Бағдарламасы (Syllabus) Дәрістердің қысқаша мазмұны Зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар



жүктеу 2,22 Mb.
бет8/12
Дата16.02.2018
өлшемі2,22 Mb.
#9912
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Кабель жүйесінің компоненттері
- Қосқыштар (connectors). Бұралғыш жұптарды компьютерге қосу үшін телефонды RJ-45 коннекторлары пайдаланылады. (сегіз қатынасы бар) (сурет 12)


Сурет 12. Вилка және ұя RJ-45

1

Дамыған кабельді жүйені құрап және онымен жұмысты жеңілдетуді төменде аталған компоненттердің көмегімен жүзеге асыруға болады(сурет 13)



  • Бөлетін қабырғалар мен сөрелер (distribution racks, shelves). Бөлетін қабырғалар мен сөрелер кабельді монтаждауға арналған. Олар көптеген қосылғаштарды бір ортадан ұйымдастыруға және осымен бірге аз орын алуына мүмкіндік береді.

  • Коммутационды панельдер (distribution racks, shelves).Кеңейту панельдерінің әртүрлі типтері бар. Олар 96 порттарға және беру жылдамдығын 100 Мбит/с дейін ұстап тұрады.

  • Қосқыштар. RJ-45 жалаң және қос вилкалар кеңейту панельдері мен қабырғалы розеткаларға қосылады. Олар беру жылдамдығын 100 Мбит/с. дейін қамтамасыз етеді.

  • Қабырғалы розеткалар. Қабырғалы розеткаларға екі немесе (және одан да көп) қосқыштарды қосуға болады.


Тапсырма:

  1. Зертханалық жұмыста берілген теориялық материалдарды мұқият оқып шығыңдар.

  2. Жоғарыда суреттелген кабельдер типінің салыстырмалы мінездемесін құрыңдар.

  3. Қорытынды шығарыңдар: қай кабель жақсы, қай кабель жақсы және неліктен.

  4. Бақылау сұрақтарына жауап беірңдер.


Бақылау сұрақтары


  1. Қолданылатын кабельдердің негізгі топтары. Олардың негізгі мінездемелері.

  2. Бұралған жұптар және олардың типтері. Бұралған жұптарды қай кезде пайдаланып, қай кезде пайдаланбаған жөн?

  3. Экрандалмаған бұралған жұптардың құрылымы. Категориялары. Қиылысқан бөгеуілдер.

  4. Бұралған жұптар және олардың типтері. Экрандалған бұралған жұптардың құрылымы.

  5. Кабельді желінің компоненттері.

  6. кабельдердің салыстырмалы анализі.

4 зертханалық жұмыс



Оптикалық талшықты кабель. Оптикалық қосылғыш
Сабақтың мақсаттары: негізгі желілік кабельдер мен кабельдерді суреттеу кезінде қолданылатын терминдер туралы түсінік алу; кең жолақты және тар жолақты хабар туралы түсінік алу;нақты желілік ортаға арналған оптималды кабель типін анықтай алуды үйрену.
Теориялық бөлім

Оптикалық талшықты кабель.

Оптикалық өткізгіштер қымбатырақ, олар шыныталшықты кабель деп те аталады. Олар арқылы мәліметтердің таратылу жылдамдығы секундына бірнеше гигабитке жетеді.Жою мүмкіндігі 50 км. астам. Бөгеуілдердің сыртқы әсері жоқ деуге болады. Қазіргі уақытта бұл ЛВС үшін ең қымбат тұратын қосылу. Электромагнитті бөгеуілдер полелері болатын және қайталауларды пайдаланбай ақпаратты өте үлкен ара қашықтыққа беруді талап етілген кезде қолданылады. Олар төмендетуге қарсы қасиеттері бар, өйткені оптикалық талшықты кабельдердегі бөлшектеу техникасы өте қиын.

Оптикалық талшықты кабельде сандық мәліметтер модульденген жарық импульстері түрінде оптикалық талшықтар бойыншатаратылады. Бұл берудің сенімді (қорғалған) әдісі, өйткені бұл кезде электрлік сигналдар берілмейді. Осыдан шығатын қорытынды, оптикалық кабельді ашып мәліметтерді тартып ала алмайды, бұдан электрлі сигнал өткізетін кез келген кабель сақтандырылмаған.

Оптикалық талшықты сызықтар үлкен көлемді мәліметтердің өте жоғары жылдамдықта жылжуына арналған, өйткені олардағы сигналдар өшпейді және бүлінбейді.



Сурет 13. Компоненты кабельді жүйенің компоненттері


Оптикалық талшық - жіп (жила) (core) деп аталатын өте жіңішке шыны цилиндр, қабық деп аталатын жіптен өзгеше сыну коэффициенті бар шыны қабатымен жабылған (сурет 14) Кейде оптикалық талшықты пластикадан жасайды. Пластикті пайдалану оңай, бірақ ол шыны оптикалық талшықпен салыстырғанда жарық импульстарын аз қашықтыққа береді.

Әрбір шыны оптикалық талшық сигналдарды тек бір бағытта береді, сондықтан кабель жеке коннекторлары бар екі талшықтан тұрады. Олардың біреуі беру үшін, ал басқасы – қабылдау үшін қызмет етеді. Талшықтардың қаттылығы пластикамен жабылуымен, ал беріктілігі кевлардан жасалған талшықпен ұлғайтылған. 14 суретте кевларлы жабудың үлгісі ұсынылған. Кевларлы талшықтар пластикке бекітілген екі кабель арасына орналасады.

Оптикалық талшықты кабельмен беру электрлік бөгеуілдерге ұшырамайды және өте жоғары жылдамдықта жүргізіледі (осы уақытта 100 Мбит/с дейін, теориалылық мүмкін жылдамдық – 200 Мбит/с). Онымен жарық импульстерін көптеген километрлерге беруге болады.

Егер мәліметтерді өте жоғары жылдамдықпен үлкен ара қашықтарға және сенімді орта бойынша жөнелту жоспарланып отырса, оптикалық талшықты кабельді пайдалану керек.



Оптикалық талшықты кабельді, егер:

  • минимальды тұратын желі қажет болса;

  • оптикалық талшықты желілік құрылғыларды дұрыс орнату мен түзу қосу үшін қажетті дағды болмаса пайдаланбаған жөн.

Сурет 14. Оптикалық талшықты кабель



Сигналдарды беру

Кабель бойынша кодталған сикналдарды беру үшін екі технологияны қолданылады – тар жолақты беру және кең жолақты беру.


Тар жолақты беру
Тар жолақты (baseband) жүйелер мәліметтерді бір жиіліктегі сандық сигнал түрінде береді. Дискретті электрлік және жарықтық импульстар сигналдары болады. Осындай коммуникациондық каналдың барлық сыйымдылығы бір импульсты беру үшін пайдаланылады, немесе , басқа сөзбен айтқанда, сандық сингал кабельдің өткізуінің барлық жолағын пайдаланады. Кабельдің өткізу жолағы – бұл кабель бойынша беріле алатын максимальды және минимальы жиілік арасындағы айырмашылық.

Желідегі тар жолақты хабары бар әрбір құрылғы мәліметтерді екі бағытта жібереді, ал кейбіреулері бір мезгілде оларды жібере де алады, және қабылдай да алады (сурет 15)




Сурет 15.Тар жолақты жөнелту. Екі бағытты сандық толқын.
Кабель бойынша жылжи отырып сигнал біртіндеп өшеді, және нәтижесінде бүлінуі мүмкін. Егер кабель тым ұзын болса, оның алыс шетінде берілетін сигнал тани алмайтындай болып өзгеруі немесе жоғалып кетуі мүмкін.

Бұны болдырмау үшін тар жолақты жүйелерде сигналдарды күшейтіп және қосымша сегменттерге ретрансляциалайтын репитерлерді пайдаланады, бұл кабельдің жалпы ұзындығын үлкейтуге мүмкіндік береді.


жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау