Бағдарламасы «Шығармашылық ойлау психологиясы»



жүктеу 264 Kb.
бет1/4
Дата15.01.2020
өлшемі264 Kb.
#26754
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

ПОӘК 042-14.05.01.20.101/03-2012

№ 1 басылым

42 беттің -сі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.101/03-2012

ПОӘК Оқытушыға

арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

«Шығармашылық ойлау психологиясы»

№ 1 басылым





ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Шығармашылық ойлау психологиясы»

«6N0503» – «Психология» мамандығындағы магистранттарға арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



Семей 2012




Алғысөз


1 ЖАСАЛЫНДЫ

Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің

“ Психология” кафедрасының доценті Ш.С.Сатиева _____________

2808 2012ж

2 ҚАРАЛДЫ

2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында

Хаттама № 1 «28» 09 2012 жыл
Кафедра меңгерушісі: ____________ Ш. Сатиева
2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама №1 «05» 09 2012жыл


Төрайымы ___________ Г. Григорьева
3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама № 1 «13» 09 2012 жыл
ОӘК төрағасы, бірінші проректор ___________ Б. Рскелдиев






Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

5 Студенттің өздік жұмысы



2 Дәрістер

Тақырып 1. Шығармашылық ойлау психологиясы пәніне кіріспе.
Қазіргі заман психологиясы психологиялық шығармашылық аумағындағы зерттеулер белсенділік байқалуда. Өйткені қоғамдық тәжірибе шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие болғандығын мойындап, психология-педагогикалық ойларды осы проблемаға назар аударуына мәжбүр етті. Шығармашылық психологиясының негізгі міндеті шығармашылық процесс пен креативтіліктің психологиялық механизмдері мен заңдылықтарын ашу. Креативтілік – ағылшынның “Creativity” сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны береді. Шығармашылық психиканың даму механизмі мен негізі ретінде қарастырылады (Н.В. Кипиани, А.М.Матюшкин, Я.А. Пономарев, И.Н. Семенов және т.б.). Оны зерттеу ойлау заңдылықтарымен байланыстырылады (Н.Г. Алексеев, С.М. Бернштейн, В.С. Библер, В.Н. Пушкин, О.К. Тихомиров, Э.Г. Юдин және т.б.). Шығармашылық психологиясындағы креативтілік атауымен белгілі болған бағытты зерттеуді Дж. Гильфорд, С. Медник, В. Смит, К. Тейлор, Е. Торренс, Х. Трик, М. Уоллах, Д. Халперн және тағы басқа шетел ғылымдары жүргізді. Бірақ, Н.Т. Алексеев, С.М. Бернштейн, А.Н. Лук, Я.А. Пономарев, Н.Г. Фролов, Э.Г. Юдин, М.Г. Ярошевский сияқты авторлардың айтуы бойынша креативтілікті зерттеудің қорытындылары айтарлықтай нәтижелі болмады. Шетел зерттеулерінің креативтілікке берген анықтамалары мен ұғымдарын талдай және жалпылай отырып, Р. Холлменн былай дейді: «Креативтілік жаңа тәсілмен жүзеге асырылған қабылдау ағыны (Маккеллар), жаңа байланыстар табу қабілеті (Кюби), жаңа қарым-қатынастардың пайда болуы (Роджерс), жаңа шығармалардың туындауы (Меррей), жаңалықтар ашуға және оларды білуге қабілеті (Лассуэль), жаңа шешімдерге әкелетін ақыл-ой іс-әрекеті (Жерар), жаңа ұғымға тәжірибені көшіру (Тейлор), жаңа констелляциялық мағыналардың елесі (Гизелин)» [1]. Бірақ көптеген зерттеушілер креативтіліктің анықтамасында тұлғаның ерекшелігіне немесе қасиетіне басты назар аударады. Дж. Гилфорд креативтілік пен шығармашылық потенциалды табысты шығармашылық ойлауға ықпал ететін қабілеттер мен басқа ерекшеліктерінің жиынтығы тәрізді анықталуы мүмкін деп есептейді. Креативтіліктің жаратылысын қарастыру оны оқып-үйренудің негізгі сараптамалық бағытына негізделген. Жалпы алғанда оларды бағытталуына сәйкес үлкен екі топқа біріктіруге болады. Бірінші топқа жалпы психологиялық және концептуалдық бағыттағы зерттеулерді жатқызуға болады (Д.Б. Богоявленская, 1983; К. Дункер, 1965; А.Я. Пономарев, 1976; С.Л. Рубинштейн, 1941; О.К. Тихомиров, 1969 және т.б.). Бұл топтың психологтары шығармашылық психологиясының методологиялық негіздерін, оның заңдылықтары мен шығармашылық қызметтің механизмдерін зерттеді. Шығармашылық психологиясында жалпы психологиялық теорияны құру мәселесі (Б.Ф. Ломов, Я.А. Пономарев, О.К. Тихомиров), педагогика мен психологияның әртүрлі бағыттарын зерттеудегі әлеуметтік тұрғыдан маңызды қорытындысын біртұтас ете алу қабілеті шұғыл шешім қабылдауды қажет етіп тұр.

Екінші топты шығармашылық іс-әрекетке қабілеттіліктің тұлғалық мінезін сипаттау мен анықтауға бағытталған дифференциалды-психологиялық типті шығармашылықты сараптамалық-эмпирикалық зерттеу құрайды. Пәндік-процессуалдық деңгейге қатысты қазіргі заман және шетел шығармашылық психологиясында шығармашылық процестің сатылануы туралы пікір қалыптасқан (мәселенің пайда болуы, инкубация, интуитивті шешім қабылдау, идеяларды жүзеге асыру, верификация). Оның орталық буыны болып интуитивті кезең саналады (А.В. Брушлинский, А. Кестлер, А.Н. Лук, В.А. Моляко, Я.А. Пономарев, Т. Рибо, Р. Уоллес, П.М. Якобсон және т.б.). Е. Торренс креативтілікті білімнің жетіспеушілігінен, қиындықтарды сәйкестендіруден, болжамдардың пайда болуы және қалыптасуымен байланысты туындаған мәселеге деген сезімталдықтың пайда болуы ретінде анықтайды (Е. Торренс, 1996). Әлеуметтік- психологиялық және әлеуметтік-басқарушылық деңгейінде, басқаша айтсақ, шығармашылық детерминанттарында зерттеулер жүргізілуде (В.П. Карцев, Р. Пиви, Б. Холлеран, В.Л. Худаков, Ф. Эндрюс, М.Г. Ярошевский және т.б.). Ұйымдастыру мәселесі бойынша жұмыстар, сонымен қатар ұжымды функционалды-рөлдік саралау жолымен ұжымдық шығармашылықты басқару туралы жұмыстар бар (Ч.М. Гаджиев, В.П. Карцев, М.Г. Ярошевский және т.б.) Креативтілікті – жаңа өнім немесе шығармашылық ойлаудың қорытындысы деген пікірді ұстанған ғалымдар таласы әлі де жалғасуда (К. Тейлор, В.А. Терехов, О.К. Тихомиров және т.б.). Басқа зерттеулерде жаңаны құруда шығармашылық процестің басымдылығы көрінеді (Р. Арнгейм, А.В. Брушлинский, В.А. Моляко, В.Н. Пушкин, Р. Уоллес, П.М. Якобсон және т.б.). Бұл ұстаным әсіресе Р. Арнгеймнің еңбектерінде айқын көрінеді. Ол «шығармашылық туралы ол туындататын нысанға қарап айтуға болмайды... Креативтілік – бұл білім, әрекет және тілектердің толық ашылуы» [6, 376]. Психологиядағы эвристика мәселесін зерттей келе, В.Н. Пушкин: «Психологиялық процесс көмегімен шешілетін жаңа стратегия қалыптасады, эвристикалық іс-әрекет деген атауға ие жаңа дүние анықталады» деген пікірге келді [2]. Креативтілік сипаттамасы белгілі бір өнімді немесе кәсіптік әрекеттегі туындайтын психологиялық қасиетпен байланысты. Дж. Гильфорд, Л.Б. Ермолаева-Томина, А.Н. Жук, Ю.Н. Кулюткин, Б. Олмо, Я.А. Пономарев, Н.В. Рожденственская, Е. Торренс және басқалар креативтілік элементтері ретінде әртүрлі қабілеттерді көрсетеді. Олардың ойларынша, негізгі қабілет идеяларды жүзеге асыру және қанықтыру мүмкіндігімен айқындалады. Психологиялық зерттеулерде креативтілік термині тұлғаның интеллектуалдық және өз бетінше мәселені көтеруі, ерекше идеяларды айтып, оларды өзгеше жолмен шешу ерекшеліктерінің кешенін білдіреді. Креативтілік маңызды және ерекше феномен болатын бұрынғы зерттеулер мен қазіргі зерттеулерде креативтілікті тұлғаның интеллектуалдық және тұлғалық ерекшеліктері ретінде қарау беталысы айқындалады. Бұл креативтілік мәселесіне деген әр түрлі бағытталғандықты көрсетеді: ол әрине, барлық тұлға бірдей жете алмайтын креативтілік қорытындысы емес (бұл мәселе күрделірек, өйткені қорытынды ретінде тек ғылымдар мен қас шеберлер жететін объективті әлеуметтік маңызды жаңа қорытынды қарастырылады), рефлекция және субъективті өз-өзін бағалау негізіндегі тұлғалық маңызды жаңа сапа деп зерттеледі.

Тақырып №

Көптеген креативтілікті зерттеулерде психологиялық креативтілік механизмдері мен шығармашылық потенциалын тұлғалардағы түрлі сандық және сапалық қасиеттерін анықтауға басты назар аударылады. Бұнда олардың дамуы және шығу деңгейін ажырата білу қиындығы туындайды. Сонымен, дәстүрлі психология мен педагогикада креативтілік тұлғалық категория ретінде қарастырылды, пікірлер мен таластар негізінен түсініктемені айқындау жөнінде болды. атап айтқанда креативтілік дивергенттік ойлау (Гилфорд, О.К. Тихомиров) немесе интеллектуалдық белсенділік (Д.Б. Богоявленская, Л.Б. Ермолаева-Томина), немесе тұлғаның ықпалдастық сапасы (Я.А. Пономарев және т.б.) деп қарастырылады.



Әрбір ғылымның ұстанымы дәлелденген, мақұлдауды күтеді. бірақ, педагогикада (креативтік андрагогикада) оның сапалы көрсеткіштері мен пайда болу деңгейін анықтау толық мүмкін емес. Егер креативтілік сипатталған ұстанымдардың тек біреуі арқылы ғана түсіндірілсе, онда мәселе бір жақты ғана қарастырылады. Тұлғаның шығармашылық потенциалы жалпы алғанда креативтілігі дамитын шығармашылық білім беру мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және басқару ретінде қарастыратын педагогикаға қатысты. Сол себепті креативті білім беру және тәрбиелеу процесінде тұлғалық категория ретінде креативтіліктің дамыту мүмкіндігін зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Зерттеу пәніне байланысты қарастырылатын психология-педагогикалық құбылысты жүйелі түрде қарастыру керек. Мұндай әдістемелік бағдар педагогикада креативтіліктің бүкіл процессуалды кешенділігін қарастыруды талап етеді, яғни ғылым негіздерін тану процесі мен қарама-қайшылық негізіндегі жаңа иделарының туындауының (ішкі және сыртқы) бастапқы сатысынан педагогтың шығармашылық гүлдену кезеңіндегі тұлғалық және әлеуметтік нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды. Я.А. Пономарев шығармашылық психологиясында туған жаңа бағыттарды сипаттай отырып, пайда болып, содан соң өз бетінше өмір сүре бастаған әлеуметтік психологияны және шығармашылық психофизиологиясын бөліп көрсетеді. Шығармашылық психологиясынан жоғары қарай шығармашылық әлеуметтік психологиясы туындады. Әлеуметтік психологиясы арқылы қоғамдық ғылымдармен, ал шығармашылық психофизиологиясы арқылы биологиялық кең көлемді байланыс пайда болады. шығармашылық психология және оған жақын психологиялық топтар маңында педагогикалық және сол сияқты басқа ғылымдар, олар арқылы практикамен байланыстыратын қолданбалы пәндер пайда болады [4]. Педагогикада креативтілік проблемасындағы күрт өзгеріс 60-70 жылдары басталды. Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог-жаңашылдар пайда болды. Олардың білім берудегі инновациялық жүйесі басылып, радио және теледидар бойынша жаңа әдістері насихаттала бастады. жаңашылдық нәтижелері тек педагогтарды ғана емес, білім мен тәрбиедегі шығармашылықтың психологиялық ерекшеліктері мен педагогикалық психологиядағы шығармашылық әрекет механизмдерін оқып-үйрене бастаған психологтарды да қызықтыра бастады (В.В. Давыдов, И.А. Зимняя, Н.В. Кузьмина, Я.А. Пономарев, А.М. Матюшкин, В.В. Рубцов, Д.И. Фельдштейн және басқалар). Креативтілікті зерттеуде өткізілген талдау жалпы заңдылықтар мен ерекшеліктерді тауып, кәсіптік андрагогикада жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Креативтілік тұлғаның аса маңызды интеллектуалдық-эвристикалық сапасы ретінде емес, бағалы-тұлғалық, көп деңгейлі білім беру деп түсіндіріледі. Креативтілік адамның рухани және тұлғаның шығармашылық өзіндік даму шартының ажырамас бөлігі болатын бағалы тұлғалық саналы категориясы. Ол оның өзіндік көкейтестілігінің айтарлықтай резерві болып табылады. Креативтілік тұлғаның білімнің жан-жақтылығымен емес, қабылдау, мәселелерге сезімталдығы, жаңа идеяларды қабылдауға икемділігі мен жаңаны құру мақсатында тұрақтап қалған стереотиптерді өзгертіп, өмірлік проблемалардың күтпеген және кездейсоқ шешімін табумен айқындалады. Педагогикада креативтілікті зерттеу оның тұлғалы категориясы ретінде өздік білімін көтеру мен шығармашылық тұлғаның дамуына жету мақсатында оқыту және тәрбиелеудің шығармашылық процесті тиімді ұйымдастыру мен басқару формаларын табуға мүмкіндік береді. практикалық аспектідегі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру мазмұнды түрде инновациялық практикада қорытындылатын білім беру мен тәрбиелеу процесін модельдеуден көрінеді. Тұлғаның креативтілік потенциалы саналы іс-әрекетте дамитын болғандықтан білім беру әрекетінде тұлғаның креативті процеске тиімді кірісуіне жағдай туғызу керек. Шығармашылық дара тұлғаның саналы және бейсаналы ұғымдары қалыптасатын креативті процесті үздік ұйымдастыру мен реттеуде қиыншылық туғызады. Зерттеу көрсеткендей креативтіліктің дамуының саналы диалектикалық процесіне тұлғалық жүйедегі сана және бейсана ұғымдары жатады. Креативтілік тұлғаның саналы және бейсаналы феномендарының психикасын зерттеу өзін-өзі тану мен өзіндік сана сатыларын айқындау қажеттіліктеріне әкеліп соғады. Философтар мен психологтардың анықтамасы бойынша саналылық тұлғаның қоршаған орта, адамдар және өзі туралы әлеуметтік маңызды меңгерген саналы білім көлемі. Олар интериоризация мен экстериоризациядан кейін вербальды және вербальды емес әдістер, символдар, эмоционалдық көркемдік образдар көмегімен әлеуметтік және жеке тәжірибесі арқылы қорытындыланып, басқа адамдарға жетілдіріледі. Біз саналы түрде қабылдайтын мидағы оқиғалар мидың тілдік жүйесімен өңделетін оқиға болып табылады. Сананың пайда болуы ішкі процестердің интериоризациясы мен өзін-өзі тануының пайда болуына әкеліп соғатын ой және вербальды диалогтар мен коммуникативті процестермен байланысты. Өзін-өзі тануды психологтар санамен генетикалық және функционалды байланыстағы тұлғаның орталық қалыптасуының бірі ретінде қарастырады (Б.Г. Ананьев, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Спиркин). Сана әлеуметтік орта мен психиканың жоғарғы ықпалдық формасы. Сананың деңгейі интеллектуалдық дамудан, дара ақпараттық тәжірибеден және өзін-өзі танып білуге деген қабілеттіліктеріне байланысты. Түскен ақпарат санада өңделеді және тұлғаның интеллектуалдық тәжірибе, ойлау, дүниетану және саналылығының негізі болып табылады. Тұлғаның креативтілігі мен шығармашылық ойлауын психологиялық тұрғыдан зерттеу олардың шығармашылық ерекшелігінің ғылыми-психологиялық әдістерін табуымен байланысты болды. Ойлау механизмдерін зерттеу проблемалар мен міндеттерді шешу материалдарымен өткізілді. Бұлай істеу абстракцияның сәйкес жүйесін құрастырып, шығармашылық ойлаудың өнімділігін айқындауды талап етеді. 1914 жылы психолог О. Кюльпені тұлға санасындағы ойлау процестері, ал О. Зельцті тұлғаның интеллектуалдық аспекті қызықтыра бастады. Сол кездің өзінде-ақ өнімді ойлау психологиясына интеллектуалдық бағдар пайда болды. С.Л. Рубинштейн атап көрсеткендей, бұл мектептің шығармашылық сипаты «интеллектуалдық интуициямен» ерекшеленді. Зерттеудің тағы бір тармағы ойлау проблемаларына тұлғалық бағдар тұрғысынан дамыды. Б.В. Зейгарник, А.Р. Лурия, Ю.А. Самарин, Б.М. Теплов еңбектерінде ақыл-ойдың тұлғалық ерекшеліктері сипатталған. Ойлауды зерттеп, білудің жолдары мен принциптерін таба отырып, С.Л. Рубинштейн зерттеу процесін тереңдету және тұлғалық аспектсін енгізу қажеттілігін баса көрсеткен. Ойлау саласындағы психология-педагогикалық зерттеулерді талдай отырып, олардың тұлғалық шарттарының әртүрлі аспектілерін айқындауға болады: даралық-жіктеу айырмашылықтары, креативтілік қасиеттері, шығармашылық белсенділігі, бағыттылық, жинақылығы, қайраттылығы, түрткілік және эмоционалдық факторлар. Шығармашылық ойлауды танып-білудегі әртүрлі бағыттарды саралай отырып, ойлау әрекетінің танымдық жоспарын айқындап алу керек. Әлеуметтік орта танымдық сферамен тығыз байланысты санаға әсер етеді. Санада өндірілген ақпараттық, тұлғалық маңызды тәжірибе санасыздық, бейсаналылық, санадан тыс деңгейлерінде сақталады. Бейсаналылық және санасыздық процестерін танып-білмей, шығармашылық тұлғаның дамуы мен креативтілікті тану жолдарын анықтау мүмкін емес. Интуитивті фазадағы шығармашылық кездейсоқ, басқарылмайды, аяқ астынан туындайды. Шығармашылық пен аяқ астылықтың өзара байланысын Ф. Ницше ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсермен болмаған, яғни аяқ астылықты шығармашылықтың қозғаушы күші деп қарастырған. Бұл себепті зерттеу байланысымен ықпалдаспайды, сондықтан кездейсоқ болып табылады: «Мен кездейсоқтық арасындағы шығармашылық бастауын, белсенді күшті аштым: оқиға шығармашылық импульстардың қақтығысуы», - дейді Ф. Ницше. Мидың әрекетінің санасыздық процестерін зерттей отырып, П.В. Симонов бір-бірінен айырмашылықтарымен ерекшеленетін үш құбылысты атап көрсетті. Бірінші топ – санасыздық; Екінші топ – бейсана сферасы; Үшінші топ – санадан тыс. ХХ ғасырдың соңғы үш жылдығы шығармашылық проблемаларын зерттеп, тануда өнімді болып отыр. Бұл зерттеулердің ерекшеліктерінің бірі – шығармашылық феноменінің басымдылығы. Сонымен қатар, терминологиялық аппарат жетілдіріле бастады. шығармашылық, шығармашылық потенциал, шығармашылық қабілеттер, шығармашылық процесс, шығармашылық ойлау, шығармашылық тұлға, шығармашылық әрекет тағы басқа терминдерге талдау жасалып, олардың қолдану аясы, жіктелуі негізделе бастады. Шығармашылық проблемасына әрекетті түрлендіру арқылы қарастыру тиімді бола бастады. Бұрыннан белгілі ғылыми, техникалық, әдеби, музыкалық, көркемділік шығармашылыққа ойын, оқыту, коммуникативті, жағдаяттық, әскери, басқару тағы басқа шығармашылық түрлері қосылды. «Шығармашылық жалпыламалық сипатта бола ма, ол неден көрінеді?» - сұрағына жауап іздеген қазіргі заман зерттеушілерінің педагогикалық әрекетке көзқарастарын қарастырайық. Л.И. Беляеваның пікірінше, «педагогикалық әрекет» ұғымы педагогиканың негізгі категорияларының арасынан лайықты орын алған жоқ. М.М. Поташниктің ойынша: «педагогикалық еңбектің шығармашылықсыз болуы мүмкін емес, олай болмайды да, өйткені, қайталанбас балалар, түрлі жағдайлар, оқытушы тұлғасы және кез-келген педагогикалық шешім үнемі осы ерекше факторлардан туындайды. Балалармен жұмыс істеп жүрген мұғалімдер осы ерекшеліктерді ескермесе, оның әрекеті «педагогикалық» еңбектен тысқары жатыр деген сөз. Ғылым және өнер қортпасынан туындаған педагогикалық әрекет шығармашылықты туындатады». Педагогикалық әрекетті шығармашылық ұстаным жағынан қарастыра отырып, М.М. Поташник оның практикалық тұрғыдан іске асатынына назар аударады: проблемаларды үлгіден тыс шешу бағдары; жаңа формалар, әдістер мен тәсілдерді дайындап, сонылылықпен үйлестіру; тәжірибені тиімді түрде пайдалана білу; жетілдіру, тиімділік, білетіндерін жаңа міндеттерге сәйкес жетілдіру; жоғары дамыған интуицияны сәттілікпен қолдана білу; бір проблеманың шешімін әртүрлі тәсілмен шеше білу жолдарын таба білу; әдістемелік ұсыныстарды, теориялық білімді нақты педагогикалық әрекетте қолдана білу және тағы басқа. «Педагогикалық шығармашылық» және «педагогикалық шеберлік» ұғымдарын талдай отырып, ғалым олардың мағыналары жағынан ұқсастығын атап көрсетеді. «Шебер деп өз мамандығын терең игерген қызметкерді атауға болады. Шеберлік үлкен тәжірибеге байланысты. Шебер бола қоймаған жас мұғалім де шығармашылықпен жұмыс істей алады». ХХ жүзжылдықтың соңында психология мен педагогикада шығармашылық туралы әртүрлі мәліметтер жинақталды. Бірақ, жаңа білімге енгізіп, жетілдіру үшін, барлық ақпараттық материалдар өз кезегінде мағыналылықты, жүйелілікті қажет етеді. Бұндай жаңа білімге шығармашылық тұлғалардың типтерін, шығармашылық тұлғаның ақылының белгілері мен сапасы, шығармашылықтың пайда болуының механизмдері мен формалары, шығармашылық еңбек шарттары мен оның түрткісін жатқызуға болады.

Тақырып №


Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары.

        Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

        Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз -  әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.(5.28)

       Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.

        Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен  психологияның  орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.

        Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады.       Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.

     1.Практикалық іс-әрекеттілік.

     2. Көрнекі-бейнелік

     3.Сөздік – логикалық.

        Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.

1/ Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/

2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау/ т.б.

3/  Заттың  мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.

4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.

5/  Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.

6/  Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.

7/  Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.

8/  Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.

9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.

10/ Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.

       Сын есімді оқыту процесінде оқушылардың ойлауын дамыту дегенде ойлаудың барлық түрлері, формалары мен амалдарын қалыптастыру және жетілдіруді танымдық және оқу іс-әрекетінде тәсілдерінің білімінің бір облысынан екіншісіне көшіруді жүзеге асыра білуді түсінеміз.

        Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру арқылы біз оқушылардың ойлауын дамытамыз.Ойлауды дамыту критерилері ретінде оқушылардың ойлауын дамытудың қандай да бір деңгейінің жетістігін көрсететін көрсеткішті түсіндіреді.

       Деңгей-ойлауды дамытудың дәрежесі, критерий – деңгейдің өлшемі.

       Оқушылардың ойлауын дамыту деңгейлерін анықтау үшін, психологтар ойлауды дамытудың сегіз шартын тұжырымдайды:

-ойлау операцияларын түсіну дәрежесі – ойлаудың маңызды сипаттаушысы:

-операцияларды меңгеру дәрежесі/анализ,синтез, салыстыру, жалпылау, нақтылау, классификациялау және т.б./ оларды барлық танымдық процестерде қолдана білу /оқу, оқудан тыс/

-операцияларды түсіну және ойлау тәсілдерін басқа жағдайларға және басқа нәрселерге ауыстыруды жүзеге асыра білу дәрежесі.

-ойлаудың әртүрлі түрлерінің қалыптасу дәрежесі.

-білім қорының, олардың жүйелілігінің, білімді меңгерудің жаңа тәсілдерін білу дәрежесі.

-мидың әртүрлі сапаларының динамикалық дәрежесі /тереңдігі, икемділігі, тізбектілігі, шапшаңдылығы және т.б./

-іс-әрекеттегі ықшамдылық дәрежесі: шығармашылықпен жұмыс,жаңа жағдайларға бейімделе білу.

-оқушылардың логикалық ой қорытуларды меңгеру, оларды іс-әрекетінде қолдана білу дәрежесі (6.32)

       Психолог А.Н.Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын дамыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсетті.(7.57)

      Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады:

1.Ойлаудың икемділігі.

2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.

3.Ойлаудың сынилығы.

4.Ойлаудың мақсаттылығы.

5.Ойлаудың жалпылығы.

6.Ойлаудың өз бетіншелдігі.

7.Анықтылығы,дәлелдігі.

        Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мәдениетін көтеруге, олардың  интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі.

        Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу процесінде ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Ойлау мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі барысында қалыптасады. Ойлау аппаратының дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі ұлғаяды,қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады.

        Ақыл-ой еңбегі мәдениеті --- ойлау мәдениеті--- сыншыл ойлау мәдениеті.

        Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-ой еңбегін, жақсы есті дамыған қиялды және оқуға шығармашылық тұрғыдан келуді талап етеді.

        Ойлау мәдениеті түсінігін А.Қасымжанов, А.Ж.Келбұғанов ойлау қабілеті дамуының белгілі бір дәрежесі ретінде түсінеді, яғни тар мағынасында ол "Ойлаудың қағидалық әдісі немесе ұғымдарға сүйеніп ойлау өнері”. Бұл бәрін терең, әрі жан-жақты қарастыруға көмектесетін, сол арқылы мәңгі даму үстіндегі әлемді дұрыс қабылдайтын ойлаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы қол жеткізу (8.43).

        Оқушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз бетінше еңбек ету және еңбек ету мәдениеті дағдыларын меңгереді. Бұл оларда өзінің жұмыс орнын қарапайым ұйымдастырудан бастап, дәл және дұрыс ақыл-ой, сонымен бірге практикалық әрекет дағдыларына дейін барлығынан көрініс табады. Олар ақыл-ой әдістерінің бірқатар қорын жинақтайды. Олардың таным әрекеті жоғарғы дәрежелі ойлау операцияларымен, ойлаудың шапшаңдығы, икемдігі, оралымдығымен, оқушылар бұрын кездеспеген жаңа, тың тапсырмаларға өзінің білімін, интеллектуалдық біліктілігі мен дағдыларын өз бетінше көшіріп қолдана алуымен ерекшеленеді. Оқу әрекеті дағдыларын меңгермеген оқушылар өз жұмысын жоспарлап, уақытты дұрыс, тиімді пайдалана алмайды.

        Бұл жерде сөз ақыл-ой процестерінің сырттан басқарылуы/мұғалімі тарапынан, бағдарламалық оқулықтарымен, оқытатын құралдар, электронды машиналармен/ жөнінде ғана емес, оқу әрекеті барысында саналы түрде өзін-өзі басқару және өзін өзі реттеу жөнінде де болып отыр. Ал бұл үшін оқушыға оның жеке-психологиялық ерекшеліктерін, оның оқу және практикалық әрекетке қатынасын ескере отырып ықпал ету керек және оныңмеңгерген өзіндік жалпылама тиімді тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етуі қажет. Интеллектуалдық білік-дағдыларға үйрету бір-бірімен тығыз байланысты болатын төрт мәселені қамтиды: ойлау әрекетінің саналы болуына қажеттілік қалыптастыру, әрекет ету бойынша жалпы ережелерді білу, бұл әрекеттерді тәжірибе жүзінде тексеру және өзін-өзі бақылау.Оқушыларды керекті себептендіруді /мотивация/ тудыру үшін оларда ойлау процесінің өзін саналандыруға /рационализация/ қажеттілік пайда болуы, оны дамыту туралы неғұрлым кең мәселеге өсетін белгілі бір нақты әдіс қолданылады. Зерттеулер көрсеткендей, бұл қажеттілік оқыту барысында ақыл-ой әрекеті әдістерінің ұзақ уақыт қалыптасуы нәтижесінде пайда болады. Ойлауды саналандыруға қажеттілік ойлау мәдениеті әдістерін тиімді меңгерудегі қажетті алғы шарттардың бірі болып табылады.

        Бұл жағдайда оқушы есіне үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады, бірақ оны пайдалана алмауы да, құрғақ жаттап алған материалдың мазмұнын жете түсінбеуі де мүмкін. Міне осы жерде ойлау мәдениетіне үйрету керек болары сөзсіз.

        Әрине, оқушы білімді меңгеру кезінде ойлау әрекетінің белгілі бір тәсілдері мен әдістерін меңгереді, бірақ мұндай стихиялы, жүйесіздік жеткіліксіз екендігі анық. Бұл мәселені қалай шешуде педагог психологтардың көзқарастары әртүрлі, біреулері оқытуды өз бетінше ойлауды дамытатындай  етіп ұйымдастыру керек деп есептейді,егер соңғы нәтижесінде оқушылар дұрыс ойлау мәдениетіне үйренетін болса, бұл жерде түбегейлі айырма жоқ.

         Жақсы өңделген және берік тұрақталған әдістердің қалыптасуына әкелетін ақыл-ой дамуының аса маңызды жағын құрайды. Бірақ бұл пікір жалпылама сипатта ғана, себебі нақты әдіс-тәсілдері сан алуан, әр текті болып келеді. Бұл жерде біз ойлау мәденеитіне тоқталамыз.

        Соңғы кездердегі педагогикалық ізденістерде ақыл-ой біліктерінің мақсатты түрде  дамуына ойлау әрекетінің арнайы қалыптасуына ерекше назар аударылуда, яғни ойлау дағдыларына үйретуге, танымдық ізденіс процестеріне ден қойылуда. Бұл ізденіс басталғаннан бері педагогикалық тәжірибеде әртүрлі оқу курстарына ақыл-ой дамуына байланысты тапсырмаларды енгізуге ұмтылыс жаппай сипат алды. Мамандар мен оқытушыларға жаппай бағдар беру мақсатында ойлаудың білік-дағдыларының ортақ көрініс көрсету үшін ортақ үрдісіне мақсатты түрде қалыптастырылуға тиіс осы ойлау машықтарының бірыңғай үлгісі жасалды. Ақыл-ой/интеллектуалдық/ дағдыларының орталық тірегі, діңгегі болып ойлау белгіленеді.

        Ойлау мәдениеті үшін төмендегідей сапалар тән болуы тиіс: айқындық, қайшылықсыз, бірізділік, негізділік, дәйектілік, яғни ойлау тәртібін құрайтын заңдылықтар басшылыққа алынады.

        Ойлау мәдениетін тек қана пайымдаулар мен тұжырымдардың логикалық тұрғыдан қатаң дәлелдігі айқындамайды, ол үшін мінез-құлықтың да белгілі бір сапалары қажет: "оқушының ақыл-ойын басынан-ақ өзіндік сыншылдыққа, өзіндік көзқарастарын өз бетінше қорғай алуға, қарсы пікірлерге жауап табуға үйрету керек” екендігін И.Кант дәлелдеген болатын (9.102)

        Ақылдың сыншылдығы, сонымен бірге, жеке тұлғаның мінез-құлық

ерекшелігіне айналады, ақыл-ой процестерінің жүруіне әсер етеді. Ол, шын

мәнінде, міндеттің ақиқат жағдайлары мен шарттарына сәйкес келмейтін сәтсіз ұқсату –сәйкестендірілуі шығарып тастайды.

        Адам өзінің және өзгенің ойларына қатаң баға беріп отырады, олардың күшті және әлсіз жақтарын көре біледі, кез-келген болжамды ақиқат ретінде тани бермейді, оның ақиқаттығын дәлелдеуге ұмтылады. Адамның ойлау сыншылдығы өзі қалыптасқан көзқарастарын, қағидаларын қайта қарап, егер ол ғылым мен практиканың жаңа, тың мәліметтеріне,деректеріне қайшы келсе, оларды соған сәйкес өзгертіп отырады.

         Ғылыми-техникалық даму жағдайында әр саладағы білімнің қажеттілігі мен адам әрекетінің сан алуан түрлерінің бөлініп шығу үрдісі, сонымен бірге әртүрлі мамандыққа ортақ болатын құраушы бөліктерінің көрініс беруі арқылы олардың бірігу үрдістері үнемі жүріп жатады, бұл адам еңбегінің неғұрлым түсуінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан оқыту барысы кезінде жеке тұлғалық сапалардың нақты дағдылары мен біліктерінің, қатаң анықталған білім жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз ету керек болады. Бұның бәрі оқушының оқу процесі кезіндегі ақыл-ой әрекетін басқара білуді барынша өзекті мәселеге айналдырды.

        Оқушыларды ой еңбегіне тәрбиелеу түгелдей оқыту-тәрбие жұмыстарының кезінде үздіксіз жүріп отырады. Ақыл-ой тәрбиесінің табыстылығын айқындайтын негізгі факторлар; оқу материалдарының мазмұны, оқыту әдістері және оқушының сол арықылы реттеле ұмтылдырған, қоршаған өмірге байланысты жеке өзіндік тәжірибесі арқылы бекітілген танымдық әрекеті, сыныптағы және сыныптан тыс сабақтардың мазмұны және мектеп оқушылары оқып білім алатын, өмір сүретін жалпы ақыл-ой ортасының дәрежесі болып табылады.

       Оқушылардың ойлау әрекетін басқарудың маңыздылығы қазіргі заманғы оқыту процесін талдау барысында үш негізгі аспектіден ашылады:

1.структуралық/құрылымдық/-оқыту процесін жүзеге асыратын жүйенің құрылысы жағынан;

2.функционалды /қызметтік/ - оқыту процесін басқаратын негізгі бағыттың көрінісін анықтау тұрғысынан;

3.информативтік /ақпараттық/ - осы жүйеде әрекет ететін білімдік, танымдық ақпараттар тұрғысынан;

        Ақыл-ой әрекетін басқарудың маңыздылығы оқытушы мен оқушының белсенді түрдегі байланысын анықтауға мүмкіндік беретіндіктен арта түседі. Ұстаз оқушының танымдық әрекетін мақсатты түрде басқару арқылы нәтижесінде оқушыда белгілі бір анық білім қоры, дағдылар мен тіліктер қалыптасады.

        К.Н.Волков адам ойының, ойлаудың дамуы нәтижесінде бірқатар құнды ойлар білдірді. Бұл процесте оқытудың жетекші роль атқаратынын ерекше көрсете отырып, К.Н.Волков: "оқыту процесі оқушының кешегі өткен даму жасына емес, болашақтағы даму жасына қарай бағыт-бағдар алуы тиіс, оқытуды аяқталған бір даму кезеңі немесе деңгейі ретінде қарастыруға болмайды. Оқыту ең алдымен әлі қалыптаспағанға, енді алда оқыту арқылы қалыптаспағанға, енді алда оқыту арқылы қалыптасатынға қарай бағытталатындай түрде жүргізілуі қажет” (10.97).

        Оқытуда деректер мен теориялық қағидаларды білмейінше, даму жоқ және болуы да мүмкін емес. Тұлғаның дамуы мен білімді меңгеруі екеуін тікелей бір нәрсе деп есептеуге болмайды. Сөйте тұра оқушылар деректер мен теориялық қағидаларды есінде сақтап алып, өздерінің танымдық қабілеттерін әртүрлі дәрежеде жетілдіреді, алған білімді өздігінен, біреулері саналы әрі жедел түрде қолдануды үйренеді. Оқытудың түрлі әдістері тұлғаның қалыптасуына өз әсерін тигізіп отырады.

        Ойлау дамудың жеке көрсеткіштерінің бірі адамның алдынан пайда болған қағидалық және тәжірибелік міндеттерді аңдап қалуы, оны жете түсінуі және оны орындап шығуы болып табылады. Оқушылар үшін даму үйренімділіктің, оқытылымдықтың өсуі, яғни барынша үнемді түрде мүмкін болғанша неғұрлым мол білімділік және тәрбиелік құндылықтарды алу қабілеті арқылы анықталады.

        Өзіндік жұмыстар арқылы оқушыларды оқытудың әдістері мен психологтар мен дидактиктер жасаған оқушыны ойлау әрекетіне меңгерту тәсілдері тығыз байланысты. Сондықтан бұл тәсілдер де оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу тәсілдерімен байланыста қаралады. Ақыл-ой әрекетінің кең көлемді тәсілдерін, яғни ойлау әрекетінің әртүрлі жағдайында қолданылатын және оқу материалдарының көптеген түрлеріне ортақ болатын жалпы тәсілдерді және әрекеттің тар белгілері бір жағдайында ғана пайдаланылатын арнаулы тәсілдерді ажыратып, екіге бөліп қарастырылғанымен, бұл екеуінің арасында қатаң шекара жоқ. Екеуі де ақыл-ой тәрбиесіне көмегін тигізеді, бірақ олардың ықпалдығы бірдей дәрежеде емес.

        Дамыту әрқашан тәрбиеленуші, ал тәрбие дамытушы болуы тиіс. Бұл пікірдің көкейтестілігі сонда, жеке тұлғаның белгілі бір сапаларын меңгермейінше ойлауды дамыту мүмкін емес, оқыту барысында тәрбиелеу процесі әрдайым қатар жүріп отырады. Ойлау қабілетін дамытуды қарастырғанда, оның жүйелі ұйымдастырылған оқыту процесінде жүзеге асатынын ескеру керек болады. Ойлауды ұйымдастырылған оқыту процесінде дамыту жағдайында жүзеге асырудың өзіндік мәні бар басты ерекшелігін көрсету қажет: ол оқушылардың теориялық ойлауының қалыптасуына қарай бағдарланады. Әлеуметтік тәжірибенің барлық құндылығы қандай да бір ғылыми сала арқылы жеткізіледі. Ал мектептегі білім беруде әрекет етудің бұл салалары оқу пәндеріне айналатыны белгілі. Оқыту процесінде ойлауды дамыту әлеуметтік, қоғамдық тапсырыстардың педагогикалық үлгісі ретінде білімнің мазмұны арқылы, түптеп келгенде белгілі бір нақты ұғымдар мен түсініктерді, біліктер мен тәжірибелерді оқушыларға меңгерту арқылы жүзеге асырылады.

        Педагогика мен психологияны да дамытудың көптеген шарттары көрсетіледі. Мысалы, Л.В.Занков оқушылар үшін үш аспектіні көрсетеді:

1.Бақылай алу, ойлау және практикалық әрекет;

2.Кеңінен танылған шарт ретінде оқушының өз білімдері мен тілектерін іс жүзіне ауыстырылып қолдана білуі болып табылады;

3.Ол неғұрлым өз бетінше жұмыс жасай алатын болса, бұл ауыстырудың да аумағы соғұрлым кең және оның шарттары да күрделі бола түседі, бұл оқушының қаншалықты дамуын, яғни даму дәрежесін көрсетеді. Дамуды бағалау шарттарының көптігі мектепте дамытуға қажетті танымдық сапалардың көптігін береді.

        Оқыту процесінде ойлаудың дамуы жіктелмелі түрде жүреді. Қандай да бір сабақта дамуға қол жеткізгені анық көрініс беруі керек. Бір сабақтарда даму және меңгеру анық көрініп тұрса, кейбір сабақтарда ол елеусіз ғана болуы мүмкін.

        Әрекет ету сипатына қарай және қайшылықтарды шешудің оқу танымындағы жолына қарай ойлаудың түрлі деңгейлері туралы айтуға болады. Бұл деңгейлер ойлаудың табиғатына және таным процесінің заңдылықтарына байланысты анықталады: бірқатар оқушылар жақсы түсіне отырып өз бетінше жемісті ойлай алады, кейбірі олай етуге қабілетсіз болады, бірқатар оқушылар талдау жасай алады, енді біреулерінің бұл әрекет қолынан келе бермейді. Оқушылардың бұлайша әр деңгейдегі дайындығы әртүрлі нұсқаларды құрастырудың объективті негізі ретінде танылады, ол үшін оқытудың барынша түрлі әдістерін қолдану керек, яғни түрлі дидактикалық құрылымдарды, ерекшеліктерді ескеретін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ойластыру қажет болады.

         Қазіргі қазақ тілі сабақтарында сын есімді оқыту барысында жаңа үлгідегі сабақ өткізуде мынадай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

 І. Ізденіс кезеңіндегі қолданылатын әдістер:                                                                         

  2. Байқау;

  3.Сұрақ-жауап;

  4.Іздендіру;


жүктеу 264 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау