Бағдарламасы (Syllabus) Нысан пму ұс н 7



жүктеу 303,21 Kb.
Дата13.11.2017
өлшемі303,21 Kb.
#139
түріБағдарламасы


Пән бойынша оқыту бағдарламасы

(Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Физика және аспап жасау кафедрасы

5В060400 – «Физика» мамандығының студенттеріне арналған


«Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар, 2013



Пән бойынша оқыту бағдарламасын бекіту парағы

(Syllabus)






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19




БЕКІТЕМІН

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы

________________Испулов Н.А.

«__»__________________2013 ж.

Құрастырушы: п.ғ.к., доцент ________Казангапова Л.К.

«Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» пәнінен

күндізгі оқу нысаны бойынша 5В060400 – «Физика» мамандығы студенттеріне арналған
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Бағдарлама 2013 ж. «__»______бекітілген оқу жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылды 2013ж. «___» _________ № ____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _________Жукенов М.К. 2013ж. «____»_____________

ФМжАТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2013ж. «____»_____________№_____Хаттама
ОӘК төрағасы _______________А.Б. Искакова 2013ж. «____»_____________

1. Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы Физиканы оқыту теориясы мен оқыту әдістемесі

Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 3

Семестр: 6


Барлық аудиториялық сабақтар – 30 сағат

Дәрістер - 15 сағат

Тәжірибелік сабақтар – 7,5 сағат

Зертханалық – 7,5 сағат

СӨЖ – 60 сағат

Соның ішінде ОСӨЖ – 15 сағат

Жалпы сағат көлемі - 90 сағат
Бақылау түрі

Қорытынды бақылау түрі: емтихан – 6 семестр


Преквезиттер

Қазіргі заман физикасының негізгі принциптері, материалтану, психология, педагогика, ғылым тарихы мен философиясы.


Постреквезиттер

Жалпы және теориялық физика курсы. Психолого – педагогикалық және әдістемелік бағыттар бойынша мамандықтың пәндері. Физиканы оқыту әдістемесі. Информатика, философия, психология, педагогика.



2. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараты

Аты-жөні, тегі: Казангапова Лязат Кунапияновна

Қызметі: «Физика және аспап жасау» кафедрасының доценті, п.ғ.к.

Кафедра «Физика және аспап жасау», аудитория А-407А

телефон: 67-36-26
3. Пәні, мақсаты мен міндеттері

Пәні

Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесіне түсінік қалыптастыру.



Пәннің мақсаты

ЖОО студенттерді физика оқытушысының кәсіптік - педагогтық қызметіне дайындау. Әдістемелік жұмыс оқытушының кәсіптік іс - әрекетінің қажетті бөлігі болып табылады. Ол барлық әлеуметтік -гуманитарлық, психология - педагогтық, жалпы мамандандыру және арнайы мамандандыру пәндер циклдеріндегі білім мен біліктілікті жинақтауды талап етеді.



Пәннің міндеті студенттердің орта, арнаулы орта оқу орындарында физика курсын толық оқыту әдістемесін меңгеру.
4. Міндеттері

  • Орта, арнаулы орта оқу орындарында физика курсының құрылымы мен мазмұнының ғылыми және психология - педагогтық негіздерін студенттердің оқып үйренуі, олардың өзара байланысын түсінуі;

  • Студенттерді мектептегі оқыту бағдарламасымен, жоспарларымен, стандартқа сай біліммен қамтамасыз ету, оқыту әдістемесі және құралдарымен қаруландыру;

  • Физиканы оқыту процесінде ғылыми жаратылыстану дүниетанымдылығының жалпы адамзат мәдениетінің құраушысы ретінде көрсететін білімдерді қалыптастыру;

  • Оқу жоспарына сай оқыту сабақтарын жоспарлауға студенттерді дағдыландыру, физиканың пәнаралық байланыстарын ескеру;

  • Дидактикалық материалдың ғылыми-әдістемелік тадауын жүргізу шеберлігіне дағдылану, оқу орнының бағытын және оқу материалының ерекшелігін ескере отырып, әдістемелік тәсілдерді таңдау, пән бойынша оқу - тәрбие жұмысын жоспарлау;

  • Физикалық экспериментті жүргізуде студенттерді техникалық оқу құралдары мен компьютерді пайдаланудың дағдыларын қалыптастыру;

• Студенттерді жалпы орта білім беру және кәсіптік білім беру мектептерінде сабақ жүргізуге дайындау.
5 Пәнді игерудің тақырыптық жоспары
Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сабақтардың үлестірілуі

п/п

Тақырыптар-дың атауы

Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сабақтардың саны

МӨЖ

дәріс

тәжірибелік

зертханалық

барлығы


Соның ішінде ОМӨЖ

1

1 тақырып

2

1

1

10

2

2

2 тақырып

2

1

1

10

2

3

3 тақырып

3

1

1

10

3

4

4 тақырып

2

1,5

1,5

10

2

5

5 тақырып

3

1,5

1,5

10

3

6

6 тақырып

3

1,5

1,5

10

3




барлығы: 90

15

7, 5

7, 5

60

15



6. Дәрістік сабақтардың мазмұны



1 тақырып. Физиканы оқытудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері. Физиканы оқыту – дидактикалық жүйе. Физиканы оқытудың негізгі міндеттері, әлем тану, білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Мектепте физика курсының құрылымы. Мектептегі оқу жоспары және ондағы физиканың орны. Физиканың басқа оқу пәндерімен және студенттерді еңбекке баулумен байланысы. Студенттердің келешек мамандығы бағытымен байланысты кәсіптік мекетепте физиканы оқыту ерекшеліктері (пәнаралық байланыс, қолданбалы дидактикалық материалдың кәсіптік бағыты). Орта оқу орындарында арналған физика бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарға талдау. Оқу бағдарламаларына, мектептерге білім беру мен физика бойынша жоғарғы оқу орындарында оқулықтарға талдау жасау.

2 тақырып. Физиканы оқыту әдістері мен құралдарының жүйесі.

Дидактикалық принциптер мен физиканы оқыту әдістері. Әдістерді талдау критериі. Оқытуда ғылыми танымдық әдістерді қолдану: жалпы логикалық танымдық әдістер (анализ, синтез, абстракттау, талдап қорыту, индукция, дедукция, аналогия, модельдеу); теориялық және эмпирикалық ғылыми әдістер. Педагогикалық заңдылықтардың статистикалық мәні. Физиканы оқытуды жандандыру әдістері. Қайшылық кезеңдер, тірек белгілер, логикалық-құрылымдық жүйелер құрудың мысалдары. Физиканы оқыту процесін жабдықтау. Физика кабинетін және лабораториясын жабдықтауға қойылатын негізгі талаптар. Көрнектілік, техникалық құралдарды пайдалану әдістемесі. Демонстрациялық эксперимент, оның мәні, оған қойылатын әдістемелік талаптар. Физиканы оқыту әдістері мен құралдарына комплексті тәсілдерді қолдану.



3 тақырып. Мектептерде физика сабақтарын ұйымдастыру түрлері. Оқуды ұйымдастыру түрлері: сабақ, дәріс, семинар, конференция, экскурсия. Олардың сипаттамасы. Стандартты емес сабақтар. Физика сабағының типтері мен құрылымы. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар. Фронтальды зертханалық жұмыстар. Физикалық прктикум. Оқыту мәселелері, физика есептері, олардың классификациясы және шешу әдістері. Физика бойынша білімді, біліктілікті, дағдыны бақылау және тексеру. Бақылаудың түрлері. Программалық бақылау және компьютер арқылы бақылаудың мысалдары. Арнайы курстарды ұйымдастыру әдістемесі.

4 тақырып. Кәсіптік мектептерде физиканы оқытуды ұйымдастыру. Әртүрлі бағыттағы кәсіптік мектептердің оқу жоспарындағы физиканың орны. Кәсіптік мектептердің физика курсын құру принциптері, мамандықпен байланысы. Дәріс, оның түрлері, құрылымы. Зерттеуді, шешуді керек қылатын келелі, қайшылы мәселелер әдісі (проблемалы әдіс). Дәрістік демонстрациялар және ондағы техникалық оқу құралдары.

5тақырып. Физика курсының негізгі тақырыптарын оқыту әдістемесі. Механика. Кинематиканың негізгі түсініктері: санақ жүйесі, материалық нүкте, абсолютті қара дене, орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, материалық нүктенің қозғалысының векторлық және координаттық бейнеленуі. Динамиканың негізгі қағидалары. Бейсыздық жүйелердегі динамикалық хаос. Молекулалық физика. Моль, температура ұғымдарын қалыптастыру. Термодинамикалық сипаттамалар, параметрлер (термодинамикалық жүйе, тепе-теңдікті, тепе-теңдіксіз күйлер мен процестер, температура, жылу мөлшері, ішкі энергия, жұмыс, жылу сыйымдылық). Термодинамика заңдары, тепе-тең термодинамиканың шекті сипаты. Энтропия. Бейсыздық тепе-теңдіксіз термодинамика принциптері. Электродинамика. Заряд, өріс, потенциал түсініктерін қалыптастыру әдістемесі. Электрмагниттік өрістің күштік, энергиялық сипаттамалары. Атомдық және ядролық физика. «Байланыс энергиясы» тақырыбын оқыту әдістемесі. Ядролық синтез және бөліну реакцияларының табиғатын түсіндіруге қолдану. Элементар бөлшектерді (электрон, протон, нейтрон, мезон, кварктар мен резоннастар) оқып үйрену әдістемесі.

6 тақырып. Ғылыми білімдерді негіздеу: «әлемнің физикалық бейнесі» және «ғылыми-техникалық прогресс. Әлемнің материалдығы мен біртұтастығы. Әсерлесу түрлері, олар туралы түсініктердің дамуы. Термоядролық энергетиканың, материалтанудың, компьютердің элементтік базасының, лазерлік технологияның және байланыстың физикалық проблемалары

7. Тәжірибелік сабақтар (семинар, зертхана), олардың сағаттық көлемі


1. Мектептерге арналған физика бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарға талдау.

2. Физика методологиясы мәселелері мен әдістемесі бойынша баяндама дайындау және оны сабақ сценариіне қатысты студенттер тобының алдында жариялау.

3. Әлемнің материалдығы мен біртұтастығы. Әсерлесу түрлері, олар туралы түсініктердің дамуы.
8. Өздік жұмыс тапсырмалары

1 тақырып.

1 тақарып бойынша СӨЖ тапсырмасы:

Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің (ФОТмӘ) пәні, мазмұны және зерттеу әдістері, даму тарихы. Физиканы оқыту әдістемесінің философия, психология және педагогикамен байланысы, орта білім берудің қазіргі кезеңдегі дамуына сәйкес ФОТмӘ міндеттері мен көкейкесті мәселелері.



2 тақырып.

2 тақарып бойынша СӨЖ тапсырмасы:

Физиканы оқыту – дидактикалық жүйе. Физиканы оқытудың негізгі міндеттері, әлем тану, білім беру, тәрбиелеу, дамыту.



3 тақырып.

3 тақарып бойынша СӨЖ тапсырмасы:

Әртүрлі бағыттағы орта оқу жоспарындағы физиканың орны. Орта, арнаулы орта физика курсын құру принциптері, мамандықпен байланысы.



4 тақырып.

4 тақарып бойынша СӨЖ тапсырмасы:

Механика. Молекулалық физика. Электродинамика. Атомдық және ядролық физика.


9. СОӨЖ кеңесінің кестесі




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

ТЖ бойынша кеңес

14:35-15:25

















2.

СӨЖ тапсырмалары бойынша кеңес







16:05-16:55










3.

Тест тапсырмалары бойынша кеңес













16:05-16:55





10. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі

Тәжірибелік және өздік сабақтарға қатысу, тапсырмаларды орындау 0-100 баллмен бағаланады


Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тақырып, мақсаты және тапсырманың мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

ТЖ №1

Мектеп физика курсының құрылымын талдау

1,3

2 апта

колоквиум

2-апта

2

ТЖ №2

Дәріс сабақтарына дайындалу

1,4

2 апта

Жұмыс дәптері

4-апта

3

ТЖ №3

Практикалық сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

2,3

2 апта

колоквиум

6-апта

4

ТЖ №4

Аудиториялық сабақ мазмұнына кірмеген материалды оқу

4,3

3 апта

реферат

9-апта

5

ТЖ №5

Қосымша тапсырмалар

1,3

2 апта

Жұмыс дәптері

11-апта

6

ТЖ №6

Физиканы оқыту әдістемесі бойынша әзірлеме дайындау

2,4

3 апта

әзірлеме

14-апта

7

Межелік бақылау

Бақылау шараларына дайындалу







тестілеу

14-апта


11 Курстың саясаты
Оқу пәні толық өтілген матриалдарды қамтитын емтиханмен қорытындылады. Обағдарламада көрсетілген барлық тапсырмаларды орындау емтиханға жіберілудің басты талабы болып саналады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымды сабақтарда орындалған тапсырмалардың орташа арифметикасынан шығарылады.

Кешіктіріліп орындалған тапсырмалар тапсыру мерзіміне байланысты автоматты түрде төмендетілетін болады. Студент СӨЖ тапсырудың күнтізбелік графигіне сәйкес орындау керек. Егер студент тапсырманы 1 аптаға кешіктіріп тапсыратын болса, ол осы тапсырмаға берілген баллдың төрттен бір бөлігін жоғалтады, егер бір аптадан көп уақытқа кешіксе баллдың тең жартысын жоғалтады (мұндай ықпалшаралар дәлелді себеп жоқ студенттерге арналған).

Қорытынды бағаның салмақтық үлесі ЖР үшін 0,6-дан кем, ал ҚБ үшін 0,4-тен кем болмау қажет.



Пән бойынша қорытынды рейтинг 1 кестеге сәйкес сандық, әріптік және дәстүрлік бағаға айналдырылып, «Студенттердің оқу жетістіктерінің журналы» мен «Рейтинг парағына» енгізіледі.

Кесте 1

Балл түріндегі қорытынды бағалау (И)

Балдардың сандық белгілері (Ц)

Әріптік жүйеде бағалау

Дәстүрлік жүйеде бағалау

Емтихан

Сынақ

95 - 100

4

A

Өте жақсы

Сынақталды

90 - 94

3,67

A-

85 - 89

3,33

B+

Жақсы

80 - 84

3,0

B

75 - 79

2,67

B-

70 - 74

2,33

C+

Қанағаттанарлық

65 – 69

2,0

C

60 – 64

1,67

C-

55 – 59

1,33

D+

50 – 54

1,0

D

0 – 49

0

F

Қанағаттанарлық-сыз

Сынақталған жоқ


12 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет

  1. Жанабаев З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту әдітемесі, Алматы, 2008. - 119 б.

  2. Теория и методика обучения физике в ВУЗ-е: Общие вопросы / С.Е.Каменецкий, Н.С.Пурышева, Н.Е.Важеевская и др., М., 2007. -368 с.

  3. Жанабаев З.Ж., Мукушев Б.А. Синергетика в педагогике, Алматы, 2005. -127 с.

  4. Мукушев Б.А. Проблема физического образования в средней и высшей школе., Алматы, 2010. - 249 с.



Қосымша әдебиет

  1. Темиркулова Н.И. Система самостоятельных заданий по атомной физике, Алматы, 2010. - 269 с.

  2. М.Құдайқұлов., .Қ. Жанабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі., Алматы, 2006. – 310 б.

жүктеу 303,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау