Бағдарламасы орал, 2016 мазмұны 1


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша SWOT-талдау



жүктеу 1,37 Mb.
бет8/8
Дата19.11.2018
өлшемі1,37 Mb.
#21231
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • өз электр энергиясы өндірісімен қамтамасыз етілуі;

  • электр энергиясын өндіру өнеркәсібі өсімінің артуы;

  • халықтың табиғи газбен қамтамасыз етілуінің жоғарғы үлесі;

  • коммуналдық шаруашылық нысандарындағы апаттардың қысқаруы.

  • электр желілері, жылу, сумен қамту және суды бұру желілерінің тозуының жоғарғы деңгейі.




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • электр желілері, магистралдық және жылу, сумен қамту және суды бұру желілерін қалпына келтіру және күрделі жөндеу;

  • инженерлік инфрақұрылымды әрі қарай дамыту арқылы халықтың сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.




  • өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету инфрақұрылымының тозығы жетуі және толықтай тоқтауы.



Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтың негізгі проблемалық мәселесі болып электр, жылу, сумен қамту және суды бұру желілерінің тозығы жетуі, өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету инфрақұрылымының жаңа желілерін салу және қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі: коммуналдық қызметтің қолданыстағы тарифтері желілерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу шығындарын жаппайды; өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету инфрақұрылым жүйелеріне қызмет көрсету бойынша кәсіпорындардың материалдық-техникалық жабдықтарының жеткіліксіздігі.



2.2.4 Ауылдық аумақтарды дамытуды талдау
2015 жылдың 1қаңтарына қаламызда 6 ауылдық елді мекен бар: Меловые горки, Серебряково, Ливкино, Кардон, Маштаков және Желаев ауылы.

оның ішінде даму әлеуеті жоғары -1, орташа- 3, төмен- 2. Оларда 4793 мың адам тұрады.

28-кесте

Ауылдық елді мекендердің саны





2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Барлық АЕМ

6

6

6

Даму әлеуеті жоғары

-

-

1

Даму әлеуеті орташа

4

4

3

Даму әлеуеті төмен

2

2

2

Жоғары даму әлеуеті бар АЕМ санының өсу себебін талдау экономикалық блок көрсеткіштер өсімге барынша ықпал еткенін көрсетіп отыр. Мысалы, орташа даму санатынан жоғары даму әлеуеті санатына өткен АЕМ-дің ішінде кәсіпкерлік белсенділік артып, мал басының, еңбекпен қамтылған халық санының өсуі болып отыр.

Аумақтың жалпы көлемі 7883 гектар, соның ішінде ауылшаруашылығына арналған жерлер 5236 гектар. Ауыл шаруашылығы субъектілерінің саны 87 ауыл шаруашылғы құрылымдарымен ұсынылады.

Әлеуметтік-маңызды объектілерден 7 білім беру объектілері бар (3 мектеп, 4 мектепке дейінгі ұйым), 2 кітапхана, 2 спорт залы, 1 дәрігерлік амбулатория, 3 медициналық пункт.

Халыққа қызмет көрсету ұсынылады: 21 сауда,3 тұрмыстық қызмет көрсету және 1 қоғамдық тамақтану объектілерімен.

Ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту мақсатында Серебряков ауылын сумен жабдықтау, 4 ауылды елді мекенді газдандыру бойынша жұмыстар жасалды.

Алайда, орталық және жергілікті атқару органдарымен жүргізілген іс-шараларға қарамастан, ауылдарда әлі де шешімін таппаған мәселелер жетіп жатыр, білім беру саласында 40 жыл бұрын салынған объектілер сақталған, денсаулық сақтау объектілері жабдықталған жайларда орналасқан, автокөлік жолдаының жағдайы нашар, 3 АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықталған.

Экология
Су ресурстарының ластануы, ағынды су қалдықтарының көлемі. Қалада ізінше жергілікті жер бедеріне жеткізетін ағынды суды тазалайтын қондырғылары, жинағыш және фильтр алаңы бар кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұл «Батыс Су Арнасы» ЖШС, «Конденсат» ААҚ, «Жайықжылуқуат» АҚ, Орал газ құбырлары басқармасы.

Жайық өзеніне жіберілетін 2 шартты-таза су: “Батыс Су Арнасы” ЖШС ауыз су дайындайтын станциясынан, №2 ПР – 10/35 турбинасының салқындататын жүйесінен Орал ЖЭО болып отыр.

Орал қаласында екі ағынды суды жинағыш бар.

Орал қаласының (шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік) ағынды сулары канализациялық тазалау қондырғыларында механикалық тазаланудан, қолдан жасалған тоғандарда табиғи биологиялық тазаланудан өтеді және №2 жинақтаушыға құйылады.



Радиациялық жағдай. Бүгінгі күнге қала бойынша радиациялық жағдай тұрақты, облыс аудандарындағы гамма-фон сағатына 0,01-0,19 мкр/сағ құрайды. Облыста он кәсіпорын 44507 ГБк жиынтық белсенділікті 62 радиоактивті көздерді өз жұмыстарында қолданады. Облыс бойынша сәулені иондайтын және радиоактивті ластаушы иесіз қалған көздер табылған жоқ, уранды кен орындары жоқ.

Жер ресурстарының қалдықтармен ластануы. Қала аумағында бір ҚТҚ полигоны жұмыс істейді. Жергілікті кәсіпорындардың экономикалық ынталдылығы мен техникалық деңгейінің төмен болуы және қажетті жабдықтардың болмауы салдарынан, қалада пайда болатын ҚТҚ-ның 0, 9 пайызы (2014 жыл мәліметі бойынша) ғана өңделіп, қайта пайдаланылады. 22,2 млн. теңгеге «Орал қаласы ҚТҚ полигоны құрылысы» ТЭН жасалуда.

Сонымен қатар, қалдықтарды жинау және өңдеудің, сондай-ақ энергияны сақтау және экологиялық таза технологиялардың өсу қарқыны орын алып отыр, атап айтқанда:

«Талап» ЖШС - 2011 жылдан бастап пайдалануға жарамсыз сынапқұрамды, люминесцентты және энергия үнемдегіш шамдарды қабылдап, залалсыздандырады. Шамдарды залалсыздандыратын өз қондырғылары бар;

Орал қаласында медициналық қалдықтарды өртеу тәсілімен залалсыздандыруды «Талап» АҚ, «Облыстық аурухана» МКК жүзеге асырады. Кәсіпорынның медициналық қалдықтарды өртеуге арналған газды отынды пештері бар;

«Альтаир» ЖШС, «Ареал» ЖШС, «Жайықсельстрой» ЖШС және басқалары сияқты облыстың ірі құрылыс кәсіпорындары құрылыс алаңдарының ауытқуын және шұңқырларын таза топырақпен толтырудың орнына құрылыс қалдықтарын («инертті» материалдар) қолданады. Осы мақсаттарға пайдаланылған қалдықтардың көлемі шамамен жылына 3 мың тоннаны құрайды;

«ҚазАрмапром» ЖШС және «Орал құю механикалық зауыты» ӨК металл қалдықтарын өздерінің құю өндірісіне қабылдап және қайта өңдейді. 2014 жылы 4,5 мың тонна металл сынығы өңделді. «Казармапром» ЖШС өндірістік ғимаратын жылытқыш ретінде металл шлактарын пайдалануда;

«Конденсат» АҚ шығарылатын шикізаттың зертханадан сапасын тексеруден өткізгеннен кейін мұнай өнімдерін құю технологиясына қайтаруды жүзеге асырады (жылына 2 тонна);

«Орал құс фабрикасы» ЖШС және «АҚАС» ЖШС шаруа қожалықтары мен тұрғындарға тыңайтқыш түрінде құстың саңғырығын өндіріп өткізеді (жылына 4,5 мың тоннадан астам);


Орман шаруашылығы

Мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 6,6 мың га құрайды. Оның ішінде орманмен көмкерілген көлемі 4,7 мың га.

2014 жылы Орал қаласы әкімдігінің мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 148,6 га. азайды, соның ішінде орманмен көмкерілген учаскелер көлемі 134,0 га. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.04.2014ж. №381 Қаулысы негізінде Орал және Январцев жануарла дүниесі мен орман қорғау бойынша мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік орман қорынан көлемі 148,6 га.жер учаскесін елді мекендердің жер санатына берілді. Орманмен көмкерілген алаңдар көлемі 102896 га құрайды. Мемлекеттік орман қор аумағындағы бір жылдық орман екпелерінің жерсінуі 46,1% құрады. Елді мекендерді көгалдандыру мақсатында және орманды қайта қалпына келтіру шараларына 473,3 мың дана (жоспар 450 мың дана) ағаш көшеттері мен орман егілімдері өсірілді. Мемлекеттік орман күзетшілерінің көмегімен 1,2мың кг әртүрлі ағаш-бұталардың дәндері жиналды.

Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жаңаруда. 2012-2014 жылдар аралығында 1 өрт сөндіру машинасы, 7 МТЗ тракторы, 12 УАЗ автокөлігі, 3 ВАЗ автокөлігі, 1 ГАЗ жүк автокөлігі, 1 қарда жүргіш машина алынды.

Екпелердің жоспарлы жерсінуіне қол жеткізу мақсатында топырақ дайындау шараларының сапасын арттыру бойынша, өсіріліп отырған ағаштардың түрлерін көбейту, жергілікті жерлерге бейімделген ағаш түрлерін өсіру шаралары атқарылуда. «Қазақ орман орналастыру кәсіпорыны» РМҚК орман орналастыру мекемесімен дайындық жұмыстары аяқталды. Қалада орман орналастыру жұмыстары 2016 жылға жоспарланып отыр.

2014 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 2,7 мың га орманмен көмкерілген алқапты құраған 49 орман өрті орын алды.



Орманды өрттен қорғау мақсатында ұзындығы 2000 км минералды орман жолақтарын орналастыру және 7300 км қашықтыққа күту жұмыстары жүргізілді. Орман орам соқпақтарын кесу, тазалау жұмыстары 97 км және өрт қауіпіздігіне арналған және орман шаруашылығы жолдарын жөндеу жұмыстары 70 км қашықтықта жүргізілді.

Орман өртінің алдын алу мақсатында 3 дана өрт бақылау мұнараларын орнату жүргізілуде.Орман жерлерінің көлемді болуы және дала өрттерінің орман өртіне ұласуы әуеден бақылауды қажет етеді, бұл бақылау өртті уақытылы сөндіруге ықпал етіп, шығынды азайтар еді.

Экология бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • «2014-2040 жылдарға арналған Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік қолдау шаралары;

  • Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтап қалу туралы келісімге қол қою;

  • жыл сайын тазалау құрылымдарын кеңінен қолдану арқылы тұрақты көздерден шығарындыларды азайту;

  • Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы, 2014-2050 жылдары қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары;

  • 2,3,4 санаттарға мемлекеттік экологиялық сараптама және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатнама беру бойынша мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру, «Е-лицензиялау» бағдарламасын енгізу, сыбайлас жемқорлықпен күрес және бизнесті дамытуда кедергілерді азайту үшін қызметті көрсету мерзімін қысқарту және рәсімдерді оңтайландыру;

  • орман шаруашылығы мекемелерін өрт сөндіру құралдарымен және техникалармен жабдықтау;

  • бірегей табиғаттың болуы. Құрғақ далада сирек кездесетін флора мен фаунасы сақталған қорықтық аймақтардың болуы.

  • облыстың оңтүстік аудандарын сумен қамту мәселесі бойынша Ресей Федерациясына тәуелділігі;

  • қалада жинақталған тұрмыстық қалдықтар көлемінің өсуі;

  • көптеген полигондардың және ҚТҚ орындарының санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес болмауы;

  • орман шаруашылығы саласында мамандардың жетіспеуі.




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • ҚТҚ құрамы 78 пайызға дейін қайталама заттардан тұрады. Коммуналдық қалдықтардың барлық көлемінен тиімді компонентерді теріп алғанда (резина және резинотехникалық бұйымдар, пластик материалдары, әйнек, қағаз и т.б.), көмуге арналған қалдықдар көлемі едәуір азаяды;

  • ҚТҚ өңдеу бойынша салаға бизнесті тарту;

  • орман өрттерін болдырмау үшін бақылауды күшейту, уақытылы сөндіру мақсатында Батыс Қазақстан облысын ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жанындағы әуеден бақылау жүйесіне енгізу;

  • «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарын орман шаруашылығы жұмыстарына тарту.




  • экологиялық жағдайдың күрт төмендеуі, өзеннің түбін құм басуы, жағасының шайылуы, жағалаудағы өсімдіктердің деградацияға ұшырауы және биологиялық алуантүрліліктің азаюы;

  • орман өрттері;

  • орман шаруашылығы саласында еңбекақының төмен болуы салдарынан мамандардың жалақысы көп салаға ауысуы, жұмыстан шығып кетуі.



Маңызды экологиялық мәселелер:

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, өңдеу және залалсыздандыру, жер ресурстарының ластануының алдын алу, ресурс үнемдегіш технологияларды енгізу;

Орал қаласында кәріздік тазалау құрылғыларын қайта құру, ағынды суларды тазалау тиімділігін арттыру;

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында Жайық өзенінің трансшекаралық бассейнінің экожүйесін сақтау бойынша Келісімге қол қойылуы төтенше жағдайлардың алдын алу мен өзен түбін тазалау жұмыстарын жүргізу, зиянды заттарды тастауды тоқтату шаралары қарастырылған.

Орал қаласының ҚТҚ полигоны сенімгерлік басқаруға берілген «Эко-плюс» ЖШС 2015 жылдың желтоқсан айында қалдықтарды іріктеу жүйесін қосуды, сонымен қатар қайта өңделген қалдықтардан жаяу жүргіншілер төсем тастарын шығару бойынша жабдықтар орнатуды жоспарлап отыр.

Бүгінгі күні сомасы 22 204,0 мың теңге «Орал қаласының ҚТҚ полигонының құрылысының» техникалық-экономикалық негіздемесі әзірлену үстінде. Жұмыстардың аяқталуы 2016 жылдың апан айына жоспарланған. Полигон құрылысы қалдықтарды қайта өңдеу кешенімен қарастырылатын болады.

Орман шаруашылығындағы мәселелер:

соңғы 20 жылдың ішінде орман ұйымдастыру шараларының жүргізілмеуі және орман шаруашылығы, орман қорғау, өртке қарсы шараларға жобалық-сметалық құжаттамасының әзірленбеуі орман шаруашылығын дамытуға теріс әсерін тигізеді. Нәтижесінде, орман шаруашылығы мекемелері тұздылығы жоғары алаңдарда, орман егуге жарамсыз, құнарсыз жерлерге егу жұмыстарын жүргізеді.

ауа райы жағдайына (құрғақшылық және ауаның жоғары температурасы, сонымен қатар облыс өзендеріне жайылма кезеңнен қорек келмеуі) байланысты орман өсімдіктерінің төмен өсімі (70%); орман өрті, оның себепшісі адамның іс-әрекеті және табиғи фактор болып келеді.

Ірі орман өрттеріне сараптама нәтижесінің қорытындысы дала өрттерінің мемлекеттік орман қорына жалғануынан пайда болатынын көрсетті.
2.2.5 Мемлекеттік қызметтер

2012 жылы 73 қызмет түрінен көрсетілетін қызмет регламенттерінің 24-і бекітілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен жаңа Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілді, соған сәйкес қаланың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін қызметтердің саны - 66.

Барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітіліп, Орал қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылған.

29- кесте

Мемлекеттік қызметтердің негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Мемлекеттік органда (ведомстволық бағынысты мекемеде) көрсетілген қызметтердің жалпы саны

86721

181401

78593

Мемлекеттік органмен (ведомстволық бағынысты мекемемен) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны

8058

7703

11873

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына шағымдар саны

0

1

6

Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны

0

2122

1175

Көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілетін қызметтің сапасына қанағаттану деңгейін бағалау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет карточкалары толтырылады.

2012 жылы көрсетілетін қызметтің сапасын қызметті алушылардың 90% «Жақсы», 10% «қанағаттанарлық», 0% «нашар» белгілерімен бағалады.

2013 жылы көрсетілетін қызметтің сапасын қызметті алушылардың 93,8% «Жақсы», 6,2% «қанағаттанарлық», 0% «нашар» белгілерімен бағаланды.

2014 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі орналастырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижелері бойынша зерделеу жұмыстарымен 33 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 8 923 респондент қамтылды.

Қоғамдық мониторинг арқылы, «мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы», «ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт беру» және «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» сияқты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер зерттелді.

Сұрау қорытындысы бойынша жалпы мемлекеттік қызметтерге қанағаттану 10-нан 9,1 баллды құрады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ай сайын мониторинг жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсететін қалалық әкімдіктің интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтерді көрсету орны мен уақыты туралы толыққанды ақпарат орналастырылды. Қала әкімдігінің интернет-ресурсына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы орналастырылды.

Электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштер санының ұлғайғанына қарамастан, мұндай өтініштер саны төмен күйінде қалып отыр, бұл тұрғындарға интернет желісінің қолжетімді болмауына, хабардар болу деңгейінің төмендігіне байланысты.



Мемлекеттік қызметтер бойынша SWOT-талдау


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • мемлекеттік қызметтерді көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етілуі;

  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанында жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық кеңес жұмыс істейді;

  • мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар саны төмендеді.

  • халықты электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтермен қамту төмен;

  • халықтың электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардарлығы төмен;

  • мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану деңгейі төмен.




Мүмкіндіктер

Қауіптер

  • электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту;

  • мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін нақты стандарттау және сапасын арттыру;

  • рұқсат беру рәсімдерін қысқарту және оңтайландыру жөнінде шаралар алуды қарастыратын рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалау;

  • мемлекеттік органдардың жекелеген мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша функцияларын ұтымды бөлу.

  • әртүрлі әлеуметтік топтармен мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігінің тең еместігі.



Электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштер санының ұлғайғанына қарамастан, мұндай өтініштер санының төмен күйінде қалуы негізгі проблема болып отыр, бұл тұрғындарға интернет желісінің қолжетімді болмауына, хабардар болу деңгейінің төмендігіне байланысты.


2.2.6 Аймақтың аумақтық (кеңістіктік) дамуын талдау
Қазіргі кезде қаланың аумағы, қала сыртындағы елді-мекендерді қосқанда 720 шаршы шақырым шамасындағы жер көлемін алып жатыр. Жасыл алқаптың жалпы ауданы - 6,0 мың гектар. Қала Орал, Шаған, Деркөл өзердері мен көптеген көлдер мен су қоймалары арасындағы орманды-дала аймағында орналасқан (жылдық орташа ылғалдылық – 69 %). Орал орталық азия аймағы мен Қазақстанның ең батыс қаласы болып табылады. БҚО солтүстік-батысында Орынбор, Самара, Саратов, Волгоград және Астархань облыстарымен, оңтүстік-шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен шектесіп жатыр. Аталған облыстар Қазақстан мен Ресейдің экономикалық тұрғыда дамыған аймақтарының бірі болып табылады. Орал қаласы аймақтық еуро-азиялық дәліздің ыңғайлы түйіні болып табылады.

Қаланың аймақтық ахуалы мен дамуын талдау оның жоспарланған құрылымының, функционалдық аймақтануы мен ерекшеліктерінің сипаттамасын болжайды

Оралдың жоспарланған құрылымы бір-бірімен Орал және Шаған өзендермен, сонымен қатар Алматы-Мәскеу темір жол магистралымен іргелесетін бірнеше аудандардан тұрады. Барлық аудандар құрамында өнеркәсіптік және коммуналдық-қойма аумағы бар кешенді аудандар болып табылады. Дегенмен, қалада өндірістік аумағына, өнеркәсіптік кәсіпорындарға бөлінген аймақ жоқ. Мұның себебі 1964 жылдан бері қаланың бас жоспарының жоқтығы.

Орал қаласының жоспарлы аудандары:

1. Орталық

2. Солтүстік

3. Солтүстік-Шығыс

4. Шығыс


5.Ауылдар: Зашаған, Деркөл, Желаево, Круглозерное. Қала территориясына жұмыс, сауда, әлеуметтік-мәдени және медициналық қызмет көрсету сияқты барлық факторлар бойынша Мичурино және Подстепное ауылдарын жатқызуға болады, бірақ ресми түрде Орал қаласы аумағынан тыс жүктелген (Зеленов және Теректі аудандарына).

Орталық ауданқаланың ең ескі бөлігі, Орал және Шаған өзендерінің қосылған жерінен темір жол бойы территориясын алып жатыр. Ескі, тарихи және жеке құрылыстары бар тікбұрышты құрылымға ие. Негізгі көше – Достық-Дружба даңғылы, оның бойында архитектуралық ескерткіштері бар Есқалиев, Молдагалиев, Карев, Некрасов, Нурпейісова, Пугачев көшелері орналасқан. Бұл абаттандырылған және көгалдандырылған қала бөлігі, дей тұрғанмен мұнда негізгі апаттық жағдайдағы ескі үйлер де көп кездеседі. Евразия, Әбілхқайырхан, Құрманғазы, Маметова, Мухит, Айтиев сияқты жалпы қалалық магистралдар орталық аудандық қаланың басқа бөліктерімен және қала сырты аумағымен байланыстырады.

Солтүстік аудан темір жолдан солтүстігірек «Омега» зауыты, «Полипласт», «Нефтебаза», Әбілхқайырхан аудандары, аумағында орналасқан. Бір қабатты жеке үйлер орналасқан аз абаттандырылған және көгалдандырылған аудан. Әлеуметтік инфрақұрылымы толық дамымаған, жоғары криминогендік жағдайға тән.

Солтүстік-шығыс ауданы – 80 жылдардың 2-ші жартысында бес және тоғыз қабатты үйлер салынған жаңа құрылыс аймағы. Шығысырақ негізінен құрылыс-моттажды және жол-құрылыс ұйымдары бар өнеркәсіп аймағы орналасқан. Әбілхқайырхан мен Момышұлы көшелері бойында Бас жоспармен жоспарланбаған жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бұл айданда құрылысқа арналған резервтік территория бар.

Шығыс ауданы Чкалов көшесі мен Жайық өзені арасындағы ескі ет комбинаты базасында орналасқан, ол С.Датов жалпы қалалық магистралімен қиылысады. Ауданның өсі тоғыз, он екі қабаттық үйлер салынған Гагарин көшесі болып табылады. Мұнда «БҚМК» зауыты, кеме жөндеу және асфальтбетон зауыттары, ЖЭО, қоймалар мен құрылыс кәсіпорындары орналасқан. Бұл қаланың абаттандырылмаған және жинақтыланбаған ауданы болып есептеледі.

Зашаған қаладан Шаған өзені арқылы бөлініп, бұрынғы Коминтерн ауылы мен кірпіш зауыты ауданында орналасқан. Қазір аумағы - 6163 га, халқының саны - 47384 адам. Бұл қаланың көшіп-қону мен табиғи өсу есебімен ілгері басып келе жатқан аудан. Аудан территориясына АШИ (қазіргі БҚАТУ) және «Мақсат» медколледж қалашығы, 15 шағын аудан, Меловые горки и Прудхоз ауылдары кіреді. Әлеуметтік инфрақұрылымы – 9 бала бақша, 5 мектеп, балалар ауылы, санаториялық мектеп-интернаты, 2 алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек орталықтары және 1 медпункт. Ауданда 6081 үй бар, оның 5300 –і газбен (01.12.2015ж.) қамтылған. Негізгі мәселелер электр, су жүргізу, жол төсеу инфрақұрылымдарымен байланысты. Балалардың дүниеге көптеп келуі (жыл сайын 600-ден астам) жаңа бала бақша мен мектептерді салуды талап етеді.

Деркөл қаланың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, сонымен қатар қаладан Шаған өзені арқылы бөлініп жатыр. Жалпы аумағы – 23814 га, халқының саны – 17 мыңнан астам адамнан құралған тоғыз елді мекеннен тұрады. Оның өсуі көшіп-қону және дүниеге келу факторларымен байланысты. Бұл ауданда ауылдық көшіп келушілер тұрақтайтын ескі саяжай массивтері бар. Әлеуметтік инфрақұрылымында – 2 мектеп, 1СДА және 3 фельшерлік бөлімше, «Ивушка» және «Еуразия» және «Дарын» кешендері, тубсанаторий, кардиологиялық орталық бар. Мұндағы мәселе электр, су жүргізу, жол төсеу, жұмыспен қамтылу, абаттандыру инфрақұрылымдарымен байланысты.

Желаево – жалпы аумағы 88 га және халқының саны 2247 адамды құрайтын шағын мекен қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Оның өсуі көшіп-қону және дүниеге келу факторларымен байланысты. Территорияда ЖТҚ-на арналған жерлері бар. 2 мектеп қызмет атқарады, 95 % үй газбен қамтылған, су және телефон жүргізілген. ШОБ саласында 23 субъект жұмыс жасайды. Мәселелер – жұмыспен қамту, балалар және клуб мекемелері, пошта бөлімшесі, мал сою бөлімшесу.

Круглозерное – екі елді мекені бар (Круглозерное и Серебряково) селолық ауылдық округ. Территориясы -18446 га-ды, халық саны – 5054 адам, оның 2530-і еңбекке қабілетті. 18 шаруа қожалығы, 10682 га егіс алқабы, 1080 га шабылдық, 641 га өріс алаңы, 1321 ірі қара мал, 525 қой, 240 шошқа, 450-ден астам құсы бар. Үйлердің 93 %-ы газбен қамтылған. 2 мектеп, 2 бала бақша, 2 дәрігерлік амбулатория мен 1 СДА қызмет етеді. Шағын бизнес 22 сауда нысандарымен, «Хасанов» ЖК кондитерлік цехымен, «Валиев» ЖК шұжық цехімен сипатталады.

Қалада қала шаруашылығының, өндірістік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қала аумағында орналасуы туралы электронды картаны құруға байланысты жұмыстар аяқталды.

2040 жылға дейінгі қаланың құрылыстық дамуының концепциясына сәйкес Орал қаласының функционалдық және ауматық дамуы әуе көлігі магистралі бойынан басталады. Дамудың негізгі бағыттары - Бөрлі әкімшілік ауданының орталығы Ақсай қаласы жағындағы шығыс, Орал-Ақтөбе автомагистралі бойындағы оңтүстік-шығыс, Орал-Атырау автомагистралі бойындағы оңтүстік және Соль-Илецк-Озинки теміржол желілері бойындағы батыс дәліздері.

Темір жол бойындағы Орал-Ақсай даму дәлізінде Ақсуат, Жаңа өмір, Тоқпай елді мекендері дамуға бет алады.

Оңтүстік даму дәлізі Орал-Атырау көлік магистралі және Жайық өзені негізінде қалыптасады, Зашаған, Круглоозерное кенттері дамуға бет алады.

Батыс бағытында даму нүктесі Деркөл болып табылады.

Жобада Орал қаласының серіктері ретінде қалаға жақын орналасқан Белес, Махамбет, Достық, Володарское, Ақсуат, Жаңа өмір, Круглоозерное ауылдарын дамыту мәселелерін шешу ұсынылды.

Қаланың өзіндік аумақтық дамуында солтүстік-шығыс бағытындағы құрылысқа арналған учаскелер кесімін, сонымен қатар Зашаған ауданының солтүстік аумағында көп қабатты ғимараттың орналасуы қарастырылады.

Орал қаласының құрылыстық дамуының жаңа Бас жоспарының негізгі принциптік бағыттарына мыналар жатады:

Орал қаласының құрылыстық жүйесінің тұрақты даму принциптерін, оның экологиялық жағдайын сақтау, қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру;

жалпы қалалық орталықты Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-командалық пункт ретінде ролін арттыру, қала халқының мәдени-ағарту мақсаттары мен сауда –тұрмыстық мақсаттары бойынша тартылыс аймағы және оның ықпалының аймағы, қаланың ірі көліктік-қайта отырғызу торабы мен орындарға қоныстану жүйесін, еңбектің қосымша орындарына орналастырудың басты аймағы ретінде;

қаланың орталық және орталау бөліктерінде, жер заңнамаларымен байланысты жаңа технологиялар мен шектеулерді енгізу салдарынан қала аумағындағы құнды қала құрылысына қатысты кәсіпорынның бөлігін оның ықпалды аймағына немесе шалғайдағы аумақтарды интенсивті пайдалану, жайлы және қауіпсіз ортаны өнеркәсіптік коммуналдық-қоймалау аймағында аумақтарды қысқарту;

Жайық пен Шаған өзендері жағалауындағы ашық көгалдандырылған кеңістіктердегі саябақ алабының тұрғын үй аумақтарында велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер жүйесін құруды дамыту аса маңызды болып отыр.

Аумақтарды қарқынды пайдалану ғылыми-өндірістік кешендерге серіктес болып құрылу, технологиялық қайта жарақтандыру, өнеркәсіп өндірісін ғылым мен басқарумен жүйелі түрде ауыстыру тарихи орнын басатын қалыптасқан ортаны сақтағанда орталық аумақтарды интенсивті пайдалану, қалыптасқан орталық ортаны сапалы толық жетілдірумен байланысты.

Бас жоспардың қағидаларының бағыты Жайық өзенінің жайылымын қала композициясында құрылатын табиғи-көрініс ретінде пайдалану, өзеннің, жағалауының өнеркәсіп кәсіпорындармен, коммуналдық аймақтармен «лық толтырылғанын» меншік маңызын мағынасына жете түсіну қажеттігін көрсету.



Жағалауды қоғамдық мақсаттарға пайдалану, жағалау орнату, қоршаған көрініс пен өзенге ішкі қалалық кеңістікті ашу, бұдан басқа қаланың ішкі жоғарғы көркемдігі мен жайлы ортаны қалыптастыру, қала қасбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

2.3 Орта мерзімді перспективада қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктерін және бәсекелік артықшылықтарын тежеуші факторлардың, тәуекелдердің, негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы



Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

А басымдылық

- Машина жасау, металлургия саласындағы, құрылыс өндірісіндегі, азық-түлік өнеркәсібіндегі жоғары индустриалдық әлеует;

- Ауыл шаруашылық өнімінің негізгі түрлерінің өндіріс көлемдерінің өсуі, аграрлық секторды дамыту;

- Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту және нарықтық инфрақұрылымның болуы


B басымдылық

- Өңірдегі ірі кәсіпорындардың жаңа ресурс үнемдеуші және экологиялық таза технологияларды пайдалану;

- Жоғары туристік әлеуетінің болуы;

- Өлімнің төмендеуінде халық туылу өсімінің негізінде қаланың табиғи өсімінің тұрақты оң үрдісі;

- Халық өмірінің сапасын және деңгейін жоғарылатудағы оң бетбұрыстар;

- Әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша көрсеткіштерді төмендету



С басымдылық

- Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтудың жоғары деңгейі;

- Қаладағы жоғары тарихи-мәдени әлеуеті;

- Электр энергиясы өндірісі өсімінің ұлғаюы;





А басымдылық

- Өңірдің жоғарғы ресурстық тәуелділігі;

- Өңдеу секторының жоғары емес үлесі және өнеркәсіптік кәсіпорындар жабдықтарының тозуы;

- Тәуекел жер өңдеу аймағы;

- Ауыл шаруашылығы жабдықтарының тозуының жоғары деңгейі;

- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілер



B басымдылық

- Жайық ө., Деркөл ө., Шаған ө. Шалқар к. экожүйесін сақтау;

-Туристік-рекреациялық инфрақұрылымы дамуының жеткіліксіз жоғары деңгейі;

- Барлық мамандықтар бойынша жоғары білікті дәрігерлер тапшылығы;

- Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жай –күйі
С басымдылық

- Инклюзивтік білімнің даму деңгейі төмен;

- Коммуналдық тораптар тозығының жоғары деңгейі


Мүмкіндіктер

Қауіптер

А басымдылық

- Индустриалдық-инновациялық дамудың жоғары қарқыны;

- Өңдеу өнеркәсібі салаларының бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы;

- Дайын ауыл шаруашылығы өнімі экспортының ұлғаюы және ауыл шаруашылық өнім өндірісі мен өңдеу көлемдерінің өсімі;

- Шағын және орта кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымының дамуы

B басымдылық

- Қолайлы экологиялық шарттарды құру;

- Әлемдік стандартқа сәйкес туристік-рекреациялық инфрақұрылымды құру;

- әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту есебінен халық өмірінің сапалы деңгейін қамтамасыз ету;

- Жоғары білікті мамандарды тарту жолымен денсаулық сақтау саласы қызметтерінің сапасын жоғарылату;

-

-Жақсы жай-күйдегі жергілікті маңызды автомобиль жолдарының үлесін жоғарылату



С басымдылық

- Мектепке дейінгі балалрды сапалы оқу мен тәрбиемен жүз пайыз қамту.

- Ұсынылатын мәдени қызметтердің сапасын көтеру мен дамыту

- Электр тарату, магистралды және жылу жүйесін күрделі жөндеу және қалпына келтіру



А басымдылық

- Қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан аграрлық сектор көрсеткіштерін және инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі;

- Жаңа өндірістер ашуда және қолданыстағы өндірістерді әртараптандыруда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі;

- Жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемдерінің төмендеуі


B басымдылық

- Өңірдің экологиялық ахуалының күрделенуі;

- Өңірдің қолайсыз туристік имиджінің құрылуы;

- Халықтың өмір сүру деңгейі сапасының төмендеуі;



С басымдылық

- Инклюзивтік білім саласында әлеуметтік стандарттардың сақталмауы;



- Қала өмірін қамтамасыз етуші инфрақұрылымы жұмысының тозуы және толық тоқтауы




жүктеу 1,37 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау