Бағдарламасы (силлабус) Пән Өзін-өзі тану Мамандығы : Педагогикалық мамандықтар



жүктеу 1,42 Mb.
бет8/10
Дата19.11.2018
өлшемі1,42 Mb.
#20743
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Біз - Жер шарыныц үрпағымыз СОӨЖ

Табиғат бізбен үш тілде сөйлеседі: ол бізді қолымыздан алып, "Күрес, үмтыл!" - дейді.

Ол бізге өз жүрегінің дүрсілі естілетіндей жақындап келіп: "Таңырқа, қастерле!" - дейді және біз оны түсінеміз. Табиғаттың осы дауысы біздің тірлігіміздің үш бірлігіне -денемізге, жүрегіміз бен ақылымызға арналған.

Джон Томсон

Сабақтың мақсаты: адамзаттың ортақ үйі ретіндегі Жер планетасын бағалау, сақтау сезімін дамыту. Міндеттер:

біздің планетамызда болып жатқан барлық өзгерістерге, Құбылыстар мен әрекеттерге өзінің қатысы бар екенін сезінуін қалыптастыру;

- адамзаттың жаһандық мэселелерін шешуге өз үлесін қосу қажеттілігі жөніндегі түсінігін кеңейту және терендету;

- мэселелерді қою және оларды шешу қабілетін дамыту. Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, аудиоматериалдар.

®Қосішек Бір-біріне үқсамайтын ғүлама -Тау мен Дала, Бірі - Әке! Бірі - Ана!

Биіктік пен Кеңдік жайлы дастанды Осылардан үқ, өзгеден сүрама!

Дарқан Далам,

Сен дегенде - сөзім шын!

Тарлан Тауым -

Асқар панам - Өзіңсің!

Бәрін айқын көрсететін көз ғана,

Тау мен Дала, менің екі көзімсің!

Таң атады таратып шуағын бал, Шуағына жанарды суарындар! Амандасып, қауышып бір-біріңмен, Қуанындар, Адамдар, қуанындар!

Күн батады, кешкі нүр сараң күліп... Айналаны бүркейді қараңғылық. Сақ болыңдар, Адамдар, сақ болыңдар, Жасамасын біреу кеп арам бұлік!

Далам жайлы,

Даламдай Анам жайлы,

Бүгін жайлы,

Ертеңім - балам жайлы

Күле жүріп,

Іште сыр бүге жүріп,

Білесің бе, көңілім алаңдайды!

Алаңдайды бұл көңіл күнімен де, Көз үйқыға кеткенше - түнімен де. Жаным менің жауапты Өмір үшін, Ең арғысы - бір шумақ жырымен де!

Өмір сүрсе қанша адам жер бетінде, Сонша жүлдыз төнеді көлге түнде... Ағып түсіп кетпесін соның бірі, Мөлдірей түр, айдыным! Жел, лепірме...

Аспан, аспан!

Саған да жалынамын:

Ұялатпа адамның жанына мүң!

Бір жүлдызың төменге сорғаласа,

Бір бейшара өлді-ау деп жабығамын!

Түнгі қала.

Абыр-сабыр тоқтапты. Қар жауып түр. Осынау бір шақ тэтті. Бағаналар басындағы жарыққа Ақ көбелек үйме-жүйме боп қапты.

Жыпырлап жүр, өзі неткен көп еді, алақанға үрікпестен төнеді. Қыстың осы тымық түнін жамылып, өткенді еске ап жүре бергің келеді...

(Тынышбай Рахым)

®Студенттер өздерінің СӨЖ ретінде дайындаған жобаларымен таныстырады.

©Таныстырылған жобалардың қайсысы сізді қызықтырды және неліктен?

1. Жобалардың қайсысын қойылған мэселені шешудің нақты жолы ретінде алуға болады деп санайсыз?

2. Қандай қателер жіберілді деп ойлайсыз? Сіздіңше, қателердің болу себебі неде, олардан қандай қорытынды жасауға болады?

3. Жобаны дайындау барысында сіз қандай білім алып, тэжірибе жинақтадыңыз?

4. Курстастарыңыздың жобаларымен танысу барысында сізде жаңа идеялар туды ма?

®Студенттер оқытушымен бірге үлкен шеңбер жасап түрады. Бұл ойын үшін кішкентай резеңке доп қажет. Оқытушы допты бір студентке лақтырады да, жағымды, жақсы сөздер (мадақ сөз, тілек т.б.) айтады. Допты қағып алған студент келесі қатысушыға өз сөздерін арнап, допты лақтырады, осылайша шеңбердегі барлық қатысушылар допты алып, жақсы тілектерін айтады.

3 - БӨЛІМ

ӨМІР ӘДЕБІ

30 - сабақ

Әлемді қайырымдылықпен сақтайық Лекция-әңгіме

Бул элемде данышпанның алдында бас иіп, қайырымдылықтың алдында тізе бүгу керек.

В.Гюго

Сабақтың максаты: адамның өзін және қоршаған элемді бағалау қабілетін дамыту. Міндеттер:



- адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге үмтылысын дамыту;

- қайырымдылықтың білім, жауапкершілік және төзімділіктің синтезі ретіндегі түсінігін кеңейту;

- адамның өз айналасымен өзара сәйкестікте, үйлесімді дамуына көмектесу.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, аудиоматериалдар.

Ізгілік пен жақсы қылық - амалы, Мүнымен ер екі дүниені алады. Сен ізгілік тілер болсаң; одан да, Кел, ізгілік қыл, сөзінді доғар да.

Қайырым күтсең, ақылыңмен аңғар да, Қайырым жаса, қайырымды жандарға! Кісі мэңгі болмас, мэңгі - ат, ары, Мэңгі қалар оның жақсы атағы!

Егер қолың үзын болса халыққа -Қылық, сөзді ізгі кылып, жарылқа! Жігітшілік өтер, өшер тірлігің, Дүние - түс, көшерсің тез бір күні.

Ізгілік пайда. Тірлігіңді пайда қыл, Ізгілік, соңыра - жер, киерің, ойлағын! Дүние қуып, қызығына түспедім, Күллі ісімді туралықпен істедім.

Мейірімдісің. Өмірден көп тоқыдым Өсиет кып жаздым, өзің оқығын. Мейірімді жан не дегенің, қарагын, Мейірімділік - кісіліктің жанары:

"Мейірлі жан сөзі майдай жағымды, Қүт дарытып, сылап-сипар жаныңды. Мейірбанның адал ойы, жөні де, Әділ сөзі, көтереді көгіне!"

Ізгілікпен кәрі-жастың күйін біл, Сөз, ісіңмен ел-жүртынды сүйіндір. Есендікте ізгілік ет, тарылма, Қазна үлес, жарылқа һэм жаңылма.

(Жүсіп Баласагүн)

Қайырымдылық (ізгілік) және оның антиподы зүлымдык өзінің абстракциялық мағынасында

адамгершілік пен имансыздықты білдіреді. Қайырымдылық үғымы адамдардың ең жалпы мүдделерін, болашаққа деген үмітін, талап-тілектерін білдіреді. Зүлымдық керісінше, өмірге кедергі жасап, оны жоюға тырысады.

Жақсы адам пайдалы заттарды, өнер туындыларын және ой жүйелерін тудыра алғанымен, бұл игіліктің ең маңыздысы оның өзі болып табылады. Аристотельдің айтуынша, ізгілікті адам мақсатын назарға any арқылы анықтауға болады. Жақсы адам - бұл ақыл-ойдың көмегімен өз әрекетінде адам бойына тән мүмкіндіктерге жол аша алатын адам. Спиноза да "ізгілік адамның өз күшін пайдалануды білдіреді, ал күнэһарлық - өз күшін пайдалана алмаушылық, зүлымдықтың мәні - элсіздік", - деген. Бұл айтылғандардан шығатыны - "қайырымдылықтың" анықтамасы - бұл қалыпты әлеуметтік қүндылықтарды білдіретін жалпы этикалық үғым ғана емес, адамдар қылықтарында жүзеге асатын адамгершілік.

Жүсіп Баласағүнның қисыны бойынша, элемнің өзі -қайырымдылық. Қараңғылық - жарықтың болмауын басады, ал адам шыр етіп дүниеге келгенде қайырымды да, зүлым да емес бір жан ғой, ол бірақ негізінде қайырымды болуға тиіс. Ғүлама зүлымдықты білімсіздіктің белгісі, ызаны адамның бұл өмірден жақсылық күтпей, қарама-қарсы топтар мен таптарға бөлінген күрес майданындағы қорғаныс құралы деп білді. Қайырымдылық мэңгі, ал зүлымдық уақытша, өйткені ол бір сәт парасаттылықтың болмауынан пайда болады.

Қайырымдылық сүйіспеншіліктен басталады. Тіптен жануарларға да сүю тэн. Яғни, "глас генома" - генетикалық сәйкес жүптардың табысуы. Махаббат сүлулықпен үштаса жүреді. Махаббат өмірдің кемелденуіне бастайды, ол алға дамудың қуатты күші. Сүйген адам мейірбан, ал сүймеген немесе сүйікті болмаған адам томаға-түйық және лас ойларға бейім. Тек мемлекеттік өктемдікке негізделген таптық қоғамда ғана зүлымдық белең алады.

Гуманистік этиканың көптеген өкілдері адам жаратылысынан қайырымды және зүлымдықоның табиғатынан тыс деген түжырымды жауапты үстанады. Ізгілікті адам концепциясының айшықты көрінісі XX ғасырдың үлы гуманисі А.Швейцердің өмірді қастерлеу туралы ілімінде байқалады. Мысалы, адам өзінің ішкі үмтылысында өмірге қолынан келгенше көмектесуге тырысқанда ғана нағыз адамгершілігімен көрінеді. Ол үшін өмір қасиетті. Өмірді қастерлеу этикасы өзге адамдар алдындағы парыздан бас тартып, өздерін еркін сезінген адамдарды мақтау да, даттау да керек емес деп есептейді. Ол қандай формада, қандай жағдайда болмасын, біздің өзге адамдарга катынасымызда адам болып калуымызды талап етеді. Сен бақыттысың, сондықтан көп нәрсені қүрбандыққа шалуға тиіссің. Өзгелерге Караганда саған денсаулық, қабілет, талант, табыс, байлық және т.б. көп мөлшерде берілген - мүның бәрін сен өз-өзінен келді деп есептеуге тиіс емессің. Сен оның ақысын өтеуің керек. Сен өзге өмір үшін өз өміріңнің күшін беруге міндеттісің (А.Швейцер). Алайда, нақты өмір келісімдерге толы, өз өмірімді сақтау үшін мен зиян келтіруі мүмкін өзге өмірлерден өзімді қорғауым керек. Мен өсімдіктерді, жануарларды жою арқылы өзіме азық табамын. Менің бақытым өзгелерге зиян келтіруден құралады. Шындығында, этикалық емес, тек өмір қажеттілігі мен этиканың қойыртпағы болып табылатын нәрселерді адамдар этикалық ретінде түтынады.

Гуманистік этика бұл компромисті мойындамайды және ақтамайды. Ол тек өмірді сақтауға және дамытуға қызмет ететін нәрселерді ғана ізгілік, кайырымдылық ретінде мойындайды. Мүнан өзге қылықтардың барлығы, мейлі ол қандай жағдайда жасалсын, зүлымдықты сипаттайды. Адам өмірге зиян келтіру қажеттілігіне қаншалыкты дәрежеде бағынатынын және бұл үшін өзіне қаншалыкты кінә арқалайтынын әрқашанда өзі шешіп отыруы тиіс. Адам осылайша адамгершілік түрғыда шындалады. Сонымен, гуманистік этикада қайырымдылық, ізгілік - бұл өмірді бекіту, адамның өз күшін дұрыс пайдалануы. Жақсылық, ізгілік - бұл өзінің өмір сүруі үшін жауапкершілік. Зүлымдық адамды күшінен айырады, жамандық, күнэһарлық - бұл өз-өзіңе деген катынастағы жауапсыздық.

Т.Ғабитов)

Талқылауға арналған сүрақтар:

- Қайырымдылықты жүмсақтықпен, принципсіздікпен, бәріне кешірімпаздық сияқты қасиеттермен жиі катар қояды. Сіздіңше, қайырымдылық деген не?

- Сіз Сократтың "Ізгілік - білім" деген максимасын қалай түсінесіз?

- Қазіргі заманда қайырымдылық пен зүлымдықтың мәні каншалықты өзгерді деп ойлайсыз?

Тапсырма. Айтылымдарға түсінік беріңіздер.

€>) Жаттығу "Қайырымдылык шырағы" ' .Біз эдетте жақсылық жасайтын қайырымды адамды ашық, жарқын, нұрлы адам деп атаймыз. Ал "жақсылық" үғымының өзі жарықпен, шуақпен, күн нүрымен байланысты. Бірақ жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зулымдық (жарық пен түнек) әрқашан бітіспес күресте. Бұл жаттығуда біз жақсылықтың (жарық) жеңіске жетуі мақсатында әрекет жасаймыз.

Жаттығу үшін шырақ (әр екі студентке бір шырақтан) қажет болады. Студенттер жүптарға бөлінеді. Әр жүп бір-бірден жанып түрған шырақ алады. Жүптағы әр студент бір қолымен шырақты үстап, екінші қолын әріптесінің иығына қояды. Қолдардың қалпын өзгертуге болмайды. Тапсырманы жүптар кезекпен орындайды.

Оқытушының белгісі бойынша жүп алдын ала дайындалғагі бағыт бойынша (шамамен 50 метр) жүре бастайды. Студенттердің міндеті -жанып түрған шырақты сөндірмей мәреге жеткізу. Егер шырақ сөніп қалса, жүп сөреге қайтып келеді де, басқа шырақпен жүре бастайды. Жаттығу аяқталғанда, шыракты сөндірмей, қысқа уақытта мәреге жеткен жүп жеңімпаз болып саналады.

Хрестоматия материалдарымен танысыңыздар. Жақ-У| сылық пен жамандық туралы өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

ФДэстүрлі этиканың нормаларын Олжас Сүлейменов-тің төмендегі сөздері айқын бейнелейді: "Жапан далада шөлден қаталап бара жатқан адамды кездестірген көшпенді ешқашан да оның жанына тоқтамай өтпейді. Ол бейшараға су беріп, тамақтандырады, адамдар мекендейтін ең жақын ауылға дейін апарып тастайды. Онымен енді ешқашан кездеспейтіндей, әрі қарай сапар шеге береді. Төсінде осындай мындаған оқиғалар орын алған даланың өз заңы бар: "Адамды кездестірсең, оны қуант: мүмкін сен оны соңғы рет көріп тұрған шығарсың".

Қазіргі элемде адамдардың бір-біріне тэуелділігі олардың өзара қарым-қатынастарына үлкен де биік талаптар қояды. Үйлесімді дамыған тұлғаның бойында өзінің кәсіби мәдениетімен қоса, адамгершілік мәдениеті де болуы керек. Қайырымдылық, төзімділік және жауапкершілік мамандардың кәсіби эдебінің негізі болуы тиіс.

Өз заңы бар тіршіліктің, тыныстың, Өз заңы бар сыйластықтың, үрыстың. Сүймесек те, қажетсіз деп, күрмекті, Үлесі бар тағдырында күріштің.

Жүлдызға да қарсы жүлдыз туады, Кедергісіз ақпайды жер бұлағы. Несібелі етсе сені жараткан, Ортақ ауыз міндеттідей түрады.

Бағың күлсе раушандай ашылып, Сорың келер сорадай боп қосылып. Кәрі киял басын алып отырар, Кеуденде бір өне қалса жас үміт!

Еркін ойлы, әрекеттің адамын Айналдырып, бір топасқа таңады. Толыққанды бақытты емес ешбір жан, Жаратқанның шығар бұл да амалы!

Адалдықты алып түсер айлаңның Түбі терең - қазығына байландың... Үлылық пен зүлымдық тең десек те, Өтімділеу соңгысына қайранмын!

(Ханбибі Есенцарацызы)

31 -сабақ

Байлық және кедейлік туралы диалог Лекция-әңгіме

Молшылыққа белшеңнен батқың келе ме? Онда теңізге емес, өз теріңе малшын! Асылды сонда ғана табасың. Егер одан таппасаң, еш жерден таппайсың.

М.Пришвин

Сабақтың мақсаты: адамның өзін және өзінің болашағын бағалау қабілетін дамыту. Міндеттер:

- өмірде өзін-өзі жан-жақты көрсетуге үмтылысын дамыту;

- адамның материалдық және рухани байлығы жөніндегі үғымын қалыптастыру, кеңейту;

- адамның іскери белсенділігі мен тапқырлығын дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе" оқу құралы, аудиоматериалдар.

®Қағаз әлем Қағаз әлем - қағынган ақша ғасыр. Тығып жатыр қойнына масқара сыр. ¥ры-қары,

Сот-жендет бәрі ақшашыл,

Толып жатыр еңбексіз - босқа масыл.

Алпауыттар ақшалы дараланып, Қоқсығы, қордасы қораланып. Қиындықты қайыспай көтерем деп, Қайқандайды белінен қара халық.

Бүгін мүмкін немесе ертендері, Өмірінен қиылып өркендері. Шырпы тисе ақша элем -Қағаз ғасыр

Дап-дайын түр өзі де өртенгелі.

(Дәуітәлі Стамбекүлы)

®Америка психологы А.Маслоу адам өмірі қажеттіліктерінің иерархиясын анықтаған. Оның пирамидасының негізінде адамның физиологиялық қажеттіліктері (аштық, шөл, киім, баспана) жатса, ең басында - өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі көрсетудегі қажеттіліктері орналасқан.

Қазіргі заманда көптеген адамдардың пікірінше, бақыттың басты шарты - материалдық байлық. Шын мәнінде солай ма?

Бір аңызда шэкірт баланың өз үстазынан былай деп сүрағаны туралы айтылады: "Бақыт ақшада емес деген қаншалықты дұрыс?". Ұстаз бұл сүраққа былай деп жауап беріпті: "Ақшаға төсек-орын сатып алуға болады, бірақ үйқыны сатып ала алмайсың; тамақ аласың, бірақ тэбет алмайсың; дәріні аласың, бірақ денсаулықты емес; күтушіні сатып аласың, бірақ достарды емес; эйелдерді сатып аласың, бірак махаббатты емес; баспана сатып аласың, бірақ отбасын емес; көңілді көтере аласың, бірақ қуанышты емес; мүғалімді сатып аласың, бірақ ақылды сатып ала алмайсың".

Көріп отырғанымыздай, материалдық байлық - өмірдің мүраты емес, ол адамның өзін-өзі корсету құралы, толық бакытқа жету. Материалдық ауқаттылыққа қарамастан, ақшаны бірінші орынға қоятын адамдар басқаларға қарағанда анағүрлым бакытсыз. Адамның байлығы ақшаның санымен өлшенбейді, адамның нағыз капиталы оның білімі, оның кәсіби компетенттілігі, рухани байлығы және бэсекеге қабілеттілігі.

Осыған байланысты Конфуций, адамға көмектесу үшін оған "балық емес, кармақ" беру керек деген. Мүның мәнісі - адамға дайын игілікті, байлыкты беріп, оны асыраушысына карап көмек күтетіндей етіп калыптастырмай, оның орнына өздігінше өмір сүруге кажет нәрсені өзі табуына үшін күрал, кілт беру керек дегені.

Қазіргі заманғы адамның, біздің замандасымыздың байлығы -жақсы түрмыс халі, өмірінің сапасы мен мәні - өркениеттің басты байлықтарына қолының жетуі (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, демалыс т.б.) және өзінің жеке басының жан-жакты дамып, өсу мүмкіндігі. Осыған сәйкес, кедейлік - материалдық және рухани байлықтарға қол жетпеуі, мүмкіндіктердің тарылуы, тіпті болмауы. Қазіргі заманда кедейшілік түрақтылықка, бэсекеге қабілеттілікке төнген қауіп-қатер ретінде қарастырылады. Кедейлік - адамды шарасыздықтан, мүқтаждықтан әр түрлі әрекетке, радикализмге, экстремизге итермелейтін күш деп саналады. Кедейшілікпен күрес бүкіл элемдік қауымдастықтың күш-жігерімен шешілетін жаһандық мэселелердің бірі болып табылады. Сонымен бірге, әрбір адам өзінің мэселелерін өзі шешіп, өз тағдырын, өз бақытын өзі жасауы тиіс.

Адам бақытының барлық факторларын сыртқы және ішкі деп екіге белуге болады. Сыртқы факторларға материалдық ауқаттылықтың деңгейі, адамның қоғамдағы және отбасы жағдайы, еңбегі мен қызметі т.с.с. жатады. Ал ішкі факторлар тұлғаның моральдік-психологиялық жан-күйін: ақылын, еркін, мінезін, темпераментін, адамгершілік қасиеттерін қамтиды. Артур Шопенгауәрдің айтқанындай, "Бақыт үшін адамның ішіндегісі оның сыртындағысынан анағүрлым маңызды бола түрса да, адамдар өзіне ақылы мен жүрегіне білім берудің орнына байлық жинау үшін мың есе көп күш жүмсап, әрекет жасап, қам жейді".

Пікірлесуге арналған сүрақтар:

- Ақша сіз үшін: мүрат па, құрал ма?

- Сіз "Кедейлік - үят, кемістік емес" дегенге қалай қарайсыз?

- Қандай адам, сіздіңше, нағыз бақытты адам?

®Тапсырма. Төмендегі айтылымдарға түсінік беріңіздер:

>^"і\ Тақырыпқа байланысты хрестоматияда берілген

Г^Т] материалдарды окып шығыңыздар.

§Жаттығу "Метафоралар" Тақырып бойынша проблемалық сүрақтарды, қанатты сөздерді алдын ала жеке карточкаларға жазу керек. Мысалы, "Егер адам байлықты өз еңбегімен таппаса, оны өз игілігі үшін жүмсай ала ма?"; "Алтын көрсе періште жолдан таяды"; "Байлық -"жүлдыз ауруының" көзі"; "Бай адамды ақшасы үшін сүйеді"; "Байлықтың артынан қуамын деп, жақын адамдардан айрылып қалуға болады"; "Кедей болу үят па?"; "Байлық - мүрат емес"; "Он екі мүшең сау болса, сэулет емей немене?! Он саусағың сау болса, дэулет емей немене?!" т.б. Жұмыс 3-4 адамнан түратын шағын топтарда орындалады. Әрбір топта A3 форматты 2 парақ қағаз және сурет салуға қажет құралдар болуы тиіс.

Бұл тапсырманы орындау барысында метафоралар тілі арқылы мэселені түсіну, сезіну деңгейіне шығу мақсаты көзделеді. Метафоралар адамға өз басындағы ауыртпашылықтарды, шешімі қиын мәселелерді сезініп, түсінуге мүмкіндік береді. Метафоралар сананың шекарасын кеңейте отырып, нақты қабаттарына да қозғау салады.

Ойынға қатысушылардың алдына қойылатын міндет - ©3 әріптестерінің метафораларының мазмүнын түсініп, қабылдау. Метафоралық суреттеудің тура мағынасы сана арқылы қабылданып, оны өңдеу және құпия, жасырын мағынасын табу әрекеті іске асырылады.

Оқытушының нүсқауы: 1-інші кезең

- Біз бүгін байлық пен кедейлікке қатысты мэселелермен жұмыс істейміз. Сіздердің тобыңызға түскен проблемалық сүрақты метафоралық түрде қалай бейнелеуге болатынын ойластырыңыздар. Сурет салу үшін бояулар, фломастерлер пайдалауга болады. Біздіңше, дэл қазір акварель бояуларын пайдаланған дұрыс сияқты.

Медитативтік музыка баяу ойнайды.

- Көздеріңізді жүмыңыздар. Алдыңызда түрган мэселеге ойша қайтып оралыңыз. Мэселеге жан-жағынан салқынқандылықпен қарап шығыңыз.... Осы проблемамен байланысты қандай ассоциациялар пайда болуда? Қандай образ туып жатыр?

Мүмкін есіңізге өміріңізде осындай мэселемен бетпе-бет келген сәтіңіз түсіп отырған шығар ...

Ал енді көздеріңізді ашыңыздар да, өз тобыңызда көз алдыңызға келген образды бірлесіп талқылағаннан кейін, қолыңызға қылқалам алып, образдың суретін сала бастайсыз. Суретіңізді мүмкін "Проблеманың метафорасы" деп атарсыз. Жұмыстың орындалу уақыты - 15-20 минут.

Кейде қатысушыларға суретті сол қолымен (егер олар оңқай болса) салу үсынылады.

Бірқатар ғалымдардың пікірінше, бұл шығармашылық жұмысқа мидың оң жартышарын бағыттап, адамның образдық және ассоциативтік ойлауына мүмкіндік береді.

Сурет салудың басына қарағанда медитативтік музыка енді сэл каттырақ ойнауы керек.

2-нші кезең. Оқытушының нүсқауы:

- Сонымен, сіздер проблеманың мәнін метафоралық образдарда ^инеледіңіздер. Соңғы тапсырма - ең маңызды тапсырма. Сіздер бейнР1Ң13Д'Ң мэселені шешудегі жеңістеріңіздің метафорасын позиеЛеУЛерІҢІЗ қажет- Топтағы әріптестеріңізбен бірге қалыпты емес,

тивті метафора ойлап табыңыздар. Мүмкін осы метафорада мэселені шешудің сіз үсынған жолы бейнеленетін болар? Егер сіздер өздеріңіз жасайтын образға шамалы эзіл енгізсеңіздер, жақсы болар еді.

Жаңа метафорамен жұмысқа 15-20 минут уақыт беріледі. Көңіл-күйді көтеру үшін мажорлы музыка орындалады. Метафоралармен таныстыру кезеңінде (суреттер, афоризмдер, "мүсіндер" (скульптура), театр-ландырылған көріністер т.б.) қол шапалақтап отыру орынды болады.

Осымен жаттығу аяқталып, сабақтың келесі кезеңі - рефлексияға көшеміз.

®"Байлық" үғымы - көпжақты үгым. Байлық - бұл тек ақшаның болуы емес, сонымен бірге, ең алдымен, денсаулық, білім, кәсіби біліктілік, қогамдағы орның, жеке және отбасылық өмір, рухани байлық, адамның творчестволық өзін-өзі көрсетуі. Материалдық байлық адамның тек қана өзін-өзі шығармашылық жағынан іске асыруының, жан-жақты және үйлесімді дамуы мен толық мэнді өмірінің шарты ғана екенін есте сақтау қажет.

/<Г~"«К Бай болам деп бір демде,

III ) Омақаспа, қарағым.

\Li)/ Ақыл айтсам, мін корме,

Қүлақ салсаң, жарадыц!

"Ана біреу бозамық, -деме, - менен артық па?!" Болмағанмен өзі алып, ар жағында бар түтқа:

Қайын атаның қүрығы, Оны талтандатып түр, Қазынадан бар шығыны, Ақша табар жатып күр.

Байимын деп он айда, Жанталаспа жүлқынып. Баюдегенол-айла,

Бойлатпайтын бір түнық.

Байыр ебін тапса кім, Білсең, байлық шіркін - у: Қаптасынан басқаның Ебін тауып қымқыру.

Ондай ебің жоқ па еді -Пайда іздеме жер-көктен: Байлық - дерттің от-демі, Талайларды мерт еткен.

(Фариза Оңгарсынова.)

32-сабақ

Байлық және кедейлік туралы диалог СӨЖ

Сабақтың мақсаты: адамның өзін және өзінің болашағын бағалау кабілетін дамыту. Міндеттер:

- өмірде өзін-өзі жан-жақты көрсетуге үмтылысын дамыту;

- адамның материалдық байлыкпен катар рухани байлықка деген қажеттілігін дамыту;

- өз пікірлері мен көзқарастарын дэлелдей алу біліктілігін дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: студент дәптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе" оқу құралы, аудиоматериалдар.

(Q\ Таисырма

I -т I Төмендеп тақырыптардың біріне шығарма \Jy жазыңыздар:

1. Байлықтың беретін ең қымбат игілігі - еркіндік. (Р.Эмерсон)

2. Кім азды қанағат түта білсе, сол - бай. (К.Гольдони)

3. Ақша бәрін істей алады деп есептейтін адамдар - ақша үшін өздері бәрін істей алатындар. (П.Буаст)

4. Сараңцық - барлық жаманшылықтардың өсіп-өнетін тамыры. (Д.Чосер)

5. Сараң мүқтаждықтан коз ашпайды. (Гораций)

6. Жылдам келген нәрсе жылдам кетеді.(Ш.Бронте)

7. % Ақшалы адам жазаға тартылмайды. (Цицерон)



8. Ақшаны басқару керек, оған қызмет етпеу керек.(Сенека)

9. Ақша онсыз (ақшасыз) күн көру үшін де қажет.(О.Бальзак)

10. Ақшаның көзін жойсаң - соғысты да болғызбайсьің. (Квинтилиан)

33-сабақ


Қазіргі бүқаралық мәдениет және жеке тұлға СОӨЖ

Өнер шын мәнінде адамгершілікті дәріптесе ғана құрмет пен сүйіспеншілікке бөленеді.

Р. Роллан

Мақсаты: нағыз мәдениетті бағалай білуге баулу. Міндеттер:

бүқаралық мәдениет, оның адам өміріндегі орны мен рөлін түсінуге үмтылысын қалыптастыру;

бүқаралық мәдениеттің мәнін түсінуіне көмектесу;

бүқаралық мәдениетке өз көзқарасын қалыптастыру. Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, БАҚ материалдары.

©Музаға 1

Отырғанын қарашы күйім келмей, Қайда кеттің? О, Муза! Қүйын желдей. Аузымды ашсам өкпемнен жел үреді, Қаңыраған иесіз диірмендей. Мүздатады жанымды бүйым көрмей.

Жел үреді желпініп, көрік-кеудем, Күйім келмей отырмын неліктен мен?! О, Муза!

Қайдасың сен желік берген? Жалын мен отқа ғана ерік берген Серігім, қайдасың сен сеніп келген?

Дэптер жатыр парағы аударылмай, Аударылмай шынымен қалғаны ма-ай! Ойлар жатыр еңсемді бір көтертпей, Тонна-тонна қорғасын салмағындай. О, Муза!

Әуреге салғаның-ай!

Күтемін сенен үміт, сенен жігер, Қисаң маған, биік пен тереңді бер! О, Муза!

Маған алыс сөреңді бер!

Ғайыптан кел де, мені демеп жібер.

(Мүцагали Мацатаев)

Пікірталасқа даярлық барысында хрестоматия материалдары мен қосымша ақпараттарды пайдалаігу үсынылады. Пікірталасты үйымдастыру үшін екі топ

құралады; бір топ өз тезисін корғаса, екінші топ антитезис дайындап, оны дэлелдеуі керек.

Тезис: Бүқаралық мәдениет қоғамға, әсіресе жастарға олардың адамгершілік, интеллектуалдық және шығармашылык мүмкіндіктерін төмендете отырып, теріс ыкпалын тигізеді.

Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Сіз қалай ойлайсыз, бүқаралық мәдениет бүкіл элемде кең тараған ба, элде кейбір дамыған мемлекеттерге ғана тэн қүбылыс па?

2. Сіз мәдениеттанушылардың "бүқаралық мәдениет - бұл сөзсіз теріс қүбылыс" деген түжырымымен келісесіз бе, мүндай мәдениеттің жағымды, дұрыс сипаттамасы бар ма?

3. Сіздің бүқаралық мәдениетке қатысыңыз қандай: өзіңізге ыңғаилы болғандықтан бәрі сияқты болғыңыз келе ме, элде жалпы бұқара көпшіліктен өзіңізді айрықша бөліп көрсететіндей өзгеріс жасағыңыз келе ме?

I 4. Сіздің нені оқығыңыз келеді: эдеби шығарманы ма элде оның дайджестін бе?

5. "Жүлдыз" деген үғымды қалай түсінесіз? Өнердің әр түрлі жанрынан осы үғымға сәйкес келетін бірнеше өкілді атаңыз. 6- Сізге фильмдердің қандай жанрлары үнайды? Неліктен?

7. Сізге белгілі телеарналар хабарларының мазмүны мен түрі үнай ма? Қандай телехабарларды қарауды ұнатасыз?

8. Сіз классикалық өнерге арналған хабарларды карайсыз ба?

9. Сізге реалити-шоулар үнай ма? Неліктен үнайтынын айтыңыз.

10. Тауар сатып алғанда қандайын алғыңыз келеді - кеңінен жарнамаланғанын ба элде аз жарнамаланған, бірақ нүсқаулығында барлық пайдалы жақтары толық жазылған тауарды ма?

11. Сіз өзіңізге жараспайтын, бірақ сэнді киімді киер ме едіңіз?

12. Біздің қоғамымызда кең тараған қандай заттар мен бүйымдарды сіз кич категориясына жатқызар едіңіз?

ІЗ.Өзіңізді жастардың ортасында "өзінікі" саналу үшін не істеу керек?

14. Егер сіздің жақсы таныстарыңыздың арасында сізге жеңіл есірткіні пайдаланып көруге үсынса, сіз не ойлап, не істер едіңіз?

15. Сіз қай жастан бастап жыныстық қатынасқа түсіп, азаматтық некеге түруға болады деп санайсыз? Бұл мәселеде өзіңізді қоршаған ортаның мүшелері сияқты әрекет етесіз бе?

16. Сіз өз достарыңыз, күрбы-қүрдастарыңыздың нені бағалап, маңызды деп есептейтінін тізіп айтыңыз.

17. Қазір біздің қоғамымызда бар "элита" үғымының мәнін іүсіндіріңіз. Сіздің элитаға көзқарасыңыз қандай?

®1-тапсырма. Әрбір адам үшін "имидж" үғымының маңызы бар ма, элде ол тек белгілі тұлғаларга ғана тэн ұғым ба? Сіздің қандай имиджге ие болғыңыз келеді? Жауаптарыңызды дэптерлеріңізге жазыңыздар.

®2-тапсырма. Төмендегі сүрақтарға жауап беріңіздер. Адамды киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарап шығарып салатыны белгілі. Қалай болған күнде де, орыс халқының мақалы осылай топшылайды. Бүгін, мүмкін, бұл мақал ескірген шығар?

- Талғам және сән деген не? Олар бір-бірімен қалаи байланысқан?

Супермодельдер өздеріне үқсағысы келетін жастардьШ кумиріне (піріне) айналады. Сіз бүған қалай қарайсыз?

Адамдардың талғамы әр түрлі, бірақ кейде өте сэнді киінген адамдардың арасында өзіңці қолайсыз сезінесің. Бұл жағдайда не істеу керек деп ойлайсыз?

. Қазіргі уақыттағы сэн сізге үнай ма, элде, сіздің ойьщызша, өзгерістер енгізу қажет пе?

- Сіз өзіңізді киім тандауда еркін санайсыз ба, элде өмірдің стилі, жүріс-түрыс эдебі сізді белгілі бір қалыпта киінуге мэжбүрлей ме?

- Сіздіңше, киінудің белгілі бір нормалары бар ма, элде әр түрлі ситуацияларда адам киінуінде еркін бе?

. Сіздің "Мода (сэн) өзіңнің өзгелерге үқсастығыңмен ерекшеленуге ынтықтығың" (Г.Мамкин) деген айтылымға байланысты пікіріңіз қандай?

Тақырыпқа байланысты хрестоматия материалы мен (І\/у) танысь,ныздар. Пікірлеріңіз өзгерді ме?

©Бүқаралық мәдениет - біздің өміріміздің фактісі, одан ешқайда қашып қүтылуға болмайды. Бұл мәдениет бүқаралық ақпарат құралдары арқылы, қазіргі заманға өнердің әр түрлі салалары арқылы бізге - ересектерге, эсіресе жастарға эсер етіп, ықпалын жасауда. Ол бәрімізді бірдей қалыпқа салғысы келеді. Дегенмен де, әрбір адам өзінің даралығымен, қайталанбас ерекшелігімен қызықты да көрікті, эсем. Ал осы даралықтың қалыптасуы үшін бүқаралық мәдениеттің поп-корны жеткіліксіз.

€\ Қаншама өтті өңірден жаңалықтар,

) Қаншама кетті өмірден шалалықтар.

Мен үшін жастық та жоқ, Қарттық та жоқ, -Мен үшін балалық бар, Даналық бар.

Асылын аямаған жүрағаттар

Бүгіннен болашаққа бір-ақ аттар.

Мен үшін қалжырау жоқ,

Демалужоқ,-

Мен үшін жұмыс бар да,

Рахат бар!

Біріне бірі үстатпай тарлан айлар, Бедеулік көрсетсе ойлар,

Зарламай ма ар?!

Мен үшін өткен күн жоқ,

Келер күн жоқ,

Мен үшін "Дэурен-ай!" бар,

"Арман-ай" бар!

(Қадыр Мырзалиев)

34-сабақ

Қазіргі бүкаралық мәдениет және жеке тұлға СӨЖ- 1

Мақсаты: өзін және өзінің даралығын бағалай білуге баулу. Міндеттер:

сыншыл ойлау, өз пікір, көзқарастарын дэлелдей алуға үмтылысын дамыту;

бүқаралық мәдениеттің мәні, оның бизнес пен саясатқа ықпалы жөніндегі түсінігін кеңейту;

мінез-қүлқын өзіндік реттеу қабілетін дамыту. Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, БАҚ материалдары.

®1-тапсырма. Хрестоматия мен БАҚ материалдарына сүйене отырып, "Бүқаралық мәдениет және бизнес", "Бүқаралық мәдениет және саясат" (таңдауларыңыз бойынша) тақырыптарына мысал келтіріңіздер. Кесте жасаңыз (мысалы):


Тезис

Мысалдар

1. Қазіргі бүқаралық мәдениет бизнеспен тығыз байланысты: бизнес соның арқа-сында өз мүдделері үшін аудиторияның талғамын қалыптастыруға үмтылады.

2. Бүқаралық мәдениет - адам санасына эсер етудің мықты құралы, сондықтан оны саясатта да пайдалануға болады.






жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау