақылау формасы
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау
|
Криптологияның математикалық негіздері
|
|
2-3 апта
|
|
4-апта
|
2
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау
|
Құпия кілттерді басқару
|
|
4-5 апта
|
|
8-апта
|
3
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау
|
Құпия кілттерді басқару
|
|
6-8 апта
|
|
|
4
|
Межелік бақылау
|
1-3 тақырып
|
|
|
|
8-апта
|
5
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау
|
Криптографиялық хэш-функциялар
|
|
9-11апта
|
|
11-апта
|
6
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау
|
Кілттерді үлестіру протоколдары
|
|
12-15апта
|
|
15-апта
|
7
|
Межелік бақылау
|
4-5 тақырыптар
|
|
|
|
15-апта
|
11. Білім алушылардың білімдерін бағалау критерийлері
Пәнді оқып-үйрену өтілген барлық материалдарды қамтитын емтиханмен аяқталады, емтихан аралас, яғни тестілеу және жазбаша түрде өткізіледі. Емтиханға жіберудің міндетті шарты – бағдарламадағы барлық тапсырмаларды орындау болып табылады.
Әрбір тапсырма 0-100 балмен бағаланады.
Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардың түрлеріндегі (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, магистранттың өздік жұмысы бойынша тапсырмалары, практикалық сабақтардың тапсырмалары және т.б., межелік бақылау) барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалық мәнімен шығарылады.
Қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық практикалық және СӨЖ тапсырмаларын орындаған және тапсырған), жіберу рейтингі 50 балдан төмен емес магистранттар жіберіледі.
Магистранттардың әр пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен анықталады:
Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғылыми кеңесімен бекітіледі, мұнда ЖР 0,6-дан көп емес, ал ҚБ 0,3-тен төмен емес.
Пә бойынша қорытынды баға білім алушының жіберу рейтингісі және қорытынды бақылау бағасы 50-ден жоғары болғанда ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға себепсіз келмеген магистрантқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Магистранттарға емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері емтихан тапсырған күні немесе ертеңінде (егер жазбаша емтихан түстен кейін қабылданса) хабарланады.
Қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін межелік бақылау және қорытынды емтихан 0-100%-ға дейін бағаланады.
Магистранттардың оқу жетістіктері төмендегі кестеге сәйкес бағаланады.
.
Әріптік жүйе бойынша баға
|
Балдардың цифрлық эквиваленті
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
12. Оқытушының талаптары, саясат және процедуралар
Босатылған сабақтар деканатпен қойылған тәртіп бойынша қайта тапсырылады. Көп дегенде екі сабақты ғана босатуға болады. Сабаққа 2 рет кешігу 1 рет сабақ босатқанмен тең. Екі рет сабақ босатқаннан кейін оқытушы магистрантты сабаққа кіргізбеуіне құқылы және бұл мәселе әкімшілік шешімін табуы керек. Дәрістерге бөтен, яғни осы топтың магистранты емес адамдарға кіруге болмайды.
Берілген тапсырмаларды белгіленген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі – емтихан сессиясының басталуына 3 күн қалғанға дейін.
Барлық тапсырмаларды тапсырмаған магистранттар емтиханға жіберілмейді.
Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыптарды қайталау және өтілген материалдарды қайталау міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі жазбаша жұмыстармен тексеріледі.
Магистранттың оқытушымен орындайтын өздік жұмысын орындау барысында келесілерді есте сақтау қажет:
оқу пәні бойынша кестеге сәйкес сабақтардан оқытушының берген ақпаратын магистранттардың белсенді түрде қабылдауын жүзеге асыру;
оқытушының нұсқауларына сәйкес магистранттар өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқып-үйрену, үй тапсырмаларын, курстық жұмыстарды орындайды. Осы кезеңде магистранттардан жұмыс әдістерінің білуді, олардың жұмысты орындау барысында кездескен қиыншылықтарын хабарлауды, жұмыстарды өзіндік ұйымдастыруды талап етіледі;
оқу материалын меңгеру барысында кездескен қиыншылықтарды жүйелеу және талдау, осы жұмысты оқытушымен реттеу;
магистранттар оқытушыға өздерінің сұрақтарын қойып, түсініксіз жайларды нақтылап, кеңестер алады.
13. Әдебиеттер тізімі
Негізгі
Орлов С.А. Технологии разработки программного обеспечения / Учебник - СПб.: Питер, 2002. — 464 с.: ил.
Бобровский С. Технология Петагона на службе российских программистов. Программная инженерия.-СПб.:Питер,2003.-222 с.
Материалы сайта http://www.uran.donetsk.ua.
Смайли Джон. Учимся программировать на С# вместе с Джоном Смайли: Пер. с англ. –СПб, 2003. -528 с.
Материалы сайта http://www.diasoft.kiev.ua.
Қосымша
Боэм Б. У. Инженерное проектирование программного обеспечения. М.: Радио и связь, 1985. 511 с.
Липаев В. В. Отладка сложных программ: Методы, средства, технология. М.: Энергоатомиздат, 1993. 384 с.
Майерс Г. Искусство тестирования программ. М.: Финансы и статистика, 1982. 176с.
Орлов С. А. Принципы объектно-ориентированного и параллельного программирования на языке Ada 95. Рига: TSI, 2001. 327 с.
Чеппел Д. Технологии ActiveX и OLE. M.: Русская редакция, 1997. 320 с..
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
6М060200 – Информатика мамандығы магистранттарына «Криптология» пәнінен
ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЛАРЫ
6М060200 – Информатика мамандығы магистранттарына
«Криптология» пәнінен
ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЛАРЫ
Салыстырулар теориясы.
Қалдықтар туралы қытай теоремасы.
Эйлер және Ферма теоремалары.
Ақырлы өрістер.
Ақырлы өрістерді құру.
Ақырлы өрістердегі келтірілмейтін көпмүшеліктер.
Ақырлы өрістердің примитивті элементтері.
Модулярлық арифметика.
Дискретті логарифмдер.
Фурьенің дискретті түрлендірілулері.
Кілттерді алдын-ала үлестіру.
Кілттерді жеткізу.
Кілттерді ашық үлестіру.
Бөлісу тәртібі.
RSA шифр жүйесі.
Диффи Хеллман шифр жүйесі.
Эль-Гамаль шифр жүйесі.
Мак Элис шифр жүйесі.
Қоржын алгоритміне қатысты шифр жүйесі.
Хэштік функциялар мен деректердің тұтастығы.
Кілттік хэш-функциялар.
Кілтсіз хэш-функциялар.
Цифрлы қолтаңбалар.
Ашық кілтті шифр жүйелерге цифрлы қолтаңбалар.
Фиат-Шамир цифрлы қолтаңбалары.
Эль Гамаль цифрлы қолтаңбалар
Симметриялы шифрларды қолданып кілттерді жеткізу.
Екіжақты протоколдар.
Үшжақты протоколдар.
Асимметриялы шифрларды қолданып, кілттерді жеткізу.
Құрастырушы: ____________ Найманова Д.С. «___» _______2013 ж.
«Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасының отырысында қарастырылған: «26» 04 2013ж., № 9 хаттама.
Кафедра меңгерушісі ____________ Оспанова Н.Н. «___» _______2013 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |