Бағдарламасы (Syllabus) Дәрістердің қысқаша мазмұны Зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар



жүктеу 2,22 Mb.
бет1/12
Дата16.02.2018
өлшемі2,22 Mb.
#9912
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

МАЗМҰНЫ
Глосарий

Пәннің оқу бағдарламасы – (Syllabus)

Дәрістердің қысқаша мазмұны

Зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ-на арналған тапсырмалар және оларды орындау графигі

СӨЖ-на арналған тапсырмалар және оларды орындау графигі

Материалды меңгергендігін бағалауға арналған сұрақтары

Глоссарий
Желілік қосымшалар – бұл желілік операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалар комплексі.
Жұмыс станциясы (workstation) – бұл желіні қолданушылар жұмыс жасайтын, желіге қосылған дербес компьютер.
Дискілі жұмыс станциясында операциялық жүйе өзіндегі жергілікті дискіден (қатты немесе иілгіш)жүктеледі. Дискісіз станция үшін операциялық жүйе файлдық сервер дискісінен жүктеледі. Мұндай мүмкіндік дискісіз станцияның желілік адаптерінеорналастырылған арнайы микросхема арқылы қамтамасыз етіледі.
Шалғайдағы жұмыс станциясы – бұл жергілікті желіге телекоммуникациялық арналар байланысы арқылы қосылған станция (мысалы телефон желісі арқылы).

Желі сервері (server) – бұл, желіге қосылған жəнежелініқолданушыларға белгілі бір қызмет жасайтын, мысалы ортақ қолданылатын мəліметтерді сақтау, баспаға беру, МҚБЖ-недеген сұранысты өңдеу, т.б. жұмыстарды атқаратын компьютер. Атқаратынфункцияларына қарай мына сервер топтарын көрсетуге болады.
Файлдық сервер (fіle server) – желіні қолданушылардың мəліметтерінсақтайтын жəне осы мəліметтерді, қолданушылардың пайдалануынамүмкіндік беретін компьютер.
Мəліметтер қорының сервері – мəліметтер қорының файлдарын басқаратын, өңдейтін жəне сақтау функцияларын орындайтын компьютер.
Қолданбалы программалар сервері (applіcatіon server) –қолданушылардың қолданбалыпрограммаларын орындауға арналғанкомпьютер.
Коммуникациялық сервер (communіcatіon server) – енгізу-шығарудың порттарына кезекті жергілікті елінің қолданушыларына көмескі мүмкіндік беретін құрылғы, немесе компьютер.

Мүмкіндік алу сервері (access server) – шалғайдағы ақпараттарды өңдей алатын арнайы бір белгіленген компьютер.
Факс сервер (fax server) – жергілікті желіні қолданушыларға мəліметтерді жіберу жəне факсималды мəліметтерді қабылдауды іске асыратын құрылғы немесе компьютер.
Мəліметтердің қосымша көшірме сервері (Buck up server) – жұмыс станцияларында жəне файлдық серверлерде орналасқан мəліметтер көшірмесін қайта қалпына келтіруді, сақтауды жəне құруды шешетін

құрылғы немесе компьютер.


Қайталама (повторитель, repeter) –өзіне келген сигналды күшейтуші немесе регенерациялайтын құрылғы. Қайталама пакетті бір сегменттен қабылдап, оны қалған барлығына береді. Бұл жағдайда қайталама өзіне жалғанған сегменттерді ажыратпайды. Əр уақытта барлық қайталама арқылы байланысқан сегменттерде тек екі станцияның арасындағы мəлімет алмасу қамтамасыз етіледі.
Коммутатор (swіtch) немесе көпір (мост, brіdge) – бұл да қайталама сияқты бірнеше сегментті біріктіретін құрылғы. Қайталамадан айырмашылығы көпір өзіне жалғанған сегменттерді ажыратады, екінші сыңары үшін мəлімет алмасудың бірнеше процессін қамтамасыз етеді.
Бағыттаушы (маршрутизатор, router) – мəлімет алмасудың бір протоколы бойынша бірдей жəне əртүрлі типтегі желілерді біріктіруші құрылғы. Бағыттаушы тапсырылған адресті талдайды

жəне мəліметтерді тура таңдалынған бағыт бойынша таратады.


Шлюз (getway) –мəлімет алмасудың əртүрлі протоколдарын қолданатын, əртүрлі желі объектілері арасындағы мəлімет алмасуды ұйымдастыратын құрылғы.

ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

1 Дәріс



Тақырыбы: Жергілікті желілер
Барлық уақытта да адамзаттың алдында ақпарат алмасу (қабылдау, тарату) мəселесі туындап отырды. Компьютердің пайда болуымен

адамның қолы ақпаратты жинау мен өңдеудің қуатты құралына жетті

жəне осыған байланысты ақпаратты тарату мəселесінің маңызы арта

түсті. Мəліметтерді таратудың дəстүрлі арналары (телефон, телеграф,

почта, радио жəне т.б.) күннен-күнге геометриялық прогрессияда

өсіп келе жатқан ақпараттың үлкен ағымын таратуға барлық уақытта

дəрменді бола бермейді. Сондықтан компьютерлердің пайда

болуымен қатар, олардың арасында ақпараттарды тасымалдау

мəселесі де туды. Қазіргі уақытта əртүрлі есептеуіш машиналар

арасындағы байланысты ұйымдастыру этабы кез-келген

компьютерлік жүйенің қажетті шарты болып табылады. Аталған

жұмыстарды орындауда қолданылатын құралдар мен əдістер осы

тараудың негізгі мазмұнын құрайды. Біз енді бұл мəселелердің қалай

шешілетіні жөнінде төменде қарастырмақшымыз.


Желі құру принциптері

Желінің программалық жəне аппараттық компоненттері
Желі – бір-бірімен байланысқан программалық жəне аппараттық

компоненттердің күрделі жүйесі. Аппараттық құралдардың ішінде

компьютерлерді жəне коммуникациялық құралдарды бөліп

қарастыруға болады. Программалық компоненттер желілік

қосымшалар мен операциялық жүйелерден тұрады. Қазіргі уақытта

желіде əртүрлі типтегі компютерлер мен олардың сипаттамалары

желінің мүмкіндіктерін анықтайды. Бірақ кейінгі кездері

коммуникациялық құралдар да (кабельдік жүйелер, қайталамалар,

көпірлер, бағыттаушылар т.б.) аз рөл ойнамайтын болды. Олардың

қиындықтарын ескеріп, құнын жəне басқа да сипаттамаларын желінің

жұмыс қабілетін қамтамасыз етуде арнайы жұмыстарды шешетін

кейбір құрылғыларды компьютер деп те атауға болады. Нəтижелі

жұмыс істеу үшін арнайы операциялық жүйелер қолданылады,

олардың дербес операциялық жүйелерден айырмашылығы сол,

желідегі компьютер жұмысын басқаруда арнайы тапсырмаларды

шешуге арналған. Бұлар желілік операциялық жүйелер. Желілік

операциялық жүйелер арнайы белгіленген компьютерлерге

орнатылады.


2 Дәріс

Тақырыбы: Қазіргі кездегі желілерге қойылатын негізгі талаптар
Желі кез-келген қолданушының, кез-келген желі ресурсына

мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін құрылады. Желі алдында тұрған

тапсырмаларды таңдауға байланысты ресурсқа қол жеткізу сапасы

желінің əрекет етуінің түпкілікті мінездемесі сияқты көптеген

көрсеткіштермен жазылуы мүмкін. Негізгі көрсеткіштердің арасында

мыналарды айтуға болады:

• өнімділігі;

• сенімділігі;

• басқарылуы;

• кеңейуі;

• айқындығы;

Өнімділігі. Желінің өнімділігі əржақты бағалануы мүмкін.

Қолданушының көзқарасы бойынша желі өнімділігінің маңызды

көрсеткіші жүйенің əсер ету уақыты болып табылады. Бұл əсіресе

желінің жұмыс істейтін бөлігіне қатысты болып келеді. Əсер ету

уақыты – ол сұраныстың пайда болуымен жауап алу арасындағы

уақыт. Əсер ету уақыты жекелеген сегменттердің немесе желінің

жүктелу дəрежесіне, қолданылып отырған желі қызметі сияқты

көптеген факторларға байланысты болады. Сондықтан да желінің

жұмыс өнімділігін бағалауда орташа əсер ету уақыты анықталады.

Желінің мəлімет өткізгіштік қабілеті желі арқылы жіберілген ақпарат

санымен немесе уақыт бірлігіндегі оның сегментімен анықталады.

Желінің өткізгіштік қабілеті мəлімет алмасудағы негізгі тапсырманы

желінің қаншалықты жылдам атқаратындығын көрсетеді. Өткізу

қабілеті секундтағы бит арқылы анықталады.



Сенімділігі. Желі жұмысының сеніміділігі оның барлық

компоненттері жұмысының сенімділігімен анықталады. Желінің

əрекет ететін элементтерінің бірі жұмыс істемей қалғанда екіншісі

қамтамасыз ететін, аппараттық компоненттер жұмысының

сенімділігін арттыру үшін əдетте қосарлау қолданылады. Желімен

жұмыс жасағанда ақпараттың сақталуы жəне қауіптерден қорғалуы

қамтамасыз етілуі тиіс. Əдетте желідегі ақпарат (сенімділігін арттыру

үшін) бірнеше данамен сақталады. Бұл жағдайда мəліметтердің

келісімділігін қамтамасыз ету керек. (мысалы ақпараттарды

өзгерткен жағдайда көшірмелердің бірегейлігі). Желінің тағы бір

функцияларының бірі ақпарат тасымалдануында жоғалу мен

ақаулардың болу себептері болып табылады. (тасымалдау пакет деп

аталатын бөлшектеумен іске асады). Бұл функцияның орындалу

сенімділігін бағалау үшін оның тасымалдануындағы пакет

жоғалуының ықтималдық көрсеткіші немесе пакеттің жеткізілу

ықтималдығы қолданылады. Қазіргі есептеуіш желілерде

сенімділіктің басқа қыры – қауіпсіздік маңызды болып саналады.

Желінің бұл мүмкіндігі ақпаратты рұқсатсыз қолданушылардан

қорғалуын қамтамасыз етеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету сəйкес

ақпараттық құралдарды, арнайы программаларды қолданумен

орындалады.

Басқарылуы. Жеке компьютерлерді біріктіретін желі жұмысына,

желі жұмысын бақылап отыру ғана емес, желінің əртүрлі

ақпараттарды жинауын функцияландыру, сондай-ақ желіні

басқаратын құралдар да қажет. Жалпы айтқанда желіні басқару

жүйесі желінің кез-келген элементіне əсер ету мүмкіндігін беруі

керек. Кез-келген желі элементінен атқарылатын іс-əрекетті байқау

мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет. Желіні басқарумен осы

функциялар жүктелген желі администраторы немесе қолданушы

айналысады. Əдетте жай қолданушыда администраторлық құқық

болмайды. Басқаша айтқанда басқарушылық желі жұмысындағы

немесе оның жеке сегменттеріндегі проблемаларды анықтау,

анықталған проблемалар үшін басқару əрекеттерін өңдеу жəне

болашақта осыған ұқсас проблемаларды шешуде осы үрдістерді

автоматтандыру мүмкіндігі болып табылады.



Кеңейтілуі. Кез-келген есептеуіш желі элементтерін жаңартуда ғана

емес, сондай-ақ физикалық кеңейілуінде де, желінің жаңа

элементтерін қосу (қолданушыларды, компьютерлерді, қызметтерді)

жағынан да дамушы объект болып табылады. Мұндай

мүмкіндіктердің болуы, оларды игерудегі еңбектенудің де кеңейу

ұғымына кіретіндігін көрсетеді. Тағы бір ұқсас қасиет оның

өнімділігін ешбір төмендетпестен кеңейу мүмкіндігін анықтайтын

өлшемінің ұлғаюы (масштабируемость) болып табылады. Əдетте бір

рангті желілерде ұлғаю жақсы болғанымен көлемденуі нашар

болады. Мұндай желілерде желілік адаптер мен қосымша кабельдерді

қолданып компютерді оңай қосуға болады, бірақ желінің өнімділігіне

байланысты, қосылатын компьютерлер санына шектеу қойылады.

Көп сегментті желілерде желі өнімділігін төмендетпестен қосымша

компьютерлердің едəуір санын қосуға мүмкіндік беретін арнайы

коммуникациялық құралдар қолданылады.

Айқындығы. Желінің айқындығы қолданушының көзқарасымен

сипатталады. Бұл маңызды сипаттама жан-жақты бағалануы керек.

Желінің көмескілігі соңғы қолданушыдан желінің жасырын

ерекшеліктерін болжайды. Қолданушы желі ресурстарын жұмыс

істеп отырған компьютердің жергілікті ресурстарын қолданғандай

қолдана береді. Есептеуіш желі əртүрлі операциялық жүйедегі

əртүрлі типтегі компьютерлерді біріктіреді. Мысалы көмескі желі

Wіndows операциялық жүйесі орнатылған қолданушыға Unіx

операциялық жүйесі орнатылған компьютермен жұмыс істеу

мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Айқын желінің басқа да маңызды

жағы желінің əртүрлі элементтері арасындағы қосарлану болып

табылады.



Интеграциялануы. Интеграциялану дегеніміз əртүрлі өндірушілер

шығарған программалық қамсыздандырулардың əртипті жəне

əралуан құрылғылардың желіге қосылу мүмкіндігі. Егер осындай

біркелкі емес есептеуіш желі өзінің функциясын ойдағыдай

орындаса, онда оны жақсы интеграцияланған деп айтуға болады.

Қазіргі есептеуіш желінің мəлімет алмасу процесі ақпарат типіне

байланысты болғандықтан, əралуан ақпаратпен жұмыс істейді.

Үйреншікті компьютерлік мəлімет алмасу теңдесіз жылдам

дамуымен сипатталады. Бұл жағдайда мəлімет алмасудың

синхрондалуына қатаң талап қойылмайды. Мультимедиалық мəлімет

алмасуда тасымалданатын ақпарат сапасы мəлімет алмасудың

қомақты дəрежеде синхрондалуына байланысты болады. Қарама-

қарсы талаптағы екі мəліметтер типінің болуы мəлімет алмасу

процесіне қиындықтар туғызады, демек мұндай мəселені шешуге

есептеуіш желінің жақсы интеграциялануы шартты түрде қажет.

Есептеуіш желі интеграциялануының негізгі даму бағыты олардың

компоненттері мен элементтерінің, стандарттануы болып табылады.

Барлық стандарттар төмендегіше бөлінеді.

• жеке фирмалар стандарты;

• бірнеше фирмалар құрған арнайы комитеттер мен ұйымдар

стандарты;

• стандарттаудың ұлттық ұйымдар стандарты;

• халықаралық стандарттар.

Есептеуіш желіні стандарттау жұмысын көптеген ұйымдар атқарады.

Солардың ішінде есептеуіш желіні стандарттауда табысты жəне

көптен бері жұмыс істеп келе жатқан ұйымдарды атап өтелік:



Стандарттаудың халықаралық ұйымы (Іnternatіonal

Organіzatіon for Standartіzatіon, ІSO) – бұл ұйым есептеуіш желінің

негізгі моделі болып табылатын ашық жүйелердің бір-бірімен

байланыс моделін жасаумен танымал. Бұл модель есептеуіш желі

айналасындағы негізгі стандарттау болып табылады.



Халықаралық электрлік байланыс одағы (Іnternatіonal

Telecommunіcatіon Unіon, ІTU) БҰҰ жанындағы

телекоммуникациялық

секторды


басқарушы

ұйым.


Телекоммуникациялық қызмет пен құрылғылар айналасында

стандарттар жасауға жауап береді. (телефон, электрондық почта,

факсималды байланыс, телетекст, мəліметтер алмасу, аудио жəне

видео сигналдар).



Электротехника жəне радиоэлектроника инженерлер

институты – (Іnstіtut of electrіcal and eletronіc Engіneers,. ІEEE).

Электрондық байланыс стандартын анықтайтын АҚШ-тың Ұлттық

ұйымы. Олардың ең танымалылары 802 (802.1, 802.2, 802.3 жəне

802.5) топтары жасаған стандарттар болып табылады.



Компьютер шығарушылардың Еуропалық ассосациясы – (ЕСМА)

ІTU-T жəне ІSO ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас жасайтын

коммерциялық емес ұйым. Олар компьютерлік жəне

коммуникациялық технологияларға қатысты техникалық бақылау

мен стандарттар жасаумен айналысады.

Стандарттардың Америкадағы ұлттық институты (Amerіcan

Natіonal Standarts Іnstіtute, ANSІ). ANSІ, ІSO – халықаралық

ұйымындағы АҚШ өкілдігі. FDDІ технологияның стандарты осы

институттың өнімі болып табылады.
3 Дәріс

Тақырыбы: Есептеуіш желілердің классификациялары

Аймақтық классификациясы
Жергілікті желі, Local Area Network (LAN). Ережеге сай бір

немесе бірнеше ғимараттарда жинақы орналасқан кəсіпорынның

компьютерлерін біріктіреді. Жергілікті желінің көлемі аздаған

километрден аспайды. Салыстырмалы түрде коммуникациялық

құрылғылардың арзандығы жəне мəліметтер алмасу мен қарапайым

алгоритімдерді қолдануда компьютерлер арасының аздаған

арақашықтығын, жаңа жоғары сапалы байланыс сымдарының

пайдалануын, экономикалық жағынан ақтайды. Қазіргі жергілікті

желілердің өткізгіштік мүмкіндігі 1000 Мбит/с-қа дейін жетеді.

Желілік ресурстарды қарауға кететін уақыт жұмыс станцияларының

жергілікті ресурстарын қарауға кететін уақытпен пара-пар. Мəлімет

алмасудың жоғары сапалылығы желіні қолданушылардың


ақпараттарды тұтынуына кең көлемде қызмет көрсетеді, яғни жеке

компьютерде іске асыру қымбатқа түсетін: файлдық қызмет, баспа,

факс, электрондық почтаға, сканер, мəліметтер қоры жəне басқа да

қызметтерге мүмкіндік береді. Байланыс арналары желінің

компьютерлерімен бір уақытта қолданысқа түсе алады. Бұл жағдайда

компьютерлік мəліметтер алмасуда байланыс сымдарына түсетін

жүктеменің теңсіздігін түзететін мəліметтер алмасудың қазіргі

əдістері қолданылуы мүмкін. (пакеттерді коммутациялау туралы алда

айтамыз). Қосылатын компьютерлердің санына жəне сымның

ұзындығына, олардың қолданатын технологиясына қатаң шектеу

қойылатындықтан жергілікті желілердің аймақтануы нашар.



Бүкілəлемдік желілер Wіde Area Network (WAN). Бір-бірінен

əжептеуір қашықтықта орналасқан компьютерлерді біріктіреді.

Жалпы жағдайда мұндай компьютер жер шарының кез-келген

нүктесінде болуы мүмкін. Бұл жағдайда байланыс сымын əр

компьютерге жалғау экономикалық жағынан мүмкін емес. WAN

желілерді ұйымдастыруда бұрыннан бар байланыс сымдары яғни

телефон сымдары қолданылады. Бұл сымдар компютерлік мəлімет

алмасуда жақсы қолданыс тапты деуге болады. Қымбат

аппаратураны жəне арнайы күрделі алгоритмдер мен мəлімет алмасу

процедураларын қажет ететін мұндай байланыс сымдарының сапасы

əрине мардымсыз. Мəлімет алмасу жылдамдығы LAN желілерге

қарағанда анағұрлым төмен, көрсететін қызмет саны аз, байланыс

арналарын қолдануға дəрменсіз, байланыс уақытында жеке-дара

компьютерлерге қолданылатын байланыс сымы. Бүкілəлемдік

желілердің көлемділігі жақсы. Қосымша компьютерлердің қосылуы

іс жүзінде тұтас желіге еш əсер етпейді.


4 Дәріс

Тақырыбы: Қазіргі кездегі бүкілəлемдік жəне жергілікті есептеуіш желілердің ерекшеліктері
Жергілікті желілердің, бүкілəлемдік желілерден негізгі

айырмашылығы сапалы байланыс сымдарының қолданылуында.

Қалған барлық айырмашылықтар жұмыс істеу барысында

туындайды. Бұған мысал ретінде дəстүрлі байланыс сымдарының

бағасына жетіп қалған талшықты-оптикалық (оптоволоконный)

сымның қолданылуын айтуға болады. Соның арқасында мəліметтер

алмасу жылдамдығы айтарлықтай өсіп, жергілікті желіде

атқарылатын істер енді бүкілəлемдік желіде де кеңінен қолданыла

бастады. Енді бір айта кететін нəрсе мұнда технологиялардың

керісінше енгізілуі де байқалады. Мысалы бүкілəлемдік желілердің

транспорттық технологиясы жергілікті желіде де қолданылады,

бөлінетін байланыс сымдарымен қатар жергілікті желі

стандарттары жекелеген байланыс сымдарының жұмыстарын да

қолдайды, бүкілəлемдік ашық желілерге арналған ақпараттарды

рұқсатсыз ашудан қорғау əдісі жергілікті желілерде де кең

қолданыс тапқан. Əрине аталған қажеттіліктердің барлығы ертеректе

бой түзеген жергілікті желілердің бүкілəлемдік желілерде

қолданылуы арқылы бірігуінен туындап отыр. Жергілікті желіні,

пайдалануға іс жүзінде бүкілəлемдік желіні қолданушылардың кез-

келгенінің мүмкіндігі бар. Бүкілəлемдік желілердің жергілікті

желілер əлеміне өтуі соңғы кездері жан-жақты дамуда, сол себепті

букүлəлемдік желілердің жұмысын іске асыру мақсатында

жергілікті желілерге қойылатын талаптарды білдіретін Іntranet-

технологиясы түсінігі пайда болды. Жергілікті желілердің көлемі тек

аймақтық себептермен анықталатын болды.
Желінің көлеміне қарай классификациялануы.
Жұмыс топтарының жергілікті желілері (Локальные сети рабочих

групп) бір операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін аздаған

компьютерлерді біріктіреді. Желіде желілік қызметтерді атқаратын

(мысалы файлдық сервер, баспа сервері, факс сервері) бір компьютер

белгіленеді.



Бөлімдердің жергілікті желілері. (Локальные сети отделов) жеке бір

бөлімнің компьютерлерін біріктіре алады. Компьютер сандары

жұмыс топтарына қарағанда бірнеше есе көп болуы мүмкін. Желілік

қызметтер жеке белгіленген компьютерлік серверлерге бөліне алады.

Жергілікті желілердің екеуі де базалық технологияның біреуін

пайдаланады. Бұл желілерді классикалық жергілікті желілер деп

атауға болады. Көлемі жағынан олар бір екі ғимаратты яғни аздаған

аумақты алады.



Кампустер желісі бірнеше майда желілерді бір үлкен желіге

біріктіруді көздейді. Мұндай желілер үлкен аймақты алып жатады.

Желілерді біріктіруде аппараттық жəне программалық

қамсыздандыру, əртүрлі технологияларды интеграциялау

мəселелерін шешу керек. Желінің едəуір бөлігі жұмыс топтары мен

бөлімдер желілерінің айналасында жергіліктендіріліген. Кампустер

желісі жекелеген желілердің байланысын, қымбатқа түсетін жалпы

желілік ресурстарға мүмкіндікті қамтамасыз ету мəселелерін шешеді.

Біріктіру барысында бүкілəлемдік байланыстар қолданылмайды.

5 Дәріс



Тақырыбы: OSІ Эталондық моделі
Екі түрлі құрылғының бірегей жұмыс істеуі үшін əр құрылғының

жұмысын қанағаттандыратын келісім керек. Келісім ережеге сай

стандарт түрінде жазылады. Бір-бірімен тығыз байланысты

тапсырмалар мен мəселелерді шешуді қажет ететін желідегі

құрылғылардың байланысы күрделі процесс болып табылады. Əдетте

күрделі мəселелерді жеке дара бөліп қарау керек. Əрбір бөліктегі

мəселені шешу қарапайым болып саналады. Барлық бөліктегі

мəселелерді шешу қойылған тұтас мəселені шешуге мүмкіндік

береді. Қарастырылған төмендегі модель операциялық жүйелер

үрдісі бойынша жасалған.

50 жылдары стандарттаудың халықаралық ұйымы ІSO

стандарттаудың басқа да ұйымдарының қолдауымен ашық

жүйелердің байланыс моделі OSІ моделін жасады. (Open System

Іnterconnectіon, OSІ). Компьютерлер арасындағы мəлімет алмасуда

OSІ моделі негізгі модельдердің біріне айналды. OSІ моделі

операциялық жүйе іске асыратын жүйелік утилиттердің, аппараттық

құралдардың жүйелік байланыс құралдарын сипаттайды. Модель

соңғы қолданушының байланысын сипаттамайды. OSІ моделі

байланыс құралдарын жеті деңгейге бөледі.
• қолданбалық деңгей;

• танымдық деңгей;

• сеанстық деңгей;

• транспорттық деңгей;

• желілік деңгей;

• арналық деңгей;

• физикалық деңгей.

Əр деңгей салыстырмалы түрде тəуелсіз. Əрбір деңгей моделі басқа

деңгей моделдеріне еш өзгертілместен оңай ауыстырылады. Əрбір

деңгей желі құрылғыларының нақты анықталған байланыс

функцияларын сипаттайды. Барлық деңгейлер қандай-да бір деңгейде

қорытылған сұранысты өзінен кейінгі деңгейге беретін иерархиялық

жүйені құрайды. Өңделген сұраныс нəтижесі жоғарғы деңгейге

беріледі. Қолданбалық деңгей басқа компьютерге берілетін,

компьютерде хабар түрінде жұмыс істейтін сұранысты қабылдайды.

Физикалық деңгей дайындалған мəліметтеді физикалық сымдарға

жіберумен айналысады. Екі деңгей арасындағы байланысты сипаттау

үшін интерфейс деп аталатын келісім немесе ереже орнатылады.

Интерфейс бір деңгейден көрші деңгейге көрсетілетін қызметтер

жиынын анықтайды. Мəлімет алмасу поцесіне екі компьютер

қатысады. Компьютерлердің байланыс процесі бірдей деңгейлердің

байланыс процесі түрінде көрсетілуі мүмкін. Бірдей деңгейлер

арасындағы мəлімет форматын анықтайтын ереже протокол деп

аталады. OSІ моделінде протоколдар екі типке бөлінеді. Сымдарды

бір-бірімен жалғауды орнату протоколы мəліметтер алмасу алдында

компьютерлер арасында анықталған параметрлер байланысының

орнатылуын қажет етеді. Дейтаграммалық протокол арқылы

мəліметтер желіге жалғауды алдын ала орнатпай-ақ жіберіледі. Əрбір

деңгей өз деңгейіндегі протокол мен көрші деңгейдегі

интерфейстерді өңдейді. Желі байланысын ұйымдастыру үшін

жеткілікті протоколдар жиыны коммуникациялық протоколдар

ағыны деп аталады. Деңгейлер арасында алмасатын ақпараттар блогы

стандартты форматта болады: яғни тақырыбы, қызметші ақпарат,

мəліметтер, аяқтаушы ақпарат. Ақпараттар блогын беруде əрбір

деңгей төменгі деңгейлерді өзінің тақырыптарымен қамтамасыз

етеді. Жоғары жатқан деңгей тақырыптарын төменгі жатқан

деңгейлер ақпараттар блогы ретінде қабылдайды. Əрбір деңгейде

ақпарат белгіленген функцияға сəйкес өңделеді, яғни мəліметтер

шифрланады. Төмендегі деңгейден ақпараттар блогы алынған соң

ағымдағы деңгейдің тақырыптары мен басқа да қызметші ақпараттар

кетіріледі. Мəліметтер өңделеді, демек мəліметтер қайта

шифрланады. (дешифруются). Бұл уақытта тақырыптар жоғарғы

деңгейге түскен мəліметтерде де болады.



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау