Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш білім беру



жүктеу 414,99 Kb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата28.12.2017
өлшемі414,99 Kb.
#6214
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

8

 



қажеттіліктерін бағалауға;  

адамгершілік  қасиетін  дамытудың  маңыздылығын  түсінуге  және  әділ  бәсекелестік 



пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін түсінуге; 

жеке гигиена туралы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге; 



дене қимыл-қозғалыс жаттығулары адамның дене жүйелеріне әсерін білуге; 

өзінің және басқалардың дене жағдайын бағалауға;  



сыни  тұрғыдан,  шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  және  коммуникативтік 

дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.  

 

2.



 

Оқыту процесін ұйымдастырудаға педагогикалық әдіс-тәсілдер 

 

Құндылықтарға бағытталған ұстаным 

Оқытудағы  құндылықтарға  бағытталған  ұстаным  –  ол  оқу  әрекетін  белгілі  бір 

құндылықтар  тұрғысынан  ұйымдастыру  және  жүзеге  асыру,  нәтижелерге  қол  жеткізу 

және  пайдаланудың  тәсілі.  Құндылыққа  бағытталған  ұстаным  оқушы  тұлғасының 

бойында  мақсатты  түрде  құндылықтар  жүйесін  қалыптастырады.  Құндылықтарға 



бағытталу–ол  тұлғаның  өз  әрекетінде  жетекшілікке  жекелеген  құндылықтарды  таңдап 

алу  (құндылықтарда  бағдарлану  қабілеттілігі)  қабілеттілігі  (қасиеті),  және  оларды  өзінің 

әлеуметтік 

маңызды 


құндылықтары 

ретінде 


сезіну 

және 


қабылдау 

қабілеттілігі.Құндылықтарды  жүзеге  асыру  дегеніміз  құндылықтардан  шығатын 

талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру.  Құндылықтардың 

мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-

тұрысты қалыптастыруда көрініс табады. 

Құндылықтар–қоғам қолдайтын  және  адамдардың  көпшілігі  мойындайтын  белгілі 

нысандардың  және  құбылыстардың,  адамдық  қасиеттер  мен  өзін  өзі  ұстау  ережелерінің 

тұлғалық  және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы.  Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың 

өте маңызды факторы ретінде жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттерді бағдарлайды. «Мәңгілік ел» 

ұлттық  идеясының  құндылықтары  орта  білім  беру  құндылықтарының  негізі  болып 

табылады.  Қазақстандық  патриотизм  және  азаматтық  жауапкершілік,  құрмет, 

ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып-үйрену - орта 

білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді. 



Тұлғаға бағытталған ұстаным 

Тұлғаға бағытталған ұстанымның мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оқу үдерісінде 

тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен 

жүріс-тұрыс  уәждерін, әлеуетті  қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді  қалыптастыру 




 

9

 



және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу. 

Іс-әрекеттік ұстаным 

Іс-әрекеттік  ұстанымның  негізгі  мазмұны  –оқушыбілімді  дайын  күйінде  алмай, 

оны  өзі  өндіреді,  өзінің  оқу  әрекетінің  мазмұны  мен  түрлерін  ұғынады,  оның  ережелер 

жүйесін  түсінеді  және  қабылдайды,  жетілдіруге  белсенді  қатысады.  Ол  өз 

кезегіндебілімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді 

әрі  сәтті  қалыптасуын  қамтамасыз  етеді.Оқушылардың  оқу  әрекеттері  келесі  басты 

санаттар  бойынша  топтастырылған:  «біледі»,  «түсінеді»,  «талдайды»,  «бағалайды», 

«синтездейді». 

Саралап оқыту ұстаны 

Саралап 

оқыту 

ұстанымы 

оқу 


үдерісін 

оқушылардың 

әртүрлі 

топтарынамамандандырылуын,оқушылардың  жеке  қабілеттіліктерін  ескеру  мақсатында 

әртүрлі топтарға түрлі жағдайларды жасауды көздейді. Саралап оқыту ұстанымы әртүрлі 

оқушылар  тобының  оқу  әрекетін  ұйымдастыру  үшінарнайы  оқыту  әдістерін  және  іс-

әрекеттерді 

саралау 


тәсілдерін 

кіріктіреді. 

Күрделілігімен, 

оқу-танымдық 

қызығушылықтарымен,  мұғалім  тарапынан  көмек  сипатымен  ерекшеленетін  сараланған 

тапсырмаларды  қолдану  -  сараланған  оқу  іс-әрекеттерін  ұйымдастырудың  шарты  болып 

табылады. 

Коммуникативтік ұстаным 

Білім  берудегі  коммуникативтік  ұстаным  дегеніміз  ақпаратты  тарату  мен 

жариялауда,  білім,  білік  және  дағдылармен  алмасуда  екіден  асатын  адамдардың  сөйлеу 

арқылы  атқарылатын  әрекеттесу  үдерісі.  Коммуникативтік  ұстанымның  нәтижесі  болып 

тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана 

және  қатынас  жағдайына  сай  тиімді  қатынас  жүріс-тұрысын  таңдай  отырып,  түрлі 

жағдайларда  қатынас  әрекетінің  басқа  қатысушыларымен  ой  бөлісу  және  алмасу 

қабілеттілігі  болып  табылады.  Коммуникативті  ұстанымға  сәйкес  ұйымдастырылған  оқу 

үдерісі  қатынасу  икемділікті  қалыптастыратын  тапсырмаларды  және  шынайы  қатынас 

жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) кіріктіру керек. 



Ортақ тақырыптар арқылы оқыту 

«Дене  шынықтыру»  оқу  пәнінің  «ортақ  тақырыптарының»  мазмұны  оқушының 

жақын аймағынан, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан 

басталады.  Алты-жеті  жастағы  балалар  өз  ойын  білдіруге,  оқу  мазмұны  бойынша  сұрақ 

қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс. 

Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту 

Оқу  үдерісінде  білімді  меңгертуде  оқу  әдісі  ретінде  ойын  іс-әрекетін  қолдану 




 

10

 



оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Педагогикалық  ойын  технологияларың  басты  элементтері  –  ойын  алдында 

оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге 

қол  жеткізу  жоспарланады,  оқу  әрекеті  ойын  ережелеріне  бағынады,  оқу  материалы 

ойынның  құралы  болып  табылады.  Оқушылардың  сабақтағы  ұжымдық  іс-әрекетін 

ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің 

пікірін  сыйлауына,  әртүрлі  өнімді  іс-әрекет  негізінде  соңғы  нәтижені  алдын-ала  көре 

білуіне,  өзбетіндік  іс-әрекетін  жоспарлауына,  мақсатқа  жету  амалдарын  таңдауына 

мүмкіндік беріледі. 

Жобалық ұстаным 

Оқу  жобасы  –  оқушының  немесе  оқушылар  тобының  ғылыми-зерттеушілік, 

шығармашылық  немесе  практикалық  сипаттағы  проблемаларды  шешу  жөніндегі 

нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін  бағытталған  оқу-танымдық  әрекеті.  Ортақ  мақсатымен, 

келісілген  әдістер  мен  іс-әрекеттердің  реттілігімен,  кеңейтілген  шешімдер  мен  белгілі 

тәсіл  бойынша  рәсімделген  нәтижелермен  сипатталынады.  Бұл  әдіс  білім  алушының  өз 

алдына  жеке  проблема  қойып,  оны  шешуде  өзбетіндік  іс-әрекетін  танытуымен 

сипатталады. Бастауыш деңгей білім алушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес жобалау 

әдісі  толығымен  жүзеге  асырылмайды.  Бірақ,  жобалау  іс-әрекетінің  алгоритімі  (жоба  – 

мұғалімнің  көмегімен  білім  алушының  маңызды  проблеманы  шешудегі  өзбетіндік  іс-

әрекет  кешені)  толығымен  сақталады.  Бөлім  мазмұнымен  танысу  аясында  білім 

алушылардың  ұжымдық/топтық  жобалар  бойынша  жұмыстарын  ұйымдастыру 

ұсынылады.  Жобалық  жұмыстарды  ұйымдастыру  сабақпен  шектелмейді,  сондықтан  да 

сабақ-сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады. 



Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану 

Ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды 

қолдану 


құзыреттілігі 

оқушылардың жұмыс  барысында, бос  уақыттарында және коммуникацияда сенімді  және 

шығармашылықпен  қолдана  білуін  қамтамасыз  етеді.  Бұл  құзыреттілік  АКТ-ның  негізгі 

дағдылары арқылы қалыптасады.  

Оқушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын  барлық  пәндерге  арналған білім 

беру  бағдарламаларын  меңгеру  барысында  дамытады.  Яғни,  АКТ-ны  пайдалана  отырып 

ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал-

жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды 

және жетілдіреді. 

Бұл «Дене шынықтыру» пәні бағдарламасында төмендегідей жұмыс түрлері арқылы 

жүзеге асырылады:  



жүктеу 414,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау