«Болашақ» мектебі мекемесі
6 сынып оқушыларына арналған
«Жертану» курсының
оқу бағдарламасы
Шымкент, 2019-2020 оқу жылы
Түсіндірме жазба
Жалпы білім беретін мектептердің 6 сынып оқушыларына арналған «Жертану» курсын құрастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, «2017-2018» оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат басшылыққа алынды.
Курстың мақсаты – оқушылардың туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, табиғи және басқа да факторлар туралы білімдерін қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілік сезімге, қоршаған табиғи ортаны аялауға тәрбиелеу. «Жертану» курсының оқу жүктемесі аптасына бір сағат, жылына 34 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |