"Намедни" мейрамханасы
Артықшылықтар: MasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 10% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер.
Алматының орталығындағы бірегей классикалық орыс мейрамханасы. Тек осы жерде ғана нағыз орыс тағамының дәмін татып көруге болады, ал сусындарды бағалайтындар жеміс компоттарынан және тамаша арақтардан ләззат алады.
Біздің бас аспазшыларымыз орыс халқының тағамдарының дәстүрлі құпияларын мұқият сақтап, жаңғыртып келеді әрі бұл кездейсоқ емес! Олар біздің бауырлас халық дәмді әрі мол ауқатты жақсы көретінін біледі әрі қазақстандықтардың жүрегіне ең жылдам әрі мәдени жол асқазан арқылы екендігін түсінеді! "Намедни" мейрамханасы- бұл көне орыстар мен кеңестік үйлердің әдет-ғұрпын бейнелейтін тамаша интерьер. Тек осы жерде ғана Сіз және сіздің шетелдік қонақтарыңыз нағыз орыс рухын сезіне алады! "Намедниге" бір рет келу нағыз мәдени шара болмақ, өйткені бұны бір жыл бойы Лермонтов атындағы театрға тұрақты барумен сипаттауға болады.
Жеңілдіктерді ұсыну шарттары: 6 (алты) адамға дейін
Мекенжайы: М. Оспанов к-сі, 20, Достық д-лы қиыл.
Сайт: www.alasha.kz
Тел.: 254-07-00, 254-07-01
E-mail: info@alasha.kz
|
"АЛАША" мейрамханасы
Артықшылықтар: MasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 5% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер.
Алаша – шығыстың аңызы бойынша, қолмен жасалған кілем әрі ол құрметті және қадірлі қонақтарға арналған.Үйге келген қонақтарға, міндетті түрде, хош иісті шай мен шығыс ас үйінің дәмді тамақтары беріледі. Біздің мейрамханамыздың ас үйіндегі сиқыршылар таңдаулы әрі дәстүрлі тағамдар ұсынады: тіл үйірер палау, дәстүрлі шығыс таба наны, қытырлақ самса. Жас қойдың етінен жасалған сорпа да сізді селқос қалдырмас. Кәуаптардың жиырмадан астам түрі кез келген тамақ талғағыштың көңілінен шығатыны сөзсіз.
"Алаша" мейрамханасы Хан сарайы тәріздес тұрғызылған және шығыс үлгісінде безендірілген:
Еңбекқор шеберлердің өнерлі қолдарымен ойып жасалған әрі хан сарайларының дәл көшірмесі болып табылатын есіктер мен бағандар;
Заманауи элементтермен безендірілген сарай үлгісіндегі хан бөлмесі;
Кальян бөлмесі әрі онда Сіз тәпшанға жайғасып, әр алуан жеміс хош иістерінен тұратын кальянды шегіп, шығыстың колоритін барынша толық сезінесіз.
Шығыс аруларының билері иілімді қозғалыстармен, нәзік сымбаттарымен баурап алады. Шығыс әуендері күмбез астындағы бөденелердің үнімен, тау бұлағының сылдырымен және ағаш жапырақтарының сыбдырымен үндесіп, құлақтың құрышын қандырады.
Ертегіге бас сұғу біздің балалық шақтан келе жатқан арманымыз. Алайда қарбалас пен бітпейтін тіршілік осы арманымызды жүзеге асыруға уақыт та, мүмкіндік те бермейді. Сондықтан біз осыны Сіздер үшін жүзеге асырғымыз келді.
Біз Сіздердің қиялдарыңызды өз мейрамханамызда шындыққа айналдырғымыз келді. Біз Сіздерге балалық шақтың арманын сыйлауға тырыстық. Біздің қамымызды, сүйіспеншілігімізді сезініңіз және соңы сәтті аяқталатын Шығыс аңызын айтып беруге рұқсат етіңіз.
|
Мекенжайы: Алматы қ., Қарғалы к, Абай к-сі, 21-үй
Жету схемасы: келесі сілтемені қараңыз
Сайт: www.felicita.kz
Тел.: +7-701-414-38-67 (мейрамхана), 299-91-81 (сауна), 299-90-80 (қонақ үй)
|
"FELICITA" демалыс кешені
Артықшылықтар: MasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 10% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер (бардан басқа).
"Felicita" демалыс кещені Сіздерді қонаққа шақырады!!! Кешен Алматы маңының ең үздік жерлерінің бірінде орналасқан. Оңтүстік-батыс тау бөктерлерінің экологиялық таза аймағында тап-таза ауамен демалуға, жазда салқындықты сезінуге, ал қыста аязды күннен тамсануға болады. Алмарасанға апаратын шуылды жолдан алшақтық (1 км) біздің кешеніміздің маңызды ерекшелігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді - тыныштық, жайлылық пен оңашалық. "Felicita" кешенінде Сіздерге әрқашан жазғы және қысқы мейрамханалар, қонақ үй, сауда және жазғы жуу бассейндері қызмет көрсетеді. Осының барлығы Сізге толыққанды демалуға мүмкіндік береді.
|
Мекенжайы: Алматы қ., Достық д-лы, Қабанбай батыр к-сі, "Ресей" дүкенінен жоғары
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |