Бағдарламасы (силлабус) Пән Өзін-өзі тану Мамандығы : Педагогикалық мамандықтар



жүктеу 1,42 Mb.
бет6/10
Дата19.11.2018
өлшемі1,42 Mb.
#20743
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

14-сабақ

Өзара түсіністік және достық СОӨЖ -2

Тез дос болма, ал дос болған екенсің, солай болып калуга тырыс, өйткені бір де бір досы бол мау мен коптеген достарды ауыстыра беру де -бірдей үят.

Исократ


Сабақтың мақсаты: адамдар арасындагы достық пен озара түсіністікті бағалай білуге үйрету. Міндеттер:

- сенімді және адал дос болуға үмтылысын дамыту;

- адамның өмірінде достықтың алатын орны туралы үғымын кеңейту;

- адамның айналасындағы адамдармен жемісті өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе" оқу құралы.

©Мейірім мен жылылық Тар жол тайғақ кешуде, Бүралаңда, Мүңайғанда, Оңаша жылағанда. Сездіртпейтін салқынын

Сол сәтінің

Бір жылылык керек пе бұл адамға?

Керек, бірақ іздерсің кай маңайдан, Жан емессің іздеуді ойға да алган. Бүрын да элде солай ма кім біліпті Ызғар есіп кетеді айналаңнан.

Өзің болып бәрінен қүрғалған жан, Және үміт күтесің бір қолдаудан. Қүтылуга септігін тигізетін Бір мейірім іздейсің бұл жалғаннан.

Сол түтқиыл тағдырға болып босаң, Есің ауып,

Ауытқып шалықтасаң, Кездестіру қиындау асыл жанды Өзіңе үқсас біреуге жолыкпасаң.

Басыңа іс түспесе не қыласың? Қысылғанда киналып, Тарығасың.

Пенделердің түңіліп сыкпытынан Жақсыларды армандап, Сағынасың.

Кімге керек біреудің үлылығы, Кімге керек біреудің ірілігі. Қырсықканда жетпейді, Дэл сол кезде

Адамдардың адамға жылылығы.

Сені де елеп жүретін, Мені де елеп,

Солар жайлы ойлайык көбіне-көп. Адамдарды бөлмеймін адамдардан Жаны жомарт жандардың жөні бөлек.

Өткенімді қалайша жамандармын, Мен де талай мазақтан аман қалдым.

Жылылығы жетпей жүр адамдардың.

(Дәуітәлі Стамбеков)

Жаттығу "¥жьшдық санамақ"

Студенттер бастарын төмен салып, бір-біріне қарамаған күйде шеңберді айнала түрады. Топтың мақсаты - натуралдық қатар сандарын жаңылыспай атап шығу. Үш шарттың орындалуы қажет: біріншіден, санауды кімнің бастайтыны және қай саннан басталатыны белгісіз; екіншіден, бір ойыншының екі санды қатар атауына болмайды; үшіншіден, егер қажет санды екі немесе одан да көп ойыншы атаса, ойынды жүргізуші санамақта қайтадан бірден бастап санауды талап етеді. Осы ережелерді сақтай отырып, ең үлкен санға дейін жету керек. Қатысушылардың естерінде сақтау керек нәрсе -өздерін де, өзгелерді де байқап, аңғарымпаз болуы тиіс, дэл сол уақытта үндемей қалу керек пе, элде санды атау қажет пе, соны аңцап түруы тиіс.

Талқылауға ар нал ran сұрақтар:

1. Тапсырманы орындай алдыңыздар ма?

2. Тапсырманы орындауға командада не бөгет жасады, керісінше, не көмектесті?

3. Тапсырманы орындау барысында ойыншылардың басым көпшілігінің көңіл күйі қандай болды?

4. Жаттығудың алдына қойылған мақсат қандай?

а"Сағаттар" Ойынга қатысушы әрбір адам белгілі бір уақытта кездесуге келіседі. Кіммен және қай уақытқа кездесетінін үмытып қалмас үшін, әріптесінің атын сағатқа, белгіленген уақыттың түсына жазып қояды.Мүмкіндігіне қарай әрбір студенттің сағаты толығымен белгіленген болуы тиіс. Содан соң оқытушы нақты бір уақытты хабарлайды, мысалы: "қазір сағат 9". Кездесуі сағат тоғызға белгіленген ойыншы өзінің әріптесін табады да, бір шетке барып түрады. Оқытушы эңгіменің тақырыбын айтады. 1-2 минуттан кейін, уақыт өзгереді, демек, эңгіменің тақырыбы да өзгереді. Сағат тілі толық шеңбер жасап айналып шығады.

Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Менің өмірімдегі достықтың орны қандай? -^- 2. Әйел мен ер адамның арасындағы достыктың болуы мүмкін бе?

3. Досым үшін бәрін қүрбандық етуге дайынмын.

4. Әйел достығы - бұл шындық па, элде ертегі ме?

5. Тоқтап қалған достық, ешқашан да басталған емес. (Публилий Сир)

6. Ерлер достығы. Нені білдіреді?

7. Туыстың дос бола бермеуі мүмкін, ал дос әрдайым туыстай бола алады. (В.Франклин).

8. Нағыз дос қана өз досының осалдықтарына төзе алады. (У.Шекспир)

9. Досы көптің қасына, жау келмес деген осы да. (А.Тоқмағамбетов)

10. Ақылсыз достан ақылды жау артық. (Ә.Науаи) П.Достықта, махаббаттағы тәрізді, адамдар бақытты болады,

себебі олар жақын адамдар туралы ақиқатты білмейді.

12. Досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтамын. Осы түжырым әрқашан да эділ, дұрыс деп санайсыз ба?

✓-^ Хрестоматиядағы адамдардың өзара қарым-

MJ қатынастарында түстердің рөлі туралы материалды оқып, \У/ талдаңыз. Сіз өзіңіздің күнделікті өміріңізде түстерді Дұрыс пайдаланасыз ба, байқаңыз.

®Әлеуметтік интеллект тесті. Адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың маңызды қүрамдас бөліктерінің біріне адамдарды олардың тәртібіне, әрекетіне қарай түсіну біліктілігі деп аталатын әлеуметтік интеллект жатады.

f\Aj\ Адамдардың өзара қарым-қатынасы, өзара түсіністігі,

1 1 і тіл табысуы тақырыбына арналған сабағымызды

93

қорытындылауда Роберт Энтонидің "Өзіңе сенімділік қүпиялары" атты кітабынан дэйексөз орынды болатын тәрізді.



Жолдарды салушылар ма әлде қабырғалар түрғызушылар ма?

Сіздер өздеріңізді жол жасаушы әлде қабырғаларды түрғызушы ретінде қарайсыздар ма? Өздеріңізге қалай қарайсыздар? Мен Эвелин Хартвичтің шығармасынан алынған үзіндіден осы сауалдарға жауап тапқандаймын:

Адамдарды байланыстыра отырып, Державалық Рим үлы жолдар салды, Сонымен цатар цабыргалар да түргызды. Оларды цоргай отырып жәнв бөле отырып, адамдар арасындагы жүзжылдыцтар өте шъщса да, цабыргалардың бәрі цүласа да, жолдар бәрібір цалып цойды.

Сіздер ойларыңызда адамдармен ойша кездесетін, жолығатын жолдар саласыз ба? Немесе ойша адамдардан оқшау болу үшін қабырға түрғызасыз ба? Меніңше, қабырғаларды түрғызуға кететін күшіңіз, материалдар, жай ғана еңбегіңіз материалды босқа шығындап, текке жүмсалған күш, уақыт деп ойлаймын. Себебі бұл қабырғалар мэңгілік емес қой, күндердің бір күнінде олар да қүлайды, ештеңеге төтеп түра алмайды.

Ақиқаттың өзі мынада: біз бүкіл адамзат баласымен рухани байланыстымыз, бірліктеміз, ал біздерді бөліп, оқшаулайтын адам қорғандары ешқашан үзақ түрмайды. Ал жолдарға келсек, эңгіме басқа. Адамдармен байланыстыратын жолдар салсаңыз, бұл екіжақты қарым-қатынастың мықты, қуатты қан тамыры, біздің күнделікті өміріміз оларсыз мүмкін емес: сізде жай ғана іскери қарым-қатынастан да жоғары түратын осындай көпшілдік қасиет бар ма?

Ал көңіл-күйге ортактасудың тыныш бульварлары ше? Сіз жолдарды жүректен-жүрекке апаратын, өзара түсіністік, қуаныш пен қайғыда көңіл-күйге ортақтасу жолдарын саласыз ба, ынтымақтастық сіздің көңіл-күйіңізді көтере ме? Сіз махаббат пен түсіністіктің осындай тыныш алаңқайлары мен бульварларын сала аласыз ба? Оларды сөздермен жалғастыруға болмайды. Олар: "Мен білемін. Мен түсінемін. Мен сүйемін" деп сыбырлайтын баяу жымиыс, күлкі, қуаныш, көзқарастар, жақындасумен көмкерілген. Осындай аллеялар, көшелер салыңыздар, олар мәңгілік. Оларды ештеңе де, ешкім де бүза алмайды.

Бүгін біраз уақыттарыңызды жүмсап, ойланып көріңіз де, бір шешімге келіңіз: өзіңіздің материалдық және рухани күш, қуатыңызды сарп етіп, өзіңізді өзгелерден, жақындарыңыздан оңашалайтын, бөліп тастайтын қабырғалар түрғызғыңыз келе ме, элде бірлескен ойлау әрекетінің интеллектуалдық артерияларын жүргізіп, ортақ көңіл-күйдің кең бульварлары мен үнсіз рухани оңашаланудың аллеяларын саласыз ба? Не салатыныңызды шешіп, сіз өз элеміңіздің табиғатын анықтайсыз. Бұл, мүмкін, сізді өзінің ішіне қамап қоятын қабырғалар элемі болар, элде шетсіз, шексіз қуаныш, бакытқа апаратын жолдар элемі болар. Тандау өз еркіңізде.

(лж\ Дос жүрегі

\ЦУ Дос жүрегі - шар айна,

Сылтауыңа қарай ма, Бұлдіріп алма қалайда, Кір шалдырма, жарай ма! Шимайланса шар айна, Дақ түсірер шырайға. Абайла, бауырым, абайла!

Дос жүрегі - бал бұлақ, Жанарды тартар жалтырап. Сырлары жатар сылдырап, Түкірме оған сен бірақ. Кэусарымен қандырар Келгенінде қалжырап. Абайла, бауырым, абайла!

Дос жүрегі - домбыра, Тиегін тап та мың бүра. Қүлақтың қүрышын қандыра Сыңғыра дей бер, сыңғыра. Мелшиген тақтай болмасын, Сындыра көрме, сындыра. Абайла, бауырым, абайла!

Дос жүрегі - кең дала, Шексіз ғой деп ойлама,

Шетсіз ғой деп ойлама, Ретсіз: "Өй!" - деп қорлама. Кең дала болар тар дала, Досыңа қалсаң бұлдана. Абайла, бауырым, абайла!

Дос жүрегі - балапан, Алақан керек, алақан. Жылылық керек және оған Жүрегіңнен тараған. Жетіліп сонда балапан Тоятын тілер даладан. Абайла, бауырым, абайла!

Дос жүрегі - қия-шың, Қырандар салар үясын. Ер жігітке бү да сын, Ерінбесең шығасың -Күн астында түрасың, Күнінді кімге қиясың! Абайла, бауырым, абайла!

(Әбдікәрім Ахметов)

15-сабақ


Өзара түсіністік және достық СӨЖ

Сабақтың мақсаты: достық пен адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды бағалай білуге үйрету. Міндеттері:

- адамдармен достық және өзара түсіністікке үмтылысын дамыту;

- адам өміріндегі достықтың орны туралы түсінігін тереңцету; көркем шығармалардағы және қоршаған ортадағы достық

қарым-қатынастардың көріністерін бағалау қабілетін дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: "Көшпенді", "Троя", "Соғыс және бейбітшілік" фильмдерінің бейнежазбалары, аталған фильмдердің сценарийлері үшін негіз болған көркем шығармалар.

Тапсырма

Тапсырманы орындау үшін біркатар шығармаларды оқу немесе сол аттас фильмдерді қарау керек. Бірак міндетті түрде төменде берілген шығармаларды пайдалану қажет. Студенттер өз қалауы бойынша жоғары достық сезімдерін бейнелейтін баска мысалдар алуына болады, немесе өздеріне өмірде белгілі мысалдар келтіре алады.

1. Мансүр мен Едігенің достығы ("Көшпенді" фильмі)

2. Ахилл мен Патроклдің достығы (Гомердің "Илиадасы" немесе "Троя" фильмі)

3. Пьер Безухов пен Андрей Болконскийдің достығы (Л.Н.Толстой "Соғыс және бейбітшілік")

4. Ла Моль мен Коконастың достығы (А.Дюма "Королева Марго")

16-сабақ

Ата-ананың қара шаңырағы СОӨЖ

Отбасы - табиғаттың асыл казынасының бірі.

Сантаяна


Мақсаты: отбасын, ата-анасын, туыстары мен жақындарын бағалау, қүрметтеу сезімін дамыту. Міндеттері:

- отбасына, ата-ананың қара шаңырағына сүйіспеншілік сезімін дамыту;

- адам өміріндегі отбасының рөлі туралы түсінігін кеңейтіп, терендету;

- отбасында бір-бірін сүюі, түсініп, қамқорлык жасау, қүрметтеп, кешіре білуге үйрету.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе" оқу құралы, эндердің аудиожазбасы.

®Асыл ана Сөзі Ш. Сариевтікі Әні К.Дүйсекеевтікі

Саған деген сағынышым жетер ме, Жеткізе алмай мен өмірден өтем бе?

Жан анашым, жаутаңдадың баладай, Қош айтысып мен ауылдан кетерде.

Қайырмасы:

Есен-аман жүрмісің, асыл ана, Уақыт өрнек салған ба шашыңа да? Қуандың ба, сағынып, атқан таңға, Мүңайдың ба, қамығып батқан күнге, асыл ана.

Саған деген сезімдерім жетер ме? Жеткізе алмай мен өмірден өтем бе? Өмір болып басталады өзіңнен, Туған жерім, ата-қоныс мекен де.

Қайырмасы.

/\А\ Отбасы дегенді калай түсінеміз?

II/ Отбасы - некеге немесе цандас туыстыцца негізделген цогаыдьщ шагын топ, адам түрмысын үйымдастырудың бастапцы нысаны, ягнн түрмысының ортацтыгымен және өзара моралъдъщ жауапкершілік, көмекпен байланысцан адамдардың бірлесуі. Отбасы цогамныц дамуында маңызды рәл атцарады. Онда адам дүниеге келіп, үрпац жалгасады. Отбасында бастапцы әлеуметтену үдерісі жүзеге асады, балалар азаматтъщ кәмелетке толганша тәрбиеленеді, цогамның еңбекке жарамсыз қарт мүшелеріне цамцорлық жасау міндеттемесі іске асырылады. Отбасы сондай-ац түрмысты уйымдастырудың үйтцысы, ошагы және маңызды түтынушылық бірлік әрі негізгі әлеуметтік саясат объектілерінің бірі болып табылады. Отбасы өмірінің материалдыц жагы табиги-биологиялық және шаруашылық түтыну цатынастарынан цүралады, ал рухани жагы — цогамдыц-экономикалық жүйенің, цогамдыц цатынастардың сипатымен, мәдени-даму дәрежесінің ерекшеліктерімен, үлттыц әдет-гүрып үрдісімен сипатталады.

Отбасының негізін еркек пен әйелдің арасындагы некелік одац цүрайды.

Алайда отбасы тек еркек пен әйел арасындагы цатынастардан гана емес, сонымен цатар адамдардың үрпацтарын байланысты-ратын ата-ана мен балалардыц цатынастарынан да түрады. Мүның әзі отбасына аса маңызды әлеуметтік сипат береді.

Отбасының аса маңызды міндеттері - артына үрпац цалдыру және оны тәрбиелеу мен асырау, эісеке меншікті мүрага цалдыру. /Қазацстан. Үлттъщ энциклопедия. 7-том. 220 - бет/.

Ержеткен соң әрбір азамат отбасын цүрады, өздері ата-ананың ролін атцарады. Көп жагдайда жастарга өздерінің үшцан үясы, ата-ана тәжірибесі үлгі-өнеге болады. Жас отбасына өздерін балалық шагы мен жастыц шагында цоршаган ортасынан тек жақсы жақтарын алып, оны кеңейтіп, молайту міндеті түрады.

/fp^t Талқылауға арналған сұрақтар:

и*, т - "Отбасы" үғымын сіз қалай түсінесіз? Сіз оған қандай мэн бересіз?

- Қазіргі заманның адамына отбасы қажет пе?

- Сіз отбасындағы оз рөліңізді қалай түсінесіз?

Тақырыпқа байланысты хрестоматиядағы материал-V \л) даРмен танысыҢызДаР-

Талқылауға арналған сүрактар:

1. Автордың өмірінде экесі қандай рол атқарды?

2. Сіздің оміріңізде экеңіздің алатын орны қандай?

3. Сіздің пікіріңізше, отбасындағы экенің орны қандай болуы керек?

4. Сіздің түсінігіңізше, эке қандай болуы тиіс?

®1 -іиіпі тапсырма. "Эссе" Төмендегі тақырыптардың біреуі бойынша шағын эссе жазыңыз. Эссе тақырыптары:

1. Қазіргі заманғы қазақстандық отбасының образы.

2. Менің озімнің болашақ отбасымды қалай елестетемін?

3. Қазіргі заманғы күйеудің образы.

4. Қазіргі заманғы эйелдің образы.

5. Қазіргі заманғы ата-ана: олар қандай?

2-тапсырма.

Ұлағатты сөздерді түсіндіріңіздер.

®"Менің үйім - менің қорғаным",- деп ағылшындар айтпақшы, олар үйінің қабырғасының қалындығын ғана емес, сонымен қатар, үйінің, отбасының рухани және адамгершілік беріктігін айтады. Нағыз үй кез келген қиындыққа, сынаққа тосқауыл бола алады, өмірдің қандай да болсын талқысына шыдай алады, төтеп бере алады. Отбасында адам әдемілік элеміне сапар шегеді, табиғатты сүюге, музыканы, эдебиетті түсінуге, өзін бағалай білуге, өзгелерді бағалап, қүрметтеуге, сыйлауға үйренеді. Әрбір үй, әрбір отбасы мәдениеттің шынайы ошағы болуы тиіс.

y^Tj?\ ^ке тУРалы жыр

\1_у Сөзі М.Шахановтікі

Әні Н. Тілендиевтікі

Жас едім өмірге еркін бойламаған, Күні ертең не боларын ойламаған. Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып, Өзіндей қамқор эке қайда маған.

Сүрінсем сынай қарап от жанарың, Сен мені жақтамадың, ақтамадың. Әрдайым осы қатал мінезіңнен, Күш алып мақсатыма аттанамын.

Жан эке, шертіп сезім домбырасын, Кеудемді қуанышқа толтырасың. Арманның асқарына қүлаш үрсам, Алдымда асқар тау боп сен түрасың.

Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын, Кім мөлдір болса соның жолдасымын. Қуан сен, қуана бер, экетайым, Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

17 -сабақ

Махаббат шуағы Лекция-әңгіме

Мен шын көңілден Махаббат дегеніміз қасиетті қүбылыс деп санаймын. Оның әрбір көрінісі - жүбайлық, ата-аналық, балалар махаббаты, қоршаған элемге деген қүштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі.

С.Назарбаева

Мақсаты: өзін және басқаларды бағалай білуге үйрету. Міндеттер:

сүю және сүйікті болуға үмтылысын дамыту;

махаббаттың көпжақты сезім екендігін түсініп, кеңейту;

махаббаттың әр алуан көрінісін тану білігін дамыту. Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, аудиоматериалдар.

®Вальс. «Жастық шақ» («Сьюита» Музыкасы К.Күмісбековтікі)

Гүл көктем - сүлулық, нэзіктік, сыршылдық; Гүл көктем - ғашықтық, үяңдық, шыншылдық. Кіршіксіз сезімдер қызығын бөліссін, Сүйіскен жандарға етпендер күншілдік.

Қыз

Гүл көктем. Жасыл бақ. Жас ару. Жас арман. Жас арман бақыттан жанарға жас алған. Нүр-өмір, гашыққа адал жол аш алдан. Гүл көктем. Жасыл бақ. Дүние жасарған.



Гүл көктем. Жасыл бақ. Қүс біткен бұл күнде Махаббат минорын сызылтқан мың тілде. Алма ағаш жайнайды, сандуғаш сайрайды; Жайнаңдар, тойландар, сайрандар іркілмей!

Гүл көктем. Самалы сүйкімді бақ қандай, Қып-қызыл гүлдерін от қылып жаққандай, өрт сезім мекенін жүректен тапқандай, анар төс - алау төс лапылдап жатқандай, Гүл көктем. Жасыл бақ. Жас ару ақ мандай.

Гүл көктем. Ерікті бір сезім билеген, Жастық па ғашықтық отына күймеген! Пэк кеуде үялшақ, элі қол тимеген, Пэк ерін үялшақ, элі ешкім сүймеген.

Гүл көктем. Жасыл бақ. Көрікті мынау таң. Тілсіз-ақ сөйлейді жүпарлы райхан: - Шертер сыр көп менде, оянған Көктемде Алғашқы махаббат жайында жыр айтам...

Жігіт

Гүл көктем. Жасыл бақ. Жас жігіт. Жас үміт. Көңілде бір гүлдің қауызы ашылып, Күткендей біреуді тықыршып, асығып, Қарайды қылығын өзгеден жасырып.



Гүл көктем. Жасыл бақ. Бар сырды қүс үғып, Жатқандай сол жайлы эндерді үшырып, Жас жігіт ысынып, жас жүрек қысылып, Гүл көктем, жасыл бақ, гүлдерін үсынып.

Гүл көктем. Нүр түнған, қүлпырған бақ - абат. Гүл көктем. Бұлқынған, үмтылған махаббат. Жас жүрек тулайды, ал қүлақ шулайды, Белгісіз бір шөлден көңіл түр қаталап.

Гүл көктем. Жасыл бақ. Жас ару. Жас жігіт. Жүректің жанарын ып-ыстық жас тіліп... Діріл бар, бір үн бар, нүрлы күн, куэ бол: Қинала, қысыла есігін ашты үміт...

Жігіт пен қыз

Гүл көктем. Жасыл бак. Жас жігіт. Жас ару. Көрсетпей барады көгілдір таса - ну... Алғашқы махаббат - гүлдермен жасану, Алғашқы махаббат - жанарға жас any...

Махаббат - өмірде өзгеше бір асу, Табысты қос ғашық, дірілдеп сыр ашу... Сүйгендер сезімін гүлдерге айтуға Асығып ағады арықта бұлақ су.

Гүл көктем. Махаббат - өртене өбісу, Бақыттың бал дэмін екіге бөлісу. Көгілдір көктемнің көрпесін төсеніп, Аптығу, армандау, сенісу, келісу...

Гүл көктем. Алғашқы махаббат-бал қылық Екі ерке ғашықты есінен тандырып, Жүректі бұлқынтқан, қүлшынтқан сол сезім Болмасын өткінші, болсын тек мэңгілік!

Бал дэурен

Гүл көктем. Жасыл бақ. Қүс біткен бұл күнде Аяулы эн салады қүлпыртып мың тілде. Жастық шақ жайнасын, қызығын тойласын, Тойласын бал дэурен бақытын кім-кім де!

Гүл көктем - сүлулық, нэзіктік, сыршылдық; Гүл көктем - ғашықтық, үяңцық, шыншылдық. Кіршіксіз көңілге түспесін бір қаяу, Сүйіскен жандарға етпендер күншілдік!

(Тынышбай Рахимов)

Махаббат - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мүраты, таным түғыры, риясыз, ынтық, нэзік сезімі. Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космологиялық ілімінде Махаббатты бүкіл әлемді үйымдастырып түрған бастапқы күш деп білді.

Платон оны сезімдік және рухани Махаббат деп екіге бөліп қарастырды. Сезімдік махаббат - сүлулыққа сүктанатын махаббаттың ең төменгі сатысы, ал рухани махаббат - адамның белсенді танымдық қызметінің кайнар бұлағы деп қарады.

Христиан діні махаббатты Христос Қүдайдың негізгі сипаты деп санады. Соның нәтижесінде Қүдайдың өзі махаббат мағынасында үғынылды. Ортағасырлық христиан этикасында, сезімдік және рухани махаббат бір-біріне қарама-қарсы қойылды. Табиғаттан тыс түрған күш - христиандық махаббат ("адамды сүю") ілімі жасалды. Бұл ерекше махаббат ("агапэ") "жақынынды сүй", "жауынды сүй" сияқты қағидалар негізінде таралды.

Ағартушылар махаббат адам бойындағы табиғи сезімдер көрінісінің бірі деп есептейді. Мәселен, Шефтсбери махаббатты ынтымақ сезімі және қоғамдық тәртіптер мен сүлулықтың үйтқысы деп көрсетті. Гельвецийдің түсінігінше, махаббат - адамзат өміріндегі тәрбие құралы және адам дамуының қайнар бұлағы. Сөйтіп, ағартушылар этикасы махаббат мэселесін әлеуметтік өмірмен байланыста қарастырды.

Қазақ халқының рухани бастауларының бірі - шығыс мүсылман эдебиетінде махаббат жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жү.ртшылыққа жол тауып, эстетикалық-көркемдік, этикалык-^ибраттық зор маңызға ие болды.

Орта ғасырларда махаббат үғымы көркем шығарманың ғана емес, дуниетаным, дін, философия, эстетика салаларының өзекті мэселелері бастау алатын кэусар бұлақ саналды. Ортағасырлық мүсылман және христиан теологиясында, діни эдебиетте, сондай-ақ шығыс поэзия-сіінда да басты тақырып махаббат болды, көптеген онтологиялық, аксиологиялық, гносеологиялық мэселелердің шешуін табар түйіні осы махаббат категориясы еді.

Махаббат үғымының сырлы элемін жүрек пен көкейкөздің (интуицияның) үлесіне қалдырып, оның тылсым бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндегі толғаныстарды шешуде де махаббат философиялық категория қызметін атқарды. Бұл бойынша махаббат - ғаламның, адамзат жаралуының телеологиялық себебі оның рухани жетілуінің, эстетикалық лэззаттануының, этикалық ғибраттануының негізі.

Махаббат әрбір адамды бейтарап калдырмайды, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы элемі. Сондыктан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзкарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы заңдылык.

Махаббат әрбір адамның элемдегі, коғамдағы, отбасындағы орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мэнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным түйсігі. Сол себептен махаббаттың сипаты да түрліше. Мысалы, адам мен Қүдай, ер мен эйел, үстаз бен шэкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат. Өз кезегінде адам мен Алла арасындағы махаббат - имандылықтың, ер мен эйел махаббаты - отбасының, отанның беріктігінің, үстаз бен шэкірт махаббаты - білімнің, ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы махаббат - елдіктің, т.б. қастерлі қүндылықтардың кепілі әрі бастауы. Сонымен катар адамның Отанына, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де махаббатттың бір көрінісі.

Ер-азаматтың қорғауға міндетті үш намысы - иман, Отан, отбасы махаббатка негіз болар қүндылықтар. Махаббатты осылайша жіктеуге махаббат иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады. Махаббаттың сезімдік эсер түрғысынан күйініш пен сүйініш, қоркыныш пен үміт өзара үласа жүріп, адам бойында күйіп-жанған ынтык сезім, канат бітірер үшкыр киял, риясыз пейіл, мейірім-шапағат түрінде көрініс беруі махаббаттың бар түріне тэн жалпы сипаты болып табылады. Яғни махаббаттың қай түрі болсын, адамды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді.

Адамдардың басым көпшілігін толғандыратын да, көптеген көркем шығармаларға өзек болған такырып та ер мен әйел арасындағы махаббат. Алғашқыда күйіп-жанған ынтық сезіммен басталған махаббат жүбайлық жүп қүру кезінен бастап жаңа сатыға көтеріледі. Некедегі ер мен эйелдің отбасындағы өзара адалдығы, бір-біріне қамқорлығы, ортақ жауапкершілігі, ізгі мақсат, ортак мүддеге жүмылуы алдыңғы орынға шығуымен махаббат жаңа сапалық өзгерісте дамып, тәрбиелік мәні артады. Демек, ер мен эйелдің арасындағы махаббат пен осындай басқа да махаббаттардың барлығы - олардың ешқайсысын жоққа шығармайтын, бірақ бүтіндей қамтып, әрқайсысының мәнін арттыратын адамның хақиқатты мақсат еткен Аллага деген махаббатының алғашқы сатыларының бірі. Хақиқатты сүю - адамды иманының, Отанының, отбасының қадір-қасиетін жете түсінуге баулитын, оларды да катар сүюге қайшы келмейтін махаббат. Мүндай хақты сүю махаббаты жайлы өз махаббаттарының нысаны етіп жаратушы Алланы қалаған, дэстүрлі қазақ қоғамында әулие ретінде қүрметтелген, хақ сүйіспеншілігіне жеткен ғүламалар өз хикметтерінде жырлаган. Сондықтан махаббат үғымын ғалам жаратылуының сыры, адамның рухани кемелденуінің жебеушісі ретінде қарастырған Иассауи, Абай, Шэкерім сияқты ғүламалар жырларына жүгініп, махаббат сырын түсінуге болады.

(Қазацстан. Үлттъщ энциклопедия)

Махаббаттың әр түрлі стильдері мен тілі туралы ( гіу) °ҚЬ,ҢЬІ3 (хрестоматияда). Сізде қай стиль жақын, қайсысы қолдануға болмайтын, тиімсіз деп ойлайсыз? Өзіңіздің екінші жартыңыз тарапынан махаббаттың қай түрін сезініп, бастан кешіргіңіз келеді? Әдетте махаббат тілінің қай түрін қолданасыз? Сіздің жақындарыңыз махаббаттың қай тілінде үғынысады?

ОСтуденттердің белсенділігін арттырып, берілген материалды жақсы игерту мақсатында пікірталасты поэтикалық эткеншек түрінде үйымдастыру үсынылады.

€\ 1-жаттығу. "Поэтикалық әткеншек"

у) Бұл жаттығу студенттерді махаббат поэзиясымен ' таныстыруға арналған. Жаттығуды үйымдастыру үшін студенттер екі шеңбер -ішкі және сыртқы - жасап отыруы керек. Жүп-жүпқа бөлінеді. Сыртқы шеңберді жасайтын орындықтарда алдын-ала даярланып, көбейтілген өлеңдер жатады. Студенттердің бір тобы ішкі шеңберге, екінші тобы сыртқы шеңбер бойына орналасады. Нәтижесінде әрбір жүпта (біреуі іште, екіншісі сыртта) бір-бірден өлең болады. Олар өлендерді оқып, талдап, алған эсерлері мен сезімдерін, ойларын дэптерлеріне жазуы тиіс. 2-3 минут өткен соң, оқытушы талқылаудың аяқталғаны жөнінде белгі береді. Енді сыртқы шеңбердегі студенттер оңға қарай бір орынға ысырылады, ал ішкі шеңбердегілер солға қарай бір орынға ығысады. Нәтижесінде жаңа жүптар пайда болады және олардың әрқайсысында жаңа өлең бар (өлеңдер өз орындарында қалады). Жүптар айналып келіп, өздерінің алғаш оқып, талқылаған өлендеріне жеткенде, ойын аяқталды деп есептеледі.

Студенттер оқытушымен бірге дэптерлеріне жазылған эсерлерін талқылап, өздеріне өте үнаған, жүректерін қозғаған өлеңдерді анықтағаны абзал.

Бақыт қүшағында

Сөзі Т. Молдагалиевтікі Әні Ш. Қалдаяцовтікі

Көзіңнен бір үшқын ¥шты ма, білмедім. Әйтеуір нүр қүштым, Әйтеуір гүлдедім. Көктемнің бұлбұлы Кеудеме қонады. Қүшаққа қыр гүлі Толғандай болады.

Қайырмасы:

Кел билейік, кетпе менің қасымнан, Қызғалдағым таң нүрымен ашылған. Сезім, шіркін, ақ жаңбырға үқсайды, Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.

Әнбісің төгілген, Жырмысың армандай. Бір бақыт көрінген, Жақындап қалғандай. Жанарың үшқыны Жүректе жанады. Қолыңның ыстығы Қолымда қалады.

Қайырмасы.

Мен бүгін бұлақпын, Ілгері жүгірген. Бір нәзік шуақпын, Жаныңа үңілген.

Сүйемін мен күнді, Көңілді, жалынды. Сен биле еркімді, Әлдиле жанымды.

Қайырмасы.

18-сабақ


Махаббат - ер жүректің үрдісі СОӨЖ

Махаббат қүдіреті - жер жүзіндегі күллі ізгі, таза, риясыздық атаулының қайнар көзі.

Ж.Сталъ

Мақсаты: өзінің және өзге адамдардың сезімін қүрметтеуге баулу.



Міндеттер:

махаббаттың өмірлік мэнді күшіне сенімін дамыту; адам өміріндегі махаббаттың рөлі туралы түсінігін кеңейту және тереңдету;

- махаббат жолында ізгі әрекет жасау қабілетін дамыту. Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, бе й не м атер иал дар.

®Сагыныш Келем деп ең кетерде, Тосам сені қарайлап. Салған әнім жетер ме, Таң атады арайлап. Қатар жүрген шақтарда, Қос аққудай жайнадық. Гүл өсірдік бақтарда, Би биледік ойнадық. Күн күлімдеп жүзінде, Шуақ қүйдың жаныма. Үміт жібі үзілме, Сен жаралдың бағыма!

Сарғайтады сағыныш, Қарап жүрмін жолыңа. Жүлдыз болып жайнап үш, Қоншы, қалқам, қолыма!

(Әміре Әрін)

Алып үшқан көңілім, аптығынды тый енді, Алабүртқан ақылым, тізгініңді жый енді. Ақ махаббат, жолыңнан талай-талай адастым, Ей, махаббат, бар болсаң, көрсетсеңші киенді.

Сан арбадың көгімде, мен төменде жүргенде, Сан алдандың жерімде, мен кок қүсын ілгенде. Ей, махаббат, бар болсаң көрсетсеңші өңіңді, Күнде барып түрар ем, түрағынды білгенде!

Талай тасқа тиді бас. Сен кеткенде қасымнан. Сан ояттың жанымды, толқи-толқи басылған. Өзің ғана қүдірет, жанға - сая, тэнге - нүр, Басқа тірлік - босқа өмір, басқасына бас үрман...

(Асцар Егеубаев)

Да и а л ы қ тағы л ы м ы

( п Төмендегі фильмдерден үзінді қараңыздар:

\У/ 1 .Ф.Дзефиреллидің "Ромео мен Джульетта" фильмі

2.Қазақтың "Қыз Жібек" фильмі

З.Қазақтың "Еңлік-Кебек" эпосы

/т>\ Талқылауға ар налган сүрақтар:

\k "ijj І.Аталған шығармалардың сюжетіндегі үқсас

жақтары мен айырмашылықтарын атай аласыз ба?

2. Осы шығармаларға арқау болған кикілжің неге байланысты туған?

3. Қарама-қарсы екі жақтың қарым-қатынасын сипаттайтын өшпенділік сезімі нені тудырады?

4. Фильмдердегі оқигаларды трагедия деп санайсыз ба?

5. Әр шығарманың авторы көрерменді қандай қорытынды жасауға бағыттайды?

6. Егер сізге осы фильмдерді аяқтау кұқығы берілсе, happy-end немесе бастапқыдай қалдырар ма едіңіз?

7. Сіздің өзіңізге үнамайтын адамдарға жек көрінішті сезім қалыптастыру керек пе?

8. Сіздіңше, өшпенділікке (осы сезім мен оның әр түрлі көріністеріне) не қарсы түра алады?

9. Дэптердегі Дэулетбек Төреқұловтың картинасына қараңыздар. Бұл картина сіздерде қандай сезім тудырады? Сіздіңше, суретші нені көрсеткісі келді?

ЛГТК Есінде бар ма жас күнің,

ІЧ [ ) Көкірегің толық, басың бос,

VJ/ Қайғысыз, ойсыз, мае күнің?

Кімді көрсең - бәрі дос.

Махаббат, қызық, мал мен бақ, Көрінуші еді досқа ортақ. Үміт жақын, көңіл ақ, Болар ма сондай қызық шақ?

Қүдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар?! Ақырын, ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау қүргырлар.

Жалынасың, боқтайсың, Сағынасың, жоқтайсың. Махаббат кетті, дос кетті -Жете алмайсың, тоқтайсың.

Көзіме жас бер, жылайын, Шыдам бер, сабыр қылайын. Жаралы болған жүрекке Дауа бер, жамап сынайын.

(Абай)

19-сабақ


Мен және Сен Лекция-эцгіме

Әйелге деген махаббат біз үшін өтеуіне

ештеңе жүрмейтін үлы маңызға ие;

ол жүректі нәрлендіріп, бүзылудан сақтайды.

В.Гюго

Мақсаты: басқа жыныс өкілдерін қүрметтей білуге үйрету. Міндеттер:



- ерлер мен эйелдер арасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамыту;

- ерлер мен эйелдер бастауының үйлесімі туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету;

- тұлғааралық қатынастардағы гендерлік ерекшеліктерді ескеру қабілеттерін дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, аудиожазбалар.

ФЖүбайлар жыры Сөзі мен әні Мухтар Шахановтікі

Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген, Келбетіңнен сенімнің күшін көрем. Сен сияқты мені ешкім еркелетіп, Сен сияқты мені ешкім түсінбеген.

Қайырмасы: Асыл жарым, Жайнаған жасыл багым. Бағаласаң бақытыңмын, Сағынсаң қасындамын. Арманды дара қумаймыз, Қүстың қос қанатындаймыз. Жүреқте от жанып, Тауларды бетке алып, Бірге үшып барамыз болашаққа.

Сен бар жерде керегем кең сияқты, Кең сияқты, терезем тен сияқты. Ешкім мені дэл сендей өкпелетіп, Жүбата да алмаған сен сияқты.

Қайырмасы

Шаттығымның бастауын сенен көрдім, Сенен көрсем қалайша төмендермін. Енді, сәулем, бәрі де эділетсіз, Бізді бақсыз, бақытсыз дегендердің.

Қайырмасы.

Ән орындалып болганнан кейін, жас ананыц сүйіктісіне хаты тыңдалады.

Махаббат, қызық мол жылдар

"Ербол, жаным Ербол!

Өткен түнде, сен мені перзентханаға экеп салып, қайтып кеткеннен кейін маған осында өліп қалатын шығармын деген ой келді. Мен өлсем де, бала өлмесе екен деп тіледім. Атын өзің қой. Сен не деп қойсаң, мен соған ризамын, менімен келістім деп есепте. Бұл - менің, болашаққа жолдаған сәлем хатым болады ғой сонда, иэ. "Мамаң аты кім?" десе, "Меңтай" дейді ғой ол тілі шыққан соң! Ол мені айтқаны ғой. Сонда сен күлесің де, күрсініп мені еске аласың ғой.

Жо-жоқ, бұл жай ой ғой, Ербол. Мүмкін мен өлмейтін шығармын. Бірақ, "Өлетін адам ажалын сезінетін сияқты" деп сен өзің айтушы едің ғой. Мен де бірдеңені сеземін бе, қайдан білейін. Сезбегенім жақсы болар еді. Бэлкім, бұл сені шексіз сүйетіндігімнен шығар. Сенен ажырамаса екен деген тілегім өзінен-өзі үрейге үласатын болар. Сүйген жүрек - дірілшіл, күйген көңіл - ырымшыл келетін шығар тегі.

Ерболым менің!

Мен тағы да қорқынышты ойлар ойладым. Адамдар бірін-бір сүйеді. Содан соң біреуі өліп, саудыраған сүйек болып, жер астында қалады. Ол ештеңені де білмейді, сезбейді. Ештеңеге қиналмайды, ойламайды. Бірақ бар салмақ, бар ауыртпалық тірі қалғанға түседі ғой. Жаман, арсыз жар есепті тіршілігін жасай жатар. Адал жарға ауыр тиеді-ау жалғыздық. Шіркін, шын сүйіспеншілікпен қосылған жандар өлмейтін болсашы! Жок, мүным табиғат заңына қайшы болар. Онда, ондай адамдар үзақ жасайтын болсашы ең болмаса!

Бірақ мен өлсем де өлмейтін шығармын деп ойлаймын тағы да. Өйткені мен ішімнен шығатын балада және сенің жүрегіңце өмір сүремін ғой. Сонда ол менің өлмегенім емес пе? Солай емес пе, Ербол? Солай деші, жаным, көкетайым!..

Мен саған бұл жолдарды тек ішім ауырмасын деп қана жазып отырмын, Ербол. Сені ойлап, сен туралы жаза бастасам-ақ, ауырғаным қоя қояды. Тегі іштегі тентек экесін сыйлайтын болуы керек. Көрдің бе, міне, экенің беделі қандай болагынын!"

* * * "Айналайын, көкетайым!

Сен менің осы сөздерімді жақсы көресің ғой. Сен естісін деп мен мүнда осы екі сөзді элденеше рет айттым. Естідің бе?

Не айтайын деп едім саған? Иэ, жаңа есіме түсті. Ұнжырғаңды түсірмей, уақытында шашыңды алдырып, әркашан да умаждалмаған таза киім киініп жүр, қуатым. Жүрт сенің ішіңе үңілмейді, сыртыңа қарайды. Жаның жадау, жағаң жамау болса, соған сүйсінетіндер де шығады. Ешкімге таба болмай, тік жүр, жаным, жарай ма? Арак ішпе, керегі жоқ. Өзің де қүмар емессің ғой. Өзіміз ішпей үлгі көрсетсек, кейін балаларымыз да ішпес еді деп ойлаймын, ішпесе деп тілеймін. Дүниеде су, сүт, шай, қымыз, лимонадқа жететін не бар, шіркін! Адамды желіктірмейтін момын сүйық - осылардың өзі жақсы.

"Момын сүйық" дегенім кісі сияқты боп кетті, иэ, Ербол. Бұл бейнелеп сөйлеуді сенен үйренгенім болуы керек.

Сен менен не үйрендің? Ештеңе үйренген жоқ шығарсың деп ойлаймын. Ал мен сенен көп нәрсе үйрендім ғой, күнім. Кісіні алаламауды, адамды арына қарап қүрметтеуді, өз ойыңцы күмілжімей, ашық айтуды, қайырымдылықты, басқаларға болысқыштықты, біреудің ішіндегі жан ауруын білдірмей біліп ала қоюды - осының бәрін сенен үйрендім, Ербол. Нағыз өмірдің өзін сен үйреттің маған! Сенсің менің мэңгілік үстазым!"

(Нүршайъщов Ә.)

®Нағыз ер адам дегенді қалай түсінуге болады, оның мәні неде? Нағыз эйел қандай? Ежелгі мифтердің көпшілігінде ер адамдар белсенді, әлеуметтік-шығармашылық бастау ретінде бейнеленсе, ал әйелдер - енжар-табиғи күш ретінде суреттеледі. Ежелгі Қытай мифологиясында эйелдер бастауы Инь және ерлер бастауы Янь - полярлы ғарыштық күштер болып саналады, олардың өзара әрекеті шексіз, шетсіз Әлемнің өмір сүруін қамтамасыз етіп түрады. "Инь" сөзі қараңғылықты, суықты, ылғалдылықты, жүмсақтықты, енжарлықты, көнгіштікті көрсетсе, "Янь" - жарықты, қүрғақтықты, қаттылықты, белсенділікті білдіреді екен. Ай, жер және су көптеген мифтерде эйелдер бастауы ретінде түсіндірілсе, Күн, от пен жылу - ерлер бастауын білдіреді.

Ерлер үшін жеке табыстарын жоғары бағалау, әлеуметтік мәртебесі, беріктігі, өктемдігі, шешімділік, батылдық маңызды орын алады. Ал эйелдер үшін келісімге келуге үмтылыс, басқаларға кам-қорлық жасау, сезімге берілу, ішкі түйсік, абайлағыштық, нэзіктік, оң-тайлылық қасиеттер тэн болып табылады. Бірақ бұл қасиеттердің бар-лығы да абсолютті емес, салыстырмалы күйде орын алады. Адамның нақты күнделікті өмірінде бұл қасиеттер әр түрлі көрініс береді.

Қоғамдағы эйелдер мен ерлердің мәртебесі ғылымда "гендер" үғымымен белгіленеді және төмендегідей бағыттары айқындалады: жыныстық рөлдерінің әлеуметтік негізі болуы; белгілі бір әлеуметтік және мэдени нормалардың биологиялық жынысына байланысты болуы;

мінез-қүлықтың "ерлер" және "эйелдер" модельдері туралы гендерлік стереотиптерінің полярлы болуы.

Ерлер мен эйелдер отбасын қүру міндетін атқарады, ал отбасы еркек мен эйелдің одағы ретінде танылады. Бұл одақта махаббат, нэзіктік, қамқорлық, эмоционалдық және психологиялық қолдау, ертеңгі күніне сенім, рухани бірлік орын алады.

§Талқылауға арналған сүрақтар: 1, Қазір көбінесе қыздардың нэзіктігінің кемдігі туралы көп айтылады. Нэзіктік деген табиғаттан беріле ме элде жасанды ма?

2. Адам туғанда белгілі бір жынысты болып дүниеге келеді, ал ерлер мен эйелдердің әлеуметтік рөлдерін біліп, үйреніп, жаттығу керек. Ер балалар ерлердің рөлін, қыздар эйелдер рөлін меңгере алмауының себебі неде деп ойлайсыз? Олар неліктен өз рөлдерін атқаруға кейде дайын болмайды?

3. Эйелдер мен ер адамдар бір-бірінен физилогиялық жағынан ғана емес, психологиялық әр түрлі қабілеттерімен ерекшеленеді деген пікір қалыптасқан. Олар неліктен осылай ерекшеленеді?

4. "Махаббат дегеніміз - эйел өмірінің тарихы, ал ер адамның өмірінің бір эпизоды" (Жан Поль Сартр) деген түжырыммен келісесіз бе?

Сэмуэль Роландстың "Ерлердің кемістіктеріне сан жетпейді; ал эйелдердің екі-ақ кемістігі бар: олардың сөзі ештеңені де білдірмейді, олардың істері түкке түрмайды" деген пікірімен келісуге болады деп ойлайсыз ба?

5. "Нағыз еркек", "Нағыз эйел" деген үғымдар нені білдіреді және оларға тэн қасиеттер қандай болуы керек? (Студенттер өз дэптерлеріне нағыз еркек пен нағыз эйелдің образдарын сипаттап жазады).

6. Нәзіктік пен романтикалылық тек эйелдерге ғана тэн қасиет деп саналады. Бұл қасиеттер нағыз еркекке де тэн болуы мүмкін бе?

Мақсатка талпынушылық, табандылық, ержүректік тәрізді ерлерге тэн қасиеттер нағыз эйелдерге де қажет пе?

1-тапсырма.

( ~І ) Сіздің түсінігіңіздегі "Нағыз еркек" және "Нағыз \jy эйел" образдарын сипаттап жазыңыз.

Хрестоматиядан ерлер мен эйелдер туралы IV и) шығармалардан үзінділер мен өлең жолдарын оқыңыздар. Өздеріңізге үнаған жерлерін топта дауыстап оқып беріңіз. Осы шығарма сізге неліктен эсер еткені туралы ойыңызды ортаға салыңыз.

©Ерлер мен эйелдер бастауының үйлесімдігі - элем үйлесімдігінің негізі, олар әр түрлі болса да, бір-бірімен тең, пара-пар болып табылады.

Әйелдер


Не толқытса, соның мүңын тартасың... Аурухана ауласында сытырлатып картасын Жанарында эзіл ойнап жарасты Маған бір кыз бал ашты:

- Науқастан ба ерініңіз кезерген Жазыласыз,

Налымаңыз бекер сіз. Әйтсе де эйел қауымына ежелден Немқүрайды қарамайды екенсіз. Сүюді Сіз ерлік деп те айтасыз Онсыз ақын боларсыз ба ой өрген. Дегенмен сіз абайлаңыз, байқаңыз, Бағыңыз да, сорыңыз да эйелден.

- Бәрекелде,

Өркен жайсын талабың

Сэуегейі сен боп жүрме қаланың.

Бұл бетіңмен цыгандарды жұмыссыз

Қалдырарсың, қарағым, -

Дедім күліп. Бірақ қыздың байсалды

Әзіл сөзі маған біраз ой салды.

Дүниеге қан тамырдай тарайтын

Жер бетінде эйел жайлы ертек көп.

Әйелдерге немқүрайды қарайтын

Еркекті мен санамаймын еркек деп.

Қай кезде де сүлулықтың жолы - мүз.

Әйел біздің эзиз байлық қорымыз.

Әйел біздің тағдырымыз,

Тағдырымыз болған соң

Белгілі ғой, бағымыз не сорымыз.

Хас сүлулық элсіздердің қызғанышын маздатқан

Ал қызғаныш қүрды деп кім айта алады аз қақпан.

Бір эйелге бола кейде ел менен ел жауласып,

Жер жастанған боздақтар.

Оған куэ анау төбе томпиған,

Анау шыңдар қүлақтары қалқиған.

Сан үрпаққа тұлға болған ақындар

Бір эйелдің намысы үшін жан қиған.

Мағынасыз жылтырақты сақтамайды ел еске,

Жалын болып жылу болмау,

Әйел болып сүлу болмау

Табиғатты алдаумен тең емес пе?

Гүлзар эйел қауымына сүлулықсыз бақ қайда

Шын сүлулық терендікте жатпай ма?

Қайырлатқан кемесін талай ердің

Саяз көлге шашалмағай шүғылаң.

Тереңдігі жоқ эйелдің

Қорқу керек сыртқы сүлулығынан.

Әйел - еркек намысының қорғаны

Нағыз сүлу эйел табу -

Бүкіл еркек атаулының арманы.

Нағыз сүлу әйел үшін қажет кезде жан қию

Бұл - моральдік кодекстің жазылмаған тармағы

Бірақ, бірақ талайлардың бақыты алыс, сорынан

Бұл кез келген бөріктінің келе бермес қолынан.

Ерлік семсе азаматтық семеді.

Үлкен ерлік үлкен күшке келеді.

Маған ғашық бір эйел бар.

Ол эйел


Менде сондай күш барына сенеді!

(Мұхтар Шаханүлы)

20-сабақ

МЕН және СЕН СӨЖ-1

Махаббат - өмірдің үлы сәні.

Ол табиғаттын өзін жайнатып түлетіп жібереді,

эсем шырқатып, мың бүралған биге үйіріп әкетеді.

Анатолий Луначарский

Мақсаты: ерлер мен эйелдер арасындағы өзара қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Міндеттері:

тұлғаның әлеуметтік-жыныстық ерекшеліктерін танып-білуге талпынысын дамыту;

- ерлер мен әйелдердің өмірлік мүдделері туралы, эйелдер мен ерлер сүлулығы жөніндегі түсінігін кеңейту және терендету;

- тілдесім, өзара қарым-қатынас барысында тұлғаның гендерлік ерекшеліктерін ескеру қабілетін дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: "Ерлер мен эйелдер" (ВВС), "Стефорд эйелдері" (АҚШ, 2003) фильмдерінің бейнежазбалары, көркем эдебиет туындылары (тандау бойынша).

1."Ерлер мен эйелдер" (ВВС), "Стефорд эйелдері" (АҚШ, 2003) фильмдерін көріңіздер (эйелдер мен ер адамдар қарым-қатынасының мэселелеріне арналган кез келген фильмді алуға болады).

2. Көрген фильмдердің желісі бойынша эссе жазыңыздар. Төмендегі мэселелерді қамтуға тырысыңыздар:

• Ерлер мен эйелдер элемі: қайсысы жақсы деп санайсыз?

• Сіздің түсінігіңізше, ерлер мен эйелдердің қүқықтары мен міндеттері қандай болуы керек?

• Ерлер мен эйелдердің өмірлік мүдделері қандай?

• Әлем халықтарының ерлер және эйелдер сүлулығы жөніндегі пікір, көзқарастары.

3. Төмендегі тақырыптар бойынша шығарма жазыңыздар:

• Отандық және элем эдебиетіндегі ерлер мен эйелдер образдарының жарқын көріністері.

• 1 Мифологиядағы ерлер мен эйелдер образы.

• Аты аңызға айналған эйелдер (тарихтан мысал).

• Аты аңызға айналған ерлер (тарихтан мысал).

21-сабақ

МЕН және СЕН СОӨЖ-1

Қандай жақсы дүниеде Өзің ғашық бір адамның болғаны. Жолықтырса соған экеп, Өміріңнің айқыш-үйқыш жолдары. Қандай бақыт оралған күн Өшірмесең махаббаттың отын сен. Қүшағында сол адамның Жанып неге кетпедім деп өкінсең!

Т.Молдагалиев

Мақсаты: өзі мен өзгелерді багалай білуге үйрету. Міндеттері:

сүюге және сүйікті болуға үмтылысын дамыту;

- махаббаттың рухани күші, қүдіреті туралы түсінігін кеңейтіп, тереңдету;

- сүйікті адамымен қарым-қатынаста өз абыройын, намысын сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, эннің аудиожазбасы.

Ғашықтар әні

Сөзі Т.Молдагапиевтікі Әні М.Құсайыновтікі

Ғашық оты көзімізде жанады, Әлдилейді махаббаттың бал әні. Ғашық болған күннен бастап, достар-ау, Азамат боп қалғандаймыз бағалы.

Қайырмасы:

Ғашық оты жанады, жана берсін, Жүбайлардың жолдары бола берсін. Келген жылдар қосылған екі жасқа Бақыты мен байлыгын ала келсін!

Екі жүрек үғынады бір-бірін, Аялайды, элдилейді күн нүрын. Айтқаны да заң сияқты өзіме, Өміріме бақыт болған қүрбының.

Қайырмасы.

Алыс кетсек, күте білдік сарғайып, Табысамыз жүрек гүлдеп, жан байып. Арман бар ма үғынысқан жастарда, Ғашық болған жүректерде бар ма айып.

Қайырмасы.

Студенттер шағын 4 топқа бөлінеді. Әр топ хрес-У| томатияда берілген материалдардың біреуімен жұмыс ч^У істейді: пікірталасқа арналған мэселелерді талқы-лайды.

"Алғашқы махаббат" Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Сіз қалай ойлайсыз, алғашқы махаббатты пісіп-жетілген, толысқан махаббат деп санауға бола ма?

2. Алғашқы махаббатқа деген сіздің өзіңіздің көзқарасыңыз қандай?

3. Ата-аналар мен ересек адамдар эдетте өз балаларының алғашқы махаббаттарына айтарлықтай мэн бермейді. Сіздіңше, олардікі дұрыс па?

Махаббат және қызғаншақтық Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Нағыз махаббаттың қызғанышсыз болуы мумкін бе?

2. Қызганшақтық басым болған жерде нағыз махаббатқа орын бар ма?

3. Қызғаншақтық қажет пе?

4. Қызғаншақтық - адамның өзіне-өзінің сенбеушілігі немесе элсіздігінің көрінісі. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?

5. Қызғаншақтық - нағыз махаббаттың белгісі. Бул түжырыммен келісе аласыз ба?

Жауапсыз махаббат Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Сіз өміріңізде жауапсыз махаббатгы бастан кешірдіңіз бе?

2. Жауапсыз махаббатты адамның өзі таңдайды деген гұжырыммен келісесіз бе?

3. Адамды шетсіз, шексіз лабиринт секілді жауапсыз махаббат несімен қызықтырады?

4. Жауапсыз махаббатқа қалай қарауға болады? Бу_л бақытсыздық па элде тек тандаулылардың қолы жететін нәрсе ме?

Соқыр махаббат

Талқылауға арналған сүрақтар:

І.Адам біреуді шексіз сүйгендіктен, оны дурыс бағалау қабілетін жоғалта ма?

2. Сіздіңше, сүйікті адамды неліктен сонша асқақтатып, аспандатып, дәріптеу қажет?

3. Сіздің өз махаббатыңыздың объектісінен көңіліңіз қалып, түңілген кезіңіз болды ма?

4. Махаббатта соншама "көзсіз", "сокыр" болу қажет пе? Қалай ойлайсыз?

5. Бір көргеннен ғашық болу - бұл нагыз махаббатгың нағыз керемет күші ме элде албырт махаббат па?

§1-жаттығу "Махаббаттың сан қилы образдары" Студенттер шағын топтарда жұмыстарын жалғастыра .береді. Материалдарды оқып болғаннан кейін, әр топ өздері талқылаған тақырыптың образын жасауға кіріседі. Мысалы, бірінші махаббаттың образы немесе "Соқыр махаббат" образы т.е.с. Студенттер образды жасау үшін құралдарды тандау еркі бар: сурет түрінде, адамдардан скульптура жасау, пластилиннен немесе қолдағы бар басқа материалдардан жасаған статуя, театрландырылған көрініс т.б. Оқытушы белгілеген уақыттан кейін әр топ өзінің шығармашылык жұмысын көрсетеді.


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау