Бағдарламасы үржар ауылы, 018 жыл Мазмұны Паспорт 2



жүктеу 1,8 Mb.
бет2/3
Дата01.01.2020
өлшемі1,8 Mb.
#25639
түріБағдарламасы
1   2   3

1. Паспорт




Атауы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме


Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығы

Өңірдің негзгі сипаттамасы

Үржар ауданы облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тарбағатай тауларының оңтүстік етегінде орналасқан, 1928 жылы құрылған. Бұл облыстың өңтүстігінде орналасқан ең шалғай аудан. Ауданның алып жатқан жер көлемі – 23,4 мың шаршы шақырым. 2017 жылы халық саны 74 766 адамды құрады, аула саны - 20 092. Аудан орталығы Үржар ауылында 13 427 халық тұрады. Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық құрамына 55 елді мекені бар 27 ауылдық округ жатады. Аудан экономикасының базалық саласы ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауданның ауыл шаруашылығы саласы мал шаруашылығы дамыған өсімдік шаруашылығы бағытында негізделген. Алакөл көлі жағалауының рекреациялық аймағы және «Барлық-Арасан» санаториялық-емдік нысаны туристтік әлеуетті құрұға перспективалық өңір болып табылады.

Бағыттары

Аймақтық экономика;

Әлеуметтік сала;

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп;

Инфрақұрылым;

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық;

Экология және жер ресурстары;

Мемлекеттік қызмет.


Мақсаттары

Аймақтық экономика:

1) бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер өсімін қамтамасыз ету;

2) өнеркәсіптің басым секторларын дамыту;

3) өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

4) ішкі сауда саласының серпінді дамуы;

5) өңір экономикасына инвестиция келуін ынталандыру;

6) туризм индустриясын тұрақты дамыту;

7) экономикалық өсу нүктелерінде капитал мен халықтың шоғырлануын ынталандыру, аумақты ұйымдастырудың тиімділігін құру арқылы әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға жағдайлар жасау;

Әлеуметтік сала:

8) білім берудің қол жетімділігін және сапасын арттыру;

9) мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру;

10) халықтың денсаулығын сақтау және нығайту;

11) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуын қамтамасыз ету;

12) отандық мәдениетті сақтау;

13) ұлт бірлігін қамтамасыз ету және этникааралық және конфессияаралық келісімді нығайту;

14) бұқаралық спортты дамыту;

15) Қазақстан халқын біріктіру факторы ретінде толерантты тіл ортасын құру;

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп:

16) халықтың тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін арттыру;

Инфрақұрылым:

17) тұрғындарды қолжетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету;

18) құрылыс саласын дамыту және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге жәрдем көрсету;

19) автожол саласының инфрақұрлымын дамыту және елді мекендер арасында көлік байланысын қамтамасыз ету;

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық:

20) тұрғындарды тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласының сапалы қызметтерімен қамтамасыз ету;

Экология және жер ресурстары:

21) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және пайдаға жарату жүйесін жетілдіру;

22) ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ауылшаруашылық айналымына тарту;

Мемлекеттік қызмет:

23) мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты құру және іске асыру.



Нысаналы индикаторлар

2020 жылға дейін:

Аймақтық экономика:

1) Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны – 102,0%;

2) өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі – 100,4%;

3) басқа металл емес минералды өнімдер өндірісінің нақты көлем индексі – 100,0%;

4) ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестицияның нақты көлем индексі – 108,2%;

5) ұйымдастырылған шаруашылықтарда ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал басының үлесі: ІҚМ - 37,2%, ҰҚМ - 40,0%;

6) тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал үлесі: ІҚМ - 17,0%, ҰҚМ - 2,0%;

7) бөлшек сауданың нақты көлем индексі – 101,0%;

8) өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға инвестиция көлемі – 0,09 млрд. теңге;

9) халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны – 110,0%;

10) негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі – 0,4%;

11) шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестиция ларды қоспағанда) – 93,0%;

12) өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер) – 110,0%;

13) өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес) – 108,2%;

14) өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі – 107,0%;

15) тірек ауылдық елді мекендерде халық санының өсуі - 22,367 мың адам;

16) шекара маңындағы аумақтарда орналасқан тірек ауылдық елді мекендерінде халық санының өсуі - 4,478 мың адам;

Әлеуметтік сала:

17) мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету – 100,0%;

18) жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны – 0 бірлік;

19) жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі – 63,0%;

20) мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы – 44,4%;

21) балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 100,0%, оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен – 44,0%;

22) мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі – 69,0%;

23) типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі – 1,9%;

24) мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі – 41,0%;

25) халық санын ұлғайту, өткен жылмен салыстырғанда – 98,8%;

26) ана өлімін азайту, 100 мың аман туған нәрестеге – 0,0%;

27) нәресте өлімін азайту, 1 мың аман туған нәрестеге – 9,1%;

28) қатерлі ісіктерден өлімді азайту, 100 мың тұрғынға – 78,4%;

29) 15-49 жас аралығындағы топта адам иммунтапшылығы вирусының таралуы 0,2-0,6 % шеңберінде – 0,051%;

30) жұмыссыздық деңгейі – 4,8%;

31) жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі – 78,8%;

32) жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі – 60,3%;

33) атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі – 40,0%;

34) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) – 100,0%;

35) жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі – 11,5%;

36) әлеуметтік, көліктік инфрақұры лымның паспортталған нысандарының жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үлесі – 100,0%;

37) 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны: кітапханаға келушілер – 137,2 адам;

38) этникааралық қатынас саласында мемлекеттік саясатты оңды бағалайтын халық үлесі – 81,0%;

39) конфессияаралық қатынас саласында мемлекеттік саясатты оңды бағалайтын халық үлесі – 86,0%;

40) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту – 31,6%;

41) балалар мен жас өспірімдер жалпы санынан 7-18 жастағы балалар-жас өспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдерді қамту – 12,1%;

42) мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 100,0%;

43) ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 5,2%;

44) үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 4,2%;

Қоғамдық қауіпсіздігі және құқық тәртібі:

45) көшелерде жасалған қылмыстық тың үлес салмағы – 12,0%;

46) кәмелетке толмағандар мен жасалған қылмыстар дың үлес салмағы – 5,2%;

47) бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстары ның үлес салмағы – 42,1%;

48) 100 зардап шегуші адамға шаққанда жол-көлік оқиғаларында қаза болғандардың санын азайту – 21 бірлік;

49) тіркелген жалпы қылмыстар санынан есірткі қылмыстары ның үлесін төмендету – 1,0%;

50) төтенше жағдайларға қарсы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі – 67,5%;

Инфрақұрылым:

51) 100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желілерінің тығыздығы – 31 бірлік;

52) құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 115,3%;

53) пайдалануға енгізілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы – 8,515 мың шаршы м.;

54) жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі – 72,4%;

55) жолаушылар автокөлік қатынастары мен қамтамасыз етілмеген елді мекендер үлесі – 5,0%;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:

56) күрделі жөндеу қажет ететін кондоминимум нысаналар үлесін азайту – 13,3%;

57) ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған: сумен қамтуға – 56,4%, су бұруға қол жеткізу – 3,2%;

58) жалпы ұзындықтан жаңғыртылған желілер үлесі: жылумен қамту – 92,3%, электрмен қамту – 0,51%;

Экология және жер ресурстары:

59) қалдықтарды жинау және тасымалдау жөніндегі қызметтердің облыс, қала тұрғындарын қамтуы – 66,0%;

60) экологиялық талаптарға және санитарлық ережелерге сай келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (көму орындарының жалпы санынан) – 4,8%;

61) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылық қолданысына енгізілген үлесінің көбейуі – 8,8%;

62) егіндік жерлердің құрамында ауыспалы егістің (ауыспалы егіс алқабы) үлесі – 22,5%;

63) табиғи жайылымдық жерлердің құрамында ауыспалы жайылымның (жемшөптік егіс айналымы) үлесі – 10,6%;

Мемлекеттік қызметтер:

64) мемлекеттік қызметкерлер санының ауысушылық деңгейі (мемлекеттік қызмет жүйесінен шығу) – 5,7%.


Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көздері: республикалық, облыстық және аудандық бюджеттер, меншікті және қарыз қаражаты.

Қаржыландыру көлемі:

барлығы – 79 016,87 млн. теңге,

соның ішінде:

2016ж. – 4 585,32 млн. теңге

2017ж. – 7 615,95 млн. теңге

2018ж. – 9 928,52 млн. теңге

2019ж. – 10 431,34 млн. теңге

2020ж. – 46 455,73 млн. теңге




2. Ағымдағы жағдайды талдау

Үржар ауданы облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тарбағатай тауларының оңтүстік етегінде орналасқан. Аудан 1928 жылы құрылған.

Бұл облыстың өңтүстігінде орналасқан ең шалғай аудан. Ауданның алып жатқан жер көлемі – 23,4 мың шаршы шақырым. Аудан орталығы Үржар ауылында 13,4 мың адам тұрады. Ауданның елді мекендерінің аудан орталығына дейінгі ара қашықтығы 5-тен 100 шақырымнан артық. Аудан орталығының облыс орталығына дейінгі ара қашықтығы 500 шақырымнан астам, жақын теміржол станциясы Аягөз қаласына дейін 170 шақырым.

Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық құрамына 55 елді мекені бар 27 ауылдық округ жатады. Аудан шекаралас аудандардың қатарына жатады, Қытай Халық Республикасымен шекаралас.

Ауа райы тұрғысынан алғанда Үржар ауданы теңдесі жоқ өңір болып табылады. Онда дала, шөлейтті және тау ландшафттары қатар орналасқан. Ауданның рельефі негізінен тегіс. Ауданның оңтүстік бөлігі Балқаш - Алакөл ойпатында орналасқан. Тарбағатай тауы ауданның солтүстік-шығыс шекарасы бойымен 2992 м дейін созылып, шығысында - Бірлік тау жотасының сілімдері 1114 м дейін созылған. Алматы облысының шекарасында Алакөл, Сасықкөл және Жалаңашкөл көлдері орналасқан.

Ауданның негізгі ауылдары – аудан орталығы Үржар ауылы және Мақаншы тірек ауылы, халық саны тиісінше 13,4 және 12,8 мың адам. Тірек ауылдар құрамына Таскескен мен Қабанбай ауылдары да жатады.

ҚХР шектесетің ауылдар: Ақшоқы, Подгорный, Бақты, Қабанбай, Қарабұлақ, Қарабұта, Бұғыбай, Қайынды және Көктерек. Шекаралас ауылдардың халық саны 12,7 мың адам немесе ауданның жалпы халық санының 16,9% құрайды.

2018 жылдың басына ауданның халық саны 74,7 мың адамды құраған (облыстың халық санынан 5,4%), халықтың тығыздығы шаршы шақырымға 3,2 адам.

Үш жылда ауданның халық саны 3 634 адамға немесе 4,6% азайған (2015 жыл –78 400 адам).

Демографиялық қатынаста жастардың үлес салмағы (19,1%) төмен болу есебінен халықтың қартаю тенденциясы бар. Еңбекке қабілетті жастағы жастардың қалаға кетуі демографиялық жағдайға әсер ететін негізгі факторлар болып табылады.

2017 жылы туудың жоғары деңгейі – 16,81 (облыстық – 15,98), өлімнің төмен деңгейі байқалады – 8,41 немесе облыстық көрсеткішінен (10,12) 16,9% төмен.

Ер адамдардың үлесі – 50,2%, әйелдердің – 49,8%.

Халық құрылымында екі этнос басым: қазақтар – 91,8%, орыстар – 7,0%. Қалған этностар татарлар, немістер, украйіндер, белорустер, шешендер, азербайджандар және басқа ұлттардың үлесі 1,2%.

Көші-қон алмасуы нәтижесінде 2017 жылы ауданнан 5494 адам кеткен, 2591 адам келген. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде халық саны 2903 адамға кеміген.

Халықтың көшіп кетуі олардың басқа аудандарға және республиканың басқа облыстарына кетуі негізделген (кеткендердің жалпы санынан 5440 адам немесе 99,0%), жақын шетел елдеріне (54 адам немесе 1,0%).
Өңірлік макроэкономика және өңір экономикасының құрылымы.

Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп ауданының базалық салалары. Аудан экономикасын дамытуда агроөнеркәсіп кешені маңызды рөл атқарады, онда біршама әлеуетті экономика топтасқан. Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымында 52,9% астамы өсімдік шаруашылығына тиесілі. Егіс алқаптарының құрылымында басым бөлігі дәнді дақылдар.

Өсімдік шаруашылық саласы салмақты даму динамикасымен мінезделеді. Сонымен, 2017 жылы 2015 жылмен салыстырғанда бұл саладағы өнім көлемі 25,4 %-ға өсіп, 31 197,4 млн. теңгені құрады.

2017 жылы бөлшек сауда тауар айналым көлемі 9591,6 млн.теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 9,8 % төмендеді.


Әлеуметтік инфрақұрылым және халықты жұмыспен қамту.

Экономикалық белсенді тұрғындардың саны (ЭБТ) 2017 жылы 39,1 мың адам болды (экономикалық тұрғыдан тұрғындардың белсенділік деңгейі - 70,6 %), (облыс бойынша 66,7 %).

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісі 2015 жылмен салыстырғанда 6 ұйымға өсті. 5-6 жастағы балалар толық мектепалды даярлықпен қамтылған.

Аудан халқының орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы 36,4%, су бұру қызметімен 2,0% құрады.

Үржар ауданының көліктік желісі дамыған инфрақұрылымы бар. Транспорттық жүйе мұнда автомобиль жолдары мен әуе көліктік инфрақұрылымынан құралған.

Үржар ауылының әуежайы Семей, Өскемен және Алматы бағыттарында қызмет көрсетеді.

Үржар ауданының негізгі артықшылығы тиімді географиялық орналасуымен анықталады: солтүстік-батыста - Аягөз қаласымен, оңтүстікте – Алматы облысымен, шығыста - Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Ауданның Алматы қаласына дейін алшақтығы – 620 шақырым, Талдықорған қаласына – 350 шақырым, Павлодар – 750 шақырым, Семей – 480 шақырым, Қытайға дейін – 18 шақырым.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзақтығы 484 шақырым, оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар 71,4% құрайды.

2017 жылы 2015 жылмен салыстырғанда ауданның тұрғын үй қорының ауданы 0,98 %-ға өсті.

2.1. Аумақтың әлеуметік-экономикалық жағдайын талдау

2.1.1. Аймақтық экономика
Өнеркәсіп.

Үржар ауданының өнеркәсібі төрт саланы қамтиды: тау-кен өнеркәсібі,өңдеу өнеркәсібі, су және электр қуатын өндіру және үлестіру.

2017 жылы өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің тауар көлемі 4172,6 млн.теңгені құрап, 2015 жылдың деңгейінмен салыстырғанда 122,8% (3396,7 млн.теңге) артты. Нақты көлем индексі 122,8% (1 кесте).
1 кесте – Экономикалық қызмет түріне байланысты өнеркәсіп өнімдерінің өндірілген көлемі, млн.теңге/ есепті жылмен салыстырғанда табиғи көлем индексі, %


Көрсеткіштер

2015жыл

2016жыл

2017 жыл

Өсу қарқыны 2017ж./2015ж. %

Өнеркәсіп – барлығы

3396,7/ 82,9

3441,7/ 87,0

4172,6/ 122,8

122,8

оның ішінде:













Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

371,1 / 117,6

320,3/ 86,2

324,6/ 101,3

87,5

Өңдеу өнеркәсібі

2491,4/ 92,4

2799,8/ 82,1

3411,2/ 135,6

136,9

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

230,7 / 104,8

273,0/ 115,7

287,4/ 100,5

124,6

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлу

303,5/

48,9/17,5

149,4/ 216,6

49,2

Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі - 81,8%, тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі - 7,8%, электр энергиясы, газ, бу беру және ауа баптау - 6,9%, сумен жабдықтау - 3,6% құрайды.


Тау-кен өнеркәсібі

Тау-кен өнеркәсібінің негізін көмір өндірумен айналысатын «Мадина» ЖШС ұсынады. 2017 жылы өндірілген тауар өнімнің көлемі 324,5 млн.теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 12,5% халық сұранысының азаюына байланысты төмендеді.

Өңдеу өнеркәсібі

Өндеу өнеркәсібінің негізгі үлесі қайта өндеу өнеркәсібіне тиесілі, оның негізін келесі салааралықтар құрайды: тамақ өнімдерінің өндірісі -82,8%, басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісі – 15,4% және өзге салалар -1,8%.

2017 жылы осы салада өндірілген тауар өнімінің көлемі 3 411,2 млн. теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 36,9%-ға артты1. Нақты көлем индексі - 135,6%. Ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі облыстық көлемдегі үлесі 0,3%-ды құрады.
Тамақ өнімдерін өндіру

Ауданда тамақ өнімдерін өндірумен етті қайта өңдейтін кәсіпорын, сүт қабылдау және оны өңдеу пункті, 38 наубайхана, 5 диірмен, 5 кондитерлік цех пен май тарту цехтары айналысады.



Өңдеу өнеркәсібінің негізгі өндірушісі, қуаттылығы тәулігіне 3 тонналық шұжық өнімдерінің 70-тен астам түрін өндіретін «Швабские колбаски» ЖШСі. Өндірілген өнімдер Алматы, Семей, Өскемен және Аягөз қалаларына тасымалданады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 280 тонна өнім өндіріліп, 2015 жылдың деңгейінде өндірілді. 2017 жылы аудан бойынша өндірілген тамақ өнімдерінің көлемі 2 825,8 млн.теңге, 2015 жылмен (2 431,4 млн.теңге) салыстырғанда 16,2% -ға артты. Нақты көлем индексі - 114,9% құрады (2 кесте).

№ п/п

Өнім атауы

Өлшем бірлік

Жылдар

2015

2016

2017

1

2

3

5

6

7

1

Ет және субпродуктылар, оның ішінде шұжық өнімдері

тонна

280

280

280

2

Рафинадталмаған өсімдік майы

тонна

44

46

44

3

Сүт өнімдері

тонна

265

116

129

4

Қымыз

тонна

54

8

0

5

Жаңа піскен нан

тонна

361

354

643

6

Торттар, кондитерлік өнімдер, нан өнімдері және басқалар

тонна

3

3

3

2 кесте - Қайта өңдеу өнеркәсібінде өндірілетін өнімнің негізгі түрлерінің динамикасы, 2015-2017 жылдар.

Ауданда 38 наубайхана жұмыс істеп, нан және нан өнімдерімен аудан халқын толық қамтамасыз етуде. «Тәтті дәмді» және «Төрлет» ЖШС-і тәулігіне 500-550 бөлке нан және нан өнімдерін өндіріп, өнім көлемін ұлғайтуда. 2017 жылдың қортындысы бойынша нан және нан өнімдерінің көлемі 643 тоннаны құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 0,5% -ға азайды. Сонымен қатар, кондитерлік өнімдердің өндіріс көлемі 3 тоннаны және «Юбилейный» ЖШС-нің өсімдік майы - 44 тоннаны құрап, 2015 жылдың деңгейінде сақталды.

2015 жылы өнім көлемін ұлғайту мақсатында «Даму Өндіріс» бағдарламасы шеңберінде жалпы соммасы 40,0 млн.теңге көлемінде субсидияландырылды, «Даму» қоры арқылы 20,0 млн.теңге көлемінде кепілдеме берілді. Алайда, 2017 жылы «Ақберлі» ЖШС-і ұлттық сусын кымыз өндірісі қызметін тоқтатты.
Пластмассалық бұйымдарының өндірісі

2017 жылы резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемі 39,0 млн.теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 25,8% -ға (2015 жылы - 31,0 млн.теңге) артық.

Бұл салааралықты пластикалық есік пен терезелерді шығарумен айналысатын «Үржар-Пласт» ЖШС ұсынады.
Су және электр энергиясын өндіру және үлестіру

Ауданда су және электр энергиясын өндіру және үлестірумен мемлекеттік көпсалалы коммуналдық кәсіпорын, «ШҚ АЭК» АҚ-ның Семей филиалы, «Шығысэнерготрейд» ЖШС филиалы айналысады.

2017 жылы аталған кәсіпорындар арқылы 287,4 млн. теңгеге қызмет көрсетілді, 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда 24,6%-ға артық (230,7 млн.теңге).

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау 149,4 млн.теңгені құрап, 2015 жылдың (282,4 млн. теңге) деңгейімен салыстырғанда 47,1% төмен. Табиғи көлем индексі 99,8% құрады. Суды жинау және бөлу көлемінің төмендеуінің негізгі себебі «Сартерек Су» ЖШС-ң қызметін тоқтатуына байланысты.

Жергілікті қамтуды дамыту

Аудан әкімдігі тарапынан отандық тауарөндірушілерді қолдау және олардың ірі кәсіпорындармен байланысын нығайту мақсатында дөңгелек үстел, жәрмеңкелер, жиындар мен кеңестер секілді іс шаралар өткізу бойынша жұмыстар атқарылуда.

SWOT – саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

1) өзіндік материалдық шикізат базасының болуы;

2) ірі импортер-нарығына жақындығы (Қытай Халық Республикасы);

3) өндіріс әлеуетінің болуы;

4) энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілуі.


Әлсіз жақтары (W):

1) еңбек өнімділігі деңгейінің төмендігі;

2) техникалық мамандар дайындығы сапасының төмендігі;

3) техникалық қондырғылардың жоғары тозуы (70% дейін), негізгі қордың төменгі деңгейде жаңғыруы;

4) өндірістің техникалық жаңарту мен жарақтандыру үшін кәсіпорындардың айналым қаражатының жеткіліксіздігі;

5) өндірістің ұсақтануы;

6) ШОБ субъектілерінің кепілдеме затының және жеке айналым қаражатының жетіспеушілігі.


Мүмкіндіктер (O):

1) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы, "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары;

2) ауылшаруашылық өнімдерінің әлеуетің толық қолдану;

3) бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру;

4) тау-кен мен өндеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың жабдықтарын жаңарту;

5) өңдеу өнеркәсібінде жаңа өндіріс орындарын ашу.



Қатерлер (T):

1) ішкі нарық көлемінің аздығы;

2) етті қайта өңдеу өндірісіне қауіпті мал ауруының шығуы кері әсерін тигізеді;

3) басқа өңірлердегі кәсіпорындардың жан-жақты бәсекелестікте болуы және бизнестің жоғары операциялық кідірістері;

4) жанар-жағармайға, электрэнергиясына, суға, жылуға және тағы басқалардың тарифтерінің өсуіне байланысты өндірілген өнімнің бағасының қымбаттауы.

Өнеркәсіптің негізгі проблемалары:

1) өндірілген өнімнің бәсекелестік қабілетінің төмендігі;

2) электр энергиясына қатысты жоғары тарифтер.


Инновациялар және инвестициялар.

Үржар ауданы бойынша 2015-2019 жж. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 17,4 млрд.теңге болатын 2 жоба енгізілді, оның ішінде:

1) «AK Minerals» ЖШС-і Үржар ауданында 8,2 млрд.теңге сомасында «Катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыт құрылысы». Жобаның қуаттылығы - жылына 5000 тоннаға дейін, 350 жұмыс орнын құру. Жобаны іске асыру мерзімі 2017-2020 жылдар аралығы. Бұл жобаны «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – БЖК 2020) шеңберінде компанияның 35/10 кВ қосалқы станциялар және 55 шақырымда 35 кВ әуе желілерін тарту, сыртқы өндіріс жолдары мен теміржол жолына жетіспейтін инфрақұрылым жүйесін тарту мақсатында жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Пайдалануға беру 2019 жылдың соңына жоспарлануда.

2) ««Eurotransit Terminal» ЖШС-ң Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы «Бақты» кедені өткелінде көліктік-логистикалық орталық салу» жобасы, 237 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Инвестицияның жалпы сомасы 9 204,0 млн.теңге жеке және несие қаражаты есебінен. Іске асыру мерзімі 2017-2022 жылдар аралығы.

Аталған мекемеге көліктік-логистикалық орталық салуға 19,0 га және жанармай құю стансиясын салу мақсатында 1,0 га жер телімі бөлінді. 2017 жылы аталған жобаға 1780,0 млн.теңге көлемінде БЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде субсидияландырылды. І кезең бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылы негізгі капитал құйылған инвестициялар көлемі 7 603,0 млн.теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 15,3%-ға төмендеді. Төмендеу себебі бюджет қаражаты есебінің азаюынан. Облыс деңгейіндегі ауданның негізгі капитал құйылған инвестиция үлесі - 1,7% құрады. НҚИ -169,9%.

Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қонақ үйлер мен мейрамханалардың қызметтері, электрмен жабдықтауға, сумен жабдықтауға, тасымалдау мен сақтауға, денсаулық сақтауға және мемлекеттік басқаруға инвестициялардың көлемі тұрақты көбеюде (3 кесте).

3 кесте - Қолдану бағыттары бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемінің динамикасы



Атауы

2015ж.

2016ж.

2017ж.

Өсу қарқыны 2017ж./ 2015ж., %

Аудан бойынша барлығы, млн. теңге

8973,1

4239,3

7603,0

84,7%

оның ішінде:













Өнеркәсіп , оның ішінде

645,3

564,0

1667,7

122,2%

өңдеу өнеркәсібі

297,6

32,1

51,1

2,6 есе көп

Тау кен өнеркәсібі

158,3

376,2






Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және үлестіру

177,5

138,3

407,6

2,3 есе көп

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

12,0

17,3

1131,7

94 есе көп

Құрылыс:













ауыл щаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы

985,0

680,9

994,9

101

көлік және байланыс

1914,1

1,0

1433,0

74,9

сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және дербес пайдалану заттарын жөндеу

226,8

112,0

258,5

114

қонақ үйлер мен мейрамханалардың қызметтері

1886,8

1747,8

1554,8

82,4

Білім

2218,6

388,9

171,1

7,7

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету

64,0




287,9

4,5 есе көп

ақпарат және байланыс

251,9

88,6

36,3

14,4

Қаржылық қызмет













Жылжымайтын мүлікпен операциялар, кәсіпорындарға жалға беру мен қызмет көрсету

666,0

652,0

542,1

81,4

Мемлекеттік басқару:

0,3




656,6

2188,7 есе көп

басқа да коммуналдық, әлеуметтік және персоналдық қызметтер

114,2

4,0






2017 жылы қаржыландыру көздері бойынша инвестиция көлемінің үлес салмағы: кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты - 60,8% (4 622,6 млн.теңге), жергілікті бюджет қаражаты - 24,2% (1842,3 млн. теңге), республикалық бюджет қаражаты - 15% (1 138,1 млн. теңге).

Инвестицияның көлемінің басым бөлігі өнеркәсіп саласына тиесілі - 21,9%, тұрмыстық және тамақ өнімдеріне - 20,5%, көлік және қоймаға - 18,8%, ауыл шаруашылығына - 13,1%, мемлекеттік басқаруда - 8,6% -ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар - 7,1%, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер - 3,8%, білім беру - 2,3%, сауда, автомобильдерді, тұрмыстық заттар мен жеке заттарға - 3,4%, ақпараттар мен байланысқа - 0,5%.
Кесте 4 - Негізгі капиталға жұмсалған жалпы инвестиция көлемінде сыртқы инвестицияның үлесі, млн. теңге/өсу қарқыны, %


Көрсеткіштер

2015 жыл

2016 жыл

2017жыл

Сыртқы инвестицияның үлесі

8,7/0,1

78,7 / 1,9

18,2/ 0,2

Үржар ауданының сыртқы инвестиция көлемінің елеулі бөлігін «Қазақтелеком» АҚ бірлескен кәсіпорны (компьютер сатып алу) жүзеге асырды.

Ауданның экономикалық дамуының белсенді факторы кәсіпорындардың жаңа техника технологиялық өзгерістердң пайдалануы болып табылады.

2017 жылы статистика мәліметіне сәйкес аудан бойынша инновациялық белсенді мекемелер саны 6 бірлікті құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 25% -ға азайды.

Инновациялық кәсіпорындар қатарына «Үржар ауданының КММ», «Үржар ауданының ауданаралық ауруханасы», «Бак-Тур» ЖШС, «Юбилейный» ЖШС, «Үржар ауданының орталық ауруханасы», «Урджар Пласт» ЖШС, «Шығыс Нұрлы жол» ЖШС-і енді.

2017 жылы өнім үрдісінің инновацияларына жұмсалған шығындар көлемі 114,7 млн.теңгені құрап, 2016 жылдың деңгейінен 8,4 есе және 2015 жылдың деңгейінен 2,9 есе артық.

Есепті кезеңде ауданның инновациялық белсенді мекемелерінде жұмыс істейтіндер саны 1784 адамды құрап, 18,3% есеге көбейді. Мониторингке жұмысшы саны көп кәсіпорындар енді.

2017 жылы аудандағы инновациялық белсенді кәсіпорындардың қызмет ету деңгейі 31,6%-ды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 8,4%-ға кеміді (5 кесте).

Кесте 5 – Ауданның инновациалық қызметінің негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Инновациалық белсенді мекемелер саны

Бірлік

8

5

6

Облыс деңгейіндегі инновациялық белсенділік

%

40,0

31,3

31,6

Инновациалық өнімнің көлемі

млн. теңге

13,1

13,7

114,7

Жұмысшы саны

адам

1508

1707

1784

«100 нақты қадам» Ұлттық жоспар аясында өңірге инвестицияны тарту бойынша келешекте мына қызметтерге бағытталатын болады:

- сүт және сүт өнімдерін өндіруді дамытуда стратегиялық инвесторларды тарту;

- ет өнімдерін өндіру және қайта өңдеуді дамытуға стратегиялық инвесторларды тарту.

Қолайлы инвестициялық ахуалды, инвестициялық ынталандыру түрінде мемлекеттік қолдау шаралары арқылы қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қолданыстағы құрылыстарды жаңғыртуға, кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды құруды ынталандыру қарастырылған. Ауданда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға жұмыстар жүргізілетін болады.

Сала дамуы жағдайына SWOT- талдау:



Күшті жақтары (S):

  1. инвестиция динамикасының оңды болуы;

  2. инновациялық технологияларды енгізу бойынша кәсіпкерлік жобаларды іске асыруға мемлекет тарапынан қолдау көрсету («Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020»);

3) туризм нысандарын (демалыс үйлер), тұрғын үй және агроөнеркәсіп кешеңдері құрылыстарының салуға қолайлы ортаның болуы;

4) инновациялық белсенділіктің жоғары болуы.



Әлсіз жақтары (W):

1) сыртқы экономикалық жағдайдың төмендеуіне байланысты инновациялық дамуға бюджеттік шығындардың қысқартылуы;

2) инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы;

3) кепілдеме заттың жетіспеушілігінен инфрақұрылымның дамымауы, инвестиция тартудың төмен деңгейі.





Мүмкіндіктер (O):

1) өңірлік кластерде инновацияның дамуына ИИДМБ мүмкіндіктерін қолдану;

2) тауарлар мен жаңа технологияларды отандық өндірушілердің өнімдерін ішкі нарықтың қанығуы;

3) тікелей инновациялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы институттарымен бірлесіп тығыз байланыстар мен қарым-қатынастар орнату;

4) Қазақстан Республикасы инновациялық даму Концепциясының 2020 жылға дейінгі және оны іске асыру бойынша Жол Картасының мүмкіндіктерін пайдалану;

5) «100 нақты қадам» Ұлттық іс-шара жоспары шеңберінде өнеркәсіптің, инновация мен инвестицияның дамудағы стратегиялық бағдарламалары.



Қауіптер (T):

1) елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы инвестиция көлемінің төмендеуіне әсер етуі.




Негізгі проблемалары:

1) инновациялық белсенді бизнестің төмен болуы;

2) технологияларды коммерцияландыру бойынша мәдениет болмауы;

3) өңірлік инновациялық жүйенің болмауы.


Агроөнеркәсіп кешені

Аудан экономикасын дамытуда агроөнеркәсіп кешені маңызды рөл атқарады, онда біршама әлеуетті экономика топтасқан. Оның дамуы ауданның азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтайды.

Облыс бойынша жалпы өндірілген ауыл шаруашылық өнімінің көлемінде Үржар ауданының үлес салмағы - 11,6% құрап, облыстың аудандары мен қалалары арасында бірінші орында.

2017 жылы аудан бойынша 54 390,1 млн. теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді немесе 2015 жылмен салыстырғанда 29,5%-ға өсті.
Нақты көлем индексі (ары қарай – НКИ) 2017 жылы 102,4% құрады (облыстық көрсеткіш – 103,2%) ( 1 сурет).


1 сурет - Ауданның ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша негізгі көрсеткіштері



Ауыл шаруашылық тауар өндірумен 2 592 ауыл шаруашылық құрылымдары (2 579 шаруа қожалықтар, 13 - ЖШС) мен 10 802 жеке аулалар айналысады. Өндірілген өнімнің басты бөлігі (52,0 %-дан 81,4 %-ға дейін) жеке аулалардың үлесіне тиесілі, бұның өзі сала өнімі өндірісінің ұсақ тауарлығын көрсетеді (6 кесте).
6 кесте - Ауыл шаруашылық құрылымдары мен жеке аулалардың жалпы өндірілген өнім мен мал санындағы үлес салмағы, %





2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

ауыл шаруашылық құрылымдары

жеке аулалар

ауыл шаруашылық құрылымдары

жеке аулалар

ауыл шаруашылық құрылымдары

жеке аулалар

Өндірілген ет

31,0

69,0

32,5

67,5

38,4

61,1

Өндірілген сүт

18,6

81,4

18,2

81,8

19,2

80,8

Мал басы:



















ІҚМ

33,5

66,5

37,9

62,1

40,5

59,5

ҰММ

37,8

62,2

39,9

60,1

33,3

66,7

Жылқы

48,0

52,0

51,5

48,4

52,7

47,2


Ауданның ауыл шаруашылығы саласы мал шаруашылығы дамыған өсімдік шаруашылығы бағытында негізделген, оның жалпы өндірілген өнімдегі үлес салмағы 59,1%-дан астам. 2017 жылы өсімдік шаруашылығында 32 171,5 млн. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2015 жылмен салыстырғанда 25,4%-ға жоғары. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі бойынша аудан 1 орында. НКИ – 100,0% (облыстық көрсеткіш– 101,9%).

Саланың жүргізілуі негізінен дәнді және майлы дақылдар өндірісі таралған богарлық егін шаруашылығы жағдайында жүзеге асады. Егістік құрылымында дәнді дақылдардың үлес салмағы 26,4%, майлы дақылдар 44,4%, мал азықтық дақылдары 25,9%, картоп 1,5%, көкөніс 1,0%, бақша дақылдары 0,8% құрайды.

Өсімдік шаруашылығы саласы тікелей ауа райының құбылыстарына байланысты (қуаншылық). Салыстырмалы уақытта бұл саланың өсу тенденциясы байқалады (7 кесте).
7 кесте - 2015–2017 жылдары өсімдік шаруашылығының негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы



Көрсеткіштер атауы

2015 жыл

алдағы жылмен,%

2016 жыл

алдағы жылмен, %.

2017 жыл

алдағы жылмен,%

2017 жыл/

2015 жыл, %

Егістік көлемі, мың га

183,8

102,0

186,1

101,3

188,4

101,2

102,5

а) дәнді дақылдар

48,6

100,0

50,4

103,7

50,3

99,8

103,5

соның ішінде: жаздық бидай

31,9

107,0

37,8

118,5

36,0

95,2

112,9

б) күнбағыс

67,8

86,3

71,7

105,8

76,7

107,0

113,1

в) картоп

2,8

100,0

2,5

89,3

2,5

100,0

89,3

г) көкөніс

1,9

100,0

1,7

89,5

1,7

100,0

89,5

Орташа түсім, цен/га






















а) дәнді дақыл

14,7

126,7

20,6

140,1

15,4

74,8

104,8

б) күнбағыс

5,7

109,6

10,6

186,0

11,7

110,4

205,3

в) картоп

227,9

102,6

246,7

108,2

241,7

98,0

106,1

г) көкөніс

240,1

103,0

254,8

106,1

251

98,5

104,5

Өндірілген өнім, мың. тонна






















Дәнді дақылдар

77,8

138,7

111,6

143,4

81,1

72,7

104,2

Күнбағыс

38,9

95,3

73,0

187,7

89,8

123,0

230,8

Картоп

62,8

102,4

61,7

98,2

59,9

97,1

95,4

Көкөніс

46,4

104,3

43,0

92,7

43,1

100,2

92,9

Бақша

35,2

92,1

40,4

114,8

37,8

93,6

107,4

Тұқым шаруашылықтары

3







0,0











Егістік құрылымын оңтайландыру мақсатында жыл сайын егістікті әртараптандыру іс-шаралары жүргізіледі. 2015-2017 жылдар аралығында егістік көлемі 183,8 мың гектардан 188,4 мың гектарға дейін ұлғайды немесе 2,5%-ға. 2017 жылы ылғал сақтау технологиясымен 15 012 га дәнді дақылдар егілді, 2015 жылмен салыстырғанда 2 677 га немесе 21,7% көбейді.

Ауданда 43,2 мың га суғармалы жер бар, оның 2017 жылы игерілгені 25,9 мың га немесе 60,0%. Суғармалы жерлердің толық игерілмеуінің басты себебі су ораптарының, магистральдық каналдардың тозығы жетіп күрделі жөндеуді қажет етуінде.

2015-2017 жылдары Егінсу өзеніндегі су қоймасын жаңғырту жұмыстары және Келдімұрат өзеніндегі су бөгеті мен «Ақтоған» магистралдық каналының жаңғырту, Қусақ өзеніндегі су бөгеті мен «Бургон», «Тастоған» магистралдық каналдарының жаңғырту жұмыстары аяқталды. Суару жүйелерін қайта құру нәтижесінде суармалы жерлердің көлемі 9 082 га артты.



Ауданда шаруа қожалықтарын жоғары сапалы I, II және III репродукциялы тұқыммен қамтамасыз ету үшін 3 тұқым шаруашылығы жұмыс істеуде («Юбилейный», «Бақ-Тұр» ЖШС, «Некрасовка и К» шаруа қожалығы).

80%-ы тозығы жеткен машина трактор паркін жаңалауда мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылы ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарымен 164 дана жаңа ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды, оның ішінде «КазАгроФинанс» АҚ-ы арқылы лизингке 489,7 млн. теңгеге 70 бірлік техникалар алынды.

Ауданның мал шаруашылығының ерекшелігі оның көпсалалығында. Салалар бөлінісінде мал, жылқы және қой шаруашылығында белсенді даму байқалады.



2017 жылы 22 203,3 млн. теңгенің мал шаруашылығы өнімдері өндірілді, 2015 жылмен салыстырғанда 6,0% артық. НКИ – 101,4% (облыстық көрсеткіш – 104,2%), (8 кесте). Облыс бойынша өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің көлемінде Үржар ауданының үлес салмағы – 8,4% құрайды және үшінші орында.

8 кесте - 2015 – 2017 жылдары мал шаруашылығын дамытудың негізгі

көрсеткіштерінің өзгеру серпіні.

Көрсеткіштер атауы

2015 жыл

% алдағы жыл

мен

2016 жыл

% алдағы жыл

мен

2017 жыл

% алдағы жылмен

2017 жыл/

2015 жыл, %

Мал басы:






















МІҚ

79970

103,3

84257

105,4

91632

108,8

114,6

Қой мен ешкі

236732

103,6

235817

99,6

214517

91,0

90,6

Жылқы

22802

100,5

25899

113,6

27445

106,0

120,4

Шошқа

2607

103,2

2263

86,8

2253

99,6

86,4

Құстар

130720

101,5

128893

98,6

131090

101,7

100,3

Өндірілген өнім, тонна

Ет тірі салмақта,

16697,6

107,4

17816,5

106,7

19403,9

108,9

116,2

Сүт

70263,8

102,6

73520,0

104,6

78233,3

106,4

111,3

Жұмыртқа, мың дана

16638

102,3

16846

101,3

18284

108,5

109,9

Жүн, тонна

626,0

103,2

596,1

95,2

531,2

89,1

84,9


2017 жылдың қортындысы бойынша Үржар ауданының өндірген сүттің көлемі облыс бойынша жалпы өндірілген сүттің 8,9% құрап, екінші орында тұр.

Ауданда сүт халықтың жеке аулаларында және ұсақ шаруа қожалықтарында өндіріледі, бұл өндірісінің ұсақ тауарлығын көрсетеді (9 кесте).
9 кесте. –2015-2017 жылдары Үржар ауданы бойынша сүт өндіру көлемінің серпіні.





Көрсеткіштер

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2017 ж. / 2015 ж.,

%

тонна

үлес салма ғы, %

тонна

үлес салма

ғы, %

тонна

үлес салма

ғы, %

1

Сауылған сиыр сүті-барлығы

70 638,0

100,0

7 3520

100,0

78 233,3

100,0

110,8




соның ішінде:






















2

Жеке аулаларда

57 226,9

81,0

60 134,7

81,8

63 246,8

80,8

110,5

3

Шаруа қожалықтарын

да

13 036,9

19,0

13 385,3

18,2

14 986,5

19,1

115,0


Ет бағытындағы мал шаруашылығы. Селекциялық асылдандыру жұмысымен 274 шаруашылық айналасуда. Асыл тұқымды бұқалар Қостанай, Ақмола облыстарынан және аудандағы асыл тұқымды шаруашылықтардан сатып алынуда. Асыл тұқымды ІҚМ саны - 4699 бас. Жалпы ІҚМ-дағы асыл тұқымды малдардың үлес салмағы – 4,6% құрайды.

Аудан аумағында ІҚМ бордақылау үшін 5 300 басқа арналған 25 бордақылау алаңдары, 7 мал сою пунктері және 14 мал сою алаңдары салынды.



Қой шаруашылығы. Соңғы үш жылда қойдың басы 9,4%-ға немесе 22 215 басқа, асыл тұқымды қойдың үлес салмағы – 3,0% азайды. Асыл тұқымды қойдың үлес салмағының аздығының басты себебінің бірі жақсы дамыған қой өнімдерін дайындайтын инфрақұрылымдардың және жүн өңдеу кәсіпорындарынан жүнге сұраныстың жоқтығы.

Асылдандыру жұмыстарымен 7 084 бас қой малы бар 30 шаруашылық айналысуда.

Жылқы шаруашылығы. Аудан бойынша жылқы саны тұрақты өсуде, үш жылдағы өсім 20,4% немесе 4 643 басты құрады. Асыл тұқымды жылқылар «Некрасовка и К», «Ырсақ Ата», «Ақмарал» шаруа қожалықтарында шоғырланған, онда 700 бас «Жәбе» нәсілді жылқылар бар. Аудан бойынша асыл тұқымды жылқылардың үлес салмағы 2,5 %.

«Бораш» шаруа қожалығының базасы негізінде ұлттық сусын «қымыз» өндіру дамыған, тәулігіне 500 литр қымыз дайындайды.

Ара шаруашылығы. Ауданда омарта шаруашылығымен 4625 ара ұясы бар 11 омарташылар айналысады (10 кесте).
10 кесте - Ара шаруашылығының даму динамикасы.





Өлшеу бірлігі

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Өсу қарқыны 2017 ж /2015 ж, %

Асыл тұқымды ара шаруашылығының саны

бірлік

5

9

11

220

Ара ұясының саны

ұя

1770

4200

4625

261,3

Өндірілген бал

тонна

61,95

147,0

161,9

261,3


Құс шаруашылығы ауданда жеке аулаларда дамыған, соңғы үш жылда жеке аулаларда тауық саны 370 басқа немесе 0,3% өсті.
SWOT – саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

1) өндірістік әлеуеттің болуы:

- ауылшаруашылық жерлердің болуы,

- ауылшаруашылық малдардың болуы;

2) ауылшаруашылық өндірісінің тұрақты дамуы, облыстың қалалары мен аудандарының арасында өндірілген сүт өнім көлемі бойынша алдыңғы орында болуы;

3) аудан халқы негізгі азық-түлікпен толық қамтылуы, атап айтқанда ет, сүт, картоп, көкөніс және ұн.

Әлсіз жақтары (W):

1) ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарының тозуы;

2) асыл тұқымды мал үлесінің төмендігі.

Мүмкіндіктер (O):

1) агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін толық пайдалану:

- заманауи сүт тауарлық фермаларды дамыту, халықтан сүт жинап отандық сүт өнімдерімен жабдықтау;

- құс фабрикасын салу арқылы ет бағытындағы құс шаруашылығын дамыту;

- магистральдық каналдар мен су тораптарын жаңғырту арқылы суғармалы жерлерді пайданалуды ұлғайту;

- сүт өндірісте алдыңғы қатарлы заманауи технологияларды енгізу;

2) ауыл шаруашылық техника паркін барынша жаңалау;

3) агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттік қолдауды көрсету және ыңталандыру арқылы ауыл шаруашылық өндірісті ірілендіру;

4) дайындау ұйымдарының желісін дамыту.

Қатерлер (T)

1) аграрлық саланың өзіне тән тәуекелдерінің артуы: қолайсыз ауарайы, табиғи апаттар, малдардың аса қауіпті ауруларының әсер етуі.



Негізгі проблемалар:

  1. өндірістің ұсақ тауарлығы, мал өнімдерінің көбінесе жеке аулаларда өндірілуі;

  2. машина трактор паркінің жабдықталу деңгейінің төменділігі;

  3. өсімдік шаруашылығында алдыңғы қатарлы технологиялардың нашар енгізілуі;

  4. асыл тұқымды малдардың үлес салмағының аздығынан мал өнімдерінің төмендігі;

  5. жүн-тері дайындайтын кәсіпорындардың жоқтығы, жүн өңдеу кәсіпорындарымен қой жүніне сұраныстың жоқтығы.


Ветеринария

ШҚО, Үржар ауданы аумағында жұқпалы аурулардан эпизоотиялық жағдай тұрақты. Арнайы мәлімет базасына енгізуімен ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп отырады (11 кесте).
11 кесте – Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру мәліметтері, бас


Жануардың түрі

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

жоспар

нақты

жоспар

нақты

жоспар

нақты

Ірі қара мал

25000

25000

25450

25450

25120

25120

Ұсақ мүйізді мал

79000

79000

78400

78400

74650

74650

Жылқы

3600

3600

11780

11780

8400

8400

Түйе

5

5

27

27

6

6

Шошқа

900

900

1600

1600

200

200


Ауданда дербес ветеринария бөлімі, «Үржар-Вет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын және 27 ветеринариялық пункттер құрылған.

Эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жергілікті бюджеттен қаңғыған иттерді аулауға, мал қорымдарын салуға, жаңғыртуға және ұстауға қаражаттар бөлінеді.

Сонғы үш жылда жануарлардың ауруға шалдығу саны азайған (12 кесте).
12 кесте – 2015-2017 жылдары тіркелген аурулардың саны туралы мәліметтер


Аурудың атауы

Аурудың саны

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Құтырық

11

1




Эмкар

3




5

Пастерелез




5





Туризм

Үржар ауданы Шығыс Қазақстандағы жағажай туризмның негізгі аймағы болып табылады. Туристік қызығушылық танытатын негізгі орындар Алакөл көлінің жағажайы және емдік қасиеті бар «Барлық-Арасан» шипажайы.

2017 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген орналастыру орындары 156 нысанды құрап, 2015 жылдың деңгейінен 77,2% -ға артық2, нөмірлік қоры - 2701 нөмір (2015ж. – 1293) және біржолғы сыймдылығы 7433 төсек орын (2015ж. – 3904). 2017 жылы Алакөл жазғы демалыс аймағында орналастыру орындарының саны 144 құрап, 2015 жылдың деңгейінен 1,8 есеге артық3. Облыс көлеміндегі қалалар мен аудандар арасында орналастыру орындары бойынша Үржар ауданы 2 орынды иеленді.

2017 жылы орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 505,1 млн. теңге құрады, ол 2015 жылдың деңгейінен 15,0 %-ға артық4. Облыс бойынша көрсетілген қызметтің 11,8% үлесін Үржар ауданы құрайды5.


13 кесте - 2015-2017 жылдары туризмді дамыту көрсеткіштерінің серпіні




Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

1

Орналастыру орындары бойынша қызмет көрсетілген келушілердің саны / алдыңғы жылға қарағанда өсу қарқыны: резиденттер

мың.

адам


107,8/150,2%

114,3/ 106%

96,9/84,8%

Резидент емес

0,11/ 114,3%

0,12/104,1%

0,6/46,8%

2

Орналастыру орындарының саны / алдыңғы жылға қарағанда өсу қарқыны

бірлік.

88/110%

134/ 152,3%

156/116,4%

3

Орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі, / алдыңғы жылға қарағанда өсу қарқыны

млн.

теңге


468,9/100,5%

528,8/112,8%

505,1/95,5%

Үржар ауданының 2017-2023 жылдарға арналған туризм саласын дамыту Жол картасы әзірленіп, оған жалпы соммасы 2 млрд. 138 млн. теңге болатын Алакөл көлінің жағалауында демалыс үйлерінің құрылысын салу мен кеңейту бойынша 15 инвестициялық жоба енгізілді. 2017-2023 жылдарға арналға туристтік саланы дамыту Жол картасын іске асыру арқылы 100 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу мен қатар 750-ден астам жана төсек орындарын құруға мүмкіндік береді.

Шекаралық аймақта орналасқан Алакөл көлі халқына Үржар- Семей- Өскемен, Үржар-Алматы,Үржар-Астана бағытындағы әуежай қызмет атқарады. Туристік өнімді жылжыту мақсатында Үржар ауылындағы әуежайда туристік ақпараттық орталық орналасқан, сонымен қатар, Алакөл көлі жағалауындағы LED - экранда туристік бейнеролик ұйымдастырылған. Туристер ағынын арттыру мақсатында "Өскемен–Жалаңашкөл", "Семей–Жалаңашкөл" теміржол қатынасы іске қосылды.

2017 жылы Қазақстандағы қытай туризмі жылы шеңберінде ҚХР Шәуешек қаласында бірінші халықаралық автомобиль керуені өтіп, Бақты бақылау–өткізу пункті арқылы ҚХР-нан 28 турист өтіп, Алакөл жағалауын тамашалады.

Алакөл көлінің жағалауын дамыту.

Туризм бойынша қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инфрақұрылым жүйесін құрып оны дамытумен бірге халықаралық талаптарға сай демалыс кешендерінің құрылысын салу үлкен мағына береді.

Аудан бойынша туризм саласын дамыту мақсатында мемлекеттік қаржылай қолдау «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде және жеке меншік қаражат есебінен Алакөл жағалауында жазғы маусымға туристік нысандардың құрылысына, кеңейтуге және жаңғыртуға арналған жобалар іске асырылуда.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2015-2017 жылдар аралығында жалпы соммасы 607,8 млн.тенгені құрайтын 13 жоба іске асырылды, олар:

- қонақ үй кешенінің құрылысы бойынша 2 жоба - 206,3 млн. теңге;

- «Инвестициялық мақсаттар» 2 жоба- 28,0 млн.теңге;

- бизнесті дамыту мақсатында (А.Турганов)- 65,0 млн.теңге;

- Алакөл көлінің жағалауында демалыс үйлері ашу 3 жоба- 152,0 млн.теңге;

- Алакөл көлі жағалауындағы "Alakol Family Glub" "демалыс базасының қосымша қанатын ашу- 15,0 млн.теңге;

- Үржар ауданында туристік базасының қызметін ұйымдастыру – 36,0 млн.теңге;

- Алакөл көлі жағалауында демалыс үйінің құрылысы- 20,0 млн.теңге;

- Алакөл көлінің жағалауында демалыс үйін ұйымдастыру- 11,0 млн.теңге;

- туризмді дамыту мақсатында (Омаралинов ЖШС-і) – 74,5 млн.теңге.

2015-2017 жылдар аралығынада нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы аясында жалпы құны 54,9 млн.теңге болатын 9 жоба іске асырылды.

2015-2017 жылдар аралығында жеке меншік инвестиция есебінен жалпы соммасы 7069,8 млн. тенгені қамтитын 98 демалыс үйі пайдалануға берілді.

Алакөл көлінің жағалауында орналастыру орындарын онлайн– брондау функциясымен бірыңғай ақпараттық ресурс ұйымдастырылды. Туристер ағынының көбеюі мақсатында, 4 тілді (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) пайдалана отырып, турпакеттерді сату бойынша "TourEast.kz интернет порталы" іске қосылды.

ҚХР ШҰАА шекаралас аймақтағы қытайлық туристердің ағыны үшін "Бақты"шекара бекеттерінде туристер өту үшін жеделдетілген қарап тексеру режимі енгізілді.

Туризм саласында негізгі бағыт ауданда тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті, дамыған сервистік жүйесі бар туристік инфрақұрылым құру болып табылады.


SWOT-сала дамуының талдауы:

Мықты жақтары (S)

1) ауданның қолайлы экономикалық–географиялық жағдайы , ҚХР-мен шектеседі;

2) табиғатты туристік нысандардың болуы (Алакөл көлі, МБҚ «Алет», «Солдатская щель», «Урджарка», «Алакольский»);

3) жағажай, шипалы-сауықтыру туризмі;

4) Үржар ауылында әуежайдың болуы ;

5) Жалаңашкөл станциясына дейін темір жол қатынастарының болуы;

6) "TOURIST INFO" туристік ақпараттық орталықтың ашылуы ;

7) орналастыру орындары саны бойынша облыс өңірлер арасында 2–ші орын.



Әлсіз жақтары (W):

1) Кәріз жүйелерінің, сумен қамтудың болмауы, әлсіз электр беру желісі, медициналық пунктің болмауы және толыққанды демалыс және емдеу үшін да қарапайым жағдайы болмауы Алакөл көлінің тартымдылығына кері ықпал етеді;

2) Қызмет көрсетуші персоналдың әлсіз кәсіби дайындығы;

3) Туристік өнімдердің жоғары бағалары .



Мүмкіндіктер (O):

1) туризмнің әлеуеті ауданда:

- шипалы – сауықтыру;

- - мәдениет-танымдық;

- - жағажайлық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

2) туризмді дамыту мақсатында «Бизнестін жол картасы-2020», нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бойынша несие алу мүмкіндігінің болуы;

3) уақыт талабына сай демалыс кешендерінің инфрақұрылымын құру және дамыту;

4) Алакөл көлінің жағалауындағы мейманханалық және мейрамханалық бизнесті дамыту үшін шетелдік инвестициялардын жеке капиталын тарту.



Қауіптер (T):

1) жағажай бекіністері бойынша жұмыстардың тоқтап қалуы толқын салдарынан жағадағы демалыс нысандарының қирауына, туризм инфрақұрылым жүйесінің дамуына кері әсерін тигізеді;

2) туризмді қолдау бойынша қаржының шектелуі, жеке қаражат пен инвестициялық қордын жетіспеушілігі;

3) толқын салдарынан жағалаудың шайылуына байланысты жаңадан құрылысы салынған және жаңартылған демалыс үйлерінің жұмыстары тоқтатылуы.


Негізгі проблемалар:

1) арнайы туристтік кадрлардын жоқтығы;

2) туристік индустрияда көрсетілетін қызметтердің төмен денгейі;

3) Алакөл көлінің жағажай бекінісі бойынша жұмыстардың тоқтатылуы.
Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік халықтың жұмыспен қамтылу пайызын, бюджетке түсетін салық түсімдерінің көп үлесін қамтамасыз етеді.

Ауданда мемлекеттік қолдау көрсетуге қарамастан жеке кәсіпкерлер санының төмендеуі байқалады. 2017 жылы аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпорындар саны (бұдан әрі ШОК) 5144 бірлік, 2015 жылмен салыстырғанда 4,5 %-ға төмен (5389 бірлік), (13 кесте). 2017 жылы ШОК жұмыс істеп тұрған мекемелер санын 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда 5,0 % төмендеді.

14 кесте. – Өңірдегі ШОК дамытудың жеке көрсеткіштері




Көрсеткіштер

Өлшем

бірлігі


2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Тіркелген ШОК субьектілерінің саны

бірлік

5389

5277

5144

Белсенді ШОК субъектілер саны

бірлік

3846

4339

4039

ШОК-те жалпы тіркелген белсенді субъектілерінің үлесі

%

71,4

82,2

78,5

ШОК жұмыспен қамтылғандардың саны

адам

5807

5804

5857

Жеке кәсіпкерлер санының төмендеу себебі:



  • нақты қызметін іске асыру мүмкіндігі жоқ ЖК жабылуы;

  • ұйымдастыру құқықтық форманың ауысымы;

  • акцизді тауарлардың киоскалар мен ларьектерде сатылуына болдырмау;

  • стационарлық емес сауда нысандарының жабылуы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша бірнеше жыл бойы шағын кәсіпорындар құрылымы іс жүзінде өзгеріссіз қалды. Сауда мен қоғамдық тамақтандыру салаларының жоғары айналымдағы капиталдың жеткілікті болуы шағын бизнес субъектілері үшін ең тиімді болып табылады.

Ауданда шағын және орта бизнесті несиелендіру жұмыстары іске асырылуда. «Даму КДҚ»АҚ мәліметіне сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында аудан кәсіпкерлерінің 25 өтініш бойынша жалпы соммасы 2741,3 млн. теңге көлемінде субсидияландырылды.

2017 жылы шағын бизнес субъектілері өңірлік "Ақ-Ниет» бағдарламасы аясында 3 жоба 27,5 млн. теңге көлемінде несиелендірілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлер арасында және кәсіпкерлік әлеуетті тұлғалармен Үржар ауданы бойынша кәсіпкерлер палатасының филиалы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жұмыс істеп тұрған 898 бизнес өкілдеріне кеңестер берілді.

2017 жылы ШОК жұмыспен қамтылған адам саны 5857 адамды құрап, 2015 жылдың деңгейінен 0,9 %-ға немесе 50 адамға көбейді.

Жалпы қолданыстағы кәсіпорындардың 3,5%-н заңды тұлғалар құрауына қарамастан, онда 5,8% (337) адам жұмыспен қамтылған. 2015-2017 жылдар аралығында орта есеппен ШОК жұмыспен қамтылған 2547 адамның 43,5% жеке кәсіпкерлер (ары қарай – ЖК) болып табылады. Шаруа қожалықтарда (ары қарай – ШҚ) 50,8% немесе 2973 адамды жұмыспен қамтылған.


SWOT – саланың даму жағдайын талдау:


Мықты жақтары (S):

1) ШОК субьектілері халықтың жұмыспен қамтылуының қомақты пайызын құрайды

2) аймақтағы ауыл шаруашылығы бизнесінің белсенді дамуы;

3) ШОК үшін әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі әкімдіктің жүйелі жұмысы;

4) Алакөл көлінің жағалауында шағын бизнестің дамуы.


Әлсіз жақтары (W):

1) несие алу үшін кепілдеменің жеткіліксіз болғандығынан нақты секторда бизнес ашу мүмкіндігінің жоқтығы.




Мүмкіндіктер (O):

1) шағын және орта кәсіпорындарға мемлекеттік қаржы-несиелік қолдауды көрсету;

2) жаңа шағын және орта бизнес субъектілерінің ашылуы.


Қауіптер (T):

  1. елдегі қаржылық және экономикалық жағдайының нашарлауы;

  2. энергоресурстар мен тариф бағаларының үнемі өсуі.

Негізгі проблемалар:



  1. несие алу үшін кепілдеменің жеткіліксіз болғандығынан нақты секторда бизнес ашу мүмкіндігінің жоқтығы.

Сауда


Аудан тұрғындарына сауда саласында ет өңдейтін кәсіпорын, сүт қабылдау және қайта өңдеу пункті, 38 наубайхана, 2 диірмен, 5 кондитерлік және май цехы, 2 сауда базары, 548 дүкен, 76 қоғамдық тамақтану ұйымы, 18 автожанармай құю станциясы, 30 дәріхана және 110-нан астам ұйым қызмет көрсетеді.

2017 жылы бөлшек сауда тауар айналым көлемі 9591,6 млн.теңгені құрап, 2015 жылмен (2015 ж. -10632,4 млн.теңге) салыстырғанда 9,8 % төмендеді. НКИ 101,9% құрайды. (НКИ базар және жеке кәсіпкер -83,1 %, НКИ кәсіпорындарда -145,4 %) (15 кесте).


15 кесте. – Сауда жұмысының негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Бөлшек сауда айналымының көлемі

млн. теңге

10632,4

8625,0

9591,6

Нақты индекс көлемі

%

75,4

67,7

101,9

Сатылымдардың негізгі үлесі (81,8%) жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалардың айналымына түседі. Кәсіпорындардың үлесі 18,2% құрайды

2017 жылы ауданда барлығы 150 ауылшаруашылығы жәрменкесі және Өскемен қаласында өткізілген жәрмеңкелердің жалпы соммасы 145,0 млн. теңгеден астам көлемде ауыл шаруашылық өнімдері саудаланды.

2015-2017 жылдар аралығында аудан аумағында «Нуртай», «Тамаша», «Гулжан», «Ислам», «Алем», «Сұнқар» дүкендері және «Ханшайым», «Самұрық», «Толқын-ай» мейрамханалары, «Шаңырақ», «Ахмет», «Алтын орда» дәмханалары және шағын кеңсе, азық-түлік және құрылыс дүкендері іске қосылды.

Бөлшек сауданың төмен болуы бизнес пен кәсіпкерлер құзыретін ынталандыру көздерiнiң болмауы, сауда базарларында көлеңкелі экономиканың жоғары деңгейі болып табылады. Қазіргі заманғы сауда объектілерін салу бағдарламасы «Бизнестің жол картасы 2020» қолдау шараларын болуына қарамастан, осы құралдарын пайдалану, өйткені төмен кепілмен қамтамасыз етудің шектеулі.
SWOT-сала дамуының талдауы:


Мықты жақтары (S):

1) аймақтағы ауыл шаруашылығы бизнесінің белсенді дамуы;

2) шағын және орта бизнес арасында меморандумның болуы

3) Алакөл көлінің жағалауында шағын бизнестің дамуы;

4) ауда көлемі өсуінің оң динамикасы;

5) әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бөлшек сауда бағаларының мониторинг жүйесінің құрылуы;

6) ауданның қолайлы экономикалық-географиялық орналасуы, ҚХР шектеседі.


Әлсіз жақтары (W):

1) ШОБ субьектілерінің айналымдық капиталының және кепілдемесінің жетіспеушілігі;

2) айналмалы активтердің тапшылығы.


Мүмкіндіктер (O):

1) қазыргі форматтағы жаңа сауда құрылысына бағытталған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қаржылық қолдауы;

2) бәсекелестіктің күшеюі, сауда жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің арттырылуы;

3) тауарлар мен отандық өндірушілердің азық-түлігімен ішкі нарықты қамтамасыз ету;

4) белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін сауда объектілерінің қызметіне деңгейлік тыйым салу үшін тұрақты механизімдерді пайдалану;

5) ҚХР сауда қарым-қатынастарды дамыту.



Қауіптер (T):

1) макроэкономикалық ортада жағымсыз өзгерістер: валюта бағамы, пайыздық мөлшерлеме;

2) ескірген сауда форматтарының бәсекеге қабілеттілігінің төмендігін консервациялау;

3) нарықтық бағаның тұрақсыздығы (жанар-жағар май, электр және жылу тарифтерінің қымбаттауына байланысты бағалардың өсуі).



Сауданың негізгі проблемалары:

1) қаражат айналымының тапшылығы;

2) жанар-жағар май, электр және жылу тарифтерінің қымбаттауына байланысты бағалардың өсуі;

3) аудандағы ШОБ өкілдерінің кооперация мен мамандарының жетіспеуі.
Өңіраралық ынтымақтастық

Үржар ауданының өңіраралық ынтымақтастығы географиялық тиімді орналасуы (солтүстік-шығыста - Тарбағатай ауданымен, солтүстік-батыста және батыста – Аягөз ауданымен, оңтүстікте – Алматы облысы Алаколь ауданымен, шығыста - Қытайдың Синьцзян-Үйғырлық автономиялық ауданымен шектеседі), көліктік инфрақұрылымы дамыған, технологиялық әлеуеті, ауыл шаруашылық өнімдер қоры мен ғажайып рекреациялық аймағының бар болуымен мінезделеді. Осы себепті ауданның өңіраралық ынтымақтастықтың негізгі өнімдері:

- ауыл шаруашылық өнімдері;

- кен өнеркәсібі;

- өндеу өнеркәсібі;

- Алакөл көлі жағалауы мен Барлық-Арасан санаториясының әлеуетің қолдану арқылы курорттық-рекреациялық қызметтерді көрсету.

Ауыл шаруашылық өнімдер республиканың басқа өңірлеріне сауда нарығында және көтерме сауда арқылы саудаланады. Экспорт өнімдері: ет, бидай, күнбағыс, картоп, көкөніс, бақша дақылдары.

Өнімдердің негізгі көлемінің өткізуі ет Алматы облысына (80,0%), көкөніс Аягөз ауданына (80,0%), бидай мен күнбағыс Өскемен қаласына (60,0%/75,0%) келеді. Сонымен қатар ауданның азық-түлік қауіпсіздігі ет, ұн, сүт, көкөніс және картоп өнімдерімен толық қамтамасыз етілген.

Кен өнеркәсіптегі өңіраралық ынтымақтастық «Мадина» ЖШС кәсіпорынымен ұсынылады. Кәсіпорынмен өндірілетің өнімнің негізгі бөлігі (98,9%) Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы «Стандарт Цемент» ЖШС жіберіледі. 2017 жылы жіберілген өнімнің көлемі 324,5 млн. теңгені құрап (101,3 мың тонна көмір), 2015 жылдың деңгейінен 12,6 %-ға немесе 14,7 мың тоннаға кеміді.

Өндеу өнеркәсіпте «Швабские колбаски» ЖШС-нің шұжық өнімдері Семей қаласында (үлесі 24,1%), Алматыда (20,5%), Өскеменде (20,1%) және Аягөзде (7,2%) саудаланып, 28,0% ауданның ішкі нарығында тұтынылады. Бұл аймақтарға саудаланған өнім көлемі 2017 жылы 280 тонна құрап, 2015 жылдың кезеңімен бірдей.

Алакөл көлі жағалауы мен Барлық-Арасан санаториясының курорттық-рекреациялық қызметі өңіраралық ынтымақтастықтың негізгі бөлігі болып табылады. Онда туризм нысандарының 60,0% астамы Республиканың басқа өңірлерінің өкілдерімен (иелері) ұсынылады, ол демалушылар саның көбеюіне және көрстеу қызмет сапасы мен саладағы маңызды дәрежеде бәсекені ынталандырады.

Ауданның өңіраралық ынтымақтастықтың маңызды бағыты ҚХР болып табылады. Үржар ауданының әкімі мен Чугучак қаласы Синьцзян-Ұйғырлық автономиялық ауданымен достық келісімінің Меморандумы жасалынды, онда екі ел арасындағы сауда байланысы, инвестициялық жағдайдың проблемаларын жақсарту, кәсіпкерлік қызметімен айналысатын азаматтарды қолдау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. «Бақты» кедені бекеті арқылы ҚХР азаматтардың үш күндік визасыз өтуі көзделген, «Жасыл коридор» жобасы енгізілген.

Шекаралық аймақта орналасқан Үржар ауданында шетел инвестициясын тарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. 11.11.2015 жылы көршілес ҚХР өткен «Инвест» Форумда Үржар ауданы әкімдігі мен Қытай елінің кәсіпкері «Куәбол и Пэн Шэн» ЖШС-нің директоры Фу Боу Мин арасында «Үржар ауданында темір-бетонды бұйым шығару» туралы жалпы құны 2,7 млн.доллар болатын инвестициялық жобаға өзара ынтымақтастық келісімде Меморандумға қол қойылды.

Экономикалық өсу орталықтарын дамыту

Аумақтық (кеңістік) құрылым

Елдің аумақтық-кеңістігінде тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту және тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында ауданға қатысты алғанда, елдің аумақтық-кеңістік дамуының болжамды схемасы, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, Шығыс Қазақстан облысы аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы және жергілікті деңгейде қабылданған құжаттар негізінде дамитын болады.

Негізгі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде экономикалық өсу нүктелері болып, аудан орталығы Үржар ауылы, тіректі елді мекендер Мақаншы, Таскескен, Қабанбай ауылдық округтері болып табылады.

Экономикалық даму нүктелерінің негізгі мақсаттарының бірі – ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына тұрақты жағдайлар жасау.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін ауылшаруашылық, туризм, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым, көліктік қолжетімділік салаларын дамытуға іс-шаралар қарастырылған.

Үржар ауданы облыстың 8,3% аумағын алады және тұрғындарының 5,4% құрайды. Әкімшілік орталығы – Үржар ауылы, облыс орталығынан 500 шақырым және жақын Аягөз теміржол станциясынан 170 шақырым жерде орналасқан. Ауданның мамандандыруы: мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы.

Негізгі бағдарламалық және салалық құжаттарға сәйкес аудан орталығынан басқа аудан аумағындағы өсу орындары Мақаншы, Қабанбай және Таскескен тірек ауылдары және шекараға жақын Бақты ауылы болып табылады. Сонымен бірге өсу орындары перспективаларына орталық усадбалар жатады.

Ауданның бәсекелес басымдылығы «Бақты» шекаралық өткелі бар Қытай Халық Республикасы шекарасында тиімді географиялық орналасуы. Ауданның туристтік-рекреациялық әлеуеті бар: Алакөл көлі жағалауы және «Барлық-Арасан» сауықтыру-санаториялық кешен. Аудан аумағымен «Таскескен-Бақты» автокөліктік коридоры өтеді.


Ауылдық аумақтарды дамыту

Үржар ауданының аумақтық-әкімшілік құрылымы 27 ауылдық округтан және 55 елді мекендерден құралады.

Ауданда жоғары даму әлеуетімен 15 ауыл (27,2%), орташа әлеуетімен - 39 ауыл (70,9%), төмен әлеуетімен 1 ауыл (1,9%) саналуда. Тірек мәртебесі 3 ауылда бар (16 кесте).

16 кесте - Тірек ауылдық елді мекендерде тұрғындар санының серпіні






Аудан/мәртебесі

ТАЕМ саны

ТАЕМ атауы

01.01.2016 жылға тұрғындар саны, адам

01.01.2017 жылға тұрғындар саны, адам

01.01.2018 жылға тұрғындар саны, адам

+/- тұрғындар саны, адам/%

адам

%

1

Үржар (шекаралас)

3

Мақаншы

12717

12892

12802

85

100,6

Қабанбай

4370

4350

4410

40

100,9

Таскескен

3110

2995

3005

–105

96,6




Жиыны

3




20197

20237

20217

20

100,1

Ауылдық елді мекендерде қалыпты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарымен, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз су, автокөлік жолдары, электрмен қамтамасыз ету, байланыс қызметтері, теледидар және Интернет желілерімен қамтамасыз ету деңгейіне жеткізілуге тиісті.

Аудан тұрғындарын денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында 4 ауылдық аурухана, 23 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік және 22 медициналық пункттер жұмыс істейді.

Жалпы білім беру ұйымдарының желісі 51 мектеп пен 43 бала бақшалардан құралады, онда 14 033 балалар білім алып тәрбиеленуде. Мектеп жасындағы балалар 100 %-ға жалпы білім берумен қамтылған. Мектеп жасындағы балаларды жалпы білім берумен толықтай қамтылып отырғанына қарамастан, математика, физика, биология және химия пәндеріне білікті мамандардың тапшылығы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Ауылдық елді мекендерде 9 кітапхана, 3 мәдениет үйлер және 15 ауылдық клубтар аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Елді мекендердің басым бөлігі таза ауызсумен қамтамасыз етілмеген. Ауданның 55 елді мекендерінің орталықтандырылған ауыз су жүйесі 20 ауылда жұмыс істейді немесе 36,4% құрады.

Автокөлік жолдары – көліктік-коммуникация кешенінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Оның заманауи жағдайда тиімді жұмыс атқаруы аудан экономикасының өсуінің негізгі факторларының бірі айналып, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жақсаруына өзінің оң әсерін тигізетін болады.

«Шығыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының титулдық тізіміне» сәйкес, жергілікті маңызы бар ауылдық жолдардың жалпы ұзақтығы 484 шақырым, соның ішінде асфальтбетон жолдары - 161 шақырым, қиыршық ұсақ тас жабынымен – 258 шақырым, қара жабынымен – 65 шақырым.

Жыл сайын бюджеттен автокөлік жолдарын ағымды жөндеуге бөлініп отырған қаржыға қарамастан, ауданда асфальтбетон жолдарының тозу проблемасы сақталуда.

Әлеуметтік қорғау саласында тұрмыс деңгейлері төмен отбасыларға атаулы мемлекеттік көмек көрсетіледі. Жыл сайын атаулы мемлекеттік көмек алушы отбасылар саны төмендеуде. 2015 жылмен салыстырғанда атаулы мемлекеттік көмек алушылар саны 40,1 %-ға азайып, 94 адамды құрады.

Ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы төменгі деңгейде, алыс елді мекендерде ерекше жеткіліксіз.

Үржар ауылы – Үржар ауданының әкімшілік орталығы болып табылады, тұрғындар саны – 13 427 адам (17 кесте).


17 кесте - Үржар ауылындағы тұрғындар саны



Көрсеткіш

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Айырмашылық, +; -;

1

Үржар ауылындағы тұрғындар саны

15 106

15 788

13 427

  • 1679

Елді мекендердер аудан орталығынан 5 тен 100 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан. Облыс орталығынан 500 шақырым және жақын Аягөз теміржол станциясынан 170 шақырым жерде орналасқан.

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы оң қарқынымен бағаланады. Атап айтқанда, нақты секторда, әлеуметтік салада және инфрақұрылымдық кешенінде экономикалық өсімнің оң қарқыны сақталуда. Аудан орталығының келешекте дамуы агроөнеркәсіп кешені мен сауда саласының дамуымен байланысты.

Мақаншы ауылдық округі, Мақаншы ауылы – әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекен. Мақаншы ауылы аудан орталығынан 47 шақырым, облыс орталығынан 557 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдағы тұрғындар саны – 12 954 адамды құрайды (аудан тұрғындарының 17,3% -ын құрайды).

Мақаншы ауылының негізгі бағыты ауылшаруашылық өнімдерін өндіру болып табылады. Елді мекенде етті мал шаруашылығы, жылқы және қой шаруашылықтары қарқынды дамуда.

Ауылдық округтегі шешімін таппай отырған өзекті мәселелердің бірі оқушы орындарына деген тапшылық және бала бақша мекемесінің жоқтығы.

Қабанбай ауылдық округі, Қабанбай ауылы – әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа елді мекен. Қабанбай ауылы аудан орталығынан 143 шақырым, облыс орталығынан 653 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдағы тұрғындар саны – 4 361 адамды құрайды (аудан тұрғындарының 5,8% -ын құрайды).

Қабанбай ауылдық округінің аймағында Алакөл көлі орналасқандықтан демалыс маусымында облыс көлемінен және шекаралас Ресей Федерациясынан көптеген демалушы туристер келеді.

Қабанбай ауылының негізгі бағыты ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және туризм болып табылады.

Ауылдық округтегі шешімін таппай отырған өзекті мәселелердің бірі олар : орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету, ауыл көшелерін жарықтандыру, ауылішілік көшелер жолдарын жөндеу.

Қоныршаулі ауылдық округі, Таскескен ауылы – әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекен. Таскескен ауылы аудан орталығынан 74 шақырым, облыс орталығынан 436 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдағы тұрғындар саны – 2 945 адамды құрайды (аудан тұрғындарының 3,9% -ын құрайды).

Таскескен ауылының негізгі бағыты ауылшаруашылық өнімдерін өндіру болып табылады.

Ауылдық округтегі шешімін таппай отырған өзекті мәселелердің бірі олар : орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету, ауыл көшелерін жарықтандыру, ауылішілік көшелер жолдарын жөндеу.
Ауылдық округтардың орталықтары.

Үржар ауданы көлемінде орналасқан ауылдық округтердің басым бөлімі мал шаруашылығымен, қалғандары өсімдік шаруашылығымен айналысады.

Мал шаруашылығымен айналысушы ауылдық округтердің бәскелестікке қабілетті басымдылығы ауа-райының ауылшаруашылық саласын дамытуға қолайлы жағдайы (табиғи шабындық, жайылым жерлердің болуы).

Ауылдық елді мекендердің экономикасының даму мүмкіндіктері ет, сүт бағытындағы мал шаруашылығын, жылқы және қой шаруашылығымен тікелей байланысты.



SWOT – аумақтық дамуын талдау:


Күшті жақтары (S):

1) ауыл тұрғындарының негізгі табыс көздері болып табылатын ауыл шаруашылықты дамыту үшін топырақ-климаттың қолайлы жағдайы;

2) ҚХР сауда және іскерлік қарым қатынасты жүргізуге мүмкіндік беретін географиялық жағдайы;

3) жаңа жұмыс орындарын құру.




Әлсіз жақтары (W):

  1. ауылшаруашылық техникалары мен құрал жабдықтарының тозуы;

  2. әлеуметтік инфрақұрым объектілері желісінің жеткіліксіз даму деңгейі;

  3. ауылдық елді мекендердегі өмір сүру деңгейінің төмендігі білікті мамандарға деген тапшылыққа әкелуі;

  4. алыстағы елді мекендердің жүйелі жолаушы қатынасымен қамтамасыз етілмеуі.

Мүмкіндіктер (O):

1) жұмыс орнына қолда бар медициналық кадрлар мен білім беру саласындағы мамандарды ұзаққа тұрақтандыру үшін жүйелі шаралар әзірлеу және жас мамандарды тарту, соның ішінде елді мекендерге;

2) тірек және басқа да ауылдық елді мекендердің әлеуетін дамыту;

3) туристік сала мен шекара маңы саудасын дамыту;

4) қайта келген халыққа жер телімдерін беру.


Қауіптер (T):

  1. халық санының азаюы;

  2. білікті мамандардың жоқтығы;

  3. демографиялық және миграциялық үдерісінен мектеп оқушылар контингентінің қысқаруы.



Негізгі мәселелер:

1) халық санының қысқару беталысы (миграциялық кему, теріс табиғи өсімі, жас халықтың кетуі);

2) демографиялық және миграциялық үдерісінен мектеп оқушылар контингентінің қысқаруы;

3) білікті мамандардың жетіспеуі.
Шекаралас аумақтар

ҚХР шекаралас ауылдар: Ақшоқы, Подгорный, Бақты, Қабанбай, Қарабұлақ, Бұғыбай, Барлық Арасан. Шекаралас ауылдардағы тұрғындар саны 9 869 адам немесе жалпы аудан тұрғындар санынан 13,1% құрайды.

Шекаралас ауылдарда халық санының төмендеу үрдісі байқалады, соңғы үш жылда 2015 жылмен салыстырғанда тұрғындар саны 118 адамға немесе 1,1% азайған.

Халықтың қысқару негізгі себептері: жұмыссыздық, қалалар мен іргелес аудандарға қоныс аудару, теріс табиғи өсімі, тұрмыстық жағдайлардың болмауы (кейбір елді мекендерде орталық сумен жабдықтау және канализацияның болмауы, сауда және әлеуметтік саланың жеткіліксіз даму деңгейі).

Сонымен бірге, ауыл шаруашылық пайдаланудағы жерлерді пайдалану, туристік саланы дамыту мүмкіндіктері, шекара бойындағы сауданы дамыту бойынша шекаралас аудандардың жоғары даму әлеуетін атап өту қажет.

Қабанбай шекаралас ауылы өңірдегі туризмді дамыту бойынша қолайлы жағдайы бар Алакөл көлі жағалауының бойында орналасқан. Көлдің ерекшелігі Үржар ауданы аумағын қоршап тұрған солтүстік-шығыс бөлігінде емдік қасиетімен жер асты тұзды көздер суы бар, ал көлдің онтүстік жағы тұщы болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша шекаралас ауылдарын дамыту жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған іс–шаралар жоспары бекітілді. Ауданның шекаралас ауылдарын дамыту жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған іс–шаралар жоспары инвестицияларды тартуды, әрі қарай экономикалық қызметті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуды қарастырады: шекара маңындағы аудандарының экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, көліктік – логистикалық инфрақұрылымды дамыту, туристік инфрақұрылымды дамыту, шекара маңы сауданы дамыту, жұмыспен қамтудың өсіміне жәрдем көрсету, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту.

Үржар ауданының шекаралық аудандарды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысында 2017 жылы 2 626,6 млн. теңге игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен 421,0 млн. теңге, аудандық бюджеттен 1 562,8 млн. теңге және басқа көздерден 642,8 млн. теңге, 229 жұмыс орны құрылды.



SWOT – аумақтық дамуын талдау:


Күшті жақтары (S):

1) ауыл тұрғындарының негізгі табыс көздері болып табылатын ауыл шаруашылықты дамыту үшін топырақ-климаттың қолайлы жағдайы;

2) ҚХР сауда және іскерлік қарым қатынасты жүргізуге мүмкіндік беретін географиялық жағдайы.


Әлсіз жақтары (W):

1) әлеуметтік инфрақұрым объектілері желісінің жеткіліксіз даму деңгейі;

2) ауылдық елді мекендерде жұмыстың жоқтығы;

3) аумақта жан басына шаққандағы кірістің біркелкі бөлінбеуі.



Мүмкіндіктер (O):

1) жұмыс орнына қолда бар медициналық кадрлар мен білім беру саласындағы мамандарды ұзаққа тұрақтандыру үшін жүйелі шаралар әзірлеу және жас мамандарды тарту, соның ішінде елді мекендерге;

2) тірек және басқа да ауылдық елді мекендердің әлеуетін дамыту;

3) туристік сала мен шекара маңы саудасын дамыту, қайта келген халыққа жер телімдерін беру.



Қауіптер (T):

1) халық санының азаюы;

2) автокөлік жолдарының сапасының төмендігінен жол көлік оқиғасының артуы.

Негізгі мәселелер:

1) ауыл шаруашылық өндірісінің ұсақ тауарлығы;

2) демографиялық және миграциялық үдерісінен мектеп оқушылар контингентінің қысқаруы;

3) алыстағы елді мекендердің жүйелі жолаушы қатынасымен қамтамасыз етілмеуі;

4) сауда және тұрмыстық қызмет көрсету жүйесінің даму төмендігі.


2.1.2 Әлеуметтік сала
Білім беру

Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында, қолжетімді және сапалы білім беру мен қамтамасыз ету бойынша іс - шаралар жүзеге асырылды. Ол бағдарламада қолжетімді және сапалы білім берумен қамтамассыз ету шаралары анықталған.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін тұрақтандыру мен кеңейту мақсатында мектептердің бос аудандарынан мектеп-бақшалар және жеке кәсіпкерлердің бос тұрған ғимараттарында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы жекеменшік балабақшалар ашылып, тиісті шаралар қабылданды.

2017 жылы 2015 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 6 ұйымдарға өсті, орындардың саны 6%-ға ұлғайды. 5-6 жасар балалар мектепалды даярлықпен толық қамтылды.

Мектеп жасына дейінгі 3-6 жас аралығы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету - 100% құрады (4063 бала), (18 кесте).


18 кесте - Мектепалды ұйымдар желісінің даму динамикасы


Көрсеткіштер

2015 жыл

2016 жыл

2017жыл

2017ж/2015ж (+,-)

Мектепке дейінгі ұйымдар саны, бірлік

86

92

88

2

Балабақшалар саны, бірлік

37

43

43

6

Соның ішінде жекеменшік балабақшалар, бірлік

1

2

2

1

Балабақшадағы балалар саны, адам

1533

1559

1565

32

Шағын орталықтар саны, бірлік

49

49

45

-4

Соның ішінде жекеменшік шағын орталықтар саны, бірлік

0

0

0

0

Шағын орталықтардағы балалар саны, адам

2463

2892

2988

525

3-тен 6-жасқа дейінгі балалардың жалпы қамтылуы, %

100

100

100

0

2017 жылы шағын орталықтар саны 45 бірлікті құрап, 2015 жылдың деңгейінен 8,1%-ға кеміді6. Шағын орталықтар санының азаюы мектептердегі балабақшалардың ашылуымен және қысқа мерзімді топтардың жабылуымен байланысты.

Мақаншы (98%), Үржар (97%) және Қабанбайдан (99%) басқа барлық ауылдар балаларды мектепке дейінгі оқытумен толық қамтамасыз етті.

Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрған бала саны – 1100, оның ішінде 78,3% 1-3 жас аралығындағылар. 3 пен 6 жас аралығындағы 2988 бала мектептердегі шағын орталықтармен қамтылған. ХҚК мәліметі бойынша кезекте тұрған бала саны - 740 (3-6 жас 163 бала). Ең көп сұраныс Мақаншы және Үржар ауылдарынан байқалады.

1-3 жас аралығындағы балалар үшін мектепке дейінгі ұйымдарда орындарға деген сұранысты қанағаттандыру үшін, мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысын жүргізу және педагогикалық кадрлардың сапасын көтеру сұрағы өзекті болып тұр. Жоғары және бірінші санатты педагогтар үлесі 16,4% құрады.
Жалпы орта білім беру

Басымдық бағыттар ифрақұрылымдық даму мен Назарбаев зияткерлік мектептердің тәжірибесі бойынша жаңартылған білі беру мазмұнына көшу болып табылады.

Мектептер желісі апаттық мектеп орнына жаңа ғимараттар салу және бейімделмеген ғимараттарда жартылай бос мектептерді босату арқылы оңтайландырылуда, сондай-ақ мектептер құрылысы жүргізілуде (19 кесте)7.

19 кесте - 2015-2017 жылдардағы күндізгі мемлекеттік жалпы орта білім

беретін мектептердің динамикасы





2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2017ж/2015ж (+,-)

Мектеп саны

51

51

51

0

Шағын жинақты мектептер саны

25

26

25

0

Контингент, адам

12454

12504

12468

14

19 мектепте жаратылыстану – математика циклы бойынша пәндерді оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

Ауданның барлық мектептері компьютермен 100% қамтылған. Компьтермен жабдықталу бір компьютерге8 шаққанда 6 баланы құрайды.

51 мектепте кунделік Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электрондық журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі еңгізілді. Кең жолақты интернет желісіне мектептер 100% қосылды.

Аудан мектептері жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде: 2016 жылдың қыркүйегінен бастап 1 сыныптар, 2017 – 2018 оқу жылында 2,5,7 сыныптар (2020 жылы көшу толық аяқталады).

Жыл сайын жоғары және бірінші санатты9 мұғалімдер саны көбеюде. 3 жылдың ішінде Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибиесі негізінде біліктілік арттыру курстарынан10 1116 педагог өтті, ол аудан бойынша барлық педагог санының 57,7%.

Жас мамандарды қолдау жұмыстары да жүргізілуде. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мектептерге 24 жас маман келді.

Былтырғы оқу жылының қорытындысы бойынша ҰБТ – дан аудандық орта көрсеткіш облыстық деңгейден 2,3 баллға артып, орта балл 85,6 құрады11.

Жыл сайын халықаралық олипиядалар мен сайыстардың12 жүлдегерлер саны көбеюде.

Ауданда 4 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс атқарады (музыка мектебі, балалар спорт мектебі, балалар шығармашылық үйі «Үржарайым» жазғы балалар сауықтыру лагері), онда 3 169 (25,3%) бала қамтылған.

Жазғы маусымда балалардың демалу, сауықтыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру қарастырылған. 2017 жылы 52 лагер және әр түрлі типті алаңдар13 жұмыс істеп, онда 11067 (96%) оқушылар қамтылды.

Негізгі мәселелердің бірі мектеп ғимараттарының тозуы.

51 мектептің 6-уы бейімделген ғимараттарда орналасқан, 24 мектептің қолдану мерзімі 30 жылдан асқан, шағын жинақталған мектептер саны 25 (49%). 3 мектепте оқушылар орынының тапшылығы14 орын алуда.

Мектептердің материалдық – техникалық базасы және пәндік кабинеттермен және құрылғылармен жабдықталуы әлі де жеткіліксіз (20 кесте).


20 кесте - Мектептердің пәндік кабинеттермен жабдықталуы.


Көрсеткіштер

Саны

Қамтылуы %

Мультемедиялық кабинеттер

45

88,2

Физика кабинеттері

44

86,3

Химия кабинеттері

34

66,6

Биология кабинеттері

35

68,6

Бұл мәселені шешу мақсатында «Менің мектебім» акциясы өткізіліп, акция аясында ауданның 26 толық комплектілі мектептері 47 жаңа үлгідегі кабинеттермен (химия-7, физика-6, биология-8) және 26 робототехника кабинеттерімен жабдықталды.

Білім беру жүйесін цифрландыру аясында робототехника кабинеттерінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы негізгі және функционалдық дағдыларды қамтамасыз етуге бағытталған облыс бойынша жоспарланған 277 кабинеттен 28 IT сыныптар ашылды.
Көптілділікті дамыту.

2015 – 2019 жылдарға арналған үштілділікті дамыту кешенді жоспары қабылданды. Аудан бойынша барлық ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері ағылшын тілі пәнінің берілу әдістемесі бойынша TeacherKuowledgeTest халықаралық емтихан тапсырды (ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері үшін Кембридж емтиханы).

Жалпы мектептер оқушыларға үштілдік бойынша білім беруді іске асыратын білікті мамандармен қамтылған.

Кешенді жоспарға сәйкес 264 тіл пәндерінің мұғалімдері тікелей тіл жеткізушілердің қатысуымен өткізілген біліктілік арттыру курстарынан өтті. Тілдік пән мұғалімдерін оқыту 3 жылға созылады.


Балалардың құқығын қорғау

2011 жылдан бастап жетім және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында 5 жылдық кешенді жоспар және бұл санаттағы балаларды баспанамен қамтамассыз ету үшін «Мейірім» акциясы іске асырылуда. Акциямен 56 бала қамтылды («Тұрғын үй жинақ банк» АҚ есепшотына 1 200,0 мың теңге астам қаржы аударылды).

2014 жылдың ақпан айынан бастап «Шығыс Қазақстан – жетімдіксіз аймақ» атты жоба іске асырылуда. Оның негізгі мақсаты балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді жанұяға беру.

2018 жылдың 1 қаңтарына ауданда жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған 86 бала тіркелген. Оның ішінде жетім – 56, ата –ана қамқорынсыз қалған 29 бала. Барлық 86 бала қамқорлықпен патронаттық тәрбиеге берілген.

Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі 413 бала болған (соның ішінде 79 бала мектепке дейінгі жаста (19%) және 334 бала мектеп жасында (81%). Арнаулы біліммен 39,4% бала қамтылған (2016 жылы- 36%, 2015 жылы – 34%).

25 жалпы білім беретін мектептерде (49%) мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары жасалған, онда 131 бала (31,7%) қамтылған.Үйде оқытылатын 119 балаға «Әлемге терезе» жобасы негізінде білім беру бойынша қашықтық көмек көрсетілуде. Ол үшін 88 үйден оқытатын мұғалімдер дайындалды.

Жалпы білім беретін мектептерде және мектепке дейінгі ұйымдарда дефектолог пен логопед мамандары тапшы. Ерекше білім беру қажеттілігін талап ететін балаларға әлеуметтендіру және бейімделу мақсатында 2018-2020 жылдары аралдығында инклюзивті білім беруді дамытатын іс шаралар жоспары жасалды.

2018-2019 оқу жылында ауданның 2 мектебінде (Аблайхан ОМ және Найманбай ОМ) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтар ұйымдастырылып, дефектолог бірлігі енгізілді.

Қолданылған шаралар нәтижесінде 2020 жылға төмендегідей іс-шаралар жоспарланды:

- инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептердің үлесін 55% көтеру (кейбір мектептерде арнайы білім беру қажеттілігін талап ететін балалар жоқ екендігін ескере отырғанда);

- инкюзивті білім берумен қамтылған оқушылардың үлесін 44,4% көтеру (бұл көрсеткіш балалардың тұрақты мектепте оқуға қабілеттілігіне байланысты);

- Ерекше білім беру қажеттілігін талап ететін балалармен жұмыс жасайтын педагог кадрларды даярлау.


Техникалық және кәсіптік білім беру, жастарды қолдау

Үржар ауданында кадрларды даярлау ШҚО білім басқармасының «Үржар колледжі» КММ жүзеге асырады. Жалпы оқушылар саны - 183 студент, оның ішінде: 117 адам мемлекеттік тапсырыс бойынша, 66 адам – нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша білім алады. Орташа жылдық бітірушілер саны 50-60 адам, олардың жұмыспен қамтылуы 88–90% құрайды.

Теориялық оқытулар мен кәсіпорындарда практикалық сабақтарды біріктіріп, Колледж жақсы негізгі білім деңгейін қамтамасыз етеді және дуалды білім беру әдісін қолданады. Колледж аудандағы көптеген кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестікте жұмыс істейді.

Техникалық және кәсіптік білім беруді «Бексұлтан» оқу орталығы қамтамасыз етеді, ол қысқа мерзімді қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады.

Жастар саясаты

Жастардың өзін-өзі жүзеге асыруға жағдай туғызуға негізгі назар аударылған. Ауданда Үржар ауданы әкімдігінің «Үржар аудандық жастар ресурстық орталығы» ашылған. Жұмыс «Жас Отан» жастар қанаты, ауылдық округтердегі жастар Кеңестері, «Жас Ұлан» ұйымы арқылы жүргізіледі. Жастардың қамтылуы – 3395 адам. Ауылдық округ әкімдерінің мәліметіне сәйкес 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 14 304 адам, ол аудан тұрғындарының 19,1% құрайды.

Ауданда 2 жастар ұйымдары «Жас Ұлан» жастар ұйымы және «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты жұмыс атқарады. Бұл ұйымдардың құрамына жоғарғы сынып оқушылары енгізілген (кесте 21).
21кесте – Ұйым мүшелерінің саны туралы ақпарат




Атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

1

«Жас Отан» мүшелерінің саны

1360

1455

1530

2

«Жас Ұлан» мүшелерінің саны

3047

6850

7080

Жыл сайын мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру көлемі ұлғайып келеді: 2015 жылы – 4 450 мың теңге, 2016 жылы – 5 519 мың. теңге, 2017 жылы – 6 439 мың теңге.

Қазақстанның қалаларына және басқа аймақтарына кетуіне байланысты, 2015 жылмен салыстырғанда жалпы жастардың саны 3552 адамға азайған.

Жастардың көпшілігі Үржар, Мақаншы, Таскескен сияқты ірі елді-мекендерде тұрады. Қаратұма, Көктал, Көкөзек елді-мекендерінде жастардың саны төмен деңгейде.

Жас мамандарды тарту мақсатында 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама бойынша 2015 жылы 29 жас маман жұмысқа орналасқан. 2016 жылы - 26, 2017 жылы - 25 жас маман жұмысқа орналасқан.

Негізгі мәселелердің бірі жастарды жұмыспен қамту.

2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қысқа мерзімді кәсіби оқуға 94 жас адам (23,5%), әлеуметтік жұмыс орындарға 2 адам немесе 10,0% орналасқан. «Жастар практикасы» бағдарламасын пайдаланған 42 адам, оқуын аяқтағандар, тұрақты жұмыс орындарымен қамтылғандар 94 жас адам.

Жұмыссыз жастар үшін бос орындар жәрмеңкесі, жұмыс берушілер форумы, кәсіпкерлікті дамыту бойынша оқыту тренингтері, жобаларды іске асыруға, жұмыспен қамтуға бағытталған, жұмысқа орналастыру, қолжетімді баспана және болашағы бар бизнес-идеяларды қолдау шаралары ұйымдастырылды.

2017 жылы Үржар ауданы аумағында жастардың қатысуымен 14 қылмыс орын алған. 2015 жылмен салыстырғанда 2 есеге өскен15.

Қылмысты азайту мақсатында құқыбұзушылықтың және жастар арасында полицияда есепте тұрған тұлғалардың қайталап қылмыс жасаудың алдын-алу, жастарға заңгерлер мен психологтардың жеке және топтық дәріс-семинарлар, спорттық жарыстар өткізіліп, қиын жасөспірімдер үшін ақпараттық-түсіндірме материалдары дайындалып, таратылған.

Жастарды баспанамен қамтамасыз ету өзекті мәселе. 2018 жылдың басында тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны 595 адамды құрады, оның ішінде: 286 ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, 128 - бюджеттік сала қызметкерлері.

2017 жылы аудандағы мемлекеттік жастар саясатына жастардың қанағаттанушылық деңгейі жоғарылап 51,6 % құрады (2015 жылы – 27,2%, 2016 жылы - 31%).


SWOT - саланың даму жағдайына талдау:



Мықты жақтары (S):

1) мектепке дейінгі мекемелер санының көбеюі;

2) мектепке дейінгі мекемелерге кезектің қысқаруы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өсуі;

3) апатты жағдайдағы мектептер санының қысқаруы;

4) жетім және ата-анасыз қалған балаларды қолдау бойынша аймақтың жетістіктері;

5) мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқытуды қолдау бойынша аймақтың жетістіктері;

6) ҰБТ көрсеткішінің жыл сайын жоғарылауы;

7) жас мамандардың келуі;

8) жастар орталығының жұмыс істеуі;

9) жастар саясатын жүзеге асыру үшін бөлінген қаражат;

10) БАҚ насихаттау.



Әлсіз жақтары (W):

1) мұғалімнің мәртебе беделінің жоқтығы;

2) білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жеткіліксіз деңгейде жабдықталуы, соның ішінде жаңа үлгідегі пән кабинеттері, арнайы құрылғылар мен жабдықтар, заманауи компьютерлік техникалар, мектеп асханаларының технологиялық жабдықтары;

3) мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарындағы педагогтардың біліктілігінің жеткіліксіздігі, мектепке дейінгі білім беру мұғалімдерінің жеткіліксіздігі, әдіскер-пән мұғалімі, инклюзивті білім беру мамандарының және шағын комплекті мектептердің мамандарының жетіспеушілігі;

4) оқушыларды бір ауылдан басқа ауылға таситын автобустардың жеткіліксіз деңгейде жаңартылуы;

5) шет тілінің мұғалімдерінің сапалы құрамының төмендеуі (орта жастағы адамдар санының артуы, жоғары санаттағы мұғалімдер үлесінің азаюы);

6) үкіметтік емес ұйымдардың аз ғана саны, әсіресе ауылдық округтерде;

7) үкіметтік емес және жастар ұйымдарын қолдау үшін жеткіліксіз қаражат бөлуі;

8) жастар ұйымдарының аз мөлшері;

9) үкіметтік емес ұйымдарының ауылдық округтерде төмен деңгейде жұмыс істеуі.



Мүмкіндіктер (O):

1) жаңа бала бақшалар, апатты жағдайдағы мектептер орнына жаңа мектептер салу мен оқушы орнының тапшылығын жою;

2) білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарын жабдықтау, соның ішінде жаңа үлгідегі пән кабинеттерімен қамту;

3) көпсалалы және көптілді білім беру бағдарламаларын эксперимент ретінде енгізу;

4) e-learning шеңберінде цифрлық білім беру ресурстарын (ЭКЖ) пайдалану мүмкіндігі;

5) үш деңгейлі жүйеде мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру;

6) қосымша білім беру желісін дамыту;

7) мектептердің техникалық жағдайын жақсарту үшін жыл сайын ағымды және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

8) мектептерді мультимедиалық құрылғылармен жабдықтау;

9) жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшеюі;

10) жастар орталығына әдістемелік көмек көрсетілуі.


Қауіптер (T):

1) 45 жылдан астам қолданыста болған мектептер санының көптігі;

2) бала санының төмендеуінің салдарынан шағын комплектілі мектептер санының өсуі;

3) ауданда саяси жағдайдың шиелінісуі;

4) діни ағымдардың диструктивті таралуы;

5) жастардың диструктивті ағымдарға тартылуы.




Негізгі мәселелер:



  1. Мақаншы ауылында оқушылар орнының тапшылығы;

  2. жастар арасындағы қылмыс;

  3. жастар саясатын іске асыруды кадрлармен, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;

  4. алыс елді-мекендердегі жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін демалыс орындарының жетіспеушілігі (тренажер залы, фитнес клубтар, кинозалдар).


Денсаулық сақтау

Үржар ауданының халық саны 2018 жылдың 1 қаңтарына 74 766 құрайды, 2015 жылмен салыстырғанда 3634 адамға қысқарған (78 400 адам).

65 жастан жоғары жастағылар тұрғындардың 9,0% құраса, ал 0-4 және 5-19 жас аралығындардың үлесі 34,4% құрайды. Еркектердің үлесі – 50,2%, әйелдер үлесі – 49,8%. Репродуктивті жастағы (15-49 жас аралығында) әйелдер саны – 15 816 (тұрғындардың 21,1% -ын құрайды).

2017 жылда туу көрсеткішінің жоғары деңгейі байқалады – 16,81% (облыс көрсеткіші – 15,98%), ал өлім көрсеткішінің төмен деңгейі байқалады – 8,41%, бұл облыс көрсеткішінен 16,9%- ға төмен (облыс көрсеткіші – 10,12%). Нәресте өлімі 1000 тірі туылғанға шаққанда 7,1% -ға төмендеген (8,52%), бірақ орташа облыстық көрсеткішінен (7,28%) 17,0% -ға жоғары (22 кесте).

22 кесте – туу және өлімнің негізгі көрсеткіштері (жалпы өлім, ана өлімі, бала өлімі)


Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

ШҚО 2017 жыл

1000 тұрғынға шаққанда туу көрсеткіші

17,75

17,14

16,81

15,98

1000 тұрғынға шаққанда жалпы өлім көрсеткіші

8,81

8,18

8,41

10,12

100 мың тірі туылғанға шаққанда ана өлімі

0

84,5

0

18,4

1000 тірі туылғанға шаққанда нәресте өлімі

9,18

8,22

8,52

7,28

Нәресте өлімінің негізгі себептері перинатальді кезеңде туындаған жағдайлар мен туа біткен ауытқулар болып табылады. Ауруды ерте анықтаудың төмен деңгейі мен аудандағы экологиялық жағдай да өз әсерін тигізбей қоймайды.



Туберкулез ауруының төмендеуі байқалады, 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулез ауруымен ауырғандар көрсеткіші 2015 жылы 35,4-тен 2017 жылы 32,2 көрсеткішіне дейін немесе 9,0%-ға төмендеген. өрсеткіш орташа облыстық деңгейден 40,0%-ға төмен (облыс көрсеткіші – 53,7), (2 сурет).


2 сурет - 2015-2017жылдары ШҚО мен Үржар ауданы бойынша туберкулез аурушаңдығы мен өлімі (100 мың тұрғынға шаққанда)
Эпидемиологиялық көрсеткіштердің тұрақтану бағытына қарамастан, туберкулез аурушаңдығының жасаруы өзекті мәселе болып қалады. Талданып отырған кезеңде балалар арасында туберкулез аурушаңдығының көрсеткіші өзгеріссіз қалып отыр16.

Туберкулезге шалдыққан науқастарға көрсетілетін әлеуметтік жәрдемақысы (жол ақысы, тамаққа бөлінген қаражат) өзекті мәселе болып қалады. 2017 жылы туберкулезге шалдыққан науқастардың үлес салмағы 100% әлеуметтік пакетімен қамтылып, оларға 3 672,0 мың теңге сомасына көмек көрсетілді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 12,8%-ға төмен17. Қаржыландыру көлемінің төмендеуі науқастар контингентінің төмендеуімен байланысты: 2015 жылдың 82 адамнан 2017 жылда 72 адамға дейін.



Қан айналымы ауруларының оң нәтижелі қозғалысы байқалады, сонғы үш жыл ішінде көрсеткіш 2015 жылы 2976,2-ден 2017 жылы 2635,1-ге дейін төмендеді. Сондай-ақ, орташа облыстық көрсеткіштен 18,3%-ға төмен (облыстық көрсеткіш-3228,6). 2017 жылы аудан бойынша қанайналым жүйесінен 100 мың адамға шаққанда қайтыс болғандар көрсеткіші – 86,2% құрады, облыс бойынша – 216,49% (3 сурет).

3 сурет - 2015-2017 жылдары ШҚО мен Үржар ауданы бойынша жүрек – қантамыр аурулары менөлім – жітімділігінің көрсеткіштері.


Қатерлі ісік ауруларының (100 мың тұрғынға шаққанда) 2015 жылы көрсеткіш 155,6-ден 2017 жылы 162,1-ге дейін немесе 4,1% өсуі байқалады. Көрсеткіш орташа облыстық көрсеткішінен 47,0% едәуір төмен (2017 жылы облыстық көрсеткіш 306,3). Қатерлі ісік ауруларын төмендету мақсатында ауданда қатерлі ісіктерді ерте уақытта анықтау үшін жоспарлы түрде скрининг бағдарламасы бойынша іс-шаралар жүргізілуде (4 сурет).


4 сурет - ШҚО мен Үржар ауданы бойынша салыстырмалы түрде қатерлі ісіктің аурушаңдығы мен өлім көрсеткіштері (100 мың тұрғынға).
Жарақат, кездейсоқ жағдайлар мен уланудан өлім – жітім (11,6%) аудан халқының өлім-жітім себептерінің арасында екінші орында, 2017 жылы – 113,94, 2015 жылмен салыстырғанда 3,5 %-ға төмендеді (2017 жылы облыс көрсеткіші – 131,94).

Адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы 15-49 жас тобында бекітілген 0,2-0,6% шегінде қалады18. АИТВ (ВИЧ) – індеті аудан бойынша тіркелген жоқ. АИТВ індетін алдын алу іс-шаралары аудан бойынша жүргізілуде және де келесі жылдарға жалғасуда.

2018 жылдың басына жалпы Үржар ауданы бойынша халыққа медициналық көмекті:

- 4 медициналық мекемелер (орталық аудандық аурухана, ауданаралық аурухана, Таскескен ауылдық аурухана, Қабанбай ауылдық аурухана);

- мемлекеттік құқығындағы 23 амбулаторлық-емхана мекемелері (АПО);

- 8 фельдшерлі-акушерлік, 22 медициналық пунктілер дәрігерге дейінгі көмек көрсетуде.

2015 жылы Үржар аудандық орталық ауруханасында жаңадан от жағу және кір жуу ғимараттары пайдалануға берілді.

2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 57 000,0 мың теңгеге Үржар аудандық орталық ауруханасының тәуліктік стационарының 3 және 4-ші қабаттарына 57,0 млн. теңгеге күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілді. «Парасат» дәрігерлік амбулаториясына 4 381,0 мың теңгеге ағымды жөңдеу жұмыстары жасалынды.

2016-2017 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасымен Науалы, Көкөзек, Алтыншоқы ауылдарының дәрігерлік амбулаторияларына және Таскескен ауылының ауылдық ауруханасына 4 жаңа санитарлық автокөлік берілді.

Аудан бойынша білікті дәрігерлермен қамтамасыз ету мәселесі әлі де шешілмеген. Дәрігер тапшлығы ауданда 2015 жылы 5 адамнан 2017 жылы 6 адамға көбейген. 01.01.2018 жылға 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 22,2 немесе 151 дәрігерді құрады (ШҚО бойынша 31,9%), оның ішінде 70 дәрігерінде немесе 47,0%-ында біліктілік санаты бар. 10 мың тұрғынға шаққанда орта медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету 77,6 немесе 536 қызметкер (2017 жылы ШҚО бойынша – 83), олардың ішінде 316 қызметкер немесе 58,9%-ның біліктілік санаты бар.

Тәжірибесі 3 жылдан аз жас мамандардың үлес салмағының ұлғаюы (27,8%) байқалады. Бұл ауданға жас мамандардың жылдан-жылға көптеп келуін білдіреді. Ауылдық жерде жұмыс істеулері үшін мемлекет жас мамандарға көтерме жәрдемақы мен үй алу үшін несие беруде.

Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мемлекеттің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық өркендеуінің негізі ретінде азаматтардың денсаулығын қорғаудың тиімді және тұрақты жүйесін дамытуды қамтамасыз етеді.


SWOT - саланың даму жағдайына талдау:


Мықты жақтары (S):

1) туудың өсуі, өлім-жітімнің азаюы;

2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тұрғындар үшін медициналық көмекті жоғары технологиялық түрлерінде қолжетімділіктің жақсаруы;

3) әлеуметтік маңызы бар аурушаңдықтың төменгі деңгейі.





Әлсіз жақтары (W):

  1. аудан бойынша дәрігерлер тапшылығы;

2) көрсетілетін медициналық қызметтерінің жеткіліксіз сапасы;

3) медициналық мекемелердің медициналық және арнайы типті ғимараттардың жабдықталуы төмен деңгейде;

4) саланың жеткіліксіз қаржыландырылуы себебінен: медициналық құрал-жабдықтардың және медициналық ұйымдар ғимараттарының біршама тозуы, ауруларды уақтылы анықтау және халыққа медициналық қызметтерді көрсету сапасын төмендетеді


Мүмкіндіктер (O):

  1. жұмыс істеп жүрген медициналық кадрларды жұмыс орнына бекіту және жас мамандарды тарту үшін қажетті шаралар жүйесін құру.

Қауіптер (T):

1) адамдар үшін аса қауыпты инфекциялық аурулардың шығуы.




Денсаулық сақтау саласының негізгі мәселелері:



  1. балалар мен әйелдердің денсаулықтарының төменгі көрсеткіші;

  2. кадр мәселелері (3 дәрігерлер тапшылығы байқалады: лаборанттық диагноз қоюшы, акушер гинеколог, отоларинголог);

  3. тұрғындар жағынан өз денсаулықтарына деген жауапкершіліктерінің жетіспеушілігі;

  4. емдеу-алдын алу мекемелерінің материалды-техникалық қорының жетіспеушілігі.


Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған Бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі.

Экономикалық белсенді тұрғындардың саны (ЭБТ) 2017 жылы 39,1 мың адам болды (экономикалық тұрғыдан тұрғындардың белсенділік деңгейі - 70,6 %, (облыс бойынша - 66,7 %).

2015 жылмен салыстырғанда экономикалық белсенді тұрғындардың саны 0,94%-ға немесе 2,3 мың адамға кеміді (2015 жылы – 41,4 мың адам). Сәйкесінше жұмыс істейтіндердің саны 2015 жылы 39,5 мың адамнан 2017 жылы 37,2 мың адамға немесе 5,9%-ға кеміді (2,3 мың адам). Негізгі себебі еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың ауданнан кетуі, әсіресе Үржар, Мақаншы және Таскескен ауылдарынан.

Ресми жұмыспен қамтылған тұрғындардың негізгі бөлігін 65,9%-ын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар құрайды (24 529 адам), (облыс бойынша 30,7 %) және олар негізінен қызмет көрсету, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейтіндер. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың саны 2015-2017 жылдар аралығында 26,0 мыңнан 24,5 мың адамға немесе 5,8%-ға азайды.

2017 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады (облыстық көрсеткіш – 4,8%), 2015 жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға өсті.

2017 жылы жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдіргендер саны 2699 адамды құрап, бұл 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 17,3% - ға төмендеді (2015 жылы – 3 266 адам), олардың ішінен 2 111 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыру деңгейі 78,2% (2015 жылы - 94,0%).

2017 жылы аудандың әр-түрлі салаларында 899 жұмыс орындары құрылды, 2015 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,0 %-ға өсті (2015 ж. – 897 жұмыс орындары). 2017 жылы кәсіби оқыту мен қайта даярлауға 405 жұмыссыз адам жолданды (2015 жылы- 30 адам). 2017 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 20 адам жолданды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 25 адамға төмен (2015 жылы - 45 адам). 2017 жылы жастар практикасымен 44 адам қамтылды, бұл 2015 жыл деңгейінде.

«Жұмыспен қамту картасы – 2020» бағдарламасы аясында соңғы 3 жылда 1566 адам қамтылып, 781 адам жұмысқа орналастырылды. Бағдарлама аясында қажетті мамандықтар бойынша оқытумен қамтылған және тұрақты жұмыс орындарына 428 адам немесе 100,0% жұмысқа орналастырылды.

2015 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 112 адамға кеміп (3,8%-ға), 2017 жылдың аяғында 2,8 мың адам болды. 2017 жылы табыстары ең төменгі күн көріс мөлшерінен төмен халық үлесі 3,6% құрады (2015 жылы – 3,7%). Ең төменгі күн көріс мөлшері 2015 жылдан 2017 жылға дейінгі мерзімде 21 364 теңгеден 24 459 теңгеге дейін өсті.

Аз қамтылған санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға ынталандыру үшін қазіргі уақытта «Өрлеу» пилоттық жобасы енгізіліп, іске асырылуда. Жоба шеңберіне 224 жанұя тартылды, оның құрамында 294 адам – еңбекке жарамды. Жұмысқа орналастырылғаны 256 адам.

2017 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2015 жылмен салыстырғанда 40,1%-ға азайып 94 адамды құрады. 2017 жылы балаларға мемлекеттік жәрдемақы түрін 2498 баласы бар 798 отбасы алды, бұл 2015 жылдан 26,5%-ға төмен. 2 566 баласы бар 825 отбасына төленді.

2017 жылы 295 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалды, бұл 2015 жылдан 16,0% - ға төмен. 290 отбасына төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке жарамды тұрғындардың үлес салмағы 2017 жылы 2015 жылдың деңгейінде қалып, 22,3% құрады.

Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 2017 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 3552 теңгеден 4744 теңгеге дейін артты. 2017 жылы атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшерінің үлесі (4744 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейінен (24459 теңге) 14,5% құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда (16,6%) 2,1%%-ға төмен.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға коммуналдық қызмет ақысын ішінара өтеу жүргізіледі. ҰОС қатысушыларына, ҰОС мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, көп балалы аналарға, аз қамтылған және мүгедек балаларға тұрақты негізде материалдық көмек көрсетіледі.

2017 жылы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 162 балаға үйде қызмет көрсетті, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға аз (172 бала).

2015-2017 жылдары аралығында «Үржар мүгедектері» қоғамдық бірлестігімен – 19 адам және «Благо–Дарю» ЖШС–34 адам, барлығы 53 адам жалғыз басты қарттар мен зейнеткерлерге әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетілді. Мүгедектерге алатын дәрілік препараттары жеңілдіктермен беріледі, жеке нотариустар мен адвокаттар құжаттарды ресімдеу бойынша қызметтер көрсетеді.

2017 жылы 118 мүгедек пен зейнеткерлер республика санаторийлерінде денсаулықты нығайту бойынша қызметтер алды, оның ішінде "Уба" – 73 адам, "Мойылды" – 23 адам, "Самал" – 10 адам, "Береке–Бурабай" – 12 адам (емдік ыстық ванна, физиоемдеу, балшық ваннасы және массаж).
SWOT - саланың даму жағдайына талдау:


Мықты жақтары (S):

1) салалық бағдарламалардың жобаларына жұмысқа орналастыруды, әлеуметтік жұмыс орындарының, қоғамдық жұмыстардың, оқытудың, жастар практикасының көрсеткіштерін жоспарлауды, олардың орындалуын қамтитын, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін кешендік жоспар дайындалды;

2) МАӘК алуға өтініш бергендер санының 3 жылда 40,1 %-ға азайуы;

3) «Өрлеу» пилоттық жобасын жүзеге асыру;

4) қоғамда мүгедек адамдардың интеграциялану шараларын іске асыру.


Әлсіз жақтары (W):

1) ауданда жұмыссыздық деңгейінің өсуі: 4,9%-ға (облыста 4,8 %);

2) жұмыс нарығында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының теңгерімсіз болуы, дәрігерлерге, сылақшыларға, ағаш ұсталары мен көлік жүргізушілеріне сұраныстың көп болуы;

3) экономиканың кадрларға қажеттілігін айқындайтын механизмнің болмауы казіргі кездегі жоспарлау – әкімдіктер арқылы алынған мәліметтер бойынша кәсіпорындардың кадрларға қажеттілігі мәліметін жинақтау мен талдауға әкеледі.




Мүмкіндіктер (O):

1) тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға жіберу, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарын құру сияқты жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін қолдану, сондай-ақ тұрғындардың аталған бөлігін кедейлік шеңберден шығару бойынша өңірлік бағдарламалар әзірлеу;

2) жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау бағдарламаларын жетілдіру;

3) тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді мемлекеттік бағдарламалар спекторын кеңейту.

4) басымды бөлігі ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыз адамдардың кәсіпкерлік бастамасын дамытуға жәрдемдесу.


Қауіптер (T):

1) жұмыс орындарының қысқаруы мен өндіру ауқымының төмендеуінен жұмыссыздықтың өсуі;

2) еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың миграциялық кетуінің күшеюі;

3) шекті кедейлік мөлшері деңгейін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 %-на дейін ұлғаюы АӘК алушылар санының өсуіне әкеледі;

4) коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі тұрғын үй көмегін алушалардың санының көбеюіне әкеледі;

5) МАӘК алуға үміткер адамның (жанұяның) жиынтық табысын есептеу әдістемесінің жетілдірілмегені.


Жұмыспен қамту саласының негізгі проблемалық мәселелері:

1) ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс орындарының болмауы;

2) алушылар құрамында еңбекке жарамды адамдардың болуы.


Мәдениет

Өңірдің мәдениет саласы тұрақты дамуда. Мәдениет желісін 18 клуб мекемесі, 9 кітапхана құрайды. Онда 169 адам еңбек етеді, оның ішінде 87 –сі шығармашылық кадры. Шығармашылық өнер ұжымдарының саны -14, оның ішінде «Халықтық» атағы бар - 2, «Үлгілі» атағы бар – 1.

Аудан аумағында мемлекеттік тізімге енгізілген республикалық және аудандық маңыздағы 4 мәдени ескерткіш тіркелген.

2015-2017 жылдары мәдениет саласын дамытуға 701310,7 мың. теңге бөлінді.

2015 – 2017 жылдары жалпы сомасы 90 474,1 мың теңге қаржыға 9 мәдениет нысаны жөнделді (мәдениет үйлері, ауылдық клубтар, кітапхана). Қабанбай ауылдық клубы ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажет.

2017 жылы кітапханалардың кітап қоры 107,9 мың дананы құрады, бұл 2015 жылғы деңгейден жаңа кітаптардың түсуіне байланысты 13 мың данаға артық19. Оның ішінде: мемлекеттік тілдегі кітаптар - 54,9 мың дана, яғни 2015 жылғы деңгейден 11,1 мың данаға артық20.

2017 жылы оқырмандар саны 10220 адамды құрады. 2015 жылдан 3%-ға өсті (2015 жылы - 9920 адам). 2017 жылы кітапханаға келушілер саны - 90 443 адам, 2015 жылдан 2,3%-ға өсті (2015 жылы - 88 330 адам).

2017 жылы клуб мекемелері мен кітапханалар тарапынан 700 әлеуметтік маңыздағы мәдени-көпшілік шаралар өткізілді, 2015 жылдан 7%-ға өсті21.

2015-2017 жылдары Үржар ауданының мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру мен жақсартуға 13 818,0 мың теңге бөлінді. Соның ішінде: 2015 жылы – 567,0 мың теңге, 2017 жылы – 11 435,0 мың теңге.

Мәдениет нысандарына мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәдениет нысандарына келуіне жағдай жасау мақсатында пандустармен жабдықталған, тағы да басқа мүмкіндіктер қарастырылған.


Саланы дамытудың SWOT сараптамасы:


Мықты жақтары (S):

1) саланы қаржыландыруға және мәдениет нысандарын жөндеуге жергілікті бюджеттен қаржының бөлінуі;

2) мәдениет нысандарына келушілер деңгейінің артуы;

3) өткізілетін мәдени-көпшілік шаралар санының артуы;

4) мүгедектердің мәдениет мекемелеріне қолжетімділігінің жоғарылауы;

5) мәдениет қызметкерлерінің облыстық және республикалық байқаулардағы жетістіктері.



Әлсіз жақтары (W):

  1. ауылдық клубтар мен кітапханаларды компьютерлендірудің жеткіліксіздігі, Интернетке қосылмауы.




Мүмкіндіктер (O):

1) мәдениет нысандарын жөндеу, мәдениет мекемелерінің материалдық – техникалық жабдықталуын жақсарту, мәдениет нысандарының желісін кеңейту;

2) мүгедектердің мәдениет қызметіне қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3) ауданның жас әртістерін қолдау үшін республикалық, облыстық байқауларға қатыстыру.



Қауіптер (T):

1) кадрлардың қартаюы және арнайы мамандардың тапшылығы (музыка мамандары, кітапхана қызметкерлері, программистер) ауданның мәдениет саласының тұрғындарға қызмет көрсету сапасына әсер етеді.


Негізгі мәселелер:



  1. ведомствалық тұрғын-үй болмауы;

  2. сахналық костюмдердің, заманауи құрылғылардың, музыкалық аспаптардың, материалдық–техникалық жабдықтаудың жеткіліксіздігі қызмет көрсетудің сапасына әсерін тигізеді;

  3. мәдениет мекемелерінің желісі аудан тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. 55 елді мекеннің 37-де ауылдық клуб, 46 елді мекенде ауылдық кітапхана жоқ;

  4. ауданның шалғайдағы ауылдарын мәдени қызметпен қамтуға жылжымалы видеомобильдердің тапшылығы мүмкіндік бермейді.

Денешынықтыру және спорт

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған салауатты өмір салтын қалыптастыру, барлық санаттағы және топтағы тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен айналысуға жағдай жасау, халықты қолжетімді спорт құрылыстарымен қамтамасыз ету, спорт саласында кадрларды сондай-ақ спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру. Болашақта біздің мемлекетіміз 30 әлемнің дамыған елдің қатарына халықты жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысуға, 2030 жылы - 40% - ға дейін, 2040 жылы - 50% - ға дейін, 2050 жылы – 60% дейін кезең-кезеңмен тарту міндеттер қойылды.

2017 жылы дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдар саны 22 720 адамды құрады (тұрғындардың 30,3%), 2015 жылмен салыстырғанда 5,3 %-ға кеміді, соның ішінде: 13 897 адам - еңбек ұжымдарында, 7348 адам- мектеп секцияларында қамтылған.

Қоғамдық негізде қосымша спорт секцияларының ашылуына байланысты 2015-2017 жылдары дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 11,6% - ға артты (23 кесте).

23 кесте. – 2015-2017 жылдарғы дене шынықтыру және спорт саласының негізгі

көрсеткіштері




Көрсеткіштің атауы

Бірлік өлшемі

2015 жыл

2016

жыл


2017

жыл


1

Спорттық ғимараттар

Бірлік

247

247

247

2

Дене шынықтыру және спорт саласының мамандары – барлығы

- оның ішінде дене шынықтыру білімі бар мамандар



Адам

210
209

215
214

210
209

3

Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын жалпы тұрғындар санын арттыру

%

30,1

30,3

30,3

4

Дене шынықтыру және спортпен айналдысатын адамдар саны

Адам

23990

24105

24243

5

Дене шынықтыру және спорттық бірлестіктер (ведомствалық дене шынықтыру және спорттық қоғам, спорттық клубтар, мекемелердегі спорт ұйымдар )

Бірлік

99

93

94

6

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің қамтылуы

%

9,5

11,5

11,8

7

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің саны

адам

1321

1364

1445

Аудан бойынша спорт мектебі жұмыс атқаруда, 8 ауылдық округтерде (Қабанбай, Мақаншы, Бақты, Қарабұлақ, Науалы, Көлденен, Қызылту, Қоңыршәулі) грек-рим күресі, еркін күрес, шаңғы, бокс, волейбол, футбол, дзюдо, қазақ күресі спорт түрлері бойынша секциялар ашылып, 1475 адам қамтылған. 2015 жылмен салыстырғанда дене шынықтыру және спортпен айналысатын оқушылардың саны 154 адамға немесе 11,6% - ға көбейді.

Жалпы білім беру мекемелері спорттық құрал-жабдықтармен 50,0% қамтылған.

Спорт ғимараттарының саны 2015 жылмен салыстырғанда 2 нысанға өсіп, 249 нысанды құрады, оның ішінде: 136 білім беру мекемелеріне жатады, тек 113 – дене шынықтыру–спорт нысандарына жатады.

Қазақстан Республикасының құрама командасына әртүрлі спорт түрлері бойынша Үржар ауданынан 3 спортшы, жастар командасына – 4, ересектер командасына – 2 спортшы, облыстық жасөспірімдер командасына – 6 адам енген.

Ауданда спорттық инфрақұрылымның дамуына қарамастан спорттық ғимараттар жеткіліксіз. Жалпы спортпен шұғылдануға 10 спорттық және көп функционалды залдар қажет етеді.

Халықты жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қатыстыру үшін жағдай жасалған, жыл сайынғы бұқаралық жарыстарға облыстық деңгейдегі: халықтық спорт ойындарында, балалар спорт ойындары және "Сәулетай", мемлекеттік қызметшілер, мектеп оқушылары, еңбек ұжымдарымен спартакиадалар өткізіледі. Соңғы 2 жыл ішінде аудан оқушыларының құрама командасы "Мектеп лигасы" жарысы аясында үш жас тобы бойынша волейболдан облыстық жарыстарды, футболдан "Алтын күз"халықаралық турнирін жеңіп алды.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында жарыстар ұйымдастырылады. 2015-2017 жылдары 13 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, 90 адам қамтылды.

Аудан бойынша спорттың 28 түрі дамытылуда, соның ішінде 11-і олимпиадалық және 17-і олимпиадалық емес түрлері. Спортшылармен 50 жаттықтырушы жұмыс істейді.

Соңғы 3 жылда ішінде 5 спорт шебері, 70 спорт шеберіне үміткер, 1-ші санатты 90 және 898 спортшы бұқаралық санатты орындады.

2015-2017 жылдары аудан спортшылары халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда 353 медальға ие болды, соның ішінде 75 алтын. Ауданның құрама командалары облыс әкімі жүлдесі үшін өтетін Халықтық спорт ойындарының барлық спорт түрлеріне қатысады.
SWOT - саланың даму жағдайына талдау:


Мықты жақтары (S):

1) спорттық ғимараттар мен құрылыстарының жүйелі түрде өсуі;

2) мәдени ойын-сауық кешендерінің халыққа қол жетімділігі.


Әлсіз жақтары (W):

1) материалдық-техникалық базасы деңгейінің төмен болуы;

2) көптеген спорттық ғимараттар техникалық пайдалану ережесіне, халықаралық регламентке, оқу жаттығу үрдісі мен жарыстар өткізу ережесіне сәйкес келмеуі.


Мүмкіндіктер (O):

1) Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын жедел түрде жүзеге асыруы;

2) тұрғындар арасында ақпараттық- түсіндірме жұмыстарын нығайту;

3) ауылдық округтерде қызмет атқаратындарға әдістемелеік көмек көрсету.



Қауіптер (Т):

1) компютерлік ойын, кино, дискотека, көңіл-көтеру ойындармен салыстыру бойынша дене шынықтыру және спорттың бәсекелестікке қабілеттілігінің төмендеуі;

2) кейбір спорт түрлерінің дамуының нашарлауы (шатырланған спорт ғимараттарының жоқтығы);

3) материалдық базаның төмендеуі;

4) жоғары білімді мамандардың басқа салаға кетуі.

Негізгі проблемалар:



  1. ауылда дене шынықтыру және спорттың жеткіліксіз дамуы;

  2. ауылдық округтерде спорт нұсқаушыларының жетіспеуі;

  3. тұрғындардың тұрғылықты жерлеріне байланысты дене шынықтыру және спортпен айналысуға мүмкіндіктерінің болмауы, спорттық секциялар мен клубтардың жетіспеуі.

Тілдерді дамыту.

Ауданда тілдерді дамыту тиімді әлеуметтік – экономикалық кеңістікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Аудан бойынша мемлекеттік мекемелердің жанынан ұйымдастырылған 3 топта мемлекеттік тілді оқыту жүргізілуде, ағылшын тілін оқыту бойынша 6 топ ұйымдастырылған. Сонымен қатар, ауданның барлық мектептерінде ағылшын тілін оқыту бойынша қосымша курстар өткізілуде.

Тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік талдау зерттеулерін сауалнамалар арқылы жүргізу тілдік үдерістерді тиімді басқарудың негізі болып табылады.

Үржар ауданының тұрғындары 100% мемлекеттік тілді меңгерген (24 кесте).


24 кесте - Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлес салмағы



Аудан бойынша

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

100 %

100 %

100 %

Мемлекеттік бағдарламаның екінші кезеңі барысында (2014-2016 жылдары) 129 астам аудандық іс-шаралар: мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастары арасында байқаулар, олимпиадалар, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізілді. Ақпараттық қамтамасыз ету – аудандық «Уақыт тынысы/Пульс времени» газеті арқылы іске асырылады, онда: 2017 жылы – 19 мақала жарияланған (2015 жылы – 16 мақала).

2015 - 2017 жылдары ауданда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 100 % құрады.

Аудандағы ономастика саласы бойынша елді мекендердің 12 құрамдас бөлігінің атауы өзгертілді.

Аудан бойынша орналастырылған 417 деректемелік көрнекі ақпараттар мен сыртқы жарнамалар «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 21-бабының талабына сәйкес ресімделген.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ауданда орыс тілін сақтау және қамтамасыз ету үшін жағдай жасалған: семинарлар, конференциялар, конкурстар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Халықтың 98,4% орыс тілін меңгерген.

Орыс тілін меңгермеген 1,6 % тұрғындар, яғни шетелден тарихи Отанына оралған репатрианттарды қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатындағы шаралар іске асырылуда, қысқа мерзімді кирилица әліпбиі мен орыс тілін үйрену курстары ұйымдастырылған.

2018 жылдың 1 қаңтарына ағылшын тілін меңгерген халық саны 1362 адамды немесе аудан халқының жалпы санынан 3,2% құрады.

SWOT - саланың даму жағдайына талдау:


Мықты жақтары (S):

1) мемлекеттік тілдің даму ортасы қалыптасты;

2) мемлекеттік тілде ісқұжат жүргізу үрдісі белсенді енгізілді.


Әлсіз жақтары (W):

1) ауданда ағылшын тілін оқыту үйірмелерін ашудың қажеттілігі.



Мүмкіндіктер (O):

1) үш тілді меңгерген тұрғындар үлесінің артуы;

2) сенімді ұлттық бірлік саясатын жүргізу арқылы толерантты ортаны сақтау.


Қауіптер (T):

1) өмірлік іс-әрекеттің барлық саласына мемлекеттік тілді енгізуді реттейтін «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына өзгерістер енгізу қажеттілігі;

2) ҚР Мәдениет және спорт министрлігі деңгейінде ономастикаға қатысты нормативтік-құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі.


Негізгі проблемалар:



  1. тілдерді дамыту мен ономастикаға қатысты жұмыстарда нормативтік- құқықтық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;

  2. мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыру мақсатында әдістемелік базаны нығайту қажеттілігі.

Ұлтаралық келісім

Қазақстанның ұлттық бірлігі Доктринасы мен қазақстандық этносаралық келісім моделін насихаттауда жұмыстар үнемі жүргізілуде.

Мемлекетті дамыту Стратегиясын және мемлекеттік саясатты дамытуға бағытталған мәдени-бұқаралық және қоғамдық-саяси іс-шаралардың өтуімен тұрақты этносаралық келісім сақталуда. 2018 жылдың 1 қаңтарына Үржар ауданында халық саны 74 766 адамды құрады. Оның ішінде: қазақ ұлты – 92,1%, орыс ұлты – 6,8 % және басқа ұлттар 1,1 %. Ауданның барлық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде.

Аудандық іс-шаралар этностардың тарихы мен дәстүрі, мәдениетін қазақстандық этносаралық келісім моделін насихаттауға бағытталған Қазақстан халқының бірлігі күні, рухани келісім күні, тілдер мерекесі жыл сайын өткізіледі.
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс.

Ауданда үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) халық топтарының ерекше мүдделерін іске асыруда және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде үлкен маңызға ие.

Ауданда ардагерлер, ақсақалдар кеңесі, Ауған соғысы ардагерлерінің "Айбын" қоғамдық бірлестігі, "Үржар мүгедектері", "Үржар патриоттары" қоғамдық бірлестіктері өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады.

Ауданда 2015 жылы – 3, 2016 жылы – 6, 2017 жылы – 10 қоғамдық ұйымдар жұмыс атқарған. Әсіресе, жұмыс тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарымен, еңбек ардагерлерімен, Ауған соғысының ардагерлерімен белсенді жүргізілуде. ҮЕҰ қолдауға қаржы қарастырылған жоқ.

Қоғамдық ұйымдармен бірігіп ұйымдастырылған шараларға тұрғындардың қамтылуы 2015 – 2017 жылдар аралығында 18 мың адамды құрады.
Дін мәселесі

2018 жылдың 1 қаңтарына 34 діни нысан иелігімен 34 діни бірлестік тіркелген. Олар: ислам -32, православие – 1, христиан–пресвитериан – 1.

Мемлекеттік-конфессияаралық және конфессияаралық байланысты нығайту үшін аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес жүйелі түрде жұмыс атқарады.

Тұрғындардың дінге бет бұруы, сенім сапасы, діни сауаттылық пен мәдениет төменгі деңгейде қалып отыр, бұл діни көзқарастардың қайшылығына жағдай туғызады.

Ауданда жергілікті атқарушы органдарға діни экстремизм және терроризмнің алдын-алуы бойынша терроризмге қарсы комиссия құру арқылы жағдай жасалған. Аудан аумағында экстремизм мен терроризмге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша шұғыл жұмыстар атқарылуда. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы бойынша адамдар көп жиналатын жерлерге тексерістер жүргізіледі.

Шетелдік теологиялық оқу орындарына дербес шығуға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда тұрғындар арасында діни ағымдардың мәнін түсіндіру мақсатында радикализмнің, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша аудандық ақпараттық топ (12 адамнан тұратын), ауылдық округтер бойынша 27 топ (148 адамнан тұратын) жұмыс істейді. Құрамына мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың басшылары, ауыл имамдары, дінтану мұғалімдері кірген.

2015 жылы конфессияаралық қатынастар саласында 13 дөңгелек үстел, 26 кездесу, 7 семинар және 12 дәріс өткізілді. Сонымен бірге, облыстық ғылыми-практикалық конференция өтіп, оған белгілі дінтанушылар, облыс аудандарынан келген делегаттар, дінтану мұғалімдері мен діни бірлестіктердің жетекшілері қатысты. 2017 жылы барлығы 108 іс-шара өткізіліп, 10295 адам қамтылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 25% жоғары22.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысында бұқаралық ақпарат құралдары тиімді пайдаланылады. Аудандық "Уақыт тынысы"/ "Пульс времени" газетінде тұрақты негізде діни мәселелер бойынша айдар жұмыс істейді, материалдар жарияланып тұрады. Ауданда діни әдебиеттерді сату орындары жоқ.

Қоғамдық-саяси ахуалға, саяси партиялар мен басқа да, азаматтық қоғам институттарының жұмысына жүйелі мониторинг жүргізу, олармен конструктивті диалогты нығайту аймақта қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға қамтамасыз етеді.

SWOT - саланың даму жағдайына талдау:


Мықты жақтары (S):

1) қолданыстағы заңдық база;

2) қоғамда діни толеранттылықтың, дінаралық және ұлтаралық келісімнің, тұрақты діни ахуалдың, қазақстандық тұтастықтың сақталуы;

3) діни ахуалға, БАҚ–да жарияланған материалдарға мониторинг жүргізу;

4) діни бірлестіктердің қатысуымен белсенді сұхбат алаңдары қамтамасыз етілген.


Әлсіз жақтары (W):

1) діни қызмет мәселесі бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарында «ұйымдастырылмаған», «маргиналды» тұрғындардың қамтылу деңгейінің төмендігі;

2) ауданда кәсіби теологтардың жоқтығы.


Мүмкіндіктер (O):

1) тұрғындар арасында діни қызмет мәселесі бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарының, соның ішінде адрестік жұмыстардың жандануы;

2) қоғамдық-саяси, соның ішінде діни ахуалдың ушығуына жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдау.


Қауіптер (Т):

1) теріс діни ағымдардың таралуы (ұлттық салт-дәстүрлерді жоққа шығару және т.б.);

2) исламның радикалды діни ағымын ұстанушылар санының артуы.

Негізгі проблемалар:

1) деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар топтарының болуы;

2) кәсіби имамдардың, теологтар мен дінтанушылардың жетіспеушілігі.


Саяси партиялар

Ауданда екі саяси партияның филиалдары өз қызметін жүзеге асырады: «Нұр Отан», Қазақстан коммунистік халық партиясы. Партияларда 4 966 адам тұрады.


Гендерлік саясат

Аудан тұрғындарының 49,7% (37182 адам) әйелдер құрайды. Ауданның барлық экономикалық саласына әйелдер белсенді қатысады. Кейбір қызмет түрлері бойынша әйелдердің үлесі артады. Білім саласында әйелдер - 73%, денсаулық сақтау саласында – 89% құрайды.

Аудан бойынша әйелдер еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болып табылады. Жалпы жұмыссыз әйелдер саны 311 адамды құрайды (барлығы-914 адам). Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы әйелдердің үлесі 48% немесе 129 адам.

Әйелдердің саяси өсуі бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аудандық мәслихат депутаттары арасында – 3 әйел.

SWOT - саланың даму жағдайына талдау:


Мықты жақтары (S):

1) атқарушы биліктегі әйелдердің үлесінің артуы;

2) кейбір экономикалық қызметтерде әйелдердің үлесі артады.


Әлсіз жақтары (W):

1) жалпы жұмыссыздардың ішінен әйелдер 34% құрайды немесе 311 адам.



Мүмкіндіктер (O):

1) әйелдердің саяси өсуі негізінде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің артуы.



Қауіптер (Т):

  1. әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық.

Негізгі проблемалар:

1) шешім шығару деңгейіндегі билікте, сонымен бірге өкілетті билікте әйелдер белсенділігінің аздығы.

2.1.3 Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Статистикалық қылмыс деректеріне мақсатты түрде жетуде және неғұрлым шынайы көрініс анықтауда аудандағы қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды тіркеудің және есепке алудың толықтығын қамтамасыз ету бағытындағы атқарылған мақсатты жұмыстар өз үлесін қосты. Аудандағы нақты криминалдық жағдай әлеуметтік–қолайлы деңгейде сақталуда23.

2017 жылы тіркелген қылмыстар саны 6,6 % төмендеген (2015 жылы 348 фактіден 2017 жылы 325 фактіге дейін).

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауданымыз тіркелген қылмыстар бойынша оныншы орында тұрақтаған.

2017 жылы аса ауыр санытты қылмыстар 40 пайызға өсіп отыр (5-тен 7-ге дейін). Салыстырмалы түрде ауыр санатты қылмыстар 4,5% (22-ден 21-ге дейін), орта дәрежедегі қылмыстар 9,3% (213-тен 193-ке дейін) және онша ауыр емес қылмыстар 57,1% (70-тен 30-ға дейін) төмендеуі байқалады.

Облыс бойынша Үржар ауданының қылмыс деңгейі ең төмен (19 орын). 2017 жыл қортындысы бойынша әр бір 10 мың адамға шаққанда 42,9 бірлік24.

Төмендегі қылмыс сандары жоғары деңгейде қалуда, атап айтқанда қоғамдық орындағы қылмыстар -50, соның ішінде көшедегі қылмыстар – 18, үлес салмағы 15,4 % және 5,5 % құрайды.

Кәмелеттік жасқа толмаған орын алған қылмыстар 2015 жылғы 7 қылмыстан 2017 жылы 6 қылмысқа дейін төмендеген немесе 85,7%. Жасөспірімдермен орын алған қылмыстарды алдын-алу мақсатында «мектеп» инспекторылары жұмыс атқаруда, яғни аудан бойынша 8 мектепте 5 мектеп инспекторы қызметк атақарады. Сонымен қатар аудан мектептерінде құқық қорғау органдарының қатысумен дәрістер мен дөңгелек үстелдер өткізілуде.

Бұрын сотты болғандармен орын алған қылмыстар деңгейі өсіп тұр, яғни үлес салмағы 50,9%. 2017 жылы 143 қайталанған қылмыстар тіркелді.

2015 жылмен салыстырғанда 2017 жылы жол көлік оқиғасы 8 фактіге азайды, соның ішінде адам өлімімен аяқталған қылмыстар 2,3 есеге (2015 жылғы 14 фактіден 2017 жығы 6 фактіге дейін)25.


SWOT- саласын дамытуды талдау:


Мықты жақтары (S):

1) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдайлар жасалды;

2) қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды толық тіркеп және есепке алу;

3) 2015-2017 жылдарға арналған ҚР ІІМ-нің бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы әрекет ету бағдарламасын жүзеге асыру;

4) құқықбұзушылардың алдын-алу, нақты субъектілерін анықтау және олармен өзара іс қимылдарын қамтамасыз ету.


Әлсіз жақтары (W):

1) бұрын сотты болғандармен орын алған қылмыстарды алдын алу бағытында жұмыстар, соның ішінде ІІО-да есепте тұрған тұлғалар арасында, атап айтқанда профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғалар арасында алдын алу бойынша іс-шаралардың жеткіліксіздігі;

2) тұрмыс жағдайы ауыр тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту деңгейінің жеткіліксіздігі; 3) тұрмыстық маскүнемдік мәселесенің шешілмеу; маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын-алу.


Мүмкіндіктер (O):

1) құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіру;

2) құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың өсуіне жол бермеу бойынша уақтылы шараларды қабылдау, әкімшілік жауапкершілікке тарту;

3) электронды базаларды және ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және жетілдіру;

4) террористік және экстримистік ұйымдардың мүшелерін анықтау, ұстау, экстремистік – дініи бағыттағы әдебиеттерді және т,б, заттарды тасмалдаудың жолын кесу мақсатында іс шараларын жүргізу.


Қауіптер (T):

1) ауданның географиялық орналасуы заңсыз көшіп-қону жағдайына өзінің оң ықпалын тигізеді;

2) Қазақтанмен іргелес жатқан мелекеттердің әлеуметтік-саяси жағдайларының тұрақсыздығы көші-қон ағымының және қылмыстардың өсуіне ықпал етеді;

3) шетел миссионерлерінің, діни ұйымдарының, экстримистік бағыттағы дәстүрлі емес діндердің іс-әрекеттері.



Негізгі мәселелер:



  1. тұрақты бекеттердің және жылжымалы полиция пунктерінің жетіспеушілігі;

  2. бейне бақылау жүйесінің жетілмеуі;

  3. ішкі істер органның жеке құрамын дене және жауынгерлік дайындықпен қамтамасыз етуге жарамсыз ғимараттарға орналастырылуы;

  4. азаматтық қоғам институтында және халықты нақты қолдау бағытында жалпы мемлекеттік құқықбұзушылықтың алдын-алуға тиімді жүйесі құрылмаған.


2.1.4. Инфрақұрылым
Жол және көлік

Үржар ауданы бойынша 965 шақырым автомобиль жолдары бар, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 277 шақырым, облыстық маңызы бар жолдар 204 шақырым және жергілікті маңызы бар жолдардың ұзақтығы 484 шақырым, оның 161 шақырымы асфальт, 258 шақырымы қиыршық тас, 65 шақырымы қара топырақ жолдар.

2017 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 71,4% құрады.

Ауданның жолаушылардың тасымалдауы әуе және автокөлік қатынастарымен қамтамасыз етілген. Жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау 12 бағытта іске асырылады, оның ішінде 7 ауыларалық және 3 аудан аралық қатынастар.

2017 жылы аудан аумағында 55 елді мекендердің 44-і (80%-ы) автобус қатынасымен қамтылған, ал 11 (20%) елді мекен қамтылмаған. Елді мекендердің жолаушы тасымалымен толықтай қамтылмауының басты себебі, бағыттардың тиімсіздігі және жергілікті бюджеттен бөлінетін демеу қаржының жеткіліксіздігі.

2017 жылы автокөлік көлігімен жолаушы айналымы 4568,2 мың жолаушы шақырымын құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 90,3 %-ға көп (2015 жылы 2411,3 мың жолаушы шақырым).

Аудан көлемінде 46 автобус аялдамалары, оның ішінде Үржар ауылында 36, Мақаншыда 10 аялдамалар бар.
Әуе қатынасы

Бүгінде Үржар ауылында орналасқан «Д» санатты әуежай жұмыс атқаруда. Әуе қатынасы «Өскемен-Семей-Үржар» облысшілік және «Үржар-Алматы», «Үржар-Астана» республикалық бағытта қамтамассыз етіледі.

2017 жылы әуе желілерінде «Өскемен-Семей-Үржар», «Үржар-Алматы», «Үржар-Астана» бағыттарында 18 858 жолаушы тасымалданды, 2015 жылмен салыстырғанда 4 есеге жоғары26.
SWOT - саланың даму жағдайына талдау:


Мықты жақтары (S):

1) жергілікті маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесінің ұлғаюі;

2) соңғы үш жылдағы жолаушылар айналымының өсуі;

3) әуе транспортымен тасымалданатын жолаушылар санының артуы.



Әлсіз жақтары (W):

1) заңсыз тасымалдаушылардың кесірінен заңды бағыттардың тиімсізділігі;

2) темір жол қатынасының жоқтығы;

3) әуежайдың ұшып-қону жолағы классификациясының төмендігі;

4) инновацияларды енгізу мен процестерді автоматтандырудың төмен деңгейі.


Мүмкіндіктер (O):

1) «Нұрлы жол» және «Көліктік инфрақұрылымды дамыту және сатылас ықпалдастық 2020» бағадарламасын іске асыру.



Қауіптер (T):

1) жергілікті бюджеттің қысқаруы.




Негізгі проблемалар:

1) жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайдағы үлесі 28,6%;

2) жергілікті бюджет көлемінің автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеуге жеткіліксіздігі;

3) жолаушылар мен багажды заңсыз тасымалдау, бұл жолаушылардың қауіпсіздігіне әсер етеді;

4) әуежайдың ұшып-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстарының қажеттілігі.

Тұрғын үй құрылысы

Тұрғын үйі болуы заманауи қоғамның негізгі қажеттілігі болып табылады. 2018 жылдың басынан тұрғын үй қоры 1200,9 мың. шыршы метрді құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 21,5 мың шаршы метрге өсті немесе 0,98%.

Бүгінгі әлеуметтік норма бойынша 1 тұрғынға 18,0 шаршы метр тұрғын үймен қамтамасыз етілу керек, статистикалық деректер бойынша 1 аудан тұрғынына орташа 14,7 шаршы метр тұрғын үй келіп тұр.

Мемлекеттік тұрғын үйлер құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік қатынас бойынша тұрғын үй қажеттілігі адамның негізгі қажеті болған және болып табылады, сондай-ақ күлі қоғамның басты мәселелердің бірі болып тұр.

2015-2017 жылдар аралығында барлық қаржыландыру көздерінен салынған тұрғын үйлер 21 596 шаршы метр пайдалануға берілгені аталған саланы сипаттайтын оң факторларына жатады (25 кесте).
Кесте 25 – 2015-2017 жылдары тұрғын үйлерді іске қосу, ш.м.




Атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

БАРЛЫҒЫ:

1

Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру, ш.м.

8283

6211

7102

21 596

2

Соның ішінде ЖТҚ, ш.м

5491

6211

7102

18 804

3

Құрылыс жұмыстарының көлемі, млн. теңге

5170,2

4379,4

4684,3

14 233,9

2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік тұрғын үй алу тізімінде 595 адам кезекте тұрған. 2015 жылмен салыстырғанда тұрғын үй кезегіндегі адам саны 79,7 % артты (2015 жылы 331 адам кезекте тұрды).

Статистика мәліметі бойынша, 2017 жылы 1 ш.м тұрғын үйдің құрылысының нақты орташа құны 76,3 мың. теңгені құрайды (орташа облыстық көрсеткіш 89,2 мың теңге), бұл орташа облыстық көрсеткіштен 12,9 мың теңгеге кем немесе 14,5%.
SWOT- саланың дамуы жағдайының талдауы:


Мықты жақтары (S):

1) «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көп пәтерлі тұрғын үйлер салу және ЖТҚ құрылысы үшін жер учаскелеріне инфрақұрылым салу жоспарлануда;

2) жеке тұрғын үй құрылысын жүзеге асыра алатын тұрғындар болуы.


Әлсіз жақтары (W):

  1. саладағы білікті еңбек ресурстарының жетіспеушілігі;

  2. ауданда құрылыс инустрияның жетілмеуі;

  3. облысқа қарағанда, тұрғын үймен қамтамасыз ету төмен,

  4. кондоминимум нысандарында ортақ мүлкін ұстауда халықтың белсенділігі төмен.

Мүмкіндіктер (O):

1) «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асуы;

2) халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету.


Қауіптер (T):

1) тұрғын үй құрылысы бағасының артуына әсер ететін құрылыс материалдарының қымбаттауы;

2) мемлекеттік тұрғын үй құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырудың болмауы;

3) тұрғын үй құрылысының төмендеуі, соның ішінде, жеке тұрғын үй құрылысының төмендеуі.



Негізгі проблемалар:



  1. әлеуметтік жағдайы төмен санаттағы азаматтардың тұрғын үй сатып алуға қаржының жоқтығынан, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекте тұрған азаматтардың санының өсуі;

  2. тұрғын үй құрылысы ауданына инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды тартуға қаржының бөлінбеуі.

Байланыс


Ауданда «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация және байланыс бойынша қызмет көрсетеді, 14 сандық АТС пайдалануда. Үржар ауданы бойынша 35 стационарлық пошта байланысы бөлімшесі орналасқан, 5 елді мекен жылжымалы пошта байланысы бөлімшесі қызмет көрсетеді.

Барлық елді-мекендер телефон байланысымен қамтылған. 42 елді-мекенде кеңжолақты Интернет жүйесі қол жетімділік, оның ішінде: 29-EV-DO, 13-SkyEd. Кеңжолақты Интернет желісін қолдану үшін ауыл тұрғындарына сымсыз радиоқолжетімділік технологиясы EVDO енгізілді және 654 абоненттарды құрайды. Үржар ауданы бойынша барлығы 5630 абонент интернет жүйесімен қолданады.

Ауданның барлық елді мекендері телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Телефон станциялары мен байланыс желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Барлығы 10069 абонент бар, оның ішінде: 9052 - жеке тұлғалар, 1 017- заңды тұлғалар.

Сымсыз радиобайланыс CDMA–450 жүйесімен барлығы 3755 абонент қамтылған.

Ауданның елді-мекендері Beeline, K–Cell, Tele2, Altel ұялы байланыс жүйелерімен қамтылған. 1000 адамнан асатын ауылдық елді мекендерді ұялы байланыспен қамту 100% құрады.
SWOT- саланың дамуы жағдайының талдауы:


Мықты жақтары (S):

1) телекоммуникацияның дамыған жүйесі;

2) АТС-ды қайта жаңғырту, жаңа цифрлік АТС-мен ауыстыру;

3) Интернет желісін жаппай енгізу.



Әлсіз жақтары (W):

1) ауылдық елді мекендердегі байланыс пен телекоммуникацияны жаңғыртудың төмен қарқыны;;

2) тіркелген байланыс нарығында бәсекенің болмауы;

3) ұялы байланыс қызметінің жоғарғы тарифтері.



Мүмкіндіктер (O):

1) тұрғындар мен ұйымдарды сапалы және қолжетімді байланыс жүйесімен қамтамасыз ету;

2) азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірде информациялық-коммуникалциялық технологияларды қолдануға көшуі;

3) тұрғындарды универсалды байланыс жүйесімен қамтамасыз ету.



Қауіптер (T):

1) ұялы байланыс жүйесіне ауысуына байланысты тіркелген байланыс желісі абоненттары санының азаюы.



Негізгі проблемалар:

1) кеңжолақты интернет желісінің жеткіліксіз дамуы;

2) тіркелген байланыс абоненттары тығыздығының төмен деңгейі.


2.1.5. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық
Электрмен қамтамасыз ету

Үржар ауданы бойынша электр желілері электр энергиясын бөліп таратуға көрнеулігі 0,4-25 кВ подстанция жиынтығы, таратылу құралдар мен оларды біріктіретін электрберіліс линиялары болып табылады. Өңірлік көрнеулігі 220 кВт желісі мен төмен диспетчерлікті «Шығыс Қазақстан облыстық өңірлік электржелілер компаниясы» Үржар АЭС АҚ қамтамасыз етеді, теңгерімінде 1894 шақырым электртаратылу желісі, 22 дана подстанциялар, 474 дана ТП мен КТП бар.


SWOT- саланың дамуы жағдайының талдауы:

Мықты жақтары (S):

1) кернеулігі 110 кВ және төмен электр берудің жүйе қалыптастырушы желілерінің дамыған сұлбасы.




Әлсіз жақтары (W):

1) электр желілердің тозуының жоғары деңгейі (65-70%).



Мүмкіндіктер (O):

1) электр желілері мен құралдарын (трансформатор, электр жүйесінің желілері т.б) жаңғырту арқылы ауданның энергетикалық қауіпсіздігіне қол жеткізу;

2) электр энергетика объектілерін дамытуға инвестиция тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру шараларын қабылдау.


Қауіптер (T):

1) едәуір тозудың кесірінен аудан тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сапасының төмендеуі.


Негізгі проблемалар:

1) электр желілерінің едәуір тозудың кесірінен аудан тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сапасының төмендеуі.

Сумен қамту

Үржар ауданында 55 елді мекендерінің 20-да орталықтандырылған ауыз су құбырлары жұмыс істейді (Үржар, Таскескен, Алтыншоқы, Лай-Бұлақ, Жаңа Тілек, Тас-Арық, Сегізбай, Науалы, Көкөзек, Көлденен, Қаратұма, Келдімұрат, Қарабұта, Көктерек, Ақшоқы, Қарабұлақ, Қайынды, Текебұлақ, Қарақол және Барлық-Арасан). Аталған су құбырларына қызмет Үржар және Мақаншы МКК көрсетеді (26 кесте).
Кесте 26 - 2015-2017 жылдары аудан халқының орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы мен жүйелерінің ұзақтығы туралы


Сумен қамтылуы, %

Су құбырлары жүйелерінің ұзақтығы,

км


оның ішінде ауыстыруды

қажет етеді



2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.


барлығы,

км


жалпы ұзақтығығына , %-пен

48,0

36,4

36,4

36,4

228

34

14,9

2015-2017 жылдары Ақшоқы, Көкөзек ауылдарындағы су құбырларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсаттарға 1 075,4 млн. теңге игерілген.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды орталықтандарылған және автономды ағын суларды шығару үшін шұңқыр нысандары бар. 2017 жылы 9,7 мың текше метр ағын су шығарылған.
SWOT- саланың дамуы жағдайының талдауы:


Мықты жақтары (S):

1) жер асты татымсыз су қорларының қажетті деңгейде болуы;

2) қолда бар ауыз су жүйесінің жұмыс істеуі;

3) ауданның елді мекендерін ауыз сумен қамту бойынша жобаны іске асырылуы.



Әлсіз жақтары (W):

1) қолда бар жер асты татымсыз су қорларының қажетті көлемде қолданылмауы;

2) су құбырлары мен нысандардың жоғарғы тозығы, су құбырлардың бұзылуы мен ауыз су сапасы деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғуда;

3) негізгі өндіріс қорларының тозу үдерісі олардың жаңартылуына қарағанда озыңқы шапшаңдығымен жүруде;

4) су құбырларының жаңа құрылыстарына, қайта жаңғырту жұмыстарына мемлекеттік және меншік инвестицияларының жеткіліксіз тартылулары;

5) заманауй бактерицидтық қондырғыларының жоқтығына байланысты инфекциялық ауруларының пайда болу қауіпі;

6) ауылдық елді мекендердегі сумен қамту және су бұру бойынша кәсіпорындардың материалдық-техникалық жабыдықталуы жеткіліксіз;

7) ұзақ пайдалану мерзіміне байланысты ауыз су нысандарының жаратымсыз техникалық жағдайлары.



Мүмкіндіктер (O):

1) жер асты татымсыз су қорларының жаңа орындарын игеру;

2) материалдық-техникалық базаларды нығайту арқылы қызмет көрсету жұмыстарын жетілдіру;

3) жер асты татымсыз су қорларының жеткілікті деңгейі.




Қауіптер (T):

1) ұңғымаларды пайдалану режимдерінің бұзылуы, көп көлемде иесіз гидрогеологиялық ұңғымалардың болуы, жер асты сулардың техногендік лайлану салдарынан жер асты су қорлары көздерінің сапасының төмендеуі;

2) физикалық тозу салдарынан жабдықтардың істен шығуы, қоршаған ортаға жағымсыз әсерін тигізу қауіпінің болуы.

Негізгі проблемалар:

1) Сағат, Бестерек, Көктал, Үржар елді мекендерінің орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуының (3-ші құрылыс кезеңі) жобалық қаржыландырудың болмауы;


  1. қолда бар ауыз су құбырларының тозуы.

Су бұру


Аудан орталығы Үржар ауылында жалпы ұзындығы 1,67 шақырым кәріз желісі бар. Үржар ауылында канализациялық желілер мен қазылған шұңқырларды күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленуде. Барлық көп пәтерлі үйлерде тек септиктер мен қазылған шұңқырлар бар, бұл ассенизациялық көлік тапшылығы кезінде тұрғын үйлердің кәрізінің бітелуіне әкеп соғады (27 кесте).
Кесте 27 - 2015-2017 жылдары аудан тұрғындарының су бұру қызметтерімен

қамтамасыз етілу деңгейі







2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Аудан тұрғындарының су бұру қызметтерімен

қамтамасыз етілу деңгейі



2,0

2,0

2,0

Кәріз желілерін жөндеу

1,67

1,67

1,67

Тазарту құрылыстарын күрделі жөндеу

0

0

0

SWOT- саланың дамуы жағдайының талдауы:



Мықты жақтары (S):

1) қолданыстағы қызметтің болуы.



Әлсіз жақтары (W):

1) 70,0% кәріз желілері қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр және ауыстыруды талап етеді.



Мүмкіндіктер (O):

1) кәріз желілері мен тазарту ғимараттарының салу және қайта жаңартудың инвестициялық жобаларының іске асырылуы.



Қауіптер (T):

1) мемлекеттік бюджеттен қаражаттын бөлінбеуі.


Негізгі проблемалар:



  1. кәріз желілері мен тазарту ғимараттарының болмауы.

Жылумен қамту

Үржар ауданында 48 жылу қазандықтары бар, оның ішінде: 41 – қатты отынмен, 7 – электр қуатымен.

2015–2017 жылдар аралығында Үржар ауылында орналасқан орталық қазандықтың жылу трассасының 650 м және Некрасовка ауылындағы Некрасовка орта мектебінің жылу трассасының 150 метіріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Олардың орташа физикалық тозу деңгейі 45,0%, нормативтік шығындар 20,1% құрайды. Қатты отын көмірдің көлік шығындарының қымбаттауына байланысты оның тұтыну бағалары біршама қымбаттап отыр. Бұл жағдай болашақта ауданның жылыту жүйелерін жаңа технологиямен ауыстыруды қажет етеді. Теплофон орнату арқылы, жылу қазандықтарын электр куатына ауыстыру тиімді болып есептеледі. Теплофон жылу жүйесімен 13 жаңа мектептер енгізілген. Ауданда жылу энергиясының тарифі 5 320,48 теңге/Гкал құрады.

SWOT- саланың дамуы жағдайының талдауы:


Мықты жақтары (S):

1) ауданда көмір өндіру орынының бар болуы.



Әлсіз жақтары (W):

1) жылумен қамтамасыз ететін желілердің жоғары тозуы – 45%;

2) жылу қуаттылығын жоғалтуы – 20,1%.


Мүмкіндіктер (O):

1) жылумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғырту;

2) орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету саласына жаңа технологияларды енгізу (қазандардың, дизолирленген құбырлардың ПӘК-ін арттыру).


Қауіптер (T):

1) қолдағы бар қазандықтарының қуаттылықтарының мүмкін жаппай төмендеуі, қазандықтардың қуаттылықтарының істен шығуы, негізгі қорлардың жоғары тозу деңгейімен байланысты апаттық жөндеу жұмысында жылу көздерінің тұрып қалулары.


Негізгі проблемалар:



  1. жылумен қамту жүйелерінің тозуы.

ТҮКШ терможаңғырту, кондоминиум объектілері

Үржар ауданы бойынша 59 көппәтерлі тұрғын үйлер бар, оның 10 үйі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді, бұл жалпы санның 16,9% құрайды. 2017 жылы 39 үйге тұрғындардың меншік қаражат есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Абаттандыру

Аудан аумағында 668 шақырым көшелер мен жолдар, 14,5 га саябақтар, 57 ескерткіштер бар.

Жыл сайын аудан бойынша орташа 24,5 мыңнан астам тал-шыбықтар, 19,7 мың погондық метр бұталар және 15,1 мың гүлзарлар егіледі.

2015-2017 жылдар кезеңінде елді мекендердің абаттандыру жұмыстарын жүргізуге аудан бюджетінен 612,0 млн. теңге бөлініп, 100,0% игерілді (28 кесте).


28 кесте – Абаттандыру жұмыстарына қаржыландыру көлемінің өзгеру динамикасы, млн. теңге






2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Үржар ауданы

49,7

68,9

493,4

SWOT- саланың дамуы жағдайының талдауы:




Мықты жақтары (S):

1) аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша жыл сайын іс-шаралар жүргізу, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізу.



Әлсіз жақтары (W):

1) қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату және залалсыздандыру үшін қазіргі заманғы технологиялардың болмауы;

2) ҚТҚ полигоны өндеуінің төмен деңгейі.


Мүмкіндіктер (O):

1) жыл сайын аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша іс-шаралар жүргізу.



Қауіптер (T):

1) елді мекендерді абаттандыруға жеткіліксіз қаржыландырылуы.


Негізгі проблемалар:

1) көптеген жұмыс істеп тұрған полигондар табиғат қорғау ҚР заңнамасының талаптарына сай емес.
Төтенше жағдайларға қарсы инфрақұрылымы

Үржар ауданының аумағының әртүрлі табиғи, кен-геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның – жер сілкінісі, су тасқыны, сел, көшкін, қар көшкіні, дауыл, дала өрттері, температураның күрт төмендеуі және қарлы боран, індет және эпизоотия сияқты табиғи апаттарға айтарлықтай бейім болатындығын алдын ала анықтайды. Құралдар мен негізгі қорлардың, жылжымалы құрамның және көліктегі инфрақұрылымның ескіруі мен тозуы, табиғи ресурстарды өңдеуді қарқындандыру, оларды тасымалдау мен қайта өңдеу көлемін арттыру техногендік қауіп-қатердің өсуі үшін нақты алғы шарттар жасайды.

Уақтылы превентивті шараларды қабылдауға қарамастан табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың, оның ішінде жол-көлік оқиғалары, зардап шегушілер және қаза болғандар динамикасының материалдық шығындары келесідей болды (29 кесте).

29 кесте – Төтенше оқиға мен жағдайлардың динамикасы







2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Төтенше оқиға мен жағдайлардың саны, барлығы

28

8

20

Соның ішінде төтенше оқиғалар

9

8

20

Зардап шеккендер, барлығы

5

7

10

Соның ішінде төтенше жағдайлар

5

7

10

Қаза болғандар саны, барлығы

4

4

9

Соның ішінде төтенше жағдайлар

4

4

9

Материалды шығын, млн. теңге

6,3







Жыл сайынғы залалды ауданға, су апатымен (су тасқыны, су басу) байланысты төтенше жағдайлар әкеледі. Ауданда су тасқыны бойынша әлеуетті қауіп төндіретін 17 участкілер бар, онда жалпы халық саны 29500 адам тұратын 16 елді мекен орналасқан.

Ауданда балансында Үржар Өндірістік учаскесінің Шығыс Қазақстан филиалы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Казводхоз" теңгерімінде 2 су қоймасы (Қарақол және Егінсу) және 5 су тораптары (Қарабұта, Көктерек, Келдімұрат, Қусақ, Қарақол) бар. Гидротехникалық құрылыстар егжей-тегжейлі аспаптық тексеру және өткізу бойынша құрылым жұмыстарды күшейтуге талап етеді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша ауданда тіркелген төтенше жағдайлар 2015 жылдың деңгейінен 28,5 %-ға азайды. 2017 жылы тіркелген төтенше жағдайлардың саны 9, оның ішінде: өрт оқиғаларының 3 жағдайы, 6 жағдай суға шомылу кезеңінде.

Үржар ауданының күрт-континентальды климатты жағдайында едәуір бір-бірінен қашық елді мекендердің адамдардың өмірі мен денсаулықтарына қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлар белгілі бір қауіп әкеледі.

Ауданның дала жерлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі күрделі болып тұр, онда жылына 100-ге дейін болатын дала өрттері, 1000 га жерлерді жарамсыз етеді. Ауданда Қарақол, Таскескен, Қабанбай, Қарабұлақ, Бақты және Қаратума ауылдарында 6 өрт сөндіру тірек пунктері орналасқан, мемлекеттік өртке қарсы бөліктері жоқ. Қорғау және дала өрттерін сөндіру жұмыстарды жүргізу бойынша қосымша 3 өрт сөндіру тірек пункті (Алтыншоқы, Қарабұта ауылындарында және Алакөл көлі жағалауында) жасау және өртке қарсы техникамен қамтамасыз ету қажет.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіпі пайда болғанда халыққа жедел ақпаратты толық көлемде жеткізу үшін қолда бар хабарландыру жүйесінің қабілетсіздігі. Қажетті жабдықтармен, құралдармен және жарақтармен төмен жабдықталуына байланысты, азаматтық қорғау қызметтердің авариялар мен апаттардың аймақтарында шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізу күрделене түсуде.

Үржар ауданындағы 20 елді мекендер сейсмикалылық жер сілкінісі 7-дан 8-балға дейін жететін қауіпті аймақта орналасқан. Олар, Салқынбел, Қарабұйрат, Благодатное, Некрасовка, Покровка, Барқытбел, Қазымбет, Ер Қабанбай, Бұрған, Көкөзек, Көлденен, Қаратұма, Қызылжұлдыз, Келдімұрат, Қызыл бұлақ, Қайынды, Көктерек, Қарабұта, Ақшоқы, Подгорное елді мекендері. Аудан елді мекендерінің шағынаудандық сейсмикалық карталарының жоқ болуы сейсмикалық қауіпті бағалауды және инженерлік қорғау бойынша шараларды қабылдау және катастрофалық жер сілкінісі салдарынан тәуекелдігін төмендетуге мүмкіндік бермейді.

Алдын ала дайындалу және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, халықты, аудан экономикасын, материалдық және мәдени құндылықтарды, туындайтын қауіптерден, авариялар мен апаттардан тиімді қорғауы міндетті шарты болып табылады.

SWOT- саланың дамуы жағдайының талдауы:



Мықты жақтары (S):

1) көктемгі су тасқынының қауіпті кезеңінде қарлы қорлардың еруі мен табиғи өрттердің пайда болу ошақтарын өткенде анықтау бойынша ғарыштық монитрингісінің қызметтерін пайдалану;

2) «Қазгидромет» ақпарат құралдары бойынша ауа райы жағдайларының мониторингісі;

3) елді мекендерде ерікті өрт сөндіру құрылмдардың бар болуы.


Әлсіз жақтары (W):

1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіпі пайда болғанда халыққа жедел ақпаратты толық көлемде жеткізу үшін қолда бар хабарландыру жүйесінің қабілетсіздігі;

2) авариялар мен табиғат апаттары болатын аймақтарда жедел құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құралдар, жабдықтар, аспаптар мен саймандармен төмен жабдықталуы, жергілікті атқарушы органдар мен қалыптастырылған азаматтық қорғау қызметтерінің төмен жабдықталуы;

3) халықтың теле - және радиоарналар арқылы хабарлау бойынша жеткіліксіз ұйымдық-техникалық шешім;

4) аумақтардың химиялық жұқтыру жағдайында адамдардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи жеке қорғау құралдарын сатып алуға қаражаттар бөлмеуі.



Мүмкіндіктер (О):

1) төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықты кепілді өмір сүруін қамтамасыз ету үшін аудан әкімінің материалдық – техникалық қорларын нығайту;

2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау саласында білімді насихаттау бойынша кең ауқамдық жұмысты жүргізу, әртүрлі төтенше жағдайлар нысандарында іс – әрекеті ережелері бойынша көрнекті құралдарын тарату;

3) су тасқыны қаупі бар учаскелердің өткізу жүйелі жөндеу және жаңғырту қолданыстағы гидроқұрылыстарды инженерлік қорғау шараларын жүргізу;

4) хабардар ету жүйесін одан әрі жаңғырту.

Қауіптер (Т):

1) қатты жер сілкінісі жағдайында адам өлімінің қысқарту мүмкіндігінің жоқтығы;

2) елді мекендер мен инженерлік ғимараттарға тікелей қауіп тигізетін су тасқыны мен су басулар пайда болу бойынша әлеуетті қауіпті жерлердің бар болуы;

3) тікелей су тасқынынан қауіп туындаған, қатер төндіретін елді мекендер мен инженерлік құрылыстарға қорғау және жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу талап етеді.

Негізгі проблемалар:



  1. жергілікті хабарландыру жүйелерін жаңғырту;

  2. қазіргі заманғы жеке қорғану құралдарының жетіспеушілігі;

  3. аудан елді мекендерінің шағынаудандық сейсмикалық карталарының жоқ болуы сейсмикалық қауіпті бағалауды және инженерлік қорғау бойынша шараларды қабылдау және катастрофалық жер сілкінісі салдарынан тәуекелдігін төмендетуге мүмкіндік бермейді.




      1. Экология және жер ресурстары

Жер қоры


2018 жылдың 1 қаңтары жағдайына Үржар ауданының жер қоры 2 341,4 мың га құрайды, соның ішінде:

1003,8 мың гектар – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;

154,3 мың гектар – елді мекендер жерлері;

9,6 мың гектар – өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;

45,5 мың гектар – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлер;

1 125,8 мың гектар – босалқы жерлер.

Үржар ауданының ауылшаруашылық жерлерінің ауданы 1003,8 мың га немесе облыстың ауылшаруашылық жерлері аумағының 9,3% құрайды (30 кесте).

30 кесте – Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер, мың.га




Облыстың атауы

Жалпы алаңы

Жалпы ауыл шаруа

шылық алқаптары



оның ішінде :

Егістік

Көп жыл

дық екпелер



Тыңай ған жерлер

Шабындық

тар


Жайылым

Бақшалармен қызметтік үлес

Үржар ауданы

1003,8

1002,5

191,4

0,4




33,8

776,9




Шығыс Қазақстан облысы

10 848

10691,6

1452,2

2,3

60,9

465,4

8710,5

0,3

Жердің мақсатты және тиімді игерушілігі - келесі ұрпақтың тәуелсіз және аман келешегінің тұрақты қамтылуына негіз болады.

Жердің тиімсіз игерілу, ауылшаруашылық дақылдарының өндеу технологиясын сақтамау фактілері бар, ол жер қабаты құнарлығының тозуына және жер жағдайларының сапасының нашарлауына әкеледі.
SWOT- саланың дамуы жағдайының талдауы:


Мықты жақтары (S):

1) бос жерлердің болуы;

2) агроқұрылымдардың ауылшарушылық жерлерді пайдалануды ұлғайту.


Әлсіз жақтары (W):

1) ауылшаруашылық жерлерін тиімсіз пайдалану;

2) білікті мамандардың жетіспеушілігі;

3) жердің әлеуетінің пайдалануының төмен тиімділігі.



Мүмкіндіктер (O):

1) жерді тиімді пайдалану;

2) жерді пайдаланудың ұтымды жоғарлату үшін тыңайтқыштарды пайдалану;

3) білікті мамандарды дайындау;

4) ауылшаруашылық өндірістің тиімділігін жоғарлату;

5) ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасын дайындау.



Қауіптер (T):

1) топырақтың құнарлығының төмендеуі.




Негізгі проблемалар:



  1. жер қойнауын пайдалану әрекетін жоғары дәрежедегі қауіп-қатерге жатқызу және жер қойнауын қорғау және пайдалану бойынша тексеріс жүргізудің негізгі тәртібін қолдану қажет;

  2. жерді ресурстарының пайдалануына әсер ететін жеке тұлғалар және заңды тұлғаларды (коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар) тексеру бөлімінде заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.

Қоршаған ортаның ахуалы

Үржар ауданы Шығыс Қазақстан облысындағы сумен қамтамасыз етілген аймақтардың біріне жатады. Үстіңгі және жер асты суларының жағдайына әсер ететін негізгі факторлар барлық елді мекендердегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау орынының жоқтығы болып табылады. Өңдеу технологиясын енгізу және тұрмыстық қалдықтарды жою басымды бағыттардың бірі болып табылады.

2013 жылы Үржар ауылында ТҚП құрылысы салынды. Сонымен қатар, Мақаншы және Қабанбай ауылдарында ТҚП құрылысы бойынша ТЭН әзірленуде.


SWOT- саланың дамуы жағдайының талдауы:


Мықты жақтары (S):

1) арнайы белгіленбеген орындардағы тұрмыстық қалдықтарды жинау полигондарын жою.



Әлсіз жақтары (W):

1) тұрмыстық қалдықтар жинау полигондарын салу мәселелерінің жедел түрде шешілмеуі;

2) атмосфера ауасының автоматтандырылған бақылау және мониторинг жүйесінің жоқтығы;

3) автокөліктердің санының үздіксіз өсуі кезінде аудан орталығында көліктерді дамыту тұжырымдамасы әлі әзірленбегені.



Мүмкіндіктер (O):

1) азаматтарға табиғи ресурстарды пайдалануға саналы қатынасты қалыптастыру;

2) қатты қалдықтар жинау полигондарының құрылысын салу.


Қауіптер (T):

1) табиғи-климаттық жағдайдың шұғыл өзгеруі;

2) елді мекендерде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруі және жер асты жер үсті суларының ластануы.

Негізгі проблемалар:



  1. автомобиль көліктерінен атмосфералық ауасының ластануының өсуі;

  2. өзендердің ластануы;

  3. Семей полигонында ядролық зертеулер салдарынан экологиялық проблемалар;

  4. аудан елді мекендерінің тазартқыш құрылғылары мен кәріз жүйелерінің жоғары тозуы;

  5. ауданның көптеген елді мекендерінде тұрмыстық-қатты полигондарының жоқтығы.

2.1.7. Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік басқару

Үржар ауданының мемлекеттік органдарының құрылымын 28 барлық деңгейдегі әкімдердің аппараты (аудан әкімінің аппараты - 1, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары - 27), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 9 бөлім құрайды.

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша негізгі реформалар Ұлты жоспары - 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам аясында жүргізіледі. Мемлекеттік функциялар мен қызметтердің бөлігін төменде тұрған деңгейлерге және жеке меншік секторға беру жүргізілуде.

Мемлекеттік қызмет саласында меритократия принциптері енгізілуде. Кадрлардың ауысу деңгейі төмендеуде.

Мемлекеттік құрылымдар жұмысының тиімділігін, ведомствоаралық өзара әрекетті және жұмыстың ішкі үрдістерін оңтайландыруды арттыру үшін әлеует бар.

Мемлекеттік органдардың Интранет-порталы қызмет жасайды, онда мемлекеттік қызметшілердің 128-ден астам есептік жазбалары тіркелген.

«Диалог» азаматтардың бейне өтініштерінің жүйесі орнатылған. Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін барлық Ақпараттық жүйелер Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік желісі (МО БКО) бойынша жұмыс істейді.

Үржар ауданының 9 дербес бөлімдерде және Үржар ауданы әкімі аппаратында бірыңғай электронды құжатайналым жүйесі (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) іске қосылған. 2017 жылы мемлекеттік органдарда ЭҚАБЖ пайдаланушылар саны 94 адамды құрады. МО БКЖ проблемалық мәселелерін жою арқылы ауданда ЭҚАБЖ пайдаланушылардың санын жыл сайын ұлғайту жоспарлануда.
Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, жыл сайын электрондық үкімет порталы арқылы жергілікті атқарушы органдар, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсетілетін қызметтерді арттыру үрдісі байқалады.

«Бір терезе» принципі бойынша мемлекеттік қызмет алу қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Үржар, Мақаншы, Таскескен ауылдарында халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.

2017 жылы аудан халқына 109 524 мемлекеттік қызмет, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы арқылы -5573 (баламалы қызметтердің жалпы санынан 5,9%) және "электрондық үкімет"порталы арқылы -1580 (баламалы қызметтердің жалпы санынан 1,6%) қызмет көрсетілген. Көрсетілген кезеңде мемлекеттік органдар арқылы көрсетілген қызметтердің саны 102 371 қызмет, баламалы - 94 597 қызмет.

Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру келесі екі басты құралдарды дамыту арқылы қамтамасыз етіледі: халыққа қызмет көрсету орталықтары және «Электронды үкімет» веб-порталы, осылайша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі артады.

Қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша 2017 жылы Үржар ауданы бойынша 8,99 балл немесе 89,9% құрады (ШҚО аудандары арасында 4 орын).

Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және мемлекеттік қызметтер мен ақпараттық технологиялар мониторингі бөлімімен білім беру мекемелерінде, кітапханаларда, жергілікті атқарушы органдарда "электрондық үкімет" порталымен жұмыс істеу туралы оқыту жүргізілді.

Сонымен қатар, интернеттің жоғары өткізу қабілеті бар ауылдық округ әкімдері аппараттарында және кітапханаларда тұрғындар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылып, жауапты тұлғалар бекітілді.


Жергілікті өзін-өзі басқару

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігі кеңейеді.

Қоғамдық кеңес құрылған, оның міндетіне жергілікті деңгейде талқылау және шешім қабылдау кезінде азаматтық қоғам мүдделерін ұсыну және қоғамдастықтың пікірін есепке алу кіреді.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ресурстармен қамтамасыз етілуін арттыру үшін (бұдан әрі - ЖӨБ) Ұлт жоспары - 100 нақты қадамын Шемонаиха қаласында және 2 мың адамнан астам тұрғыны бар 11 ауылдық округта іске асыру аясында ЖӨБ дербес бюджеті енгізілген. ЖӨБ дербес бюджеті ақша ағымдарын жергілікті қоғамдастықпен көрсетілген және келісілген бірінші кезектегі қажеттіліктерге жедел бағыттауға мүмкіндік береді. 2020 жылдан бастап қалған 16 ауылдық округте дербес бюджет енгізілетін болады.


SWOT – саланы дамыту жағдайын талдау:


Мықты жақтары (S):

1) жергілікті атқарушы органдардың жеткілікті техникалық жабдықтануы;

2) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу үшін негіздің болуы;

3) мемлекеттік қызметтерді «электронды үкімет» порталы арқылы ең қысқа мерзімде көрсету;

4) электрондық қызмет көрсету орталығында аудан әкімінің Виртуалды қабылдау бөлмесінің болуы;

5) бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінің болуы;

6) аудан әкімінің ресми сайтының болуы.


Әлсіз жақтары (W):

1) жауапты мемлекеттік органның электрондық мемлекеттік қызметтерді тұтынушылармен өзара әрекеттестік тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық базаның толық жетілмегендігі;

2) халықаралық тәжірибенің заманауи үздік тәжірибелерін ескере отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және тиімділігін мониторингілеу және бағалау әдіснамасының жетілдірілмегендігі ;

3) қызмет көрсету мерзімдерін бұзу (меморгандардағы тікелей орындаушылардың қанағаттандырмаушылық жұмысы, кадрдың жеткіліксіздігі, жұмыс көлемінің үлкендігі);

4) ауылдық округтерді бағдарламалық және материалдық–техникалық қамтамасыз етудің әлсіз болуы;

5) халықтың ақпараттандырылмауы (қызмет алушылар қызметті ХҚКО немесе мемлекеттік органда алу керектігін білмейді);

6) "электрондық үкімет" порталымен жұмыс істеу күрделілігі;

7) жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде қаражаттың жетіспеуі.



Мүмкіндіктер (O):

1) өңір тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға қызығушылығы ;

2) ұялы телефондардың телефондардың кең таралуы «е-әкімдік» қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы;

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды дамытудың жеткілікті деңгейі бар, алайда әлсіз жақ эпизоттарын орын алады;

4) қосымша табыс көздерін ЖӨБ органдарына беру.


Қауіп-қатерлер (T):

1) ақпараттық жүйелер мен е-үкімет базалық компоненттері арасында ықпалдастыру шинасының дұрыс құрылуы болмауына байланысты ЖАО-ның электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетуге дайын болмауы;

2) халықтың төмен цифрлық сауаттылығы;

3) Интернет желісіне қолжетімділіктің шектелуіне байланысты электрондық мемлекеттік қызметтердің талапқа сай болмауы;

4) жеке аудандарда ХҚКО аумақтық қол жетімсіздігі;

5) халықтың электрондық мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанбауы.



Негізгі проблемалар:



  1. мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі төрешілік пен анықсыздық;

  2. көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша кешенді және нақты статистикалық ақпараттың болмауы;

  3. мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау қызметтерінің тиімсіз жұмыс істеуі.

Аудан бюджеті

Аудан бюджеті барлық бюджеттік әкімгерлік міндеттері бойынша мемелекеттік қаржыландыру көлемінің айтарлықтай ұлғаюымен сипатталады. 2017 жылы аудан бюджеті 9 850,4 млн. теңгені құрады.

2017 жылы жоғары бюджеттен бөлінген трансферттер 2016 жылмен салыстырғанда 293,0 млн. теңгеге немесе 10,6%-ға төмендеді. Дамудың нысаналы трансферттері 1 084,3 млн. теңгеге, субвенсиялар 2 128,2 млн. теңгеге артты. Жоғары бюджеттен трансферттер үлесі 25%, меншікті кірістер үлесі – 12,5%, субвенциялар үлесі – 62,4% құрады (5 сурет).


5 сурет – 2015–2017 жылдарға аудан бюджет құрылымы, млн.теңге


2017 жылы экономика салаларындағы өсімнің қол жеткізіліген оңды қарқындары және ауданда кіріс көздерінің қосымша резервтерін іздестіру бойынша жүргізілетін жұмыстың арқасында меншікті кіріс түсімдері 2016 жылмен салыстырғанда 1,2 %-ға өсті.

Аудан бюджетінде барлық әлеуметтік міндеттемелер сақталды, 2017 жылы әлеуметтік саладағы қаржыландыру көлемі 2016 жылға 0,2 %-ға ұлғайды.



Аудан бюджетінің саясаты қаражылық ресурстарын ауданмен алынған міндеттемелерді уақтылы және толық орындауына, бірінші кезекте ол әлеуметтік міндеттемелер және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін аудан тұрғындарының әлеуметтік қолдауына жанама әсер ететін іс-шараларды қамтамасыз етуге бағыттау болып табылады. Осылайша бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталды, және шығыстарды жоспарлағанда негізгі басым әлеуметтік қолдау, білім беру, сондай–ақ аудан экономикасының сапалы өсімі үшін жағдайлар жасау болып табылады.


    1. Негізгі мәселелер, қауіптер, ұстаушы факторлар, бәсекелес басымдылықтары және тұрақты әлеуметтік – экономикалық даму мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы




Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

Халық және орналасқан жері

Үржар ауданында облыс халқының 5,4% қалыптасқан. Халық саны бойынша аудан облыстың Өскемен және Семей қалаларынан кейін 3-ші орында болып табылады.

Халықтың төмен тығыздығы 3,2 адам./км2 (ОБ – 4,9 адам/км2). Ең көп орналасқан халығы Үржар және Мақаншы ауылдары болып табылады.

Өңірдің көп ұлтты этноқұрылымы: казақтар- 91,8%, орыстар – 7,0%, басқа ұлттар – 1,2% (облыс бойынша казақтар– 60,0%, орыстар – 36,5%).

Үржар ауданында 27 ауылдық округтар бар (облыстың ауылдық округтар саны бойынша 1-ші орында).

Аудан халқының 35,0% екі ауылда тұрады: Үржар (17,9%) және Мақаншы (17,1%) ауылдары.

Аудан халығы демографиялық жағдай бойынша жастардың төмен үлес салмағы (19,1%) есебінен қартаюға беталысы бар (ОБ – 20,9%).

Ауыл шаруашылықты дамыту үшін топырақ-климаттың қолайлы жағдайы, бұл ауыл тұрғындарының негізгі кіріс көздері болып табылады.




Қолжетімділік және байланыс

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдардың ұзақтығы 484 шақырымды құрайды, оның ішінде асфальт жолдары - 161 шақырым, қиыршық тас - 258 шақырымы, топырақ – 65 шақырым.

Облыс орталығынан ең шалғай аудан, 500 шақырымнан астам.

Жақсы және қанағаттандырылған жағдайда болып табылатын жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 71,4% құрады.

Алыстағы елді мекендерді жүйелі түрде жолаушы қатынасымен қамтамасыздығы (елді мекендерді қамту 80,0% құрайды).

Өңірлік әуежайдың (Семей, Үржар, Алматы) бар болуы, сол арқылы аудан облыстың негізгі қалалар және басқа облыстардың қалалар арасымен байланысты.

Қысқы – көктемгі кезеңде ауданның бөлек ауылдарына қиындаған қолжетімділік

1000 адамнан астам санымен ауылдық елді мекендерді ұялы байланысымен қамту 100% құрайды.




Кең жолақты Интернетке 42 АЕМ немесе 76,4% қосылуы.




Экономика құрылымы

Аудан экономикасының дамуында агроөнеркәсіп кешеңі маңызды роль атқарады, онда экономиканың негізгі әлеуеті қалыптасқан.




Өнеркәсіп және инновация

Өнеркәсіп өндірісі әлеуетінің бар болуы, соның ішінде кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылық өнімдерін өндеу.

Технологиялық жабдықтардың жоғары тозуы (70 %-ға дейін), негізгі қорлардың баяу жаңартылуы.

2017 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген өнеркәсіп өнімі 4172,6 млн. теңге құрады, 2015 жылдың деңгейінен 22,8% көп.




2017 жылы ауданның инновациялық белсенді кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің саны 18,3%–ға артып, 1784 адамды құрады.

Аудан кәсіпорындарының инновация саласындағы белсенділік деңгейі 2017 жылы 31,6% - ды құрады, бұл 2015 жылғы деңгейден 8,4% - ға төмен.

Ауыл шаруашылығы

Аудан облыстың қалалары мен аудандары арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы шығару көлемі бойынша 1–орында (11,4%).

Үш жылда қой басы 9,4% - ға немесе 22 215 басқа азайды.

Туризм

Табиғатты туристік нысандардың болуы (Алакөл көлі, МБҚ «Алет», «Солдатская щель», «Урджарка», «Алакольский»).


Үржар ауданындағы Алакөл көлінде туризмді дамытуға кедергі жасайтын фактор ретінде әлеуметтік, транспорттық инфрақұрылым және ТКШ нашар жағдайы болып табылады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан ШҚО бойынша орналастыру орындары бойынша 2-ші орынға иеленуі (144 орын).

Туризм саласындағы қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі


«TOURIST INFO» ақпараттық туристік орталығының ашылуы.




Жұмыспен қамту, білім беру, біліктілік пен еңбек нарығы

2017 жылы 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100,0% құрады.

2017 жылы аудан бойынша балабақша кезектілігі – 740 бала.

2017 жылы ауданның ҰБТ орташа балы 85,6 балл құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 2,3 баллға ұлғайды.

Ауданда жұмыссыздық деңгейі 4,9% (ШҚО 4,8%).

Тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер/ әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік интеграция және теңдікті қорғау

Аудандағы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемдерінің өсімі.

Халықтың тұрғын үймен қамтамасыздығы – 14,7 шаршы.м/адам.

2017 жылы туудың жоғары деңгейі байқалады -16,81 (облыстық – 15,98).

Нәрестелер өлімінің көрсеткіші (8,52) облыстық орташа көрсеткіштен (7,28) 17,0%-ға жоғары.

Нәрестелер өлімінің көрсеткіші 1000 тірі туылғандарға шаққанда 7,1%-ға төмендеді.

Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың (100 мың тұрғынға шаққанда) 2015 жылғы 155,6-дан 2017 жылы 162,1-ге дейін өсуі байқалады.

Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішін 100 мың адамға шаққанда 2015 жылы 35,4-тен 2017 жылы 32,2-ге дейін төмендеуі.




Аз қамтылған азаматтар саны 3,8% - ға азайып, 2,8 мың адамды құрады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді мекендеу ортасының жетіспеушілігі.

Қоршаған орта және қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметтер

Орталықтандырылған ауыз суға халықтың қолжетімділігі 36,4 % құрады.

Су бұру қызметтеріне халықтың төмен қолжетімділігі 2,0%.




Өңірде қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонының жоқтығы.

Сумен қамту

Жерасты тұщы су қорларының жеткілікті деңгейде болуы.

Жерасты тұщы су қорларының қолдануы жеткіліксіз.




Сумен қамту желісі мен нысандарының үлкен тозуы бар, олар аварияларға, ауыз су сапасының төмендеуіне әкеп соғады.

Әлеуметтік бірлік, қатысуы және сәйкестік

2017 жылы аудан бойынша мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі – 100,0%.

Спорт ғимараттарының саны 249 объектіні құрады, оның ішінде: 136–ы білім беру мекемелеріне жатады, тек 113–і дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы объектілерге жатады.

Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету және жергілікті мемлекеттік органдармен

өзара әрекет



Өңірде электрондық құжатайналымның бірыңғай көліктік ортасы құрылды (БКЖ). БКЖ аудан әкімінің аппараты мен дербес бөлімдері қосылған.

Мемлекеттік қызмет алу туралы халықтың хабарландырылмауы (қызмет алушылар қызметті қайдан алуға болатынын білмейді – ХҚКО немесе мемлекеттік органда)

Ауданда дамыған жергілікті өзін–өзі басқару жүйесі

«Электрондық үкімет» порталымен жұмыстың қиындылығы: E-Gov порталының қиындаған интерфейсы және халық үшін бөлек қызметтерге қолжетімділіктің төмендеуі.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Халық және орналасқан жері

Пайдалы қазбалалар кен орнының бар болуы және әзірлеу.

Шекаралас аумақтарда халық санының азаюы.




Қарлы борандар мен тасқындар қауіптері.

Қолжетімділік және байланыс

ҚХР-на шығуы бар өңірдің дамыған көліктік желісі есебінен транзиттік әлеуетті дамыту.

Техникалық жағдайдың нашарлануына әкелетін автожолдарды салу және қайта құруға бюджеттік қаржыландыруының қысқаруы.

Экономика құрылымы

Аудандағы экономика құрылымында агроөнеркәсіптік кешендегі үлестің ұлғаюы.

Елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты өңдірістің нашарлауы.

Көліктік – логистикалық қызметтері мен жаңа сауда форматтарын дамыту.




Өнеркәсіп және инновациялар

Кен және өңдеу өнеркәсіпті дамыту

Технологиялық жабдықтардың жоғары тозуы (70%-ға дейін), негізгі қорлардың баяу жаңартылуы.

Ауыл шаруашылығы

Мал азығы дақылдарының үлесін арттыру үшін егістіктерді әртараптандыру.

Табиғи-климаттық жағдайдың кері әсерлері.

Ауылшаруашылық кооперацияларын дамыту.




Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ынталандыру және мемлекеттік қолдау көрсету арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін ірілендіру.




Туризм

Туризмнің бар әлеуеті ауданда:

- шипалы – сауықтыру;

- мәдениет-танымдық;

- жағажайлық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.



Жағажай бекіністері бойынша жұмыстарынсыз жағадағы демалыс нысандарының қирауына, туризм инфрақұрылым жүйесінің дамуына кері әсерін тигізеді.

Жұмыспен қамту, білім беру, біліктілік пен еңбек нарығы

Эксперимент ретінде билингвалды және көптілді білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

Еңбекке жарамды халықтың қартаюы және еңбекке жарамды жаста халықтың миграциялық кетуі.




Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының ұлғаюы

Қоршаған орта және қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметтер

Тұщы жер асты сулардың жаңа кен орныларын игеру есебінен сапалы сумен ауданның АЕМ қамтамасыздығын көтеру.

Пайдалану тәртіптерінің бұзылуы, күтімсіз қалған сугеологиялық ұңғымалардың бар болуы, жер асты суларының техногендік ластануы нәтижесінде жер асты су көздері сапасының төмендеуі.

Сумен қамту

Тұщы жер асты су қорларының жеткілікті деңгейі.

Сумен қамту объектілері мен желілері тозуының жоғары деңгейде болуы.

Тұщы жер асты суларының жаңа кен орындарын игеру.




Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету және жергілікті мемлекеттік органдармен

өзара іс – әрекет



Электрондық түрде мемлекеттік қызмет алуға өңір тұрғындарының қызығушылығын көтеру

Интернет желісіне шектелген мүмкіндігіне байланысты электрондық мемлекеттік қызметтің сұранымсыздығы.

Ұялы телефондардың телефондардың кең таралуы «е-әкімдік» қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы

Халықтың электрондық мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанбауы




  1. жүктеу 1,8 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау