14
мен нығайтудың, олардың физикалық дамуын жақсартудың тиімді әдісі бола алады.
Осыған байланысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі физикалық жаттығулардың өсіп
келе жатқан ағзаға әсері туралы жеткілікті деңгейде хабардар болуға тиіс. Сонымен қатар,
дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері өздерінің педагогикалық әдістерін бақылап, оларды
оқушылардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес өзгертіп отырулары
тиіс.
Арнайы топтағы оқушылар үшін дене шынықтырудың басты міндеттері
төмендегілер болып табылады:
-
салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар, оқушылардың физикалық даму
процесінде көмек көрсету құқықтарын білуі;
-
аурудан әлсіреген органдары мен жүйелерінің функционалдық деңгейін арттыру;
-
физикалық және ақыл-ой қабілеттерін арттыру;
-
оқушылардың ағзалары аллергияларға, суық тию ауруларына және созылмалы
инфекцияларға қарсы тұра алуы үшін олардың иммундық жүйелерін жақсарту;
-
дұрыс мүсін қалыптастыру және оны түзету;
-
дұрыс тыныс алу техникасына үйрету;
-
негізгі қимыл-қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын игеру;
-
рухани және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;
-
оқушыларды өздігінен денені шынықтыратын іс-әрекеттерді жасау және оны
күнделікті өмірде қолдануға тәрбиелеу;
-
барлық оқушылар үшін тиімді жұмыс істеу жағдайларын жасау.
Арнайы медициналық топтағы оқушылардың шалдыққан сырқаттарының
ауырлығына және сипатына байланысты дене шынықтыру сабақтарында дифференциалды
оқыту үшін оларды А және Б кіші топтарына бөлу ұсынылады.
•
А кіші тобы – денсаулықтарында түрлі ахуалы бар, қалпына келтіруге болатын
ауытқулар бар оқушылар.
•
Б кіші тобы – сыртқы ағза мен ішкі органдар жүйесінде ауыр сырқатқа шалдыққан,
қалпына келтіруге болмайтын өзгерістері бар оқушылар (мысалы, жүрек-қан
тамырлары ауруы, несеп шығару жолдарының аурулары, бауыр аурулары; көз
түбінің өзгеруі салдарынан көру қабілетінің жоғары деңгейде бұзылуы және т.б.).
«Дене шынықтыру» пәнінің мұғалімдері төмендегілерді орындауға тиіс:
1.
Оқушыларды олардың денсаулық жағдайларына сәйкес кіші топтарға бөлу
(жоғарыда көрсетілгеніне сәйкес болуы тиіс);
2.
Оқушылардың сырқаттану диагнозына байланысты оқушыларға жаттығулар
15
белгілеу;
3.
Оқыту, сабақ беру және бағалау үдерісіндегі әдістерін дараландыру;
4.
Сабақтарда орындалатын қимыл қозғалыс әрекетінде өз білімдерін жетік қолдана
алатын, медициналық білімі бар мамандардың қолдауымен сабақ өткізу.
4.2. «Дене шынықтыру» пәнінің мазмұны
Пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген. Бұл бөлімдер өз ішінде білім, түсінік
және дағдыларды қалыптастыруды көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр
бөлімше ішінде мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге,
оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты
көрсетеді.
Бөлім
Бөлімше
1.
Қозғалыс
әрекеттері
1.1. Негізгі қозғалыс дағдыларын дамыту: тірек-қозғалыс
аппараты, денені және объектіні басқара біледі
1.2. Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында
түйіндес қозғалыстарды жақсартады және орындайды
1.3. Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету
арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді
орындайды
1.4. Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін
және әлеуетін анықтайды
1.5. Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін негізгі
қозғалыс әрекеттерді бағалау дамыту.
1.6. Қозғалыс қабілеттерін жақсарту үшін оқудың әр кезеңдерінде
қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді
2.
Қозғалыс
дағдылары
арқылы
шығармашылық
қасиеттер және
сыни ойлау
2.1. Өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету үшін балама
шешімдер арқылы қозғалыспен байланысты жоспарларды,
стратегияларды және идеяларды бейімдейді
2.2. Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы
мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс
істейді
2.3. Қолайлы оқу ортасын құру үшін бірлесіп жұмыс істеуге
16
дағдыларын білу мен түсіну
2.4. Бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық
амалдарды пайдаланады, қолданады және жасайды
2.5. Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни
қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар
жасайды
2.6. Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін
бірқатар құрылымдық идеяларды дамытады
2.7. Физикалық жаттығулар кезінде жеке және топтық
тапсырмаларды орындау барысында топпен жұмыс істеп, әділ
жарыса біледі, патриоттық сезімін дамыту
2.8. Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындайды
және олардың айырмашылықтарын түсінеді
3. Денсаулық
және салауатты
өмір салты
3.1. Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне
маңыздылығын түсіну
3.2. Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен
босатудың қажеттілігін түсінеді
3.3. Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек
соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық
өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі
3.4. Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар
физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп,
қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі
3.5. Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге
қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтайды және ұсынады